Халықаралық шарт
Жоспар:
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. .....................3-4 - Негізгі бөлім:
- Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар түсінігі......................
.............................. .............................. 5-6 - Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың объектілері және олардың түрлері………………...6-10
- Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың формасы, атауы және жүргізілу тілі……………..10-12
- Қорытынды.....................
.............................. .............................. ..........13-14
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
.............................. ....15
Кіріспе
Халықаралық құқықта халықаралық
ұйымдар екінші реттегі субъектілері
болып табылады. Алайда әрбір халықаралық
ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі
бола ала ма деген сұрақ туындайды.
Өйткені бірнеше ғалымдар кей
халықаралық ұйымдарда
Қазіргі таңда Е. Т. Усенконың көзқарасы дұрыс деген шешімге келді. Яғни, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде белгілі бір объективті белгілері бар, нақтырақ айтқанда, осы белгілер арқылы объективті субъектісі болып танылатын халықаралық йымдарды жатқызады. Бұл белгілерге: мемлекеттердің қатысуымен жасалған шарттар негізінде құрылған және қызметтер атқаратын ұйымдар, оның мүшелері мемлекеттер, өзінің жеке мақсаты бар, тұрақты органдары бар, теңқұқықты, мемлекеттер достастығын қалыптастыруды ұйымдастыратын ұйымдар.
Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі
олардың белгілі бір құқықтарын
анықтайды. Олара өзара немесе мемлекеттермен
халықаралық шарттар жасасу құқығы,
иммунитет пен артықшылықтарға
ие болу құқығы, халықаралық құқықтық
жауапкершілік субъектісі болу құқығы,
халықаралық құқық мирасқоры
болу құқығы және өз атынан өкілдік
ететін өкілі болу құқығы. Бірнеше
халықаралық юристер
Халықаралық ұйымдардың құқық қабiлеттiктерінің көлемі бойынша айырмашылықтары олардың белгілі бір құқықтық қатынастарда тең тараптар ретінде бола алатындығын теріске шығармайды. Нақты осы жайт негізінде халықаралық конвенциялар (1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы, 1975 және 1986 жылғы конвенциялар) жарияланды. Халықаралық ұйымдарды халықаралық үкіметтік ұйымдар деп ала отырып, бұл конвенциялар халықаралық ұйымдардың құқық қабілеттігінің көлемін жеке алып қарастырмайды, өйткені олай қарастыруда еш мән жоқ.
1986 жылғы конвенцияның негізгі мақсаты халықаралық ұйымдардың статусының емес, олардың қатысуымен жасалатын шарттардың режимін реттеу болды. Яғни, мұндағы нормалар халықаралық ұйымдар құқығына емес, халықаралық шарттар құқығына қатысты қолданылады. Сонымен қатар, бұл нормалар халықаралық ұйымдардың құқық қабілеттігіне қарамастан, нақтырақ айтсақ, көп не аз көлемдегі құқық қабілеттігі бар, жалпы немесе арнайы, әмбебап немесе жергілікті, ашық не жабық негізде құрылған халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттарға қолданылу керектігі айтылған. Тек бір ескеретін жайт, бұл нормалар тек қана халықаралық үкіметтік ұйымдардың қатысуымен жасалатын халықаралық шарттарға қолданылады. Бұл ретте осы нормалар барлық халықаралық ұйымдарға тең дәрежеде қолданылады, керісінше айтқанда, барлық халықаралық ұйымдар осы нормаларға қатысты тең. Халықаралық құқықтың субъектісі ретінде халықаралық ұйымдардың теңдігін мойындау негізіндехалықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар құқығы туралы баптар жобасын дайындайтын арнайы халықаралық құқықтық Комиссия жабдықталды.
Халықаралық ұйымдар қатысатын халықаралық шарттардың заңды табиғатында маңызды ерекшеліктерорын алады. Бұл ерекшеліктер олардың субъектілерінің, мақсаттарының, шарт объектісінің, осы категориядағы шарттардың келісім беру формаларының ерекшеліктерімен анықталады.
Халықаралық ұйымдардың халықаралық шарт құқығы мемлекеттердің шарт құқығынан өзгеше. Бұл, әрине, субъектілігі негізінде орын алады. Халықаралық ұйымдар олардың қарарымен анықталған шекте ғана халықаралық шарттар жасаса алады. Бұл ерекшелік 1986 жылы қабылданған халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар құқығы туралы Конвенцияның 6-бабында айтылған: «халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқығы олардың ұйым ережелерімен реттеледі». Бұл 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 6-бабымен бірнеше айырмашылықта. Бұл бапта: «кез келген мемлекет халықаралық шарт жасауға құқылы» делінген. 1986 жылғы Конвенцияда мемлекеттерге қатысты кез келген халықаралық ұйым халықаралық шарт жасауға құқылы делінбеген. Егер ұйым халықаралық құқықтың субъектісі болмаса, онда оның мұндай құқығы жоқ. Осы конвенцияның 2-бабына сәйкес, құрылтай актілер және қалыптасқан тәжірибе негізінде ұйымдар халықаралық шарт жасауға құқылы.
Қазіргі таңда кең шарт жасау құқығы бар ұйым бұл - БҰҰ болып табылады. Бұл ұйымның құрылтай актісінде өзінің органдарына саяси, экономикалық, әскери және т.б. салаларда келіссөздер жүргізуге және халықаралық келесімдер жасасуға құқық берілген. Шарт жасау құқығы тек қана құрылтай актімен анықталмайды. 1986 жылғы Конвенцияның 2-бабына сәйкес, құрылтай актісінен басқа, сол ұйымның қарарлары, резолюциялары және қалыптасқан тәжірибесі негізінде шарт жасау құқығына ие болады.
Негізгі бөлім
- Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралы
қ шарттар түсінігі
Халықаралық ұйымдар қатысатын халықаралық шарттардың заңды табиғатында маңызды ерекшеліктерорын алады. Бұл ерекшеліктер олардың субъектілерінің, мақсаттарының, шарт объектісінің, осы категориядағы шарттардың келісім беру формаларының ерекшеліктерімен анықталады.
Халықаралық ұйымдардың халықаралық шарт құқығы мемлекеттердің шарт құқығынан өзгеше. Бұл, әрине, субъектілігі негізінде орын алады.
Мемлекеттер арасында жасалатын шарттарда халықаралық құқықтың субъектілері болып табылатын біртекті емес егеменді мемлекеттердің еріктерінің сәйкес келуінің негізінде келісім болады. Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың егеменді еркі тек біржақты (егер шартта мемлекеттер қатысқан жағдайда) немесе мүлдем болмауы (егер шартта тек қана халықаралық ұйымдар қатысса) мүмкін, өйткені халықаралық ұйымдарда егемендік жоқ, сол себепті егеменді еркі де болмайды.
Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде толықтай түседі, ал қызметін өз органдары арқылы жүзеге асырады. Ал кей оның органдары құқық субъектісіне және өз еркіне ие болмайды.
Сонымен, Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар қатысушылардың еріктерінің келісуінің негізінде жасалынады. Алайда мемлекеттер арасында жасалатын шарттарға қарағанда бұл еріктер бірдей емес, яғни бір жағынан, егеменді ерік білдіріледі, екінші жағынан, егеменді емес ерік білдіріледі. Егеменді ерік бірінші ерік ретінде шексіз әмбебап сипатта болады. Халықаралық ұйымдардың егеменді емес еркі шектеулі арнайы сипатта болады: олардың ерік білдіруі қатаң түрде қарарлары, ұйым ережелерімен сәйкес болуы керек, яғни құрылтай актісінің шегінде ерік білдіре алады. Бұл шектен шыққан жағдайда олардың еркі заңды түрде емес деп, шарт жасауға рұқсат берілмейді. Алайда еріктердің тең мағынада еместігі халықаралық шартқа қатысушылардың субъектілігі тең емес деп қате түсінбеуіміз керек. Өйткені, шарт теңқұқықты болады, ал бұл халықаралық құқықта жатпайды. Теңдік қағидасы Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттарда да қолданылуы керек. Бұл бірақ халықаралық шарт жасауда халықаралық ұйымдардың ерік білдіру мәселесін өзгертпейді.
Сайып келгенде, халықаралық ұйымдар егеменді мемлекеттердің қатысуынсыз халықаралық құқықта нормалар қабылдай алмайды, бұған ең алдымен, императивті jus cogens нормаларын жатқызуға болады. Сол себепті, халықаралық ұйымдардың өзара қатысуымен жасалатын шарттар халықаралық құқықтың қайнар көздері бола алмайды. Бұл шарттардағы нормалар тек сол қатысушы ұйымдарға ғана міндетті, сәйкесінше мемлекеттер мен оның мүшелеріне міндетті емес.
Ендігі кезекте, халықаралық
ұйымдар мен мемлекеттердің қатысуымен
жасалатын шарттар өзгеше сипатта
болады. Бұл шарттарға егеменді мемлекеттердің
қатысуы шарттың нормалары
Қорытындылай келе, Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар жүйесін, оларға қатысушыларына байланысты, екіге бөліп қарастыруға болады:
- мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар;
- тек өзара халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттар.
- Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралы
қ шарттардың объектілері және олардың түрлері
Халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттардың субъектілерінің ерекшеліктері сияқты олардың объектілері де, мемлекеттер арқылы жасалатын шартты қоспағанда, ерекше болып келеді. Мемлекеттермен жасалатын шарттар шексіз объектілерге ие, халықаралық құқықтық қатынастардағы кез келген объект мемлекеттер қатысуымен жасалатын шарттардың да объектісі бола алады. Бұл жайт халықаралық ұйымдармен жасалатын шарттарға тиісті емес.
Осындай себептерге байланысты,
халықаралық ұйымдар саяси
Халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттардың объектілері –экономикалық және олардың қарарларындағы арнайы мәселелер. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің қатысуымен жасалатын шарттардың объектілері кең, тек өзара ұйымдармен жасалатын шарттарға салыстыра қарағанда. Халықаралық ұйымдармен қоса мемлекеттер арасында жасалатын халықаралық шарттарды олардың объектілеріне байланысты екі түрге бөлуге болады. Олар ең алдымен, Штаб-пәтер туралы, техникалық көмек көрсету, істестік және байланыс туралы келісімі. Маңызды орынды БҰҰ-ның қарулы күштер, арашашылар және әскери бақылаушылар құқықтық режимі туралы шарты, халықаралық қамқорлық туралы және МАГАТЭ-ның кепілдіктер туралы шарттары.
Халықаралық ұйымдармен өзара жасалатын халықаралық шарттар –істестік және қызмет үйлестіру туралы шарттар, құқық мирасқорлық және т.б. туралы шарттар. Халықаралық ұйымдармен өзара жасалатын халықаралық шарттар екіжақты болады. Көпжақты шарттар дамушы мемлекеттерге техникалық көмек көрсету мәселелерімен жасалады және МАГАТЭ-ның кепілдіктер туралы шарттары. Мысалы, БҰҰ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ХТО, ХПО, ХМО,ХДҰ, ИКАО-мен техникалық көмек көрсету шарттары және т.б.
Штаб-пәтер туралы шарт.Көптеген халықаралық ұйымдар өздері орналасқан мемлекетпен шарттар жасасады. Бұл олардың Штаб-пәтер туралы шарты немесе орталық құрылтай өтетін тұрған жері туралы шарт. Сонымен қатар бір ұйым екі не одан да көп мемлекеттерде орандары болуы мүмкін, сәйкесінше әр мемлекетпен осындай шартқа отырады. Мысалы, БҰҰ-ның 1947 жылы 26 мамырындағы АҚШ үкіметімен жасаған шарты, 1946 жылы Швейцариямен уақытша иммунитет туралы шарттары.БҰҰ-ның аранйы мекемелерімен жасалған шарттар: Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық почта ұйымы, Халықаралық электрбайланыс одағы және т.б. Бұл шарттар бірыңғай шарттар болып табылады. Бұлар олардың тұрақты әкімшілік органдарының сессия өтетін жерлеріне қатысты шарттар, олар еркін рұқсат, мемлекеттің құқығы, ұйымның иммунитеттері мен артықшылықтары, қаржы мәселелерін реттейді.
БҰҰ-ның 1947 жылы 26 мамырындағы АҚШ үкіметімен жасаған шартына сәйкес, Нью-Йорк қаласында осы ұйымға арнай аймақ берілді. Шартта: «бұл БҰҰ-ның аймағы, осы аймақта өз билігін жүргізеді, тәртіп орнатады» делінген. Бұл аймаққа қолсұғылмайды. БҰҰ-ның Бас хатшысының рұқсатынсыз бұл аймақта американыі лауыазымды тұлғалары, сот және полиция персоналдары өз қызметін атқаруға құқықтары жоқ. Сонымен қатар, бұл шартта (11 тарау): «БҰҰ-ның қызметкерлері осы аймаққа еркін кіріп және шыға алады» және « (15 тарауда) БҰҰ-ның тұрақты өкілдерінің дипломатиялық иммунитеттері туралы», «(16 тарауда) БҰҰ-ның аймағы полициямен қорғалатындығы» және т.б. көрсетілді.
Техникалық көмек көрсету туралы шарт. Осындай шарттар арнайы мамандандырылған мекемелер және өзге де халықаралық ұйымдардың көмек беруші мемлекеттермен жасаған шарттары. Бұл шартардың заты ретінде сол аумақты зерттеу туралы ұйымдардың бұйрықтары, мысалы сол мемлекеттің ауыл шаруашылығы, мамандардың кадрларын даярлауына құралдарды ұйымнан алу, кеңесшілерді сол мемлекеттерге жіберу және т.б. Әсіресе мұндай шарттарға екіден көп халықаралық ұйымдар қатысады. Халықаралық ұйымдар жобалардың тиiстi ғылыми зерттеулерiн жүзеге асыру мақсаттарында жәрдем беруi және мұндай зерттеулердiң үйлестiруi туралы (МАГАТЭ, Евратом), өнеркәсiптiң дамытуын жоспарлаудағы тәжiрибенiң берiлуi туралы(ЮНИДО) келiсiмшартқа отырады. Шарттардың ерекше түріне БҰҰ-ның Даму Программасымен техникалық көмек беру туралы шарттары жатады. Мысалы осындай реттегі шарт БҰҰ-ның Даму Программасы мен БАЭ арасында 1972 жылдың 12 қазанында жасалды. Мұндай шарттар үшжақты болып келеді: БҰҰ-ның Даму Программасы (ПРООН), халықаралық ұйым және көмекті қабылдаушы мемлекет. Мұндай шарттар және де оперативті жоспар деп те аталады.
Мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен істестік және байланыс туралы шарты. Бұл шарт мемлекеттердің халықаралық ұйымдарға кірместен жұмыстарына тартуға негізделген. Мысалы, Экономикалық өзара Көмек Кеңесінің 1973 жылы Мексикамен, 1975 жылы Иракпен жасаған шарттары. Бұл шарттарда Кеңес арнайы комиссия ашты. Бұл комиссия өз қызметін жаслған шарт негізінде атқарды.
Халықаралық тәжірибеде сонымен қатар, өзара істестік жайлы өзге де шарттар жасалған. Мысалы, БҰҰ-ның қарарының 93-бабында: «БҰҰ-ның қатысушысы болып табылмайтын кез келген мемлекет Халықаралық Сот Статутына кіре алады» делінген. Осы қарардағы баппен Швейцария және өзге де мемлекеттер Статутқа кірді. Өзара байланыс жасау туралы шарт негізінде тығыз ынтымақтастық орнатылған еді. Мысалы, Еуропалық Еркін сауда ассоциациясымен Финляндия, Экономикалық істестік және даму Ұйымы (Югославия) байланыс орнатты.
Бұл шарттар маңызды өзара құқықтар мен міндеттемелер жүктейді. Кейбіреулері мемлекеттердің осы ұйымдарда қызмет жасауын қарастырады. Мысалы, Экономикалық істестік және даму Ұйымы мен Жаңа Зеландияның 1970 жылы жасаған шарты. Осы шарт негізінде ұйымның өзге мүшелері секілді құқықтар алды (ауыл шаруашылық комитеті). Жаңа Зеландия осы ұйымның отырыстарына өз бақылаушыларын жібере алады. Егер отырыста ауыл шаруашылық комитетіне қарасты мәселелер қозғалған ретте.
МАГАТЭ-ның мемлекеттермен кепілдіктер туралы шарты. Осындай шарттардың негізгі объектісі МАГАТЭ жүзеге асыратын бақылауы болып табылады. 1968 жылғы ядерлі қаруды таратпау шартының 3-бабында: «әр ядерлі қарусыз мемлекет МАГАТЭмен кепілдік беру шартына отыру керек» делінген. Мұндай шарттар мемлкеттердің жекелей немесе бірге отыруна болады. Осындай реттегі шарттар саны өсу үстінде. 1975 жылдың басында 40 шақты мемлекет осындай шартқа отырып, жүзеге асыра бастаса, 1988 жылы шарт жасасқан мемлекеттер саны 97 болды.
БҰҰ-ның қарулы күштер, арашашылар және әскери бақылаушылар құқықтық режимі туралы шарты. БҰҰ-ның осындай шарттары халықаралық бебітшілікті, агрессия актілерін басу мақсатында жасалады. БҰҰ-ның қарарына (43 бап)сәйкес, ұйымның кез келген қатысушы мемлекет Қауіпсіздік Кеңесінің бұйрығы бойынша керек қарулы күштер, көмек көрсету, мемлекеттен өтуге жол беру секілді орындауы керек. Бұл шарттар кейін мемлекетпен ратификациялануы керек. Осындай шарттар көп жасалды, кейбіреулері әлі күшінде. Мысалы, 1964 жылы БҰҰ-ның Кипр үкіметімен жасасқан шарты. Бұл шарт БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Кипрдің сыртқы істер министрімен хаттардың алмасуымен рәсімделді.
Атай кететіт жайт, БҰҰ-ның қарарына (43 бап)сәйкес, қарулы күш туралы шарт Қауіпсіздік Кеңесімен жасалуы керек. Алайда тәжірибеде мүндай шарттарды Бұл шарт БҰҰ-ның Бас хатшысы (осындай өкілеттігі болмаса да) жасаған кездер болды.
Қамқорлық туралы шарт.Осындай шарттар 1947 жылы қамқор мемлекеттермен БҰҰ-ның қарарының75 — 80 баптарымен жасалып, Бас Ассамблея немесе Қауіпсіздік Кеңесімен (Тынық мұхиттағы Маршаллов, Каролинские и Марианские аралдары ) нығайтылды.
Көптеген юристер осындай
шарттарды халықаралық
Қазіргі таңда мұндай шарттар қамқор мемлекеттердің ешгемендік алуымен өз күшін жойды. Ресми түрде тек АҚШ-тың Тынық мұхиттағы аралдарға деген шарттары әлі күшінде.
Ынтымақтастық және қызметін үйлестіру шарты. Бұл шарттарға тек халықаралық ұйымдар қатысады. Бірақ, олардың халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасында жасалатын шарттардың мазмұны бірдей. Бұл шарттар олардың ақпараттар және қағаздармен айырбас жасау, өзара бақылаушылар жіберу, бірге өткізілетін консультациялар, белгілі бір мақсаттарда өзара көмек және т.б. қаралады. Сонымен қатар, біріге отырып зерттеу жобаларын өткізу туралы шарттар. Бұлардың барлығы екіжақты келісімдер болып табылады.
Көптеген халықаралық ұйымдар БҰҰ-мен осындай ретте шарттар жасасты. Осын негізде олар БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері болып қалыптасты. Осындай шарттарға БҰҰ-мен ЮНЕСКО, ХЕҰ, ХТО, ХПО, ХМО,ХДҰ, ИКАО және т.б. Олар өздерінің конференцияларында, конгресстер мен сессияларында өзара өкілдік ету (дауыс беру құқығынсыз) құқығын мойындау, күн тәртібіне мәселелерді қосу, ақпараттар мен құжаттармен өзара айырбастау, рекомендациялар дайындау секілді мәселелерді алады. Сонымен қатар, өзара ынтымақтастық туралы шарт мамандандырыған мекемелерінің арасында да жасалынады. Мысалы,ХЕҰмен ЮНЕСКО арасындағы 1948 жылғы 23 тамыздағы шарты. Бұл шарт екі ұйымның еңбек шарты қызметін үйлестіру болып табылды. ЮНЕСКО өз уақытында (1946 жыл және 1961 жыл аралығында)100 шақты екіжақты шарттар жасасты. Соның ішінде 26 халықаралық ұйымдармен (МАГАТЭ, ХДҰ, ХЕҰ) болды. Мысалы, ЭКК жасаған шарттары. Осындай жасаған шарттары негізінде ғана бұл экономикалық ұйым халықаралық деңгейге шықты.
Құқық мирасқорлық шарты.Шарттық тәжірибеде бұл шарт түрі белгілі. Осы шарт негізінде БҰҰ мен мамандандырылған мекемелерінің қатынастарын, осы мекемелердің өзге халықаралық ұйымдармен қатынастарын реттеді. Атап айтқанда, қызметтерінің, мүліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлығы. Мүндай шарттарға мысал ретінде Ұлттар Лигасы мен БҰҰ арасындағы 1946 жылғы 19 шілдедегі шартты алсақ болады. Осы шарт негізінде Ұлттар Лигасының саяси емес қызметтері мен мүліктері көшкен еді. Сонымен қатар, ЮНЕСКО мен Халықаралық Интеллектуалдық ынтымақтастық институты арасында, ФАО мен Халықаралық ауыл шаруашылық институты арасында және т.б.
- Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралы
қ шарттардың формасы, атауы және жүргізілу тілі
Халықаралық ұйымдар мемлекеттер сияқты халықаралық шарттардың кез келген формасын таңдай алады және бұл шарттың заңды күшіне және болмысына әсер етпейтді. Бұл жағдайлар 1986 жылдың конвенциясына қосылған, яғни халықаралық ұйымдардың қатысуыменжасалатын шарттың баптарының жобасын игеру немесе өндіру мақсаттары үшiн халықаралық құқықтық комиссиясы жанында жасалған. 1986 жылғы конвенцияда: «шарт халықаралық келісім ретінде халықаралық құқықпен реттеледі және жазбаша нысанда жасалады: 1) бір немесе бірнеше мемлекеттермен және бір немесе бірнеше халықаралық ұйымдармен; 2) халықаралық ұйымдар арасында олардың бірнеше құжат негізінде болуына және атауына қарамастан жасалады» делінген.
Мемлекеттер арасында жасалатын шарттар сияқты Халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттар,шарт жасау формасы мен олардың атауларын жасаушы тараптардан таңдалады. Бұл таңдау құқығы олардың құрылтай актілерінде көрсетіледі.
Халықаралық ұйымдар халықаралық шарттарды негізі 3 формада жасайды: халықаралық келісім, хат (нота) алмасу және параллельді резолюциялар. Сонымен қатар, хаттамалар және т.б. кездеседі. Ең негізгілері халықаралық келісімдер; нота алмасу және параллельді резолюциялар және хаттамалар аз кездеседі.
Ал келесідей атаулар: шарт, пакт, конвенция – болмайды, алайда келешекте қолданылмайды деген мағынада түсінбеу қажет.
Ең көп таралғаны халықаралық келісімдер. Осы формада: БҰҰ-ның көптеген халықаралық ұйымдармен арнайы сұрақтар негізінде жасасқан шарттары, осы шарттар негізінде олар мамандандылырған мекемелер болды; осы мекемелер мен халықаралық үкіметтік ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттары; халықаралық ұйымдардың мемлекеттермен техникалық көмек көрсету туралы шарты; Штаб-пәтер туралы шарты. Шарттардың атауларына байланыстырып олардың маңыздылығын түсіну қате. Шарт атаулары тек қатысушы тараптардың таңдауы ретінде қойылады.
Екінші топтағы халықаралық шарттарға хат (нота) алмасу жатады. Бұл еі жеңілдетілген қарапайым форма болып табылады. Кеңестік заң әдебиеттерінде: «халықаралық ұйымдарға хат алмасу деген келеді, нота емес, өйткені халықаралық ұйымдардың қатынастарында дипломатиялық сипат жоқ.» делінген. Сонымен қатар, нота ресмилігі жоғары және маңызды мәселелерге арналады, ал хат алмасу арнайы мәселерге анықталған. Мысал ретінде, ИКАО мен ХЕҰ арасындағы хат алмасумен азаматтық авияция жөнінде ортақ комиссия құру туралы келісімге отырды. 1953 жылдың 19 қазанында ХЕҰ Бас дирекциясы ИКАО Кеңесінің президентіне хат жіберіп, 28 қазанында ұсынысын қабылдайтындығын айтып кері хат жолдады. Тағы бір мысал, БҰҰ-ның Халықаралық Соты мен Голландия сыртқы істер министрі арасындағы 1946 жылдың 26 мамырында Сот мүшелерінің иммунитеттері мен артықшылықтары туралы шарт хат алмасу арқылы жасалды.
Сонымен қатар, хат алмасу арқылы қызмет пен мүліктің мирасқорлығы рәсімделген еді. Хат алмасу формасында халықаралық шарттардың күшіне енгенін растайтын шарттар жасалды. Мысалы, БҰҰ мен АҚШ арасындағы Штаб-пәтер туралы шарты1947 келісімі БҰҰ-ның Бас хатшысы мен БҰҰ-ның АҚШ өкілдігі арасындағы хат алмасу арқылы жүзеге асты.
Халықаралық ұйымдармен жасалған
шарттар параллельді
Экономикалық Көмек көрсету Кеңесімен көптеген хаттамалар жасалды. Мысалы, ЭКК мен «жалпы грузды вагондардың паркі» ұйымының хаттамасы.
Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттардың құрылымы мемлекеттермен жасалатын шарттардан өзгеше емес. Олар преамбула, негізгі бөлім (баптар) және қорытынды бөлімі (шарттың күшіне енуі, тоқтатылу негіздері және т.б.). Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттардың құрылымы қарапайым: олар тарауларға, бөлімлерге бөлінбейді; қысқа әрі біртекті. Кейбіреулерінде қосымшалар (приложения) болады. Мысалы, Экономикалық өзара Көмек Кеңесінің 1973 жылы Мексикамен, 1975 жылы Иракпен жасаған шарттарында қосымшалар тіркелген.
Сонымен қатар, Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар жасау тілі де қарастырылады. Халықаралық шарт жасауда белгілі бір анықталған тіл жоқ. Ал кей жағдайларда екіжақты шарттарда, егер тараптардың тілдері әртүрлі болған жағдайда, шарт екі тілде жасалады. Мысалы, ЭКК мен КСРО арасындағы шарт орыс тілінде жүргізілді. Өйткені екі тараптың да ортақ тілі орыс тілі болды. Экономикалық өзара Көмек Кеңесінің 1973 жылы Мексикамен, 1975жылы Иракпен жасаған шарттары екі тілде: орыс және испан, араб тілдерінде жасалды. БҰҰ мен АҚШ арасындағы Штаб-пәтер туралы шарты 1947 келісімі француз және ағылшын тілінде жасалды. Алайда халықаралық тәжірибеде кейбір шарттар тек бір тілде жүргізілген кездер болды. Мысалы БҰҰ-ның кезекті келісімдері ағылшын не француз тілдерінде жүргізілген. Қатысушы мемлекеттер мен мекемелердің тілдерінде аудармалары болмаған.
Қорытынды
Халықаралық ұйымдар қатысатын халықаралық шарттардың заңды табиғатында маңызды ерекшеліктерорын алады. Бұл ерекшеліктер олардың субъектілерінің, мақсаттарының, шарт объектісінің, осы категориядағы шарттардың келісім беру формаларының ерекшеліктерімен анықталады.
Халықаралық ұйымдардың халықаралық шарт құқығы мемлекеттердің шарт құқығынан өзгеше. Бұл, әрине, субъектілігі негізінде орын алады. Халықаралық ұйымдар олардың қарарымен анықталған шекте ғана халықаралық шарттар жасаса алады. Бұл ерекшелік 1986 жылы қабылданған халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар құқығы туралы Конвенцияның 6-бабында айтылған: «халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқығы олардың ұйым ережелерімен реттеледі».
1986 жылғы конвенцияның негізгі мақсаты халықаралық ұйымдардың статусының емес, олардың қатысуымен жасалатын шарттардың режимін реттеу болып табылады. Яғни, мұндағы нормалар халықаралық ұйымдар құқығына емес, халықаралық шарттар құқығына қатысты қолданылады. Сонымен қатар, бұл нормалар халықаралық ұйымдардың құқық қабілеттігіне қарамастан, нақтырақ айтсақ, көп не аз көлемдегі құқық қабілеттігі бар, жалпы немесе арнайы, әмбебап немесе жергілікті, ашық не жабық негізде құрылған халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттарға қолданылу керектігі айтылған. Тек бір ескеретін жайт, бұл нормалар тек қана халықаралық үкіметтік ұйымдардың қатысуымен жасалатын халықаралық шарттарға қолданылады. Бұл ретте осы нормалар барлық халықаралық ұйымдарға тең дәрежеде қолданылады, керісінше айтқанда, барлық халықаралық ұйымдар осы нормаларға қатысты тең. Халықаралық құқықтың субъектісі ретінде халықаралық ұйымдардың теңдігін мойындау негізінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар құқығы туралы баптар жобасын дайындайтын арнайы халықаралық құқықтық Комиссия жабдықталды.
Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде толықтай түседі, ал қызметін өз органдары арқылы жүзеге асырады. Ал кей оның органдары құқық субъектісіне және өз еркіне ие болмайды.
Сонымен, Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар қатысушылардың еріктерінің келісуінің негізінде жасалынады.
Халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттардың субъектілерінің ерекшеліктері сияқты олардың объектілері де, мемлекеттер арқылы жасалатын шартты қоспағанда, ерекше болып келеді. Мемлекеттермен жасалатын шарттар шексіз объектілерге ие, халықаралық құқықтық қатынастардағы кез келген объект мемлекеттер қатысуымен жасалатын шарттардың да объектісі бола алады. Бұл жайт халықаралық ұйымдармен жасалатын шарттарға тиісті емес.

- Халықаралық шиеленістерді реттеу
- Халықаралық экологиялық құқық
- Халықаралық экономикалық байланыстар
- Халықаралық экономикалық интеграция
- Халықаралық экономикалық интеграция
- Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Халықаралық теңіз құқығы
- Халықаралық терроризм
- Халықаралық терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу
- Халықаралық ұйым
- Халықаралық ұйымдар
- Халықаралық ұйымдар және классификациялары
- Халықаралық факторинг