Электр станциясы мен қосалқы станцияларындағы қызметкерлердің міндеттері мен еңбек ұйымдастыруы
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Электр станцияларының және
қосалқы станциялардың негізгі қондырғылары
..............................
- Синхрондық генераторлар ..............................
.............................. .................. 3 - Күшейткіш трансформаторлар және автотрансформаторлар. Трансформаторлардың типтері және параметрлері ..............................
....... 3 - Белгілі жүктеме бар қосқыштар (РПН) ..............................
........................... 3 - Синхронда компенсаторлар және генераторлар..................
......................... 4 - Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары ........ 5
2.1 Электр энергетикасы
саласындағы жабдықтар мен
электр қондырғыларын жобалау
кезiндегi қауiпсiздiк талаптары ..............................
3 Қосалқы станцияларға
қызмет көрсету жөніндегі
3.1 Қосалқы станцияларға
қызмет көрсету жөніндегі
4 Электр энергиясын өндiру
мен беруге қатысушылардың
4.1 Электр энергиясын өндiру
мен беруге қатысушыларға
4.2 Электр қондырғыны ажырату
..............................
5 Пайдаланылған әдебитеттер
..............................
КІРІСПЕ
Қосалқы станцияларда
трансформатор болады, олар кернеуді түрледіру
үшін қолданылады. Электір қондырғыларға
мыналар жатады : бір немесе бірнеше трнсформаторлар
мен автотрансформаторлар, жоғарғы кернеулі
тартылу құрылғылары, қосымша қондырғылар
және т.б. Қосалқы станцияларда синхронды
компесаторлар, статикалық конденсаторлар,
реакторлар орнатылуы мүмкін
Қосалқы станцияны топтастырғанда, мына
мәліметтерді алуымызға болады :
1) желінің номинал кернеуін таңдаймыз
2) электр желінің конфигурациясын таңдау .
3) қосалқы станциядағы трасформатордың
типін және қуатын таңдау және сым қимасын
таңдау
4) тұтынушылар саны және т.б.
Қосалқы станцияда көбінесе
2 трансформатор орнатылады. Мұндай қосалқы
станцияда резервтік байланыс болмағандықтан
орташа және төменгі кернеуде қуаты бірдей
трансформаторлар алынады. Егерде бір
трансформатор істен шығатын болса, онда
екінші трансформатордың жүктемесін көтерсе,
онда осыған қосуымызға болады.
Қосалқы станцияларда жоғарғы кернеумен
110-220 кВ және екі төмендеткіш кернеумен
35 кВ және 6-10 кВ үш орамды трансформатор
қолданылады.
Қосалқы станцияны жобалағанда
мынадай талаптар қойылады :
а) нормалды және авариялық режимде электрмен
жабдықтау
б) жоғарғы кернеулі таратылу қондырғыларында
сенімді транзиттің болуы
в) техникалық-экономикалық жағынан салыстыру
Электр станцияларының және қосалқы станциялардың негізгі қондырғылары
- Синхрондық генераторлар
Электр станцияларында электр энергиясын өндіру үшін үш фазалы айнымалы тоқты синхрондық генераторлар қолданылады. Бұл синхрондық генераторлар турбинаның діңгегімен бірге жалғасқан. Жылыту электр станцияларында 3000 айналымдық генераторлар қолданылса, ал гидроэлектр станциялары мен атомдық электр станцияларында 1500 айн/мин-тік генераторлар қолданылады.
- Күшейткіш трансформаторлар және автотрансформаторлар. Трансформаторлардың типтері және параметрлері
Электр станциялары мен басқа да станцияларда қолданылатын күшейткіш трансформаторлар электр энергиясын бір шамадан екінші шамаға дейін өзгерту үшін қолданылады. Әсіресе үш фазалық трансформаторлар көп қолданылады. Мұндай трансформатордағы электр қуатының жойылуы басқа бір фазалық трансформаторларға қарағанда 12-13%-ке төмен, ал қолданылатын материалдың мөлшері 20-25%-ке төмен. Трансформатордың негізгі параметріне (генератор сияқты) номиналдық қуат, номиналдық кернеу, номиналдық тоқ, қысқа тұйықталу кезіндегі кернеу, бос жұмыс істеп тұрған кездегі тоқ және қысқа тұйықталу кезіндегі тоқ параметрлері жатады.
Шамалары 110 кВ және одан да жоғары болатын қондырғыларда автотрансформаторлар көптеп қолданылады. Жай трансформаторларға қарағанда автотрансформаторлардың кейбір ерекшеліктері бар.
1.3 Белгілі жүктеме бар қосқыштар (РПН)
Мұндай қосқыштар трансформаторлар орамының тармақтарында тізбекті үзбей қосады және трансформатордың қуатына байланысты ( ) өзгертуге мүмкіндік алады. Ал өзгеру ауқымы құрайды. Мұндай реттегіштер тек қана трансформатордың жоғарғы кернеулік орам жағына орналасады.
1.4 Синхронда компенсаторлар және генераторлар.
ЭС-да электр энергиясын өңдіру турбо және гидрогенераторлардың көмегімен іске асады. Турбо генератор КЭС, ЖЭО, АЭС-да орналасқан. Ал гидрогенераторлар ГЭС және ГАЭС-да. Турбо және гидрогенераторлардың роторы булы және гидравликалық турбинаға әсерінен айналымға келеді. Синхронды компенсаторлар әдетте қосалқы станцияларда орнатылады және ол желідегі кернеуді реттеу үшін қызмет етеді. Синхронды компенсаторлар, синхронда электрқозғалтқыштар түрінде жасалған. Кең ауқымда тоқ қозуының өзгерісі мен жүктеме жоқ кезінде жұмыс істейді. Қайта қозу тәртібінде компенсаторлар реактивті қуатты желіге береді, ал қозбағанға дейін тәртіпте оны желіден алады. Гидрогенератор синхронды компенсатор тәртібіне жеңіл ауыса алады. Өте қажет кезде кейбір турбогенераторлар электр станцияларында турбо генераторды моторлы тәртіпке ауыстырады.
2 Электр энергетикасы саласындағы
қауiпсiздiктiң
жалпы талаптары
1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желiлерiн, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезiндегi ұйымдастырушылық iс-шаралары адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Электр жабдықтары, электр және жылу желiлерi, электр және жылу энергиясын өндiруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
3. Тұтынушылардың электр
энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр
энергиясының сапа көрсеткiштерi белгiленген
нормаларға сәйкес келуге тиiс .
4. Электр энергиясының сапасын бағалау
тәртiбi электр энергиясын беруге арналған
шарттарда белгiленедi.
5. Магистральдық және тарату құбырларында жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған жылу энергиясының параметрлерi ұсталынатын температура кестесiне, желiлiк судың қауiпсiз және сапалық сипаттамалары көрсеткiштерiне сәйкес келуге тиiс.
2.1 Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Электр желiлерiн жобалау және пайдалану кезiнде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгiленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Электр және жылу энергиясын өндiруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгiленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиiс.
3 Қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулік,
жүктеме, температура және басқа да параметрлер
бойынша белгіленген режимді қамтамасыз
ететін қосалқы станциялардың жабдықтарына
қызмет көрсету. Қосалқы станциялардың
тарату құрылғыларында режимдік шұғыл
қайта қосулар өндірісі. Қосалқы станциялардағы
жұмыс өндірісінде жұмыс орындарын даярлау,
бригаданы жұмысқа жіберу, жұмыс істейтін
бригаданы қадағалау және жұмыс орындарын
қабылдап алу. Апаттарды жою кезінде шұғыл
қайта қосулар өндірісі. Қосалқы станциялардың
жабдығын тексеру. Қосалқы станциялардың
жеке қажеттіктер қалқандары мен құрамалардағы,
коммутаторлық аппараттар тартпаларындағы,
ашық және жабық тарату құрылғыларының
қайталама коммутация тізбегіндегі ақаулықтарды
жою жөніндегі көлемі бойынша үлкен емес
және қысқа мерзімді жұмыстарды орындау.
аккумуляторлы батареялардың параметрлерін
анықтау. Жарық беретін желілер мен арматураны
лампа және қорғағыштарды ауыстырып жөндеу
жөніндегі жұмыстарды орындау. Шұғыл және
техникалық құжаттаманы жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін
жабдықтың құрылғысы және қолдану қағидаты,
бастапқы біріктіру тәсімі, жеке қажеттіктер,
шұғыл ток және электромагнитті блоктау
желілері, релелік қорғау және автоматиканы
пайдалану қағидаттары, олардың қолданыс
аймағы, телемеханика құрылғыларын пайдалану
қағидаттары мен қызмет көрсету ережесі,
қосалқы станцияларда қолданылатын қорғау
құралдары мен айлабұйымдарды сынау мерзімдері,
қосалқы станцияларда орнатылған байланыс
түрлері және оларды пайдалану ережесі,
көлемі ІҮ топтан кем емес қауіпсіздік
техникасы ережесі, электр техникасы негіздері.
Қызмет көрсетілетін қосалқы
станциялардың сипаттамасы:
ІІІ дәрежелі күрделіліктегі
35 кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар
– біліктілік тобы – ІІІ
ІІ дәрежелі күрделіліктегі 154,
110, 35 кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар
- біліктілік тобы – ІV ;
ІІ дәрежелі күрделіліктегі 220
кВ кернеуліктегі қосалық станциялар
және І дәрежелі күрделіліктегі 154, 110,
35 кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар
- біліктілік тобы – V
І дәрежелі күрделіліктегі 330
кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар
мен 220 кВ қосалқы станциялар және 800 кВ-қа
дейінгі тұрақты ток қосалқы станциялары
- біліктілік тобы – VI
400, 500, 750 кВ кернеуліктегі қосалқы
станциялар және 800 кВ-қа дейінгі тұрақты
ток қосалқы станциялар - біліктілік тобы
– VII*.
3.1 Қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері
Жұмыстың сипаттамасы: күрделілігі
ІІІ дәрежелі кернеуі 35 кВ қосалқы станциялардың
жабдықтарына қызмет көрсету. Кернеу,
жүктеме температура және басқа параметрлері
бойынша белгіленген режимді қамтамасыз
ету. Қосалқы станциялардың тарату құрылғыларында
режимді жедел ауыстырып қосуды жүргізу.
Апат жағдайларды жою. Қосалқы станциялардың
жабдықтарын қарау. Тарату желілерінің
жабдықтарында, қалқандарда және өзіне
қажетті құрастыруларда, коммутациялық
аппараттардың жетектерінде, қосалқы
станциялардың жабық және ашық тарату
құрылғыларындағы екінші рет коммутациялау
тізбегінде көлемі бойынша шамалы және
қысқа уақытты жұмыстарды жүргізу. Аккумулятор
батареяларының параметрлерін белгілеу.
Жарық беретін желілердің және лампалар
мен сақтандырғыштарды ауыстырумен арматуралардың
ақаулығын жою. Жұмыс орындарын дайындау.
Жұмысшыларды жұмысқа жіберу, және олардың
жұмысын қадағалау. Апат жағдайларды жою
кезінде жұмыс орындарын қабылдау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін
жабдықтардың міндетін және құрылуы, бірінші
қосылулардың сұлбасын, өзіне қажетті,
жедел токтың және электр магнитті блокировкалардың
желілерін, қорғаныс реле және автоматика
қызметінің міндетін және өңірін, телемеханика
құрылғыларының міндетін, қорғаныс құралдарына
және аспаптарына сынақ жүргізу мерзімі,
қосалқы станцияларда белгіленген байланыс
түрлері, оларды қолдану ережесі, электротехника
негіздері
Күрделілігі ІІ дәрежелі кернеуі
35, 110, 150 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына
қызмет көрсету кезінде - 4-разряд
Күрделілігі І дәрежелі кернеуі
35, 110, 150 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына
қызмет көрсету кезінде - 5-разряд
Күрделілігі ІІ дәрежелі кернеулі
қосалқы станциялардың және кернеуі 500
кВ тұрақты ток қосалқа станциялардың
жабдықтарына қызмет көрсету кезінде
- 6-разряд
Күрделілігі І дәрежелі кернеулі
қосалқы станциялардың және кернеуі 500
кВ тұрақты ток қосалқа станциялардың
жабдықтарына қызмет көрсету кезінде
- 7-разряд
4 Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың:
1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға;
2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылар:
1) жүйелiк операторға
Қазақстан Республикасының
2) коммерциялық есепке алу аспаптарына жүйелiк операторды жiберуге;
3) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеу мен ұстап тұруды жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
5) техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және олардың пайдаланылып келе жатқандарын жетiлдiруге мiндеттi.
3. Энергия өндiрушi ұйымдар:
1) электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндiретiн электр энергиясының көлемiнiң он процентiнен аспайтын), теңгерiмдеушi нарықты және экспортқа өткiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, тиiсiнше шектi, есептiк немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткiзудi жүзеге асыруға;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiм жасасуға, онда көзделген инвестициялық мiндеттемелердi орындауға және олардың орындалуы туралы есептi жыл сайын уәкiлеттi органға табыс етуге;
3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есептi уәкiлеттi органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға жыл сайын табыс етуге мiндеттi.
4. Электр энергиясын тиiсiнше
шектi, есептiк немесе жеке тарифтен асырып
өткiзген жағдайда, энергия өндiрушi ұйым,
электр энергиясын спот-сауда-саттықта
(олар өндiретiн электр энергиясы көлемiнiң
он процентiнен аспайтын), теңгерiмдеушi
нарықта және экспортқа өткiзу нәтижесiнде
алынған сомаларды қоспағанда, көтерме
және (немесе) бөлшек сауда субъектiлерiне
асып кеткен соманы қайтаруға мiндеттi.
Энергия өндiрушi ұйым табиғи монополиялар
салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы
басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi
орган енгiзген инвестициялық бағдарламаны
орындау туралы нұсқаманы белгiленген
мерзiмде орындамаған жағдайда, энергия
өндiрушi ұйым көтерме және (немесе) бөлшек
сауда нарығының субъектiлерiне инвестициялық
бағдарламаны орындау үшiн көзделген және
оны iске асыру мақсатында пайдаланылмаған
алынған қаражатты қайтаруға мiндеттi.
Инвестициялық бағдарламаны орындау
үшiн көзделген қаражат деп энергия өндiрушi
ұйымның тиiсiнше есептiк немесе жеке тарифтен
аспайтын тарифтердi қолдану кезiнде алған
нақты табысы (түсiмi) мен Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен есептiк
тарифтi анықтау немесе жеке тарифтi бекiту
кезiнде көзделген нақты шығындар арасындағы
айырма түсiнiледi.
4.1 Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар
1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желiсi арасында жүйелiк оператормен келiсiлген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушi тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды шарт негiзiнде қамтамасыз етедi.
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
3-1. Энергия өндiрушi ұйымдар өндiрген электр энергиясын:
1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға, энергия берушi ұйымдарға (электр энергиясының өз желiлерiндегi және шаруашылық мұқтаждарына нормативтiк шығындарын жабу үшiн) және электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негiзiнде экспортқа;
2) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында;
3) электр энергиясын теңгерiмдеушi нарықта сатуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3-2. Энергия өндiрушi ұйымға, электр энергиясын экспорттауды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiсi болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға) тыйым салынады.
3-3. Энергиямен жабдықтаушы
ұйымдарға, теңгерiмдеушi нарықтағы сатып
алу-сату жағдайларын қоспағанда, электр
энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы
ұйымға өткiзуге (сатуға) тыйым салынады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр
энергиясын сатып алу жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың
тiзiлiмiн табиғи монополиялар салаларындағы
және реттелетiн нарықтардағы басшылықты
жүзеге асыратын мемлекеттiк орган ресми
веб-сайтта қалыптастырады, жүргiзедi және
жариялайды.
4. Энергия өндiрушi ұйымдар
жүйелiк қызмет пен қосалқы
қызмет көрсету нарығының
Энергия өндiрушi ұйым қуаты авариялық
iстен шыққан жағдайда ғана электр энергиясын
сатып алу-сату шарттары бойынша жасалған
өз мiндеттемелерiн орындау мақсатында
басқа бiр энергия өндiрушi ұйымнан электр
энергиясын сатып алуды жүзеге асыруға
құқылы.
5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.
6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан нақты уақыт режимiнде теңгерiмдеушi тетiкке (нарыққа) қатысуға мiндеттi.
6-1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi жүйелiк операторымен жасасқан электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiлiмiн ұйымдастыру жөнiндегi жүйелi қызметтер көрсетуге арналған шарттар негiзiнде имитациялық режимде жұмыс iстейтiн электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.
7. Энергия өндiрушi ұйымдар - су электр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатуға мiндеттi.
Электр қондырғыдағы кернеуді
түсіре отырып,
жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
техникалық іс-шаралар
4.2 Электр қондырғыны ажырату
Жұмыс орнын кернеуді алуды
талап ететін жұмысқа дайындау үшін мынадай
техникалық іс-шаралар орындалады :
1. қажетті ажырату жүргізіледі
және ажыратылған коммутациялық аппаратураның
қате немесе өз бетінше қосылып кетуін
болдырмайтын шаралар қабылданады ;
2. жұмыс орнына кернеу беріліп
кетуін болдырмайтын тыйымсалушы
плакаттар ілінеді ;
3. ток өткізгіш бөліктерде кернеудің
жоқтығы тексеріледі ;
4. жерге тұйықтау реттеледі
5. жұмыс орнын қоршау бойынша
жұмыстар жүргізіледі ;
6. «Жерге тұйықталды» деген көрсеткіш
плакаттар ілінеді .
Жұмыс орнын дайындау кезінде
мыналар ажыратылады:
1. жұмыс жүргізілетін ток өткізгіш
бөліктер
2. осы Қағидаларға 10-қосымшаның 1-кестесінде көр
3. токтан ажыратылған ӘЖ осы Қағидаларға
10-қосымшаның 1-кестесінде көр
Әрбір жағынан жұмыс орнына коммутация
аппараты арқылы кернеу беріледі, кернеуі
1000 В жоғары электр қондырғыларында көзге
көрінетін үзік болады. Көзге көрінетін
үзік айырғыштардың токтан ажыратылуынан,
сақтандырғыштарды алып тастаудан, жүктеменің
бөлектегіштері мен ажыратқыштарын ажыратудан,
шиналар мен сымдарды токтан ажыратудан
пайда болады, олардың қатарына аппараттардың
өздерінде қалдырылған, автоматты ажырату
серіппелерімен іске қосылатын жүктеменің
ажыратқыштары жатпайды .
Құрама ажыратқышты тізбектерінде,
ажыратқыштардың блокты немесе түйіспелердің
ажыратылған қалпына кепілдік беретін
сенімді механикалық көрсеткіш болған
кезде элегазбен толтырылған ЖТҚ-да көзге
көрінетін үзіктің болмауына рұқсат етіледі
Күштік трансформаторлар мен
электр қондырғыларының жұмыс жүргізуге
бөлінген учаскесіне қатысты кернеу трансформаторлары
токтан ажыратылады және басқа орамалары
тарапынан ток күшінің қайта трансформациялар
мүмкіндігін болдырмау үшін схемалары
бөлшектенеді.
Ажыратқыштарды,
айырғыштарды (бөлектегіштерді) және жүктеменің
қолмен басқарылатын ажыратқыштарын токтан
ажыратқаннан кейін сырттай байқап тексеріп,
олардың ажыратылғанына және шунттаушы
бөгеттің жоқтығына көз жеткізу қажет
Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында
жұмыс орнына кернеу берілетін мүмкін
коммутациялық аппараттардың қателікпен
немесе өздігінше іске қосылуын болдырмау
үшін мынадай шаралар қабылданады:
1) жүктеменің айырғыштарының,
бөлектегіштерінің, ажыратқыштарының
қол жетектері токтан ажыратылған күйінде
механикалық құлыппен жабылады (бір полюсті
айырғышы бар, кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында
механикалық құлыптың орнына пышақтарға
диэлектрлік қақпақ кигізуге рұқсат етіледі)
2) жедел штанга жүргізілетін
айырғыштардың орнықты қоршаулары механикалық
құлыппен жабылады ;
3) құрама ажыратқыштарының ажыратылған
күйдегі жетектері механикалық құлыпқа
жабылады ;
4) қашықтан басқарылатын коммутациялы
аппараттар жетектерінің ток беретін
тізбектері мен басқару тізбектері токтан
ажыратылады, ал пневматикалық жетектердің
қысылған ауа өткізгіш құбырларында, ысырма
жабылады және механикалық құлыппен бекітіледі,
тығыз ауа шығарылады, бұл ретте төмен
түсірілген клапандар ашық қалпында қалдырылады;
5) жүк жеткізуші және серіппелі
жетектердің іске қосушы жүгі немесе іске
қосушы серіппелері жұмыс істемейтін
күйге келтіріледі;
6) тиісті тыйым салушы плакаттар
ілінеді .
Кернеуі 1000 В дейінгі барлық жағынан ток
өткізгіш бөліктерінде жұмыс жүргізілетін
электр қондырғыларындағы кернеу қол
жетегімен іске қосылатын коммутациялы
аппараттарды токтан ажырату арқылы түсіріледі,
ал схемаларда сақтандырғыштар болған
кезде - соңғысы алынып тасталады. Схемада
сақтандырғыштар болмаса, коммутациялық
аппараттардың қателікпен іске қосылуын
болдырмау тұтқаларды немесе шкаф есіктерін,
бастырмаларды жабу, коммутациялық аппараттар
түйіспелерінің арасына оқшаулауыш жапсырма
орнату және басқа шаралар арқылы қамтамасыз
етіледі. Кернеуді қашықтан басқарылатын
коммутациялық аппаратпен түсірген кезде
орауышты іске қосатын екінші реттік тізбектерді
ажыратып жіберу қажет
Жоғарыда келтірілген шаралар кәбілді
коммутациялық аппараттың немесе жұмыс
жүргізілетін жабдықтың сымдарын шиналау
немесе ажырату жұмыстарымен ауыстыруға
жол беріледі .
Тексеру үшін маңына жақындауға болмайтын,
кернеуі 1000 В дейінгі коммутация аппараттарының
токтан ажыратылған күйі сол қысқыштарда
немесе тарамдалатын шиналарда, сымдарда
немесе осы коммутация аппараттарымен
іске қосылатын құрал-жабдықтың қысқыштарында
кернеудің жоқтығын тексеру жолымен анықталады.
Пайдаланылған әдебитеттер
- Поряков К.М. «Электрические станции, подстанции, линии и сети». М.В.Ш. 1983.
- Рыжкин В.Я. «Тепловые электрические станции». М.Э. 1976.
- Чокин Ш.Ч. и др. «Энергетика и электрофикация Казахстана», А-А «Гылым», 1990 (А-А Наука 1986, А-А Наука 1988) (А-А Наука 1988 Центральный Казахстан).
- «Электрические станции» М.Э.И. 1977-1988 (с 1 по 12) (журнал).
Интернет көздері: http://old.kazee.kz/

- Электр тізбектеріндегі резонанс
- Электр тоғының адам ағзасына әсері
- Электрцентртартқыш насостар қондырғыларымен жұмыс жасаудың технологиялық регламенті
- Электр энергетикасы
- Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу
- Электр энергиясын тасымалдау
- Элементарий. Стронций
- Электроэнергия из космоса
- Электроэнцелогафия как метод исследования
- Электроэнцефалография
- Электроэрозионная обработка
- Электроэрозионная обработка в машиностроении
- Электроэрозионная обработка металлов
- Электр өрісі және оның сипаттамалары.Кулон заңы