Экономикалық дағдарыс
Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.
- Дағдарыстың пайда болу себеп-салдары
Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде пайда болған жағдай мен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін , сонымен қатар кәсіпорынның өмір сүруі де екі талай болуы мүмкін. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек.
Дағдарыстың процесі байланыстар - қатынастар бар құрылымын бұзатын немесе оны қайтадан қалыптастыратын жалпы дамуын білдіреді.
Кәсіпорынның дағдарысы әдетте уақыты жағынан шектелген болады. Күйзелістен процесінің кәсіпорында оның құрылымына инновациялық әлеуетіне және т.б. байланысты түрлі созылмалығымен, интенсивтілігімен және түрлі ауырлығы түрлі дәрежеде салдармен сипатталады.
Нарық
экономикасына қарама – қайшылықтар,
дамудың тұрақсыздығы тән. Бірақ, бұл
қайшылықтардың жиынтығы қаншама үлкен
болғанмен, экономика қозғалысын былыққа,
қайталамалы тоқырауға
Кезеңдік тербелістердің себептерін түсіндіретін экстеральды және интеральды теорияны бөледі.
- Экстеральды теория ең бастысы сыртқы факторы бар экономикалық кезеңді түсіндіреді.
- Интеральдық теориялар сол экономикалық жүйеге тән, экономикалық кезеңде туындаған ішкі факторларды қарастырады.
Ішкі себептерге экономикалық оқиғалардың кезеңді қайталануын шақыратын және экономикалық жүйеден тыс жататын объективті және субъективті жағдайлар жатқызылуы мүмкін.
Бұлар:
- соғыстар, революциялар және басқа да саяси сілкіністер;
- алтынның, уранның, мұнайдың және басқа да құнды ресурстардың ірі кен орнының ашылуы;
- елдің көшуімен байланысты жаңа аумақты игеру, жер шары тұрғындарының санының өзгерістері;
- қоғамдық өндіріс құрылымын тамырынан өзгертуге мүмкіндік беретін, технологиядағы қуатты дамулар, өнертабыстар және жаңартпалар.
Экономикалық кезеңді туындататын ішкі себептер:
- негізгі капиталдың қызмет ету мерзімі;
- жұмыспен камтамасыз етілу мен өндіріс көлеміне ықпал ететін өсуі қысқаруы, жеке тұтыну;
- инвестициялау, яғни, өндірісті кеңейту үшін, оны модернизациялау үшін, жаңа жұмыс орнын құру үшін;
- сұраныс пен тұтыну, өндіріске тікелей және жанама ықпал ететін мемлекеттің экономикалық саясаты
Оның
әлеуетті көлемі төңірегіндегі өндірістің
нақты көлемінің тербелістері экономикалық
тербелістер немесе экономикалық кезеңдер
деп аталады. Кезеңдер сұраныс пен
ұсыныстың сәйкес келмейтін әр түрлі
нысанында пайда болатын
Кезеңнің негізгі сипаттамасын оның себептерімен, фазасымен, өту уақытымен, қайталаным көрсеткіштерімен, параметр серпінімен, экономикалық белсенділік көрсеткіштерінің кеңдігімен байланыстырады. Кезең ерекшеліктерінің ортасындағы ең бастысы ұлттык өнімнің ( табыс) тербелістері түсінігіне жатады.
Түрлі тұрпаттағы тербелістер қанша болса, кезендер сонша болады. Күрделі қаржы салымдарының, жаңғыртпалардың, өнеркәсіптің және т.б. қарқын (толқын) кезеңдері болады. Сонымен бірге, экономиканың ең маңызды агрегаттарының қозғалысын көрсететін кезеңдер болады. Осы кезеңдер нысандары ішінде мыналарды бөліп алады:
- ғасырлық – олар бір немесе бірнеше жүз жылдық үрдістерін жазады;
- ұзын толқынды – бірнеше ондаған жылдарды қамтиды(50 жыл шамасы жаңа технологияның пайда болуына байланысты, Кондратьев толқындары);
- қалыпты немесе орташа – 8–10 жылдық. Оған ақша айналымы аясында, анығы кредиттерде және негізгі капиталды жаңарту болып табылатын материалдық негіздердегі себеп болып табылатын Жугляр кезеңі жатады;
4) алтынның
әлемдік қорының тербелістеріне байланысты:
Китчин кезеңі немесе шағын кезеңі – 2–3
жылдық;
- маусымды – жарты жылдық;
- қысқа мерзімді салалық жағдаятты тербелістер (қордың,тұрғын үйлердің, пайыздың, сатудың және т.б.) бір-екі күннен бір айға және жылға дейін.
- кесте.Экономикалық циклдардың типтері
| Экономикалық циклдің типтері | Ұзақтылығы | Себептері, ерекшеліктері |
| 1. Дж. Китчиннің қысқа толқындары» | 2-4 жыл | Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. |
| 2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» | 10 жыл | Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне, инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. |
| 3. Кузнецтің циклдары | 18-25 жыл | Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты. |
| 4.
Н.Д.Кондратьевтің «ұзын |
40-60 жыл | Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы. |
| 5. Форрестердің циклдары | 200 жыл | Энергия куаты мен материалдарға байланысты. |
| 6.
Тоффлердің
циклдары |
1000-2000 ж. | Цивилизацияның
дамуымен, олардың
жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты. |
Дағдарыс
түсінігінде, тек себептері ғана
үлкен мәнде емес, сонымен қатар
оның әр-түрлі салдары: ұйымның жаңаруы
немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың
пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан
позитивті жағдайларға
Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу және ұйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу
Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік – экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты көрінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік – экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.
Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады:
- Макродағдарыс – едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән.
- Микродағдарыс – тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды.
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу шаралары
Дағдарысқа қарсы және кезеңдерге қарсы мемлекет саясаты экономикалық кезеңдер мен жағдайларды тұрақтандыру сұраныс пен ұсыныстың жиынтықтарын реттеу жолымен жұмсатуға бағытталан.
Кезеңдерді реттеудің барлық тұжырымдамасы екі бағытқа тіреледі: неокейнсиандыққа және неоконсервативтікке (классикалық мектеп негізінде) (8-кесте).
Тұтастай алғанда осындай айырмашылықтың болуына қарамастан, кезеңдік ауытқуларды реттеуге бағытталған, мемлекеттің жүргізетін бағытын жалпы түсінушілік бар.
Құлдырау фазасында мемлекеттің барлық шаралары іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталуы тиісті. Салықтық – бюджеттік саясат төңірегінде – мөлшерлеменің төмендеуі, жаңа инвестицияға салықтық жеңілдік беру, тездетілген өтелім саясатын жүргізу қажет. Кредиттік – қаржылық саясат кредиттік экспансия(өктемдік) жүргізуді қарастырады. Оның мақсаты - елде қосымша кредиттер арқылы экономика өмірін жандандыру. «Арзан ақша» саясаты жүргізіледі. Берілетін несиелерге пайыздық мөлшерлемелер төмендейді, капиталдық салымдардың көбеюіне әкелетін, банктердің кредиттік ресурстары көбейеді, іскерлік белсенділік күшейеді, жұмыссыздық төмендейді.
2-кесте. Кезеңдерді реттеудін неокейнсиандық және неоконсервативтік бағыттары
| Белгілері | Неокейнсиандық | Неоконсервативтік |
| Бағалар | Сұранысқа | Ұсынысқа |
| Мақсаттар | Тұтастай шаруашылықты фирма қызметтерін реттеу (макроэкономика) | Жеке фирмалардың(микроэкономика) кызметіне ынталандыру |
| Реттеудің басымдылығы | Салықтық
– бюджеттік саясат
Кредиттік – ақшалық саясат |
Кредиттік – бюджеттік саясат Салықтық-бюджеттік саясат |
| Мемлекеттің рөлін бағалау | Мадақтау | Шектеу |
Мемлекет экономикалық жағдайларының көтерілуі кезеңінде экономиканың «қызып» кетуін болдырмау үшін және шаруашылық өмірінде осыған байланысты болатын ауыр жағдайларды болдырмау үшін, салықтық –бюджеттік және кредиттік – қаржылық саясатының осыған қарам - қарсы шараларын қосатын, тізгіндеу саясатын жүргізеді. Салықтық – бюджеттік саясат салық мөлшерлемесін көтерумен, мемлекеттік шығындардың қысқаруымен. Өтелім саясатын өткізу төңірегіндегі шектеу саясатымен сипатталады. Кредиттік – қаржылық саясатында кредиттік шектеу элементтері басым бола бастайды, яғни, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілуін, банктің кредиттік ресурстарының қысқаруын білдіретін, «қымбат қаржы»саясаты жүргізіледі.
Сонымен
біз дағдарыстық жәйт түсінігін
кеңейтуді және дағдарыс пен банкроттық
(қабілетсіздік )түсініктерін ажыратуды
ұсынамыз. Төменде берілген тұжырымдама
маневр жасаудың үлкен бостандығы мен
заңнамалық антидағдарыстық реттеу
процесімен асырылатын шаралармен салыстырғанда
дағдарысқа қарсы процедуралардың
кең таңдауын беретін – кәсіпорын
толығымен меншік иегері мен тартылған
мекеме менеджерлерінің бақылауында
болу жағдайындағы негативті тенденцияларға
сәйкесінше бейімделу мақсатымен дағдарыстық
жайтты ертеректе идентификациялауды
көздейді. Дағдарыстық жайтты –
кәсіпорын иелерінен ақша қаражаттарының
басқа жаққа кетуіне себепші
болатын активтерді және кешелік
берешекті тиімсіз басқару
- кәсіпорын иелері үшін дағдарыс;
- несие берушілер үшін дағдарыс ;
- несие берушілердің мудделеріне сәйкес заңнамалық реттеу :
«Кәсіпорын иелері үшін дағдарыс» - несие берушілермен есеп айырысу кезінде көрінетің кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының нашарлауымен сипатталады, оны анықтау критериі ретіңде бізбен меншік иелері құқықтарының дискриминациялануы тандалған,яғни меншікті капиталға инвестицияланған ресурстар бойынша жоғалтулар. Ал салыстыру базасы ретінде тәуекелдері теңдес альтернативті инвестицияларды алуға болады. Сөйтіп, кәсіпорын иелерінің зардаптарын анықтау үшін меншікті капиталдың негізделген ағымдық нарықтық құнын тәуекелі теңдес инвестициялық жұмсалымы ретінде жарғылық қорға кеткен капиталды қолдану кезіндегі жарғылық капиталға бастапқы жұмсалымның ағымдық құнымен салыстыру керек.
Егер альтернативті инвестициялық жұмсалымның құны меншікті капиталдық ағымдық нарықтық құнынан көп болса, онда кәсіпорынның иегері үшін жоғалтулардың бар екені және дағдарыстық жайыттын бірінші сатысы басталғаны туралы айтуға болады. Сондықтан қарастырылып отырған дағдарыстын сатысын идентификациялау үшін бастапқы альтернативті капитал жұмсалымының кәсіпорын иесінің табысының екі құраушысы – кәсіпорын иесі үлесінің құны мен үлестік табысымен салыстыру қажет.
«Несие берушілер үшін дағдарыс» сатысы несие берушілердің талаптарын уақытылы және бөліктерімен қанағаттандырылуымен ерекшеленеді. Дегенмен бұл жағдайда шаруашылық субъект меншік иелері мен жалдамалы менеджмент көмегімен басқарылатын дербес кәсіпорын болады. Анықталған несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін белгілілерді белгілі бір сандық көрсеткіштерде бейнелеу қиын болып табылады.
Жалпы осыған орай несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін біздің пікіріміз бойынша қарыз алушының міндеттемелерін қазір орындау үшін меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі кезіндегі «банкроттық туралы» ҚР – ның заңына сәйкес 150 минималды есептік көрсеткіштен төмен емес кешіктірілген міндеттемелер сапасын бар екенін көрсетіп бейнелейтін критерий ретінде қолдануға болады.
«Заңнамалық реттеу» сатысында кәсіпорынның иелері тарапынан дағдарысқа ықпал ету шаралары несие берушілердің мүдделерін қорғау үшін заңнамалық тұрғыда шектеуге ұшырайды. Оның басы банкрот туралы арызды сотпен қабылдауы арқылы анықталады. Осы кезден бастап, коммерциялық құпия болып келген ақпарат банкроттық жөніндегі іске қатысушылар үшін ашылып беріледі. Берілген сатыда кәсіпорын толық дербес шаруашылық субъект бола алмайды. Себебі, оның қызметі арбитраждық сотпен, несие берушілердің жиналысымен және арбитражды басқарушылармен бақыланады.
Дағдарысқа қарсы басқарудың әдістері мен инструменттері. Батыстық экономистер дағдарысқа қарсы басқаруды аман қалу басты мақсат болу кезіндегі кәсіпорынның өмір сүруіне қатер төндіретін жағдайдан өту үшін қажетті қызмет ретінде анықтайды. Бұл қызмет кәсіпорынның өмір сүруіне қауіп төндіретін жайттардан өтуден интенсивтілігін жоғарлатумен сипатталады. Хаберланд бойынша бұл антидағдарыстық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпорын менеджменті қатаң және тез шешуші шараларды жүргізумен байланыста қысқа мерзімді проблемаларды шешу үшін барлық назарын аударады. Кейбір ғалымдар дағдарыстардың оңды сипаттамаларын көрсету арқылы дағдарысқа қарсы менеджментті – келе жатқан дағдарысқа алдын – ала анықтап, жаңа даму курсын әзірлеуге мүмкіндік беретін инструменттерді жасау болып табылады.
Сондай - ақ дағдарысқа қарсы менеджмент түсінігі уақыттық сипаттамаларға ие болады. Біріншіден, мұндай анықтау дағдарыстық процестен өту, оны әлсіретуге алып келетін дағдарыс кезіндегі шараларды әзірлеу мен жүргізудің барлық міндеттерінен тұрады. Коппаның пікірі бойынша бұл антидағдарыстық басқарудың мағынасы. Екіншіден, бұл түсінік кең мағыналы болу үшін оған дағдарысқа профилактика мен терапия жасауды қосу керек.

- Экономикалық дағдарыс
- Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан
- Экономикалық және әлеуметтік тиімділік
- Экономикалық және әлеуметтік тиімділік
- Экономикалық жүйе
- Экономикалық жүйе
- Экономикалық жүйе
- Экономикалық әлеуметтану
- Экономикалық әлеуметтану
- Экономикалық әлеуметтану
- Экономикалық әлеуметтанудың даму тарихы
- Экономикалық, әлеуметтік және мәдениет құқықтар жөніндегі комитет
- Экономикалық білім мен тәрбие
- Экономикалық дағдарыс