Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы”
Жоспар
Кіріспе
Орта Азия аймағындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің саяси сипаты.
Діни фундаментализмнің Қазақстанға ықпалы.
Діни фундаментализм мен лаңкестіктің таралу аясы.
Діни фундаментализм мен лаңкестікті анықтау критериі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның кеңестiк мектептерiнде коммунистiк идеологияның нұсқауымен дiннiң адамзат тарихындағы рөлi терiс түсiндiрiлдi. Дiн – адам санасын улайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерiстердiң, табыстардың бәрiн Құдай жасап отыр деп түсiндiретiн, нағыз керiтартпа, үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, дiннiң қызметiне терiс баға берiлдi. Осының салдарынан Кеңес елi халықтарының, соның iшiнде Қазақстан халықтарының да бiрнеше ұрпағы атеистiк (дiнге қарсы) рухта тәрбиеленедi. Қазiргi кездегi елiмiз халықтары арасында адамгершiлiкке кереғар өрескел тәртiпсiздiктердiң: түрлi бұзақылықтардың, әсiресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшелiктiң көбеюiне сол дiнсiздiк тәрбиесiнiң әсер еткенi сөзсiз.
Ал, шындығына келсек, дiн алғаш пайда болғаннан бастап, халықпен бiрге өмiр сүрдi, оған көптеген пайдалы қызметтер атқарды. Қай дiн болсын халықты адалдыққа, адамгершiлiкке, имандылыққа, татулыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, достыққа шақырды, халықтың сауатын ашуға, мәдениетiн көтеруге елеулi үлес қосты.
Бұл айтылғандарға ислам дiнi мысал бола алады. Ислам қазақ тарихында үнемi өркендетушi рөл атқарған. Ислам–жеке адам мен қоғамды түзететiн, әлеуметтiк бақытқа, шынайы бостандыққа және бiрлiк-татулыққа жеткiзетiн құрал, iзгi жол, даналық. Осыны түсiнiп бағалай бiлген Жүсiп Баласағұн ХI ғасырдың өзiнде ислам руханиятын «Құтты бiлiк» деп атап, оның мемлекетке зор пайдасы бар екендiгiн дәлелдеген.
Тарихта барлық дiн пайда болғаннан бастап, оны шын мәнiнде уағыздаушылармен қатар жалған дiндi (эрзац-дiн) таратушылар да болған. Бұған өткен уақыттардан да, қазiргi уақыттардан да мысал келтiре аламыз, ондайларды екi топқа бөлуге болады. Бiрiншiсi, әдейi бұрмалаушылар, ал екiншiлерi бiлiмi таяздықтан, надандықтан бұрмалаушылар. ХIХ ғасырдағы қазақтың ғалым ойшылдары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсаринның қазақ арасындағы дүмше молдаларды, дiн бұзарларды қатты сынап-мiнегенi белгiлi. Бұған да тереңiрек мән берген дұрыс. Демек, олар ислам дiнiн сынаған жоқ, дiн бұзарларды сынады. Ал, қазiр Қазақстанда дiн бұзудың екi түрi де бар. Ислам дiнiнiң ғылыми негiздерiнен хабары аз дүмше дiншiлдер де, сондай-ақ, басқа дiндердiң артықшылығын мадақтап, ислам дiнiн ұстаушылардың қатарын сиретуге әрекет жасаушылар да жетерлiк.
Кейбiр зерттеушi-ғалымдардың пiкiрiнше, ежелден көшпендiлер басқа халықтардан рухани-психологиялық жағынан артығырақ болды. Себебi олар, негiзiнен, батыр, ер мiнездi, жiгерлi, сол сияқты, еркiн ойлап-сөйлейтiн, ар-намысын ақшаға сатпайтын асыл тектi адамдардан құралды. Осындай табиғи қасиеттерге ислам руханияты келiп қосылғанда нұр үстiне нұр болып, тамаша нәтиже туды. Қазақ халқы соқыр сенiммен емес, ақыл-ой елегiнен өткiзiп, жан-жүрегiмен қабылдап, оны даналық, софылық үлгiсiнде ұстанған. Бiз дiни көзқарасы терең, дiни мәдениетi өте жоғары ұлттардың қатарына жатамыз. Тек осы дәстүрдi қалыпқа келтiру керек (Н.Нұртазина. Ислам және ұлт тәуелсiздiгi. //«Егемен Қазақстан», 24-тамыз, 2001 ж.).
Тәуелсiз, жас мемлекетiмiздi нығайту үшiн ұлт және жалпы адамзат прогресi жолында классикалық исламның белгiлi бiр тәсiлдерiн, ұстанымдарын, құнды тәжiрибесiн нақты тарихи жағдайға байланысты ұтымды пайдалануға болады. Олар қазiргi халықаралық нормаларға да, өркениеттiк үрдiстерге де сәйкес келедi. Осыны ескерген Қазақстан Республикасы мен оның үкiметi тәуелсiздiк алғаннан берi бiздiң елiмiзде ислам дiнiнiң дамып, халық арасында қанат жаюына мүмкiндiк жасады. Бұған Қазақстан қалалары мен елдi мекендерiнде бес мыңнан астам мұсылман мешiттерiнiң қызмет етiп отырғанын айтсақ та жеткiлiктi.
Орта Азия аймағындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің саяси сипаты.
Бүкіл әлемде діни фундаментализм мен лаңкестікке қарсы күрес одан әрі жалғасуда. Орта Азиядағы оның көрінісі халықаралық терроризмнің бір бөлігі болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, "қырғын соғыс, құлақ естіп, көз көрмеген лаңкестік әрекеттер, әлемдік деңгейдегі текетірес, ұлтаралық, мемлекетаралық қақтығыстар толастар емес"/1/. Осы қақтығыстардың дінмен байланыстырылуы, біздіңше, тегін емес. Бұл мәселе едәуір жарияланымдар болғанына қарамастан/2/, әліде болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні және оның адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына әсері толық зерттеліп болған жоқ. Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен байланыстырылады? Неліктен терроризммен антитерроризм арасындағы күрес діни белгілеріне қарай жүргізіледі? Діни идеялардың қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизмнің бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адамның немесе белгілі бір топтың лаңкес екенін анықтаудың критериі неде? Бұл мақалада осы және басқа мәселелер қарастырылады.
Діни фундаментализм және оның саяси сипаты. Шынайы әлемдік діндер тікелей экстремизмге шақырмайды. Оның тек фундаментализм бұрмаланған түрлері ғана экстремизмге, лаңкестікке бой ұрады. Олардың көріністерін тарихи деректерден білеміз. Фундаментализм не дегенде, ол ең алдымен мынада: фундаментализм қай дінде болса да бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі дінді "бұзылды", оны жақсартамыз немесе өзге діндердің "озбырлығынан қорғанамыз" деген сылтаулармен жүргізілетін экстремистік, тіпті лаңкестік әрекеттер. Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, "фундаментализм" деген ұғымның өзі Исламның өңін айналдырғаны сияқты, Христиандықтың да, Иудаизмнің де өңін айналдырған ұғым екенін атап өткен жөн. Керек десеңіз, біздің ұғымымыздағы осы күнгі "фундаментализм" сөзінің төркіні де Исламға мүлде қатыссыз болған. Алғаш рет XX ғасырдың 20 жылдарында кальвинистер, пресвитериандар және баптистер сияқты христиандық қауымдар өкілін фундаменталистер деп атай бастағанды"/3/. Міне, олай болса, фундаментализм тек ислам дініне ғана қатысты қауіпті құбылыс емес. Ол, тағы да Н.Ә Назарбаев айтқандай, "бүгінгі дүниеде фундаметалистік ағым әлемнің барлық тарабында–АҚШ-та, Еуропада, Оңтүстік Шығыс пен Орталық Азияда, Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста, сонымен бірге әлемдік діндердің барлығында төбе көрсетіп отырғанын да ескерген абзал"/4/. "Фундаментализм", "экстремизм" ұғымдары, біздіңше, біріне бірі жақын. Соңғысы радикалдық оппозициялық ұйымдардың қызметіне де байланысты. Терроризм оның асқынған көрінісі-бейкүнә адамдарды жаппай қырып жоятын, қорқыныш пен үрей тудыратын күштеудің шектен шыққан ең жеккөрінішті түрі. Оның себептері де алуан түрлі. Бірақ олардың көбінің саяси сыр-сипатын анықтау оңай емес. Белгілі бір саяси күштер радикалдық жолға түскендердің наразылықтарын пайдаланып қалуға тырысады. Оның да түр-түрі бар: жиналыс, шеру, антиглобалдық, антиамерикандық наразылықтар және т.б. Осындай қозғалыстар экстремизм идеологтарының назарына ілігеді, осы арқылы түрлі желеулермен желіккен радикалды көңіл-күйдегі адамдар легін толықтырады. Олар өз реттерінде экстремистерге, сепаратистерге бөлініп, көбінесе діндер арасындағы текетірес ретінде көрініс беруде.
Қазіргі кезде ислам дүниесі әлемдік азуы мықты ақпарат құралдарының азығына айналып отыр. Кез келген бас көтеру, террорлық акт болсын түп негізін исламға тірей салуға әуес. Ал осындай ақпараттар соғысының нәтижесінде ислам терроризмі деген пікір қалыптасып кетті. Осыған байланысты әлем елдерінің көпшілігі АҚШ президентін исламға қарсы бастаған жорығы үшін қатты айыптауда. Оған себеп-АҚШ-тың негізінен ислам елдеріне қарсы соғысатыны. Пакистан университетінің ректоры Маулан Сами-уль-Хактың айтуынша: Это-борьба между крестом и исламом, начавшаяся атакой США на Афганистан/5/.
Соңғы кездері, әсіресе, орыс тілді баспасөз беттерінде де ислам экстремизмі туралы жиі айтылуда. "Қазақстанға Еуропадан келген әртүрлі қоғамдық ұйым өкілдері Ислам экстремизмі тақырыбына ғылыми конференциялар ұйымдастырып, оған өзіміздің атқарушы билік басындағылар, саясаттанушылары да қатынасып, тіпті кейбір лауазым иелері осы тақырыпта баяндама да жасап жүр /6/,-деп орынды қынжылады Балқаш ауданынан С.Мұқанқызы.
Шындығында ислам дінінде адамдарды бір-біріне қарсы қоятын бір сөз таба алмайсың. Бүкіл адамзатты оқуға, білімге, ізденіске, ғылым жаңалықтарын ашуға үндейді. Таза жүруге, адал еңбек етуге, бір-біріне кешірімді болуға шақырады. Ең бастысы, өзіне дейінгі бірде-бір дінді, бірде-бір пайғамбарды жоққа шығармайды.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: терроризмге қарсы күрес ислам дініне қарсы күрес ретінде жүргізілмеуі тиіс.
Сонда діни негіздегі экстремизм, конфессияаралық төзбестік қайдан шығады? Мәселе осында. Зерттеулер көрсетіп отырғанындай олардың негізінде әлеуметтік және экономикалық, саяси және діни айырмашылықтар қайшылықтары жатыр. Қалай дегенде де діни экстремизмнің сол дінмен бір байланысты жағы бар. Оны анықтау үшін фундаментализмнің пайда болу тарихына көз жүгіртіп, ой елегінен өткізу қажет. Бұл жөніндегі біздің зерттеулеріміз мынаны дәлелдеп отыр.
Орта Азиядағы діни фундаменталистер, яғни ваххабистер ислам дінін тазарту желеуімен саяси экстремистік жолды ұсынады, тіпті лаңкестікке бой ұрады. Ал оның шығу себептерін түсіну үшін мұсылман елдерінің әлеуметтік өміріндегі исламның ролін жете білмей болмайды. Ол үшін оны тереңірек қарастырып көрейік. Шығыстағы исламның ролі, Европадағы христиандықтан гөрі өзгеше. Европада инквизицияның шарықтап тұрған кезінің өзінде, христианшылдық зайырлы билікті түгелімен ығыстыра алған жоқ. Ал ислам діні болса барлық жағынан, саяси әкімшілік, әлеуметтік құрылым, мәдениет және діншілдердің тұрмыстық жақтарының бәрін, яғни мұсылман қауымының өмірін түгелдей қамтыды. Мұсылман елдеріндегі рухани өмір мәні және түрі жағынан түгелдей исламдық. Мұсылман елінің адамы исламға қарсы шығатын болса, онда ол, әлемге және қоғамға қарсы болып табылады, яғни өзін осы қоғамнан тыс, заңнан тыс қояды. Осының барлығы мұсылман елдерінің саяси-әлеуметтік өмірінде исламның ерекше роль атқаратындығын көрсетеді. Исламның күші оны жақтайтындардың санында емес, ең алдымен, Мұхаммед белгілеп кеткен мұсылман қауымдастығының идеялық-институтционалдық бірлігінде. Ол әлем мұсылмандарын, олардың мәдени және этникалық ерекшеліктеріне, теориялық жағынан ғана емес, керек болса, тіпті, іс жүзінде топтастырады. Қоғамдағы діннің осындай жағдайында, руханилық және әлеуметтік-саяси жіктерді ажырата қарау мүмкін емес. Олар бірнеше жүздеген жылдар бұрынғыдай рухани өмірге үлкен ықпал етеді және саясатта белсенді роль атқарады. Оның үстіне соңғы жылдары исламның беделі мен белсенділігі ислам мемлекеттерінің батыстық экспансияға қарсы наразылықтарына байланысты арта түсті.
Исламның этикалық ілімі бойынша, жақсылыққа жақсылық, қайырымды болу парыз. Сол сияқты туған—туыстарға, қарттарға құрметпен қарау міндет. Осы және басқа да, айтылған әлеуметтік идеялар мұсылман елдерінде билік басындағылардың саяси билігін күшейту үшін пайдаланылады. Халық бұқарасы мұны кеңінен мойындайды. Әлеуметтік әділеттілік деп түсінеді. Сонымен шығыста исламның қоғам өміріндегі тәртіптері тек діни түрде ғана сақталған. Міне осының өзі бір жағынан белгілі бір жағдайда тілалғыштарды жанкештілікке итермелейді. Мұның негізінде, біздіңше, сол жанкешті фанатик жанның исламдық ілімді жете игере алмай қателесуінде жатыр.
Ислам фундаменталистері халқының көпшілігі мұсылмандар болып табылатын мемлекеттерде Мұхаммед пайғамбардың кезіндегідей тәртіп орнатпақшы болады. Басқаша айтқанда исламдық өркениет құндылықтарын сақтап, байырғы мұсылман мемлекетін қайта орнатпақшы болады. Осы жолда олар ислам дінінің бұрынғы негізіне қайта оралуды көздейді. Ал, ол, бойынша, исламдық діни қайраткерлер мемлекетті де басқаруы тиіс. Ислам фундаментализмінің мәні осында. Оның үстіне исламшыл теоретиктер халықаралық қатынастар доктринасын құран уағыздарына негіздейді. Ол, бойынша, бүкіл әлем екіге бөлінеді: мұсылмандар қауымдастығы және қалған басқа дүние. Бұлайша бөлу исламдық және исламдық еместіктердің теңсіздігі болып саналады. Осы талап бойынша мұсылман еместерді мұсылмандықты қабылдауға шақырады. Бұл сияқты талап кезінде христан дінінің тарапынан да қойылған болатын. Олар осыны өркениеттілік деп есептейді. Бұл өз алдына зерттеуді қажет етеді.
Ислам теоретиктері өз доктриналарының бейбітшілік сипатын дәріптеп, Құранға жүгінетіні рас. Бірақ, Құранда "дінге зорлап кіргізуге болмайды"/7/делінген. Осы қағидаларда, біздіңше, қайшылықтар да бар. Ислам дінін тарату туралы уағыз оның доктринасының бейбіт бағытына толық сәйкес емес. Шындығында бұл саяси тәжірбиеде исламда ғана емес, христиандық дінде де орын алып келеді. (Рим папасының католик дінін тарату уағызын айтуға болады). Осылайша әлемде діндердің өзара қарама-қайшылығы орын алуда. Мұның үстіне "бірыңғай исламдық мемлекет" құру идеясы күштеу әдістеріне, тіпті лаңкестікке соқтыруда.
Діни фундаментализмнің Қазақстанға ықпалы.
Орта Азия мемлекеттеріндегі діни фундаментализмнің (вахабистік идеялардың) Қазақстанға таралу қаупі жөнінде біріне бірі қарама-қарсы екі пікір барын жасыруға болмайды. Олардың бірі Қазақстанға діни фундаментализм ешқандай қауіп төндірмейді десе /8/, екіншілері, қауіптің қатерін асыра бағалап, "еліміздегі қазіргі діни жағдай іргесіне жарылғыш заттарды жинап қойған алып үйдің жағдайымен бірдей"/9/,- дейді.
Еліміздегі діни ахуалды талдап қарайтын болсақ, біздіңше, келешек тұрғысынан қарағанда соңғы көзқарас дұрысырақ сияқты. Енді сол діни фундаменталистердің Қазақстанға таралу қаупінің алдын алу мәселесіне келгенде де, көзқарас екі жарылып отыр. Мысалы, Ж.Жеңіс ол жөнінде өз ойын былай деп білдіреді: "Осы болмай қоймайтын бітіспес қақтығыстардың алдын алудың бірден бір жолы - дәстүрлі исламды мемлекеттік дәрежеде қолдау көрсетіп, кеңінен насихаттау. Батыс мәдени-экономикалық саяси экспанциясына қарсы тұра алатын бірден-бір күш-ислам"/10/. Бұл пікір бір қарағанда дұрыс көрінгенімен, біздіңше, қате. Біріншіден, дінді насихаттап қаншалықты қолдау көрсетілгенімен, олардың арасында діни экстремистердің де қосыла келетінін ұмытуға болмайды. Екіншіден, ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялау, басқа жағын айтпағанның өзінде, конститутцияға қайшы.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында идеологиялық және саяси көптүрлілік мойындалады деп бекітілді де, әртүрлі плюралистік бағыттағы көзқарастар мен ағымдардың қатар өмір сүруіне жағдай жасады. Кейбір саяси күштер осыны және қазақы көңілшектікті ұтымды пайдаланып, түрлі діни секталардың елімізде қаптап кетуіне жол беріп алды. Ал оның салдары жақсы болмайды. Кейбір сарапшылардың пікірінше елімізде дәстүрлі емес діни ағымдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап, қатарларын көбейтіп, парламентке өз өкілдерін сайлай алатындай халге жетіп отыр. Ортақ саяси-экономикалық мүдделер үшін неден де боса тайынбайтын алпауыт мемлекеттердің қаржылық қолдауымен еліміздегі сансыз діни ағымдар өзара бірігіп, жаман ойға кетсе қауіпті. Сондықтан бұл жөніндегі құқықтық негіздерді осы бастан реттемесе болмайды. Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, "жалпы екі заттан-діни фанатизм мен діни дүмшеліктен бірдей сақтанған жөн"/11/. Діни дүмшелік қалай дегенге келсек, оған мысалдар жетіп жатыр. Қазақстандағы православие дінін жақтаушылар батыстық және шығыстық шіркеулердің, айырмашылықтарын жете түсіндіріп бере алмайды. Сол сияқты өздерін мұсылманбыз деп есептейтін қазақтар да, шииттер мен суниттердің айырмашылықтарын айтуға қиналады. Бұл сөзсіз діни дүмшелік. Оның бір себебі - ондаған жылдар бойы жүргізілген мемлекеттік атеизм саясаты. Ал діни фанатизм ұғымы дегенде, тарихтан белгілі болғанындай, шамалы ғана діншілдіктің өзі өмірге фанатизмнің небір ұшқары түрлерін әкелген. Оның үстіне біздің республикамен шектес Орта Азия мемлекеттерінде дінді саяси өмірдің бір кілтіне айландырған құпия немесе жария діни орталықтар бар.
Діни фундаментализм мен лаңкестіктің таралу аясы.
Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Қазақстанда қазіргі кезде діни конфессиялардың өзара келісім жағдайында болуына қарамастан, бұған керісінше, әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діндер арасындағы текетірес жалғаса түсуде. Оған мысалдар көп. Мысалы, Англиядағы Ольстер мәселесі, Индия-Пакистан шиеленісі, Шығыс Тимордағы қанды оқиғалар, Нигериядағы конфессияаралық қақтығыстар, діни факторларды пайдалану арқылы саяси мәселелерді шешуге тырысуда. Қысқасы терроризм мен антитерроризм арасындағы күрес негізінен діни белгілеріне қарай жүргізілуде.
Тарихқа үңілетін болсақ, діндер арасындағы шайқастар не бір адам айтқысыз қантөгістерге сұмдық терроризмге әкелген. Жавахарлал Нерудің Әлем тарихына көзқарас еңбегінде айтылғандай, жүз жылдан аса уақыт бойы христиандық пен ислам Сирияда, Палестина мен Кіші Азияда үстемдікке жету үшін күреседі, олар бір-бірінің күшін сарқып, әлгі елдердегі жердің әрбір пұшпағын адам қанына бөктіреді. Бұрынғы гүлденген қалалар саудасын тоқтатып, бір кездегі көркінен, айбатынан айрылады/12/. Неру айтқандай күрес, біздіңше, қазір де жалғасуда.
Соңғы кездері әлемдегі кеңінен тараған христиандық пен исламдық өркениеттердің тайталастығы негізіндегі қауіп-қатер тағы да күшейе түсуде. Себебі осы кезде орта ғасырлық крест жорығы, және жихад ұғымдары кеңінен қолданылуда. Ал Қазақстанда діни негіздерге қайта оралудың күшейгендігін мына деректерден-ақ байқауға болады. Қазақстандағы мешіттердің саны 25-1500 дейін жетсе, православиелік приходтарының саны 4 есеге көбейген, котоликалық шіркеулердің үштен бір есеге артқаны мәлім. Протестанттық бірлестіктердің миссиялары мен мінәжат үйлері, иудейлердің қауымы 21-ге дейін жеткен. Қырықтан астам конфессияны қамтитын 3000 жуық діни бірлестіктер бар/13/. Басқа да діни бағыттар өсе түскен. Социологиялық зерттеулер көрсетіп отырғанындай, республика тұрғындарының 95,2%-і діндарлар, 2%-і ғана өздерін діннің ашық қарсыластарымыз деп санайды. Қалғандары бейтарап қараушылар/14/.
Бірақ бұларды қол жеткен жетістіктер дегенімізбен, оған қарама-қарсы жаһандану мен информациялық процестің әсерімен түрлі жалған діни ілімдерді, әдейі саясаттандырылған діни фундаментализмді тарату ісі адам айтқысыз дәрежеде белең алуда. Бұл жағдай, әрине, жалғыз ғана ислам дініне байланысты нәрсе емес. Діни фундаментализмнің жандануы барлық басқа да діндерге байланысты болып отыр. Ал бұл дегеніңіз, біздіңше, өркениеттер қақтығысының терроризм мен антитерроризм түрінде жүргізілуінен басқа ешнәрсе емес.
Діни фундаментализм мен лаңкестікті анықтау критериі.
Адамның немесе белгілі бір топтың діни фундаменталист немесе лаңкес екенінің өлшемі (критериі) әлі де болса нақты анықталған жоқ. Тарихқа көз жіберсек, Ұлы Римнің ірге тасын шайқалтқан Спартак бастаған құлдар көтерілісін террористерден де жаман қарғап-сілеген. Амал не, көтерілісшілер күші басым римдіктер баскесер, қарақшы, терроршы деп қаралады. Ал көтерісшілердің асқақ арманы азаттық болды. Адамдық биік рухты таптатпау, ар намысты құл иеленушілермен тең ұстау арманы еді. Римдіктердің лаңкестер жөніндегі өлшемі бір басқа да, спартакшылардың өлшемі екінші басқа болды. Қазіргі кездегі терроршыларды анықтау жөніндегі өлшем де осы айтқандай буалдыр. Ал, мұның өзі террористермен күресу мәселесін тіпті қиындатып жіберді. Бұрын да, қазір де, адамзаттың бірі-қанаушы, бірі-оған қарсы тұрушы. Олардың қайсысы экстремистік, террорлық жолды таңдаушы, қайсысы әділет, бостандық үшін күресуші-міне мәселе осында.
Әлеуметтік, саяси, экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі әлем халықтары арасындағы өткелі жоқ қиын асу. Дамыған елдер жер-жиханға өздерінің игіліктері мен мүдделерін түрлі жолдармен таратуды көздейді. Олар тіпті күш қолдануға, агрессияға дейін барып, террористерден кем түспеуде. Онымен қоймай Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Азияны жаппай жайлап алған террорлық топтармен ұзақ қиын күреске дайындалып, қоқан-лоқы көрсетуде. Ал АҚШ бұған қарсы өздері терроршы деп танығандардың бәріне алдын-ала соққы бермек. Ол үшін түрлі айла-шарғыларды, сылтауларды оп-оңай табады. Турасын айтқанда, дінге көзқарас нағыз әлемдік идеологиялық майданға айналып отыр. Оны әр ел әр түрлі пайдалануда. Мысалы, АҚШ Иракқа қарсы аттандырылған жауынгерлердің рухын көтеруде діни сенімді кеңінен пайдаланды. Әскерилер арасында христиан священниктері олардың ажырағысыз бөлігіне айналған. Олар Америка жауынгерлеріне бұл соғыстың әділетті соғыс екендігін, олардың Құдай жолында соғысатындықтарын, олардың бұл жерге әділеттілік орнату миссиясымен келгенін құлақтарына құйып келген. Сүйтіп лаңкестік критериін діни айырмашылыққа байланысты анықтай салған. Ал, шын мәнінде, оның өлшемі жалпыадамзаттық құндылықтар мен әділеттілік принциптері тұрғысынан анықталуы тиіс.
Қорыта келгенде, Қазақстандағы дін жөніндегі саясат көрші Орта Азиялық мемлекеттермен салыстырғанда бірсыпыра ерекшеліктерге ие. Ең бастысы конфессияаралық татулық пен келісімдер сақталуда. Бұл жөнінде тиісті заңдар қабылданып, көптеген жұмыстар атқарылғанымен, зайырлы мемлекет құру бағыты мықтап ұсталынып отыр деп, біздіңше, айту ерте. Мемлекет басшысы, үкімет, парламент конфессиялардың біреуіне біржақты басымдық беруге тырысқан емес. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттердің зайырлылығын шайқалтуға тырысатын кейбір қозғалыстардың, атап айтқанда, белгілі бір дінге басымдық бергісі келетін қозғалыстар да жоқ емес. Мысалы, бұған Валентин күнін мейрам етіп жариялау туралы христиандардың ұсынысын, құрбан айт және ораза айт күндерін мейрамдау жөніндегі мұсылман дінін жақтаушылардың ұсыныстарын жатқызуға болады. 2003 жылдың наурыз айында Қазақстан парламентінің соңғы ұсыныстарды қабылдамай тастағаны мәлім. Бір дінге артықшылық бергісі келетін саяси күштер діни уағыздарды таратуға Қазақстанда кең мүмкіндіктер жасалғанын пайдаланып, дін арқылы саяси үстемдікке қолдарын жеткізгісі келеді. Сондықтан дін жөніндегі толеранттылықтың теріс нәтиже беретінін де ұмытпаған жөн. Саясатта оны еске алып, діни экстремизмнің алдын алу шараларын жүзеге асыру, өте күрделі және қиын іс.
Билік пен бұқара арасындағы алауыздық, жоғарыдағы басшылық арасында коррупцияның асқынуы, жер дауының әділ шешілмеуі және т.б. қайшылықты мәселелер кекшілдер легін тудырады. Әділдік болмаған жерде араздық бар. Мысалы наразылықтың бірі жерді сату мәселесімен байланысты болып отыр. Сол сияқты жұмыссыздықа, кедейшілікке, қайыршылыққа, сауатсыздыққа ұшыраған адамдар терроризмге қолайлы. Тығырыққа тіреліп басқа жол таппай торыққандар өте қауіпті. Ондайлар экстремистік, террорлық жолға өз еркімен оп-оңай бара алады.
Осындай жағдайда Қазақстанға діни экстремизмнің таралуына жол бермеу үшін көптеген сақтық шараларын жүзеге асыруға тура келеді. Біріншіден, түрлі діни секталардың ел ішіндегі тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған іс-әрекеттеріне заң жүзінде тиым салу. Екіншіден, діни фундаментализм идеяларын әшкерелейтін діни ағарту жұмыстарын жандандыру. Үшіншіден, оқу орындарында жастарды зайырлылық рухында тәрбиелеулді күшейту. Төртіншіден, ең бастысы, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға арнайы көмек шараларын іске асыру және т.б.
Қорытынды
Соңғы кездерi әлем халқының назары Ирак мәселесiне қадалып отыр. Өзiнiң экономикалық және саяси жағдайын жақсарту үшiн АҚШ үкiметi Ирак мемлекетiн зұлымдық ошағы ретiнде көрсетуге тырысып, оның ұлан-ғайыр мұнай қорын иеленiп қалуға, сөйтiп әлемдiк мұнай бағасын реттеудi өз қолына алуға және бәсекелес Ресей, Европа, Қытай мемлекеттерiн әлсiрету арқылы табысқа жетудi көздеп соғыс ашып, анығырақ айтсақ жаулап алды. Аталмыш елдердiң экономикалық және басқа тұрғыдан iлгерiлеуi, евроның өсiп, доллардың тұрақсыздануы әлемдiк үстемдiкке ұмтылған АҚШ үкiметiне тыныштық берер емес. АҚШ пен Ирак соғысы барысында зұлымдық ошағы Ирак немесе басқа бiр мұсылман елi емес, нақ сол АҚШ-тың өзi екенi белгiлi болып қалды.
Әрине, бiз әлемдiк саясатқа талдау жасаудан аулақпыз, бiрақ, өкiнiшке орай мұсылмандар туралы айтылатын кез келген әңгiме бiздiң өркениетiмiздiң, дүниетанымымыздың негiзi болып табылатын қасиеттi дiнiмiз - Исламды жамандаудан басталатыны жанға батады. Ал басшыларымыз көбiнесе дiндi тек терроризм тұрғысынан ғана сөз етедi. Мұның бәрi көп жағдайда бiлiмсiз адамдарды дiннен алшақтатуға себеп болып жатады. Ендеше, әдiлдiгi әлемнiң көптеген ойшылдарына таңдай қақтырған дiнiмiздi оқып бiлуге, Аллаһ нәсiп еткен ата дiнiмiздi тануға ұмтылайық, ағайын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. Бұл Құрылтай-қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанының белгісі. //Егемен Қазақстан, 24 қазан 2002 жыл, 1-бет.
2. Косиченко А.Г., Ашимбаев М.С. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. Алматы,2002г; Бурханов К., Сатпаев Д. Нахлынет ли война экстремизма. //Казахстанская правда. 7 января 2000 г; Карин Е. Азия өзара сенімге зәру. //Егенмен Қазақстан. 24 мамыр 2002 жыл.
3. Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл. //Алматы, 2003., 77-бет.
4. Бұл да сонда. 79-бет.
5. Независимая газета. //18 қыркүйек 2002 жыл.
6.Мұқанқызы С. Исламның арқауы-ізгілік. //Егемен Қазақстан, 25 қыркүйек 2002 жыл, 6-бет.
7. Коран. Перевод И.Ю. Крачковского. Москва, 1990 г., стр.56.
8. Жүнісов Т.А., Көбеева О. Дін туралы философиялық көзқарастар және діннің идеологиялық мәні. //Руханият мәселесі және діннің қазіргі қоғамдағы орны. Шымкент, 2001 жыл 2 том, 104-бет;
9. Жеңіс Ж. Орыстан босаған орынға енді кімнің қонжиғысы бар? //Жас Алаш, 6 наурыз 2003 жыл, 5-бет.
10. Бұл да сонда.
11. Назарбаев Н.Ә. Бұл Құрылтай-қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанының белгісі. //Егемен Қазақстан, 24 қазан 2002 жыл, 1-бет.
12. Жавахарлал Неру. Әлем тарихына көзқарас. //Парасат.N1, қаңтар 2003 жыл, 8-бет.
13. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІX сессиясында сөйлеген сөзінен. //Егемен Қазақстан, 16 қараша 2002 жыл, 1-бет.
14. Мұхтар Құл-Мұхаммед. Дінге сергектік-ділге сергектік. //Егемен Қазақстан, 5 ақпан 2002 жыл.
16

- Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы
- Ежелгі гомининдер және олардың еңбек қызметі
- Ежелгі Грекия
- Ежелгі Грекиядағы құқықтық-саяси ойлар
- Ежелгі Грекиядағы құқықтық-саяси ойлар
- Ежелгі Грекиядағы құқықтық-саяси ойлар
- Ежелгі грекия мәдениеті
- Ежегодный отпуск
- Ежелгi Қытай мемлекетiнiң құрылысы мен құқығы
- Ежелги Грекия
- Ежелги Египет
- Ежелгі абыздар қауымдастығы
- Ежелгі Вавилон қоғамның әлеуметтік құрылымы
- Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы