Экономикалық өсу титері, модельдері
ЖОСПАР
Кіріспе
Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді.
Экономистердің түсіндіруі
бойынша үлкен өлшемді “
1. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны
Экономикалық өсу –
адамзат қоғамының үдемелі
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада “экономикалық өсу” термині елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) – нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория “экономикалық өсу” категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстесивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін.
- Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
- Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
- Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
- Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
- Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмсауын өсіру. Кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қолдану қажет.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауды ескерсек те,ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
- Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
- Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- Неокейнстік
- Ноеклассикалық
- Тарихи-әлеуметтік
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.
2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:
- Ұсыныс
- Сұраныс
- Бөлу
Ұсыныс факторлары болып табылатындар:
- Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
- Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
- Негізгі капиталдың көлемі
- Технология
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:
- өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар бойынша нақты бөлу;
- шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады:
- экономикалық қызметке
жаңа жұмыс күшін тарту және
экономикалық белсенді
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.
Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде қамтамассыз етіледі.
Экономиклық өсуді сипаттайтын
индикатор болып табылатындар: ЖІӨ
нақты өсу, халық табыстарының нақты
өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас
бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығ
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті түрін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт - бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде өлшенеді.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.
Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді.
Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады. Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму денгейі болып табылады. Кез келген басқа сияқты, экономикалық прогресттің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындығы қайшылық жалпы негізгі және күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырды - сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық – оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп тұрады. Олардың тұтыныстарын қанағаттыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді камтамасыз ету қажет. Осыдан байқалатындығы экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізеді. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің
қазіргі типінің өзіндік
ҒТР-ның қазіргі дәуірі
технологиялық революция
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын.
Экономикада нақты пайданың
өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі
және әрібір адам басына шаққандағы нақты
өнімнің өсу есебі болып
DҮ=Үt –Yt-1 немесе Yt =DYt /Yt-1,
t- уақыт индексі.
Егер экономикалық өсу
сырттан әкелінген қосымша
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.
Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің
нақты көлемінің көбеюі, негізгі
өндіріс факторларының өсу
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс
динамикасын анықтайтын факторларды
қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы
экономикадағы сұраныс пен
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:
DYAD =DI * m=DI(1/1-b) =DI1/s
m-шығын мультипликаторы
b-тұтынуға шекті бейімділік
s-қор жинағына шекті бейімділік
DYA =a* DК-жиынтық ұсынысының өсуі.
a-капиталдың шекті өнімділігі
Капиталдың DК өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамассыз етіледі, осыдан DYA=a*І.
Экономиканың өсуінің
тее-теңдігі сұраныс пен
DI/s=a*І немесе DI/І=a* s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.
Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, І|=S, ал S=sY; s=const болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне пропоционал болады, сонда DY/Ү= DI/І=a* s
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігі және қор жинағының нормаларына тура пропоционал немесе DК/DҮ- капиталының қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.
Егер үлгіде берілген деңгейде жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.
Е.Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод (1939ж) экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.
Акселератор принципіне сай, табыстың кез-келген өсуі капитал салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне пропорцианалды:
It =v(Үt –Yt-1 )
Мұндағы v-акселератор.
Экономикадағы алдыңғы
кезеңде қалыптасқан
Егер де алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сүраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше, ұсыныс сұраныстан көп болса онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Осы атылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады.
Үt –Yt-1 / Yt-1 =a(Үt -1–Yt-2 )/ Yt-2
Егер a=1 болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t-1) ұсынысқа тең болады егер а<1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп болады. Осыдан біздің экономикадағы ұсыныс көлемі мынаған тең:
Үt –Yt-1 ((а(Үt -1–Yt-2 )/ Yt-2 )+1)
Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады (және теңдік шарты I=S):
Yt =It/s=v(Yt-Yt-1)/s
Экономиканың өсуі жиынтық
сұраныс пен ұсыныстың
v(Yt-Yt-1)/s = Yt (а(Үt -1–Yt-2 )/ Yt-2 )+1)
Өрнектеп келесі формуланы алуға болады:
V/s(Yt-Yt-1/ Yt-1)= а(Үt -1–Yt-2 )/ Yt-2 )+1
Алдыңғы кезеңдегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе а=1. Сонда қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген кезде өндірістің өсу қарқынынан өзгерусіз қалдырады:
Үt –Yt-1 / Yt-1 = Үt -1–Yt-2 /Yt-2 =DYt /Yt-1
Осыдан тепе-теңдік көлемінің өсуі қарқыны келесі болады:
DYt /Yt-1 =s/v-s
Харрод s/v-s формуласын “кепілдік өсу қарқыны” деп атайды. Оны қолдай отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық қанағаттанады. Сұраныс ұсынысқа тең болып, олардың күткендері растала бастайды. Бұндай экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамтамассыз етеді, бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.
Кепілдік пен нақты
өсу қарқынының арасындағы сараптама
мынадай қорытынды жасауға
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод “табиғи” өсу қарқынын енгізеді. Бұл ең жоғарғы өсу - өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.
Американ социологы әрі экономисі Уолт Ростоу (1916 ж.) «Экономикалық өсу сатылары» теориясын ұсынды:
I — дәстүрлі қоғам, мұнда өндірістің дамуы әлсіз сипатқа ие;
II — қарқынды өрлеу
үшін экономикалық жағдай
III — қарқынды ерлеу кезеңі, мұнда экономикалық прогрестің күші өседі және қоғамда билік жүргізе бастайды;
IV — толыққандылыққа карай қозғалу, мұнда жаңа техника кен көлемде таралады;
V — тұтынудың жоғары жаппай дәуірі.
Осы қысқаша шолу көрсеткендей, қоғамның әртүрлі даму күйі еңбек құрал-сайманының даму деңгейімен ғана емес, сондай-ақ өндіріс процесіндегі адам қатынастарының сипатымен, яғни өндіріс әдістерімен байланыстырылады.
3. Қазақстан
Республикасындағы тұрақты экономикалық
өсу мәселелері
Ұлттық экономика соңғы жылдары үздіксіз даму үстінде. Өткен жылы ішкі жалпы өнімнің реформаларға дейінгі деңгейіне қол жетті. Алайда, біздің экономика бұрынғысынша шикізаттық бағытта қалып отыр. Экспорттың басым бөлігін алғашқы энергоресурстар, кен-металлургиа кешенінің өнімдері, астық және ауыл шаруашылық шикізатының басқа да түрлері құрайды.
Бұл тиімді жол емес. Біздің шикізат басқа елдерде терең өңдеуден өткеннен кейін рынокқа қайта шығарылады, соның ішінде Қазақстанға да қайта оралады. Бірақ бұл жолы біз оны әлемдік рыноктардың аса жоғары бағасымен сатып аламыз. Ол бағалар тұтынушылардың ақшалай табыстарының қазіргіден әлдеқайда жоғары деңгейіне бағдарланған.
Міне, сондықтан да Президенттің жолдауында экономиканы шикізаттық бағдарынан өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялық жолдарын іздестіру басым міндеттердің бірі ретінде қойылған.
Индустриядан кейінгі елдердің қалыптасу тәжірбиесінен көп нәрсе үйренуге болады. Алайда, біздің реформалардың ресми және штаттағы идеологтары азиялық “экономикалық ғажайып” деп аталатын осы бірегей тәжірбиені асқан кереғарлықпен ескермей келеді, бұған таңданудан басқа амал жоқ.
Мемлекет басшысы жаңа стратегиялық бағыттарды айқындап берді. Олардың өрлеу деңгейі өте жоғары және елбасының түбірлі экономикалық өзгерістер енгізуге деген, ұлттық экономиканы дамытудың сапалық жаңа көрсеткіштеріне жету деген саяси күш-жігерін айқын көрсетеді. Қазіргі экономиканы пәрменді де тиімді дамытудың, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға ресурстардың барлық түрлерін ұмтылдырудың уақыты жетті деп ойлаймын.
Біріншіден, экономиканы ырықтандырудың жоғары ережесі мемлекеттік реттеудің пәрменді әдістерімен, сан түрлі экономикалық құралдармен сүйемелденуі керек. Елімізде қызмет атқарып жатқан коммерциялық банктер өздерінің прузенциялық нормативтер тізіміне аграрлық секторды ұзақ мерзімді “жұмсақ” кредитпен қаржыландыруды енгізу керек.
Екіншіден, елімізде әлдеқашан толыққанда қорлар рыногын құратын уақыт жетті. Қазіргі айналымда квази оперативтік және мемлекеттік құнды қағаздар жүр. Сондықтан да қор рыногын құру Жолдауда атап көрсетілгендей, инвестициялық саясаттың айрықша маңыздылығын танытады.
Қаржылық айналымға жіберілгелі отырған ұлттық бюджеттік инвестициялық ресурстардың көлемі - 7 млрд. тенге, оны қалай есептесек те салықтандырылған ақшалай қаржының жетімсіздігін корсетеді. Мұндай жағдайда ұлттық экономиканы капиталдандыру деңгейін арттыру бірден-бір дұрыс жол болып табылады. Ал бұл көрсеткіш бойынша біздің экономиканың ең соңында келеді.

- Экономикалық өсу түрлері және себептері
- Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
- Экономикалық талдау
- Экономикалық талдау
- Экономикалық талдау
- Экономикалық талдау
- Экономикалық талдау
- Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту
- Экономикалық өсу және оның түрлері
- Экономикалық өсу және оның түрлері
- Экономикалық өсу және оның түрлері
- Экономикалық өсу және оның түрлері
- Экономикалық өсу: негізгі факторлары және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары