История создания университетов Казахстана
Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университет
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бірі. Астанада орналасқан. Ректоры - Сыдықов Ерлан Бәтташұлы. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1996 ж. мамырда бұрынғы Ақмола университетінің негізінде құрылған. Е. у. құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Канддат және доктор дисс. қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1.250000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орт.алықтары бар. Е.у. базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.
Еуразия ұлттық
Факультеттер мен ғылыми-
2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының
докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық
білім беру ғылымдары академиясының академигі
Ерлан Батташұлы Сыдықов.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Қазақ
Ұлттық Аграрлық Университеті (ҚазҰАУ)
– ауыл шаруашылық жоғары оқу орыны. 1929
жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік
институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл
шаруашылық институты негізінде 1996 жылы
сәуірде құрылды. 2001 жылы 11 шілдеде оған
Ұлттық мәртебе берілді. Ол агроөндірістік
кешен үшін білікті мамандар, аграрлы
жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог
кадрлар даярлайды. Университеттің 42 кафедрасында
666 оқытушы сабақ береді, 140 аспирант, 29
магистрант бар. 5 оқу институтында (агробиология
және экономика, ветеринария және мал
шаруашылығы, ауыл, орман және су шаруашылығы
инженерлері, гуманитарлық білім беру,
біліктілікті көтеру) күндізгі және сырттай
оқыту бөлімінде 6 мыңнан астам студент
оқиды. Олардың арасында 16 ұлт өкілдері,
Жапония, Қытай, Моңғолия, Израиль, Иордания
жастары да бар. Фермерлердің Жоғары мектебі
жұмыс істейді. 2000 жылы университет жанынан
3 ғылыми-зертханалық институты (Ғылыми-зертханалық
және агробизнес консалтингтік институты,
Агробиология және экология ғылыми-зертханалық
институты, Анимология мәселелерінің
ғылыми-зертханалық институты) және 2 ғылыми
орталық (Орман биоценолологиясы және
Жаңа технологиялар ғылыми орталықтары)
құрылды. Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының
дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын,
жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың,
тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін
шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат
диссертация қорғалып, 200 авторлық патент
пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік
ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми
еңбек жарияланған. Университет 30-дан
астам таяу және алыс шет елдердің жоғары
оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен
тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары
оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға
мүше.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр және кино институты) — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны.
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінің (консерваторияға 1953 жылы Алматы көркемсурет училищесінен келіп қосылған актерлік бөлім) негізінде Алматы театр және көркемсурет институты болып ашылған.
Институт театр, кино, көркемсурет және хореография бөлімдері бойынша он бір салада маман даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Күндізгі және ақылы сырттай бөлімдер жұмыс істейді. Құрамында 6 факультет, 23 кафедра бар. Оқу 12 мамандық және 39 арнаулы мамандық бойынша жүргізіледі. 1062 студент оқиды. 322 оқытушы сабақ береді. Олардың арасында 16 халық артисі мен халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 24 лауреаты, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, 23 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 30-дан астам ҚР-ның білім беру ісінің үздігі бар.[1]
1987 жылы институтқа Т.Жүргенов есімі берілді [2].
2008
жылдан бері Академияның ректоры қызметін
Арыстанбек Мұхамедиұлы атқарып келеді.
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті
Қазақ ұлттық техникалық университеті - Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін институт университет мәртебесін алды және оған қазақтың ұлы перзенті геолог ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімі берілді. Университет Алматы қаласында орналасқан.
1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссариаты Алматы қаласында құрамында тау-кен және түсті металлдар факультеттері бар Қазақ тау-кен металлургия институтын құру жөнінде қаулы қабылдады.
1934 жылы 19-қыркүйекте бірінші оқу жылы басталды. Бірінші оқу жылының басында институтта 146 студент және 16 оқытушы болды. Институтта 2 мамандық бойынша сабақ жүргізілді: гидрогеология және кен орындарын барлау.
1935-1936 жылдары қосымша 2 мамандық ашылды: жер қойнауын барлау және түсті металдар мен ауыр металдар.1934 жылдан 1938 жылға дейін бірінші курсқа студенттер қабылдау 559 адамға өсті, оның 66-сы қазақ. Профессорлық-оқытушылар құрамының саны – 163 адам, оның ішінде 12 профессор мен 30 доцент болды.
1939 жылы институтты 56 адам бітірді, олардың 32-сі тау-кен инженері, арасында алғашқы қазақ қызы Р.М.Мұхамеджанова бар.
1940 жылы 80 адам диплом алды: олардың 25-і металлург, 28-і геологиялық барлау, 35-і тау-кен инженерлері. Осы жылдың тамызы мен қарашасында Алматыға Мәскеу түсті металлдар мен алтын институтының профессорлары мен оқытушыларын, сондай-ақ зертханалық құрал-жабдықтарын жеткізген 2 эшалон келді. Екі жоғары техникалық оқу орнының бірігуі жүзеге асты. Эвакуацияланған 200 студент, сонымен бірге еліміздің батыс аудандарының осы тектес жоғары техникалық оқу орындарынан өз бетімен келген 100-дей студент оқуға қабылданды. Осыған орай ҚазТКМИ-дің профессор-оқытушылар құрамы белгілі ғалымдармен, педагогтармен толықтырылды.Ұлы Отан соғысы жылдары институт студенттері мен оқытушылары жауды жеңуге өздерінің үлестерін қосты. Институт кафедраларында 65 ірі ғылыми-зерттеу және 6 ізденушілік топографиялық және маркшейдерлік жұмыс орындалып, олардың басым көпшілігі өндірісте, сондай-ақ жаңа зауыттар, цехтар, шахталар жобасын жасауда қолданылды. Ұлы Отан Соғысы жылдары институттан 200 студент және оқытушылар соғысқа аттандырылды. Ұлы Отан Соғысының Батырлары атағын алғандар: Мұса Баймұханов, Максим Герасимович Губанов, Владимир Алексеевич Засядко, Николай Данилович Маркелов, Алексей Георгиевич Торопкин, Николай Иванович Ященко. Екі дүркін Совет Одағының батыры Талғат Жақыпұлы Бигелдинов.
1942-1943 оқу жылында Қазақ тау кен-металлургия институтында мұнай кен орындарын барлау, іздестіру және мұнай өндіру ісі мамандықтары бойынша мұнай факультеті ашылды. Ол соғыс жағдайына байланысты мұнайға деген қажеттіліктен, автокөліктер мен соғыс техникаларына мұнай өнімдерін молынан өндірудің маңызының артуына орай мамандар қажеттілігінен туындады.
1945 жылдың қыркүйегінде бейбіт заманның бірінші оқу жылы басталды. Осы жылы институттың бірінші курсына 248 адам, оның ішінде 52-сі қазақ, 1946 жылы 300-ден 58, 1947 жылы 225-тен 98, 1948 жылы 350-ден 99, 1949 жылы оқуға қабылданған 411-студенттің 143-і қазақ жастары болды.
1945-49 жылы студенттер ауқымы негізінен орта мектеп, техникум, кешкі мектеп, рабфак және дайындық бөлімдерін бітіргендерден құралды. Соғыстан кейінгі жылдары студенттер қатары жылдан жылға Ұлы Отан соғысынан оралғандармен толыға түсті.
1952-1953 оқу жылында институттың кафедралары өндірістік кәсіпорындардың тапсырмасымен келісім-шарт негізінде 19 ірі тақырып бойынша жоспарланған 550 мың сомның орнына жалпы құны 617,4 мың сомның жұмысын атқарды. Институт Қарағанды көмір бассейні, Текелі қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, «Алтайсвинцехшахстрой» тресі, Өскемен, Лениногор және Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс зауыты, Алматы мехникалық зауыты, «Средазгеофизтрест», Қазақ геологиялық барлау басқармасы сияқты кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатты.
1953-57 жылы институттың ғылыми-зерттеу жұмысы жылдан-жылға жандана түсті. Бірнеше жаңа зертханалардың құрылуына, оларды ең жаңа құрал-саймандармен жабдықтауға мүмкіндік берді. Осы жылдары металл процесстерін, кен көлігін автоматтандыру және бақылау, спектрлік және рентгенді құрылымдық талдау, электро-химия, инженерлік геология зертханалары ашылды. Геологиялық мұражай ұйымдастырылды.
1954 жылы Қазақ тау кен-металлургия өзінің құрылғанына 20 жылдық мерекесін атап өтті. Сол кездің өзінде 2500 тау-кен инженері, геологтар, гидрогеологтар даярланды. Ал, 1956 жылы ҚазТКМИ-ді бітіруші мамандар саны 3000-ға жетті.
1956 жылы институт ғимаратының жаңа кешенінің құрылыс жұмыстары басталды.
1957 жылдың 20 тамызында КСРО Жоғарғы оқу министрлігінің осы жылдың 1 қыркүйегінде ҚазТКМИ-дің тау-кен факультетінен «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандарын әзірлеу жөнінде бұйрығы шықты.
1958 жылдың қыркүйек, қазан айларында мыңға жуық студенттер мен 107 оқытушы және зертханашы Алматы облысының Ленин атындағы кеңшарда, Павлодар облысының жеті кеңшары мен екі астық қабылдау пунктінде астық жинау жұмысында болды. Ол жақтан студенттер мен оқытушылар еселі еңбегі үшін институтқа екі Қызыл ТУ, Қазақстан Коммунистік партиясы Куйбышев аудандық комитетінің және БЛКЖО Павлодар облыстық комитетінің наградаларын алып қайтты. Сегіз студент «Тың жерлерді игергені үшін» медаліне ие болды.
1958-59 оқу жылында геологиялық-барлау факультетінде «пайдалы қазба кен орындарын барлау техникасы» мен «пайдалы қазба кен орындарын геологиялық барлау және суретке түсіру» мамандарын әзірлеу басталды.
1959-60 оқу жылында студенттер ауқымы 1800 адам болды.
1960 жылғы 8 шілдедегі КСРО Министрлер Кеңесінің №2006-р Өкімімен Қазақ тау кен-металлургия институты Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылды. Жаңа факультеттер: инженерлік құрылыс, энергетика, автоматика және есептеу техникалары факультеттері ашылды. Осы жылы тау кен-металлургия өнеркәсібінің және құрылыс ісінің жетекші 12 мамандығы бойынша инженерлер даярланды. Сол жылдары 30 кафедрада 160 профессор мен оқытушы жұмыс істеді. Оның ішінде 2 академик, 6 профессор, ғылым докторы болды. Осы жылдардың аяғында ҚазПТИ оқу, ғылыми және тәрбие жұмысында бірталай жетістіктерге жетті. Студенттер контингенті 18 мыңға, аспиранттар саны 300 адамға өсті. 1970 жылы В.И. Лениннің 100 жылдығына арналған Одақтағы 378 техникалық жоғары оқу орындары арасындағы Бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы ретінде институт КСРО Жоғары білім беру Министрлігі мен Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломымен марапатталды және В.И.Ленин есімімен аталу мәртебесін иеленді.
1961-1962 жылы институт политехникалық болып құрылғаннан кейінгі екінші оқу жылы – институт ірі оқу және ғылыми орталыққа айналды. Институт құрылымында 6 факультет, 38 кафедра, ғылыми-зерттеу секторы, аспирантура бөлімі жұмыс істеді. Институтта жаңа кафедралар мен мамандықтардың ашылуына байланысты профессор-оқытушылар құрамы да өсті. 1960-61 оқу жылы 201 профессор мен оқытушы жұмыс істесе, 1961-62 оқу жылында олардың саны 266-ға көбейді.
1962 жылы институт алғашқы 55 құрылысшы-инженер мамандарын әзірлеп шығарды.
1963 жылы институттың мұнай және газ факультетін бітіруші түлектері Маңғыстаудың, Оралдың, Ембі ауданының, Солтүстік Кавказ бен Жайық жағалауының, Бакудың екінші ауданында және Солтүстік Түмен облысында мұнай мен газ кендерін іздестіруге белсене қатысты.
1964 жылы Лениногор және Қаратау қалаларында филиалдар, 1965 жылы Өскемен қаласында жалпы техникалық факультет ашылды.
1965 жыл. Осы жылы «ҚазҰТУ көктемі» фестивалі дүниеге келді.
1966 жылы филиалдарды есепке алмағанда 7 факультет пен 40 кафедра жұмыс істеді.
1975 жылы Қазақ политехникалық институтының Энергетика факультетінің негізінде Алматы энергетикалық институты құрылды. Қазіргі Алматы энергетика және байланыс институты.
1975 жылы Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауынан ауданы 50 гектар жерде студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының демалуына ғана емес, сондай-ақ геологиялық барлау, мұнай және геофизика және тағы басқа факультеттердің оқу практикасын өткізуіне арналған оқу-сауықтыру кешені құрылды. Студенттерге арналған 500 орындық асхана, әскери кафедра ғимараты ашылды.
1978 жылы ҚазПТИ-ден Рудный индустриалды институты жеке бөлініп шықты.
1979 жыл. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 10-қарашадағы Қаулысымен ҚазПТИ-дегі сәулет және инженерлік құрылыс факультеттерінің және Бүкілодақтық сырттай оқытатын инженер-құрылыс институтының Алматы филиалының негізінде 1980 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматыда Сәулет-құрылыс институты құрылды. Қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы.
1980 жылдардың ортасында “Политех” КСРО-ның Куба, Моңғолия, Ауғанстан және Африканың бірқатар дамушы елдері үшін мамандар даярлайтын базалық институттарының бірі болды. Институттағы шет елдік студенттердің саны 600 адамға жетті.
1981 - 1982 оқу жылында Қазақ политехникалық институтының студенттері 100 ғылыми жұмыспен Бүкілодақтық конкурстың 11 бөліміне қатысты. Конкурс нәтижелері бойынша олардың 22-сі медальдармен, дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
1984 жылғы 26 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты 50 жылдық мерейтойына орай және институттың білікті мамандар мен ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытудағы жетістіктер үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1987 жылы институт ұжымымен сол кездегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болған Н.Ә.Назарбаев бірінші рет кездесті. Бұл келу институт үшін өте нәтижелі болды, “Самал” ықшамауданында қызметкерлерге арналған 48 пәтерлік жатақхана салынды.
1985 жылы институттың кітапханасы жоғары оқу орындары кітапханалары байқауында республика бойынша 2-орын алды, КСРО Халық ағарту комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
1989
жылдың өзінде ғана жазғы уақытта 315
адамнан жасақталған студенттердің мамандандырылған
20 отряды ұйымдастырылды. Олар: “Қазақстан
бұрғышысы”, “Технолог”, “Прометей”,
“Барлаушы”, “Конструктор”, “Кенші”,
“Маркшейдер”, “Транспортшы” секілді
құрылыс жасақтарында екпінді еңбек етті.1989
жылғы 19 қыркүйектегі КОКП ОК және КСРО
Министрлер Кеңесінің № 1110 Қаулысына
сәйкес ҚазПТИ ғалымдары Арал проблемасы
бойынша Шығыс Орал маңында масштабы 1:20000
болатын арнайы кешенді экологтық-инженерлік-
1990 жылы университетті 10 елден келген 47 студент, ал 1991 жылы 15 елден келген 109 студент бітірді.
1992 жылы орталық Ғылыми кітапхана қазақ тілінде жүйелік каталог құрастыруды қолға алды. Жаңа ғылыми әдебиеттер абоненті ашылды. Кітапханада 42000 дана кітап қоры болды. Қазір университеттің Ғылыми кітапханасында 2 миллионға жуық оқулық пен ғылыми кітап бар.
1993 жылы ҚазПТИ-дың негізінде Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты жеке отау көтерді. Қазіргі Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инженеринг мемлекеттік университеті.
1994 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің № 43 қаулысымен ҚазПТИ Қазақ Ұлттық техникалық университеті болып өзгертілді. Бұл жыл университет ұжымының өмірінде елеулі оқиғаларымен – еліміздегі тұңғыш инженерлік-техникалық жоғары оқу орнының ашылуына 60 жыл толуымен есте қалды. Университет ұжымы мерейтойға дейінгі жылдардың қорытындысын шығарды және М.О.Әуезов атындағы драма театрында салтанатты түрде мерейтойын атап өтті. Салтанатты мәжіліске Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. “Дос-Мұқасан” ансамблінің алғашқы ұжымының үлкен мерекелік концерті болды. Осы жылдың маусым айынан бастап ҚазҰТУ-дың негізінде Атырау Мұнай және газ институты студенттерге есігін ашты.
1999 жылы сәуір айында Қ.И.Сәтбаевтың туылғанына 100 жыл толуына байланысты халықаралық симпозиум өткізілді. Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев инженер кадрларды даярлауға және олардың ғылыми өндірістік өсуіне қомақты үлес қосып, Қазақ тау-кен металлургия институтының бітіруші түлектерінің мемлекеттік емтихан комиссиясын басқарды. Сондықтан көрнекті ғалымның құрметіне ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді.
2000 жылдың наурыз айында факультеттер негізінде 6 институт құрылды. Олар: әл-Машани атындағы Жаратылыстану-гуманитарлық институты; Инженерлік-экономикалық институты; Ақпарат және ақпараттық технологиялар институты; Машина жасау; Технология және экология институты; Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты. 2000 жылдың 20 желтоқсанында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен VIVAN-DI WATER компаниясы аралығында кезекті келіссөздер кезеңі өтті. ҚазҰТУ-да 2000-2001 оқу жылдары халықаралық семинарлар жиі өткізілді. 26-27 қазанда еліміздің жоғары оқу орындары үшін Еуропалық білім қорының, Еуропалық комиссия делегаттарының, ТЕМПУС ақпараттық бюро өкілдерінің қатысуымен ТЕМПУС бағдарламасы бойынша семинар өтті.
2000 жылы қазан айында университеттің «РАС» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
2001 жылдың 29 маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметі №992 қаулысымен Қаныш Сәтбаев атындағы техникалық университеті Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті болып аталды.
2001 жылдың 12 шілдесінен бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы университетінің ректоры болып Д.Қ.Сүлеев тағайындалды. (2001-2008ж.ж.).
2004 жылы ҚазҰТУ Болонь қаласында (Италия) университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
2005 жылдың 1 шілдесінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Ғылым мен техникадағы адамзат құндылықтары мен жеке тұлғаларды кәсіби тұрғыда дамытып, қалыптастыруға қосқан маңызды үлесі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға ерекше мәртебе берілді.
2008 жылы сәуірде Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры болып, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, ғылым докторы, ҚазПТИ түлегі Ж.М.Әділов тағайындалды.
2009 жылы 1 маусымда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті AUAC халықаралық аккредиттеу орталығының 1.06.2012 жылға дейін сертификатын алды.
2009 жылы қазан айында өзінің 75 жылдық мерейтойын атып өтті.
2009
жылы 24 желтоқсан хаттамасы бойынша
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ҚР Білім және
ғылым министрлігі ұлттық аккредитациялау
орталығының аккредитация кеңесі шешімінің
негізінде 5 жыл мерзімге аккредитацияланды.
Қазақcтан - Британ техникалык университеті (ҚБТУ)
Қазақстан-Британ-
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен Британдық кеңестің № 1027 өзара келісім Меморандумына сәйкес 2001 жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен университет құрылды.
Қазақстан
тарапынан университетті
Британия тарапынан ҚБТУ-дың серіктесі болған Ұлы Британияның Қазақстандағы елшілігі және оның басты өкілі—Британдық кеңес. Білім беру және ілеспелі консультативтік кызметтерді қамтамасыз еткен: Абердин университеті және Ұлы Британияның мұнай астанасы Абердин қаласында орналасқан Роберт Гордон атындағы университет, Хериот-Уотт университеті (Эдинбург каласы) және Вестминстер университеті (Лондон қаласы). Жоғарыда аталған университеттердің тереңдетілген “Мұнай-газ өнеркәсібі” және “Іскерлік басқару” оқыту бағдарламалары бар. Сонымен қоса, олар әлем бойынша білім нарығының мұнай-газ саласында жетекші орында тұр.
ҚБТУ демеушілері: «ҚазМұнайГаз», «Аджип КСО», «Ақтөбемұнайгаз», «Бритиш Газ», «HSBC Банк», Еуразиялық өнеркәсіптік одақ, ЖАҚ ҰАК «Казатомпром», ААҚ «Қазақтелеком»,БК «Қазгермұнай», ЖАҚ ҰК «Қазақстан темір жолы», ЖАҚ «Қазақмыс», ААҚ «Қаражанбасмұнай», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», ААҚ «КЕГОК», «Мицубиси Корпорэйшн», «Репсол», «Тенгизшевройл», «Шелл», «ШевронТексако», «Шлюмберже», «Халлибуртон», «Харррикейн». Аталған демеушілердің арқасында аз мерзімде оқу және ғылым зертханалары ашылып, заманауи құралдармен жабдықталды.
Қазақстан-Британ
техникалық университеті—Қазақстанның
ұлттық, ғылыми техникалық элитасын дайындап,
калыптаспыруды өзіне міндет санаған
жаңа дәуір университеті.
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты
Қазақстан
менеджмент, экономика және болжау
институты, ҚР Президенті жанындағы (ҚМЭБИ)
– жоғары оқу орны. 1992 жылы 1 қаңтарда құрылған.
Алғашқы кезде тек магистрлер даярлады.
1999 жылдан бакалаврлар бөліміне студенттер
қабылдана бастады. Бакалаврлар даярлау
мен магистратура бөлімдері: «Іскерлік
әкімшілік және бухгалтерлік есеп», «Экономика»,
«Мемлекеттік басқару», «Саясаттану»,
«Халықаралық қатынастар», «Журналистика
және БАҚ» салаларының мамандарын даярлайды.
Өндірістен қол үзбей оқу үшін үздіксіз
білім беру (кешкі) департаменті құрылған.
Сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі.
Еуропа, АҚШ, Канада, Азия елдерінен шақырылған
көрнекті профессорлар мен Қазақстанның
ғалым-ұстаздары дәріс береді.
Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 каңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды. [1].1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды. 1954–1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы–профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, онын ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Ал осы мектептер мемлекетіміздің әлеуеті артып, атақ-даңқының кеңінен жайылуына зор үлес қосты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың стратегиялық бағытыy жүзеге асыру барысында кадр дайындау саласы бойынша сапалы өзгерістерге қол жеткізу арқылы ҚазҰУ бугінгі күні де еліміздегі мәні мен маңызы аса жоғары оқу орны болып қала береді. Қазақстан жоғары мектебінің көшбасшысы болып табылатын Қазақ ұлттык университетінін 75 жылдық тарихы мемлекеттігіміздің қалыптасу дәуірлерімен тығыз байланысты. Ауқымды ерлік істер мен аштық трагедиясын, саяси куғынға ұшырау кезеңдерін бастан өткізіп, шындалған ұжымның алдына Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы жаңа басым міндеттер қойылып отыр. Өткенді еске ала отырып, болашаққа болжам жасау қашаннан бар. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан аса ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО ҒА академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген әйгілі ғалымдар еңбек ете бастады. КазҰУ-дың қабырғасында Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс баскарды. Олардан басқа да белгілі есімдерді, университет ғылыми мектебінің негізін қалағандарды атауға болар еді. Содан бергі заманда ол көптеген ғылыми бағыттар бойынша дамып, жетіліп, халықаралық деңгейге көтерілді. ҚР мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізумен бірге университет жаңаша даму жолына түсті. Тың үрдіс таңдау университет үшін сапалы ілгерілеуге қажетті алғышарт еді. Бұл орайда ҚР әлемдік қауымдастыққа тең құқылы мүше болуы – шешуші фактор. Мұндай жағдайда бір ғана таңдау жасау мумкін. Ол – әлемдік білім беру жүйесіне дәйекті түрде ойысу, мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарына көшу. 2008 жылы сәуірде еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың ұлттық ЖОО ректорларымен кездесу кезінде алға койған міндеттердің бірі – ғылым мен білімді тиімді түрде үйлестіру. Бұл ретте біздің мүмкіндіктеріміз мол екенін айту керек. Университетте жиырмадан аса ғылыми-зерттеу және әдістемелік орталықтар, технопарк бар. Осы ғылыми инфрақұрылымға қосымша Елбасы бастамасымен қолға алынған маңызды бір іс – республикада он бес ұлттық лаборатория құру шарасына сай таяуда ҚазҰУ негізінде нанолабораторияның ашылуы. Қай кезеңде де біздің мактанышымыз – адами қор.

- История создания фармацевтической промышленности
- История создания фармацевтической промышленности в странах Западной Европы до ХХ-го века
- История создания фирмы
- История создания фондовых бирж
- История создания Франкфуртской фондовой биржи
- История создания футбола
- История создания холодильного оборудования
- История создания теории атома Бора
- История создания тепловых двигателей
- История создания термодинамики
- История создания титула: «Мистер Олимпия»
- История создания Третьяковской галереи
- История создания турбокомпрессоров
- История создания улицы ленина