Интернет - глобальды ақпараттық желі

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ  ФАКУЛЬТЕТІ 
 
 
 

 
 

                   Тақырыбы:  Интернет - глобальды ақпараттық желі

                                                          
 
 
 

                                                                                  Орындаған:  Авдихан Ж

                                                                                    Қабылдаған: Ахметова Б.Б. 
 

Өскемен - 2011 ж.

Жоспар

  Кіріспе

    1. Интернет туралы негізгі ұғым
 
    1. Интернеттің негізгі қосымшалары

     3. Интернет және оның мүмкіндіктері. 

    4.  Адрестiк жүйе                                                 

     5. Интернетттегі  ауқымды  іздестіру жүйелері 

  1. Виртуалды энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар
 
  1. Құжаттарды  электронды турде жеткізу (ЭДД), Мәліметтер базаларымен жұмыс істеу, қажетті  ақпараттарды тауып, тапсырыс беру

    8. Көру жабдықтары. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер  
 
 
 
 

 
  
  
  
  
  
  
                                         
 
 

1. Интернет туралы ұғым.      

Жиырмасыншы ғасырдың  аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының  әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.       

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында  Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет  еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл  ағылшынның   халықаралық  желі  деген  сөзі.      

1990-шы  жылдары Интернетке енушілер  саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар  саны 200 миллионнан асты.      

Интернеттiң  мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл  күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW  немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .       

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат  таба  алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың   айнымас  құралына  айналып  келедi.      

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты  қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.      

Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық  жасай алмайды. Сондықтан ол шын  мәнінде  адамзаттың  әлемдік қазынасы болып табылады.   

TCP/IP –  Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы. 

IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге  немесе дестелерге бқлетін желіаралық хаттама

TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол жілідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады 

 
 2. Интернет және оның мүмкіндіктері.

   Интернет- кез-келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

   Әрбір тораптар көбіне UNIX  операциялық  жүйесін басқару арқылы жұмыс  істейтін бір немесе бірнеше  қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост  деп атайды.

  Торапты  оның иесі – провайдер деп  аталатын ұйым немесе Интернет  қызметін жабдықтаушы басқарады.

    Интернет әр түрлі ережемен  жұмыс істейтін желілерді біріктіреді.  Бұл ережелерді үйлестіру үшін  шлюз құрылғысы қызмет етеді.

   Шлюз-басқаша тәсілмен үйлеспейтін плотформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін  компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысы да басқа кез-келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

   Хаттамаақпаратты желіде беру ережелері (келісімдер, стандарт).

Интернет  хаттамаларының екі  типін айырған  жөн:

-базалық  хаттамалар, Интернет компьютерлерінің кез-келген типтері арасындағы электронды хабарларды заттай жолдау үшін жауап береді. Бұл хаттамалар өзара тығыз байланыстылығы соншалықты оларды көбіне  «ТСРДР хаттамасы»  атты бірыңғай терминмен белгілейді;

    —  өте    жоғары   деңгейдегi    қолданбалы    хаттамалар,

мамандандырылған  Интернст қызметi жұмыс iстеуi үшiн жауап  бередi: Һttр хаттамасы (гипермәтiндiк хабарларды беру), ftр хаттамасы (файлдарды беру), tеlnеl хаттамасы (қол жетудiң қашықтауы), электронды почтаның хаттамалары және т.б.     

      ТСР(Тгansmissiоn Соntrоl Рrоtосоl - хабарларды  басқару хаттамасы) көлiктiк деңгейдегi хаттама. Ол ақпарат берудiң қалай өтетiндiгiн басқарады.

      Бұл хаттама бастапқы хабарды бiрнеше шағын фрагменттерге - пакеттергс бөледi. Әрбiр пакетке тақырып қойылады, әрбiрiнде қызметтiк ақпарат бар (жiберушi мен алушының адрестерi, хабардың идентификациясы, хабардағы пакет нөмiрi  және т.б.)

      Тапсырылған адрес бойынша жеке пакеттi жеткiзу үшiн IР-хаттама (Internet  рrotocol) жауапкершiлiк танытады. Бүкiләлемдiк желiнiң әрбiр қатысушысының өзiнiң бiрегей адресi (IР-адрес) болуы тиiс. Мұнсыз ТСР-пакеттердiң қажеттi жұмыс орнына нақты жеткiзiлуi жайлы айтуға болмайды. Бұл адрес төрт байтпен бейнеленедi, мысалы: 195.38.46.11.

      IР-адресiнiң  құрылымы қайсiбiр ТСР-пакет өтетiн әрбiр компьютер осы төрт сандар бойынша алушыға «жақын» болып шығатын пакеттi жуықтағы көршiге жолдау керектiгiн белгiлей алады.

      Интсрнет  қызметi. Электронды почта, Электронды почта, немесе е-mаil) (еlесtгоniс mail— элсктронды почта), адамдар арасындағы байланыс тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады. Электронды почтаның Интернеттсгi негiзгi функциясы - планетаның қай нүктесiнде болса да, Интернеттің кез келген екi пайдаланушысы арасында «электронды хаттармен - мәтiндiк хабарлама мен оперативтi өтс тсз алмасуды жүзеге асыру. Электронды ең қосымша мүмкiндiктерiне мыналарды жатқызуға болады. Дыбыстық хабарды, құжаттарды, сызуларды, фотосурет-тердi, бейне материалдарды беру, ғылыми журналға, сирек кiтаптарға, жарнамаға жету және әр түрлi тауарларды жолдау немесе сату, сонымен қатар ұжымдық iс-әрекеттердi программалық қамтамасыз ету, мекемелер мен ұйымдарда құжат айналымын қолдау, ұжымдық жұмысты жоспарлау.

ЕҒТ хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Еlесtrоniс Funds Тгansfеr - ақшалай  қаражатты  электронды аудару) және ЕDI (Еlесtrоniс Dаtа  Interchange- мәлiметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қас-қағым сәтте «электронды қойылған қолмен» қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аударады.

         World Wide Web (WWW) қызметі.  World Wide Web –қазіргі заманға Интернеттің ең танымал қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген қызметтердің бірі.

              World Wide Web -  Web- серверде сақталатын жүздеген миллион өзара байланысқан электорнды құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web-парақтар деп аталатын  Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттар. Бұл құжаттарда мәтіндік және (немесе) графикалық ақпарат, сонымен қатар Интернеттің басқа құжаттарына сілтеме болады.

         Тақырып жағынан біріктіліген Web-парақтық  топтарын  Web-тораптар деп аталады.  Бір Web-серыерде бірнеше сайттар  болуы мүмкін. Электронды Web-құжаттар  принтерде басу үшін емес, компьютер  экранында қарап шығуға арналған  және сонымен бірге оның қайсысында екені алдын ала белгісіз. Экран мөлшері де, түсті және графикалық шешілу параметрлері де, клиент компьютері жұмыс істейтін операциялық жүйе де белгісіз. Сондықтан Web- құжаттардың қатаң пішімделуі болмайды. Юезендіру оларды клиенттің компьютеріне шығарған кезде тікелей атқарылады және қарап шығуды орындайтын программаның қондырмаларына сәйкес жүреді.

       Web – парақтарды қарап шығуға  арналған программалар броузерлер  деп аталады.

   World Wide Web түп –түгел гипермәтіндерден тұрады. Гипермәтін –мәтіннің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық (мағына бойынша) түрде ұсынылған мәтін. Гипермәтінді қолдану мәтінді сызық бойынша (сөзбе-сөз, сөйлемнен соң сөйлем, парақтан соң парақ)  оқуға емес, қажет болса керекті жерге секіре көшуге мүмкіндік береді. Блоктан блокқа  көшу гиперсілтеменің көмегімен іске асырады.

       Гиперсілтеме – гипермәтіннің (немесе графикалық объектінің) арнайы ерекшеленген фрагменті, мұнда пайдаланушыға көрінбейтін басқа серверге, сайтқа, құжатқа (Web - параққа) немес құжат (блок) фрагментіне нұсқаушы (адрес) болады.

3. Адрестiк жүйе

Интернет-қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ) 

қосымша://қосымша.мекеме.домен  
 

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары 

gov - үкіметтік 

org - үкіметтен ,коммерциядан тыс

edu  - білім

com -коммерциялық

mil - әскери 

net - желілік  

Мысалдар:

http://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы)

http://www.cnn.com (CNN Компаниясы) 

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары

Қосымша ( 2000 ж. қараша айынан, International Corporation for Assigned Names and Numbers) 

museum - музейлер 

name - жеке есімдер 

aero - авиакомпании 

coop - бірлескен, коммерциялық 

biz - бизнес 

info - ақпараттық 

pro - кәсіпқой 

Аймактық белгiсi бойынша домендер атауы 

uk - Великобритания

us - США 

ru - Россия 

se - Швейцария 

kz - Казахстан 

de - Германия

ua - Украина 

fr - Франция  

Мысалдар:

http://www.lme.uk (Лондонның металдар биржасы)

http://www.ukg.kz (Рейтинг, Усть- Каменогорск) 

4. Интернетттегі  ауқымды  іздестіру жүйелері

           Интернет  желісіндегі  мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың  адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(directories) мен машиналары (search engines) бар.

http:\\www.altavista.com -  AltaVista  ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. AltaVista қарапайым және кеңейтілген  іздестіру мүмкіндігін және WWW арасында жұмыс істеуде  қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы “Help” (көмек) деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсырыстарын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.

http:\\www.hotbot.com –HotBot – іздестіру жүйесі арқылы  құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы, жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамында аудео, видео немесе анимациялары бар файлдарды іздестіруге де болады.

http:\\www.google.com – GOOGL ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар. 

http:\\www.yahoo.comYahoo – тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді. 

http:\\www.aport.ru – Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері  ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.

http:\\www.yandex.ruЯндекс – ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген  құжаттар көлемі 33 милионға  жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің  меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.

http:\\www.rambler.ru – Rambler – іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі  серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының  анықтамалық іздестіру  жүйелері

http:\\www.site.kz - "Весь WWW-Казахстан" – Қазақстандық іздестіру порталы, ол  Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://tabu.nursat.kz – TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары  жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://akolya.hypermart.net  - қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз  арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

5. Виртуалды энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар

Рубрикон – http://www.rubricon.ru

Серверден көптеген отандық белгілі энциклопедиялар  мен сөздіктерге шығуға болады. Олардың  арасында «Большая   Советская Энциклопедия»(1969-1979),  Энциклопедический словарь Брокгауза и Эфрона(1890-1906), «Малая медицинская энциклопедия». Энциклопедиялық сөздіктер «История Отечества» және «Всемирная история», В.Даль және басқаларының «Толковый Словарь живого великорусского языка» т.б. Барлық ақпараттар толық мәтінде иллбстрацияларымен және әдебиеттер тізімімен қоса берілген. 

Britannica энциклопедиясы – http://www.britannica.com

Әлемдегі авторитеттік энциклопедияның желілік нұсқасында 72 мыңға жуық барлық салалар бойынша мақалалар жинақталған. Іздестіру нәтижесі мақалалар мен бірге Интернет ресурстарға да сілтеме береді, сондай-ақ журналдардағы таңдаулы шығарылымдарды да ұсынады.Көптеген жағдайларда иллюстрациялар, таблицалар, бейнефайлдар қамтылған. 

Мегаэнциклопедия  Кирилла и Мефодия - http://www.km.ru

Ірі көлемдегі  электрондық мәтіндік мәліметтер базасы. 

Брокгаузъ on-line - http://www.russia.agama.com/bol

Әйгілі энциклопедиялық сөздіктің қысқартылған нұсқасы, құрамында 46 000-ға жуық мақалалар енген. 

Биографическая  база данных на сервере  компании Biography- http://www.biography.com

Ежелгі  дәір батырлары мен қатар әр елдің  қазіргі замандағы қайраткерлері туралы 25 мыңға жуық қысқаша мағлұматтар бар. 

http://www.translate.ru -Online – переводчик компании «Промт»

Промт компаниясының оnline – аудармашысы.

Серверде  интерактивтік сөздіктердің толық кешені берілген. Ол екі жаққа бірдей тәржімалайтын ағылшын ,неміс тілдері және біржақтылы французб итальян тілдерінен аударуды қамтамасыз етеді  

http://www.tilashar.kzТілашар – Қазақ тілін оқып үйренушілерге арналған «Хабар» Агенттігінің  «Тілашар» телебағдарламасы негізінде ашылған сайт. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда, online сабақтар жүргізуде сайттағы методикалық бөлімдерді пайдалануға болады.Сайтта қазақша-орысша лингвистикалық сөздік берілген. 

http://www.kz.index.kz - Орысша-қазақша мультмедиялық сөздік.   

6. Құжаттарды электронды турде жеткізу (ЭДД), Мәліметтер базаларымен жұмыс істеу, қажетті ақпараттарды тауып, тапсырыс беру.

            Құжаттарды электронды турде жеткізу (Электронная доставка документо (ЭДД)) дегеніміз тапсырыс берілген құжаттардың электрондық көшірмелерін дайындап коммуникация жетістіктерін арқылы пайдаланушыға жеткізу. Пайдаланушылар қажетті ақпараттарды әлемдік электрондық ақпараттар базасынан тапсырыс арқылы алуына болады. Электрондық көшірмелер сканермен цифрлау  (оцифрование) арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды  электронды турде жеткізудің (ҚЭЖ) басты  технологиялық кезеңдері:

  1. тапсырысты өңдеу
  2. тапсырылған ақпараттарды іздеу
  3. табылған ақпараттың электрондық көшірмесін дайындау
  4. электрондық көшірмені тапсырыс берген пайдаланушыға жіберу

Құжаттарды  электронды турде жеткізумен (ҚЭЖ) түрлі  мекемелер мен кітапханалар айналысады.  

7. Көру жабдықтары . Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау

          Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator. 

Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу.

Аќпараттарды саќтау жєне белгі жасау.

Белгі жасау

           Егер сізге белгілі бір веб-парақ ұнаса, және де ол парақ сізге үнемі қажет болып тұрса ол адреске белгі салып қоюға болады. Белгі жасау үшін «Избранное-Добавить в избранное» деген менюді таңдап алу қажет. Келесі кезектегі терезеден белгінің атын және белгі сақталатын папканы таңдау қажет. Мысалы сіз мынандай http://www.rubricon.ru адрестегі  веб-парақты қарап отырсыз және оны белгі жасап сақтағыңыз келді, ол үшін «Избранное – Добавить в избранное» деген менюді аламыз. Онда «Добавление в избранное» деген терезе пайда болады, «имя» деген жолда веб-парақ алғашқы атауымен тұрады, оны сіз өз қалауыңыз бен өзгертуіңізге де болады. «Добавить в избранное» деген терезеде папкалар тізімі берілген, оның сәйкес келетін біреуін таңдауыңызға болады. Егер папканы таңдап алмасақ сақталатын адресіміз «Избранное» деген бастапқы папкаға жазылады. Көрсетілген папканың ешқайсысы сәйкес келмеген жағдайда жаңадан папка ашуға болады, ол үшін «Создать папку» деген команданы таңдаймыз.      

Веб-парақтарды сақтап белгі жасау арқылы біз кез келген уақытта қажетті адрестерді жылдам мониторға шығара аламыз. Ол үшін аспаптар тақтасынан «Избранное» деген папканы таңдаймыз, пайда болған терезеден қажетті адресті аламыз.      

Егер веб-парақ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана қажет болса ақпараттарды сақтаудың мынандай жолдары бар:

  1. Веб-парақты толығымен сақтау.

Веб-парақ толығымен жүктелген соң аспаптар тақтасынан «Файл-Файл сохранить как» (сурет1)деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб-страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб-страницу полностью» (сурет2) деп көрсетілуін қадағалау керек. 

  1. Суретті сақтау.

Веб-парақтағы суретті жеке сақтау үшін тышқанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жақ түймесін шертеміз. Пайда болған контекстік менюден «Сохранить рисунок как» (сурет3) деген команданы таңдап аламыз да қажетті папканың ішінде сақтаймыз.      

Егер  сіз суретті  жұмыс істеп отырған файылыңызға қойғыңыз келсе контекстік менюден «Копировать» (сурет4)деген команданы таңдап аласыз да қайтадан өз файылыңызға ауысып «Вставить» деген команданы орындайсыз. 

  1. Мәтіндік ақпартты сақтау.

Көптеген Веб-парақтарда бізге қажеттірегі – мәтіндер. Оны айырбастау буфері арқылы сақтау сенімді және ыңғайлы. Алдымен қажетті мәтінді  белгілеп аламыз да «Копировать» деген тапсырманы таңдаймыз(мысалы аспаптар тақтасынан  «Правка-Копировать» немесе CTRL-C өзара байланысқан клавиштер   арқылы жүзеге  асыруға болады 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды  

      Интернет  деп бүкiләлемдiк компыотерлiк торапты айтады. Интернет сөзiнің тiкелей аудармасы — желi аралық, яғни жслiлердiң бiрiгуi деп түсінеміз.Компьютерлік желі деп екі немесе  одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.

      Барлық  компьютерлiк желiлерiн қолданудағы  негiзгi мақсат — олардың ортақ ресурстарға бiрлесiп қатынауын қамтамасыз ету.

      Ресурстардың  үш түрi бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компыотерлiк құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қаткыл дискiнiң көлемi.

      Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәлiметтер ақпараттық ресурстарды құрайды.

      Компьютерлiк  желiдегi аппараттық жөне программалық үйлесiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етсдi.

      Соңғы жылдары Интернет үғымынын мағынасы кеңейiп, ол Бүкiл әлемдiк компьютерлiк желi дегендi бiлдiредi. Шындығына келсек Интернет өзара тiкелей қосылған компыотерлердiң жиынтығы емес, ол қандай да бiр ақпараттық кеңiстiктi құрайды.

      Интернет жұмыс істеу дегеніміз  –шындығына келгенде  толығымен алғандағы интернете емес, тек оның көптеген қызмет түрлерiнiң бiреуiнде жұмыс атқару.

Интернет - глобальды ақпараттық желі