Геоақпараттық жүйе

1.Жаңа ақпараттық технологиялар (ЖАТ). Географиялық зерттеулердегі қызметі

ESRI фирмасының бағдарламалық  өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог  түрінде құрылған, яғни мәліметтерді  өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі  бар. ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің  жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік  талдау, мәліметтерді редакторлау  және оларды геоөңдеуден өткізу  сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы  ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік  береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың  үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.

Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл кеңістіктік және олармен  байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау мен кескіндеуді  және олардың негізіндегі географиялық кеңістік жайлы ақпарат пен білімді  қамтитын ақпараттық жүйе.

Географиялық немесе кеңістіктік  мәліметтер нысандардың кеңістікте таралуын есепке алуды қажет ететін түрлі саламен айналысатын ұйымдар  пайдаланатын барлық ақпарат көлемінің  жартысынан астамын құрайды. ГАЖ  кеңістіктік мәліметтерді талдаудың  негізіндегі оңтайлы басқару  шешімін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кеңістіктік мәліметтерді талдау немесе кеңістіктік талдау - ГАЖ-ды анықтаудағы түйін сөздер болып  табылады. ГАЖ келесі сұрақтарға жауап  бере алады:

  • берілген облыста не орналасқан?
  • берілген шарт жиынтығын қанағаттандыратын облыс қайда орналасқан?

Заманауи ГАЖ карталарды жеке тақырыптық қабат түріндегі  графикалық мәліметтерді сақтау есебінен қолдануды, ал олардың нысандардың  сапалық және сандық сипаттамаларын мәліметтер базасы түрінде қолдануды  кеңейтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Геоақпараттық технологиялардың функционалды мүмкіндіктері

ГАЖ жүйесі экологиялық жағдайлардың, табиғи ресурстарды орынды пайдалану  мониторингінің ғылыми және қолданбалы мәселелерін шешу мақсатында және де инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық  және аймақтық жоспарлау, төтенше жағдайлардағы  жедел шара қабылдау үшін пайдаланылады. Өмірде кездесетін алуан түрлі мәселелер  келесі белгілер бойынша жіктелетін ГАЖ құруға алып келді:Функционалды мүмкіндіктері бойынша:

- Жалпы мақсаттағы толықфункционалды  ГАЖ;

- Маманданған ГАЖ қандайда  бір саладағы нақты мәселелерді  шешуге бағытталған;

- Үйде және ақпараттық-анықтамалық  қолдануға арналған ақпараттық  анықтамалық жүйелер;

Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін берілген мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін ГАЖ –  автоматты жинақтау, сақтау, өзгерту  және геоақпараттарды беру ЭЕМ және автоматтандырылған ГАЖ – дың  құрылымын В. Г. Линниктің төмендегідей жобасы ретінде құруға болады. Көп  мақсаттағы ГАЖ – дар көптеген жұмыстарды шешуде қолданылады. Осы  атқару барысында төмендегідей функционалдық мүмкіндіктер пайдаланылады:

  • Белгілі бір заттың банкідегі дайындығы және кіріспесі;
  • Ақпараттық – анықтамалық үлгілеу;
  • Имитациялық үлгілеу;
  • Эксперттік үлгілеу;
  • Автоматтандырылған карта құру;
  • Картометриялық есептеу;

Осы аталған жұмыстарды шешу үшін өңделген мәліметтерді картографиялық түрде дайындап, алгоритмдік және қолданбалы бағдарламалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет. ГАЖ аймақтардың  табиғи ерекшеліктерін, динамикасын, үлгілеу  жүйесін зерттейтін құрал сияқты ақпараттық негіз ретінде қарастырылуы мүмкін. ГАЖ – төмендегідей физикалық  – географиялық есептерді шешуге белгілі бір мүмкіндік береді: ландшафтардың морфологиялық құрылымын  зерттеуге, физикалық – географиялықдандастыруды жасауға және т.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Географиялық ақпараттық өнім  түсінігі. Мүмкіндіктері мен қолданылу аясы

ESRI – геоақпараттық технологиялар алқабында бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиялық шешімдер нарығындағы дүниежүзілік жетекші. 1969 жылы негізделген Қоршаған ортаның жүйесін зерртеу институты (Environmental Systems Research Institute, ESRI Inc) ГАЖ алқабында стандарт орнатып, қазір геоақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету өрісіндегі дүниежүзілік жетекшілікке қолдау көрсетеді.

Аспаптық ГАЖ ARC/INFO. ARC/INFO бағдарламалық өнімі – ең алғашқы кәсіби ГАЖ, мәліметтер базасында сақталатын, кеңістіктік ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған.

ARC/INFO бағдарламалық өнімінің  модульдері:

  • ARC/INFO COGO – бұл модуль ГАЖ технологияларын жер кадастрын басқаруда, геодезиялық түсірілім мәліметтерінде, жер телімдерінің паспорттарын бақылауда, инженерлік және кадастрлық мақсаттағы карта-негіздерді құрастыруда пайдаланылатын бағдарламалық құралдармен тікелей байланысты;
  • ARC/INFO GRID – бұл модуль ARC/INFO жүйесіндегі растрлық үлгілеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін арналған және оны интеграцияланған растрлық-векторлық ГАЖ айналдырады. GRID гидрологиялық талдау, геологиялық болжам жасау, арақашықтықты талдау, кеңістіктік мәліметтердің көпөлшемді статистикалық талдауы, құндық бетті пайдалану көмегімен трассаларды таңдауды оңтайландыру салаларында қолданылуы мүмкін;
  • ARC/INFO TIN – үздіксіз географиялық құбылыстарды, мысалы жергілікті жердің жер бедері, сондай-ақ шуыл деңгейі, халық тығыздығы, геофизикалық өріс сияқты физикалық беттерді көрсету және талдау үшін топографиялық беттерді үлгілеудің функционалдық толық жүйесі болып табылады.
  • ARC/INFO NETWORK – типологиялық жағынан байланысқан (құбырлар, коммуникация сызықтары, суағындары және жолдар) торлармен жұмыс жасау үшін арналған, бұл тор бойынша таралған және осындай торлардағы процесстердегі ресурстарды тиімді бағалау және басқаруды барынша жақсартады;
  • ARC/INFO ARCSCAN – сканерлерден картографиялық мәліметтерді енгізуге арналған;
  • ARC/INFO ARCPRESS – векторлық, растрлық немесе аралас векторлық-растрлық графиктерді растрлық құрылғы форматына, берілген мүмкіндіктегі және көлемдегі растрға айналдырушы жүйе;
  • ARC/INFO ARCSIDE – көп қолданушыларды үлкен көлемдегі кеңістіктік мәліметтермен қамтамасыз етеді.

 

ARCVIEW GIS бағдарламалық  пакеті

ARCVIEW GIS – көрсетуге, редакциялауға,  кеңістіктік талдау жасауға, іздеуге  және геокеңістіктік мәліметтерді  басқаруға арналған.

AutoCAD Map

Сандық карталарды құру және геоақпараттық талдау үшін қажетті  жоғары дәлдікті бағдарламалық қамтамасыз ету өнімі, AutoCAD базалық өнімінің барлық функционалдық мүмкіндіктеріне ие. Кез-келген графиктік форматтарды қабылдайды, географиялық ақпараттардың бағдарламаларды өңдейтін бүкіл танымал түрлеріне мәліметтерді экспорттай алады. Ғаламтор арқылы бір сәтте геоақпараттық жоба үшін қосымша мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.

 

Autodesk Map

Autodesk Map географиялық немесе  геологиялық карталардың, жерді  пайдалану карталарының, қоршаған  ортаны талдау, көліктік, коммуникациялық  схемаларды және қор және инфрақұрылымды  басқару схемаларын, сондай-ақ нысандарды  құру, редакциялау және талдау  топологияларының графиктік мәліметтер  базасын құру, көру, редакциялау  және басқару үшін арналған.

 

MapInfo бағдарламалық  өнімі

Қазіргі күнде MapInfo компаниясының  негізгі бағдарламалық өнімдеріне: MapInfo Professional – толық функционалдық  геоақпараттық жүйе, MapBasic - MapInfo Professional-дың  бағдарламалау аясы, MapInfo SpatialWare – SQL Server/Informix мәліметтер базасының кеңістіктік  ақпараттарын басқару технологиясы, MapInfo MapX – қосымшалар әзірлеушілердің  кітапханасы, MapXtreme – Intranet немесе Internet үшін картографиялық қосымшаларды жасау  үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету. Мәліметтерді ұсыну түрлеріне: карта және тізім; легенда; есеп; тақырыптық карталар жатады.

 

 

GTX бағдарламалық  өнімі

GTX әлемдегі векторизация  жүйелерін әзірлеушілердің негізгі  компаниясы болып табылады. GTX бағдарламалық  өнімінде векторизация екі серия  түрінде кездеседі: 1) Autodesk компаниясының  кеңінен танымал AutoCAD жүйесінің  қосымшасы ретінде; 2) жеке өзіндік  бағдарлама ретінде.

 

Қолдану аясы

  1. Муниципалдық басқару міндеттер сферасында:
  • аумақтардың, әкімшілік бөліністер және басқару инфрақұрылымдар;
  • муниципалды желілер мен объекттердің жағдайы, қол астындағы қызметтерді бақылау;
  • көлік инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация;
  • геоақпараттық талдау негізінде бақыланып отырған аумақтар жағдайы бойынша есеп беру;
  • экологияға өнеркәсіп нысандарының әсер ету;
  • сауда және қоғамдық тамақтану инфрақұрылымы;
  1. Жедел қызмет көрсету басқармаларының штабтары үшін оперативтік жағдайлардың картасын шығару: операторлық орталықтар әртүрлі каналдардан ақпараттарды алып, оны жалпы мәліметтер базасына енгізеді, ол қалалардың on-line режиміндегі электрондық картасының бетіне шығару үшін қажет. Басқару орталығы осы мәліметтер арқылы жағдайды бағалап, шешім қабылдайды;
  1. ГАЖ технологияларын бизнес міндеттерді шешу үшін бизнес процесінде ГАЖ-дың талдау жүйесін пайдаланатын фирмалар бәсекелестерінің алдында әлдеқайда көп жетістіктерге ие болады. олар клиенттерінің қайда тұратынын, олардың кім екендігін, олардың қажеттігі мен пайдалану деңгейін талдай алады, өздерінің сауда нүктелері мен бәсекелестерінің орналасуын көре алады, осы арқылы сату облысын оңтайландырып жүргізеді;
  2. GPS-навигация және мобильді нысандарды аңду жүйелер;
  3. Статистикалық және демографиялық талдау;
  4. Жерді пайдалану үшін кадастрлық міндеттерді шешу;
  5. Ғарыштық суреттерді пайдалана отырып геоақпараттық қамтамасыз ету жүйелерінде шешім қабылдау;
  6. Мұнай және газ саласындағы картографиялауда геоақпараттық технологияларды кешенді енгізу;
  7. Ауылшаруашылық саласында мониторинг, талдау және жоспарлау жүйелерін геоақпараттық қамтамасыз ету;
  8. Геобағыттағы электрондық оқыту жүйелері мен энциклопедияларын құру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Жерге орналастыру және кадастрда ГАЖ-нің ролі

ГАЖ біртіндеп адамның  маңызды әрекет сфераларына, әлеуметтік және экономикалық  саясатқа, шаруашылықты және табиғи қорларды басқару, табиғатты  және экологияны қорғау, жерлерді бағалау  және тіркеу, кадастр,ғылым, ілімге енді.

Бiздiң Республикамызды  дамытуды басқарудың ең маңызды міндеттерінің  бiрi оның табиғи қорының потенциалдарын тиiмдi қолдану болып табылады.

  Бұл сұрақтың шешiмiн тек аумақтың қор потенциалын кешендi зерттеуiнде табуға болады. Мұндай бағаларды негiзде өлкедегi табиғи қорларды қолдану басымдылықтары және оларды алып қою лимиттерi туралы шешiм қабылдануы керек.

Қолданыстағы заңнамаға  сәйкес, табиғи қорларды есепке алуы қызметі  Қазақстан Республикасының табиғи органдарының жүргiзулерiне жатады. Табиғи ортаны қорғау ұйымдары және Қор блогы  мекемелерінде табиғи қорлардың  жеке түрлерi бойынша түбегейлi мәлiмет  жинаған. Аймақтың жағдайы және оның табиғи-қор потенциалы туралы ақпаратты  жинау, сақтау, өңдеу және колданудың қазіргі жұмыс жасау ретi, табиғи қорлардың интегралды бағасын өткiзуге мүмкiндiк бермейдi, және қоршаған табиғи ортаның қорғау және табиғатты пайдалануды  басқарудың ерекше міндеттерді орындау  үшін ыңғайсыз.

  Қорды қорғауға негізделген табиғатты пайдалануды басқарудың негізгі элементтерінің бірі, табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесін қолдану болып табылады.

5.Географиялық мәліметтер базасының шейп-файлдан айырмашылығы

Геомəліметтер базасы .Векторлық жəне растрлік, адрестік нүктелер геодезиялық өлшем мəліметтері, метомəліметтер жəне көптеген басқа да əр түрлі мəліметтердің құрылымы мен сақтау ережелерін анықтайтын үлгі.

Географиялық мәліметтерді сақтауда шейп файлдар мен мәліметтер базасы жасалған. Шейп файлдар географиялық мәліметтерді сақтау үшін керек. Өзінің атқаратын қызметіне байланысты шейп файлдар манызды жұмыстар атқарады, соның бірі мәліметтерді ауыстырумен  танымал.Шейп файлдар тек қарапайым  географиялық мәліметтерді сақтау үшін ғана жасалса,қазіргі таңда маңызды  жұмыстарды атқаратын бағдарламанның біріне айналып отыр. Шейп файлдар  қолданыста қарапайым және оңай болғанымен,  геомәліметтермен жұмыс атқаруда оларда шектеулер кездеседі. Мыналар:

Географиялық мәліметтер тек шейп файлда кеңістік обьектер мен атрибуттарды сақтап қоймай,басқа  да жұмыстар атқарады. Мысалы аннотаци, атрибуттық байланыстар, топологиялық байланыстар мен координаталық  дәлділікпен, оны шешу жолдары, атрибутық  домендер сияқты қызметтер көрсетеді. Бірақ бұл географиялық мәліметтерді сақталатын ақпараттар,олар шейп файлға еш қатысы жоқ.

Шейп файлдар алмастыру  жұмысымен айналысқандықтан , олар ашық форматтағы бағдарлама болып саналады. Бірақ шейп файлдар әр форматтағы жұмыстарды сақтай бермейді,егер дұрыс  болмаған жағдайда шейп файлдарды зақымдап немесе жарамсыз етіп алуға болады.

Шейп файлдар dBASE форматында сақталынады,Ол 1980 жылдарда кестелер мен атрибуттарды сақтау үшін ойластырылған. Бірақ дами келе Unicode, форматтары қолданлы басталды,олар әр тілде сақтауға мүмкіндік берді.Бірақ шейп файлдар ағылшын тілінде жұмыс атқарған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Географиялық апараттық жүйенің (ГАЖ) құрылымы мен қызметі.

ГАЖ құрылымы төмендегідей төрт міндеттемеден тұрады:

  • картадан алынған кеңістіктегі тапсырмаларды өңдеу мен барлап білу және енгізуді қамтамасыз ету немесе мәліметтердіь енгізу;
  • сақтау және іздеу. Талдануға тиісті мәліметтерді шұғыл алу, олардың маңыздылығын дәлелдеп түзету;
  • талдауды жасау және өңдеу.Есепті шұғыл түрде шешу;
  • мәліметтерді әр түрде бейнелеу (карта, кесте, сурет диаграмма блогы, жергілікті сандық үлгі т.б.).

ГАЖ –ды қолдану негізінде  біз кеңістіктегі көп мөлшерлі мәліметтерді, сандық карталарды қолдану арқылы бір  уақытта талдау жүргізуге мүмкіндік  береді және экологиялық болжам мен  табиғи ортаға әсердің кешенді бағалау  процедураларын оңайлатып, аномалияларды  жедел түрде анықтап, оларды жоюға  арналған қажетті шараларды ұйымдастыруға  көмектеседі.

ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді  шешеді:

  1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
  2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;
  3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
  4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
  5. Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;
  6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т.б.

ГАЖ мәліметтердің негізгі  екі түрімен жұмыс істейді:

  • кеңістіктік (картографиялық, векторлық) мәліметтердің географиялық зерзатты және кеңістіктің формасы мен кеңістіктің байланыстарын бейнелейді;
  • бейнелік ( атрибут,кестелік) мәліметтер сан мен мәтіннен тұратын географиялық зерзаттың мәліметтік, бейнелік ақпараттар базасын құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.Шейп-файл түсінігі, қызметі мен түрлері

Шейп файл – қабат. Кез-келген географиялық объект түрі жеке қабаттардан жасалады. ArcCatalog- тан vector папкасынан тышқанның оң жағын басып,  новый→ шейп файл, терезе ашылады, ИМЯ-ға латын əріптерімен ат беріп, түрін таңдаймыз: polygon, point, poliline қабаттың координат жүйесін таңдаймыз. Ол үшін  ditor – редактировать → Select немесе Import Project Coordinate Systems→OK дейміз. 

Ашылған қабаттарды  ArcMAP-қа шақырамыз. Ол үшін ArcMAP-тан

+Добавить данные тетігін  басамыз. Ашылған терезеден vector папкасындағы 

қажетті қабаттарды шақырамыз. Əрбір  шейп файл алты құрамдас форматтан

тұрады. Оларды Мой компьютер  арқылы ашқан кезде ғана көре аламыз. Карта бетіндегі нүктелік объектілерді белгілегенде ең бірінші оларға анализ жасаймыз.

Елді-мекендердің категориясы 1) қала; 2) аудан орталықтары; 3) село.

             Əрбір нүктедегі объектінің сандық сипаттамасы бар, яғни биіктік

өлшемі бар. Осы бізде  бар мəліметтерді карта бетінде көрсету үшін атрибуттар кестесіне енгіземіз. Ол үшін биіктік белгілері қабатына барып, тышқанның оң жағын басамыз. Ашылған терезеден Open Atribute Table деген команданы таңдаймыз. Atribute Table кестесінде кез-келген қабаттың үш бағыты болады: FID,SHEP,ID.

              FID- реттік номері;

              SHEP- атауы (полигон, сызық, нүкте);

              ID- поля;

Жаңа мəліметтерді енгізу үшін Atribute кестесінің ішіндегі Options қатарына барамыз, ашылған терезеде қосылатын поляның атын жазамыз. Оның типін таңдаймыз

ГАЖ картадағы әр объектілерді шейп файл түрінде 3 түрге жіктеленеді:

  1. Нүктелік;  2. Сызықтық; 3. Полигоналды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8.ГАЖ-нің қосымша модульдері, оларды қолдану

ГАЖ-нің қосымша модульдеріне:

Үстел үстілік ГАЖ  географиялық ақпаратты және білімді біріктіретін, құратын және қолданатын ГАЖ кәсіпқойларына арналған негізгі платформа болып табылады.

Серверлік ГАЖ  көпшілік пайдаланушыларға желілер арқылы ГАЖ мүмкіндіктерін ұсына отырып, қосымшалар серверлерінде ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді орталықтандыруға рұқсат етеді.

Оңтайлы ГАЖ  компанияның алқаптық қызметкерлеріне географиялық ақпаратты жинауға, сақтауға, жаңартуға, өңдеуге, талдауға және бейнелеп көрсетуге мүмкіндік береді.

Үстел үсті ГАЖдың қосымша  модульдері:

ArcView –  ArcGIS үш үстел үстілік өнімдердің бірі. ArcView құрамына үш қосымша кіреді: ArcMap, ArcCatalog және ArcView арналған ArcToolbox. Бұл картографиялауға, есептемелерді құру және картографиялық талдауға арналған қуатты құралдар жиынтығы. ArcView:

§  Орын ауыстыру және Масштабтау, Сәйкестендіру, Ыстық байланыстар және Сыртқы қосымшалар мен URL,  Гиперсілтемелер,  Интерактивтік сұрыптаулар, Картаның әзіржауабы,Шолу терезесі және  Ұлғайтқыш терезесі, Кеңістікті белгілер, Карталар, кестелер және диаграммалар арасындағы сұрыптауды динамикалы жаңарту құралдары көмегімен Картамен өзара әрекет жасау.

§  Мәліметтерді бейнелеп көрсету (айқын қабаттар, датумды трансформациялауды қосқанда векторлық мәліметтер мен растрлерді «тез арада» қайта проециялау),  Мәліметтердің жіктелінуі, нышандар, Жазбалар және Баспаға шығару (тақырып пен түсінік сөздерді, бірнеше мәліметтер фреймдерін, түсінік сөздер мен сеткаларға арналған мастерлер мен дайын стильдерді, графикалық үлгіге экспорттау және т.б. қою) құралдары көмегімен Картаны құру.

§  Таңдау операциялары (Интерактивті сұрыптау, атрибут бойынша таңдау, Орналасқан жері бойынша таңдау), Талдау операциялары (Буфер, Кесіп алу, Қосылу, Кесіп өту, Бірігу, Кеңістіктік біріктіру),  Визуалды көрініс және талдау (диаграммалар және есептемелер) құралдары көмегімен Картаны талдауға.

§  Шейп-файлдарды және дербес геодеректер қорын редакциялау, Растрлерді трансформациялау, Бұрылу және растрлерді бейнелеу, Кеңістіктік нысандарды құру және редакциялау, Тұйықтау, Планшеттік дигитайзерді қолдау, Уақиғалар және геокодтау, Динамикалық сегменттеу құралдары көмегімен Мәліметтерді құруға.

§  ArcView GIS 3.x  Жобаларды (.apr) немесе  түсінік сөздерді (.avl) импорттау, Мәліметтерді қолдау құралдары (деректердің жаңа файлдарын құру, көптеген форматтарды тура қолдау),Кестелік мәліметтерді басқару, Метамәліметтерді қарап шығу және редакциялау, ArcCatalogдеректерді іздеу құралдары көмегімен Деректерді басқаруға.

§  Microsoft Windows Стандарттық интерфейсі, Құралдар панелін тиянақтау, Мәліметтердің және атрибуттардың толық интернационалдық қолдауы, Интерфейсті күйге келтіру мүмкіндіктері,COM  пайдаланып қызметтердің кеңеюі, VBA  ортасында макростарды құру, ArcMap OLEнысандарын қою  құралдары көмегімен Қосымшалардың құрылысын ұсынуға.болады.

ArcInfo –  геоақпараттық жүйелерді құруға  арналған қуатты әмбебап бағдарламалық  қамтамасыз ету.

ArcInfo бұл ArcGIS Desktop  ең қуатты клиенттік қосымша. ArcInfo,  ArcView 9 және ArcEditor 9 барлық қызметтері кіреді. Бұдан тыс, ArcInfo құрамында геоөңдеудің кеңейтілген қызметін қолдайтын ArcToolbo қосымшасының толық нұсқасы, сонымен қатар жүйенің барлық қызметтерін толық қолдайтын ArcInfo Workstation (Arc, ARCPLOT, ARCEDIT, AML и ODE) классикалық қосымшасы бар. ArcInfo – бұл, мәліметтерді құруға және жаңартуға, картографиялық есептерді шешуге, мәліметтер және карталардың талдауын жүргізуге  мүмкіндік беретін толық атқарымды ГАЖ жүйе.

ArcEditor – 9-шы нұсқада пайда болған жаңа үстел үстілік бағдарламалық өнім. Оның атқарымдығы ArcView салыстырғанда артық, бірақ ArcInfo кем. ArcEditor құрамында ArcView 9 барлық қызметтері бар. Бұдан тыс, ArcCatalog  (жеке және көптұтынушылық) кез-келген геодеректер базасын құру мүмкіндігі және геодеректер қорын ArcMap  редакциялаудың кең мүмкіндігі қосылады, төменде көрсетілген:

- Көптұтынушылық  ДҚБЖ сақталған геодеректер қорын  редакциялау,  
- Желілер мен қатынастарда қатысатын геодеректер қорын редакциялау,  
- Кеңістікті нысандар класстары мен атрибуттар арасындағы қатынасты орнату,  
- Көптұтынушылық геодеректер қорларында бірнеше нұсқаларды құру және редакциялау,  
- Нұсқалар арасындағы шиеленістерді шешу,  
- Өлшемдер нысандарын құру және редакциялау,  
- Өлшемдер нысандардың атрибуттарын анықтау,  
- Геодеректер қорындағы нысандармен объектілері бар аңдатпаларды құру,  
- Геометриялық желілерді құру және редакциялау,  
- Жабындарды редакциялау ( 9-шы нұсқаға дейін).

Серверлік ГАЖ қосымша модулдері:

ArcIMS – бұл, Web  арқылы ГАЖ-қызметтер мен мәліметтерді өрістетуге арналған масштабтайтын шешімді қамтамасыз тетеін серверлік бағдарламалық өнім.  ArcIMS не ұсына алады

§  Интернет арқылы көп санды пайдаланушыларға бір жолғы рұқсатпен қамтамасыз етуі, жоғары дәрежелі интерактивтік карталарды жария ету.

§  Әр түрлі дерекнамалардан деректерді интеграциялау (жергілікті және алыстатылған) және Web  арқылы оларға рұқсатпен қамтамасыз ету.

§  Клиенттік қосымшалардың кең диапазоны.

§  Масштабталынатын архитектура қосымшаларды қайта құру қажеттілігінсіз жария етілетін  қорларға өсіп келе жатқан сұранысқа ілесуге мүмкіндік береді.

§  Метамәліметтерді жария етуге және олар арқылы іздестіруге арналған орталықтандырылған тізімдемені құру.

§  Сіздің мәліметтеріңіз бен сервистеріңіз туралы метамәліметтерді жария ету.

ArcGIS Server шексіз пайдаланушылар санымен географиялық ақпаратты бірлесіп қолдану үшін арналған.

ArcGIS Server интранет/интернет  желілері арқылы картографиялық ақпаратты ұсыну,  ішкі жұмыс процестерін оңтайлантыруға, өндірістік мәселелерді шешуге, әр түрлі жұмыстардың қызметін құрылымдастыру үшін шағын және ірі кәсіпорындарда қолданылады.

ArcGIS Server бірлескен геоақпараттық жүйелерді құруға арналған ыңғайлы платформаны ұсынады, ол:

§  Орталықтандырып барлық кеңістікті мәліметтер мен картографиялық қызметтерді басқара алады.

§  Бұл жай ғана масштабы өзгеріп тұратын карта және картадағы нысандар туралы ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар ұсынылған ақпаратты өңдеу және жаңарту мүмкіндігін беретін қолданылудағы картографиялық  web-қосымшалар өнімділігін арту және жаңа web-қосымшаларды құру.

§  ArcGIS Desktop  үстел үстілік ГАЖ атқарымдылығы бар web-қосымшалар құру.

§  Клиенттермен қарым-қатынасын басқару жүйесі (CRM)  және кәсіпорынның қорларын (ERP) жобалауы мен басқару жүйесі бар ГАЖ сервер мен кеңістікті мәліметтерді кәсіпорынның басқа да ақпараттық жүйелерімен біріктіре отырып, геоақпараттық жүйені қолданылудағы ақпараттық құрылымға ендіру.

§  Географиялық мазмұнды ГАЖ атқарымдылық мүмкіндіктерімен біріктіретін қосымшаларды құра отырып,мамандандырылған есептерін жедел шешу.

Оңтайлы ГАЖ дың  қосымша модулдері:

ArcPad глобальды жайғастыру (GPS) опциялық  жүйесіне немесе глобальды жайғастыру (DGPS) дифференциалды жүйесіне арналған графикалы тұтынушылық интерфейсін ұсынады. Көптеген әлеуетті қосымшалар

ArcPad технологиясы  көптеген қолданбалы алқаптарда  қолданылады:

§  Жол белгілерін жергілікті көлік басқаруларымен карталау

§  Электртасымалдау желілерінің діңгегін энергетикалық компаниямен қамқор болу

§  Теңіз навигациясы

§  Әскери қосымшалар

§  Жол төсемін көлік агенттіктерімен қамқор болу

§  Минералдарды тау-кен қазушы компаниялармен барлау және өндіру

§  Қоршаған ортаны қорғау агенттіктерімен тұру кеңістігін карталау.

 

 

 

 

 

 

10.Аrc GIS бағдарламалық өнімнің құрастырушысы мен таратушысы

ESRI — американдық компания, геоақпарттық жүйенің (ГАЖ) өнімдерін шығарушы. ArcGIS компаниясының программалық өнімдері әлемде үлкен сұранысқа ие болды, соның ішінде Ресейде. ESRI  компаниясының негізі 1969 жылы Джек және Лора Дэнджермонд салған, қазіргі кезде онда 4000 нан астам адам жұмыс істеуде. Бұл компания ГАЖ индустриясының көшбасшыларның бірі. Көптеген есептулерге байланысты оның халықаралық ГАЖ нарығындағы үлесі 35 % құрайды. Компания АҚШ тан басқа жерлерде компания желісі арқылы жұмыс істейді – халықаралық дистрибьюторлермен. Ресей территориясында және ТМДның тоғыз елінде ESRI компаниясының эксклюзивті дистрибьюторы является ESRI CIS компаниясы болып табылады.

ESRI кеңістіктік мəліметтермен  жұмыс жасауға арналған бағдарламалық  қамтамасыздандырудың жетекші өндеушісі,  геоақпараттық жүйелер дүние  жүзілік нарығының лидері (Daratech мəліметі  бойынша 34 % ). ESRI компаниясы 1969 ж негізделген.  Бүкіл дүние жүзі бойынша қызметкерлер  штаты 2700 адамнан асады, ал 2003 жылғы жылдық айналым $ 500 млн-  ға жетті. ArcGIS платформасын өңдегенде,  компаниямен $ 250 млн жуық ақша  салынды. 220 мемлекеттің 350 мыңан  астам жеке жəне бірлескен  клиенттері ESRI бағдарламалық өнімнің  миллионнан астам лицензиясын  пайдаланады. 

ESRI фирмасының программалық  өнімі ArcGISте ГАЖ толық каталог  түрінде құрылған.Яғни мәліметтерді  өңдеудің төменгі мүмкіндіктері бар:мәліметтерді карта түрінде жоғары деңгейде бейнелеу.инструменттер жинағы кеңістіктік мәліметтерді өңдеуге арналған құрылымдарды жинағы.ArcGISтің негізгі қосымшалары:ArcMAP, ArcToolBox,ArcCatalog. ArcGis – бұл геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға арналған бағдарламалық өнімдердің шоғырланған жиынтығы. ArcGis, кеңістіктік мəліметтерді құруға, басқаруға, интеграцияға, талдауға, бейнелеу жəне көрсетуге қолданылады. ArcGis-дің бағдарламалық өнімдері, ГАЖ-функционалдық пен бизнес-логика қажет етілетін барлық жерлерде үстел үсті, серверлік жəне тұтынушы қосымшаларында, WEB арқылы, «алаңда» немесе ұтқыр құрылғыларында қолдануға мүмкіндік береді. ArcGis бағдарламалық өнімдерінің сызғышы «үйлесімділік» ұранымен өңделініп, СОМ, Net, Java, XHL, SOAP объекттік архитектурасын қосқанда, компьютерлік саланың стандарттары негізінде құрылған. ArcGis архитектурасының ауқымдылығы бағдарламалық қамтамасыздандырудың көптұтынушылық саралауы мен мəліметтерді жаңартуға арналған бірыңғай ортаның қажет болуы, жеке тұтынушылар мен ірі компанияларға бағдарламалық қамтамасыздандырудың біркелкі келетіндігін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

9.Карта негізі. Картаның географиялық негізіне жататын қабаттарға сипаттама бер. Сандық картадағы карта негізінің ролі

Карта дегеніміз  жер бетінің едәуір территориясының  Жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. (Қарта арқылы шешілетін  міндеттердің сан алуандығы мазмұны  жағынан да, олардың масштабтары  жағынан да әр түрлі карталардың  қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан  географиялық карталар жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді.

Қабаттар – мәліметтер көзін, сонымен бірге мәліметтер көзін бейнелеу қасиеттерін табу жолдарын сақтайды. Қабаттар іс жүзіндегі  географиялық мәліметтерді сақтамайды, бірақ мәліметтер көзінде бар  мәліметтерге сілтеме жасайды. Мәліметтер көзіне төмендегі мәліметтер жатады:

  • мәліметтердің векторлық жинақтары: shapefiles, автоматтанған жобалау файлдары (CAD), geodatabase және SDE мәліметтер базасы;
  • мәліметтердің растрлық жинақтары: гридтер мен суреттер;
  • мәліметтердің кестелік жинақтары: INFO, dBase және RDBMS кестелер;
  • тин мәліметтер жинақтары: TINs.
Геоақпараттық жүйе