Ежелгі Үнді философиясы. 10

Ежелгі Үнді философиясы

 

       Үнді  философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың  бас кезінде, арийлердің (малшы  тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.

Ежелгі Үндістан қоғамының  әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:

 

Варналар - топтар Варналардың  өкілдері

Брахмандар Абыздық варна

Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары

Вайшьялар Егінші-варналар

Шудралар Төменгі варна

 

    Варналарға бөліну  дінмен ерекше қасиетті сипатқа  келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді.

      Ежелгі  үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.

      «Веда»  сөзі санскриттен аударғанда  «білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.

Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:

 

Бөлімнің атауы Негізгі мазмұны

Ригведа

     Діни әнұрандар  жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық  әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.

Брахмандар Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.

 

Араньяктар 

_________________ Орман тақуаларының  кітаптары.

 

     Упанишадтар  Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда  болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың  аяғының қасында отыру мағынасында;  немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.

 

 

    Упанишадтар негізінде  Үндістанда пайда болған барлық  немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді.

     Ежелгі үнді  философиялық мектептерін екі  бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.

     Вайшешика  – атомистикалық ілімге негізделген  мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.

     Ньяя - гносеологиялық  мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың  (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.

     Йога – адам  психологиясы, түрлену дөңгеленген  азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.

     Йога жүйесіндегі  басты мәселе - жаттығу тәсілдері  мен практикасы арқылы жеке  адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.

     Йоганың мақсаты  – тән мен жанның үйлесіміне  жету. Денені шынықтыру арқылы  жан саулығы мен сергектігін  жетілдіру.

     Миманса –  таным мәселесімен айналысты.  Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның  негізі Джайминидің «Сутрасында»  қаланған.

     «Миманса»  сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.

     Сонымен қатар,  Миманса философиясында таным  теориясы, метафизика, этика теолоиямен  қатар қарастырылады.

     Санкхья –  қос реализмді, пуруша мен пракританы  қабылдаған философиялық жүйе. Оның  негізін қалаған Капила. Санкхья  терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

     Веданта  философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.

 

ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.

Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.

1.Азаптану.

2.Азаптанудың себебі.

3.Азаптанудан босану.

4.Азаптанудан босануға апаратын жол.

Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:

1.Шынайы сенім. Дүние  қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;

2.Тура, әділ ұмтылу. Өз  құмарлығың мен қызбалықты шектейтін  қасқа жолды біржолта айқындау;

3.Шыншыл сөз. Айтпақ  сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа  итермейтін, қайта дұрыс, рақымды  болсын;

4.Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;

5.Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;

6.Дұрыс ой. Ойыңның бағытын  саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді  нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;

7.Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;

8.Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды  үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.

     Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.

 

 

 

 


 

 

 

 

Ерте Үнді философиясы

 

Жалпы адамзат баласының  тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуна ғана әкелген жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғышқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялы ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды.

 

Ғасырлар бойына қалыптасқан  әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысады. Бірақ, мұндай көзқарас әліде болса философиялық деңгейге жете қойған жоқ еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.

 

Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның ронына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойларының негізін діни мифологиялық жүйеленр құрды. Ой –пікірлерімен қоғамдағы күнделікті шарттарының себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді.) тұрды:

 

1)    брахмандар: әулиелер

 

2)    кшатрий: әскербасылар

 

3)    вайшьи: ( купцы)

 

4)    шудра: қызметкерлер  мен шаруалар

 

Әр «варна»- адамдардың қауымдастық салт –санасын, жоралғысын мұқият орындайтын, соғаг орай қоғамдағы орыны анықталған, сол талаптармен шектелген топ. Әр варнаның мүшелерінің өзіндік атқаратын дәстүрлі қызметі болды.

 

«Брахман» – ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши»- «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья» –«тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған.  «Шудра»- шаруалар- қара түстілер.

 

Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.

 

·         Ведалық кезең (б.д.д. ХY ғ- YII ) - өркениетті қалыптасу дәуірі

 

·        Эпикалық кезең (б.д.д. YI-б.д. Iiғ) – ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі философиялық ойлар үш түрлі сатыдан өтті деседе болады.

 

1) веда беделін терістегендер.  Б.д.д. УІғ мектептер Жайнизм,  Буддизм, Чарвака- лакаята

 

Махабхарата кітабының алтыншы  бөлімі – Бхагавадгитаның теориялық  құрылымын қалыптастыру кезеңі (б.д.д. У-ІУғ)

 

2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер.

 

·        Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері ( б.д.д. ІІІғ бастап)

 

   Ерте Үнді философиясының  қаклыптасуы мен дамуы әртүрлі  мектептер, ағымдар, ілімдермен  байланысты. Филиософиялық көзқарастар  б.д.д. УІІ-УІ ғ.ғ. қалыптасты. Олар екі топқа бөлінеді:

 

1) Астика (ортодоксолды) бағыты-  ведалардың беделін қабылдаған,  

 

      мойындаған  мектептер жүйесі. Бұл ағымға Веданта, миманса, санкхья, ньяя,    

 

      йога және  вайшешика мектептері жатады.

 

2) Настика (ортодоксальды  емес)–веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддищм,чарвака- лакаята ілімдері

 

 

 

Көне үнді мәденитінің  қайнар көзі – вежалар. Ведалар (білім  жүргізу мағынасын білдіреді) – ерте үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынсатарын қамтитын діни және философиялық көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы.

 

Ведалар (білу)–ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиеттті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық  мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифолого- философиялық тұрғыда негізделетін құдай, адам , табиғат туралы жлпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады.

 

Ведента («Ведтердің аяқталуы»)- үнді философиясындағы Веда беделін  қабылдаған жүйелердің бірі.Негізін  салған Бадараяна- индивидті жанды сансарадан құтқару.

 

Бұл әлемнен басқа да әлем кеңістігінде еркінжағдайда және материалдық атомдармен байланысы бар сансыз көп жан өмір сүреді.

 

Ишнара құдайы ең жоғарғы  жаратушы емес, бірақ атомдар үйлесімін  жасап, жанды атомен байланыстырып, ажырата алады.

 

Иога – негізін салған Патанджали. Сана мен тінді біріктіре отырып, сыртқы әсерлерден алшақтау. Веданы қабылдағандар бұл процесті мокшаға жету, яғни азаптан құтылу деп түсінген.

 

Вайшешика (ерекшелік) –  алғаш рет Канада жүйелі түрде  түсндіріп берген. Дүние тоғыз субстанциядан: жер, су, жарық, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, ақылдан тұрады. Материалдық объектілердің бәрі алғашқы төрт субстанциялық атомдардан құралады. Атомдар мәңгі, көзге көрінбейді, бөлінбейді. Сол атомдардың бірігуін дүниежүзілік жан басқарады.

 

Ведалар адамдардың қалай  өмір сүу керектігі туралы түсінік беретін заңдылықты – дхарма дейді. Әркімнің дхармасы құдай, жанұя, көршілер алдындағы парыздары, әрекеттері болып табылады. Әрине әркімнің дхармасы варнасына байланысты қалыптаспақ. Дхарманы орындаған адам қайта өмірге келуден құтылады.

 

Буддизм – талап–тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік  рахат») жетуді көздейтін іни ілім әрі философия. Үндістанда б. д. д. 6-5 ғ. ғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Негізін салушы «Будда» («нұрланған») деп аталған Сидхарта Гаутама. Ол қайғы–қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. өмірден баз кешіп, түлі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла аомайды.

 

Сансара – өмірге қайта келу, қайта туу айналымы.

 

Карма – іс–әрекетіне байланысыты адамның болашағы анықталатын заңдылық. Буддизмнің енгізгі идеасы – «орташа жол»: «рахаттану жолы» мен «аскеттік жолдың» ортасы.

 

Буддизмнің төрт игі ақиқаты:

 

1.     өмір – азапқа толы;

 

2.     азаптың себептері  бар;

 

3.     азапты тоқтатуға болады;

 

4.     азапты тоқтататын  жолдар бар. 

 

 

 

Ол азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын жолдары:

 

1.     дұрыс қабылдау (видение);

 

2.     дұрыс ойлау;

 

3.     дұрыс әрекет;

 

4.     дұрыс өмір сүру салты;

 

5.     дұрыс күш жұмсау;

 

6.     ақылды дұрыс  қолдану;

 

7.     дұрыс ой  шоғырландыру.

 

 

 

Аталған сегіз жолды дұрыс  игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайта туу тоталады.

 

Буддизмгің негізгі екі  бағыты бар:

 

1.     Хинаяна

 

2.     Махаяна.

 

 

 

Махаяна –  адамды азаптан  құтқарудың кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы – әр адам Нирванаға жете алады, яғни өзін құтқара алады.

 

Хинаяна –  Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді. Ақиқаттың жоғарғы жолы әдіс пен даналық шеңберінде, бағытында.

 

Махаяна Үнді жерінің солтүстігінде, хинаяна оңтүстік және оңтүстің–шығысында басымырақ таралған.

 

Жайнизм – үнді философиясындағы ортодоксалды емес жүйелердің бірі. Б. д. д. 6 ғ. шамасында пайда болған. Негізін салушы – Вардхамана (Махавида–кейінгі атауы «ұлы тұлға»). Кейде Джина  деп те аталады («карманы жеңген»).

 

Вардхамана ( шамамен б. д. д. 599-527 ж. ж.) кшатрия ортасынан шыққан, 28 жасынан ел кезген аскетке айналып, 12 жылғы үнемі діни жаттығулардан  кейін «жоғары шындыққа» жетеді. Өмірінің басым көпшілігін өз монахтарының қауымдастығы қалыптастырған кзқарастады уағыздаумен өтеді.

 

Ол жаңа діни философияны 24 тирханкалармен («жолды ашушылармен») бірге жасайды.

 

Жайнизм ілімі үшін адам өмірінің негізгі мақсаты – «босатылу».Жайнистер дүниедегі заттадың барлығы жанды деп есептейді.

 

Құмырсқыны өлтірудің  өзі күнаға жатады. Ал егер өлтіріп алса, кармасын төмендетіп алуы мүмкін. Ал жанның «босатылуы» тікелей карма заңына байланысты.

 

Жайнизмнің негізінде  «таттвалар» – «мән» туралы ілім жатыр. Ола дүниені құрайтын негізгі  материалдар, сонымен қатар білім құраушы ақиқат. Ең басыт екі татва – негізгі қасиеті, ерекшелігі таным болып табылатын джива (жан) және аджива (материалдық заттар). Материя – аңғаруға болатын түс, иіс, дыбыс және дәм сынды қасиеттері бар адживаның бір түрі. Ол атомдардан тұрады, сезім мүшелеріне әсер етеді, өзгерістерге ұшырайды, бастау мен соңы болмайды және оны құдай да жаратпаған. Бірегей немесе жалғыз жан, яғни құдай жоқ: тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін мөлшерде жан бар. Материя сияқты жанды да ешкім жаратпаған, әуелден бар және арқашан бола бермек. Жан бәрін білуі, біріне енуі, бәрінен құдіретті болуы керек, бірақ оның мүмкіндігі өзі өмір сүретін денемен ғана шектелген. Жайнизм этикасы бар тішілік иесіне зұлымдық жасамау туралы ілімге сүйенеді.

 

Локаята –  Веда ілімдеріін жоққа шығарады. Чарвака негізін салған лкояттардың пікірінше, брлық денелер махабхут деп аталатын төрт түпнегізден тұрады: ауа (ваю), от (агни), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Ола өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында зара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын өздерінде жоқ қасие – санаға ие болады. Ал денелер өлгенде, олар қайта бөлшектеніп, махабхуттармен бірге сана да жойылады.

 

Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыт – ләззат деп түсінген. Табиғатты әлеуметтік құбылыстарды танып білуде ақылдан сырт, сырт күш туралы ілімдерден, белсенділіктен еш пайда жоқ, білімді тек сезім  мүшелері арқылы ғана ала аламыз. Кейіннен келе локаяттар суйшикши (нәзік) және дхурта (дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлініп кетеді.

 

Миманса- Прабхакара және Кумарила. Веда беделіне оралуға шақырады. Олардың ойынша Ведалар- жоғары сезімдік субстанция, танымның көзі.

 

Санкхья - негізін салған Ишваракришна. Дүние- материалды бастама (пракрити) мен абсолютті рух (пурушни) байланысынан әлем пайда блды деген көзқарасты ұстанушылар.

 

Ньяя - негізін салушы Акшапада Готама. Ньяя ілімінде логика мен гнесология өте үлкен роль атқарады. Ньяя ілімінің тұжырымдауынша  атомдардан тұратын, олардың үйлесімі барлық нәрселерді құрайтын материалдық әлем бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Көне Қытай философиясы

 

       Қытай  – көне тарихтың, мәдениеттің,  философияның елі мен жері. Мамандар  Қытай өркениетінің басталуын  ся дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды.

      Өте көне  дәуірде, аспан мен жер де  болмаған заманда, әлем түрсіз  хаосқа ұқсаған. Сол түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болды.

     Ян – еркек  бастамасы, күн нұрындай жарық,  ашық бекем және күшті. Ян  жалпы жағымды нәрсенің бастамасы.

     Инь - әйел  бастамасы, аймен байланысты, сондықтан  көлеңкелі, күңгірт және әлсіз.

     Екі бастама  өзара байланыста болған, сол  үйлесімділіктің нәтижесінен күллі  мәнді нәрселер туындайды. Дүниеге  деген осы қосжақты көзқарас  кейінгі чжоу дәуіріндегі философиялық тексте усин бағдарламасымен толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы элементтердің немесе бес субстанцияның – оттың – судың – жердің – металдың - ағаштың өзара байланысымен өзара алмасуына негізделеді, соған сүйенеді.

     Қытайдың көне текстері – философиялық толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде «Өзгерістер кітабында» («И цзин»), «Өлеңдер кітабында» (Ши цзин»), «Тарих кітабында» (Шу цзин») және т.б. ертедегі мифтер мен рухани қайнар көздерге толы шығармалар болып табылады.

 

Көне Қытай философиясындағы негізі мектептер

      Конфуцийшілдік  – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыраты ежелгі философиялық мектеп.

      Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі.

     Адам табиғаты  Конфуций философиясында басты  мәселелердің қатарына жатады. «Аспан  адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті. Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның табиғатын құрайды.

     Бірақ адамның табиғатын тек табиғатпен салыстыру шеңберінде анықталынбайды. Адам мәнісі - табиғилықтан тыс, әлеуметтік - мәдени жетістік. «Адамның бәрі де байлық пен беделге ұмтылады. Адамның бәрі де кедейлік пен жамандықты жек көреді» — дейді ұлы Ұстаз. Екі қасиет те адамның табиғатына тән ерекшелік. Адамға үнемі тыныштық бермейтін төрт ұмтылысты Конфуций тізіп өтеді. Олар — жасын ұзартпақ, даңққа ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа деген ұмтылыс. Осы атақты нәрсеге жеткендер, рухтан тартынады, күштен сескенеді, адамнан қорқады, жазадан қауіптенеді. Бәрінен жоғары тұрған қасиет – «адамды сүйе білушілік» (жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы мен жөнін (дао) талдайды. Дао Конфуций үшін адамды шынайы жолға салатын, адамға оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті бүкіл идеялардың, амал-әрекет пен қағидалардың жиьнтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштік-тің мәнісі - өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде дұрыс жолға түсуде. Даоның осы идеясы «вэнь» термині арқылы жеткізіледі. Түптеп келгенде «вэнь» - сөз бен білімділік арқылы жеткізуге болатын рухани мәдениет. «Вэньге» ниет қойған адам күнделікті өмірде көптеген қиыншылыққа ұшырайды. Асыл да ақылды жандарға жалған мен жаман ортада тіршілік жасау жеңіл болмайды. Бірақ ұлысты ұстаз болу үшін, дейді Конфуций мына қасиеттерді игеру шарт: 1) өзінше ұстаздыққа жету; 2) ұстаздыққа ылайық биязы болу; 3) ұстаздыққа іштей бейімділігі; 4) адамдармен тіл табыса білуі; 5) өз өсиетіне берік болуы; 6) өз уәжінде тұру; 7) ұстаздың даралығы; 8) ұстаздың еркін тәуелсіздігі; 9) жұмыстағы мінез - құлықтың ұстамдылығы; 10) ұстаз ниетінің адалдығы; 11) ұстаз жанының мейірімділігі; 12) ұстаздың ақылдыны айқындап, таланттыны қолдай білуі; 13) жолдасқа деген сенімділігі; 14) ұстаздық талапты орындауы; 15) ұстаздың қарым-қатынастағы тартымдылығы; 16) ұстаздың құрметтеуі және төзімділігі.

     Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады.

     Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д. V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз) салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді. Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына бағынады. Даосизм философиясының негізгі мәселесі - ұлы Дао туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта реттейді.

     Ұлы аспанда  Даоның ықпалында. Өмірдің мәні  де, мақсаты да, оны танып білу, соның тәртібіне еру, сонымен  жарасу. Даоны тану дегеніміз табиғаттың заңын ұғыну және сол тәртіпке үйлесе білу.

     Легизм –  (латынша заң дегенді білдіреді) – фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.

     Конфуций басқару  идеясын жэнь және ли принципіне  сүйеніп жалғастырса, легистер оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды. ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де, шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі мен төменгілер де, байлар мен кедейлер де – бәрі де заңға бағыну керек. Басқарудың түп өнері осында»,- дейді.

 

 

 

 

 

 


Жень

(кит.): означает «человечность», «гуманность», «человеколюбие», «милосердие», «доброта». Одна из основополагающих категорий китайской философии и традиционной китайской культуры, совмещающая три главных смысловых аспекта: 1) морально-психологический – любовь-жалость к людям; 2) социально-этический – совокупность всех видов правильного отношения человека к другому человеку и обществу; 3) этико-метафизический – симпатически-интегративная взаимосвязь отдельной личности со всем сущим, включая неодушевленные предметы. Жэнь – основное понятие конфуцианства, одно из «пяти постоянств», которым должен обладать совершенный муж – «цзюнь-цзы», Конфуцием определяется как «спокойно-самодостаточная» любовь к людям, рождающая баланс любви и ненависти. Человек, обладающий жэнь, призван уравновешивать мир, с другой стороны, – это «преодоление себя и возвращение к ритуальной благопристойности», реализующее «золотое правило морали»: не навязывать другому того, чего не желаешь себе.

 

 

Сяо

(кит.): «сыновняя почтительность  и почитание старшего бра та  – один из принципов конфуцианского  учения, основа гуманности. Суть  его заключается в том, чтобы  «служить родителям согласно  правилам ли, похоронить их по  правилам ли и приносить им  жертвы по правилам ли». Непреложный  закон сяо полная покорность  воле родителейкак одного из  непреложных свойств человека. – это корень гуманности и гарант соблюдения общественных установлений. В конфуцианской традиции получил распространение тезис об «управлении-врачевании Поднебесной посредством сыновней почтительности», которая рассматривается как главная задача обучения и воспитания, основное идеологическое правило общества.

Ежелгі Үнді философиясы. 10