Енбек құқығы субъектілерінің. 2

Дамыта  оқытудың тиімділігі 

     Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі  бір мөлшерде адамды дамытады.         

«Даму»  ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.          

«Даму»  ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту  процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.       

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.         

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен  даму екі бөлек процесс деген  көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала  дамуының жақын аймағы – баланың  тек үлкендердің көмегі арқылы  атқара алатын істері.

2.Бала  дамуының қол жеткен аймағы  – баланың үлкендердің көмегінсіз  істей алатын істері.        

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.         

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық  заңдылықтарға негіздей отырып, адамның  әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді  шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.         

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері  дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе  білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.         

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.         

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың  психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.          

Мектеп  оқушыларының танымдық қызығушылығын  дамытудың негізгі факторы олардың  білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен

практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.         

Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.        

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының  қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.         

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары  « дамыта оқыту деп – оқыту  мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері  баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.         

Дамыта  оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект

дәрежесіне  көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы 

Педагогикалық процесінің компоненттері Мазмұнындағы  басымдылық
Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі Дамыту оқыту
Мақсат Оқушыларда  білім, білік, дағды қалыптастыру Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы  мазмұн Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту  
Оқытудың  формалары Жеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық  іс-әрекет
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін  мұғалімнің бақылауы, бағалауы Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция
 

         

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.        

Дамыта  оқытуда баланың ізденушілік  – ойлау әрекетін ұйымдастыру  басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін  амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.                                     

Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.          

     Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.         

Мұндай  көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның  шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын

біртұтас  етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.

     Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Дамыта  оқыту жүйесінде оқушылардың  ойларын жетілдірудің маңызы зор.         

Біріншіден  – дамыта оқытуда білім даяр күйінде  берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті  арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы  ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.        

Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.        

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын  басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.        

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы.

Елімізде  болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық,  экономикалық өзгерістер халыққа білім  беру мен тәрбіе ісінің мазмұнын түбегейлі  өзгертуде.

     Елбасының Қазақстан халықына жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және коғамдық қажеттіліктеріне сай келетін, осы заманғы білім беру жүйесі қажет»-деп атап көрсетілгендей, білім беру саласында елеулі өзгірістер жүріп жатыр. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаты қазіргі кезеңдегі оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Қазір Республика оқу орындары  педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Осы бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, технологиялар көп. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкен емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

    Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық  кұндылықтар ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект-субъекті қарым- қатынастың басымдық танытуымен байланысты туындауда.

     Осыған  орай соңғы кезде оқытудың әртүрлі  педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізілуде.Солардың бірі дамыта оқыту технологиясы. 2001 жылдан бастап №15 орта мектебінде дамыта оқыту технологиясы бойынша жұмыс  жүргізіледі. Жаңа буын оқулықтарының  да ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту  жүйесі алынып отыр.

     Оқыту үрдісінің нәтижелілігін жоғарлату  мақсатымен, жаңа білім беру парадигмасын көздей отырып, өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясын пайдаланамын. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге  жағдай жасау. Ерекшеліктері: мұғалім  мен оқушы арасындағы ерекше қарым- қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын  білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әректті  ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы.

Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіндегі белсінделігін  арттыру, ойлауға үйрету, мұғалімнің сөзіне және әрекетіне деген назарын  жоғарлату сияқты жұмыстарды қалай  жүзеге асыруға болады? Бұл оңай іс емес екені анық.

 

     Дамыта оқыту баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Бұл жүйенің мақсаттарды төмендегідей:

- баланы  оқыта отырып жалпы дамыту

- оның  еркіндігін қалыптастыру

- өз  бетінше ізденуге, шешім қабылдауға  дағдыландыру

- жеке  касиеттерін ескеріп, әрі қарай  ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

     Баланың тұлғалық дамуына бағытталған дамыта оқыту технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мынандай міндеттерді  шешуді көздедім:

- дамыта  оқыту технологиясының тиімділігіне  көз жеткізу                                                                                                                                       - пән бойынша оқытудың дамыту  технологиясына сәйкес жұмысты                                    ұйымдастырудың құрылымын әзірлеу  

- Оқушылардың  жеке тұлғасын зерттеу

- Технологияның  тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға  және оны дамытуға ықпалын  анықтау

- Оқушылардың  пәнге тұрақты қызығушылығын  тудыру 

     Дамыта  оқыту технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік  құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей проблемаларын шеше аламыз:

- бала  өз бетінше ойланып қортынды  жасай білуі

- сыртқы  ортамен қарым-қатынас жасуды  үйренуге машықтануы

- теориялық  мәселелерді практикада қолдана  білуі

- шығармашылық  жазбаша ізденіс әдістерін игеруі

- оқушылардын  жазбаша және ауызша тілдерінің  дамуы

- оқушылардың  үлгерімі, білім сапасының жоғарлауы

Дамыта  оқыту технологиясының тиімді жақтары:

- оқушы  өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік  алады соған дағдыланады

- оқушының  жеке қабілеті анықталады

- бір-бірінен  қалып қалмауға талпынады

- тапсырманың  күрделену дәңгейіне сәйкес оқушының  ойлау, орындау қабілеті артады

- өзін- өзі тексеруге дағдыланады

- оқушылар  білімі мен қабілетіне қарай  бағаланады

     Дамыта оқыту дегеніміз- бұл оқу үрдісінде оқушының ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына бағдарланған оқыту.

    Дамыта оқыту мақсаты- аз, қыска  уақыт ішінде дамудын жоғарғы  нәтижесіне жету болып табылады. Ол тектік және жас ерекшеліктік  алғышарттарды жоғары дәрежеде  пайдалана отырып, дамудын алдында  жүруі тиіс. Бұл тек дамыта  оқытудың нәтижесінде ғана болмақ. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашылыққа қабілетті адамдар  тәрбиелеу үшін дамыта оқыту  жүйесін ең негізгі басшылыққа  алар нысана деп ойлаймын. Былтырғы  бірінші сыныптардың оқулықтары, жұмыс дәптерлері дамыта оқыту  жүйесі арқылы жасалынған оқулықтар.  Осы  оқулықтардағы балаға  берген тапсырмалары баланың  ойлау қабілетін дамыта отырып  атқарылатын жұмыстар. Ойлауға үйрететін  сабақтарды- дамыта оқыту сабақтары  деп білемін. Жоғарыда айтылып  кеткен мақсаттарды басшылыққа  ала отырып, мен өз сабақтарымда  дамыта оқыту тахнологиясының  әр түрлі формаларын (түрлерін) тиімді қолданудамын. Мысалы: интерактивті тақтамен электронды оқулықтар арқылы жұмыстар жүргіземін. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің  бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткеліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып балада білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.Сабақ үш бөліктерден тұраты болады:

1. оқу  мақсатының қойылуы

2. оны  шешудің жолын бірлесе қарастыру

3. шешімінің  дұрыстығын дәлелдеу

     Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай  түсіндіру, қай жерде  бақылауы, түзетуі  керек екенін айқын білуі шарт. Мұғалім осы  міндеттерін дұрыс  орындаса баланың сабақты игеруі жеңілдей түседі. Дамыта оқыту технологиясымен  жұмыс жүргізу оқыту барысында  қарапайым бақылаулар,зерттеулер жасау  арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп, қортынды жасуға дағдыландыру.  Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір  ерекшілігі сынып оқушыларын  "жақсы", "жаман" оқушылар деп бөлмей барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұту. Нашар оқушының да өз шамасы келгеніше, қабілеті жеткен жерге дейін тапсырма беру. Сол  арқылы ол да өз ойын мүмкіндік дәрежеге дейін дамыта алады. Тек мұғалім  тарапынан көрсетілетін көмек, байсалдылық  оның өз күшіне деген сенімін арттырып алға жетектейді деп ойлаймын. Мысалы: қазақ тілінен сын есім тақырыбын  өткенде, сабақ мазмұнын жақсылап түсіндіріп, айтып шығамын. Содан соң оны  толығырақ меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Оны былай  жүзеге асыруға  болады: алманың суретін іліп қойып, оның не екенін, дәмі, түрі,пішіні қандай деп сұрағаннан гөрі, алма туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің  баланың ойын дамыту үшін тиімділігі зор. Бала өзінің қарапайым бақылау, зерттеу жасауы арқылы көп нәрсеге  өз беттерімен түсінік бере алады. Мұғалім  бұл жерде тек бақылаушы, бағаттаушы, тындаушы болады. Дамыта оқытуда мұғалім  мен оқушы арасында жаңа қарым-қатынас  қалыптасады, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңыз береді.Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауы мен  тапқырлығына мүмкіншілік туғызып,  ойларын одан әрі дамытуларына жол  ашады. Жоғарыда аталған әдістердің, жұмыс түрлерінің барлығы оқушылардың  білім-білік дағдаларын игеруде  таптырмайтын көмек. Мұғалім осы  технология бойынша сабақтын құрылымын, әдісін толық меңгерген болса, өз тәжірибесінде шығармашылықпен  қолдануға мол мүмкіндік бар  деп ойлаймын.

     2009-2010 оқу жылында 1 сыныпқа балаларды  қабылдаған кезде оқушылардың  барлығы даярлық тобынын немесе  бала-бақшадан келген болып шықпады.  Үйден келген балалар да болды.  Бес саусақ  бірдей емес дегендей  әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері  де әр түрлі. Сондықтан оқушылардың  осы топтарына әр түрлі деңгейде  талап қоюға тура келді. Жаңа  буын оқулықтары дамыта оқыту  негізінде құрылғандықтан, мен осы  технологияны өз іс-тәжірібеме  енгізуді ұйғардым. Біртіндеп технологияны  зерттеп, сабақтарымда кеңінен  қолдана бастадым. Оқушылардың білім  денгейін, 1-сыныпта және 2-сыныпта, салыстыратын болсақ көптеген өзгірісті байқауға болады.  Қазірге кезеңде (2 сынып) оқушыларға қандай да бір шығармашылық  тапсырма берілген болса, олар қызығушылықпен, өз бетінше ойланып, қандай да бір шешімге қол жеткізе біледі. Қорыта айтқанда дамыта оқыту технологиясы бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қанығады, білімді тереңінен айтуға төселдіреді дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, өз жолдастарының пікірімен санасуға, тиісті қортынды жасай білуге машықтанады. Мен өз ойымды Ахмет Байтұрсыновтың мына сөзімен аяқтағым келеді:" Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы." 
 
 
 
 

Енбек құқығы субъектілерінің. 2