Экономиканы
мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық
жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі
деңгейдегі институттары арқылы жүзеге
асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық
силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы
жағдайға және әлемдік шаруашылықтың
даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін
белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді.
Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары
айқындалады. бұл үшін жанама және аралық
мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың
баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі"
жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі
мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу,
бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау),
жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде
болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы
экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің
актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы).
Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы
мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі
үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық
құралдардың көмегімен жүзеге асырылады,
олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех
тетіктері, экономиканың мемлекеттік
секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды
пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің
ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар
(тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ
ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар,
кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер
. Экономиканы
мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық
шаруашылық жағдайындағы мазмұны
, қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық
жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу
және тұрақтандыру мақсатында құқығы
бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық
ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы
және бақылау сипатындағы типтік шаралар
жүйесі болып табылады.
Нарық
шаруашылығының даму барысында,
жеке меншік шеңберінде шешілмейтін,
яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары
негізінде экономикалық және әлеуметтік
проблемалар туындайды және шиеленіседі.
Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның
қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру,
капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс
пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің
бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен
бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында
еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық
күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда
болды, экономикалық дағдарыстар салалық
шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік
дағдарыстарға айналды. Монополияның
үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті
күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың
әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін
(экономикалык саясатты жүргізу), нарық
пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының
жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің
әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін
талап етеді.
. Экономиканы
мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
Нарық
экономикасына мемлекеттік араласу
қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының
әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII
ғасырлардағы нарықтық қатынастардың
қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық
доктрина-меркантилизм – елдегі сауда
мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік
реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға
негізделген.
Нарықтық
өатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер
табы мемлекеттік араласуды және осымен
байланысты шектеуді өз қызметтеріне
кедергі ретінде қарастыра бастады. А.
Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының
себептері туралы зерттеу» еңбегінде,
экономикалық либерализм идеяларының
пайда болуын алғаш рет толық негізделген
және оның көптеген жақтаушылары болды.
А.
Смит көзқарасы бойынша, пайда
алуға ұмтылуға байланысты, жеке
мүлде көздеген нарық жүйесі
өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін
байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың
ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің
іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан
мемлекеттік реттеуді алып тастаса,
онда экономика тиімді қызмет
етеді деген идея болатын. А.
Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан,
рынокқа толық еркіндік беру қажет,- деп
есептеді.
Рыноктық
үйлестіру ресурстардың тиімді
пайдалануды қамтамасыз етпегенде,
нарық сәтсіздігі деп аталатын
жағдай болатынын экономикалық
тәжірибе растады. Рыноктағы нарық
сәтсіздігі қоғамның игілігі
мен сыртқы әсерлерге ғана емес,
басқа жағдайларға да байланысты пайда
болады. Оның ең маңызды себебі – рынокқа
тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда
бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок
қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау
– монополияға қарсы заңды әзірлеу және
оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік
болды.
Нарық
экономикасында мемлекеттің рөлін
теориялық танудың маңызды сатысы
көрнекті ағылшын экономисі Дж.М.
Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан
революциясы » барысында алға
қойылған идеялар, экономикалық
құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін
емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы
дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты
сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге
және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін
қабілетті құрал ретінде қажет екенін
дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің
көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын
реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық
саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың
кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді
деп есептеледі.
Сөйтіп,
ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік
реттеудің ) объективті мүмкіндігі
экономикалық дамудың белгілі
бір деңгейіне жетумен, өндіріс
пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің
шоғырлануында, өндіріс күші мен
өндіріс қатынастарының дамуында
пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда
ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі
болып табылады. Олар экономикалық өсуді
ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді
реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы
ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты
қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды
шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны
қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық
және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен
анықталады.
ЭМР-дің
объектілері – бұл автоматты
турде шешілмейтін, немесе алыс
келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар
пайда болуы мумкін немесе пайда болған
еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай
мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары,
сонымен бірге бұл проблемалардың алып
тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау
және экономиканың қалыпты дамуы үшін
қажетті.
ЭМР-дің
негізгі объектілеріне шаруашылықтың
экономикалық кезеңін, секторлық,
салалық және аймақтық құрылымын;
капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен
қамтамасыз етілуін , ақша айналымын;
төлем балансын; бағасын; бәсекелестік
жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік
қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы
мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны;
сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің
кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық
жағдаятын реттеу саясатынын
мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде
тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау
мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз
етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға
қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі,
мемлекеттік шығындар мен инвестициялар
өсіріледі.
Экономиканың
ұзақ мерзімді көтерілу кезінде,
тауар қорларының азаюы, импорттың өсуі
және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс
күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті
жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан
келіп, баға мен еңбекақының негізсіз
өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің
міндетті - « экономиканың қызып кетуіне
» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық
өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына
кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі
қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне
жол бермеу қажет.
ЭМР
сонымен бірге, аумақтық құрылым
мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады.
Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік
күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек
салалар мен аймақтарға артықшылықты
жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда
созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық
бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі;
басқа жағдайда – салалардың ішінде, салалар
арасында және барлық халық шаруашылығында
оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік
қабілетін арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке
әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа
шаруашылық саласының дамуы көтермелейді.
Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға
кедергі жасауға шаралар қабылдануы да
мүмкін.
Экономика
мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды
жинақтау болып табылады. Әр түрлі
уақытта инвесторлар үшін экономикалық
кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша
ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен
қамтамасыз етуді реттеу –
бұл нарықтық экономика көзқарасы
тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс
пен ұсыныс арасындағы қатнастарды
қалыпты қолдау. Бұл қатнастар
еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға
қызмет ететін экономиканың білікті және
тәртіпті қызметкерлерге деген талабын
қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен
ұсыныстың арасындағы қатынастар ұлттық
бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін
еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы
тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі
және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын
көбейтуге, тұтынушы сұранысының , салық
түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың
өсуіне және қауіпті әлеметтік нәтижелерге
әкеледі.
Ақша
айналымын реттеуде ерекше назар
аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен
күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер
ету, ұлттық валюта бағамының көтерлуі
мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау),
халықаралық экономикалық интеграцияға
қатысу.
Реттеудің
тағы бір маңызды объектісі
баға болып табылады. Бағаның серпіні
мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді.
Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына,
күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына,
ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті
ықпал етеді.
ЭМР
объектілерінің шешілетін міндеттерге
фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық
және интернационалдық деңгейіне дейін
байланысты айырмашылықтары және иерархиялық
сипаты болады.
ЭМР-дің
құралдары. Экономикалық қызметтерді
жүзеге асыру үдерісінің мемлекет
алдында тұрған міндеттерді шешу
үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар
болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына
- қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік
саясат пен табыстарды реттеу саясаты;
сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР-дің
мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты
– экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық,
шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды
нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық
тәуелділікте болатын көптеген нақты
жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат,
яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне
бағытталған. Шаруашылықтың салалық және
аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық,
салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған.
Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол
жеткізу мүмкін емес.
ЭМР
құралдары. Мемлекеттік реттеудің
құралдары әкімшілік және экономикалық
деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша
материалдық ынталандыруды құрумен немесе
қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты
емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни
тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді
(мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын
салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды
көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты).
Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол
жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс
істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай
жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық
экономикалы дамыған елдерде реттеудің
әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады.
Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған
ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған
тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
Мемлекеттік
реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық
саясат, яғни шығындар мен салықтардың
құқықтық
аумағындағы
саясат;
- ақша
саясаты;
- табыстарды
реттеу саясаты;
- әлеуметтік
саясаты;
- баға
бегіленімін мемлекеттік реттеу;
- сыртқы
экономикалық реттеу;
Мемлекеттік
реттеудің экономикалық құралдары ақша
- кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа
бөлінеді.
Негізгі
экономикалық құралдар:
- есепке
алу мөлшерін реттеу (Орталық
банкпен жүргізілетін,
дисконттық
саясат);
- елдің
қаржылық институттары орталық
банкте сақтауға
міндетті,
ең аз резервтер мөлшерін белгілеу
мен өзгерістері;
-мемлекеттік
мекемелердің бағалы қағаздар
рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер
эмиссиясы олармен сауда жасау
және өтеу сияқты операциялары.
3-сұрақ.
ЭМР-дің экономикалық қызметі.
Мемлекет
орындайтын қызметтерге ең алдымен
мыналар жатады:
- экономиканың
қызмет ету үшін құқықтық негіздерді
құру мен реттеу;
- монополияға
қарсы реттеу;
- макроэкономикалық
тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды
орналастыруға ықпал ету;
- табыстарды
бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік
қатнастар субъектісі ретіндегі
мемлекет қызметі.
Заңдық
базаны құру – бұл барлық
тауар өндірушілер, тұтынушылар
және мемлекеттің өзі іс - әрекетінде
жетекшілікке алуға тиісті экономикалық
агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық
араласудың заңдық қағидаларын белгілеу.
Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын
қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын,
кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың
өзімен және мемлекет арасындағы өзара
қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті
актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық
тұрақтану экономикалық өсумен,
жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен
және бағаның тұрақты деңгейімен
байланысты.
Ресурстарды
қайта бөлу өнеркәсіптік және
ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты
болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік
ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады.
Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу
және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы
мүмкін.
Бәсекелестік
тетіктерін қамтамасыз етудегі
бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және
кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік
қорғау бағдарламасында қолданылған,
табыстарды салықты қайта бөлу арқылы
ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды
өз мойнына алады.
Мемлекеттік
меншік – сату-сатып алу объектісі
болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық
игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің
қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру
және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
Нарықтық
экономиканы реттеу
жүйесіндегі мемлекеттік
бюджеттің маңызы
Экономика
өміріне мемлекеттің қатысу себептері,
формалары мен тәсілдері актуалды мәселелер
қатарына жатады және дәстүрлі түрде ғылыми
зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық
экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді
жүйесі елдің экономикалық дамуының және
саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды
шарты болып саналады. Қазіргі заманғы
мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы
болып табылмайды, керісінше мемлекет
елдің шаруашылық-экономикалық өміріне
белсенді түрде қатынасады және де керек
кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру
үшін керекті шараларды да жүргізеді.
П.Самуэльсон барлық елдердің дерлік үкіметі
өздерінің қолын экономиканың пульсінде
ұстап тұрғылары келеді деп атап көрсетеді.
Қазіргі заманғы экономикалық жүйедегі
мемлекет нарықтық механизмдегі іркілістерге
көптеген әрекеттер қолданады. Қазіргі
заманғы капитализм нарықтық қызметі
мен мемлекеттік реттеу үздіксіз өзара
байланысты болатын және бірін бірі толықтыратын
жүйе болып табылады.
Жақсы
үкімет - бұл байлық емес, өмірге
керекті жағдай дегенмен келіспеуге
болмайды. Тиімді мемлекетсіз тұрақты
әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін
емес. Экономикада болып жатқан өзгерістер
мемлекеттің қазіргі сатыдағы базалық
сұрақтарына оралуда ғана емес, сонымен
қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе тұрғысынан
да оны өзекті етуге мәжбүрлейді.
Қазіргі
кезде мемлекеттің экономикадағы
орны мен ролі үздіксіз күшеюде.
Бұны тек қана жалпы ішкі
өнім қатынасында мемлекеттік
кірістер мен шығындардың өсуі
ғана емес, сонымен қатар экономикадағы
дағдарысты жағдайларды жеңуге
бағытталған үкіметтің реттеуші
шараларының мәнінің де өсуі куәландырады.
Шаруашылық тәжірибе арқылы компаниялардың
өз қызметтерін жоспарлаудың уақытты
кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі
елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің
ролін жаңаша түсінуді қажет етті. Срндықтан
кәсіпкерліктің өзі де мемлекеттің қызметтеріне
деген сұранысты туындатады, өйткені ол
ең алдымен мемлекеттік биліктің тиімсізділігіне
немесе әлсіздігіне шартталған тәуекел
мен анықсыздықты жеңуге мүдделі.
Экономиканы
мемлекеттік реттеудің тапсырмалары
мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың
әсерінен болады, олардың ішінде ерекше
орынды қаржылық жахандану, инновациялық
дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси
факторлар алады. Сол себепті мемлекетте
үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің
қызметін тиімді атқаруға қабілетті сапа
мәселесі туындайды. Осы мәселеге батыс
елдері көп көңіл бөлуде.
Мемлекеттің
экономикалық ролі туралы сұрақты
мемлекеттік реттеуді «ұлғайту-азайту»
терминінде шешуге бел буу
мемлекеттік институттарының сапасы
туарлы маңызды сұрақты екінші жоспарға
қоюға әкеледі. Тиімді экономиканы құруға
бағытталған бюджеттік саясат мемлекеттің
ықпалын қысқартуға немесе ұлғайтуға
әкелуі мүмкін.
Шаруашылық
жағдайын реттеу саясатын инновациялық
процестер мен глобализациялауды
есепке ала отырып жүргізу мемлекеттің
бюджет саясатында алғы орынды алады.
Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін
көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлуе
отырып, оны шешу үшін экономикадағы мемлекеттің
жаңа басымдылықтарын іздеу мәселесі
туындайды. Тәжірибе жүзінде мемлекет
өзінің қатысуын бір сфераларда күшейтуі
мүмкін және бір мезгілде оны басқа сфераларда
азайтуы немесе жоюы мүмкін. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің
реттеуші ролінің күшеюі немесе әлсіреуін
сипаттай алмайтын процестер жүреді, өйткені
мемлекеттің экономикадағы ұлттық экономиканың
бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге
бағытталған сапалы қызметі туралы сөз
болады.
Бірақ
та экономиканы мемлекеттік реттеу
нақты шешімдерді қабылдау кезінде
кемшіліктерге жол бермеу арқылы
жүзеге асыру керек екендігін
ешкім де жоққа шығармайды. Осы мәселе
экономика ғылымындағы ең күрделі сұрақтардың
қатарына жатады және көп жағдайларда
оның шеңберінен шығып та кетеді.
Экономиканы
реттеу қызметі мен тәсілдері
нақты тарихи жағдайларға байланысты
өзгереді, бірақ та мемлекеттің нарықтық
жүйедегі негізін қалаушы қызметтері
өзгеріссіз қалады. Оларсыз қазіргі заманғы
экономиканың дамуы мүмкін болмайтын,
нарықтық жүйенің керекті конструктивті
элементтері болып саналады.
Дж.
Тобин экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігін төмендегіше
негіздеді: « «Көрінбейтін қол» теоремасы
жеке және қоғамдық мүдделер қайшылықтарға
тірелетін экстерналийлер мен қоғамдық
игіліктердің бар болуын есепке ала отырып
жетілдірілуі керек. Осыдан ұжымдық мүддеге
негізделген мемлекеттік қызметтің қажеттілігі
туады... Смиттің жүйесі эгоистік энергияны
конструктивті бағытқа бағыттайтын институттар
болған жағдайда ғана жұмыс істей алады»
.
Экономикалық
тиімділікті көтеру мен инновациялық
белсенділікті ынталандырудағы
бәсекелес нарықтардың артықшылығы
жалпы мойындалған және мемлекет өзінің
дамуында, ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу,
экономикалық өсуді қамтамасыз етуді
қанағаттандыру үшін оларға сүйенеді.
Сонымен қатар олардың жеңісті қызмет
етулері үшін дұрыс инфрақұрылымдар мен
институттар қажет. Нарықтарға тиімді
қызмет етуге мүмкіндік беретін жағдайды
жасау мемлекеттің құзырындағы іс әрекет.
Осы жағдайлардың ішінде ең алдымен меншіктің
анық құқықтарын айту керек, ал ол дәйекті
жасалынған заң процедуралары негізінде
қызмет ететін сот билігінің болуын қарастырады.
Тәжірибе
көрсеткендей нарық экономикалық
субъектілердің барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайды. Қазіргі
заманғы нарықтық экономикада
мемлекетке артылған базалық
қызметтер ең алдымен экономикалық
процестерге «нарықтың жетіспеушілігін»
түзету мақсатында араласумен байланысты.
Осындай қызметтердің қатарына қоғамдық
игіліктер өндірісі, монополияға қарсы
мемлекеттік реттеу, «сыртқы әсерлерді»
реттеу және анық ақпараттарға тең қол
жеткізуді қамтамасыз ету жатады. Сондықтан
мемлекеттік бюджет жүйесінің қызметінің
нәтижесі ең алдымен мемлекеттің нарықтық
«жетіспеушілігін» қаншалықты тиімді
түзететіндігінен көрінеді.
Қайсібір
қоғамдық игіліктерді өндіруді
жеке сектор атқара алмайды
немесе атқарған күнде де бұл
қызмет оларға пайда әкелмейді,
ал егер де жеке сектор атқаратын қызмет
оларға пайда әкелмейтін болсама, онда
кәсіпкерліктің заңы бұзылады. Осындай
игіліктердің классикалық моделі меншік
құқығын қорғау, мемлекеттің қорғаныс
қабілетін қамтамасыз ету, сыртқы саясатты
жүргізу, елдегі тәртіпті сақтау болып
табылады. Осы сияқты игіліктерге деген
қажеттіліктерді қанағаттандыру тұтас
қоғамның қызметінің нәтижесі болуы керек.
Осындай қоғамдық мүдденің өкілі мемлекет
болып саналады. Сондықтан да мемлекет
тұрғындарды ұжымдық және қоғамдық игіліктермен
қамтамасыз етуге жауапкершілікті болады.
Ерекше
экономикалық категория ретіндегі
қоғамдық игіліктердің негізгі
мінездемелерін төмендегіше сипаттауға
болады:
1. Жеке
тұлғалардың қоғамдық игіліктерді
тұтына отырып өзара бәсекелестікке
түспейтінін сипаттайтын, тұтынудағы
бәсекелестіктің болмауы. Қосымша индивидтің
ұжымдық иглікті тұтынуының шекті шығындары
нольге тең, осылайша қоғамдық игіліктерді
тұтынуға қосымша индивидттердің қосылуы
оның басқаларға қол жеткізу мүмкіндігінен
айырмайды, өйткені қоғамдық игіліктер
бөле жара қарастырылмайды және жеке бөлшектерге
бөлінбейді. Сонымен бірге жеке игіліктерді
қайсібір индивидтің тұтынуы, осы игіліктерді
басқалардың тұтынуын толығымен жоққа
шығарады.
2. Қоғамдық
игіліктер тұтынудан шығармау
қасиетіне ие, өйткені қосымша тұтынушыға
қоғамдық игіліктерді пайдалануға рұхсат
бермеу мүмкін емес немесе белгілі субъектінің
олардың қоғамдық игіліктерді тұтыну
үлесін төмендету мүмкін емес. Мысалы,
индивидтің тұтынуынан мемлекеттің қорғаныс
қабілеті немесе тәртіпті сақтау сияқты
игіліктерді пайдалануын шығарып тастау
мүмкін емес.
Келтірілген
мінездемелердің талдауы классикалық
қоғамдық игіліктердің санының
шекті екендігін сипаттайды. Сонымен
қатар жеке және қоғамдық игліктер
арасына нақты, анық шек қою
өте күрделі. Таза ұжымдық игіліктерге
шарттылықтың белгілі үлесінде меншік
құқығын қорғауды, мемлекеттің қорғаныс
қабілетін, көшелерді игеруді және т.б.
жатқызуға болады.
Классикалық
қоғамдық игіліктер мен жеке
игіліктердің арасында көптеген
игліктер бар, оларды «толығымен
қоғамдық емес» және «толығымен жеке емес»
деп сипаттауға болады. Осындай игіліктер
«аралас» деген атауға ие және мемлекет
арқылы да, жеке сектор арқылы да өндірілуі
мүмкін, мысалы, жол құрылысы, білім беру,
денсаулық сақтау, фундаментальды ғылыми
зерттеулер.
Қоғамдық
игіліктерді ұсыну мемлекеттің
экономикаға қаржы және бюджет
саясаттарын жүргізу арқылы араласуының
объективті алғы шарты болып
табылады. Қоғамда болып жатқан
экономикалық және әлеуметтік
процестерге мемлекеттің араласуы
өте үлкен көлемде сезіледі. Осы әсер
ету шеңберіндегі негізгі мәселе осы жағдай
үшін дұрыс болып саналатын нарық пен
мемлекеттің рольдерінің қатынасын табу
болып есептелінеді.
П.Самуэльсон
сыртқы әсерлер, яғни экстерналиилер
экономикалық субъектілер өзінің
қызметімен байланысты шығындарды басқаларға
«таңғанда» немесе олармен пайда арқылы
қамтамасыз етілетін жағдайда пайда болады
деп атап көрсетеді .
Басқа
экономикалық субъектілерге әсер
ету нәтижесі бойынша экстерналииді
оң және теріс деп бөлуге
болады: сыртқа әсерлер, егер де олар
сыртқы субъект үшін өнімділік пен пайдалылықты
ұлғайтса оң деп есептелінеді және керісінше
теріс сыртқы әсерлер оны төмендетеді.
Сыртқы әсерлердің болуы сонымен қатар
теріс сыртқы әсерлерді төменгі дәрежеге,
ал оң сыртқы әсерлерді ең жоғарғы дәрежеге
жеткізетін, экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігінің негізі болып
саналады. Көптеген жағдайларда теріс
сыртқы әсерлер қоғам үшін қауіпті қорқыныш
тударатын экология мәселелерімен байланыстырылады.
Мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты
ретіндегі ұлттық экономиканың бәсекелестік
қабілетін ең жоғарғы дәрежеге жеткізу
қажеттілігі мен қоршаған ортаны қорғау
тапсырмалары арасында қайшылықтар бар.
Экономикалық глобализациялаудың күшеюі
жағдайында оның толығымен жойылуы мүмкін
емес. Сонда да осы жағдайдың күшін бюджет-салық
механизмдерін белсенді қолдану арқылы
азайтуға болады.
Қоршаған
ортаны ластаумен байланысты
теріс экстерналиилерді ең төменгі
дәрежеге жеткізу Қазақстан үшін
қазіргі таңда өзекті мәселе,
өйткені оның экономикасының
бәсекелестік артықшылығы металдар өндірісімен,
мұнай өңдеумен, химия өнеркәсібімен байланысты,
олар экология үшін өте қауіпті болып
саналады және қоршаған ортаны қорғауға
маңызды салымдарды талап етеді. Бірақ
та қазіргі таңда мемлекеттің де, жеке
секторлардың да табиғатты қорғау шараларына
жұмсап отырған шығындар көлемі мардымсыз
және олар мәселенің көлеміне сай келмейді.
Сыртқы әсерлерді интернализациялау бюджет
саясатының құралдарын икемді пайдалануды
қарастырады, оның ішінде:
•
экологиялық жобаларға «мультипликациялық»
әсер беретін және қазақстандық экономиканың
бәсекелестік позициясын нығайтуға әсер
етуге қабілетті тікелей мемлекеттік
инвестициялар;