Халыкаралык кукыктын кайнар коздерi
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзінің түсінігіне өзара байланысты екі элемент кіреді. Біріншіден, нормаларға заңи міндеттілік сипатын беру, яғни мемлекеттік ерікті білдіру жолы, екіншіден нормалардың сыртқы нысанынының сипаты.Әртүрлі жүйелерінің қайнар көздерінің ерекшелігі құқықтық реттеу обьектілерінің ерекшелігімен анықталады. Құқықтың қайнар көзі дегеніміз - құқықтық нормалары мазмұндалатын ресми нысан.Құқықтың қайнар көзі ол нақты заңи істі шешу үшін құқықтық норманы анықтауға мүмкіндік береді, оның 5 түрі бар:
1) халықаралық келісімдер: 2)ішкі заңнама ; 3)сот және арбитраждық тәжірибе:4) әдет- ғұрыптар; 5) ілімдер.
Ілімде көрсетілген халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерінің негізгі ерекшелігі оның екіжақты сипатталынуында және теңдей заң күші барлығында : бір жағынан қайнар көздері – халықаралық келісімдер және халықаралық әдет – ғұрыптар , ал екінші жағынан ішкі заңи нормалар мен мемлекеттік сот тәжірибесі.
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.
Қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастарда халықаралық құқықтың қайнар көздері ретінде халықаралық конференциялар мен мәжілістердің қорытынды актілері пайдаланылады.
Халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық- құқықтық нормалар көрсетілген конференциялардың және мәжілістердің актілері болып табылады. Мысалы, Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәжілістің құжаттары; Веналық қорытынды құжат, 1989 ж., 1990 ж Копенгагенде болған мәжілістің құжаты, 1986 ж. Стокгольмде болған қорытынды құжат.
Барлық осы құжаттарда халқаралық құқықтың субъектілерінде мінез-құлық ережелері бар. Мысалы, СБСЕ –ның қорытынды актісі халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ережелерін дамытты, Европадағы сенімділікті нығайту шараларын белгііледі, СБСЕ –нің Стокгольмдік документі сенімділік шараларының қатарын қатарын кеңейтті.
Осы көрсетілген актілер халықаралық құқық болып табылмаса да міндетті заңды қажеті бар.
Осы құжаттар мінез-құлық ережелерімен қатар оларды сақтауда бақылау және тексеру қарастырылған.
Халықаралық құқықтық нормаларды тудырудың жаңа әдісі – халықаралық органдар мен ұйымдардың резолюцияларын қабылдау. Халықаралық ұйымдардың резолюциясының заңды күші олардың уставтарымен анықталады. Уставтарына сәйкес көптеген ұйымдардың (рекомендательный) ұсыну сипатында болады.
Халықаралық шарттар.
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері ретінде көпжақты конвенциялар ерекше орын алады. Халықаралық шарттарды қабылдау - шетелдік элементпен күрделенген , халықаралық жеке құқықтың жеке құқықтық қатынастарды реттейтін біріңғай құқықтық нормаларды шығару процесі. Бұл процесс ғылымда унификация деп аталады. Унификация халықаралық дәрежеде модельді заңдарды қабылдаумен жүзеге асырылады. Халықаралық келісімдерді жасаумен халықаралық жеке құқықтың нормаларын унификациялауға маманданған халықаралық ұйымдар жасап шығарды. Ең алғашқы халықаралық ұйым – Гаага конференциясы. Гаага конференциясының аясында 40-тан астам конвенция жасалынды:
- Ажырасуды тану жөніндегі конвенция 1970ж
- Тауарларды халықаралық сатуда қолданылатын құқық туралы 1955 ж конвенция
- Өсиет нысанына байланысты байланысты коллизиялар жөніндегі конвенция 1961ж
- 1974 жылғы Тауарларды халықаралық сату және сатып алу жөніндегі конвенция
- 1978 жылғы Жүктерді теңізбен халықаралық тасымалдау туралы конвенция
- 1991 жылғы Көлік терминалының халықаралық саудадағы операторлардың жауапкершілігі туралы конвенция.
Халықаралық жеке құқықты унификациялау процесінде халықаралық экономикалық қатынастар саласында Халықаралық сауда палатасы ерекше орын алады.Халықаралық сауда палатасының маңызы – оның әдет – ғұрыптарды биресми кодификациясын жүргізуінде.
Халықаралық шарт – оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім. Халықаралық құқықтың субъектілерінің келісімдерінің 1-ші стадиясы – келісімшарттың мәтінін құрастыру және келісу; 2-ші стадиясы келісімшарттың мәтінінде көрсетілген ережелерді заңды міндетті түрде мақұлдау. Халықаралық келісімшарт (келісім, пакт, конвенция) халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі ретінде танылады. Келісімшарт, ереже бойынша, жазбаша формада болады. Оның мәтінінің астына қолдар қойылып оны мөрмен бекітеді.
Ұлттық құқықта азаматтардың, адамдар топтарының және мемлекеттің күнделікті жай ережелерді сақтай отырып әрекет етуінен, әдеттегі әрекеттерінен әдет-ғұрып туындайды және оларға жалпыға міндетті статус беріледі.
Ал халықаралық құқықта мемлекеттердің өздері бір-бірінің арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық әдет-ғұрыптарды тудырады. Осыған байланысты, халықаралық құқықта халықаралық байланыс жасаған кезде мемлекететрдің мінез-құлықтарының бірыңғай нормаларын белгілейтін бір орталық жоқ немесе болған емес, сондықтан халықаралық қатынастарды келісімшарттық реттеуде кемшіліктер болуы мүмкін. Осыған байланысты, әдет-ғұрыптар және салт –дәстүрлер ІМҚ қарағанда халықаралық құқықта өте зор маңызы бар. Келісімшарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде салыстырмалы түрде жақын арада бекіді. Мемлекеттердің өзара қатынастарының даму тарихында әдет-ғұрып халықаралық құқықтың бірден-бір маңызды қайнар көзі болып табылады. Бұл тұжыоырым еуропа және азия елдері үшінде ақиқат. Дипломатиялық, сыртқы сауда қатынастары негізінен әдет-ғұрыптардың көмегімен реттелгенін халықаралық қатынастардың тарихы куәландырады. Ежелгі кезден бастап халықаралық байланыстарды жүзеге асыруда бірнеше рет қолданылған мемлекеттердің әрекеттерінен халықаралық қатынастар сферасында мемлекеттердің мінез- құлқын реттейтін кәдімгі ережелер қалыптасты. Оларды сақтаудағы мемлекеттің үнсіз келісімі, оларды ұзақ уақыт қолдану, олардың заңды күшін мақұлдау туралы міндетттемені өзіне қабылдау нәтижесінде олар халықаралық құқықтың қайнар көзінің күшіне ие болды.Олар халықаралық сауда әдет- ғұрыптары деп деп аталады және тарапардың екеуімен де орындалатын болады.
Келісімшартты нормативті актілерден мына ерекшеліктерімен ажыратылады:
1) Келісімшартпен қарастырылатын мінез-құлық тәртіп ережесін тек қана оның қатысушылары орындауға міндетті;
2) Келісімшарт тең құқықлық мүмкіндіктері бар субъектілер арасында қалыптасқан қатынастарды реттейді.
Әкімшілік келісімшарт әкімшілік құқықтық қатынастардың заңды формасы болып табылады.
Ол келісім шарт болуы мүмкін:
1) Әкімшілік қатынастарды реттеу қажет;
2) Міндетті субъект ретінде мемлекеттік басқару органы болатынын білу қажет;
3) Мемлекеттік басқару органдарының атқарушы басқару функцияларын (қызметін) жүзеге асыру;
4) Басқару органдарының құзырлығын (компетенциясын) анықтайтын құқықтық нормалармен қарастырылған нәтижеге жетуге бағытталған тараптардың келісімі болу керек;
5) Заңды факт ролінде кіру қажет, соның күшінде ӘҚҚ-с туындайды, өгереді және жойылады.
Құқықтық құбылыс ретінде ӘҚ-тың ҚК – дерін ары қарай оқып зерттеуді және терең игеруді қажет етеді.
1993 ж. 13 тамызда шығарылған, ол Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдармен Инвестициялық қорлардың құнды қағаздарын шығару және тіркеу туралы инструкция бекіткен.
ҚР Конституциялық Кеңесі (Конституционный Совет РК) заң шығарумен қатар кез келген нормативті актіні Конституцияға сәйкес емес деп тануға және осы Нормативтік актінің негізінде туындағанбарлық құқықтық қатынастардың барлығының күшін жоя алады. Сондықтан Конституциялық Кеңестің нормативті қаулылары ӘҚ-тың ҚК болып табылады.
Жоғарғы соттың нормативті қаулыларын ӘҚ-тың ҚК-деріне жатқызуға болады егер осы қаулылар мыналарға қатысты болса:
a) Әкімшілік істерді қарастырудағы практиканы жинақтап қорытса;
в) Әкімшілік заңнаманың құқық қолдану практикасын жетілдірсе;
Әкімшілік құқықтың ҚК–нормативті актілерінің -заңды күшінің дәрежесі бойынша классификациясы осындай. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан территориясындағы қалыптасқан практикаға сәйкес. Әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық актілер танылады, мысалы, 1966 ж. 16 желтоқсанда шыққан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және 1948ж. 10 қыркүйекте шыққан адам мен азамат құқығының жалпыға ортақ декларациясы.
Халықаралық шарт – оның субъектілерінің арасындағы құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім. Халықаралық құқықтың субъектілерінің келісімдерінің 1-ші стадиясы – келісімшарттың мәтінін құрастыру және келісу; 2-ші стадиясы келісімшарттың мәтінінде көрсетілген ережелерді заңды міндетті түрде мақұлдау. Халықаралық келісімшарт (келісім, пакт, конвенция) халықаралық құқықтың ең негізгі қайнар көзі ретінде танылады. Келісімшарт, ереже бойынша, жазбаша формада болады. Оның мәтінінің астына қолдар қойылып оны мөрмен бекітеді.
Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастарда халықаралық құқықтың қ.к. ретінде халықаралық конференциялар мен мәжілістердің қорытынды актілері пайдаланылады.
Келісімшартты нормативті актілерден мына ерекшеліктерімен ажыратылады:
1) Келісімшартпен қарастырылатын мінез-құлық тәртіп ережесін тек қана оның қатысушылары орындауға міндетті;
2) Келісімшарт тең құқықлық мүмкіндіктері бар субъектілер арасында қалыптасқан қатынастарды реттейді.
Әкімшілік келісімшарт әкімшілік құқықтық қатынастардың заңды формасы болып табылады.
Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады. Халықаралық құқық субъектілік мемлекетке өзінің өмір сүру кезінен бастап тән.
Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы), ереже бойынша, заңды және жеке тұлға қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы мекемелерінде, осылай, парламитарлық одақ БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық субъектіліктің барлық элементтері болмайды.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдарда егемендік болмайды, өз территориясы, тұрғыны мемлекеттің өзге де атрибуттары болмайды. Олар халықаралық құқыққа сәйкес келісімшарт негізінде егеменді субъектілерінен құрылады және құрылтай құжаттарнда бектілген нақты құзырлықтары болады. Осы құрылтай құжаттарға қатысты 1969 ж. халықаралық келісім шарт құқықғы туралы Вена Конвенциясы әрекет етеді.
Халықаралық ұйымдрдың негізгі қатынастары:
1. Халықаралық нормаларды құруға қатысу құқықғы;
2. Нақты биліктік өкілеттіктерді ұйым органдарының пайдалану құқығы; соның ішінде орындалуы міндетті шешім қабылдауға құқық;
3. Ұйымға және оның қызметкерлеріне берілген артықшылықтармен иммунитеттерді пайдалану құқығы;
4. Қатысушылары арасындағы дауларды қарастыру құқығы;
1991ж. 14.06. «Қазақ КСР-дегі валюталық реттеу» Заң, Қазақ КСР Президентінің жарлықтарының, министірлер кабинетінің бірқатар жарғыларының шығарылуы.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.
Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық жеке құқық бар.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы.
Халықаралық жеке құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.
Халықаралық құқықта мынадай шарттар қалыптасқан:
1) Халықаралық құқық субъектілік құқық;
2) Халықаралық ұйымдар құқығы;
3) Халықаралық гуманитарлық құқық;
4) Халықаралық теңіз құқығы;
5) Халықаралық әуе құқығы;
6) Халықаралық ғарыш құқығы;
7) Халықаралық атом құқығы;
8) Халықаралық экономикалық құқық;
9) Халықаралық қылмыспен күрес құқығы;
10) Халықаралық келісімшарт құқығы;
11) Халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығы;
12) Халықаралық қауіпсіздік құқығы.
Халықаралық-құқықтық институт – бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы, Халықаралық гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, Халықаралық келісімшарт құқығындағы - келісімшарттың жарамдылығы институты.
Қазіргі заманғы құқықты, соның ішінде халықаралық құқықты құрудағы ұлттық аспектілер мен ұлттық мемлекеттік мәселелер өздерін әлемдік аренада енді бекіткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қызығушылығын тудырады. Өркениет– географиялық ұғым емес, ол қалғандарды «өркениеттенбеген», яғни «екінші сорттыларға» жатқызатын қандай да бір «таңдалған» халықтарға тиесілі емес. Халықтар «иерархиясын», ұлттық құқықтық мәдениеттерді тану ұлтшылдық, шовинизм, фашизм үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар, ұлттық ерекшеліктерді, тіпті «Жаңа тарихи ортақтық - Кеңес халқын» құруға талаптанған Кеңес Одағы кезіндегідей жақсы оймен де ескермеуге болмайды.
Құқықты құрудың ұлттық аспектілерінің ерекшеліктері көптеген қазіргі заманғы құқықтық жүйелер генезисінде, интеграцияланған процестер ерекшелігінде, планеталық құқықтың құрылуының ерекшеліктеріндегі көптеген жайттарды түсіндіріп бере алады, Л.Н.Гумилев ескергендей, жеке этностар бір-бірінен оқшауланбаған, «антропосфера мозаика түрінде болады, ал оны этносфера деп атаған дұрыс» /1,544 б./. Философ және тарихшы Л.П.Карсавин адам тарихын «көпбірлік» терминімен сипаттайды. Ал Н.А.Бердяевтың ұқсас термині бар – «моноплюрализм». 1990 жылдардың ортасында Г.Н.Манов мемлекеттік өркениеттік сипаттарына, құқықтың ұлттық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, бұқаралық билік аппаратымен бірге мемлекеттің ел ретінде де көрінетіндігі туралы жазған. Дамыған жағдайдағы ел – бұл әрқашан белгілі бір өркениет /2/. Халықаралық Сот мүшесі және оның бұрынғы төрағасы Т.О.Элайас «өркениет» және «құқықтық жүйе» ұғымдары қазіргі замандағы құқықтық идеялардың әртүрлілігі тәрізді саяси ойлау мен қоғамдық әрекеттердің әр түрлі бейнелерінің өкілдігін білдіреді деп түсіндіреді. Оның ойынша, бұл терминдерді «мәдениеттер» сөзімен алмастыруға болады /3,24 б./.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың барлығы жалпы адамзаттық жинақталған-бірдей болмайды дегенді білдірді, ол әділеттік, парыз, жауапкершілік, тәртіп тәрізді қоғамның барлық әлеуметтік реттеушілерінің негізі болып табылатын құндылықтарды сақтаудың ең тиімді нысаны - ұлттық нысан ретінде өмір сүреді. Ұлттық құқықтық жүйелер ғасырлап дамитын, әр халықта әр түрлі болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, құқықтық практиканың негізінде пайда болады.
Құқық қазіргі заманғы мемлекеттердің өмірінде қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде рөл атқарады. Бірақ құқықтың мағынасы әр елде әртүрлі. Нормативті құқықтық актілерде бекітілген құқық пен шын мәнісінде сол мемлекеттің өзінде жүзеге асып жатқан құқықтың арасында, басқа да жағдаяттардан бөлек, құқықты түсіну мен жүзеге асырудың этникалық факторлары жатыр және олар ұлттық құқықтың ерекшелігін құрайды. Ұлттық құқық пен сол мемлекеттің тұрғындарын құрайтын ұлттардың мәдениеттері ұлттық-мемлекеттік ерекшеліктің анықталуында аз рөл атқармайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін африкалық халықтардың көбісі тәуелсіздігін алғаннан соң, жаңа ұлттар өздерінің еуропалық қағидаларға сүйенген мемлекеттілігі мен құқықтарын модернизациялану тенденциясын көрсете бастайды. Дәстүрлі салттардың орнына жаңа заңнама ауыстырылды. Дегенмен 80%-дан 90%-ға дейін тұрғындар ескі дәстүрлерге сүйеніп өмір сүре берді /4,61б./. Олар жаңа заңнамамен мүлдем таныспаған және үлкен қалаларда жүзеге асырылатын заңдар мен институттар жайлы ештеңе білмейді. Құқық африкалық қоғамдардың әлеуметтік ұйымдастырылуының орталық қағидасы болып келмейді.
Бұл жағдайда, ұлттық құқықтық жүйе сол халық үшін әлемнің құқықтық үлгісі деп айтуға болады. Сондай-ақ бұрын оқшауланған өркениеттер байланысының кеңею процесі үздіксіз жүріп жатқанын, соның нәтижесінде қазір ұлттық мәдениеттерінің айрықша белгілерін сақтай отырып біртіндеп біртұтас жаһандық өркениет құрылып келе жатқанын есте сақтауымыз керек. Алайда қоғамға ұзақ уақыт бойы өмір сүруге, жаңаруға, дамудың өзіндік жолдарын табуға көмектесетін бейімдеушілік (адаптациялық) мүмкіндіктер болып табылады. А. Дж. Тойнбидің айтуынша, мәдениеттік элементтердің реинтеграциясы арқылы ортақ мәдениет нысанын құру тенденциясы тек механикалық қосылуға емес, сонымен қатар жаңа біртұтастықтың пайда болуына әкеп соғады, өйткені мәдениетке өзін өзі жаңартуға ұмтылу тән, қоғам өзіне әсер етуші күшті ассимиляциялайды.
Ішкі заңнамалар
Ішкі заңнама – бұл мемлееттің ең маңызды қайнар көздерінің бірі.Ішкі заңнаманы халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі ретінде сипаттама берсек, ТМД –да басқа мемлекеттерге қарағанда , мысалы Австрия ,Австрия , Венгрия, Түркия халықаралық жеке құқықтың мәселесін қарастыратын арнайы заң қабылданбаған, тек осы саланы қарастыратын нормалардан тұратын заң актілері бар.
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі ретінде ішкі заңдарды айтқанда мемлекеттің екі тобын айыра білу керек.Екеуінің біріншісінде халықаралық жеке құқықтың арнайы заңы әрекет етеді.Осындай заңдар Австрия , Әзірбайжан, Бельгия , Болгария, Венгрия, Словения елдерінде халықаралық жеке құқық туралы Заңдар Луизиана штатында Квебек провинциясында қабылданған.
Сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі
Көптеген мемлекеттерде сот прецеденті және арбитраж тәжірибесі ХЖҚ –ның қайнар көзі ретінде маңызды рөл атқарады.Сот прецеденті – анологиялық істі қарау кезінді жоғарғы соттың кіші сот үшін императивті шешімі .Ұлыбритания – коллизиялық құқық бойынша Дайси курсы.Қазіргі уақытта прецеденттік құқықтың аймақтық жүйесі ретінде Еуропалық Сотпен дайындалған Еуропа Одағының шеңберінде құрылған, еуропалық прецеденттік құқық әрекет етеді.Бұл Соттың шешімі ЕО-ға мүше мемлекеттер ,ұлттық міндетті.ЕО –ға мүше мемлекеттердің сот органдары Куропалық Соттың шешіміне қарама қайшы шешім қабылдауға құқығы жоқ.
Әдет – ғұрып түсінігі және маңызы.
Әдет – ғұрып дегеніміз – құқық нормасы ретінде танылған , ортақ тәжірибе. Халықаралық жеке құқықты халықаралық сауда әдет – ғұрыптар , іскерлік айналым әдет – ғұрпы және теңізде жүзу әдет – ғұрпы үлкен рөл атқарады. СИФ халықаралық сауда терминдерін кредетив және инкассо бойынша унификацияланған ережелер және т.б. қолданады.Барлық осы актілердің нормативтік сипаты жоқ, бірақ құқықтың қайнар көзі болып табылады. Халықаралық сауда тәжірибесінде , егер шарт негізінде дау туындаса , қабылданған әдет – ғұрыптарды арбитраждық сот қолданады.
Халықаралық әдет-ғұрып – ұзақ уақыт қолданудың нәтижесінде әдетке енген және мемлекеттердің санкциялауы нәтижесінде міндетті болып табылатын мінез құлық ережелері. Ол халықаралық құқықтың да, ұлттық құқықтың да қайнар көзі болып табылады.
Халықаралық әдет – ғұрыпты lex mercatoria (халықаралық коммерциялық құқық,трансұлттық сауда құқығы, халықаралық коммерсанттар бірлестігі құқығы) түсінігімен байланыстырады. Халықаралық коммерциялық құқықтың түсінігі дегеніміз - сыртқы экономикалық қызметті мемлкеттік емес жүйемен реттеу.Сонымен қатар бұл жүйені «жұмсақ,икемді» құқық деп атайды . Lex mercatoria - сыртқы сауда мәселесі бойынша халықаралық ұйымның резолюциясы ұсыныс болып табылады. Халықаралық коммерциялық құқықтың маңызды рөлін ДСҰ,ХКО , ЮНСИТРАЛ және басқа да ұйымдар атқарады.
Халықаралық жеке құқық ілімі
Ілім дегеніміз - мемлекеттік және халықаралық деңгейде ресми танылған ғалымдардың пікірлері.Қазіргі уақытта халықаралық жеке құқық ілімдері унификациялау мен үйлестіру қолданылады.

- Халыкаралык экономика
- Халыкаралық экономикалық интеграция
- Халыктык педогигика
- Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО)
- Халықаралық антиядерлық қозғалыс
- Халықаралық әуе құқығы
- Халықаралық әуе тасымалдау
- Халакост в Беларуси
- Халаықаралық ұйымдар
- Халед Мохи эд-Дин
- Халел Досмұғамбетов
- Халел Досмұхамедов (1883-1937)
- Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939)
- Халыкаралык каржы нарыктары