Франция мемлекетінің қаржы жүйесі

Жоспар

 

    1. Кіріспе

 

    1. Негізгі бөлім
    1. Францияның макроэкономикалық жағдайы
    1. Ақша – несие саясатының қалыптасуы
    2. Франция Банкі
    3. Қаржы – несиелік мекемелер жүйесі.

 

    1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Францияның қаржы жүйесі

                                                          

      

                                                           Орындаған: Мұқұшева Ә.Қ.

                                                                          Тексерген: Кукиев А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жыл

  1. Кіріспе

 

      Франция  әлемдегі жоғары дамыған бес  мемлекет қатарына кіреді. Франция  ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония  және Германиядан кейінгі төртінші  орында.

     Экономикада  маңызды орынды ғылыми зерттеулер  және ақпараттық қызмет көрсетулер  алады. Франция шетел инвестицияларын  тікелей тарту бойынша әлемде  төртінші орында. Инвесторлар мемлекеттегі  қаржы тұрақтылығын, ғылыми зеттеулердің  жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы  техникаландырылған өндірісті тағы  басқа маңызды факторларды ерекше  бағалайды. Экспорт бойынша Франция  мына мемлекеттермен байланыста: Европалық  қауымдастық : 63%( Германия  16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия – Люксенбург 11%).

     Бюджет сипаты: кірістер – 210  млрд доллар, шығыстар – 240 млрд доллар. Экспорт  – 325 млрд доллар. Импорт –  320  млрд доллар.

     Дамыған мемлекеттер  ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні  ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы  үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының  жоғарлағандығы. Франциядағы салық  жүйесіне тән ерекшелік – тікелей   салық салудың төмен деңгейі  мен жанама салықтардың жоғары  деңгейі. Жанама салықтар жалпы  бюджет табыстарының 60% береді, негізінен  бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%). Ал, тікелей  салықтар ішінде басты рөлде  жеке тұлғалардан алынатын табыс  салығы ие, оның үлесі жалпы  түсімдердің  20% құрайды.Қазіргі  кезде Франция үкіметі салық  саясатын өзгертуде, жұмыссыздық  деңгейін төмендетуде күрделі  қадамдар жасауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі бөлім
  1. Францияның макроэкономикалық жағдайы

 

 

         Францияның экономикасы әлемдік  шаруашылықта маңызды рольдердің бірін  ойнайды. ЖІӨ көлемі бойынша Франция  әлемде тұрақты төртінші орында. Франция  – Европадағы, территориясы мен  халық саны бойынша ең ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Елдің  аумағы (метрополия және Корсика) – 551 мың шаршы шақырым, халық саны - 58 млн. адам.  Олардың 95% - ы француздар, қалғандары–бретондықтар, немістер, итальяндықтар, португалдықтар, түріктер.                                                                                        

 Елдің экономикалық  дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш–  нақты ЖІӨ өсімі- соңғы жылдарда  оң нәтиже көрсетіп келді.

       2001 жылдың 1 қаңтарында Францияда кең қоғамдық резонансқа ие болған заң қабылданды. Ол жұмыс аптасының жалғасуын 39- дан 35- ке қысқартты. Сонымен қатар, осы заң шеңберінде кәсіпорын деңгейінде кәсіподақтар мен кәсіпкерлердің бірқатар келісімдері жасалды.        

35 сағаттық жұмыс аптасына  ауысу көбінесе жыл жұмыс уақытын  пайдаланудың көбеюіне әкеледі,  себебі өндірістік құрал жабдықтың  эксплуатациясының ұзақтығы көбейеді. Сонымен қатар, жұмыс уықытының  қысқаруы өндіріс шығындарын  едәуір өсірді және кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігіне әсер  етті. Шағын кәсіпорындарда да  өнімділікті өсіру қиын, себебі  олар көбіне шағын болғандықтан, басқа еңбек ұжымын енгізу  қиыншылық туғызады. Еңбек нарығында  жағдайдың нашарлауы уақытша  келісім - шарт бойынша жұмыс  істейтіндерге сезілді, бірақ  бұл ақпараттық қызметтерге және  құрылыс өнеркәсібіндегі жалғасып  жатқан сұранвс негізінде компенсацияланды. Сонымен қатар сағаттық төлемнің  автоматты түрде өсуі жұмыс  аптасының бұрынғы ұзақтығын  сақтаған кәсіпорындарға кері  әсерін тигізді. Сондықтан 2002 жылы шағын және орта кәсіпорындарда 35 сағаттық жұмыс аптасын енгізу  ұсынылды.        

 Француз экономикасы  ішкі байланыстар үшін кеңінен  ашық. Франция қызметтерді және  ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты  бойынша әлемде екінші орынға, өнеркәсіп өнімнің экспорты бойынша  - төртінші орынға ие. Францияның  негізгі ішкі – экономикалық  серіктестері – Еуроодақ мүшелері. ЕО елдерінде елдің тауар айналымының  63 % - ы және француз экспортының  60% -ы келеді. Францияның ЕО –  пен оң тауарлы сальдосы 1998 жылы 63 млрд франкке ( 9,6 млрд евро) жетті.  Германия – Францияның артықшылықты  сауда серіктесі болып табылады. (16% экспорт, 20% импорт). Екінші орында  – Италия( 12%), одан кейін Ирландия  мен Нидерланды. Францияның тауар  айналымында АҚШ – тың үлес  салмағы 6,1 % - ды құрады. Елдің  экономикалық өсуінің себептерінің  бірі болып француз экспортының  шапшаң өсуі есептеледі

        Франция Банкінің мәліметтері бойынша 1997 жылдың 1 қаңтарына тура шетел инвестициялары 753,8 млрд франкті құрады. Негізінен олар ЕО елдерінен түсті.(64%). АҚШ инвесторлар арасында бірінші орында болды. (152,3 млрд франк немесе 20,2%) . Францияда тура шетел инвестицияларының салынуының негізгі салалары болып және түрлі холдигтер (20,5%), несие мекемелері (17,5%) , көбінесе банктік (9,2%), химия өнеркәсібі (12%). Резидент еметердің француз бағалы қағаздарын сатып алу көлемінің өсуі, динамикалық экспорт , шетел туризмінен едәуір түсімдер ағымдық төлем балансының оң сальдосының 2 есе өсуіне мүмкіндік береді. Ол шамамен 232 млрд франкті құрады. 1998 жылы ьұл көрсеткіш азиялық дағдарыс салдарынан едәуір қысқарды.       

2015 жылға дейін экономиканың  позитивті динамикасы үшін экспорттың  кем дегенде биылғы көрсеткіштерін  сақтау қажет.      

 Бұл үкімет алдына  ауыспалы ғылыми сыйымды өнімнің  мәні күшейетін әлемдік сұранысқа  белсенді адаптация мәселесін  қояды. Әзірге Франция бұдан  артта. Ұлттық экспортта көлік  пен құрал – жабдықтар үлесіне  шамамен 48  % келеді, бұл АҚШ пен ФРГ – дан едәуір аз. Керісінше, өңдеу деңгейі төмен өнімнің үлес салмағы негізгі бәсекелестерге қарағанда жоғары. Сонау 1950 – ші жылдары қате таңдалған жалпы шаруашылық және өнеркәсіптік маманданудағы кемшіліктерден арылу үшін, Францияға алдымен жеке бизнестің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату қажет.

 

 

  1. Ақша – несие саясатының қалыптасуы

 

 

         XIX ғасырдың ортасына дейін Франция  территориясында  биметаллизм болды. V – VI ғ.ғ – мемлекетке  алтынның күшейтілген ағымының уақыты. Негізінен бұл әскери                        - Галилен алтыны, римдік алтын. Римдік монеталар уатылу және бүлінуіне байланысты біртіндеп айналыстан шыға бастады және өз монеталары, алдымен күміс, одан кейін алтын монеталар чеканиться етілді. Франк мемлекетінің ақша жүйесі римдік денарияға негізделді. VI – ғ. басына қарай солический франктерінде денарий солидтің 1/40 – ін құрады. Бұндай қатынас вестготтарда да болды. Француздік ливр және су фунт және солидтің орнын басушылары болды.       

Францияның Каролингтермен бірігуінен кейін Ұлы Карл Европа тарихында үлкен роль атқарған ақша реформасын жүргізді. Каролингтер реформасы салдарынан алтын солидтің орнына 1/20 күміс фунтқа тең күміс солид келді, ал алтын шетелдіктерден айыппұлдар алу үшін пайдаланылды. Ұлы Карлдың реформасы тек негізгі монета -  денарийдің салмағының өсуіне ғана әкелді. Ол не чеканканың орталықтандырылуына, не мемлекеттік монеталардың еркін айналуына жете алмады, ал оның қазасынан кейін 50 жылдан кейін империя нормандардың шабуылынан дамыды. Дегенмен оның реформасының бір жағы өз мәнін ұзақ сақтады – фунт ақша бірлігі ретінде болды. Ал ол кезде бірыңғай монеталық двор болуы да мүмкін емес еді. Сол кездегі техника жағдайында барлық мемлекетті монетамен қамтамассыз ету мүмкін емес еді.       

 Франция Каролингтерден шоттық ақша бірліктерін мұра етті. Ірі сомаларға ақша шоты ливрда (фунт), суда (солид), деньеде (денарий) есептелді. Ақша жүйесінің негізін денье құрады. Франктік корольдар монетаның чеканкасын орталықтандыруға тырысты. Ыдырау кезінің өзінде де  чеканка шегіне орталықтандырылған бекітілген ережелер бойынша жэүргізілді. Кейінірек корольдік чеканка құлдырады, дербес корольдер әрқайсысы монеталарының чеканкасына ауысты.      

''Денарий'' ақша бірлігінің  атауы жеткілікті ұзақ сақталды. Негізгі ақша бірліктері ливр, солид және франк болғаннан кейін денье ұсақ айырбас монета ретінде сақталды. Денье курсының және тұрақтылығының нашарлауы және жақсаруның үздіксіз кезектесуі салдарынан бағалардың масштаб функциясын орта ғасырларда күміс маркасы орнады.       

XX  ғасырда Францияда ақша – несиелік қатынастардың эволюциясы келесі хронология бойынша дамыды. 1903 жылы 20 наурызда заң қабылданды, оған сәйкес франк құны анықталған бағалы метал көлеміне теңестірілді. 1914 жылы 5 тамызда Франция банкінің  банкноталардың алтынға айырбасын алтын құйма стандартын енгізу жолымен қалпына келтірді, ол 1936 жылға дейін әрекет етті.      

1939 жылы француз колониялары  кіретін франк аймағы заңды  рәсімделіп, оны франция басқарды. Аймақ XIX ғ – да Франция банкі эмиссия құқығын колониялды банктерге бергенде құралды. Аймаққа кіретін елдердің валюталарының тұрақтылығы француздық франкке байланысты болды, себебі барлық қатысушы – елдер өз резервтерін француздық франкте ұстауы керек болды және оларды айырбас бағамының қатаң фиксациясымен Парижде сақтаулары керек болды. Франция банкі монетарлық саясаттың жалпы бағытталуын франк аймағы шекарасында оған кіретін елдерге көмек көрсету арқылы жүзеге асырды.

     Қазіргі заманғы Францияның ақша айналысы келесі көрсеткіштермен сипатталады. М1 агрегатына Франция Банкі шығарған банкноталар және айырбас монеталар, сонымен қатар пошталық чектерді басқару сияқты мекемелер немесе банктер қолдана алатын банктік шоттарда жазылған ақшалар кіреді. Бұл шоттардағы сомалар тікелей төлемдер үшін қолдануы мүмкін. 1987 ж. желтоқсанның соңына банкноталар ақша массасының 19% - ын құрады, резиденттердің  қолындағы айырбас монеталары – 1%, ағымдағы пошталық  шоттардағы және қазынашылық жеке тұлғаларының шоттарындағы ақша сомалары – 19% , банктік шоттарға жазылған ақшалар – 66%.     

 М2 және М3  агрегаттарына М1 агрегатынан бақа, жинақ және мерзімді салымдардағы ақша қаражаттары, кассалық бондар, депозиттік сертификаттар кіреді. Бұл қаражаттар ақша болып табылмайды, себебі оларды чектің көмегімен аударуға болмайды, ал ақшаларды алу анықталған шарттарға бағынады, бірақ олар ақшамен 2 қатынаста ұқсас: біріншіден, олар қысқа мерзім  ішінде тауарлар мен қызметтер нарығына жіберілуі мүмкін, екіншіден, ақшаны жинақтауды едәуір жинақталған тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді, себебі пайыздар әкеледі.      

 2002 жылдың 1 қаңтарынан француздық франк айналыстан алынуы және бірыңғай европалық валюта евроға ауыстырылды. 1957 жылдан Европалық экономикалық одақтың мүшесі бола отырып, Франция бұл оқиғаға Евроодақтың барлық реформаларында белсенді қатыса отырып жетті. 2001 жылдың 11 мамырында алғашқы евро Пессак заводынан шықты, ал қолма – қол евроны енгізу уақытына Франция айналысқа 7,6 млрд монета шығарды. Сөйтіп, 2002 жылдың 1 шілдесінен француздық франк Францияның заңды төлем құжаты болып табылмайды, ал оның орнын евро басты.

 

                                               c) Франция Банкі 

 

 

       Европадағы ескі орталық  банктердің бірі болып табылатын  Франция Банкі 1800 ж. Наполеон  Бонапартпен құрылды. 1803 ж. банкке  берілген және 1806 ж. бекітілген  эмиссия құқығы 1945 жылға дейін  төрт рет жаңарды.     

1936 ж. дейін Франция  Банкі 15 «регенттен» құралған  Кеңеспен басқарылды. 1936 ж. ол  өзіне 20 директорларды қосатын  Бас Кеңескеөзгертілді. 1945 ж. 2 желтоқсандағы  заң бойынша Франция Банкінің  капиталы мемлекетке берілді,  оның салдарынан ол осы уақытқа  дейін мемлекеттік мекеме статусын  сақтайды.

    Францияны инфляцияны таргеттеу саясатын жүзеге асырушы елдердің қатарына қосуға болады.        

 Инфляцияны таргеттеу бірнеше элементтерді қосады:

1.  инфляцияның нақты көрсеткіштеріне жетудің орта мерзімді декларациясы;

2.  елдің ұзақ мерзімді даму концепциясына инфляция параметрлерін мақсатты қосу;

3.  ағымдық көрсеткіштер ролін төмендету, мысалы инфляцияның ықтимал стратегиясына жетудің жалпы стратегиясында ақша массасының өсімін төмендету;

4.  ұзақ мерзімді монетарлық саясаттың айқындылығы, ағымдағы тапсырмалар мен жоспарлардың жариялылығы;

5.  инфляцияның мақсатты деңгейіне жету үшін орталық банктердің міндеттілігін көбейту.

     Франция Банкінің инфляцияның  мақсатты деңгейіне жету үшін қолданатын негізгі инструменттері келесідей:

●  франктің валюталық бағамының динамикасына және айналыстағы ақша көлеміне тікелей әсер ететін пайыздық мөлшерлемелерді реттеу;

●  пайыздық мөлшерлемелерді реттеу механизмі несиелік аукциондар немесе 5 – 10 күн мерзімге вексельдердің кепілі арқылы банкаралық нарықта несиелік интервенцияға негізделген;

●  валюталық интервенциялар. Монетарлық реттеудің мүшелері интервенцияларды валюталық нарықта әртүрлә мақсатта жүргізілуі мүмкін, оның ішінде айырбас бағамын қолдау үшін және халықаралық резервтердің қажетті деңгейіне жету үшін. Ұлттық валюта бағамын өсіру үшін шетел      

Франция Банкінің  аймақтық мекемелерінің ұйымдастырушылық жүйесі географиялық приндіп бойынша құрастырылған. Әр аймақтық мекеме әдетте әкімшілік бірліктердің шекарасымен сәйкес келетін өз географиялық аймағында істейді. Аймақ көлемі де есепке алынады. Сөйтіп, 66 департаментте бірнеше аймақтық мекеме жұмыс істейді, ал 30 департаментте – бір – бірден.     

Франция Банкінің  аймақтық мекемелер жүйесінің құрылуының функционалдық принціптері болып олардың салалық мамандануы және қызметтің нақты бағыттарына бейімделу табылады. Олардың ішінде:

●  қолма – қол және қолма – қолсыз ақша айналысымен және есеп айырысу жүелерімен басқару;

●  шетел операцияларымен басқару;

●  банктік жүйені және тәуекелдерді бақылау;

●  мәліметтерді жинау, талдау және қаржылық емес кәсіпорындар туралы ақпараттың – аналитикалық материалдарды дайындау;

●  статистикалық материалдарды, экономикалық, қаржылық және  ақша – несиелік шолуларды дайындау және тарату;

●  жеке тұлғалардың артық шығындары туралы мәліметтерді дайындау, клиенттермен басқару, «Инфобанк» ақпараттық терезесін функционалдау және басқалары.

 

d)Қаржы – несиелік мекемелер жүйесі 

 

 

       Францияның қаржы – несиелік жүйесінің функционалдауы 1984 жылғы заңмен реттеледі. Ол өзіне үш деңгейді қосады: орталық банк ( Франция банкі); коммерциялық банктер, маманданған қаржы – несиелік мекемелер: инвестициялық, ипотекелық, ішкі сауда банктері, сақтандыру және қаржылық компаниялар, зейнетақы қорлары және басқалары.       

Банктік мекемелер. Олар капитал салымдарын қаржыландыруға және несиелендіруге маманданады. Француздық банктердің үлесі жалпы ұлттық өнімнің шамамен 4 %  тиісті, бұл шамалап көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы сияқты салалардың үлес салмағына сәйкес.       

Әмбебап банктер қызметтің  барлық түрлерімен айналысады, оның ішінде банктік функциялармен байланысты емес: сақтандыру, туризмге қызмет көрсету, ақпараттық қызмет көрсету, кеңес беру және т.б. Ірі әмбебап банктер  белгілі бір клиент немесе қызмет түріне қызмет көрсетуге маманданған  несиелік мекемелермен қатар қызмет етеді. 1981 ж. Францияның  барлық банктері ұлттандырылды. 1984 ж. қаңтар айында банктердің жекешеленуіне ауысатын банктер туралы заң қабылданды.       

Қазіргі уақытта Францияда  жалпы саны 250 мыңнан астам жұмыскерлері бар 400-ден артық коммерциялық және инвестициялық банктер бар. 1984 жылы олардың бәрі Француз банктерінің  Ассоциациясына бірікті. Оған 35 ірі  ұлттандырылған банктер, сонымен қатар  олардың 120 филиалы, 74 француздық жеке меншік банктер және шетел капиталымен  реттелетін 151 жеке меншік банк кіреді.      

Несиелік мекемелердің едәуір мәнді категориясы болып коммерциялық банктер табылады. Ережеге сай олар акционерлік кәсіпорын формасына ие. Олардың қызметінің мәні қысқа мерзімді несиелер ұсыну үшін мерзімсіз салымдарды қабылдау болып табылады. Бірақ, өз қызметінің саласын салымдар немесе қарыз түрінде капитал ала отырып, қарыздарды едәуір ұзақ мерзімге ұсына отырып, басқа кәсіпорындардың капиталына қатыса отырып, бағалы қағаздардың эмиссиясымен орналастыруын ұйымдастыра отырып, клиенттердің мүлкін басқаруды жүзеге асыра отырып кеңейте алады. Коммерциялық банктер бен негізгі функцияны орындайды:

●  ресурстарды қалыптастыру;

●  меншікті активтермен басқару;

●  төлем құралдарымен басқару;

●  банкаралық операцияларды орындау;

●  қаржылық және өзге қызметтерді көрсету.     

Француз банктерінде меншікті капитал екі бөліктен құралады: базалық  және қосымша қаражаттардан. Меншікті капиталмен қатар банк пассивіне  тартылған қаражаттар кіреді – депозиттік және депозиттік емес. Несиелік операциялар банк активтері статьяларының ең үлкен тобы болып табылады. Несиелендірудің кең тараған түрлері:кәсіпорындардың ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыруға, олардың инвестицияларына, жеке тұлғалардың тұтынуына және несиелендіруіне шығындары үшін несие.     

Инвестициялық банктер кәсіпорындарға олардың салымдарын қаржыландару үшін несиелер ұсынады және ұзақ мерзімді және орта мерзімді операцияларды жүзеге асырады. Банктердің бұл категориясына жатады:

●  қаржылық кеңес беруге, мүлікті басқаруға, сонымен қатар француз кәсіпорындарының капиталдарын халықаралық орналастыруға маманданған жеке меншік банктер;

●  өнеркәсіптік банктер; олар кәсіпорын қызметіне қатысатын іскер банктер және кәсіпорындарға қаражат салу үшін қарыздар беретін және салымдар жинайтын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер банкі болып бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды

 

    Еуропалық Одақтағы экономикасы ең қуаттылар қатарындағы Францияның көрсеткішін «ААА»-дан «АА+» деңгейіне дейін төмендету – әлемдік қор нарығында да әбігерге салды. 

    Францияның қаржы министрі Франсуа Баруэннің пікірінше, рейтингтік агенттіктердің болжамдары мен берген бағалары Францияның қаржы саясатына кері ықпал ете алмайды. Ал еуроаймақа мүше елдердің қаржы министрлерінен құрылған топтың басшысы Жан-Клод Юнкер рейтингтік агенттіктердің сынына қарамастан, аймақ экономикасын өсіруге күш салатындықтарын айтты

    

 

 

  Франция үкіметі ақпан айының

аяғына дейін ауқатты  адамдарға салынатын салықтың жаңа нұсқасын әзірлеп шығады.

Экономика және қаржы  министрі

Пьер Московиси Франс-2 телеарнасына

берген сұхбатында елдегі ауқатты адамдарға

көбірек салық салу идеясынан  бас

тартпайтынын мәлімдеді.

    

      Ал Франсуа Олланд жылдық табысы 1 млн. еуродан асатын жеке тұлғаларға 75 пайыз көлемінде салық салу туралы ұсыныс айтты. Дегенмен, бай адамдар бұл ұсынысқа өз наразылықтарын білдіріп, активтерін шетелдік есепшоттарға аударып, тұрақты мекен-жайларын өзгертіп үлгерген.

     Үкімет жыл басында жоғарыда аталған заң жобасын қабылдамақ болған еді. Конституциялық кеңес әзірленіп жатқан бұл жобаның заң талаптарына қайшы келетінін алға тартып, мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдірмеді. Сондықтан Министрлер кабинеті заң жобасын қайта қарастыратын болады.

                                                        


Франция мемлекетінің қаржы жүйесі