Химиялық және радиациялық әсерлер

Мазмұны

 

     Кіріспе........................................................................................................................1

  1. Қауіп-қатердің көздері........................................................................................2
    1. «Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп қатерді топтастыру......3
    2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері............4
  2. Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар.........5
  3. Ядролық қарудың жарылыс ошағы..................................................................6
    1. Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету.................7
    2. Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар.........................................8
    3. Радиоактивті ластанудың көздері...........................................................9
    4. Радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаларға әсері....................................12
    5. Қоршаған ортада радионуклиттердің миграциялауы...........................13
  4. Химиялық қарудың жарылу ошағы .................................................................14
    1. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар..................................................15
    2. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)..............................................................15
    3. Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау..................................16
    4. Радиациялық және химиялық  барлау құралдары.................................16
  5. Қорғану жолдары................................................................................................17

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі.....................................................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Кіріспе

 

 

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік  тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

Міне, сондықтан  адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты  іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің  түрі күрделенген сайын, кешенді  қорғану шаралары қажет болады. Кешенді  қорғану шаралары мынаны қамтиды  құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік  шаралар.

Адам іс-әрекеттің  қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі  мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта  болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай  қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз (1-сурет)

Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің  болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:

Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация).

Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын  элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.

Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.

Үшінші міндет-осы  іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.

Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).

Үшінші  міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық  бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады.

  1. Қауіп-қатердің көздері

 

Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

        • адамның өзі;
        • өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;
        • адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.

 Қауіп-қатердің  өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс  болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.

Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды.

Қоршаған ортаға үлкен зардабын, тигізетін құбылыс, процесс, уақиға.

 

Қауіп- қатер

Қауіп қатер


Іс-әрекет қауіпсіздігі

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-1. Іс-әрекет қауіпсіздігінің схемасы

    1. «Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп қатерді топтастыру

 

Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін  құбылыс, процесс және уақиға.

Қауіп-қатердің көздеріне  өмір сүру ортасының элементтерін, атап айтқанда пайдаланып отырған заттар, еңбектің өнімдері мен құралдарын, пайдаланылып отырған қуатты, еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар  мен өсімдік әлемін, адамдар ұжымы  мен жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас  процестері де жатады.

 

Қауіп-қатер


Шыққан тегі бойынша:

  • табиғи;
  • техногендік;
  • - антропо-гендік;
  • -экологиялық;
  • -биологиялық

Әсер ету әдіс-тері бойынша:

  • -физикалық;
  • -химиялық;
  • -механикалық;
  • -биологиялық;
  • -жүйкефи-зиологиялық.
  • Жинақтал-ған орны бойынша:
  • -литосфера-лық;
  • -гидросфера-лық;
  • -атмосфера-лық.
  • Зардап зияны бойынша:
  • -әлеуметтік;
  • -техникалық;
  • -экологиялық;
  • - т.б.

Байқалу саласы бойынша:

  • өндірістік;

-тұрмыстық;

-спорттық;

  • -жол-көліктік;
  • - т.б.

Салдары бойынша:

-ауру табу;

-жарақат алу;

-әлсіреу;

-өрт;

-т.б.

  • Әрекет сипаты бойынша:
  • -сылбырлы-ғы;
  • -белсенділі-гі;
  • -т.б.
  • Уақыты бойынша:
  • -соқпалы;
  • -кумулятивті;

-т.б.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет - 2. Қауіп-қатерді  белгілері бойынша топтау

 

Өмір сүру ортасында  қауіп-қатер табиғи және антропогендік  жағдайларда, сондай-ақ кездейсоқ уақиғалар  мен тұрмыста және басқада жағдайларда  кездеседі.

 

 

 

 

 

    1.  Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері

 

      Қазіргі  кезде қоршаған ортаға және  адамға тікелей зияны бар өндіріс  орындары көптеп саналады. Бірақ  ондағы технологияның деңгейі  бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

 

Техногендік сипаттағы  төтенше жағдай



 

Химиялық қауіпті  объектілердегі апаттар 

 

Радиациялық қауіпті  объектілердегі апаттар

 

Өрт және жарылыс  қауіпі бар объектілердегі  апаттар  апаттар 

 

Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)

 

Гидродинамикалық  қауіпті объектілердегі апаттар

 

Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар




 

 Сурет-3 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар

 

Зиянды заттардың  жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

  • өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
  • улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын  заттар;
  • дәрі-дәрмектер;
  • тұрмыс химикаты;
  • өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
  • әскери улаушы заттектер.

 

Адам организміне  әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

  • жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
  • қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
  • аллергия тудыратын заттар;
  • мутагендер – генетикалық  кодты бұзатын заттар;
  • канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
  • бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Ядролық  қарудың жарылыс ошағы

 

Ядролық қару деп  жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі  зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік  эквивалентпен өлшенеді.

Ядролық жарылыс  ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау  факторына соққы толқын, жарықты  сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі  радиоактивті ластау және электрлік  магниттік импульс жатады.

 

АҚ  штабы


АҚ бастығы

Жалпы қызмет атқаратындар

Біріктіріл-ген күштер

Құтқару-шылар

Топ,коман-да, отряд

Топ,коман-да отряд

Механика  күштері

АҚ қызмет-керлері

Барлау қызметі

Байланыс қызметі

Медициналық қызмет

Өрт сөндіру қызмет

Техникалық қызмет

Радиациядан қорғау қызмет

Химиялық қарудан қорғау қызметі

Қоғамдық тамақ, сауда қызмет

Басқа да қажетті қызметтер

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-4 Азаматтық  қорғаныс штабының құрылымы

 

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады.

Жарықтық  сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәулелену  – бұл жарылыс кезінде болатын  сәулелердің қуаты. Бұның қызуы  миллион градусқа (жарылыс барысында  бірнеше мыңға) дейін болады (жарылыстың аяғында).

Жарықты сәулелену  өте қысқа мерзімде әсер етеді  және тарауы да лезде болады.

Ол күннен алдеқайда  анық, өткір, ашық сондықтан алыстан  көрінеді. Сәуленің мөлшері - калориямен өлшенеді.

Жарықты сәулелену  – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

   1 – ші  дәрежелі – 4 кал/см;

   2 – ші  дәрежелі – 4-7,5 кал/см;

   3 – ші дәрежелі – 7,5 - 12 кал/см (тері сыдырылады);

   4 – ші  дәрежелі – 12 –ден жоғары  кал/см (терінің күйігі тереңдеп, жапырықтанып, бөлшектеніп түседі);

Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына  әсер етеді, адамдар күйеді, көзді  жандырып жібереді.

Өткір радиация – гамма сәулесінің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар  жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ласатайды.

Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма сәуленің бетта-бөлшектермен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады., екіншіден, олар адамның ішіне  кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына  шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық  тарайды. Радиоактивті заттардан панаханалар  ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кенін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады.

 

 

3.1. Радиацияға  қарсы қорғаныс. Медициналық көмек  көрсету.           

Алдымен халықты  радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиактивті заттармен ластанған  аймақтың тұрғындарын өздерін қалай  ұстау керектігін мүмкіншілігінше  түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік  бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивті ластануға  зерттеу жасау керек.

 

3.2. Радиациялық  қауіпті обьектілердегі апаттар

 

Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым салалары радиактивті  заттар мен жедел сәулесінің көздерін пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы қарқынмен өркендеуде. Осыған орай бұл салаларда да апат орын алуы мүмкін. Апат болған жағдайда мекендеген жай радиактивті ластануға және адамдар сәулеленуге душар болар. Локальді апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті  қауіпті обьектілердегі қондырғылардың істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық тізбектің қисында  және ғимараттық белгіленген нормадан аспай байқалады. Жергілікті апат-бұл  радиактивті заттар мен жедел  сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығу арқасында  санитарлық қорғау аумағында белгіленген нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығуының арқасында санитарлы қорғау аумағынан тыс жерде белгіленген нормадан артық мөлшерде байқалуы.

Негізгі радиактивті  қауіпті обьектілерге: атом станциялары, ядролық отын дайындайтын өндіріс  орындары, радиактивті қалдықтарды  көму және өндеу орындары, ядролық  реакторы бар ғылыми және жобалау  институттары, ядролық энергетикалық  қондырғылары бар көліктер жатады.

   Жедел сәуле  көздері

Жедел сәуле көздері  табиғи және техногенді болып бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне жер радиакциясы  мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік  сипаттағы жедел сәуле көздеріне  жататындар:

  • медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды;
  • ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар;
  • ядролық қаруды сынақтан өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Радиоактивті  ластанудың көздері

 

Қазіргі таңда қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігінің  проблемалары туындауда. Топырақ-өсімдік-судың  химиялық заттармен ластануы топырақтың құрамында химиялық өзгерістерге алып келеді. Жер шарындағы кейбір аймақтардың  техногендік қалдықтары табиғи норманы  бірнеше есе асы түседі.

Жуырға дейін  ең басты ластаушы деп шаң,көмірқышқыл  газ, күкірт оксиді, азот болған. Радионуклидтер ластаушы ретінде қарастырылмаған.Стронций мен цезийдің ластауынан соңғы кездері  радионуклиттік ластануға көп көңіл  бөлінуде.

Чернобыль апаты  Ресей Федерациясының  көптеген аймақтарының экологиялық жағдайына  әсер етті. 1992 жлдың науырыз айында цезиймен 11 облыс ластанған. Жалпы  цезиймен ластанған жерлердің ауданы 5210 км кв.

Радионуклидтер  өсімдіктер мен жануарлар арқылы адам ағзасында жиналып денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да экологиялық таза өнім шығару керек.

Ауыл шаруашылығының ең басты проблемасы радионуклиттермен  ластанған жерлерде экологиялық  таза өсімдіктер мен жануарлар өсіру. Бұл іс-шараларды жүзеге асырудың басты себебі, ластанған аймақтарда бала өлімдерінің көбеюі менәр түрді  аурулардың пайда болуы.

Жер шарында тіршіліктің  дамуы әр қашан қоршаған ортаның  радиациялануымен сипатталған. Радиациялық  сауленену табиғи және жасанды болады. Табиғи радиацияның шығу тегі космостық  және жергілікті болады. Олар жер бетінде  адам ағзасына әсер етеді. Ал космостық  радиациялар бөлшектелген жиынтығы мен қатты гамма сәулелерден  тұрады. Олардың атмосфералық малекулармен әрекеттескенде екілік мезон мен  электрондардан тұратын космостық  сәулелену пайда болады.

Табиғи радиактивті  элементтерді шартты түрде 3 бөлуге болады:

  1. Уран,торий мен антиноуранның изотоптары;
  2. Калий,кальций, рубидий және т.б.;
  3. Радиактивті изотоптар, яғни тритин;

Биосферада жасанды  радионуклиттермен пайда болған сәулелер жасанды радиацияның пайда  болуына алып келеді( АЭС-тердегі  апаттар, өдерлі өнеркәсіптердің қалдықтары).

Р.Ф.аумағындағы  радиактивті ластанулардың бірнеше  көздері бар:

  • атмосфера мен жер астында ядер қаруларын сынақтан өткізу;
  • 1986 жылғы Чернобыль АЭС-ң апатынан;
  • атом өнеркәсібінің жоспарлы және апатты қадықтарынан;
  • АЭС-ң жумыс барысындағы атмосфера мен су жүйесіне қалдықтары.

Жалпы атом энергетикасы радиациялық фонның өзгеруіне ықпал  жасайды. АЭС-да өңделген өнім кей кездері  екінші рет өңделеді.

АЭС-ң апаттарында  қоршаған ортаға көптеген радионуклидтер шығарылады. Ең қауіпті апаттар, радионуклиттердің  атмосфераға шығуы.

Сонымен қатар ядролық  жарылыстардыңда маңызы зор. Ядерлы қарулардың сынақтарына кей бір  бөлшектері атмосферада қалып айлар  бойы жер бетіне түседі.

Бұрыңгы Кеңес одағындағы Семей полигонын орны ерекше. 29 тамыз 1949 жылы мұнда ең алғаш төменгі  ауа жарылысы өткен. Ол жарылыс Алтайға  максимальді кесірін тигізгені  дәлелденді. 1949-1990 жж аралығында Семей  полигонында 470тен астам сынақ  өткен(олардың 120 ауа). Радиациялық ластанған  зонада жалпы халық саны 1600 мың, яғни Алтайдың 60,9 пайызы, 27 аудан, 45 қала орналасқан.

Қоршаған ортаға атом жер асты су кемелері де әсер етеді. 1985 жылы Чажма бухтасында болған жарылыстан қаншама адам қаза тапты. Ал радиактивті  қалдықтар Владивостокқа қарай  кетті. Өсімдіктердің сәулененуінің  өнімнің сапасына әсері.

Сәулеленген бидай, май өнімдерінің сапасы техникалық тұрғыдан өзгермейді.

Бидайда клейковина мен ақұздың мөлшері бірлік массасымен салыстырғанда төмендемеген. Ал күнбағыс пен лотоста құрамында майдың болуы сәуле алудың мөлшеріне байланысты. Томаттардың да құрамындағы с дәруменінің де болуы  сәуле алудың мөлшеріне байланысты. Енді гүдеуі кезінде сәулелену кейінгі даму процестерін баяулатады. Картоптың дамуында дәл осылай әсерін тигізеді. Егер картоп туйнектегенде сәулеленсе, онда жалпы астыққа әсерін айтарлықтай тигізбейді. Ал егер өсімдіктер ертерек сәулеленсе, картоп астығы 30-50 пайызға төмендейді. Сонымен қатар түйнектер жайсыз болады.

Сонымен өсімдіктер ағзасында радиактивті изотоптар  айтарлықтай зиян қалдырмайды, бірақ  ауыл шаруашылық  астықтарына әсер етеді.

Радионуклеидтердің  топырақ пен өсімдіктерге әсері. Радионуклеидтердің айтарлықтай мөлшері  топырақта қалыптасқан, олар беткі  қабаттарында да төменгі жерлерінде де бар.

Негізінен біздің аймақта  радионуклидтік ластанудың 2 көзі бар. Олар: цезий-137, стронция-90. Стронцийдің  топырақта қалыптасуы ең алдымен  ионды зат алмасумен байланысты, ал цезийдің қалыптасуы ионды сорбезия процестерімен байланысты.

Қоршаған ортаға цезийдің бөліну кезінде, радионуклеид жақсы ерітінді күйде болады.

Сол күйде цезий  – 137 өсімдіктер тез өз бойларына  сіңіріп алады. Сосын радионуклид  топырақтарда әр түрлі процестерді  жалғастырады, радаинуклид сол күйде  «қартееді» және де «қартейген» бұл  зат әр түрлі химиялық әрекеттерге  түседі.

Радиактивті изотоптардың топырақта қалуы, оның сорбициялануың маңызы зор, өйткені сорбиция диапозондардың миграциялауын, топырақтың оларды сіңіруін және де олардың өсімдік тамырларының оларды сіңіруін бақылап жағдай жасайды.  Радиактивті изотоптардың сорбизиясы көптеген факторларға байланысты. Олардың ішінде ең бастылары: топырақтың механикалық және минералогиялы құрамы болып табылады. Топырақтың механикалық құрамы балшықты болса, онда радиануклиттер ол топырақтарда тез сіңеді.

Радиаизотоптардың топырақтарга тез сіңіуін, топырақта  сол элементке химиялық жағынан  ұқсас элементтер әсер етеді. Мысалы, кальций изотоптарға ұқсас болғандықтан, кальцийі көп топырақ, радиаизотоптарды көбірек сіңіреді. Сонымен қатар  радиаизотоптардың миграциялауын  баяулатады. Ал калий болса топырақ  құрамында цезийге ұқсас зат. Сонымен қатар радиануклиттердің  миграциялауы метереологиялық жағдайларға  да байланысты. Стронцийдің топырақ  бетіне түсіп төменгі қабаттарында пайда болуы жаңбырдардың әсері. Топырақтарда радиануклиттердің миграциялауы баяу өтеді, олардың негіздері 0-5 см аралығында болады.

Радиануклиттердің өсімдіктерде жиналуы топырақ пен  өсімдіктің түріне байланысты. Қышқыл топырақтарда радионуклиттер өсімдіктерде көбірек жинақталады. Топырақтын қаншалық қышқылдығы аз болса, радиануклиттерді өсімдіктерге енуі соншалық төмен болады. Сондықтанда топырағына байланысты строций 90 мен цезий 137 өсімдіктерде 10-15 есе өзгеруі мүмкін. Тың аймақтарда, жайылым жерлерде, цезий 0-5 см аралық қабатта орналасады. Ал аударылған жерлерде цезий 132 беткі қабаттарында болады.

Рязань облысында  жайылым жерлердің ластануы жоғары болмаса да, бұл аймақта агротехникалық іс-шараларды жүргізу қажет. Өйткені  радионуклиттердің ауыл шаруашылығына  айтарлықтай әсер етеді.

Суды көп қажет  ететін өсімдіктер суды аз қажет ететін өсімдіктерге қарағанда, цезий 137 өз бойына көбірек сіңіреді. Радионуклиттердің  шөптектес өсімдіктерде жиналуы  оның құрамына байланысты. Дәнді дақылдар өсетін жерде радиануклиттің мөлшрі шөп тектес өсімдіктер өсетін жерлерге қарағанда 3-4 есе жоғары.

Құрамында калий  мөлшері аз өсімдіктер өз бойына цезийді  аз жинайды. Топырақтарға қарағанда  өсімдіктер өз бойына радиануклиттерді аз жинайды, бірақ  соған қарамастан кейбір өсімдіктер азық-түлік ретінде  пайдалануға жарамсыз.

Цезий 137-ң өсімдіктерге жиналуы топырақтың типіне байланысты. Радиануклиттердің астыққа жиналуы  тек топыраққа ғана емес, өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне де байланысты.

Химиялық және радиациялық әсерлер