Internet Exploler





 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

Механика-математика факультеті

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

                   

Тақырыбы: Internet Exploler

 

 

 

 

 

 

                    

                     Орындаған: Акжигит Каламкас

                   

 Тексерген: Бөрібаев Бақыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010

 

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ

 

   Әлеуметтік пенде болғандықтан  адам әрқашанда өзі сияқтылармен  араласу тәсілдерін іздестіреді.  Соңғы кездегі INTERNET желісінің  күрт дамып кетуі (қазіргі кезде  18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтырылуда) қашықтық  ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзі тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді ертектегі “ханшлардан” күнделікті “күңіңізге” айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар – кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі бекер емес те шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

 

       1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер

1.1 Желіге қосылу

 

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен территорияда шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу өрнектерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысты жылдам қайта құрылып қалыптағы жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері  өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі оның  құрамындағы көптеген компьютерлер  нақты BBS тәрізді жұмыс істейді.  Мұның өзі INTERNET-ке қосылу деген  – басөа жерлерде тұрған мыңдаған  компьютерлік жүйелермен байланысу  деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университет мәлімет қоймаларындағы, жергілікті ресурс көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін және т.б. цифралық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады, ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажет материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

INTERNET желісі сипаттау үшін оны  телефон жүйесімен салыстыру  қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы  болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім  ие емес: бұл жүйе өзара байланыс арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын – кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

INTERNET-ті пайдаланудың нақты  себептері өте көп. Мысалы, сіздің  Бурабайға барып дем алғыңыз  келіп отыр, сол жердегі аквалангпен  жүзуге ыңғайлы орын туралы  білгіңіз келеді дейік.

   Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу  керек, мүмкін сонда демалған  біреу мәлімет берген болар,  әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп  күтіңіз. Біреу сізге жауап  беріп қалар.

   Әлде әр түрлі заттар  жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІВМ суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.

   INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда  жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер түсіп жатады.

   INTERNET-пен байланысқан провайдер  компаниясы деп аталатын мекемелер  әрбір компьютерді INTERNET-ке қосып  бере алады. Желіге қосылудың  бірнеше түрі бар, олар:

тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар;

қосылып тұратын тікелей  байланыстар;

почталық  байланыстар.

   Бұл атаулар әзірге түсініксіз  шығар, енді олардың ерекшеліктерін  қарастырайық.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс –  мұнда жеке компьютер тікелей  ТСР/ІР желісіне қосылған түрде болады, бұл INTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс белгіленген немесе тұрақты тікелей байланыс түрі деп аталады.

Белгіленген немесе тұрақты байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде маршрутизатор орнатып, маршрутизаторды INTERNET-ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютер) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шолу қажет емес, жалпы желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере береді.

Қосылып тұратын тікелей  байланыс көбінесе SLIP, CSLIP немесе PPP деп аталады. Ал XRemote деп аталатын байланыс түрпееі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты  пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.     
    Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан)

қолданылып  келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLIP пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.   

    Почталық байланыс.  INTERNET-пен косыла  алатын бірнеше почталық

байланыс  түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып

келген  компьютерлер бірден Internet-пен почталық байланысқа кіре алады.

Олар  өз почтасын Internet-ке беріп,одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде  почта адресі  алдына Internet деп  жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін  LISTSERV  жүйесін пайдаланған абзал. Осы  секілді почталық байланыстар желілік шлюздер (network gateways)  деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі  тәсілдер арқылы байланысады.

                         

 2. Internet ұғымы

2.1 INTERNET-пен байланысу

 

Internet кез келген компьютерді  жер шарында орналасқан басқа  жұмыс станциясымен, яғни телефон  арнасына қосылған басқа компьютермен  жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік  желі. Оны дүниедегі ең үлкен  ауқымды желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютер бір-бірімен tcp/ip хаттама ережелермен мәлімет алмайды, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық Телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкіснің жекеменшігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

Интернет ақпарат магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл көруге болады. Ол үшін Интернеттегі жүйоенің нөмерін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерінде оқуыңызға болады екен. Интернет жемісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз  телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндей ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүесі» қалай пайдалынатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнынкімдер, қалай бөлісіп көрсететінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселдерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетпен байланысқан провайдер  компаниясы деп аталатын мекемлер әрбір  компьютерді Интернетке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше  түрі бар, олар:

қосылып тұратын тікелей байланыстар;

тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар;

почталық байланыстар.

Бізге кенеттен бір файл керек болып  қалды делік және оның қай жерде  екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

   Мұндай мақсат үшін файлды  тасымалдау протоколы деп аталатын  жүйе қолданылады (File Transfer protocol - FTP). Практикада FTP не ftp термині жиі  ұшырасады. Каталогта немесе почталық  хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген жан одан администратор рұхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын және/немесе паролін білу қажет болады.

   FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас  жасау үшін әркім стандартты  кіру сұхбатын орындауы керек.  Оның бір мысалы мынадай болуы мүмкін:

   Open ftp.relcom.su nameid password – FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

Open FTP-сервермен  қатынас жасауды сұрау;

   ftp.relcom.su – FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonimous;

password – сұраушы адамның паролі немесе  оның почталық адресі;

Парольді  немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:

Help – сервер командалары туралы анықтама беру;

quit –  сеансты аяқтау.

Пароль  мен атау дұрыс болса, қатынасу құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

cd  каталог аты – каталогты ауыстыру;

cd .. –  жоғарғы деңгейдегі каталогқа  көшу;

get –  файл аты - FTP-серверден файл алу;

binary –  екілік файлдарды жіберу/алу режимінеауыму

dir –  ағымдағы каталог файлдары тізімдерін  беру.

FTP-сервермен  байланысу сеансында пайдалануға  болатын командалар тізімінен  HELP командасы арқылы алуға болады.

FTP-серверден  файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынынан мысал келтірейік.

Cd pub/ - барлық FTP-серверін пайдаланушыларға  ашық PUB каталогын пайдалану;

Dir – сол каталог файлдары тізімін алу;

get 0index.txt - FTP-серверден аты көрсетілген  тексттік файлды алу;

binary – екілік файлдарды өңдеуге көшу;

get far 140b.zip - FTP-серверден екілік файл  алу;

quit - FTP-серверден  ажырау.

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені  көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан  файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.

Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайлы  графикалық интерфейсі бар браузерлердің  шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тіркелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Microsoft Internet Explorer 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен  ftp://ftp.relcom.ru қатынас жасау сеансын талқылап шығайық.

Броузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер панелінен Internet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын 2 рет сырт еткізу керек.

Бұл мысал Internet Explorer жұмысын Windows 95ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады.

Internet Explorer-ді іске қосар алдында  желімен алыстан қатынас жасау  программасы іске кіріседі, ол  провайдер серверімен сіздің  компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда 3 терезеге мәліметтер енгізілуі  тиіс.

Сіздің  желідегі аты-жөніңіз және пароль, оған қоса пров   айдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады.

Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас жасатқан бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез-келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы үзуге болады.

Егер  барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Internet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге саймандар панелінде бірнеше батырмалар мен меню қатарларын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып көрейік. Батырмалар астындағы жазулар олпрдың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, бұл  өрісте FTP адресі былай беріледі: ftp://ftp.relcom.ru.

Адрес терілген соң,”Enter” пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін  пернелер қажет болмайды, өйткені  барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.

  

 

 

3. World Wide Web технологиясы

3.1 Web жүйесімен қатынас құру тәсілі

 

Желіде  қызметтердің көп түрі бар. Біздің ендігі қарастыратынымыз WWW немесе жәй ғана  Web (Word-Wide Web- бүкіләлемдік торап). Бұл  желідегі ақпараттпен ең ыңғайлы, әрі  әйгілі жұмыс істеу мүмкіндігі. Бүгінгі күнде 30000 мыңнан аса WWW қызметтері бар. Тек WWW арқасында ғана желі жылдам өсуде.

Қарапайым тілдерді қолдана отырып, желіде көрсету  үшін гипермедиялық документтерді  құруға болады (гипермедиялық деп - жай мәтіннен мультимедиялық роликтерге дейінгі ақпараттарды айтамыз). Документті авторы ұсынғандай көру үшін клиент-компьютерде көру программасы – браузер болуы тиіс. HTML (Hyper Text Markup Language - бұл документтерді жазатын гипертексттік тіл, осы тілдің көмегімен WWW-дағы ақпарат суреттеледі) кеңейтілулерінің көбісін қолдайтын бүгінгі күнде әйгілісі Netscape Navigator болып табылады.

«Клиент- сервер» технологиясы. Ол бұрыннан белгілі терминология, бірақ алғашқыда  көбінесе үлкен өнеркәсіптік желіде қолданылатын. Қазір интернеттің  дамуына байланысты бұл технология жиірек бағдарламаушылардың көңілінен табылады. Әлемде әр түрлі сұрақтарға үлкен мөлшерде ақпарат жиналып тұр. Клиент-бағдарлама қолданушының интерфейстік функциясын атқарып, кез-келген интернеттің ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, мысалға telnet сияқты сервердің нақты протоколымен істеп қоймайды, WWW-клиенттеріне жататын Mosaic пен Netscape Internet–тің графикалық интерфейсі деген кең тараған пікірді дұрыс деуге де болады. Бірақ, алдында айтып кеткеніміздей WWW-технологиясының (HTML и URL) базалық компоненттері Mosaic ресурстарына қол жеткізуде соңғы рөл атқармайды, сондықтан мультипротоколды клиенттер интернеттің басқа ақпараттық технологияларына емес, нақты World Wide Web-ке тиісті болу керек. Былайша айтқанда, клиент – HTML-дің интерпретаторы. Және интерпретатордың рөлінде клиент берілген командаларға қарай әр түрлі функциялар атқарады.                                                                                              

 

1-сурет.  ”клиент - сервер” структурасы

 

Бұл функциялардың шеңберіне тек  мәтінді экранға шығару емес, сонымен  бірге HTML-текстіне байланысты сервермен  ақпарат алмастыру кіреді. URL-спецификациясына және сервер командаларына сәйкес клиент мысалға HTML-дан басқа GIF, JPEG, MPEG, Postscript және т.б. форматты документтермен жұмыс істеу үшін қосымша сыртқы прогараммалар жібереді. Негізінен бағдарламаны документтің типіне қарамай іске қосу үшін Luncher программасы жасалған болатын, бірақ соңғы кезде MIME-типі арқылы іске қосылатын бағдарламалар кеңінен таралды. WWW комплекстік бағдарламасының басқа бөлігін сервермен басқарылатын мәліметтер базасы, CGI стандартты спецификациясында жасалған программалық қамтама және HTTP сервер протоколы құрайды. Нақты осы соңғы уақытқа дейін (Netscape құрылғанға дейін) екі HTTP-сервері қолданылды: CERN сервері және NCSA сервері. Бірақ бүгінгі күнде базалық серверлер саны көбейді. MS-Windows-қа жақсы сервер және Unix-платформаға Apachie-сервері пайда болды. Бұдан басқалары да бар, бірақ соңғы екеуін қол жеткізу мүмкіншілігін бөліп айтуға болады. Windows-тің сервері  -  shareware. Дербес компьютерлердің кең таралуына байланысты мұндай бағдарламалық қамтама WWW-ны қолдануға мүмкіндік береді.

HTML-документінің мәліметтер базасы  дегеніміз – HTML форматты тексттік файлдардан тұратын файлдық жүйенің бөлігі және солармен байлансты графикалар мен басқа ресурстар. Экрандық форманың элементтерінен тұратын документтерге ерекше көңіл бөлу керек. Бұл документтер сыртқы бағдарламалық қамтаманы нақты қолдануға мүмкіндік береді.

Сервермен жұмыс істейтін қолданбалы бағдарламалық қамтаманы бағдарлама-шлюзге және басқаларына бөлуге болады. Шлюз деп – сервердің басқа протоколдағы серверлермен қатынасын қамтамассыз  ететін бағдарламаны айтамыз, мысалы  ftp немесе желідегі бөлінген Oracle серверлері. Басқа бағдарламалар – ол серверден мәліметтер алып және әрекеттер жасайтын бағдарламалар.

WWW серверіндегі ақпараттың ерекшелігіне  біріншіден, форматталатын тексттік  және графиктік, мүмкін анимациялық  кескін болуы; екіншіден бір  адрестен екінші адреске оңай өтуі жатады.

Web жүйесімен жұмыс істеудің  бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық  ортасаындак сервистік қызмет  көрсететін, компания жасап қойған, арнайы команда арқылы WWW браузерімен  оңай байланысу жолы бар. Оны  іске қосу үшін WWW немесе LINX сөздерін енгізу керек.

Егер тұрақты қызмет атқару қажет  борлса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.

 

2-сурет. Microsoft жүйесінің «үйдегі» копьютердегі беті.

 

Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer гравиктік браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer-мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.

Сонымен ҒТР-серверімен жұмыс істеуді  меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше  адресін білсеңіз, онда желіге кіріп  жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу кірісіп кете бересің.

Internet Explorer немесе  Navigator іске қосылса,  браузер автоматты түрде, сіз  араласпай-ақ, «өз» серверімен байланыс  орната береді. Ал, егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыңыз есіңізде болсын, оған мынандай мәлімет енгізілсе,

HTTP://www. home.microsoft.com/int/ru 1 -суретте көрсеткендей болады. Мұнан кейін «лифт» көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген бір рет шертіңіз, браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді.

Біздің жағдайда курсорды «Internet-те парақты іздеу үшін осы сілтемені  таңдаңыз» (выбирите данную ссылку) деген  сөзгі, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, мауыстың сол  жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте  браузер сіздің компьютеріңізге Internet-тегі информация іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информацияеңгізуіңізге және «іздеу» батырмасын басуыңызды өтінеді.

Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып,  олар «спорт», «компьютерлер», «ойындар» сияқты рубрикаларға жетілген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web –тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастиауға болады.

Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып қысқаша сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпқа өту жолы (парақтағы емес) көрсетіліп тұрады.

Бірақ Web каталогтары мәтін парақтарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал «дүние жүзілік өрнекте» (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті болар. Мұнда да AltaVista, HotBot немесе Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларды серверге өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсеңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.

Іздеу процесі адамның қатысуынсыз  орындалатын болғандықтан, іздеу  серверлері каталогтарға қарағанда  көптеген мәліметтерді қамти алады. Бірақ сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған тандауыңыз қажет.

Егер сіз жалпы сипаттағы  информация іздейтін болсаңыз,  іздеуді Web каталогтарынан бастағыныңыз жөн.

Ал, егер сіз нақты бір сөз  тіркесін іздейтін болсаңыз, мысалы, «Little girl» немесе класификатордан жалпы  атауын табу қиын түсінік тіралы мәлімет  іздегенде, каталогтар да онша көмек  бере қоймайды. Мұндайда іздейтін серверді пайдалану қажет шығар, мүмкін біреуін емес бірнешеуін қарап шығу керек болар, өйткені әр түрлі серверлер қойылған бір сұраққа әр түрлі жауап береді. Сіздің сұрағыңыз нақты болса, іздеу нәтижесі де табысты болатыны есіңізде болсын. Бір емес, сұрағыңызға сәйкес келетін бірнеше сөз тіркесін іздеген қолайлырақ болады. Көп сөзден қашпау керек, синоним сөздер іздеп табу ісін оңайлатады.

Егер іздейтін сервер сізге толық  жауап таппаса (немесе тіпті ешқандай жауап таппаса), онда сұрағыңыздың нақты болмағаны емес керекті сөз тіркестерін дәл таппағаныңыз деп біліңіз. Мұндайда басқа және қысқа сөздерді пайдалана отырып, тағы да іздеу жұмысын жүргізу керек.

Ал, егер табылған мәліметтер жүздеген немесе мыңдаған беттерге жалғасып кетсе, онда мәселең өте кең ұғымды,  ауқымды болып кеткені. Қайта сұрақ қоып, нақты терминдерді пайдалануға тырысып, іздеу варианттарын шектеуге талпынған жөн.

«Өрмек» ішінде қызықты, орыс тіліінде жазылған мәтіндрер көп, сондықтан  орысша әр түрлі ақпарат іздеу қажеттілігі жиі кездеседі. Бірақ тиімді жолмен керектісін жылдам іздеп табу орсы алфавитінің ерекшеліктері мен өз таптарының айрықшалықтарына қарай  қиынға соғады.

Орыс алфавитін пайдалануға  оның кодтарының да әр түрлілігі кедергі  болады: бір мәтін КОИ-8 қолында жазылса, екіншісWindows кодын қолдану (1251) мүмкін. Бірақ орыс сөздерін латыг әріптерімен жазу әдісінің (Ruglish тәсілі деп те айтады) қосылатынын айтсақ, қиындықтың арта түсетіні өз-өзінен белгілі болады.

Осындай себептермен Желі бойынан, мысалы, Алматы туралы информация іздесек, серверге Алматы сөзін 12541 түріндегі код арқылоы енгізсек – бір түрлі жауап, ал КОИ-8 коды арқылы енгізе алсақ (ол жөнінде «Совинформбюродан» білуге болады, Http://www.siber.com/sib/russife/)-екі түрлі жауап, ала төртінші түрді Almati сөзі арқылы алуымызға болады. Ол жауаптардың кейбір қайталанатын да шығар, бірақ айырмашылығы да жетіп артылады. Кейбір келеңсіздіктен қашыө болу үшін және орысша мәтіндер, табу мақсатында CompTek фирмасының серверіне (Http://www.сti:ru/html) шығуға болады. Ол фирма орыс тіліндегі мәтін ерекшеліктерін есепке алатын іздеу жүйесін (Яндекс-тіл индіксі) жасап шығарады және жарнама ретінде өздері арқылы сұрақтарды AltaVista-ға жіберетін мәтін беттерін ашты. СompTek серверіне енгізілген сұрақтардағы сөздер автоматты түрде көбейтіліп, тек керекті информация түріне келтіріліп AltaVista-ға жөнелтіледі.

Бұл сервердің тағы бір ерекшелігі – кодтарды сәйкестендіре отырып өзгерті: бір сұрақты әр түрлі кодтар түріне келтіру үшін бірнеше рет енгізудің керегі жоқ. Бір енгізілген мәлімет автоматты түрде барлық кодқа айналады (нәтижені қарап шығу үшін тек әріпті өзгерту жеткілікті), сервердегі кодтау түрі екеу – КОИ-8 бен 1251). Басқа да кодтарда өрнектелген информациялар болғанымен, олар осы екі кодтау түріне автоматты түрде айналады.

 

 

4. Internet Explorer 5.0

4.1 Internet Explorer 5.0  шолушының сипаттамасы.

 

Компоненттік программалық жасау, гипермәтінді документтерді және басқа World Wide Web русурстарын қарастыру үшін арналған браузер. Microsoft корпорациясының жаңа ақпаратпен деректерге жеңіл қатынасуға мүмкіндік береді. (алыс серверлерде Орналасқан). Microsoft Internet Explorer арнайы WWW парақтарын көруге арналған және жаңа Internet технологиясын қолдайды.

 

Браузердің негізгі сипаттамасы  мен жаңалықтары (жақсартулар):

Көрудің жақсартылған өнімділігі. Жаңартулар текстің, графиктің және активті  мазмұн режимін көруге қатар жатады.

WWW желісін орналасқан аудио және видио қайта-өндірудің жақсартылған қолдауы.

Offline режимдегі жұмысының жақсартылған  қолдауы.

Браузердің аса ыңғайлы интерфесі. Шолушы панелін баптау мүмкіндігі және инструмент панельде батырма таңдау сізге жарамсыз немесе керек емес батырмаларды жойып, керектілерін қосуға мүмкіндік береді.

Радиостанция және Радиостанция бойынша  бағытталған бар жаңа панелі ашылады, ол халықаралық кеңтаралымды радиостанциларды тауып тыңдауға мүмкіндік береді, Internet жекелей эфирлейді.

Коллективті жұмыс Web-folder (веб-папкалар) жаңа инструменті файлдар мен папкаларды кез-келген Web серверде бір түрге келтіреді, бұл сіздің файлмен, папкалармен локальді және желілік дискіде жеңілдіңпен қатынасуға мүмкіндік береді. Бірақ ол үшін серверде Office Server Extensions-ке кіретін Front Page Extensions пакеті орнатылуы қажет немесе ол Web Dav (Distributed Authoring and Versioning) жаңа протоколын қолдауы қажетті.

«Толық сақталу» арнайы червистік  функциясы HTML-парағының сақталу  процесін жеңілдетуге және тездетуге  мүмкіндік береді, сонымен қатар фильмдер, графикалық файлдар, видио және т.б. қоса. Бұрын бүкіл парақты сақтау үшін сізге алдымен каталогты құрып содан кейін HTML –парақұтары мен оның барлық элементтерін рет-ретімен жүктеуді қажет етті. Ендігі браузер өз бетімен ашық парақты және оның барлық элементтерін жаңа каталогта сақтиай алады.  
Бұл каталогтың түрі мынандай:

Сақтаатын_парақтың_атауы_Filex.

Бұдан басқа, Internet Explorer 5.0 HTML парағы бар  файлды жаңа архиаті форматта сақтауға мүмкіндік береді, ондағы графика және де басқа құрамалар орналасқан заттар: MNT кеңейтілуі бар бір архивті файлға сығылады және оны электронды почтамен жәберуге болады.

«Автотолтыру» арнайы сервистік функциясы  Интернет адрестерін пародерін енгізілуі  жеңілдетеді және тездетеді 

Web –парақтарын әр түрлі тілдер мен кодировкаларды қарастырудың мүмкіндігі.

«Автоіздеу» жаңа құралы тексті тездеп іздеуге ыңғайлы.

Инпорт және экспорт жаңа мастері. Таңдаулы парақтар мен Cookies Import/Export Wizard файлдарын экспорттау, сіздің таңдаулы парақтарын немесе Cookies файлдарын Netscape Navigator-ын  Microsoft  Internet Explorer 5.0-ге және керсінще аударуға мүмкіндік береді.

Менюдағы  VIEW шолушының жаңа коамндасы SHOW Related Links (ұқсас сілтеушілерді  көрсету) ағымдағы ашылған параққа  ұқсас парақты іздеуге мүмкіндік береді.

Қорғаныс деңгейін орнату және Web –тораптарында  қауіпсіздік зонасын орнату, бұл  сізге қауіпсіздіктің және конфидециалдықтың  деңгейін толық қадағалауға мүмкіндік  береді. Бұдан басқа берілген шолушы нұсқасында кеңейтілген стандартты хатамалардың шектелуін қолдауы және цифрлік қолтаңбасының идентификациясы жүзеге асырылған.

Internet Exploler