Экономиканы ұйымдастырудың формалары
ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
3.1.Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы
3.2. Тауар және оның қасиеттері
- Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы
3.4. Ақшаның қызметтері
3.5. Ақша
мен ақша айналымының
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.
Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).
Тауар өндірісі деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.
Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.
Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.
Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.
Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.
Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.
Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Тауар өндірісінің даму кезеңдері - айырбастың, нарықтың дамуы мен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар, олар дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.
Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше үлгілері қалыптасады:
1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;
2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
- Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
- бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі.
1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды.
II.
Еркін нарыққа негізделген
а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады;
б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады.
Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды.
Шаруашылық
қызметтерін ұйымдастыруда
III.
Реттелетін нарыққа
Мемлекет нарықтық экономикаға белсенді түрде араласады, дегенмен оның реттеушілік рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін сақтайды.
Реттелетін
нарық экономиканы
Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары - заңдар шығару, салық салу, басқаруды қаржы арқылы жүзеге асыру.
Сөзсіз, нарықты экономиканың негізін тауар өндірісі құрайды.
Бірақта
нарықтық экономика (капитализм) пайда
болғанға дейін, тауар өндірісі бірнеше
жүз мың жылдар бұрын өмір сүрді.
Сонымен қатар, тауар - ақша қатынастары,
әкімшіл-өмірде жүйеден орын алды.
- Тауар және оның қасиеттері
Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады.
Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды. .
Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.
Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:
а)
адамның белгілі бір
б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны
Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.
Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.
Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар - айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.
Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.
Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.
Пайдалылық теориясының іргетасын қалаған австрия мектебінің өкілдері (К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін сатып алушының субъективті баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға субъективті баға беру екі факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне және оған деген қажеттіктердің қанығу дәрежесіне тәуелді болады.
Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз делік. Бұл жағдайда ең қымбат, әрі сирек зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті – су, бірақ суды ішіп, шөліңіз басылғаннан соң, сіз үшін судың пайдалылығы кеми береді. Ең соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.
Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрбір келесі кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.
Шығындар
тұжырымдамасы Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың
еңбектерінде орын алған. Олар өндіріс
шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары
мен еңбекке ақы төлеуге
Олардың
ішінде А.Маршалдың концепциясы
сәтті шықты, ол құнды жасаудың тек
жалғыз ғана себебін іздестіруден бас
тартты, ол алдымен шектеулі пайдалылық
теориясы және сұраныс пен ұсыныс теориясын
өзара біріктірді және оларға өндірістік
шығындар теориясын қосты. Осылайша жасалған
оның зерттеу әдісінде - пайдалылықтың,
сұраныс пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың
өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы –
бағаны анықтау проблемасы өз шешімдерін
тапты.
- Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы
Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас қалыптасты.
Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.
Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.
Бұл теория тауар айырбасының дамуын және ақшаның пайда болуын өзара байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында, бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру кезінде кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда болды.
Екі
тауарды өзара алмастыру
Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір зат (мысалы, қой) дара бөлініп шықты, ол өзінен басқа тауарларға айырбасталды. Мұндай жалғыз тауар басқа тауарлардың құнын анықтайтын болды. Айырбастың тарихи ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар, яғни ақша пайда болды. Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.
Алтын - сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл. Алтынның басқа тауар сияқты тұтыну құны және өзіндікқұны болады. Алтынның тұтыну құны әсемдік заттарды жасау, әшекейлеу мен безендіру үшін қажет, сонымен бірге оны өнеркесіпте және т.б. пайдаланады. Алтынның құнын, құнның еңбек теориясы, оны өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек арқылы анықтайды.
Алтынның жалпылама баламалық қызметі, оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни айрықша тұтыну құны мен құнының болуына байланысты.
Алтынның айрықша тұтыну құны оның басқа тауарларды өзіне бағындырып, олардың құн мөлшерін белгілеуіне байланысты пайда болады. Алтынның құны оның ақша ретінде жалпыға ортақ өтімді затқа айналуына байланысты қалыптасады.
Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.
Бұрынғы
теориялар өзгерістерге ұшырап, олардң
жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы
теориялар ақшаның шығу тегі, мәні,
ақша құнының қалыптасу
Ақшаның металдық және номиналды теориялары - осы теориялар авторларының ақшаның қандай қызметтеріне баса мән беруіне байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.
"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.
Ақшаның
мөлшерлік теориясының
- Ақшаның қызметтері
Ақша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда - ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды.
Ақшаның
құн мөлшері қызметі деп оның
өзінен басқа тауарлардың құнын
анықтау қабілетін айтады. Қазіргі
кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың
ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан
ақшалар атқаруда. Бастапқы кезде ақшаның
бұл қызметін өзінің құны болатын заттар
ғана, яғни алтын атқарды. Алтынның құнымен
белгіленген тауардың құны, оның бағасы
деп аталады. Тауардың құны жоғары болса,
онда ол алтынның көп мөлшеріне теңестірілетін
болды. Демек, тауардың бағасы тауардың
құнына тәуелді. Бірақ та тауардың бағасы
тек қана тауардың кұнына емес, ол алтынның
құнына да тікелей байланысты болады:
егер де алтынның бағасы қымбаттаса, тауардың
бағасы арзандайды; егер де алтынның бағасы
арзандаса, онда тауардың бағасы қымбаттайды.
Жоғарыда талданған категориялардағы
құнның еңбек теориясының басты ерекшеліктері
осындай.
3.5. Ақша мен ақша айналымының эволюциясы
Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.
Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.
Ақша айналысы мен ақшалардың эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи объективтік даму процесі болып табылады.
Айналыстағы ақшалардың міндеті - алмастырылатын тауарлар құндарының өзара баламалы болуын қамтамасыз ету болды, бірақ олардың өздерінің құны болуды қамтамасыз ете алмады.
Алтынның несие ақшаларды алмастыруы ақша қызметтерін атқаратын несие карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан әрі күшейтіп жіберді.
Несие карточкалардың төлем құралы ретінде ақша қызметін атқаратын түрлері:
1.
Қайта жаңартылатын
2.
Бір айлық карточкалар, олар
туристік фирмалармен есеп
3. Фирмалық карточкаларды байланыстың әр-түрлі шығындарын төлеу үшін түрлі фирмалар шығарады.
4.
Сыйға тарту, немесе «алтын»,
несие карточкаларын тек қана
жылдық табыстары жоғары
Өндіріс – өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
сол өнімді дайындайтын
табиғи зат
өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын
еңбек құралы
адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған
қызметі
аталған үш элементті өндіріске қосатын
ұйымдастырушы
Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше – жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.
Нарық — тауар
өндірісі мен айналымы заңдары бойынша
ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын
тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар
сатушылар мен оны сатып алушылардың басын
қосатын кез келген институт немесе механизм.
Нарық — бұл демократиялық құрал , онда
әрбір тұтынушының дауыс қүқығы бар. Мемлекеттік
артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция
және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде
байлыққа жетудің бірден бір жолы бар.
Ол — тұтынушылардың талап-мұқтаждарын
дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында
тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда
оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра
алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға
айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық
ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы
құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың
осыған ұқсас адамға қатысты, айталық
адамның өзін өзі бағалауына байланысты
ұғымының пайда болуына әкеліп соқты.
Өзін өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа
қатысты есептейтін мінез-құлық бағдарын
нарықтық адам бағдары деп сараптайды.
Соңғы жылдары «тұлғалық базар» деп аталатын
әлеуметтік құбылыс қалыптасқан. Ондағы
бағалау жүйесі мен принциптері тауар
базарымен бірдей: біріншісінде сатылуға
тұлғалар ұсынылады, екіншісінде — тауарлар,
табыс негізінен, адам өзін-өзі базарда
сата білгеніне байланысты; қаншама оның
сыртқы түрі жарасымды, қаншама ол тартымды?
Белсенді? Керек адамдармен байланысқа
түсе ала ма? Отбасылық жағдайы қалай?
Қолынан не келеді, қаражаты қалай? Адам
өзінің беделі мен құндылығынан гөрі,
өтімді тауар болғанды көбірек қалайды.
Элиталық тауар сияқты, адам модалы болуы
керек, ал осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі
қажет. Осы тұстан жарнама, бұқаралық ақпарат
құралдары, неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар
іске кірісіп кетеді.
Қорытынды
Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.
Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.
Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.
Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.
Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.
Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.
Өндіріс ресурстары - бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Ресурстар төрт түрлі болады: «табиғи», материалдық», «еңбек», «қаржылық».
Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.
ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.
Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.
Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.
Кәсіпкерлік - «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.
Өндірістің
әрбір факторы өзінің иесіне кіріс
әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға,
кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық
өнім мен табыс алудағы әрбір
фактордың қосқан үлесінен шығара отырып,
оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы
шектеулі ресурстарға иелік жасайды.
Пайдаланған әдебиет
1. Қазақ Энциклопедиясы|»Қазақ Энциклопедиясы»]],
9 том
2. Қаржы-экономика сөздігі. – Алматы: ҚР
Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика
институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
3. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А
Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы.
Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана:
2002. ISBN 9965-408-99-8

- Экономика области
- Экономика образования
- Экономика общественного выбора
- Экономика общественного питания
- Экономика общественного сектора
- Экономика общественного сектора
- Экономика общественного сектора
- Экономиканың пайда болуы жайлы теориялар
- Экономиканың шикізаттық бағыты және әлемдік экономиканың интеграциялану деңгейі
- Экономиканың экологиялық жағдайға әсері
- Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдері және мемлекеттің фискалдық саясатын жүзеге асыру шарттары
- Экономиканы реттеудің шетелдік тәжірибесі
- Экономиканы тану сатылары
- Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты, нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері