Ежелгі гректердің мифтері мен аңыздары

             Мазмұны

  1. Кіріспе...........................................................................................2
  2. Ежелгі гректердің мифтері мен аңыздары.................................3
  3. Ежелгі грек құдайлары................................................................8
  4. Қорытынды...................................................................................11
  5. Пайдалынған әдебиеттер.............................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Кіріспе

     Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («»’Архайос»’» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі. 
Архаикалық греция 
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан.

 

                       

 

 

 

                    Ежелгі гректердің мифтері мен  аңыздары.

      Олимпиялық  құдайларға аса бай құрбандық  шалған калидондық патша Ойней,  тек Артемиданы ған назарына  алмағандықтан, аң құдайы –  сол елге қаhарлы жабайы қабан  жібереді. Мейірімі жоқ, қаhарына  мінген аң бүкіл Калидон төңірегінің  тозаңын шағарады, ағаштарды түбірімен  жұлып, жүзімдіктер мен жеміс-жидекті  жапырумен болады, тіпті адамдарды  да аямайды. Осы қайіпті аңды  аулауға Ойнейдің ұлы Мелагр, бас болып, Грекияның көптеген  ұлы батырларын жинайды. Осы  аңның көзін құрту үшін Афинадан, Спартадан, Мессения мен Ферыдан,  Иолктан, Аркадия мен Фессалиядан  батырлар қатысады. Жоғарыда айтып  кеткен жалпыгрекиялық фольклор  санатына кіреді деуіміздің себебі  де сол.

       Мелеагр  туған кезде анасы Алфеяға  тағдыр құдайлары мойралар (грек  мифологиясында мойралар мен  орлар Зевс пен Фемиданың қыздар  болып сипатталады, соған қарағанда  олардың генезизінде әлдебір  ортақ туысқандық байланыс болуы  мүмкін, адам тағдырын болжайтын,  алдын-ала жазып қоятын ерекше  қасиеттері бар. Қазақтағы «маңдайына  жазылған», «тағдырдың жазуы») дегенге  келеді  келіп, біреуі оған: «Сенің  балаң шырақтың мына бас жанып  біткенде өледі» — дейді. Алфея  пілтені сол сәтінде өшіреді  де, оны қобдиға тығып, сақтап  қояды.

      Мелеагр  көптеген ерлік жасап аты шығады. Аргонавтылар сапарына да қатысып,  қаhармандық игі істер атқарады.

      Артемиданың  қаhарлы қабаны калидондықтардың  әбден зығырданын қайнатқаннан  кейін, аңға шыққандарға «кімде-кім  қабанды өлтірсе, басы мен терісі  сол адамға тиесілі» дегенді  естіген батырлар, әрқайсысы да  қабанды өлтіруге құлшына кірісіп,  атсалысады. Аңшылардың ішінде әсіресе  көзге түскені аркадылиялық аңшы  қыз Атланта еді. Ол бірінші  болып қабанды жаралағандықтан,  Мелеагр орман тағысының басы  мен терісін Атлантаға ұсынады.  Бірақ, Мелеагрдың нағашы ағасы  Плексип бұл таңдауға қарсы  шығып, Атлантаның қолындағы олжаны  тартып алғаны үшін, қаны басына  шапқан Мелеагр нағашы бауырын  сол заматта-ақ жайратып салады. Баласына ыза болған Алфея  қобдидан шырақ пілтесін алып, от қойып, жағып жібереді. Шырақ  пілтесі жанып бітіп, күлге  айналасымен Мелеагр да өледі.  Кейін есін жиған Алфея істеген  ісіне назаланып, өзіне-өзі қол  салады. «Жоғарыдағы миф – аналық  құқық уақытының сарқыншағы, шешесінің  інісі оның ең жақын туысқаны  есептелгендіктен, ең жақын туысты  өлтіргені үшін кек алу қажет  еді. Гректерде ежелгі уақытта  аналық құқық болғандығының дәлелі  ретінде Мелеагр туралы мифті  Ф.Энгельс өзінің «Отбасы, жеке  меншіктің және мемлекеттің шығуы»  деген еңбегінде пайдаланды»  деп жазады Н.А. Кун өзінің  осы аңыз жөніндегі пікірінде.

      Қазақ халқының  салт-дәстүріндегі аға-бауыр, ағайын  дегенге қарым-қатынас пен мінез-құлықты  біршама болса да ежелгі гректердің  салтынан қазаққа тән, жақын  келетін элементтерді аңғару  қиын емес. Мәселен, ауыз әдебиетіндегі  мұралардың ішінде, «… қалың жаудың  ортасында өзінің әйелі мен  баласын қалдырып, сәйгүлік атына  бауыры мен досын мінгізіп, қоршаудан  шығарып жіберген қазақ батырын  көріп, таң-тамаша болған дұшпанның  ханына: «әйел-жолда, бала-белде,  дос пен бауыр табылмас» дегені  көп ретте жоғарыдағы аңыздағы  сюжеттің идеялық-мазмұнына сәйкес  келетін әдеби мұра.

      Жалпыгректік  ортақ аңыздардың ішіне аргонавтылар (нақты «Арго» кемесінде жүргізушілер) туралы миф те кіреді.

       Бұл  аңыздың басты қаhарманы-Фессалия  патшасы Эсонның жалғыз ұлы  Ясон жөнінде.

       Апплодардың  өз қолымен жазып кеткен аңызының  желісінде, Эсонның кіші інісі  Пелий Ясонның әкесімен арам  жолмен билікті тартып алып, оның  басқа туысқандарын қатігездікпен  қудалайды. Ясонды әкесінің достары  аман алып қалып, кейін оны  кентавр Хирон тәрбиелеген.

        Бір  күні Пелий және басқа да  қонақтар қатары Иолк қаласында  (Фессалиядағы қала) Посейдонның  құрметіне орай өткізіліп жатқан  мерекеде тойлап жатады. Сол тойға  Ясон да келеді. Тек өзеннен  өтерде аяғындағы сандалы суға  түсіп кеткендіктен, мерекеге сыңар  аяқ киіммен келеді. Пелийдің, сәуегейдің  болжауынша, билігін мерекеге сыңар  аяқ киіммен келген адам тартып  алмақ. Фессалия патшасы Ясонды  көріп, сол жайт есіне түсіп,  одан «егер қолыңда билік бола  тұрып, алдыңдағы адам сенің  өліміңе себепші болатындығын  білсең оған не істер едің?»  дейді. Ясон көп ойланбастан  «алтын жабағыны алып келуге  бұйрық берер едім» деп жауап  береді. Сол замата-ақ пелий Ясонға  колхидаға алтын жабағыны алып  қайтуға бұйрық береді.

       Алтын  жабағы-қошқардың алтын жүнді  терісі Колхидадағы арестің бағында, (қазіргі Грузия маңындағы ауданда)  өгей шешелерінен Беотиядан қашып  шыққан ағалы-қарындас Фрикс пен  Гелланың иелігіндегі дүние болатын.  Ағайынды Фрикс пен Гелла жер  асты патшалығындағы шешелерінің  берген алтын жабағылы қошқарға  мініп, ұшып бара жатқанда, гелла  дарданелл бұғазы маңындағы жердегі  теңізге аьайсызда аударылып  түседі, содан бастап сол маңды  ежелдегілер геллеспонт (гелла теңізі) деп атап кеткен, ал Фрикс аман-есен  Колхидаға дейін жетеді. Фрикс  Зевске сол қошқарды құрбандыққа  шалып, терісін сол маңдағы  арестің бау-бақшасына іліп кетеді.

       Ясон  Фрикстің ұлы Аркті көмекке  шақырып, кеме жасап беруін  өтінеді. Арг Афинаның қолдауымен  Зевстің Додондағы тоғайынан  алынған қасиетті еменнің бір  бөлігінен әрі жеңіл, әрі тез  жүзетін он ескекті «Арго»  кемесін жасап береді (кеменің  атын Арт жасағандықтан, «Арго»  деп қояды). Жорыққа қатынасатын  батырлар да кеменің атына  байланысты «аргонавтылар» («Арго»  теңізшілері) деп аталады.

      Аргонавтылар  сапарында оларды көптеген таңғажайып  оқиғалар күтіп тұрды. Солардың  ішіндегі аса көрнектісі –  фракиядағы Финей атты соқыр  сәуегеймен кездесулері. Құдайлар  оны Зевстің болашағын қарапайым  халыққа ашып айтып бергені  үшін, екі көзін соқыр етіп, үнемі  аштықта ұстап отырады. Жарты  әйел, жарты құс денелі гарпиялар  оның дайындаған азығын жеп,  бүкіл үйге жан төзгісіз жаман  иіс қалдырып кетеді. Батырлар  Финейді құтқарады. Оның есесіне  Финей Симплегад құздарының арасынан  қалай өту құпиясын ашып береді. Симплегад құздары бір-бірінен  ажырап барып, сонан соң қайтып, сатыр-күтір етіп бір-бірімен  соқтығысады. Аргонавтылар өздерінен  бұрын жабайы көгершінді ұшырып  жібергенде құз тастары қайта  соғысқанда құстың құйрық қанатын  ғана қысып қалады. Аздап күткен  аргонавтылар құз тастары қайта  ашылғанда, Афина-Палладаның көмегімен  кемелерімен бұғаздан оқтай зулап  өте шығады. Қосылған құздар кеменің  артқы бір бөлшегін ғана қақшып  үлгереді де, мүлдем қозғалыссыз  тұрып қалады. Колхидада бұл тұста  ұлы Эет билеп тұрған. Қызы  Медея Ясонды ұнатып алып қалып,  Эеттің небір күрделі тапсырмаларын  орындауға Ясонға жәрдем етеді.  Ясон тұмсығынан от-жалын үрлеген,  аяғы мыс, жотасы темір өгіздерді  жегіп, Арестің құрметіне арнап,  темір соқамен жер жыртып, айдаhардың  тістерін сеуіп, одан өсіп шыққан  қарулы жауынгерлермен соғысып,  олардың бәрін қырып салады. Медея  алтын жабағыны күзетіп тұрған  айдаhарды сиқырлы сусынмен ұйықтатып  тастап, Ясон екеуі алтын жүнді  теріні алып, Колхида жағалауынан  Аргоға отырып, жүзіп кетеді.

      Эет кеменің  артына түсіп қуып жетпек болғанда, Медея өзімен бірге алып кеткен  бауырын өлтіріп, денесін паршалап, бөлшегін теңізге тастайды. Әкесі  баласының теңізде бөлшектенген  денесін жинап, жерлегенше «Арго»  талай жерге дейін ұзап кетеді. Бастарынан талай қауіпті жағдайлар  мен түрлі таңғажайып оқиғаларды  өткізген аргонавтылар аман-есен  Грекия жағалауына жетеді.

       Иолкқа  жеткен Ясон өзі жоқта әке-шешесін  өлтіріп тынған пелийден Медеяның  көмегімен кегін қайтарады. «жастық-шағыңды  қайтарамын» деген желеумен Медеяның  кеңесі бойынша, өз қыздары  Пелиді балталап, қазанға салып  қайнатады.

      Осы қылмыстары  үшін Ясон мен Иолктан қуылып, он жыл бойы Коринфте тұрады. Коринфтың патшасы қызы Главканы (басқа мифте Кресуа) Ясонға бермек  болып келісімін бергенде, Ясон  Медеяны тастап, жаңадан некеге  отырады. Еврипид пен Сенеканың  трагедияларындағы айтылған оқиғадан  кейін Медея аз уақыт афинада  тұрып, кейін өз отанына оралып, әкесінің бауыры узурпатор Персті  өлтіріп, билікті әкесіне алып  береді.Медея туралы аңызды қазақ  тіліне тұңғыш рет ақындық  мүмкіндігін мейлінше шебер пайдаланып, аудырған белгілі сөз зергері,  ақын – Қайрат жұмағалиев. Әлемдік  өнер тарихынан айтулы орын  алатын эллиндер мәдениетінің  алып өкілдерінің бірі – Еврипидтің  драмалық поэзиясы бүкіл болмыс-бітімі  жағынан ежелгі заманның әйгілі  трагиктері эсхил, Софокл еңбектерімен  пара-пар түсетін айшықты дүниелер. Сондай жауhарлардың бірі осы  «Медея» трагедиясы. Жоғарыда атағанымыздай,  ана тілімізге аударылған әлемдік  деңгейдегі тамаша драмалық туынды  қазақтың профессионалды артистерінің  арқасында, мәдениет пен өнерді  бағалайтын талғампаз жұртшылықтың  назарына ұсынылып, талай жылдар  бойы сахна төрінен лайықты  орын отырған айтулы шығармалардың  біріне айналған.

Талай жылдардан кейін, Ясон Истм маңынан өтіп бара жатып, Посейдонның  құрметіне қойылған «Арго» кемесінің  жанына келіп, шаршағандықтан түбіне барып  демалып, ұйқыға кетеді. Әбден тозығы жеткен кеменің шіріген бөлшегі  морт сынып, астындағы Ясонды жа

Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән  болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып  есептеледі. Оның әйелі Гера — аспан  құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос  Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл  дүние жүзіне паш етті. Ежелгі Грекияның  басты құдайларының бірі — жануарлар  әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің  жеті кереметі болып саналатын Артемида ғибадатханасы — Артемиданың  құрметіне тұрғызылған. Афина данышпандық  құдайы, оның шапағатының арқасында  адамдар ғылымға ұмтылған, қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне  үйреткен. Гелиос — күн құдайы, Ника (Виктория) — жеңіс құдайы, Арес —  соғыс құдайы, Дионис — шарап  құдайы, Гермес — сауда-саттық құдайы және тағы да басқалар.

Грекияда құдайлар мен  адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жайаған Гераклдың  мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) — ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі  Зевс, анасы Алкмена, зайыбы — Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі «Илиада» мен «Одиссея»  дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен  берілген (мүсін өнерінде «Дем алып тұрған Геракл», әдебиет саласында  Софокл мен Еврипидтің шығармалары).

ншып, мерт етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Ежелгі грек құдайлары

       Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген. Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды. Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс. «Бұлт айдаушы» Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелермен – жай оғымен жайратады-мыс. Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қырықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді.

Күн құдайы Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен  аспанда жүріп өткенде күн  туады-мыс. Жарық пен өнердің құдайы – Аполлон.

Күзде өсімдіктердің қурауы мен көктемде табиғаттың жандануы құнарлылықтың  әйел құдайы Артемидаға байланысты болған.

Адам өлген соң, оның жаны жер асты патшалығының әміршісі қатыгез  Аид билік ететін, өлген адамдардың қапас жер асты патшалығына түседі-міс. Аидтың аяғының астында үш басты  төбет отырады, ол жер асты патшалығына  келгендерді кіргізеді де, бірақ  одан ешкімді де шығармайтын болған.

Гректер басты құдайларды мәңгі өлмейтін, сұлу, тұлғалы, алып адам бейнесінде елестетті. Ал орман  құдайлары сатырларды үсті-бастары  жүн басқан ешкі аяқты, ешкі құлақты  адамдарға ұқсатты. Бұлақтардың  әйел құдайларын қыз түрінде бейнелеп нимфалар деп атады. Шаруашылықтың  әр саласының, егіншіліктің, мал шаруашылығының, аңшылықтың, қол өнердің әрқайсысының қамқоршы құдайлары бар деп саналды. Шарап жасау ісінің құдайы Дионис адамдарға жүзім өсіріп, шарап  жасауды үйретсе керек. Оның құрметіне  мейрамдар өткізіліп отырған. Гректер  металл өңдеуді игере бастаған кезде  ұсталардың жарылқаушысы – Гефест құдай туралы аңыз шықты. Гефест жер  астындағы ұстаханада өзі жұмыс  істейді екен. От пен түтін атқылап  жатқан жанар таулар оның жер астындағы  ұстаханасынан шығады. Гефест үстіне қолөнершілердің қарапайым киімін киеді, беті-қолы қап-қара, күйе болып  жүреді-міс. Сауда-саттықтың өркен  жаюына байланысты оның жарылқаушысы – Гермес құдай пайда болды. Ол Зевстің тапсырмасын орындап, бір  қаладан екінші қалаға ұшып жүрген. Сондықтан көбіне ол сандал, қалпақ киген қанатты адам кейпінде бейнеленген.

Зевстің әйелі Гера –  неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон  – өнер, жарық құдайы, Афродита –  сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс  құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы, Тюхэ – бақыт құдайы, Ника – жеңіс  құдайы, Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, Мойралар – тағдыр құдайлары, өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы –  Гипнос, Пан – орман құдайы, табиғаттың қамқоршысы, Эрида – араздық құдайы т.б.. Антикалық шығармаларда мифтік әңгімелер жиі кездеседі, әсіресе  грек өнерінің көптеген шығармаларында құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Антикалық грек-рим  мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына  өте күшті ықпал жасады. Грек жазуы  көптеген алфавиттерге негіз болды. Гректің толып жатқан сөздері  қазіргі тілдерге де енді: «школа», «арифметика», «театр», «хор», история» т.б. Күнделікті әңгімеде ескі грек мифологиясынан алынған есімдер, атаулар, бейнелі  сөздер жиі қолданылады: «титандық  күрес», «молшылық мүйізі», «бүлік алмасы», «олимпиялық жайбарақаттық», «ахиллес өкшесі», «тантал азабы», «сизиф еңбегі»  т.б. Грек есімдері – Петр – «тас», Алексей – «қорғаушы», Георгий  – «егінші», Галина – «желсіз  тымық теңіз айдыны». Қазіргі  астрономиядағы көптеген планеталардың, жұлдыздар мен тұтас жұлдыздар  шоғырларының аттары антикалық мифологиядан алынған.

Архаикалық греция 
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан.

Архаикалық дәуірде рулық  құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы — мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске  қаланың өз жерімен қатар, оны  қоршаған егістік жерлер де кіретін  болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін  еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс  жағдайында халық жиналыстарына, сот  процестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай  келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины  мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы  киллометр, ал Спартаның көлемі — 2650 шаршы киллометр болды. Ғалымдардың  пікірінше, Грекиядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең ірілері —  Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және тағы да басқалары. Саяси жағынан  алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға  ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы  архаика-лық дәуірде басқа халықтармен  қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде  елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын «Эллада», «Эллиндер» деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде  жалпы гректік құдайға табыну орындары — ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси  және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына  айнала бастайды. 
Афродита мүсіні.Париж,Лувр

 

 

                           Қорытынды

Кілемдік стиль Элладаның  алдыңғы қатарлы сауда-қолөнерлік кәсіп полистерінде дамыды. Оның өркендеуінде Родос, Самос, Хиос аралдары, кішіазиялық  қалалар, олардың арасында Милет, сондай-ақ солтүстік Пелопоннестің аса  ірі орталықтарының бірі Коринф көрнекті роль атқарды. Бұл қалалардың көзе шеберханалары  негізінен бұйымдарды сыртқа шығару үшін жұмыс істейтін. Кілемдік стиль  құмыра- ларының саудасы Оңтүстік Италияға, Сицилияға, Этрурия мен  Қара теңіз жағасындағы грек отарларына керамика бұйымдарын жеткізіп беретін  коринфтік және милеттік көпестердің  қолында болды.

Аса сапалы қою қара лақты  пайдалана бастаған олар саз балшықты күйдірілген соң, біркелкі тегіс  қызғылт реңге айналдыру үшін аздап жосамен сырлайтын. Ою-өрнек  әшекейлер салынбайтын осындай  ашық фонда адамдар мен хайуанаттар  сүлдесі металл сияқты жылтырап көрінетін. Қара пішін стилі одан бөлшектерді  қырналған сызықпен, ақ және қан  қызыл сырмен баса көрсету тәсілін  ала отырып, сұлбалық әдісті ығыстырды. Бірте-бірте қабырғалық өрнектің композициялық  құрылымы өзгере берді. Құмыраларды  көлденең орап тұратын фриздермен пішіндерді орналастыру жүйесі жоғалды. Олар ыдыстардың бүйіріне еркін орналастырылған  көп пішінді тұтас көріністермен  орын ауысты.

Грек шеберлері тапсырма берушілердің қызық та ғажайып бейнелерге құмарлығын, олар Шығыс өнерінің жарқыраған шаңқан реңіне қызығатындығын мықтап ескерді. Б. э. бұрынғы VII ғасырда құмыраларға  салынған өрнектер ақ саз балшыққа қоңыр күрең лакпен сырланған. Геометриялық ыдыстардағы реңі бірыңғай сүлделік ою-өрнектерден басқаша өң беру үшін суретшілер бөлшектерді қырнай із қалдыра  тартылған сызықтармен, ақ және қызыл  барқын сырмен айқындайтын жұқа сұлбалық суретті қолданған. Шұбырып бара жатқан аңдар пішіндері құмыраның  дөңес бүйіріне бірінен соң бірі орналастырылып, олардың арасындағы ашық кеңістік ою-өрнекпен толтырылған. Мұның бәрі қабырғалық өрнекке ғажайып  сән, керемет көрік беріп тұратын, оларды өрнекті кілемдерге ұқсататын. Өрнектер архаикалық ыдыстардың пластикасы мен шырайлы пішініне тамаша жарасатын. Б. э. бұрынғы VII. ғасырда қалыптасқан  кескіндеме стилі «кілемдік» немесе «ориентальдастырылған» стиль (яғни, Шығыс  өнеріне еліктеуші) деп аталды.

 

 

 

 

                      Пайдаланған әдебиет:

 Мәдениеттану: жоғарғы  оқу орнындары мен колледж  студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8 
      Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5—89840—030—3

 

 

 


Ежелгі гректердің мифтері мен аңыздары