Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйелері
І.Кіріспе.....................
ІІ.Негізгі бөлім
1)Халықаралық
валюталық қатынастар және валюта жүйесі........................
2)Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму
кезеңдері(эволюциясы).........
ІІІ.Қорытынды.................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
Сонымен халықаралық валюталық қатынастар дегеніміз - ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық
валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы,
яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық шарт және мемелекеттік құқық
нормасы кешендерін біріктіретін жүйе.
Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті
- халықаралық сауда-саттық процестерін
жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың
іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз
ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық
экономикалық және сауда қатынастарын
ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік
туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты
- кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан
болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді
және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді
түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі
әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес
роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына,
халықаралық айырбастың көлеміне, баға
саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік
валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу
қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің
эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды.
Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасады қарастырады.
Осы жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: «Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйелері». Бұл мәселеде халықаралық валюталық қатынастар түсінігі туралы және олардың жүйелерін,даму кезеңдерін қарастырамыз.
Осы жерде айта кетсек,валюталық жүйелер негізгі үш түрге бөліп қарастырамыз:
-Ұлттық валюталық жүйе;
-Дуниежүзілік валюталық жүйе;
-Аймақтық
немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
І. Халықаралық валюталық қатынастар және валюта жүйесі
Валюталық қатынастар және валюта жүйесінің түсінгі,түрлері.
Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.
Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
-Ұлттық валюталық жүйе;
-Дуниежүзілік валюталық жүйе;
-Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.
Ұлттық валюталық жүйе—халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежузілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет— валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.
Егер де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар
Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мешекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).
Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
-тауарлар
мен қызметтермен сауда-
-дүниежүзілік
және ұлттық нарықтағы
-фирмалардың
және банктердің шетел
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуғаьмүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.
Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:
-Елдегі
пайыз мөлшерлемесіндегі
-пайыз
мөлшерлемесі валюталық
Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.
Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.
Валютага деген ұлттық және халықаралық нарықтагы сенімділік дәрежесі.
Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.
Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
-нарықтық реттеу;
-мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Баға тетігі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.
Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарыктық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекетгік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақта мемлекет, бұл жағдайда да, валюталык қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат—бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жузеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-тендікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен нысандары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты-валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы — валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу — занды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, оның валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және нысандарына байланысты екіге бөлінеді:
-құрылымдық валюталық саясат;
-ағымдық валюталық саясат.
Құрылымдық валюталык саясат—дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жузеге асыруға бағытталатың ұзақ мерзімді шаралар жиынтыгы.
Ол валюталық саясат реформа нысанында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді. Ағымдық валюталық саясат — валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрдереттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың келесідей нысандары колданылады:
-Дисконттық валюталық саясат;
-Девиздік валюталық саясат.
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу нысандары болады:
-валюталық интервенция;
-валюталық резервтерді диверсификациялау;
-валюталық шектеу;
-валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
-валюталық бағам режииі;
-девальвация;
-ревальвация;
Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің кетерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды артгыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансынын, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртка ағылуына жол береді.
Девиздік саясат -мешекеттік ұйымдардьің немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция нысанында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ, сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валютальіқ институт қ9рылды (1994 жылы)
Валюталық резервтерді диверсифкациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жургізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр турлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің қурылымынреттеуге бағытталған мешекеттің және банктердің саясаты.
Бұл саясат қарапайым түрде түрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.
Девальвация мен ревальвация — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.
Ревальвация — ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарылату.
ІІ. Дүниежүзілік валюталық жүйесінің даму кезеңдері(эволюциясы)
Валюталық жүйелердің даму зандылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезендерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.
Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты камтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.
Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезенде жүргізіледі:
I кезең
— жаңа жүйенің қағидаларының
қалыптасуы, алғы шарттардың түзілуін,
анықталуын қамтиды, мұнда
II кезең
— жаңа жүйенің қағидаларының
құрылымдары толығымен
III кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.
Дүниежүзілік валюталык жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:
Парилсдің валюталық жүйесі (1867 жылы)
Генуэз ваяюталық жүйесі (1922 жылы)
Бреттон-вудс валюталык, жүйесі (1944 жылы)
Ямайск валюталық жүйесі (1976—1978 жылдары)
Еуропалық валюталық жүйе (1979 жылы)
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін, алтын монета стандарты нысанында, яғни алтын монеметализмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана нысаны ретінде танылды, яғни, алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.
Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:
-оның негізі алтын монета стандарты болып табылады;
-әр валютаның езіндік алтынға шаққандағы құрамы белгіленеді (Ұлыбритания - 1816 жылы, АҚШ - 1837 жылы, Германия - 1875 жылы, Франция - 1878 жылы, Ресей — 1895 жылы белгіледі). Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;
-нарықтық
сұраныс пен ұсынысты ескере
отырып валюталарды еркін
Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол, ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.
Генуэз валюталық жүйесі мынадай кағидаларда қызмететгі:
-оның
негізі болып алтын және

- Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйесі
- Халықаралық гуманитарлық құқық
- Халықаралық гуманитарлық құқық
- Халықаралық ғарыш құқығы
- Халықаралық еңбек бөлінісі
- Халықаралық еңбек ұйымы
- Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша
- Халықаралық бірігудегі жүйе мен деңгейі (кесте түрінде)
- Халықаралық валюта
- Халықаралық валюта жүйесі
- Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы
- Халықаралық валюта қоры
- Халықаралық валюталық қатынастар
- Халықаралық валюталық қатынастар