Генетика және қоршаған орта

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырып : Генетика және қоршаған орта

 

 

 

 

Орындаған: Бегәділ А.Б.

1-044-топ ЖМФ

                                                                                         Тексерген: Кинаятов М.А.

 

 

 

 

 

Қарағанды 2014

Жоспар

I.  Кіріспе

II.  Негізгі бөлім

    1. Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануының генетикалық зардаптары
  1. Экология- тіршілік ету мекені
  1. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
  2. Табиғи ластану
  3. Жасанды ластану
  4. Атмосфераның радиоактивтi заттармен  және атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы
  5. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары және Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі шаралар
    1. Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы  тұқымқуалаушылық пен ортаның  рөлі
  1. Адамның тұқымқуалайтын паталогиялық аурулары
  2. Адамдағы тұқымқуалауды зерттеу әдістері
  3. Ең көп тараған тұқымқуалайтын аурулары
  4. Тұқымқуалайтын аурулардың  алдын-алу шаралары
    1. Тұқымқуалайтын ауруларды  емдеудің  негізгі принциптері.Генотерапия
  1. Тұқым қуалайтын аурулардың салдары
  2. Тұқымқуалайтын ауруларға жалпы шолу
  3. Тұқым қуалайты  ауруларды  емдеудің негізгі принциптері
  4. Тұқымқуалайтын ауруларды лабораторлы диагностикалау әдістері
  5. Тұқымқуалайтын аурулардың алдын-алу жолдары

III.    Қорытынды

      IV.   Қолданылған әдебиеттер

                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты

    1. Табиғатты және тірі ағзаларды ластанудан сақтау
    2. Адамдағы туқымқуалайтын паталогиялық ауруларды емдеу, зерттеу
    3. Гендік аурумен ауыратын ағза жасушаларына «қалыпты»генді енгізу

Міндеті

  1.    Халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу
  2.    Ауруларды емдеуден гөрі сол аурудың алдын алып,оны болдырмау

 

          

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      Қоршаған  табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және  денсаулығына әсер ететін табиғи  компоненттердің жиынтығы. Қоршаған  табиғи ортаның компоненттеріне  атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер  асты байлықтары, хайуанаттар және  өсімдіктер әлемі жатады.Қоршаған  ортаның ластануы – адамға  және табиғи экожүйеге зиянды  әсер ететін физикалық-химиялық  және биологиялық заттардың қоршаған  ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат  құбылыстары мен заңдылықтарына  қайшы келетін және оның қалыпты  жағдайына нұқсан келтіретін  сандық, сапалық және құрамдық  өзгерістердің барлығы қоршаған  ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде  табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен  адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи  және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи  процестер салдарынан (жанартау  атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану  адамның шаруашылық іс-әрекетінің  салдарынан қалыптасады. Антропогендік  ластануға өндірістік, тұрмыстық  қалдықтар мен әр түрлі улы  заттардың қоршаған ортаға белгілі  мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи  нысандарды орынсыз пайдалану  жатады. Семей сынақ алаңында  болған ядролық жарылыстар, Арал  өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған  ортаға нұқсан келтірудің айқын  мысалы болып саналады.

Жолдау

      Елбасымыз  Н.Назарбаевтың биылғы халыққа  арнаған Жолдауында еліміздің  қуат көздері ресурстарын әлемдік  рынок деңгейіне жеткізудің, мұнай-газ  кешендерін осы заманғы инженерлік  озық үлгілермен байытудың және  халықаралық стандартқа сай қоршаған  ортаны қорғаудың  маңыздылығы  айрықша атап көрсетілген.Ғалымдардың  зертеулеріне қарағанда, адамдардың  денсаулық жағдайына әсер ететін  факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір  сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым  қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы  қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана  денсаулық сақтау саласының деңгейіне  байланысты болатынын  анықтаған.Халықтың  денсаулығының нашарлауына және  демографиялық көрсеткіштердің  төмендеуіне әсер ететін негізгі  себептердің ішінде климаттық, жағырапиялық, әлеуметтік, экономикалық ахуалдармен  қатар, экологиялық қолайсыздықтар  да ерекше орын алады.

     Қазіргі кезде  жер шарының көптеген аймақтарында  табиғатты бүлдіріп, адамның өмір  сүруіне қауіп төндіретін зиянды  әрекеттер көбейді. Жер бетінде  тұтас экологиялық апат аймақтары  пайда болды.Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда  қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген қоршаған ортада  адам ағзасына  залалды заттар  молайды. Мұндай кеселді заттар  қан және лимфа айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.Әрине, мұны көпшілігіміз елей бермейміз. Қоршаған ортаны бүлдіруден түбінде  үлкен зардап шегетінімізді ескермейміз. Ластанған ауа мен су біздің  ағзамызға ас қорыту жолдары  және тыныс алу мүшелері арқылы  енеді.  Залалданған топырақ пен  бүлінген ауа аса қауіпті. Жер  асты  сулары тамаққа тұтынылады. Жерден жаңа өнім жиналады. Егер  жер алқаптары қатты бүлінсе,  ауыл шаруашылық мақсаттарға  пайдалануға мүлде жарамай қалуы  әбден мүмкін.

     «Экология»  деген сөз — тіршілік ету  мекені, өмір сүретін орта туралы  ғылым дегенді білдіреді. Алғаш  рет 1886 жылы «экология» терминін  атақты неміс биологы Эрнест  Геккель ғылымға енгізген. «Экология  — табиғат пен тірі ағзалардың  өзара қарым-қатынасын зерттейтін  ғылым» деп анықтама берген  де осы кісі. Енді, міне сол  экология мәселесі — бүкіл  әлем алдында тұр. Адам ақыл-ойының  нәтижесі — алып ракеталар, атом  станциялары, зауыттар, тағы басқа  ғылыми прогресс жетістіктері, бір  жағынан, өмірімізді жеңілдетті, екінші  жағынан, қауіп-қатер де туғызды.Себебі, адам қоршаған ортадан тыс  өмір сүре алмайды. Кез келген  басқа тіршілік иелері сияқты  қоршаған ортамен тұрақты өзара  қарым-қатынаста болады. Адам ағзасы  қоршаған ортаның физикалық, химиялық  және биологиялық факторларының  әсерін қатты сезінеді. Бір сөзбен  айтқанда, біздің денсаулығымыз  — қоршаған ортаның жағдайына  тікелей тәуелді. Күннің сәулесі, құнарлы жер, ауа және таза  су — бұл тіршілік атаулыға  қажетті бірден-бір алғы шарт. Алайда, адамзат баласының жер  бетінде үстемдік жүргізуі адамның  табиғатпен үйлесімділігін бұзды. Сөйтіп, барлық тіршілік атаулыға, соның ішінде адам өмірі үшін  де жарамсыз жағдайлар тудырды. Бұл жер бетіндегі бірден-бір  ақыл иесі саналатын адамдардың  табиғат алдындағы жауапкершілік  сезімінің төмендегенінің салдары. Жер-ананың тағдырына  жанашырлық  жоқ, керісінше өктемдік күшті. Соңғы  кездері ғалымдардың дабыл қағып  жүргеніндей, қоршаған ортаны бүлдірудің  асқынғаны сондай, оның енді адамдардың  генетикалық құрылымына әсер  ету қаупі бар.Әлем бойынша  радиоактивтіліктің және химиялық  ластанудың нәтижесінде ананың  құрсағындағы шарананың дамуы  кезінде пайда болатын патологиялардың, қатерлі ісік ауруларының, психикалық  ауытқулардың және тағы басқа  ауыр сырқат түрінің саны артып  келеді.

      Қоршаған  ортаның бүлінуі — табиғи апаттардан, атап айтқанда, жер сілкінісі, су  тасқыны, тағы басқа осындай себептерден  орын алса, оны табиғи деп, ал  адамзат баласының іс-қимылы әрекеті  барысында ластанса, оны антропогендік  деп атайды. Соңғысының адамға, қоршаған  ортаға және биосфераға әсері  бөлекше. Олар ауада әртүрлі  күйде: қатты, бу, сұйық, газ түрінде кездеседі. Атмосфера мен биосфераға бірқатар  белсенді әсер ететін химиялық  қосылыстар да араласады.

       Қазіргі  кезде өндіріс орындары атмосфераға  өте көп мөлшерде шаң-тозаңдар  мен әртүрлі зиянды қоспаларды  шығарып жүр. Тек осындай іс-әрекеттердің  нәтижесінде әлем бойынша атмосфераға  жылына 150 млн. тонна күкірт тотығы  ұшып шығады екен. Осыларды ауаға  жібермеу  мақсатында құрылған  қондырғылар соның 15 млн.тоннасын  ғана тұтып,  одан күкірт қышқылын  алады. Қоршаған ортаны қатты  улайтын бұл газдың көпшілігі  жылу электр станцияларынан және  түсті металлургия өндірістерінен  бөлінеді.

      Химия және  металлургия салаларындағы ірі  кәсіпорындар біздің еліміздің  Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында  орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның  ластану деңгейі  кеңес кезінде  аса жоғары болды. Қазір бұл  көрсеткіштің едәуір төмендегені  байқалады. Әйтсе де проблемалар  жеткілікті.Біздің елімізде де  қоршаған ортаның ластану салдарынан  жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі  ісік, өкпе-тыныс жолдары  сырқаттары  көбейіп отыр. Ас қорыту жүйесінің  және әртүрлі аллергиялық аурулардың  көрсеткіштік деңгейінің өсуі  де осының бір дәлелі. Экономиканы  экологизациялау процесі ғана  бұдан құтқарады. Елбасының әлдене  рет атап көрсетіп жүргеніндей, қоршаған орта көздің қарашығындай  сақталуы керек. Бұл ретте табысқа  жетудің жолы — қоршаған ортаға  жүктемені азайту болып табылады. Жаңа өндірістер ашу кезінде  бұл мәселе қатаң ескерілуге  тиіс. Экономикалық жағынан тиімсіз,  экологиялық жағынан залалды  өндіріс орындары жабылуы немесе  шектелуі қажет. Оларға құрылымдық  қайта өзгерту жүргізуге,  жалпы  айтқанда,  өндірісті қайта салаландыруға  тура келеді. Елбасының «Қазақстан  — 2030» мемлекеттік даму бағдарламасында  мұның бәрі айқын көрсетілген. Және осы бағытта елімізде  үлкен жұмыстар жүріп жатқанын  да ешкім жоққа шығара алмайды. Осы ұзақ мерзімді стратегиялық  бағдарламаның  негізгі бағыттары  да адамдардың денсаулығы мен  тұрмысын жақсартуды көздейді.Сондықтан, өзіміз өмір сүріп отырған  ортаны қорғау — тек тиісті  мекемелердің немесе құзырлы  орындардың ғана емес,  баршамыздың  міндетіміз. Ең болмаса  әр адам  жылына бір ағаш ексе, өзі жұтып  отырған ауаны тазартуға, қоршаған  ортаны  қорғауға қанша пайда  тигізер еді. Ел ішінде экологиялық  білім мен тәрбиені нығайту  — болашақ жас ұрпақтың өмір  сүріп отырған ортасына жанашырлықпен  қарауына жетекші болар еді. Бұл  — Елбасы Жолдауының талабылады.Ғылыми-техниканың  ғарыштап дамуы табиғатты тиімді  пайдалану ісін ұйымдастыруда  адамзаттың алдына бірқатар жаңа  міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың  көптеген мәселелерін шиеленістіріп  жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану  көлемінің артуы, тұрған ортаның  өндіріс және тұтыну қалдықтарымен  ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен  қарулануының артуы, жаңа заттар  жасап өндірістің жаңа салаларының  пайда болуы, ауыл шаруашылығын  интенсивтендіру, халқы көп ірі  қалалардың көбеюі негізгі шешімін  тезірек табатын мәселелердің  қатарына жатады.

     Ғылыми-техникалық  революция экологиялық ортаның  ластануына қарсы күрес. Ластану  дегеніміз ауаның, жер мен судың  біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге  ұшырауы, ол қазір немесе болашақта  өсімдіктердің, жануарлардың, адамның  өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы  өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының  жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі  мүмкін.

       Қоршаған  ортаны ластау – адамның шаруашылық  қызметінің нәтижесінде — қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды  табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада  қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын  радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда  болуы нәтижесінде қоршаған ортаның  физикалық-химиялық қасиеттерінің  өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы  санитарлық-гигиеналық нормативтердің  асып түсу деңгейімен сипатталады.Адамдарда  кездесетін кейбір патологиялық  аурулардың таралуына, экологиялық  факторлар тобының әсеріне бақылау  жүргізгенде бірқатар мәселелер  нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс  жүйесінің, асқорыту мүшелерінің  патологиясына ішетін су сапасының  төмендігі, атмосфераның ауыр металдар  мен мұнай өнімдері буымен  ластануы едәуір әсер ететіні  анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының  дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген  сәбилердің туылуы, өлі туу мен  төтеннен іш тастаудың жиілігі  ластанған ауадағы кейбір заттар  мен дәрілік препараттарға да  байланысты.

         Қазақстан Республикасында табиғи  жүйелердің өздігінен реттелу  қабілетін және   антропогендік  қызмет салдарының орнын толтыруды  қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық  және биологиялық әралуандықты  сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі ғылыми негізді шаралар  жүзеге асырылатын болады.Экологияның  күрт нашарлап кетуі адамдардың  табиғатқа антропогендік әсерінен  болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл  газдардың концентрациясының артуына  байланысты климат өзгеріп, температураның  жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия  көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи  газды пайдалану нәтижесінде  және машиналардың көбейіп индустриялық  революцияның өркендеуіне байланысты  бұл процесс тезірек жүреді.

 

 

Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.

     Өндiрiстiң қарқындап  дамуына және отын түрлерін  кең масштабта жағуға байланысты  атмосферадағы бос оттектің қоры  азайып, ал көмірқышқыл газының  мөлшері жоғарылауда. Нəтижесiнде  табиғаттағы көмiртектiң айналымы  бұзылды деуге болады. Адам баласы  отты ең алғаш рет қолданған  күннен бастап осы күнге дейін  түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы  мен атмосферада көмiрқышқыл газының  концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке  үлкен əсер етедi.

     Атмосфералық  ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне  тиедi. Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк  жоқ. Ол жасыл өсiмдіктердiң тiршiлiк  əрекеттерi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер  су мен көмiрқышқылынан фотосинтез  процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал  басқа барлық тiрi организмдер  оттектi тек пайдаланушылар болып  есептеледi. Көмірқышқыл газы атмосфераға  тiрi организмдердің тыныс алуы, отын  түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың  ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл  газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен  жануарлар организмiне зиянды  əсер етеді.

Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.

Табиғи ластану.

Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.

    Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау  жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың  өртенуi, теңiз беттерiнен судың  булануы минералдық шаңның түзiлуiне  себеп болады. Органикалық шаң  ауада аэропланктондар — бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен  өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде  жəне өсiмдiктер мен жануарлардың  ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде  болады. Космостық шаң жанған  метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.Атмосфералық  шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр  процестер үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы  үшiн, олай болса жауын-шашынның  түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар  күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды. Жер бетiндегi заттардың биологиялық  ыдырауы, оның iшiндегi топырақ бактерияларының  тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан  зор мөлшерiнiң түзiлуiне əкелiп  соғады.

Жасанды ластану.

     Атмосфераны  ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт  түрлерi, əсiресе автомобильдердiң  жанармайларының жану өнiмдерi болып  табылады. Есептеулер бойынша, (слайд) автомобильдерден бөлiнген газдардың  құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер  — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер  — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт  оксидтерi — 0,006% барлығы 200 ге жақын  компоненттер бар екенiн анықтады. Атмосфераға транспорттардан бөлiнген  газдардың құрамында 25-27% қорғасын  болатыны анықталған.

      Қазiргi кезде  бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса  автомобиль жүрiп тұрса, үлкен  қалалардағы атмосфералық ауаның  тазалығын сақтау адамзат үшiн  қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын  үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде  — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр  мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с  отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Яғни физико-химиялық қоспалар  тыныс алу кезiнде адам мен  жануарларға аса зиянды.Келесі  ластаушыларымыз – жылу электр  станциялары. Қуаты орташа жылу  электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр  жағып, атмосфераға шамамен 5т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына  үлкен əсер ететiн жағылатын  отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш  қондырғылар мен қалдық бөлетiн  трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға  көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн  бiршама азайтады. Зиянды газдарды  авиациялық транспорт та бөледi. Есептеулер бойынша, реактивтi самолеттер  ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек оксидi, 1,7 кг көмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кг/м3 қатты  бөлшектер бөледi екен.

       Атлант  мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр  реактивтi самолет, 8 сағат ұшу кезiнде  осы уақытта 25000га жердiң орманы  бөлетiн оттектi жұмсайды екен. Атмосфераның  антропогендi ластану жолдары жылу  энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды  сынау, т.б. арқылы жүредi. Бұлардың  əрқайсысы құрамы ондаған мың  компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды  атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа  кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар  көмiртек оксидтерi, күкiрт пен  азот қосылыстары, көмiрсутектер  мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна  көмiртек оксидi (СО), 20 млрд тонна  көмiрқышқыл газы, 150 млн тонна  күкiрт оксидi, 53 млн тонна азот  оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер  бөлiнедi.

        Биосфераның  ауыр металдармен ластануы —  ғылыми техникалық прогресстiң  аса маңызды проблемаларының  бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер  бойынша бүкiл адамзат қоғамы  кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген  болса, оның түрлi техника, құрал  жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға  таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген  сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға  таралған. Көмiр жанған кезде күл  жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған  ортаға таралатын кейбiр элементтердiң  мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен  де асып түседi.

      Ауаның  ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды  əсерiн тигiзедi. Көмiрқышқыл газы  инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн  сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға  жеткенде қоршаған ортадағы жалпы  температураның жоғарылауына əкелiп  соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның  мөлшерi (көлем бойынша) 20%, бiрақ ол  Жер бетiн күн радиациясынан  қорғап тұрады жəне бактерицидтiк  қасиетi бар.

      Атмосфераның  күкiрттi қосылыстармен ластануы  қазiргi таңдағы аса маңызды проблемалардың  бiрi болып отыр. Қышқыл жаңбырлар  ағаштар мен ауыл шаруашылық  дақылдарының өсуiн тежейдi. Атмосфераға  бөлiнген ауыр металдар заттардың  табиғи айналымына қосылып, су  мен топырақта көп мөлшерде  жинақталып тiршiлiкке үлкен зиян  келтiредi. Мышьяк пен хром рак  ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм  өлiмге ұшырайды.

 

                           Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы

Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиациялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер — радиоактивтi ыдырау кезінде бөлiнетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.

Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.

          Атмосфера радиоактивтi заттармен  əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың  жарылуы кезiнде ластанады.

Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с.

1945 жылы августа Жапонияның  Хиросима мен Нагосаки қалаларында  жарылған атом бомбаларының зардаптары  əлi күнге дейiн сақталуда. 1949жылы  Семей жеріндегі ядролық сынақтың  зардаптары да әлі сезілуде. 1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк  сүйгiш мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос  кеңiстiгiнде жəне су астында  сынауға тыйым салу туралы  келiсiмге (менорандум) қол қойды. Қазірде  Қазақстан ядролық қарудан бас  тартқан алғаш ел ретінде танылып  отыр.

                                  Атмосфераның физикалық әсерлермен  ластануы 

  Электромагниттi өрiстер

        Қазірде  электромагниттi өрiстердегі ионданбайтын  сәуле шығарулар адамзаттың қоршаған  экологиясында өте көкейкестi сұрақтардың  біріне айналды, әсіресе бұл жерде  қазiргi тұрмыстық техника, ұялы телефондар, плеер, компьютер сияқты құралдардың  әлсiз және аса әлсiз электромагниттік  өрістерді шығаратындығын ескеру  қажет.

Қазіргі қолданыста жүрген тұрмыстық техниканың шығаратын әлсіз ЭМ тербелістерінің қоршаған ортаға, сау адамға, оның организміне ұзақ әсерiн анықтаудың сенiмдi құралдары жоққа тән.

 Фондық электромагниттік  өрістер

     Электромагниттi өрiс деп ұзақ уақыт бойы  тірі және тiрi емес объектілерге  әсер ететiн жасанды және табиғи  сипаттағы ионданбайтын сәуле  шығаруды айтады.Табиғатта табиғи  сипаттағы электромагниттік өрiстер  бар. Табиғаттағы төмен жиiлiктi (жүздеген  килоГцке дейінгі) ЭМ толқындарға  мыналар жатады: атмосфералық электр, табиғи тау жыныстарының табиғи  магнетизмi; теңiз суының қайтуы  және тасуы құбылыстары; жердегi магнитосфераға күн желінiң әсерi; атмосфералық электрдiң жылжымалы  зарядтарымен әрекеттесетiн ғарыштық  бөлшектердiң әр түрлi ағындары; полярлық  жарқыраулар.Аталған электромагниттік  толқындар көздерiнің арасында, атмосфералық  электр эрісінiң көздерiн 0,003-30 МГц  жиiлiктерi аралықтарында санау керек.

       Радиоэлектронды  құралдардың ЭМ өрiстерi.

      Жасанды  сипаттағы электромагниттік толқындарға  радиоэлектронды құралдардың шығаратын  толқындарын жатқызамыз.  Радиотолқындар  басқа электромагниттік өріс  толқындарымен салыстырғанда аса  жоғары қуатты, ұзақ уақыт бойы  үздiксiз ағымда жұмыс iстеу үшiн  арналған. Радио және телестанцияның  негiзгi міндеті қоршаған кеңiстiкке  ЭМ өріс толқындарын тиiмдi шығару  болып табылады, сондықтан да  оны қоршаған ортаға және адамдарға  қолайсыз әсер етуші бастапқы  фактор ретінде қарау керек. Мұндай  ЭМ өріс шығарған толқындар  адамдардың басым көпшілігіне  әсер етеді.

Санитарлық талаптарға сай, адамдар тұратын ғимараттарда, емдiк, мәдени, бала оқытатын мектептер және орта білім беру оқу орындарында ЭМ өріс әсерін ұзақ уақыт пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Ұялы байланыс құралдарының қазiргi адамдардың күнделiктi өмiрiне жаппай енгiзілуі оның зиянды әсерін ескеру қажеттілігінен туындаған басты мәселе болып тұр.Негізінен ұялы телефондардың шығаратын әлсіз ЭМ өрістерінің адам организміне зияны бар екендігі кеңінен талқылануда.

      Энергетика  және электрлік көлiк. Электрлік  көлiк бүгiнде өмiрдiң ажырамас  бөлiгіне айналды, дегенмен оның  адам денсаулығына әсеріне басты  назар аударылмайды. Көп жағдайларда, жолаушылар электрлік көлiктiң  электромагниттiк қауiпсiздiгiнiң  дәрежесi жайлы ойланбайды.Зерттеулері  нәтижесінде электрлік көлiктiң  әсері оны пайдалану жағдайында  мүмкіндігінше өзгеретіндігі анықталған. Яғни көліктің жылдамдық алуы  мен тоқтауының 0,01 – 50Гц аралықтарында  қозғалыс кезіндегі магниттiк  индукциясының мәні төмендегідей  өзгереді: троллейбустардың жүргiзушiлерiнiң  кабиналарында – 49 – 325 мкТл, трамвайлардың  жүргiзушiлерiнiң кабиналарындағы  – 160 – 220 мкТл, жолаушылар салондарда - 265 мкТл-ға дейiн, қаладан тыс  электрлік көліктерде – 75 – 85 мкТл-ға  дейін.

       Компьютер  және кеңсе техникасы. Адам ағзасына  зиянды әсері жағынан дербес  компьютерлер ұялы байланыстың  сенiмдi бақталастары болып табылады. Зерттеулер, ДК-мен жұмыстың 45 минутынан  кейiн қолданушылар организмінде  маңызды шамадан тыс жүктеулер  айқындалатындығын көрсетедi.

      Қазiргi заманда  кеңсе үшiн маңызды техникалық  құралдар компьютер, телефон, ксерокс  – адам ағзасына өте қауіпті. Компьютердің жүйелік блогы мен  мониторынан шығарылатын электромагниттi сәулеленулер компьютердің айналасына  толық таратылады, қауіпті электромагниттік  өріс аймағы 2,5 м-ге дейін жетуі  мүмкін.

         Тұрмыстық техника. Қазiргi тұрмыстық  техника бүгінгі күнде адам  үшін электромагниттік сәуле  шығару көзі болып қалуда. Электр  тогымен коректенетін барлық  тұрмыстық техника электромагниттік  өріс көздері болып табылады. Ең қуаттысы – ультратолқынды  пештер, аэрогриль, электрлік плиткалар. Ультратолқынды пештерден (УТП) басқа  барлық тұрмыстық техника жиілігі 50Гц электромагниттік толқындарды  пайдаланады. УТП-терде жұмысшы жиілігі 24ГГЦ-тi құрайтын өрiстiк арнайы  ультратолқынды өріс генераторлары  қолданылады.

Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі шаралар:

  • -қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
  • -табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
  • -мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
  • -қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
  • -жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
  • -Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
  • -биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
  • -ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
  • -табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
  • -антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
  • -өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
  • -экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
  • -өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
  • -халықаралық ынтымақтастықты кеңейту   жолымен іске асырылады.

        Генетикалық  өзгерген организмдердің пайдаланылуына  және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен  текті зиянды организмдердің  әкелінуін немесе өз бетімен  енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында  генетикалық өзгерген организмдердің  пайдаланылуына бақылау жасауды  ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік  және бөтен текті зиянды организмдердің  әкелінуі мен таралуын болдырмауына  бақылау жасау жөніндегі шаралардың  қабылдануы мынадай жолмен жүзеге  асырылатын болады:

  • -өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
  • -карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;
  • -ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
  • -генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу  жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.
Генетика және қоршаған орта