Елдңің экономикасының дамуындағы бюджет ролі

 

    Жергілікті  бюджеттердің реттеу  формалары

    Жергілікті  бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйе-сінің бір бөлігін  көрсетеді және елдің мемлекеттік  бюджет құра-мына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар  есебінен толтырылмайды, сонымен қатар  бюджеттік реттеу ме-ханизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық  салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджеттердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономика-лық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет көрсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

    Сондықтан, аймақтардың экономикалық дамуы  болымды айырымдауының себебінен  кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік  сектор арқылы көрсететін қыз-меттер тең  болуы үшін аймақтар бойынша бюджеттік  теңестіруді қамтамасыз ету жөнінде  белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмнің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша түрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджет-тік теңестіру әдісі пайдаланады.

    Бұл әдістің маңызы әр түрлі аймақтар мен аумақтар бойын-ша қаржылык жәрдем бөлудің бірыңғай қалыпты есептемелерін  пайдалану арқылы түрғындардың мемлекеттік  қызмет түтынуын бірыңғай стандарттық  деңгейін қамтамасыз ету түжырымдайды. Мұндай саясат жүргізудің негізгі мақсаты - ол әрбір билік деңгейі бойынша соларға бекітілген мемлекеттік қызметті толық көрсетуін заңды түрде бекітілген ортамерзімдік болашақта тұрақты болатын кірістік қайнар көздерімен қамтамасыз ету.

    1999 жылдан бері қолданып келе  жатқан бюджеттік алым-дар мен  субвенциялар арқылы іске асатын  бюджетаралық реттеу механизмі  бюджетаралық қатынастардың толығымен  анықтауын қамтамасыз етпеді, әсіресе  төмен түрған бюджеттерден түсетін

    алымдардың  бөлу нормативтерін немесе бюджетаралық транс-ферттердің көлемін жиі айқындау әрекеті. Осыған байланысты жергілікті деңгей әрекеттегі бюджеттік теңестіру  жүйесіне бюдже-таралық трансферттерде есептеу әдісін бекіту және аймақтардың  экономикалық дамуын ынталавдырушы  басқа да өзгерістер жүргізілді.

    Бірақ, оған қарамастан, жергілікті бюджеттер  деңгейі арасын-да кірістерді бөліс  жүйесі, жалпы бюджетаралық реттеу механиз-мі әлі де бір-бірімен қабыспайтын  және тиянақсыз болуда. Жер-гілікті  бюджеттерді атқару барысында олардың  жиі айқындалуы мен әрбір облыс  бойынша әр түрлі және үйлеспеген кірістер бөлу әдістері пайдалануы орын алады. Мәселен, әрбір аудан мен қала бойынша жылсайын тағайындалатын үлестіруге жататын кірістер-дің жекеленген түрлері мен олардың нормативтерін немесе аудан мен қалалар бойынша үлестіруге жататын кірістердің түрлері бірыңғай, ал бөліс нормативтері әр түрлі. Сонымен қатар, жыл-сайын кірістер бөлістің бірыңғай нормативтері тағайындалса да, оларды төлеушілер әр түрлі, немесе жылсайын барлық кірістерді аудан мен қалалар бюджеттерінің есебіне қосып, соңынан бюд-жеттік алымдарды тағайындау болады.

    Осы кемшіліктердің әсерін жоққа шығару мен мемлекеттік шығындардың  рационалдауын қамтамасыз ету мақсатымен Бюд-жеттік кодексте кірістер мен олардың  қажеттілігі арасындағы тең-герудің  әрекеттегі принциптерімен қатар жергілікті бюджеттердің бюджетаралық қатынастарын реттеу формасы ретінде кірістер бөліс нормативтері тағайындалған. Олар ортамерзімді фискал-дық саясаттың негізінде анықталады және тиянақты сипатта бо-лады. Бұл бірыңғай бюджеттік жіктеуде көрсетілген мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттікті бөлу нәтижесінде мүмкін болды.

    Басқаша айтқанда, биліктің бір деңгейі бойынша  іске асыры-латын белгілі бір  функция және оны қаржыландыруын қамтамасыз ету сол билікке заңды  түрде бекітіледі. Мұндай әдіс облыс  пен аудан деңгейінде шығындық міндеттемелерді  басқару деңгейлері бойынша өз еркімен  ауыстыруға тыйым салады, нәтижесінде бюд-жеттік шығындарды жоспарлауға орайлы шарттар пайда болады.

    Осыларға  байланысты және шығындық өкуіеттікті  бөліс жүйелігін қамтамасыз ету  үшін Бюджеттік кодексте келесі ережелер қарас-тырылған:

    • белгілі бір мемлекеттік функциялар орындалуы карасты-рылған заңнамалық актілерде басқару деңгейлері бойынша  мемлекеттік органдардың құзыреті мен оларға бекітілген өкілеттік  шығыс айқын анықталады;

    » егерде мемлекеттік басқарудың төмен  тұрған деңгейлері қосымша функциялармен  жүктелсе, онда заңнамалық ак-тілерде  соларды іске асыруға қажетті  қаржылық құралдар беруі қарастырылып бекітіледі;

    • жергілікті мемлекеттік басқару  деңгейлері мемлекеттік би-ліктің жоғарғы  органдарының қабылдаған нормативтік  ак-тілерінің нәтижесіндегі шешімдерді іске асыру үшін пайда болған жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге заңды  түрде тағайындалған құқығы бар.

    Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттік  шығысты шектеу нәтижесінде олардың  функционалдық жауапкершілік-тері өзгеруіне байланысты Бюджеттік  кодексте бюджетаралық қатынастар механизмі  және сонымен қатар қаржылық қамтамасыз етулік мүқтаждықтары қайта қаралған. Осыған байланысты билік-тің барлық деңгейлері өздеріне жүктелген өкілеттіктері мен жа-уапкершіліктерін толығымен іске асыру үшін олардың әр біреуі бойынша салықтық және салықтық емес түсімдер бекіту қарасты-рынын, бюджетаралық қатынастарды реттеудің тиісті формалары анықталған. Мысалы, облыс және аудан деңгейлері бойынша са-лықтар тізбесі заңды түрде анықталған. Бұл, әрине, елдің мемлекет-тік біртұтас сипатына сәйкес.

    Бюджеттердің  дербестігі мен салықтардың жоғары жинау-ын қамтамасыз ету үшін салықтарды дүрыс және тиімді бөлу ең маңызды  болып табылатын. Сондықтан мемлекеттік  басқару дең-гейлері бойынша түсімдерді бекіту барысында оларды шектеудің келесі критерийлары есептеледі:

    • түсімдердің тиянақтылығы, яғни жергілікті билік дең-гейлері бойынша түсімдері  экономиканың өзгерістеріне шамалы тәуелді және тұрақты сипаттағы  салықтар бе-

    кітіледі. Мұндай бөліс негізінде орталық  басқару дең-гейінің басқа деңгейлерге  қарағанда елдегі экономикалық өзгерістерге әсері неғүрлым жоғары дәрежеде екені  олар-дың сол езгерістердің қаржылық салдарына жауапты болу тиістілігіне байланысты;

    • экономикалық тиімділік, яғни әрбір  билік деңгейі бойын-ша түсімдердің  көлемі осы билік деңгейінің жүмыс  атқару тиімділігіне байланысты салықтар бекітіледі;

    • салықтық база бөлістің біркелкілігі, яғни салықтық базаны жайғастыру әркелкілігі  неғүрлым жоғары болса, соғүрлым жоғары деңгей бойынша тиісті салық енгізіледі және са-лықтық түсімдер орталықтандырылады. Аймақтар арасын-да салықтық базаны бөлудің әркелкілігі нәтижесінде сол аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етуді теңестіруінің қажеттілігін анғарады, себебі салықтық ресурстары бар аймақтар тұрғындарының ахуалы басқа аймақтарға қа-рағанда біршама тәуір болады;

    • әлеуметтік әділеттік, яғни қайта бөліс  сипаттағы салықтар бюджет жүйесінің  неғұрлым жоғары деңгейлері бойынша  бекітіледі;

    • салықтық базаның икемділігі, яғни айқын аумақтың бай-ласуы бар  салықтық базадан жиналатын және икемділігі жоғары емес салықтар биліктің төменгі деңгейлері бойын-ша бекітіледі;

    • салықтық ауыртпалықтың экспорты, яғни биліктің жергілік-ті деңгейлері бойынша  осы басқарып отырған аумақтың халқы  мен кәсіпорындарға ауыртпалығы  жатпайтын және ауыртпаушынық басқа  аумақтардың салық төлеушілеріне  түсетін салықтарды бекітуден бас  тарту, себебі кері жағдай-да бюджеттік  қызметтерді біреулер пайдаланады, ал оларды қаржыландыру басқалардан болады, нәтижесінде мұндай жағдай бюджеттік шығындардың тиімділік қабілеттілігіне мүмкіндік бермейді;

    • бюджеттік алымдар мен шығындардың  сәйкестігі, яғни мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерге төлем ретіндегі  салықтық және салықтық емес алымдар  қай

    бюджеттен тиісті қызметтер қаржыландырылды  ол сол

    бюджетке  туседі.

    Жалпы айтқанда, бюджетаралық қатынастар реттеу жүйесінің өзін анықтауы басқарудың әрбір деңгейі бойынша өздік  кіріс көздерін заңды түрде бекітуге байланысты. Мұндай әдістеме арқылы келесілер  шешіледі:

    • ортамерзімді уақытқа субвенциялар мен алымдар көлемін бекіту арқылы реттеу формаларына тиянақты сипат  беру;

    • ортамерзімді уақытқа әрбір аймақ  бойынша нормативтер тағайындау арқылы бөліске жататын салықтар түрлерін анықтау. Бұл арада бюджеттік  алымдар механизмін қолдан-бау мақсатпен, әр түрлі деңгейлер бойынша бюджеттерді  теңестіру қарастырылады;

    • республикалық бюджет кірістерінде атаулы салықтарды орталықтандыруды іске асыру. Бұл арада бюджетаралық қатынастар жоғары тұрған бюджеттерден төменгі бюд-жеттерге берілетін субвенциялар тағайындау арқылы рет-теледі.

    Аймақтарға  көрсететін қаржылық жәрдемнің нәтижелілігін  қамтамасыз ету мақсатпен бюджетаралық трансферттерді жал-пы қажеттілікке беруден  арнаулы және мөлшерлі трансферттер жүйесін қолдану қарастырылып келе-келе іске асыруда. Бюдже-таралық трансферттер берудің жаңа принциптеріне көшудің  негізі болып іске асырылып жатқан мемлекеттік функцияларды басым-дылық  дәрежелері бойынша міндетті, негізгі  және қосынша фун-кцияларға топтау табылады. Мұндай құрылыстық негізінде  мем-лекеттік органдардың барлық деңгейлерінің  күшін міндетті және негізгі функцияларды іске асыруын шоғырландыру мен соған  сәйкес бірінші кезекте бюджеттік  қаржыландыруын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Міндетті  функцияларды (мұндай функциялар мемлекеттік  басқарудың барлык деңгейлерімен міндетті түрде атқарылады) қаржыландыру барлық ел бойы бірдей нормалар мен норматив-тер  негізінде мемлекеттік бюджеттің  ағымдағы шығындар арқылы іске асырылады  және көбінесе секвестірлеуге жатпайды.

    Негізгі функцияларды қаржыландыру мемлекеттік  бюджеттің ағымдағы бағдарламалары және мемлекеттік мекемелердің ма-териалды-техникалық базаларын жақсарту мен жаңа құрылысқа  бағытталған даму бағдарламалары арқылы іске асырылады.

    Республикалық және жергілікті деңгейлер бойынша  қосым-ша функциялар бюджеттік бағдарламалар  арқылы қаржыланды-рылады, егерде ондай  функциялар уақытша немесе бір жолғы  сипатта болса. Бұл функцияларды толығымен қаржыландыруын қамтамасыз ету экономиканың ағымдағы жағдайы  мен бюджет көрсеткіштерінің болжамына  тәуелді болады.

    Жоғарыда  айтылған мемлекеттік функциялардың  басымды-лық топтауына сәйкес төменгі  бюджеттерге жәрдем қаржы беру екі  категория арқылы болуы мүмкін - біріншіден, мемлекеттік басқарудың міндетті функцияларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге арнаулы трансферттер түрінде, екіншіден, аймақтардың даму бағдарламаларын қаржылавдыруды қамтамасыз етуге инвестиция-лық трансферттер түрінде.

    Бұл арада, төменгі тұрған бюджеттерге  трансферттер ең алдымен олардың  ағымдық шығындырын максималды өтеуге беру қарастырылады. Олардың көлемін  есептеу негізінде нор-малар мен  нормативтер арқылы тағайындалған  тиісті аумақтар түрғындарына минималды  әлеуметтік қызметтер көрсетуді  қамтамасыз ету принципі жатыр. Осыған байланысты және мем-лекеттік басқару  органдарының қаржыландыру қажеттілігіне  нақты баға беру үшін бидіктің облыс  және аудан деңгейлерінің типтік басқару құрылымы тағайындалынған. Ал аймақтардың даму бағдарламаларын  қаржыландыруын қамтамасыз етуге ар-налған трансферттерді беру мемлекеттік аймақтық саясатының басымдылықтарын есепке ала іске асырылады. Осыған байла-нысты  және жергілікті бюджеттердің дербестігін  үлғайту үшін осы деңгейді қаржыландыру механизмі жетілдірілген. 

Жергілікті  бюджт және оның кірістері мен шығыстары 

Жергілікті  бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктері арасындағы және респ. бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің төмендегідей механизмдері қолданылады:

а) әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын көлемін жоспарлау;

ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық  және басқадай түсімдер түрін анықтау;

б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру;

в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;

г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;

ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш. органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру. 

Жергілікті  бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды  шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады 

Жергілікті  бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері Бюджеттік  кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.

 Жергілікті бюджеттердің құрылымы мен бөлімдері республикалық бюджеттің құрылымы мен бөлімдеріне ұқсас. «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді (сызбаны қараңыз):

Жергілікті  бюджеттерден берілген кредиттерді  өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің  қаржылық активтерін сатудан, жергілікті атқарушы орғанның қарыздарынан түсетін  түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

 Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумактағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықты ң салықтық түсімдері (40,9%) құрап отыр (15.1 кестені қараңыз). (2009 жылғы Бұл мэліметтерді қосымшалардан қараңыз). 

Қазақстан бойынша орта есеппен жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің  жекелеген санаттарының арасындағы ара салмағы 15.1 кестенің мәліметтері  бойынша республикалық бюджеттен  берілетін трансферттердің басымдығымен (55,8%) қалыптасып отыр; салықтық түсімдер, жоғарыда атып өтілгендей, 40,9%ды құрайды, олардың ішінен әлеуметтік салық - 13,7%, жеке табыс салығы - 14,6% басым болып  отыр. Сөйтіп, түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады. Әйтседе, орта есеппен, олар түсімдердің 55,8%-ын құрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстардың (Шымкент, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары) бюджеттерінде әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді қаржыландырудың колайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық және басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 70 пайызға дейін барады. Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты.

 Бұл  аспектіде республикалық бюджет  арқылы бюджеттік алынымдар мен  субвенциялар механизмінің көмегімен  түсімдерді қайта бөлу проблемасы  көкейтесті болып табылады, яғни  объективті қағидаттарға негізделген  бұл механизмді меңгеріп алуды қажет етеді. Мысалға, Алматы өңірінде айтарлықтай сәйкессіздіктер бар: тек Алматы қаласының табыстық әлуеті бүкіл мемлекеттік бюджеттің 25%-ға жуығын құрайды, бұл уақытта қала бюджетінің шығыстары мемлекеттік бюджет шығыстарының 7%-ын құрайды, бұл қала бойынша жиналатын түсімдердің 2/3-сі республикалық бюджетке жұмылдырылатынды білдіреді. Оның үстіне, қалған 1/3 бөлігінен қала бюджеті республикалық бюджетке бюджеттік алынымдар түрінде түсімдердің тағы жартысын аударады. Қарсы жағдайда Алматы облысының жалпымемлекеттік әлуетте 2,6% салықтық әлуеті бола отырып, мемлекеттік бюджет жиынының 4%-дан жоғары шығынын жасайды, яғни бюджет субвенциялар есебінен 50%-ын қалыптастырады. Жергілікті бюджеттердің проблемасы сондай-ак олардың меншігін құрайтын шаруашылық салалары (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және шығармашылық мекемелері, коммуналдық инфрақұрылым - су құбыры, көлік, тазалау службасы және басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл өздері залалды болып келеді және жергілікті бюджеттер қаражаттарының едәуір бөлігін жеп коятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдықетіпбөлген кездебиліктің жергілікті орғандарыныңбасқаруыназалалды кәсіпорындар немесе шамалы кіріс экелетіндері берілген.

 Жергілікгі  бюджеттердетиісті қаржы жылынаарнапған оларды әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін резерв қарастырылады. Облыстық деңгейдің атқарушы орғандарының резерві мыналарды кіріктіреді: төтенше резерв; шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, ағымдағы қаржы жылында оның болжамы жағдайында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтер.

 Аудан  деңгейінің атқарушы орғандарының  резерві тетенше резервті, шұғыл  шығындар резервін, соттардың шешімдері  бойымша міндеттемелерді орындауга  арналған резервті кірікгіреді.

 Жергілікті  бюджеттердің шығыстары да республикалық  бюджеггің шығыстары сияқты негізінен  мына бағыттар бойынша жүзеге  асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер көрсету; қорғаныс, коғамдық  тәртіп және кауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; көлік және байланыс; экономикалық қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетін трансферттер, жергілікті атқарушы орғандардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сэулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді.

 Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды коса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару орғандарының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын жергілікті атқарушы орғандарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.

 Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында каладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің құрамында каладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді: каладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдықтехникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.

 Жергілікті  бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік  инфрақұрылымдарды - білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік  қорғауды қаржыландыру экономикалық  салалардан - көлікке және отын-энергетика  кешеніне жұмсалған шығыстар  басым болып отыр (15.1 кестені қараңыз). Қорғаныска жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уакиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.

Трансферттерде - жоғарғы бюджетке (бұл жерде  республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық тазасы және тиісінше, салықтық түсімдердің жоғары деңгейі бар облыстард^болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады. Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергуикті бюджеттер шығыстарының үлесінде әлеуметтік-тұрмыстық инфра- құрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады, мысалы: тұрғын Үй коммуналдық шаруашылығы - 100%, білім беру - 81,5%, денсаулық сактау - 87,8%, мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік - 60,4%. Әлеуметтік камсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалынған шығыстар 8,9%-ды алады, бұл олардың басқарудың жоғарғы басым әкімшілік етуімен түсіндіріледі.

 Басқа  топтар бойынша шығыстардың көлемдері  айтарлықтай әжептэуір: басқару (жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер) - 26,8%, коғамдық тәртіп және қауіпсіздік - 18,6%. Жергілікті бюджеттердің шығыс бөлігінде жалпы экономикалық қаржыландырудың үлес салмағы азғантай - 16,1% (мемлекеттік бюджетте - 18,4%), бірак екі жағдайда қызметтің «Көлік және коммуникация» түрі басым болып отыр-тиісінше 10,6% және 9,3%. Жергілікті деңгейдегі қаражаттық түсімдер мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынандай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы,табиғи ресурстар,әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат-климат жағдайлары және т.с.с 
 
 
 

Жергілікті бюджеттің мәні мен маңызы 

Жергілікті  бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану  өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

 Жергілікті  бюджеттердің экономикалық мәні  олардың мынадай арналымында  көрінеді:

 билік  пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;

 Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

 Жергілікті  бюджеттер билік пен басқарудың  жергілікті органдарының сан  қырлы қызметінің негізгі қаржы  базасы бола отырып, олардың экономикалық  дербестігін нығайтады, шаруашылық  қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

 Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

 Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылықты дамытудағы, әкімшілік-аумақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті (муниципалды) қаржының маңызын дәлелдеп отыр. Осылай әлдеқашан болған және бұл тенденциялар жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдары күшейді.

 Дамыған  нарықтық экономикасы бар елдерде  биліктің жергілікті органдарының  бюджеттері мемлекеттің бүкіл  қаржы ресурстарының 30-дан 60% қайта  бөледі (Англия, АҚШ, Жапония, Германия және т.б.) және аймақтың өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарады:

 олар  арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді (жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);

 жергілікті  бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады;

 тұтынудың  қоғамдық (әлеуметтік) қорларын бөле  отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс  күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

 Қазақстан  Республикасының жергілікті бюджетінің  құрамы облыстық бюджеттерді,  қалалардың (аудандық маңызы бар  қалаларды қоспағанда) және аудандардың  (қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды. Кәзіргі  кезде Қазақстандағы жергілікті  бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50% аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды.

Елдңің экономикасының дамуындағы бюджет ролі