Ежелгі ғасырлардағы бухгалтерлік есеп
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің
А. Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ежелгі ғасырлардағы бухгалтерлік есеп »
Пән : Бухгалтерлік есеп
Қостанай
2011 жыл
Жоспар
Кіріспе
- Ежелгі бухгалтерлік есептің алғашқы дамуы
- Алғашқы алфавиттің және арифметиканың пайда болуы
- Алғашқы ақшалардың пайда болуы
- Алғашқы банктердің пайда болуы
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиет
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезда пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт юойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.
Жалпы адамзат өмірінің, адамзат қоғамы өмірінің негізі – материалдық өндіріс процесі. Осы материалдық өндіріс процесі дамуының белгілі бір кезеңде оны сандық түрде көрсету қажеттілігі және мүмкіншілігі туындады. Шаруашылықты өлшемсіз (салмағы және саны), кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуін болдырмай жүргізу мүмкін емес. Осы кезде есеп пайда болды және ол барлық уақытта материалдық өндіріс процесіне қызмет көрсетті, сонымен бірге жетілдіріп отырды.
Алғашқы
қауымдық құрылыстың өзінде-ақ адамдарды
өзщдерінің өмірін сақтап қалу және ұзарту
үшін қанша тамақ табу керек екендігі
толғандырып, есеп есте сақтау арқылы
жүргізілсе, құл иеленушілік құрылыс кезінде
ауыл шаруашалағандағы өнімдерді, қолөнер
өнімдерін өндіру ұлғайып, есеп жүргізудің
қажеттілігі туындады.
- Ежелгі бухгалтерлік есептің алғашқы дамуы
Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.
Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым - Ұлттық - Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған.
Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған.
Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.
Есеп мәліметтерін тасымалдаушы материалдар ретінде көп жылдық тропикалық өсімдік жапырақтары (папирус), балшықтан істелген тақтайшалар т.б. қолданылған. Осындай материалдарды есеп құралдары ретінде пайдалану нәтижесінде есеп регистрлары, тіркеуші құжаттар пайда болған. Папирус және пергаментке есеп мәліметтерін жазу арқылы «бос қағаздар», ал балшықтан істелген тақтайшаларға түсірілген мәліметтерді тіркеу негізінде «карточкалар» пайда болған. Бұдан соң есеп жүргізуге қолданылған бос қағаздардағы мәліметтер есеп кітаптарына жинақталып жазыла бастаған. Бос қағаздар мен карточкаларға жазылған қолда бар мүліктер санының есебі натуралды сандық өлшеммен жазылған. Натуралды өлшеммен есеп жүргізу негізінде мүліктік түгендеу (инвентаризация), тіркеу, тізімдеу әдістері қолданылған. Түгендеу әдісі ертедегі барлық елдердің есеп жүргізу тәжірибесінде қолданылып, мүліктердің қалдығын анықтауға арналған ресми құжат болып танылған. Күні бүгінге дейін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән түгендеу әдісі өз мағынасын жойған жою ертедегі Египетте біздің арамызға дейін екі мыңыншы жылдары кіріс-шығыс есебі пайда болыпты. Бұдан соң дайындалатын ағымдағы есеп (перманентный) байланысы жоқ түгендеуші үзілмелі (дискретный) есеп орнына қолданыла бастаған. Есеп мәліметтерін тасымалдаушы жапырақ қағаздарға (папирус) тек қана мүліктер қалдығын ғана жазып қоймай, мүліктер өрісіндегі барлық әрекет өзгерістер жазылытын болған. Жалғастырып жазу (перманенттік) есебінің мақсаты-материалды құндылықтарды алу мен беру есебінің дұрыстығын тексеріп отыруға арналған. Материалды құндылықтар беру фактісі жапырақ (папирус) қағазына үш адамның қатысуымен:
- бірінші адам жапырақ қағазға берілетін құндылықтың санын,
- екінші адам нақтылы берілген құндылықтың санын,
- ал үшіншісі берілетін және берілген құндылық айырымын шығарып жазатын болған.
Ең негізгі мақсат-материалды құндылықтар қозғалысының күн сайынғы қалдығын анықтап отыру еді. Есеп жұмысын осылайша жүргізу тек қызмет көлемі аз ғана шаруашылықтар деңгейінде жүргізілген. Жұмыс күні аяқталғаннан соң әрбір беруші мен алушы жақтар бойынша құндылықтардың жеке-жеке атаулары көрсетіліп, бұлардың қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп жасалынып отырған. Қорытынды есеп жасау үшін арнайы құрылған үлгі қағаздың әрбір бетіндегі жазулар жеке жинақталып, бұдан соң жалпы жинақ шығарылып тұрған.
Құндылықтардың жеке атауларына сай кіріс-шығыс құжаттары жасалынып, мұндағы мәліметтерді жекелеген топтарға топтастырылып жазыла бастаған. Яғни айналым құжаты жасалып, бастапқы қалдыққа осы күнгі қосылған құндылық саны қосылып, бұдан жұмсалған немесе берілген құндылықтар саны шегеріліп, соңғы қалдық шығарылатын. Соңғы қалдық жазудың нәтижесі қолда бар құндылықтар санымен түгенделіп, салыстырылып отырған. Құндылықтар жөнінде жазылған мәлімет пен қолда бар құндылықтар санының айырымы болған жағдайда мұның себебі анықталып, кімнің кінәлі екендігі белгіленетін болған. Есеп жұмысын осылайша жүргізіп, тексеру мен салыстыру нәтижесінде синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу шоттарының пайда болуы да мүмкін. Мысалға, арпа, бидай, жүгері, күріш т.б. дәнді дақылдарының жекелеген есебі «дәнді дақылдарға» арналған синтетикалық жинақтау есебінің құрамында жүргізілген. Яғни синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу шоттарының қалдығы бірдей болатындығы дәленденген.
Бухгалтерлік есеп тарихын зертеушілердін зерттеуіне қарағанда шаруашылық фактілерінің мәліметтерін хронологиялық тіркеп жазу әдісі қолданылған.
Материалдық есеп жүргізу негізінде орын алған шаруашылық фактілерін хронологиялық тұрғыда үздіксіз тіркеу арқылы материалдардың дұрыс жұмсалуы тексеріліп отырған. Тексерудің дұрыстығы қажетті рәсімдеулерден: алынған құндылықтардың аталуы мен саны, бұлардың кімнен алынғандығы, құндылықтарды алушының аты-жөні, орын алған фактінің ай-күнін көрсетіп жазу жұмыстары орындалғаннан кейін ғана дәлелденген.
Ертедегі Египетте материалдық есеп пен жұмсалған шығындардың сметалық есебінің элементтері біріктіріліп, негізінен материалды құндылықтар қозғалысының күнделікті есебі жүргізіліпті. Мұндай қарапайым есеп жүргізу мысалына: құдық қазушыларға, жалдамалы жұмыскерлерге, дәрігерлерге, құлдарға, күзетшілерге, үй қызметшілеріне, іс қағазын жүргізушілерге т.б. берілетін бір айлық тамақ нормалары, бидай, ет т.с.с. шығындар сметасын белгілеу фактілері жазылып отырған.
Босатылған, жұмсалған құндылықтар қозғалысын жүргізуші құжаттар екі, үш данаға бөлініп жазылған. Даналап жазудың негізі Вавилонда салынып, мұнда жұмсақ балшықтарға жазылған мәліметтер қате болған жағдайда балшық тақтайшалар жойылып, түзу жазулар басқа балшық тақтайшаларға жазылып отырған.
Ерте заманда есеп мәліметтері жазылған материалдар (балшық тақтайшалар, жапырақтар, сүйектер.) арнайы құндылықтар болып саналған. Есеп құжаттары «осы жылғы», «келесі жылғы» құжаттарға топтастырылып, арнайы жәшіктер мен дорбаларға салынып, бұлардың аузын белдіктер, жіптер т.б. байлап белгілер соғатын болған. Бұдан соң «есеп жасаушылар» мүліктер құрамына кіретін заттардың жеке атауларын, малдар мен құралдардың т.б. құндылықтар қозғалысын атап жазуды үйренген. Жекелеген құндылықтардың пайда болуының қасиетіне қарай, бұларды ірілендірілген топтарға топтастырып санап отырған. Құндылықтарды топтастырып, бір өлшемге келтіру нәтижесінде шартты өлшеммен өлшеу қажеттігі туындаған. Ертедегі Вавилонда «шартты кірпіш» және «адам күні» өлшемімен өлшеу әдісі қолданылған. Бұдан соң шартты өлшемдерді қолданудың нәтижесінде және құндылықтардың пайда болуының қасиеттерін жекелей өлшеу қажеттілігінен шоттар ұғымы пайда болған.
Біздің жыл санауымыздың XVIII ғасырына дейін Вавилонда бухгалтерлік есептің жекелеген құқықтық қасиеттері заңды түрде таныла бастаған. Мысалға, Хаммбураби саудагер көпестердің тәуелсіз есеп жүргізуін талап еткен. Шіркеулер мен мешіттерге берілетін құндылықтар мемлекеттік тұрғыда қадағаланып, бұларға берілетін ақшалар сомасы тиісті адамдардың қол қойып растауынсыз есепке алынбаған.
Біртіндеп тауарлы қатынастардың тереңдеп ұлғаюына байланысты контокорренттік (есеп айырысу) шоты пайда болды. Хаммураби заңының тұжырымында есеп айырысу операцияларының екі типі:
1) мүліктер бойынша есеп айырысу мемлекеттік қоймалар мен шіркеулер қоймасы арқылы;
2)
қатысушы жақтар арасында
Ерте заманда, шамамен XII ғасырда, банктер атқаратын міндеттерді шіркеулер және сауда қоғамы атқарған. Банктегі қаражат көздері банк құруға қатысушылардың қосқан үлесінен қалыптасқан. Банктегі қаражаттар екіге: негізгі және айналымдағы капитал болып бөлініп қаралған. Негізгі капитал есебінен қаражат алушы жақтарға пайыздық несиелер беріліп, ал айналым капиталының есебінен көпестер операцияларының ағымдағы шығындары жабылып отырған.
Есеп айырысу жұмыстары натуралды шаруашылық деңгейінде жүргізіліп, берілген ссудалар мен натуралды жарналар көлемінде ғана орындалған. Мысалға, клиенттер қосқан астық түріндегі салымдар несиелендіруші субъектілер қоймасында сақталған. Несиелендіруші орындар үлес қосушылардың сұрау тапсырмасының жүізінде - мемлекеттік салықтарды (фикс) төлеп отыруды өз міндетіне алып отырған. Яғни екіжақтық есеп айырысу дәнді астықтар өлшемімен жүргізілген.
Тағы бір айта кететін жағдай - есеп айырысу фактілері жеке дара (бір адам арқылы) немесе ұжымдық (бірнеше адамдардың) қатысуымен орындалып отырған. Осылайша есеп айырысулар қалалар мен шаруашылықтар деңгейінде жүргізілген. Мемлекетпен есеп айырысу қаражаттарды бөлу мен қайта бөлу мақсатында натуралды өлшеммен жүргізілген. Жеке меншік иелерімен есеп айырысу тауар айырбастау операцияларымен орындалған. Бірегей ақшалай өлшем болмағандықтан және тауарлы-ақша қатынастарының жеткіліксіз дәрежеде дамымауына байланысты несиелік қаражаттар белгіленген міндеттерді ғана орындап отырған. Несие беру тек қана арнайы қабылданған заң шеңберінде жүргізілген. Несиелендіруші мекемелер несие алушы жақтардан (клиенттерден) арнайы сенімхаттар алып, қарызға түсетін қаражат жөнінде ресми келісім-шарт негізінде несие беріп отырған. Қарыз алушы клиенттерге берілген және қайтарылмаған несие сомаларының деңгейін анықтап отыру үшін сенімхаттағы және келісім-шарттағы сомалардың көлемі тексеріліп, несиедегі сомалар жөнінде мәліметтер салыстырылып отырған.
Кейіннен, шамамен XII - ғасырдың аяғына таман есеп айырысу жұмыстары өлшеп таразылау, ақша және натуралды өлшемдер қолдану арқылы жүргізіле бастады. Алайда есеп айырысу жөніндегі жазулар балшыққа жазылып, ағымдағы күнделікті операцияларды арнайы шоттарға жазу жағы қиындықтар тудырды. Жедел есеп болмады, әр күнгі айналым операциялары бір қалыпты жинақталмайтын болды. Мұндай қиындықтар бастапқы құжаттардың қажеттілігін туындатты. Бастапқы құжаттардың пайда болуына қарай шоттарға жазылған жазуларға мөр басылатын болды. Құжаттар өз міндеттеріне қарай кірістік және шығыстық болып екіге бөлінді. Ертедегі бухгалтерияда «дебет» және «кредит» категориялары қолданылмады. Қайта бағалау мақсатында немесе құндылықтарды бір өлшемге келтіру үшін арнайы термин «кар» қолданылды. «Кар» термині материалды құндылықтардың санын эквиваленттік бір өлшемге келтіру мақсатында күмістің бір сиклюінің өлшемімен өлшенді.
Мысырлықтар
мен вавилондықтар есеп ақпараттарын
ең бірінші болып қағазға түсірді.
Бұлар жиналған астық пен мал
сандарын тексеріп отыру үшін жазулар
(белгілер) ойлап тапқан.
- Алғашқы алфавиттің және арифметиканың пайда болуы
1937 жылы
Жорж Ифраның келтірген
Кейбір деректерге қарағанда санаққа, санауға түсетін нәрселер өнім түрінде сатылатын болған. Санау құралдары тауарлар түрінде, пайдаланылып, бухгалтерлік есептің алғашқы құралы болып танылған. Мысалға май құйылған құмыралар саны, малдардың ұрғашысы мен еркегі, құралдардың саны, т.с.с. арнайы белгі таңбалар салу арқылы белгіленген. Арнайы жасалған белгілер мен таңбалар салу нәтижесінде жазулар, әріптер пайда болса керек. Жекелеген әріптерді ыңғайлы пайдаланудың нәтижесінде алфавиттік жазулар жазыла бастаған. Күні бүгінге дейін біздердің пайдалануымыздағы әріптер нұсқасы ең әуелі Синай жарты аралынан басталыпты. Біртіндеп алфавит Грецияға тараған. Біртіндеп келген осы алфавитті гректер өз алфавитына айналдырған. Тіл құрылымын зерттеудің нәтижесінде гректер грамматика мен синтаксисті қалыптастырған.
Қарапайым арифметикалық амалдарды ара қатынастық сауда-саттық фактілеріне қолданудың нәтижесінде цифрлар мен әріптер жазу өнері пайда болған. Яғни, арифметикалык амалдарды қолдану нәтижесінде жазу өнері пайда болса керек. Бұдан соң жеке адамдар, сондай-ақ саудагерлер мемлекеттік мүддені қорғау мен сақтау мақсатында есептесу мәдениетін (ұғымын) енгізген. Ал арифметика болса, Бұл математиканың саласына жататын сандардың қасиеті мен сандар арасындағы амалдарға тән ілім болып табылады. Арифметиканың аталуы гректің «рефлесс» сөзінен шыққан. Математика - ғылымның тілі. Грек тілінде «матема» сөзі тану мен үйрету пәні. Гректер сандар теориясы мен есептеу шеберлігі мәдениетін бірінен бірін ажыратып қараған. Гректер сандар теориясын математикалық үлкен ұғым тұрғысында қарап, бұдан философиялық терең мағына талап етіп отырған. Платонның айтуына қарағанда арифметика мен логистика белгілі бір сандарды қолдану тұрғысында тығыз байланыста бола тұрса да, логистиканы шын мәніндегі дәлдіктік математикасы деп атаған.
Адамның
өмір сүруіне қажетті мүліктердің,
үй малдарының, жердің, арпа, бидайдың,
құрал жабдықтардың адам өмірі мен тіршілігіне
қолданыла бастауына және бұлардың есебінің
жүргізіле бастауына қарай математикалық
ілім өте тез дамыса керек. Сонымен қатар
үкімет тарапынан шаруа қожалығындағы
мүліктерге салық салынатын болды, көсемдер
мен тайпа басшылары, басқа да ел билеушілер
кімнің қолында несі бар екендігін, оған
қанша салық салынуы керектігін анықтай
бастады. Салынатын салықтар мен басқа
да төлемдерді жазып есептеу қиынға түсті.
Сондықтан алушы жақтар мен беруші жақтар
өзара есеп айырысуды арнайы сызықша белгілер
қою, нүктелермен белгілеу, мұндай белгілерді
балшық тақтайшаларға жазу арқылы орындауға
мәжбүр болды. Бұдан барын осыған дейін
қолданылған әр түрлі символдық белгілердің
орнына (қой мен қошқардың басы, бұқа мен
құнажынның, т.б. арпа мен бидайдың ұқсастық
белгілері) цифрлар мен әріптер жазыла
бастады. Ара қатынастық сауда-саттық
жүйенің дәлме-дәл есебін жүргізу мақсатында
әлгіндегі қойыла беретін
көптеген символдық белгілердің
орны ауыстырылып, бір, екі, үш, төрт, бес,
т.с.с. абстракциялық цифрлар сауда жүйесінің
дамуына зор әсер етті. Мұндай сандық өлшемдерді
қолданудың аясы ұлғая бастады, Мұның
барлығын тұжырымдап, заманға лайықтап
қарайтын болсақ, санауға қажетті цифрлар
дегеніміз - өз өміріміздегі қарапайым
математикалық амалдар мен операциялардың
негізін құрайды екен. Цифрларды абстракциялық
дөрежеге жеткізу нәтижесінде экономикалық
қатынастардың негізі салынды десек те
болады. Абстракциялық цифларды қолдану
нәтижесінде элементарлы математика пайда
болды. Осындай элементарлық операцияларды
жүзеге асырып орындау мақсатында және
элементарлық операцияларды ары қарай
жетілдіру үшін жазу мәдениеті (жүйесі)
пайда болды. Ертедегі дүниеде гректер
есептеудің бір ондық, екі ондық, т.с.с.
ондық жүйемен есептейтін өдістерін ашқан.
Гректер есептеудің жеңіл жолын табу мен
жүргізу мақсатында бір ондық, бес ондық,
бір үздік ондық, т.с.с белгілерді сауда-саттық
қатынастарға енгізе бастады. Қойылған
белгілер сан емес тек белгілер түрінде
ғана оқылады белгілер алфавиттік тәртіппен
қойылып, бұлардың қатарына сандар қойылғанда
ғана цифрлар түрінде оқылатын болды.
Гректер жазылған жазуларға қарай және
тігінен де, көлденеңінен де оқи бастады.
Уақыт өте келе тігінен оқу қиындық туғызып,
бір саннан кейінгі санды тез қосып есептеу
қиындық туғыза бастады. Арифметикалық
амалдар пайдалану қиындай бастады. Мұндай
қиындықтарды техникалық жағынан жеңілдету
үшін есеп шоттар мен (тастармен) санау
пайда болды. Есеп шоттарын жан-жақты пайдалану
нәтижесінде көбейту амалдары пайда болды.
- Алғашқы ақшалардың пайда болуы
Айырбас сауданы біршама дұрыс жүргізу үшін көптеген жылдар бойы пайдалануға жарайтын, сынбайтын қатты заттарға арнайы белгілер мен таңбалар қойылып, мұндай белгілер қойылған материалдар айырбас сауда өлшемін анықтайтын болды. Белгілер мен таңбалар ең әуелі мал терілеріне, алтыннан жасалған бұқаның басы сияқты заттарға қойылып, ақша түрінде пайдаланылды.
Алайда мұндай ақшалардың пайда болуы үлкен талант тұрғысында ашылған жаңалық ретінде бағаланып, тек қана монета емес, тиісті салмақтағы құн өлшемі болып та қабылданды. Мұндай ақшаларды гректер асыл қазына деп танып, бұларды ешқандай дүние мүлікке ауыстыруға жатпайтын қымбат дүниелер ретінде бағалап, тек қана айырбас сауда үшін жұмсап отырды. Ақшалай өлшеу мен таразылауды бұл мемлекет тек қана жеке мүліктердің құнын шығарып салық жинау үшін ғана пайдаланған. Ерте заманда темір материалымен өлшеу салмақтап өлшеудің стандарттық бірлігі болған. Бұдан соң темір ақшалар пайда болып өлшеудің жалпылама стандартына айнала бастаған.
Ертеректе шыққан ақшалар Грек мемлекетінің құрамына кірмейтін Лидий және грекциялық, ионикалық жерлерде орналасқан Анатолиядан шықса керек. Осылайша шығарылған ақша беттерін табиғи алтындар немесе күмістермен бедерлеп отырған. Мұндай ақшаларға, Бұлардың салмағы мен металдың сапасын көрсетіп кепілді таңбаларда басылатын болған. Грек мемлекетінің барлық қалаларында өздерінің жасаған меншікті ақшасы болған. Грек ақшасы негізінен күмістен жасалыпты.
Мәліметтерге қарағанда, біздің жыл санауымыздың 300 жылдарында Вавилонда алтын және күмістен құйылған ақшалар болса керек. Тауар сатып алушылар алған тауарлары үшін мұндай ақшалардың белгілі бөлігін тауар сатушыларға кесіп беріп отырыпты. Кесілгеннен кейін қалған ақшалар қайта өлшеніп, бұлардың беттеріне басқа суреттер салынып отырған. Бедері мен белгілері бар ақшалар қозғалысы тек қана шаруашылық операцияларын іске асырып қана қоймай, ақшаның белгілі бір орындарға жинақталуына қазыналық байлықтың көбеюіне үлкен ықпал етіп отырған. Сонымен қатар, ақша қозғалысы арқылы мемлекет аралық есеп айырысуды, мемлекет қазынасын сақтауды, шіркеулер мен халық арасындағы ақшалар қозғалысы бақыланатын болған.
Ең бірінші қағаз ақша біздің эрамызға дейін 650 жылы Қытайда пайда болған. Европада ең бірінші жазу «төлеу міндеттемесі» ұғымы XVII ғасырда жазылған. Өз аталуына қарағанда ақша үлкен бір құндылыққа жатпайды. Ақша тауар құнын төлеу, айырбас жасау, құн, жинақтау және өлшеу бірлігіне келтіру үшін ғана керек.
Ал экономиканың дамуы мен ақшаның пайда болып, шаруашылық фактілерінің дұрыс есептелуінің негізінде ақшалай өлшеп жазу (жазбаша) мен счеттарға жазу әдістері туындады.
Грек
еліндегі ақша айналысқа ертеректе
енгенімен қаржыландыру немесе несиелендіру
үшін қажетті ақшалар тек қана біздің
жыл санауымыздың II ғасырында ғана қолданыла
бастады. Бұл елдегі кедейшіліктің жоғары
болуына сай халық қолындағы ақшаларын
құмыраларға салып, көптеген жылдар бойы
тығып ұстады. Кейбір деректерге қарағанда
мұндай жағдай эономиканың дамуына зиян
келтірген.
- Алғашқы банктердің пайда болуы
Банктердің пайда бола бастауына қарай мұндағы ақша айналысы бухгалтерлік есептің дамуына үлкен әсер ете бастады. Бірінші банк біздің жыл санауымыздың V ғасырында Грецияда пайда болды. Бастапқы кезеңдердегі банктер тек қана салымшылардың ақшасын сақтайтын орынның ғана міндетін атқарды.
Римдіктер Грецияны басып алу кезеңінен бастап банк есебіне де өз биліктерін жүргізді. Бұдан соң ертедегі Римде банк есебі екі түрлі жазудан, клиенттердің есеп шоттары бойынша банк кітабын жүргізуден және ақша қозғалысының кіріс-шығыс кітаптарын жүргізуден басталды. Кіріс-шығыс есебі мыңдаған жылдар бойы жүргізіліп келеді. Ал клиенттер есеп айырысу қызметін қанағаттандыру мақсатында банкирлер «кірістер» мен «шығыстар» терминін ауыстырып, мұның орнына дебет және кредит терминдерін енгізді. Дебет термині - «ол қарыз», ал кредит термині - «ол иелік етеді» деген ұғымға саятын болды. Мұндай өзгерістер бухгалтеряның дамуына үлкен үлес қосты. Кіріс-шығыс счеты жойылды. Бухгалтерлік есептің объектісі ретінде ақша ұтымы есеп айырысу ұғымымен біріктіріліп қаралатын болды.
Әуелі Египетте бұдан соң Ертедегі Римде банктер пайда болды. Банктердің пайда болуына қарай банк жүйесіне тән жаңа терминдер қолданыла бастады. Мысалға кредит дейтін латын сөзі «бар» немесе «салған ақшасы бар» деген ұғымды білдіретін болды. Кредит сөзі Римдіктерден орта ғасырдағы Италияға, одан Европаға, бұдан соң басқа елдерге өтіп, 1-ші Петр кезінде Россияда пайдалана бастаған екен. Тарих мәліметтеріне қарағанда, банктер бухгалтериясы негізінен Ертедегі Римде дамыған. Мұндағы банк бухгалтериясының даму тәжірибесінің өркендеуіне, әсіресе қаржылық есеп айырысуларды тиісті заң актілерімен реттеп отыруға байланысты бухгалтерлік есеп дами бастады.
Ертедегі Римде банк кітаптарының кірісі мен шығысын сот процесі қаралатын орталықтарға тапсырмай сот процессі қаралмайды екен. Мұндай құжаттарды тиісті орындарға тапсыру және арнайы шешімдер қабылдау заң нормаларына міндетті түрде енгізілген. Мәселе осылайша қойылған жағдайда банктерге салынған салымдар және арнайы клиенттермен есеп айырысу тек қана қағаз жүзінде өз шешімін табатындығы дәлелденген.
Римдіктер бухгалтерияның пайда болып, мұның ары қарай жетілдірілуін жақсы бағалапты. Ақша қозғалысы есебін банктерде жүргізу тәжірибесін Римдіктер гректерден үйренген. Алайда Римдіктер бухгалтерияны заңды түрдегі сенімді орынға айналдырған. Бұлар бастапқы құжаттардағы мәліметтерді ең бірінші болып бухгалтерлік есеп регистрларына (шоттарға) жазған. Бухгалтерлер негізінен үш регистрлерді пайдаланған.
Бірінші регистрға (кітапқа) күнделікті шаруашылық фактілері жазылып отырған.
Бұдан соң бұл кітап екінші регистр түрінде сақталатын кітап немесе мемориал деп аталынған.
Жүйелеп жазу кітабы - үшінші ең соңғы регистр түрінде Кодекс деп аталған. Барлық кітаптардағы ақша есебінің қозғалысы және ақшалай елшеммен есеп айырысулар жазылған. Барлық материалдарды құндылық заттардың есебі (астық, май, шарап, малдар т.б.) натуралды өлшеммен беріліп, басқа кітаптарда жүргізілген. Кодекстік шоттар бойынша соңғы қалдықтар шығарылып отырған.
Бухгалтерлік
есеп зерттеушілерінің мәліметтеріне
қарағанда есеп регистрларына жазылған
жазулар екі қатарға жазылыпты.
Кірістік фактылар регистрдың оң жағына,
ал шығыстық фактылар сол жағына жазылған.
Қарыз сомаларды тіркеу үшін дебет
және кредит терминдері қолданылыпты.
Әрбір шаруашылық фактылары бухгалтерлік
жазулар түрінде «кімнен-кімге» дейтін
ұғыммен жүргізілген. Алайда мұндай бухгалтерлік
жазулар тек қана кассадағы ақшалар және
алашақтар мен берешектер жөніндегі есеп
айырысуларды көрсетіп отырған.
Қорытынды
Бухгалтерлік
есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар
сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік
жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап
келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен
оқшауланатын ғылым болып табылады.
Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым
туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар
мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары
онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік
есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес”
– деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки
“Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік
есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін,
есептейтін және оны пайдаланушыларға
жеткізіп отыратын жүйе болып табылады.
Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде
ең маңызды орындардың бірін иеленеді.
Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының
1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей
алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің
бекер айтылмағандығын атап өтуге болады.
Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның
қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау,
бақылау және талдау секілді функцияларды
орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік
есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері,
капиталы және өндірілген өнімдері мен
олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды
жинақтап көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиет
Интернет желісі
сайт Stud. Kz. Ineu.edu.kz. Fails. Ukoz.

- Ежелгі дәуір әдебиеті
- Ежелгі дәуір әдебиеті Күлтегін жырлары
- Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
- Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
- Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
- Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
- Ежелгі дәуірдегі саяси ойлардың дамуы
- Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің экономикалық ой пікірлері
- Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері
- “Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім
- Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім
- Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есеп
- Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы
- Ежелгі ғасырлардағы бухгалтерлік есеп