Европадағы туризмнің дамуы

 

Жоспар

 

I     Кіріспе.

II   Халықаралық  туризмнің даму этаптары.

III Туризмнің түрлері.

IV Европадағы туризмнің  дамуы:

1 Греция

2 Италия

3 Испания

4 Португалия

V Қорытынды.

VI Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

                                                   Кіріспе

 

Б.э. II ғасырда адамдар  ұзақ жерлерге және жиі саяхаттады. Тіпті жәй туристтік мақсаттармен: көпшілігіне басқа қалалар мен  мемлекеттерді көру өуаныш сыйлады. Бірақ саяхаттар мен жорықтар туризмнен бастау алған жоқ.  Антикалық заманда жолдар қол жетімді және қауіпсіз болды. Байланыс құралдары барлық қажеттіліктерге және туристтердің қызығушылығына жауап берді, ал мәдениет деңгейі белгілі бір жаңа нәрсені іздеп, таныпбілуге кең талпыныс жасады.

«TOURIST» сөзі ағылшын  тілінде XIX  ғасырдың басында пайда  болды, және ағылшын тілінен аударылғанда: Турист – ол өзінің жеке қажеттіліктерін  қанағаттандыру мақсатында немесе мәдени дүниетанымын кеңейту үшін саяхаттаушы тұлға; БҰҰ анықтамасы бойынша турист – ол белгілі бір орында бір күннен көп емес және бір жылдан аз тұрақтанушы тұлға.

Туризм және саяхат бойынша  Бүкіл Әлемдік Кеңес қазіргі  заманғы туризмге келесі анықтамаларды  берді:

  • бұл әлемнің ірі индустриясы, өз еншісіне 3,5$триллион капиталды алады және оның құрамына мынандай компоненттер кіреді: саяхат (круиздер, автобустар, ұшақтар, автомобильдер, темір жолдар); орналастыру орындары (отельдер, мотельдер); тамақтану орындары (ресторан, кафе, барлар, демалыс және көңіл көтеру, саябақтар, клубтар, атракциондар, т.б.)
  • Өндірістік өнімнің жетекші өндірушілері, ұлттық азық-түлік құрамы 6,1% құрайды.
  • Жетекші, салық төлеуші
  • 127 млн адамды жұмыспен қамтамасыз етуші, яғни әрбір 15-ші жұмысшы
  • Тек қана Европа емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік экономикада ең тез дамитын сала.

Қазіргі халықаралық  туризмнің түсінігі негізі XIX ғасырдың  40 жылдарында ағылшын кәсіпкерлік  Томас Кукпен мемлекеттің ішінде болған экскурсияларды, саяхаттарды, ал кейіннен 1855 жылы Париждегі халықаралық  көрмеге алғашқы халықаралық саяхатты ұймдастырудан бастау алды. Бір жыл өткеннен кейін ағылшындардың Европаға, 1868 жылы АҚШ қа тұрақты ұйымдастырылған саяхаттары басталды.

1822 жылы Куктың ұйымы  алғашқы әлемді аралау саяхатын  ұйымдастырды. Жаңа бизнес иесіне  жақсы табыс әкеліп, бәсекелестердің қызығушылығын тудырды. Біртіндеп түрлі мемлекеттерде әлемнәі кез келегн жеріне саяхат ұйымдастыратын туристік компания пайда болды.

XX ғасырдың басында көлік саласындағы жетістіктер туризмнің дамуына әсерін тигізіді. Саяхаттар мен экскурсияларда темір жол, пороход, кейіннен автомобиль көліктері қолданылды. Бастапқы сатыда шетелге саяхаттау әлеуметтік топтардың ішінен жеткілікті табыстарға ие болған аристократтар мен буржуаздардың қолынан келген.

XX ғасырда болған қиын саяси  әлеуметтік және экономикалық процестер қоғамды өзгертті. Қоғам өндірістік жағынан неғұрлым дамып, тәуелсізденді, әйелдер мен жастардың, оқушылардың жағдайы күрт өзгерді.

Қазіргі уақытта экскурсиялық саяхаттар  тек байлар үшін ғана емес, әлеуметтік топтардың барлығына жетімді болды.

Қазіргі кезде туризм әлем бойынша  дамып келе жатыр, оның дамуына ірі  қаржылар жұмсалуда.

Бұрын туристік саяхаттардың көбісі көршілес елдерге бағытталса, қазіргі  уақытта саяхаттардың басым көпшілігі  алыс ймақтарға барумен сипатталады.

 

 

 

 

Халықаралық туризмнің даму этаптары

 

 

Әлемде капитализмнің  дамуы ұйымдастырылған туризмнің дамуына алып келді. Буржуазиялық революцияны жеңіп, капитализм дами бастаған алғашқы мемлекеттің бірі Англия болды. Онда ең бірінші туристік ұйым қалыптасты.

Қазіргі туризмнің дамуы 1841 жылдан бастау алады. Құамында 570 жуық қатысушылары болған, Томас Кукпен ұйымдастырылған Лейстерден Лафобороға дейінгі туристік саяхат жайлы жазулар бізге жетті.

1856 жылдан бастап Кук  туристік саяхаттарды Европаның  басқа да мемлекеттеріне ұйыдастыра бастайды.

XIX ғасырдың 50-70жылдары  Европаға келуші шетелдік туристердің маңызды бөлігін ағылшындар құрады. Осы уақыт аралығында Европа мемлекеттерінде «Англетер», «Британик», «Лондон», «Виндзор» атты қонақ үйлер, лексикалық сөздіктерінде ағылшыннның «экспресс», «лайнер», «комфорт» деген создері  пайда болды.

  XIX ғасырдың 2 жартысында Европадағы халықаралық туризмнің дамуына темір жолдардың пайда болуы түрткі болды.

60-жылдардың ортасында Англия мен АҚШ арасында туризм дами бастайды. Оған себеп болған 1865 жылы Кук ұйымдастырған Америка-Англия және Англия-Америка бағытындағы саяхат.  Біраз жылдар өткеннен кейін Франция, Италия, Швейцария және тағы басқа Европа қалаларында туристік фирмалар мен агенстволар пайда бола бастайды. 1885 жылы Петербургте Либсонның алғашқы туристтік компаниясы ашылады.

I ДЖС дейін туристер  мен саяхаттаушылардың көп бөлігі  көбінесе темір жолдар мен  су жолдарын пайдаланды.  Су транспорттары көптеген жетістіктерге жетті, сол уақытта жылдам жүзетін және ыңғалы кемелер пайда болды.

1907 жылы мұхиттарды  бір аптада жүзіп өтетін алғашқы  трансатлантикалық лайнерлер «Сириус», «Лузитанния», «Мавритания», 1912жылы  «Титаник», 1914 жылы «Император» және  «Фатерланд» суға жиберілді.

1914-1918 жылы болған I ДЖС халықаралық туризимнің дамуын күрт төмендетті, немесе мүлдем тоқтатты десек те болады. Алайда, әскери қажеттіліктер темір жол, автомобиль көліктерінің дамуын қажетсінді. I ДЖС аяталуы халықарлық туризм дамуының жаңа этабына әкелді. Ең алдымен АҚШ туристерінің Батыс Европалық мемлекеттерге саяхаты күрт өсуі.

1913 жылы шет елге  шығатын американдықтар саны 286604 адамға, 1923 жылы 304471 адамға, 1930 жылы 477260 адамға дейін өсті.

1925  жылы Гаагада  алғашқы тризм пропогандасын  ұйымдстырушы халықаралық конгресс съезі өтті. Оған 14 Европаның мемлекеттері қатысты.

II ДЖС халықаралық туризм көлемін күрт азайтты.

II ДЖС бітіп, біраз  уақыт өткеннен кейін халықаралық  туризм қайта жанданады. Осы  уақытта туризм АҚШ пен Канадада, Мексикада, Панамада, Кубада кеңінен  таралды.

1948 жылы шетелдік туристерді қабылдауға Жапонияда өзінің келісімін береді. 1950 жылға қарай әлемдегі халықаралық туризм дамуы соғысқа дейінгі деңгейін қуып жетіп, шамамен 25 адамды қамтиды.

 1851жылы Лондонда алғашқы халықаралық өндірістік көрме өтті. Оған бір ғана Еркширдан 165 турист қатысты.

1854 жылы Англияда саяхатшылар  мен туристерге арналған алғашқы  қонақ үйлер бойынша ақпараттық  кітапхана шығарылды. Мемлекеттің  ішінде туристтік бизнестің белсенді  дамуы Кукты шет елге саяхат  ұйымдастыруға ынталандырды. Олардың алғашқысы 1855 жылы Францияда ұйымдастырылады. Оның себебі Париждегі халықаралық көрменің басталуы.

1888 жылы Европа континентінде  500 мыңға жуық ағылшын туристтері  саяхаттады.

1838 жылы Грейт Вестерн пороходы алға рет 68 туристті Америкадан Европаға жеткізеді.

1840 жылы 8 мыңға жуық  турист пороходпен саяхат жасаса, ал 1860 жылы бұл сан 260 мыңға  дейін өсті.

20-30 жылдары туризмнің  дамуына әсер еткен фактор  авиацияардың және автокөліктердің  дамуы.

1926-1938 жылдар аралығында Англиядағы автомобильдер саны 638 мыңнан 2 млнға дейін өсті. Жыл сайын автомобльдер саны өсіп отырды.

 

 

 

Туризмнің түрлері

 

Белгілі бір аудандарда туризмді жоғарғы дәрежеде дамыту үшін осы аймақтың спецификалық жүйесіне жауап беру ең маңызды болып табылады. Бұған әрине, кез-келген туризм түріндегі сервис, персонал, қызмет көрсету кіреді. Олардың бәрі дамыған, халықаралық стандарттарға сай болуы керек.

Рекреациялық туризм. Бұл тризмнің түрі көптеген елдерде массалық түрде өтеді. Шетел туристтерінің Испанияға, Италияға, Болгарияға сапарында ең алдымен осы едерді көру. Сонымен қатар саяхаттың ұзақтығы, маршрутқа кіретін қалалардың аздығы.

Массалық туризмнің  тағы бір ерекшелігі, ол кең көлемде  авиациялық транспортты қолдауы. Бұл туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы, ол емделу мақсатындағы сапарлар. Бұл турлардың ұзақтығы 24-28 күнге созылады. Ол басқа туризм түрлеріне қарағанда едәір жоғары.

Экскурсиялық туризм. Экскурсиялық туризм рекрациялық туризм сияқты индивидуалды, сондай-ақ топтық саяхатқа негізделген. Бұл тризмнің түрі танымдық мақсатта жүргізіледі. Танымдық мақсаттағы саяхаттар демалыс мақсатындағы саяхаттар болып есептеледі. Танымдық саяхат барысында туристтер куроттарда демалады, экскурсиялар жасайды, лар тіпті басқа қалаларға да саяхаттауы мүмкін. Бұл туризмнің түрінде барлық траспорттың түрі қолданылады деп айтуға болады.

Ғылыми туризм. Бұл туризмнің түріне әр түрлі конгресске қатысу мақсатындағы сапрлар жатады. Осыған тәріздес халықаралық мерекелерге қатысушылар көлемі 6-7% құрайды, және олардың бөлігіне туризмнен 10% валюталық пайда түседі. Хальықаралық мерекелердің қатысушылары әлбетте авиациялық көлікті қолданады.

Іскерлік туризм. Іскерлік мақсатта қарастырылатын бұл сапардың халықаралық туристтік айырбаста ең басты орын алады. Іскерлік сапардың бір түрі, ол халықаралық және ұлттық жәрменкелерге қатысу мақсатындағы сапар. Іскерлік туризм танымал түрі болып халықаралық ұйымдардың конгресстері мен жиналыстары  болып табылады.

Этникалық туризм. Этникалық туризм-бұл туризмнің түрі туысқандарға және ата-бабалардың туған жеріне сапар. Этникалық туризм көптүрлілігі болып соңғы жылдары шекаралық айырбас, статистикалық көлемі, уақытша келушілердің, бірақ онша экономикалық маңыздылығы жоқ болып табылады. Осы туризмнің көптүрлілігі жөнінде л танымдық мақсатында, демалу және іскерлік кездесу және т.б. Олар өзара класификациялық құрамда территориялық принципте болу керек, ұлттық нарықта туризнің түрлеріне бөліну үшін.

 

 

                                                Греция

 

Грецияда адамдар ертеден бір елден екінші елге сапар шегіп отырған. Политикалық мақсаттан бөлек, оны күнделікті өміршілік практика қажет етті. Елдегі географиялық және экономикалық жағдайларға  байланысты шалғай жердегі тұрғындарда бір-бірімен байланыста болған. Және оларды ғасырлар бойы сақтап отырған. Ол өте қиын болды, өйткені әр елдің өз заңдары болды. Грецияда бұл сапарлар тек сауда, салт-дәстүр политикалық жұмыстар, әскери экспедициялық қажеттіліген туып отырды.

 Алғашқы Грек саяхатшысы  Ұлы Александр Македонский тұсындағы б.з.д. IV ғасыр Массилиядан шыққан Пифей еді. Ол Испаниядағы Гадестен сапарға аттанды. Британиядан асып, Шотландияның солтүстік жағалауына жетіп, Тула аралына дейін, Солтүстік теңізден, Эльба және Шотландияға дейін жетті. Ол бұл сапарды саудагерлік мақсатта және олова мен янтарды іздеу мақсатында ұйымдастырды дейді. Ол өзі бұл сапарын «теңіз жайлы» деген шығармасында бейнеленген. Бірақ ол сақталмаған.

Кейбір антикалық жазушылар  Пифейдің әңгімесін өтірік деп санаған. Қазіргі зерттеушілер Пифейде көне саяхатшылардың зерттеулердің бірі деп санайды. Гректерге сонау алыс Замрс елдеріне сапар шегу өз еліне қарағанда оңай сияқты. Өйткені Грек жерлерінде дұрыс жерлер болмаған. Сонымен қатар Гомерада жақсы жолдардың болуы Трои мен Кноссидегі қазба жұмыстары аңыз емес, шындық екені дәлелденді. Сауданың ұлғайуына байланысты жаңа порттар салынды және олар шетел қонақтарын орналасуына көп көңіл бөле бастады. Греция «Плагиат» пен айналысқан, оның жетістігі басқа елдерде қолданылған. Грециядағы туризмнің дамуы адамдардың өмірін жақсарту және жеңілдету үшін, саудагерлік және достастық қатынастан бастау болды.

Греция оңтүстік шығыс Европадағы халықаралық туризмнің негізгі  орталығы болып табылады. Греция Республикасының 10 млн тұрғыны бар. 13 эпархиядан (аудан) тұратын, 51ном  бөлінген. Грецяда мыңдаан аралдар бар.  Грецияға саяхат бұл – тарихи дәірге саяхат.

Афина – бұл Грецияның астанасы, әлемдік туризм орталығы. Мұнда алғашқы қоныс аударылған кез б.з.д. XVI-XII ғасырды қамтиды. Афина үшін «Алтын ғасыр» б.з.д. V ғасырда Периклдің есімімен байланысты болды. Тура осы кезде Парфеннон құрылған еді. Эсхил, Софокл және Пристофон өздерінің керемет трагедияларын және комедияларын, өзінің философиялық жүйесін қарастыра отырып, адамды одан бөліп қарастырды. Қаланың қандай да жерінде болсаңызда, барлық тік тұрған Акропольдің тіреуіштерімен оның храмын көре аласыздар. Акропольдың ең ұшынан антикалық екі – Одеон және Диониса театрын көруге болады. Бұл Европадағы ең ескі театрлар.

Крит Грециядағы ең ірі аралдардың бірі - әртүрлі және традициялық емес, демалыс және көңіл көтеру мүмкіндіктерін қарастырады. Турист ік сезон бұл жерде сәуірде басталып, қазан айында аяқталады. Крит –ескі эгей мәдениетінің орталығы.

Ираклион, Агиос, Николоса, Ретимо және Ханя дүкендерінен көптеген әдемі зергерлік және жүннен жасалған бұйымдарды көруге болады. Базарлар мен дүкендерде дәстүрлі көкеністермен, жеміс жидектердің экзотикалық түрлерін Критте өсіріп, киви, банандар, тәтті інжір,  емдік тау шөптері сатылады.

Родос аралы Грециядағы ең күнді аал деп аталады. Родос қаласында Кастеллан қамалы орналасқан, қаншама жылдар алдын бұл қамал Жерорта теңізіндегі саудагерлердің кездесу орталығы болған. Европаның барлық жерінен ұнда көбелектер қшып келеді, олар өзгеше иісті смола, яғни ағаштарда өсетін. Бұл аралдың аты Көбелектер деп аталады.

Туристік маршруттардың  ең кереметі: Грециядағы Халдики. Ауданы жартылай арал. Халдики 3 жарты аралдардан құралған: Кассандара, Ситония және Әулие Афон. Халдики ежелгі философ  ұлы Аристотельдің отаны Грецияға туристердің сұранысы жүннен жасалынған заттар және шараптар, атақты шараптың бірі «Метакса». Грецияның туристтік  аудандары ретінде Афина және Пирей қалаларын бөліп көрсетуге болады. Солтүстік шығысты және Солтүстік Грецияны; Орталық және Оңтүстік Грецияны және арал территориясы. Грецияға келегн әрбір турист Афон тауын көргісі келеді. Әулие Афон тауы Калкиди жартылай аралының шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл жер әулиелі жер болғандықтан мұнда құдайға сыйыну үшін, мыңдаған ғасырлардан бері католиктік монастыр құрылған. Афон тауында тек қана ер кісілерге арналған монастыр және мұнда тек ер кісілер ғана келіп сыйынады.

 

Италия

 

Италия – көлемі 300 мың км квадрат. Халқы 60 млн адам. Астанасы Рим қаласы. Қазіргі Италия Республикасы 20 облыстан тұратын, тәуелсіздіген 1861жылы алды. Б.з.д 476 жылы ұлы тарихи мемлекет Рим империясы болды және де ең ірі қаласы. Бұл қалада б.э.д. салынған Колизей және ескі храмдар мен сарайлар сақталған. 50-60 жылдары Италия мен Ресей арасында халықаралық туризм дамиды. Италиялық туристерді халықтың мәдениеті қызықтырды, ал Ресей туристері Италияға танымдық мақсатпен келген.

Италияда ауыл шаруашылығы  жақсы дамыған, соның ішінде вино өндіру. Италияның солтүстігінің  экономикасы жақсы дамыған. Мұнда  өндірістің үш түрі Милан – Турин  – Генуя, ал артта қалған ауданы оңтүстік.

Пьемонт облысы мынандай мағына береді: «Таудың төменгі бөлігі». Бұл аудан Франциямен шекаралас  және өзінің таулы куррорттарымен атақты. Оның орталығы – Турин қаласы. Мұнда көптеген өндіріс орындары, соның ішінде: машина жасау, электрохимиялық өндіріс және заводтар мен «Фиат» фирмасы орналасқан. Мұнда туризмнің таушаңғы, тауда жаяу жүру, велосипедті, атпен серуендеу түрлері жақсы дамыған.

Лигурия облысының орталығы – Генус қаласы. Бұл жерде туризмнің дамуы теңізбен байланысты. Мұнда Европадағы ең атақты курорттар орналасқан: Портофинно, Рапалло, Сан-Ремо. Бұл жерде жыл сайын ән фестивалі өтіп тұрады.

Ломбардия облысынң орталығы – Милан қаласы, Европаның үлкен  финанстық, өндірістік, транспорттық орталығы. Милан опералық ән айту өнерінің орталығы. Мұнда әлемге әйгілі «Ла Скала» опера театры орналасқан. Милан сәндік орталығы. Және мұнда футбол жақсы дамыған. Милан қаласында Италиядағы ең үлкен «Сан Сиро» футбол стадионы орналасқан.

Венетто облысының орталығы - Венеция қаласы. Бірнеше жылдар бойы Венеция Республика орталығы болған.

Тоскана облысынң орталығы Флоренция қаласы. Флоренция –  қайта өрлеу дәуірінің бесігі, ұлы суретшілердің отаны.  
 Умбрия облысынң орталығы Перуджа қаласы. Бұл аймағы теңізбен шектеспейді. Жабайы табиғаттың арқасында Умбрия «Италияның жасыл жүрегі» атағына ие болған. Мұнда агротуризм кең жайылған.

Марка облысының орталығы Анкона қаласы. Бұл ауданда ауыл шаруашылығымен қатар, тарихи ескерткіштерге бай және халық өнері жақсы  дамыған. Орта ғасырларда бұл жерде қағаз өндірісі жасы дамыған. Және қағаздарға деген сұраныс өте жоғары болған. Теңіз жағалауында көптеген кішігірім курорттар бар.

 

 

Испания

 

         Испаниядағы фашисттік диктатураның  құлауы мемлекеттің Ресеймен  туристік байланыстарының өсуіне жол ашты. Жылдан- жылға Ресейге барушы испандық туристердің саны арта түсті. Ресейге саяхаттау олар үшін осы уақытқа дейін қол жетімсіз болатын. Испаниядағы Ресей туризмі де тез дамыды. Қазіргі таңда көптеген тур операторлар Жерорта теңізі мемлекеттерімен жұмыс жасауда. Осы арада Испанияның теңіз жағалауындағы курорттарын айтуға болады.

        Испания келбеті әр түрлі мемлекет. Оның аралдық және құрлықтық  бөліктері, провинциялары мен  жағалаулары әр түрлі бейнеге  ие. Тіпті жақын орналасқан курорттық  зонлары да бір – бірімен ерекшеленеді: бірі шығанақ жағалауында орналасқан, өзінің пальмалы жағалаулары мен кең саяжайларымен қуантса; келесісі өзінің яхта – клубтарымен, отельдері және ресторандарымен епекшеленеді. Сондықтан Испаияға кез келген талғамға сай келетін саяхаттар жасауға болады.

       1998 жылы алғаш рет туризмнің тарихында Испанияға келуші туристердің саны 4.774.200 адамға жетті. Мемлекет дүниежүзі бойынша Франциядан кейін екінші орында тұрды. Көптеген жылдар бойы «күмісті» қолдан жіьермей келе жатқан АҚШ үшінші сатыға түсуге мәжбүр болды.

1997жылы Испанияда болған  туристердің  91% Еуропа мемлекеттерінің  тұрғындары құрады.

        Испания – Еуропаның оңтүстік  – батысындағы мемлекет. Шығысында  Франция және Андорромен, батысында Партугалиямен шектеседі. Жерінің көлемі 504.782,4 шаршы километр. Астанасы Мадрид қаласы. Испанияда әр түрлі тілде сөйлеседі, бірақ мемлекеттік тіл  испан тілі. Каталония автономды облысында сонымен қатар Канар және Балеар аралдарында каталон тілімен және оның диалекттерімен сөйлеседі. Мемлекет 17 автономды облысқа бөлінген, олардың өзі өз келзегінде 50 провинциаға бқлінген. Испанияның Жерорта теңізі жағалауында 4 автономды облыс: Каталония, Валенсия, Мурсия, Андалусия орналасқан.

         Коста Брава – бұл Испанияның  жерортатеңіздік жағалауының солтүстік бөлігі. Барселонадан француз шекарасына дейін 40км қашықтықта орналасқан. Коста Брава «Батыл, Жабайы жағалау» деген мағнаны білдіреді. Таулар теңізге дейін төселіп  жатыр, ал теңіз жіңішке бухталармен шығанаққа енуде. Қарағайлар мен жасыл судың арсына кішкене саяжайлар жасырылған. Керемет курорттары ескі балық аулайтын аймақтарға ұласып жатыр. Ал жағажайда түрлі түсті қайықтар көздің жауын алады. Француз шекарасына жақындаған сайын табиғат суреттері одан да қызықты бола түседі. Коста Брава жағалауындағы туристік астана - бүкіл Европаға әйгілі Льорет де Мар курорты. Түнде қала әр түрлі алауларымен ерекшеленеді.   Қала көшелерінен топ-туристерді көруге болады, көптеген түнгі клубтар, ресторан және барлар қызметін бастап, таңға дейін жабылмайды. Курорттан он минуттық жерде «Маринеленд» аквопаркі орналасқан. Ол өзінің қонақтарына балалар атракционын және теңіз жануарларымен өтетін шоуларын ұсынады.   Льорет де Мар кез-келген адамға демалысын қызықты және естен кетпес, әсерге толы етіп өткізуіне көмектеседі. Коста Бравадан оңтүстікте, Тардер өзенінің бойында Коста дель Марсеме жағажайы басталады. Үлкен құмды және таза жағажайлары, көгілдір Жерорта теңізі кез-келген жастағылар үшін таптырмас демалыс орны.        Жағалаудың басты қаласы – Калельа. Қала статусына 1925жылы ие болған және оған дейін балық аулайтын аймақ ретінде танымал болды. Қаланың көрікті жерлеріне Иглесия де Санта Мария шіркеуін және Municipial Dulmau -  жасыл желекті паркін айтуға болады.

Пинеда де Мар –  теңіз жағалауындағы ескі қалашық. Осы күнге дейін көне ауыл шаруашылығын сақтап қалған, және қазіргі таңда Коста дель Мерсеме жағалауындағы ең керем туристтік орталыққа айналуда. Туризмнің жылдам дамуы мұнда заманға сай отельдердің, пансионаттардың, кемпингтердің салынуына, сауда және ойын-сауық инфрақұрылымдарының өсуіне алып келді.

 

 

 

Португалия

 

Ұлы империя – XV-XVI ғасырлардың колонизаторы. Франция және Англия сияқты ұлы державалардың қарсыласы. Еуропаның батысындағы мемлекет. Португалия Иберии түбегінің оңт. бат. жағалауында орналасқан. Б.э.д. IV-III ғасырларда Португалияның көп бөлігінде лузиаттар қоныстанды. Б.з.д. I ғасырдың соңында мемлекетті Рим жаулап алды. Сол кездегі Римдіктер құрған қалашықты Сера де Эштрелла тауларынан көруге болады, ал бірнеше жылдар бұрын Сан Мамеде көшесінде қазба жұмыстары басталды. Б.з. V-VI ғасырларының II жартысында Португалияны вестготтар, ал 713-718 жылдары арабтар жаулап алды.

Елдегі ең атақты куроттың аты – Алгарве, ол араб тілінен  аударғанда «батыс» деген мағнаны  білдіреді. Португалияның географиялық жағдайы тек қана Европамен ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Американың шығыс жағалауларымен және Африкамен қарым-қатынасын жолға қойды.

XII ғасырдың басында  Португалия тәуелсіз патшалық  болып жарияланды, және шекарасы сақталып қалынды. Түбекте жалғыз Испаниямен көршілес. Мемлекеттердің тарихи және мәдени байланыстарының нәтижесінде қазіргі таңда бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінде 200млн астам адам португал тілінде сойлейді. Бүгінгі таңда Португалия халқының саны 10 млн адам. Мемлекет астанасы – Лиссабон қаласы.  XVI ғасырдың басында Португалия жетекші теңіз державасы ролінен түсіп қалды. Экономикалық және саяси дамуда Европаның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда артта қалды, және XX ғасырдың басында терең дағдарысқа ұшырады. 1926жылы жарты ғасырға созылған фашистік диктатура орнады. 1974жылы 25 сәуірде әскерилер бірігіп, «қарулы күштер қозғалысы» атты көтеріліске шықты. Нәтижесінде фашистік режим құлады. 1986 жылы Португалия Еуропалық қоғамдастықтың мүшесі болды. 

Португалия ұзақ жылдар бойы туристердің қызығушылығын тудырып келеді. Соңғы уақыттары ел экономикасында туризм табыс жағынан өте жоғары орынға ие. Мемлекеттің ең атақты аудандары: Алфама – Лиссабонның жүрегі қаланың ең ескі бөлігі. Елдің оңт. жағалауында Сагреш, Портимауо, Форо, Албуфейра сияқты курорт қалашықтары орналасқан.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде Еуропадағы туризм даму барысында бірнеше кезеңдерді бастан кешірді. Туризмнің даму тенденциясында демографиялық, туристік потенциял, әлеуметтік, саяси  факторлар  маңызды роль атқарады. Осының ішінде саяси факторды ерекше атап өтуге болады. XX ғасырдың  80-90 жылдарындағы Шығыс Еуропа мемлекеттерінде орын алған демократиялық өзгерістер «суық соғыстың» аяқталуы, әлемде нарықтық қарым қатынастардың орнауы туризмнің дамуы мен кеңейуінде өте елеулі орынға ие.

Европа мемлекеттері әлемдегі ең дамыған мемлекеттер  қатарына жатыды. Еуропада барлық туризм түрі дамыған. Олар өздерінің бір  бірінен ерекшеленетін курорттық  аймақтарымен, қонақ үйлерімен, орналастыру, тамақтандыру орындарымен және басқару персоналымен, туристік қызмет көрсетуімен, тауарларды өндіруімен, бөлумен, материалдық туризм базасын жасаумен, туристік ресурстарды игеруімен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Биржанов М.Б. «Введение в туризм»
  2. Ерамов Р.А. «Физическая география зарубежной Европы»
  3. Кравтальков В.А. «Иностранный туризм»
  4. Немоляева М.Э., Хадорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Европадағы туризмнің дамуы