Экономиканы каржылық мемлекеттк реттеу
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Экономиканы
мемлекеттік реттеудің мәні және қажеттілігі,
оның пайда болу тарихы........................
2 Экономиканы
мемлекеттік реттеу әдістері ..............................
3 Қазақстан Республикасындағы
экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
жүйесіне талдау жасау.........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Ғаламдану және нарықтық реформалар жағдайында Қазақстанның экономикасында түбегейлі ұйымдастыру және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер белең алуда. Осыған байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы экономикасын жеделдетіп жаңғырту тұжырымдамасын іске асыруға қабілетті үкімет басқарушылары қажет екені өткір сезіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Экономиканы
мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн
жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды
негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде
импортты алмастыратын және экспортқа
бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi
шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық
саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi,
сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк
артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн
факторлар келтiрiлген.
Экономиканы мемлекеттік реттеу ұзақ
тарихты қамтиды - Еуропада орталықтандырылған
бақылау бағаларға, тауарлар мен қызметтер
сапаларына, пайыздық мөлшерлемелер мен
ішкі сауда-саттыққа ерте капитализм кезеңінен
де бар. Қазіргі заман жағдайларында әрбір
мемлекет, өзінің ұлттық экономикасына
реттеуді әр алуан дәрежелермен экономикаға
мемлекеттік араласуды жүзеге асырады.
Қазіргі заманғы экономикалық жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуінде мемлекет маңызды рөл атқарады. Мемлекет міндеттері, пайда болу тарихымен қатар, тәртіпті қалыптастыру, заңдылық, ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастырудың бәрі экономика сферасында белгілі қызметтерді атқарды.
Қоғамда
мемлекеттің экономикалық
рөлі экономикалық функциялармен ғана
экономика субъектілерінің қызметі мен
олардың экономикалық мүдделерін тікелей
немесе жанама қозғайтын өзінің қызметінің
нысандары мен әдістерінің жиынтығымен
де қамтамасыз етіледі. Ол мемлекет пен
экономика өзара ықпалдасатын негізгі
бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш
бағыттардың арасынан келесі бағыттар
ерекше бөлінеді: біріншіден, мемлекет
пен оның институттарының тікелей қатысуымен
ұлттық экономиканың даму стратегиясының
негізгі бағыттары әзірленіп, еліміздің
экономикалық бағыты
қалыптастырылады; екіншіден, мемлекеттің
экономикалық саясатының
сипаты мен мазмұнын
анықтаудың өзі –
мемлекеттің экономикалық қызметінің
негізгі бағыттарының бірі. Экономикалық
саясаттың нысаны мен мазмұнын анықтауда
мемлекет өзінің даму кезеңінде шешуі
тиіс ұзақ мерзімді, орта мерзімді және
қысқа мерзімді міндеттерінің арақатынасының
маңызы артады; үшіншіден, экономиканың
қызметін институционалдық
қамтамасыз ету –
еліміздің Конституциясында бекітілген
мемлекеттік билікті ұйымдастырудан туындайтын
мемлекеттің экономикалық қызметінің
бағыты. Мемлекетің өзі күрделі институционалдық
организм болып табылады. Мемлекеттік
биліктің экономикаға қатысты нақты органдарының
рөлі мен функциялары билік органдары
жүйесіндегі олардың мәртебесінде белгіленген.
ҚР-да республикалық деңгейде оларды ҚР
Парламенті Мәжілісі мен Парламенті Сенаты
қарастырады. Қазақстан Ресупбликасының
министрліктері, қызметтері мен агенттіктерінің
атынан республикалық атқарушы билік
органдары экономиканы нормативтік-құқықтық
реттеу, мемлекеттік билік органдарының,
жергілікті өзін-өзі басқару органдары
мен лауазымды тұлғалардың заңдар мен
басқа да нормативтік актілерді орындауын
бақылап, қадағалау, мемлекеттік қызмет
көрсету, мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі практикалық қызметті жүзеге
асырады. Осы және бірқатар басқа да функциялар
мемлекеттік биліктің күрделі жүйесін
құрып мемлекеттің экономикалық рөлін
институционалдық қамтамасыз етеді; төртіншіден,
экономиканы реттеудің
әдістері мен нысандарын
анықтау. Мемлекеттің экономикалық қызметінің
осы бағыты екінші және үшінші бағыттың
негізінде дамиды. Тікелей және жанама,
әкімшілік және экономикалық әдістердің
арақатынасы, мемлекеттің осы әдістерді
реттеуі – мемлекет экономикаға ықпал
ететін аса маңызды бағыт. Мемлекет әдістер
жүйесі мен қысқа мерзімді кезеңде оларды
реттеу арқылы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына,
өнімге қойылатын техникалық талаптарға,
сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігіне
ықпал ете алады; бесінші, мемлекеттің
экономикалық қызметке
әр түрлі нысанда қатысуы.
Бұл мемлекеттің ең алдымен мемлекеттік
бюджетті бөлуге және қайта бөлуге қатысуы.
Мемлекеттік бюджеттің есебінен тауарлар
мен қызметтер мемлекеттік сатып алу жүзеге
асырылады, трансферттер жүргізіледі,
қоғамдық игілікті құру жүзеге асырылады
және т.б. Мемлекет акционерлік қоғамдардың
мүлкіне қатысуы, сонымен бірге мемлекеттік
қорлардың, бірлестіктердің, даму институттардың
және т.б. экономикалық қызметіне тікелей
араласуы экономикалық қызметкеараласуының
бір нысаны болып табылады. Қазіргі жағдайда
осы бағыт мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің
(МЖӘ) әр түрлі нысандарында кездеседі.
- Экономиканы
мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі, мәні және ұйымдық - әдістемелік негіздері
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы «оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады». Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Классикалық үлгі. Бұл үлгі бойынша, экономикалық жүйе нарық үстемімен жұмыс істейді, түпкі евусепте - тұтынушы. Кейде, бұл әсерге нарықтың жауапты реакциясы жеткіліксіз немесе жетілмеген болып жатыр. Сонда мынандай қажеттілік туындайды, ортақ мүдделердің оңтайлы сәйкестігі үшін мемлекет үстемдік әсерді түзетеді немесе жауапты реакцияны толықтырады.
Ұқсас тұрғыны, А.Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде қарастырды. А.Смиттың көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мулде көздеген нарық жүйесі өзін - өзі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінді. А.Смит іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А.Смит: нарық басты реттеуші болатындықтан, нарыққа толық еркіндік беру қажет,-деп есептеді.[4]
Фридрих Август фон Хайек (1899-1984жж.) экономикадағы нарықтық ойлаудың басты жақтаушылардың біреуі болды. 30-шы жылдары ол нарықтық экономикаға мемлекеттің кірісу керек деп сөз сөйлеген Кейнсті және басқа экономисттерді сынады. Хайектің негізгі тезисінде, мәліметті беру кезінде делдалдықта бағалардың жүйесі шешуші рөлді атқарады және де экономикада шешімдер қабылдаған кезде процесстің децентрализациясында құралады деген.
Экономикада мемлекет рөлін анықтасақ, экономикалық мәселелердің көпшілігі нарықтық механизмнің талаптарымен сәйкестікте орындалуға тиісті екенін классикалық үлгі айқын айтады. Мемлекетке тек арғы рөл беріледі де былай деп болжанады, мемлекеттік кірісуді жақтаушылар өз позицияларын негіздеуге сенімді дәлелдер ұсынуға тиісті болады. Басқаша айтқанда, нарықтың талапына сай дербес фирмалармен орындалатын мәселелерге қарағанда, мемлекетпен атқарылатын мәселелер өз мәні бойынша екіншідеңгейлі болады. Классикалық мектептердің экономисттері әр түрлі текті тарифтерге жан-жақты қарсы, баға деңгейінің қолдауына, техникалық өнертабыстарды қолдану жолдарындағы бөгеуілдердің жасалуына, үкіметтік қолдауды еске түсіретін немесе монополияның қызметімен үндемей
келісітіндердің барлығына қарсылық білдіреді.
Осылай, кәсіпкерлік қызметті қорғап отыра, бұл экономисттер нарықтық механизмге кірісуге қарсы шығады және дербес мүдделерді қамтамасыз ету мақсатымен қоғамдық қолдауды белсенді іздеуде болады.
Неоклассикалық үлгі. Соңғы 60-70 жылдарда мемлекеттің кейпіне, классикалық үлгіде іске асырылған, мемлекетпен сәйкестікте экономикаға әсерін реттейтін қоғамдардың қажеттіктерін көрсететін жаңа пішіндер келді. Бұл тұрғы бәрінен бұрын, 30-шы жылдардағы ұлы депресияға дейінгі экономикалық жүйе, барлық неоклассикалық бағыттармен өздігінен реттелінетін, нақты өздігінен түзетілетін сияқты болып, шартты түрде қаралды . Әрине, жұмыс жасауда уақытша бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі бар, бірақ жүйенің негізгі тенденциясы, барлық қызметкерлеріне адал еңбек етіп, қажетті өндіріс көлеміне жетуінде болатынды. Бұдан әрі қарай барлығы оңай. Алынған табыс барлық қайта құрылған құнды сатып алуға шығарылды.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мәжбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптастырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың заңды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, тұтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады. Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.
2
Экономиканы мемлекеттік реттеу
әдістері
Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясына оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, түрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды. Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары нәтижесінде әсер етумен байланысты.
Енді экономикалық процестерге әсер ету үшін мемлекет осы әдістердің кейбіреуін калай қолданады, осыған қысқа тоқтала кетейік:
1) Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметгік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады .
Салықтық реттеу фискалдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар да өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтың нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;
ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту.
Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады;
б) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді
ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.
2. Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге, ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:
а) несиенің пайыз нарқының өзгеруі. Мысалы, өндіріс салаларьщ дамыту үшін пайдаланылатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен болғаны абзал;
ә) эмиссиялық банктің есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы (дисконттық) - бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банктен өндіріп алынатъш қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарқын төмендету немесе көтеру жеке коммерциялық банктер үшін несие нарқын қайта қарауға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарқының өсуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы, керісінше іскерлік белсенділікті көтермелейді;
б) эмиссиялық банкке ақша салудыц міндетті миниумын арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген ақша ерікті ақша салымдарынан (бос резерв және міндетті ақша салымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат берілмеген) тұрады. Орталық банк, міндетті ақша салымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспансиясына мүмкіндік туғызады;
в) "ашық нарықтағы операциялар". Бұл жағдайда, мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.
3) Бағаны және табысты реттеу саясаты. Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды, Сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.
4) Әкімшілік реттеулер. Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік) бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағытталған бақылау және басқа да осы секілді істер кіреді.
5) Қысқа мерзімді реттеулер. Оның мақсаты – бірнеше айдың ішінде нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық циклдің ағымдағы кезеңінің қозғалысын өзгерту, оның ішінде экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жандану кезеңінің басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу кезеңін тұрақтандыру немесе одан ары қарай созу туралы болып отыр.
Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның шамадан тыс өсуімен күрес немесе инфляцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дефляциялық саясат деп аталады.
6) Ұзақ мерзімді реттеу - бірнеше жыл бойынша нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Оған белгілі белгілі бір уақыт кезеңі бойынша экономиканың даму қарқынын ұстап тұру, кейбір салаларды артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерту, технологиялық қайта құру, ғылыми-техникалық прогресті дамыту мақсатында жедел амортизациялау саясатын жүргізу жатады.
Экономикалық әдебиеттерде мемлекеттік реттеудің 2 әдісін қарастырады: мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдісі және мемлекеттік реттеудің экономикалық әдісі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері экономика субъектілеріне тікелей ықпал етеді. Олар қосымша материалдық ынталандырма құрумен немесе қаржылай залал қаупімен байланысты емес және мемлекеттік билік органдарының өкімдерін міндетті түрде орындауға негізделеді, сондықтан олардың кейбіреулері өкімдік немесе әкімшілік деп аталады.
Мемлекеттік
жанама (экономикалық) реттеу әдістері
негізінен нарықтық шаруашылықтың тауарлы-ақша
тұтқасына сүйенедіжәне шаруашылық жүргізуші
субъектілердің экономикалық мүдделеріне
ықпал етеді.
3 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік қаржылық
реттеу
жүйесіне талдау жасау
Мемлекет тарапынан экономикалық үрдістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үрдісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Әдетте реттеу үдерісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының әр алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесін ажыратудың, тұрпаттарға, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі тұрпаты бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды.
Реттеу нысандары аталған түрлерде ағатын қаржылық қосалқы категорияның тиісті түрі үшін сипатты, сондай-ақ барлығы үшін ортақ үдерістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрде – қаржыландыру(субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта – тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
Жоғарыда айтылғандай, экономиканы қаржылық мемлекеттік реттеудің біріне бюджеттік реттеу жатады.
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қатынастарды құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады.
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.
Мемлекеттік бюджет, кез-келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық-заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Бюджеттік қор – бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты құн қозғалысының үдерісін білдіреді.
Экономикалық
қосалқы категория ретінде мемл
Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды – бөлу және бақылау функцияларын қаржылардың ұдайы өндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айырмашылығымен айқындалды. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, отралықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет – ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың қарқындары мен үйлесімдеріне әсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономикамен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді.
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджеттік кодексте бюджетті атқарудың төрт принципі белгіленген:
1) Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципi - бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен, нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалып, бюджеттiк бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын iс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану.
2) Уақтылылық принципi - бюджет түсiмдерiн есепке алу және бюджет қаражатын белгiленген мерзiмдерде пайдалану.
3) Бюджеттiң бiрқалыпты атқарылу принципi - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемiнiң жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы iшiнде бiрқалыпты бөлу.
4) Кассаның бiрыңғайлық принципi - түсiмдердiң барлығын бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бiрыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру.[13]
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері; жергілікті бюджеттер. Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайлайтын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

- Экономиканы мемелекеттік реттеудің қажеттілігі
- Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi
- Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi
- Экономиканы мемлекеттәк реттеу
- Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы
- Экономиканы мемлекеттік реттеу
- Экономиканы мемлекеттік реттеу
- Экономика Норвегии
- Экономика Норвегии
- Экономика Норвегии: проблемы и перспективы
- Экономика Норвегии: проблемы и перспективы
- Экономика Норвегии: промышленность, рынок труда
- Экономика Норвегии: промышленность, рынок труда
- Экономика нормирование труда