Экономикалык теория. 2

 

Экономикалық  теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін  қанағаттандыру үшін  қоғамдағы шектеулі немесе сирек  кездесетін ресурстарды  пайдалану арқылы  игіліктерді  өндіруді  зерттейтін ғылым.

Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады.

Экономика деген  гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай - ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Экономикалық  теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.

Меркантилизм – ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.

Меркантилистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантилистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кенэнің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси  экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп  дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі  нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық  құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория  мағынасы  өндірісте  пролетариаттың қаналуы арқылы  көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті  көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау. 

Неоклассикалық  теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне  мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп  есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық  дамудың сипатын  құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне  әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды қанаттандыру жолдарымен әдістерін зерттейді. Қажеттілік – бұл адам баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінеді. Ол сезім оларды қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады.

Қажеттіліктердің түрлері:

  • Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
  • Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.

Экономикалық  игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар  (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Мұндай қажеттіліктер  тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар екі түрге бөлінеді.

  • Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).
  • Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).

Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.

  • Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.
  • Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.

Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.

Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащ пен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге олады.

Басқа ғылымдарға ұқсас  экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін  қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу  әдістері келесі кестеде көрсетілген.

 

1.1. кесте

Экономикалық  теорияның зерттеу  әдістері

 

Жалпы  әдістер

Жеке әдістер

  1. Ғылыми  абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын  дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.
  2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына  ажыратылады.
  3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.
  4. Индукция – жеке фактілерден жалпы  қорытынды шығару.
  5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.
  6. Эксперимент, гипотеза және т.б.

Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.

 


 

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық  заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.

Экономикалық  заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе  қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы  қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды  төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

  1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи  дәуірге тән.
  2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық  түрлерінің нақты тарихи  дамуының  заңдары.
  3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

Экономикалық заңдар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде пайда болып, өзгеріп немесе жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдар қоғамдағы объективтік экономикалық процестердің өзгерісімен байланысты болады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді. 

Экономикалық  категориялар -  адамдардың қоғамдық өндірістік  қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономикалық теория  талдау дәрежесіне қатысты екі  бөлімнен құралады:

  • микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.
  • макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі түрге бөлінеді.

    • Позитивтік  экономика нақты деректер мен құбылыстарға сүйенеді.
    • Нормативтік экономика ұсыныстар мен ұйғарымдар жасайды, яғни экономика қандай болуы керек (болжау) және мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керек.

 

Экономикалық  теория бірнеше  қызметтер атқарады:

  1. Танып - білу қызметі -  қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және  түсіндіруі тиіс.
  2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
  3. Ғылыми болжам қызметі  - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
  4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми  дәлелдеумен түсіндіреді.
  5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың  ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

       Экономикалық  теория қоғамдық ғылым ретінде  үш сұраққа жауап беруі тиіс:

  • Не өндіру керек?  – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі  қажет?
  • Қалай өндіру керек? – қандай  ресустар, қандай технологияны пайдалану арқылы  өндіру қажет?
  • Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге  арналады, кім сатып алады?  Қоғамның  қажеттілігін  барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында  экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады.

 

1.3  Экономикалық теорияның негізгі қызметтері

   Экономикалық теорияның  негізгі 4 қызметтерін бөлуге  болады (1.3 – сурет). Мұның ішіндегі  ең біріншісі – танымдылық қызметі: бұл қоғамдағы экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін ТЕОРЕТИКАЛЫҚ түрде, яғни жалпы және жүйелі түрде көрсете білу. Екінші қызметі – әдістемелік. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және әдістемелік базаларында қызмет істейді.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 сурет

 

          Білімділік қызмет арқылы экономикалық теорияда, әр түрлі маманды адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Қазіргі кездегі адамның өмірі экономикамен тығыз байланысты, сондықтан да жоғарғы оқу орындарының бағдарламалары - оның заңдары мен үрдістерін зерттеуге бағытталған.

Тәжірибелік қызметі, ұтымды шаруашылықтандырудың тәсілдерін және үрдістерін қалыптастыруға, ал ғылыми ұстанымда мемлекеттің тиімді саясат жүргізуіне бағытталған.

Шаруашылық үрдістерді зерттеген  кезде, экономикалық теория жалпы ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады.Осындай жалпы ғылыми әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар (1.4 сурет)?

 


 

 

 

 

бақылау

модельдеу

ғылыми абстракция

анализ және синтез

индукция және дедукция

 

1.4 сурет

1.5  Бақылау, модельдеу

         Біріншісіне көңіл аударсақ, басқа  ғылыми қызмет сияқты, экономикалық  зерттеуде эмпирикалық міндеттемені  атқарады, яғни тәжірибелік негізде  құрылады. Мұны, бақылау әдісі айқындайды,яғни  экономикалық құбылыстарды, олардың  НАҚТЫ түрінде көру және фактілердің  жиынтығын, қазіргі кездегі болып  жатқан жағдайларды көрсетеді.Мысалы, бақылау әдісі арқылы,тауар бағасының  осы кезде және келер уақытта  қалай өзгеретіндігін анықтауға  болады.

         Модельдеу әдісі - әлеуметтік–экономикалық құбылыстарды олардың теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған "диагноз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын, қабылдаған   шешімдерінің   әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.

Ғылымда экономикалық үдерістер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар – М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері – В. Леонтьев, Л. Конторовин, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім – математик, физик және кибернетик – Дж. Нейман. Ол Пристон университетінін экономисі 0. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.

1.6 Ғылыми абстракция әдісі

        Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның таңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары, т. б. белгілейді.

Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы  белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.

Ғылыми абстракция дегеніміз зерттейтін құбылыстың тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау  үрдісінде категориялар,ұғымдар  тұжырымдалады, олар құбылыстар мен  үрдістердің жеке-дара жинақталғанын  білдіреді.Мысалы, баға қозғалысын алсақ,бір  қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ  үрдіс тәрізді, бірақ та баға динамикасын  нақтылы факторлар: сұраныс пен  ұсыныс, өндіріс және тасымал шығындары  т.б. белгілейді.

 

 

1.7 Анализ және  синтез

Анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс  мөлшерін анықтайтын  бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын  анықтайтын  бұл –  синтез (1.5 сурет)

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5  сурет  – Анализ  және Синтез

 

         Экономиканың микро- және макроэкономикаға  бөлінуі анализ және синтез  әдісінің бөлінуімен байланысты, яғни шаруашылық жүйесіндегі  екі әр түрлі деңгейді қарастырады.

         Микроэкономика – бұл шаруашылық жүйесінің жеке элементтерін қарастырады. Ол жеке фирмалардың, үй шаруашылғының экономикасын зерттейді. (1.6 сурет). Микроэкономика көбінесе анализ әдісіне жақынырақ.

         Макроэкономика шаруашылық жүйесін түгелдей қарастырады, яғни экономикалық бірліктердің жиынтығын қарастырады. Мысалы: әлемдік экономиканы, ұлттық шаруашылықты және т.б. Былай айтқанда, егер де микроэкономика жеке ағаштарды зерттесе, ал макроэкономика – жалпы орманды зерттейді.

       Макро-  және микроэкономика бір- бірімен  өзара байланысты болғандықтан, кейбір кезде оларды бір-бірінен  айыру оңайға соқпайды. Көптеген  экономикалық теорияның сұрақтары  мен тақырыптары бұл екі салаға  да қатысты және сол салаларға  кіреді.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Индукция және дедукция


                                                               ф

 

 

 

 

 

 

                      

                                                                                                    

1.6 сурет -  Индукция  және дедукция

                                                                                                   

 

Индукция жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар,үрдістер шығарады. Дедукцияда керісінше,жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің,үрдістердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады.

Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады (индукция). Өз кезегінде,жалпы баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).

 


Экономикалык теория. 2