Гидросфера және оның ғаламдық проблемалар
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
Тақырыбы: Гидросфера және оның ғаламдық проблемалар.
Қабылдаған:Садвакасова.А.Т.
Жоспар.
Кіріспе бөлім.
Гидросфера-жер ғаламшарының жер қабығы
Негізгі бөлім:
1.Гидросфераның ластануы
2.Физикалық қасиеттері
3.Гидросфера және оның құрамдас бөліктері
Қорытынды бөлім.
Әлемдік мұхит проблемалары
Пайдаланған әдебиеттер:География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010.
Гидросфера
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары
— өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды.
Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен
94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия),
0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен,
көл,
батпақ) үлесіне
тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. [1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда
шоғырланған.
Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір
түрден
екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).
Гидросфераның ластануы — ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты суларын ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы.
Гидросфера — Жер шары суларының жиынтығы, агрегаттық күйіне (сұйык, қатты және газ) қарамастан, химиялық байланыспаған барлық суды қамтитын Жердің сулы қабығы. Ылғал айналымы процесінде судың барлық турі бірінен екін- шісіне өтеді. Гидросфера мұхиттардың, теңіздердің, құрлықтың жер асты және жер үсті суларын қамтиды. Судың біршама мөлшері атмосфера мен тірі организмдерде болады. Көбінесе Гидросфера деп жер бетінің 71%-ын құрайтын теңіздер мен мұхиттарды ғана санайды. Гидросфера көлемінің 96%-ын теңіздер мен мұхиттар, 2%-ға жуығын жер асты сулары, шамамен, 2%-ын мүздар мен қарлар (негізінен, Антарктида мен Гренландияның), 0,02%-ын құрлықтың жер үсті сулары (өзендер, көлдер, батпақтар) құрайды.
Гидросфера — Жердің су қабаты. Ол мұхит, теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын және мәңгі қар мен мұздық суларын да түгелдей қамтиды.
Физикалық қасиеттері мен құрамына қарай
олар үшке ажыратылады: 1) мұхиттық сулар
(теңіздер мен мұхиттар); 2) құрлық сулары
мен мұздықтар; 3) жер асты сулары (шекаралық
сулар). Олар жер қыртысында орналаскан.
Гидросфераның жалпы көлемі — 1,8 млрд.
км3. Оның көпшілігі (1370 млн. км3) — мұхит
сулары, ал жер асты суларының көлемі —
400 млн. км3. Бұл сулардьщ барлығы да табиғи
ерітінділер болып саналады. Сондықтан
да олардың әрқайсысы азды-көпті мөлшерде
минералданған сулар түрінде кездеседі.
Құрлык сулары көбінесе тұщы, ал мұхит
пен теңіз сулары тұзды (35 г/л немесе 3,5%)
болып келеді. Олардың тұрақтылыры еріген
заттардың мөлшері мен шөгінді жыныстардын,
аралығындағы динамикалық тепе-теңдіктің
тұрақтылығын көрсетеді.
Құрлық
суларының көпшілігі
Барлық сулар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, табиғи жағдайда үлкен айналымға бірдей қатысады. Күн энергиясы әсерінен сулар буланып бұлттар түзіледі. Олар жер шарының түкпір-түкпіріне таралып, атмосфералық сулар түрінде жер бетіне қайтып оралады. Олардың кейбір бөлігі қайтадан буланып ауа қаба-тына ұшып кетеді де, ал көпшілігі өзендер мен көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға барып қосылады. Жаңбыр мен қар суларының белгілі бір мөлшері жердің топырақ қабатына сіңіп жер асты суларымен араласады. Кейінірек, әр түрлі бұлақтар түрінде жер бетіне шығып жатады. Олар ағын суларға қосылып, өзен суларын молайтады немесе буланып ауаға ұшып кетеді. Сонымен, табиғи айналым әрекеттеріне қарай гидросфераны құрайтын барлық сулар бір жүйеге бірігіп, атмосфера, жер кыртысы және биосфера қабаттарымен тығыз байланыста болады. Әр түрлі химиялық реакцияларға араласады, Сондықтан да гидросфера жер бетінде жүріп жатқан геологиялық әрекеттердің орталыгы және жасампаз күші болып саналады.
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері
Гидросфера — Жер су қабығы, ол ғаламшардағы химиялық қосылысқа түспеген аймақтардың барлығын (сұйық, қатты және бу түріндегі) қамтиды. Гидросфераны a құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды. Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға: Дүниежүзілік мұхит пен онын бөліктерін зерттейтін мұхиттану және құрлықтағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі.
Гидросфераның жалпы көлемі, шамамен, 1,5 млрд км3. Бұл орасан мол су массасының тек 2,5%-ы ғана тұщы су, қалған бөлігін Дүниежүзілік мұхит пен құрлықтағы ащы сулар құрайды. Тұщы сулардың басым бөлігі мұздықтарда шоғырланған. Гидросфераның құрамдас бөліктері мен олардағы су 3-кестеде көрсетілген.
Судың қасиеттері
Су — Жер шарындағы ең көп таралған айрықша зат, химиялық құрамы жөнінен сутек оксиді (Н2О) болып табылалы. Оның өзіне тән қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабықға жүретін процестерінің маңызы зор.
Біріншіден, су қалыпты жағдайдың өзінде үш бірдей күйде бола алады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы белгілі бір мелшерде жылу жұмсалады (булану, қар мен мұздың еруі) немесе бөлініп шығады (конденсация, судың қатуы). Мысалы, 1 г суды буландыру үшін жұмсалатын жылу 1 г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей артық болады.
Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде көлемін ұлғайтады. Таза су қалыпты қысым жағдайында +100°С-та қайнап, 0°С-та қататынын білесіңдер.
Гидросфераның құрамдас бөліктері және олардағы су көлемі
Гидросфераның құрамдас бөліктері |
Су көлемі, км3 |
Дүниежүзілік мұхит |
1 370 000 000 |
Жерасты сулары |
60 000 000 |
Топырақ ылғалы |
82 000 |
Мүздықтар |
24 000 000 |
Көлдер |
230 000 |
Өзендер |
1 200 |
Атмосферадағы су |
14 000 |
Барлығы |
1 454 327 200 |
Қатқан мезетте судың көлемі күрт
артып, бастапқы сұйық күйіндегі
көлемінен 10%-ға жуық ұлғаяды. Табиғатта
судың мұндай өзгерістерге түсуінің
өзіндік маңызы бар. Су айдындарының
бетін жалған мұз судың төменгі
қабаттарының одан әрі салқындауына
жол бермейді. Өйткені, су қатқан сайын
тығыз бола берсе, су айдындары түбінен
бастап қатар еді. Мұндай орасан мол
мұз жаз кезінде еріп үлгермес
еді, мүның өзі қоршаған ортаға, судағы
тіршілікке кері әсерін тигізген болар
еді.
Үшіншіден, су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның құрамында еріген күйде азды-кепті бөгде заттар кездеседі. Суда тұздардың шоғырлану мөлшері, яғни тұздылығы әркелкі болады. Судың тұздылығын бір литрдегі грамм есебімен (г/л), пайыз (%) және промилле (%о) есебімен өлшейді.
Судың тұздылығы артқан сайын, қату температурасы төмендей береді. Сол себепті тұздылығы жоғары болатын терең көлдердің небір қатты аяздарда да қата қоюы қиын. Ал мұхит жағдайында беткі түзды су қату барысында біртіндеп тығыздығы артып, теменге батады. Осының нәтижесінде мұхиттың неғұрлым төмен қабаттарына оттек жеткізіліп, ондағы тіршілікті қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, су баяу жылынып, баяу суиды. Бұл судың жылу сыйымдылығының өте жоғары болуымен түсіндіріледі. Судың жылу сыйымдылығы құмға қарағанда 5 есе, темірмен салыстырғанда 10 есе жоғары. Ал судың ауамен салыстырғандағы жылу сыйымдылығы 3 мың есе жоғары. Яғни, 1 см3 суды 1°-қа салқындату барысында 3 000 см3 ауаны 1°-қа жылытуға жетерлік жылу бөлінеді. Дүниежүзілік мұхиттың ғаламшарымыздағы алып жылу жинақтағыш ретіндегі рөлі судың осы маңызды қасиетімен түсіндіріледі. Тіпті кішігірім су айдынының маңында айрықша жұмсақ климаттың орнайтындығы да осыған байланысты.
Судың аталған ғажайып қасиеттері Жер шарында тіршіліктің пайда болып, дамуына және сақталуына жағдай жасады. Қасиеттеріне байланысты су географиялық қабықта жүріп жатқан проаегкряа маңызды рөл атқарады.
Табиғаттағы су айналымы, оның манызы ауырлық күші әсерінен гидросфера, атмосфераны қамтитын үздіксіз айналымын Дуниежузілік ылғал деп атайды. Күн жылуы әсерінен теңіздер мен мұхиттардың, көлдермен қатар, топырақ пен өсімдіктерде буландырушы сфераға бөлініп шығады. Су айналымында ауа алғалдығылығы: ауа массалары мұхит үстінен буланған ылғалдық апарып жеткізеді. Жаңбыр күйінде жер бетіне қайта су айдындарын толықтырып, біразы топыраққа сіңеді, өсімдіктер оның артық бөлігін қайтадан бу күйінде атмосфераның Құрлық өзендері өз суын теңіздер мен мұхиттарға жеткізіп, орнын толтыруға өз үлесін қосады. Ал теңіздер мен эсухнтадам су атмосфераға түсіп, айналым тұйықталады.
Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер су айналымының төмендігін дәлелдеп отыр. Өйткені, атмосфераның жоғары қабатына күн сәулесінің әсерінен оттек пен сутек иондарына ыдырап, ғарышқа өтіп кетеді. Ал жанартау атқылаулары барысында жердін ішкі келетін су (шамамен, жылына 130 млн т) гидросфераны толықтырып, осы сулар есебінен гидросфераның көлемі ұлғайып келеді деген болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 млрд км3 (гидросфера көлемінен 151 артық) деп шамалануда.
Судың барлық табиғат құрамбөліктерін қамтитын айналымы миллиондаған жылдар бойы тоқтаусыз жүруде. Жыл ішінде гидросфераның мардымсыз бөлігі ғана айналымға түседі (4-кесте).
4-кесте. Гидросфераның құрамдас бөліктерінің жанару кезеңдері
Гидросфераның кұрамдас беліктері |
Жаңару кезеңі |
Гидросфераның құрамдас бөліктері |
Жаңару кезеңі |
Дүниежүзілік мұхит |
2500 жыл |
х |
х |
Жерасты сулары |
1400 жыл |
Көлдер |
17 жыл |
Топырақтағы ылғал |
1 жыл |
Батпақтар |
5 жыл |
Полярлық мұздыктар мен тұракты қар қабаты |
9700 жыл |
Өзен арналарындағы сулар |
16 тәулік |
Тау мұздықтары |
1600 жыл |
Атмосфералык су |
8 тәулік |
Көпжылдық тоң аймактарындағы жерасты мұздары |
10000 жыл |
Биологиялык су |
Бірнеше сағат |
Су айналымы литосфера, гидросфера мен атмосфераны бір-бірімен байланыстыру арқылы географиялық қабықты қалыптастырды. Осы шарының жаңа қабығы — биосфераның (тіршілік қабығы) түзілуіне жасады. Су айналымының табиғаттағы айрықша рөлі мұнымен ғана тоқталмайды. Ылғал айналымы барысында жылудың алмасуы қоса жүреді. Өйткені бір жерде булануға жылу жұмсалса, екінші бір жерде ылғалдың конденсациялануы барысында, керісінше жылу бөлініп шығады. Бір жыл ішінде су айналымына Күннен келетін жылудың 25%-ға жуығы қатысады. Сонымен су мен жылуды тасымалдау арқылы су айналымы Жер шарының табиғат кешендерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Су айналымына адамның
шаруашылық әрекеті елеулі түрде
ықпал етуде. Ормандардың жойылуы,
орасан зор егістік алқаптардың
пайда болуы, батпақтарды құрғату
мен шөлдерді суландыру, жасанды
алып бөгендердің құрылысы, шаруашылық
мақсатта пайдаланылатын су мөлшерінің
күрт артуы Жер шарындағы
Әлемдік мұхит проблемалары.
Адамның шаруашылық әрекеті
нәтижесінде өзен суларының жылдық
ағыны өзгерген. Өндірісте пайдаланылатын
сулар өндірілген өнім құрамына еніп
немесе қалдық су күйінде жердің терең
қойнауына кетіп, айналымға тусуі
қиындайды. Өндірістік және тұрмыстық
қалдықтармен ластанған сулар табиғаттағы
су айналымының нәтижесінде
Жер бетінің 2/3 бөлігін алып
жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы
1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар.
Мұхит суы планетадағы су қорының
97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит
планета халқының тағам ретінде
пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының
1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер
бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі
роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы
аймақтарына жатады. Өйткені планета
атмосферасына түсетін
Әлемдік мұхиттың зиянды және
улы заттармен, мұнаймен және мұнай
өнімдерімен, радиоактивті заттармен
ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып
отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден
көруге болады: жағалаудағы суларға
жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5
млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна
қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара
теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне
ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және
өнеркәсіптік ағын сулар төгілген.
Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының
сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік
теңіздің сулары да қатты ластанған.
1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және
американдық команда
Мұхитты қатты ластаушылардың
бірі мұнай жоне мұнай өнімдері.
Әлемдік мұхитқа жыл сайын
орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай
өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың
екі түрлі қаупі бар: біріншіден,
су бетінде теңіз фаунасы мен
флорасына қажетті оттегіні жібермейтін
пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың
өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа
созылатын улы зат болып
Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген.
Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.
Гидросфераның ластануы
Жер планетасындағы судың
жалпы мөлшері — 1386 млн.км3. Бұл
судың 96,5 % Әлемдік мұхитқа тиесілі.
(13-кесте).
Мұхиттардың орташа тереңдігі 3704 м ал
ең тереңі — 11034 м Жер қойнауының жоғарғы
бөлігінде түрлі тереңдікте жер асты суының
қоры бар. Тұщы сулар әдетте, 150-200 м тереңдікте
орналасады да, тереңдеген сайын тұздана
береді.
Жер астындағы тұщы сулардың көлемі жер
бетілік тұщы су көлемінен 100 есе көп. Су
табиғатта үш түрлі агрегат күйде (қатты,
сұйық, газ) кездеседі.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда
тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады.
Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың
төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы,
1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық
кезеңінде 1500 тонна, 1тонна күрішке — 7000
тонна, мақтаға 10 000 тонна су жұмсалады.
Өнеркәсіпте 1т. өнім алу
үшін болат, шойын — 15-20 м3, кальцийленген
сода — 10, күкірт қышқылы — 25-80, азот
қышқылы — 80-180, синтетикалық жібек
— 300-400 м3, синтетикалық талшық — 500, мыс
— 500, пластмасса — 500-1000, синтетикалық
каучук — 2000-3000 м3 т.с.с. су жұмсалады. Қуаты
300000 квт/сағ. Жылу электр станциясына
жылына 300 км3 су қажет.
Соңғы жылдары өзен, көл, теңіз бен мұхит
суларының ластануы қатты байқалуда. Табиғи
суларды ластаушы негізгі көздер төмендегілер:
1) өндіріс орындарынан шыққан поллютанттар
бар атмосфералық сулар;
2)фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер
(олардың ішінде патогенді де) бар тұрмыстық
сулардан құралған ағызынды сулар;
3)суды көп пайдаланатын қара металлургия, химия, орман-химия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің ағызынды сулары.
Өндірістің дамуына және
суды пайдаланудың артуына байланысты
ағызынды сулардың мөлшері де артып отыр.
60 жылдардың өзінде-ақ жыл сайын әлемде
700 млрд м3 ағызынды сулар жиналатын еді.
Өзендердің ластануы соңғы жылдары қатты
байқалып отыр. Мысалы, тек қана Рейн өзені
жыл сайын 941 т. сынап, 1040 т. 1700т. қорғасын,
1400 т. мыс, 13 000 т. мырыш, 100 т. хром мен 20 млн
т . түрлі тұздармен ластанады.
Жер бетіндегі ең лас — Жерорта теңізі
болып табылады. Ағызынды сулардың зиянды
әсерінен ондағы балықтардың 80 проценті
қырылып қалған. Кемелердің апатқа ұшырауынан,
танкер резервуарларын жуған судан және
мұнай өндіру жұмыстары кезінде жыл сайын
Әлемдік мұхит сулары 12-15 млн т. мұнаймен
ластанады. Судың бетіндегі мұнай қабаты
атмосфера мен гидросфера арасындағы
газ алмасу процесін бұзып, оттектің жетіспеушілігінен
гидробионттардың қырылып қалуына себеп
болады.
Ауыл шаруашылығы да суды ластаушы көздердің
бірі болып саналады. Ауыл шаруашылығында
қолданылатын улы химикаттар топырақтан
шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында
түзілген өлі органикалық заттар (көң,
шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп,
олардың көп массасы улы әсері болмаса
да, су экожүйелеріне едәуір әсер етеді.
Органикалық заттары бар ағызынды суда
биогенді элементтер әсіресе, азот пен
фосфор көп болады, олардың әсерінен суда
фитопланктон жаппай көбейіп дами бастайды,
әсіресе көк жасыл, қоңыр балдырлар тез
көбейіп, жоғарғы сатыдағы су өсімдіктерінің
қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бұл
организмдер өсіп, дамып, өліп, нәтижесінде
судағы органикалық заттардың массасы
артады. Аэробты организмдердің оттекпен
тыныс алуы нәтижесінде тез арада оттектің
жетіспеушілігі туындайды. Сондықтан
су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты
процестер басым бола бастайды. Бұл процесс
эвтрофикация деп аталады. Эвтрофикация
дегеніміз — суда табиғи, не антропогендік
факторлар әсерінен биогенді элементтердің
жинақталуы нәтижесінде су объектілерінің
биологиялық өнімділігінің артуы. Анаэробты
процестер судың екінші реттік ластануы
болып табылады. Эвтрофикация — суға оңай
тотығатын минералды тыңайтқыштардың
түсуі, не егістіктерден азот пен фосфор
тыңайтқыштарының шайылуы нәтижесінде
де болуы мүмкін.
Атмосфераның ластануына қарағанда сулардың
ластануы көбірек қауіп туғызатын себептерін
төмендегіше деуге болады:
1)сулы ортада өздігінен тазару, ауаға
қарағанда әлдеқайда жәй жүреді;
2)судың ластану көздері өте көп;
3)сулы ортада жүретін табиғи процестер ластаушылар әсеріне сезімтал және олар атмосферада жүретін процестерге қарағанда жер бетіндегі тіршілік үшін аса маңызды болып табылады.
Суды тазарту және ластанудан қорғау
Табиғи суларда олардың
өздігінен тазару құбылысы жүреді.
Бірақ бұл процесс өте жай
жүреді. Өндірістік-тұрмыстық
Ағызынды суларды оларды ластаушы заттардан
тазарту күрделі процесс. Олар — механикалық,
физико-химиялық және биологиялық болып
бөлінеді. Бұл әдістердің әрқайсысын таң-
дап алу ағызынды судың ластану сипаты
мен ондағы қоспалардың зияндылығына
байланысты.
Суды тазартудың механикалық әдісі бойынша
суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы
механикалық қоспалардан тазартады. Көлемі
түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әртүрлі
конструкциялы торлармен, су бетілік қоспалар
— май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы
сүзіледі.
Физико-химиялық әдісте ағызынды сулардан
еріген органикалық емес қосылыстар бөлініп,
органикалық заттар ыдыратылады. Көбінесе
электролиз қолданылады. Электролиз кезін-
де ағызынды сулардағы органикалық заттар
ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа
да органикалық емес қосылыстар бөлініп
алынады. Электролиттік тазарту электролизер
деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге
асырылады. Ағызынды суларды электролиз
арқылы тазарту әсіресе, қорғасын, мыс
өнеркәсіптері мен бояғыш заттар өндіріс
орындарында тиімді.
Суды тазартудың биологиялық
әдісі сулардың биохимиялық және
физиологиялық өздігінен тазару
құбылыстарының заңдылықтарына негізделген.
Ағызынды суларды тазартудың биологиялық
қондырғыларының бірнеше
Аэротенклерге активті ил — микроскопиялық
өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен
ағызынды сумен толтырады да, ағызынды
суларды төменгі жағынан қатты ауа ағынымен
үрлейді. Оттектің (ауамен үрлегенде) және
органикалық заттардың көп мөлшерінде
(ағызынды судағы) активті илде бактериялар
мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп,
бактериялар бір-біріне жабысып, кесектеліп,
органикалық ластаушыларды жай минералдық
заттарға дейін ыдырататын ферменттер
бөле бастайды. Органикалық заттардың
минералдану процесі жүреді. Органикалық
заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар
активті көбейе бастап, массалары ұлғая
түседі. Бактериялардың кесектелген массалары
біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара
береді. Тұнған таза суды бөліп алып, ал
активті илдің суды тазарту функциясы
әрі қарай жалғаса береді.
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің
ең көп қолданылатын түрі нейтралдау.
Өнеркәсіп орындарының ағызынды сулардың
көпшілігінің құрамында күкірт қышқылы,
тұз және азот қышқылдары көп кездеседі.
Осы қышқылдар бола- тын суларды нейтралдау
үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Әдетте химиялық тазартудан соң биологиялық
тазарту жүзеге асырылады.
Ағызынды суларды тазартуға жұмсалатын
шығын өндіріс орындарынаң жалпы сметалық
құнының 10-15%, кейде 2025% құрайды. Ағызынды
суларды тазарту қондырғыларының өте
қымбатқа түсуі, сол сияқты көбінесе тек
қана тазарту қондырғылары арқылы үздіксіз
даму үстіндегі өндіріс орындарының зиянды
әсерінен биосфераны қорғау проблемасын
шешу мүмкін еместігі су көздерін ластанудан
қорғаудың неғұрлым тиімді жолдарын іздестіруді
қажет етіп отыр. Ал мәселені шешу үшін
экологиялық жағынан қауіпсіз, аз қалдық
шығаратын, тіпті кейбір жағдайларда қалдықсыз
технологиялық процестерді енгізу қажет.
Суды ластаушылардан бөлу үш әтап арқылы
жүзеге асырылады.
Бірінші реттік тазарту. Ағызынды сулар
ірі қатты қалдықтардан тұндыру арқылы
тазартылады.
Екінші реттік тазарту: еріген органикалық
заттарды бөлу. Ағызынды суларды биохимиялық
тазарту әдісінде кейбір микроорганизмдер
судағы еріген органикалық заттармен
қоректеніп, өсіп, дамып, көбейеді. Осылайша,
ағызынды сулар органикалық заттардан
тазарады.
Екінші реттік тазартудың келесі бір көп
таралған әдісі тамшылы биофильтрлер
арқылы тазарту. Бұл әдісте судағы тек
қана жүзінді органикалық қосылыстар
емес, еріген қосылыстар да бөлінеді. Тамшылы
биофильтрлер арқылы 80-85% еріген органикалық
заттар тазарады.
Бірінші және екінші реттік тазарту арқылы
ағызынды сулардан 90% органикалық ластаушыларды
бөлуге болады.
Үшінші реттік тазарту: Үшінші реттік
тазартудың негізгі мақсаты — ағызынды
судың құрамындағы азот және фосфор қосылыстарын
бөлу. Осы элементтердің қосылыстары суда
балдырлардың қарқынды өсіп, дамуына себеп
болады. Үшінші реттік тазартуда ластаушыларды
химиялық реагенттермен тұнбаға түсіру
арқылы суды тазартады.
Тазартудың осы үш этапынан кейін суды
ондағы қалған бактериялар мен вирустардан
тазарту үшін хлорлап, жер бетілік суларға
ағызады.

- Гидросфера және оның ғаламдық проблемалары
- Гидросфера земли
- Гидросфера Земли
- Гидросфера Земли
- Гидросфера Земли. Ее состав и свойства
- Гидросфера Земли, ее состав и характеристики
- Гидросфера Земли. Мировой океан
- Гидросфера
- Гидросфера
- Гидросфера
- Гидросфера - биосфера элементі
- Гидросфера биосфкраның элементі ретінде
- Гидросфера в России
- Гидросфера, ее состав и структура