Канаданың жер кадастры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғат пайдалану Факультеті
РЕФЕРАТ
«Канаданың жер кадастры»
2014
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Кадастр туралы түсінік
2 Канада елі туралы жалпы
түсінік
3 Канаданың жер кадастры
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жер кадастры жерді (топырақты) оның сапсына, өнімділігіне қарай бағалап, сипаттап, оны әртүрлі топтарға, категорияларға бөліп тіркеу мағынаны білдіреді. Жалпы кадастр сөзі француздың «cadastre» деген сөзінен шығып, орысша – реестр, ал қазақша – тіркеу деген мазмұнды береді. Әңгіме жай ғана тіркеу емес, сол тіркелетін жерлерімізді жан-жақты зерттеп, сапасына қарап, әртүрлі деңгейге топтастырып, бағалап тіркеу. Сонымен жер кадастрының негізгі міндеті – бағалауға қажетті жерлерімізді терең зерттеп, олардың көлемі мен сапасын анықтап, әр елдің, облыстың, ауданның және жеке шаруашылықтардың жер қорларының көлемі мен сапасын анықтау.
Жер кадастры – екі бөлімнен тұрады: 1) Топырақ бонитировкасы, яғни топырақты бонититтеу, 2) Жерді экономикалық бағалау.
Топырақты бонититтеу топырақ зерттеушілерінің үлесіне тисе, жерді экономикалық бағалауды экономистер жасайды. Жер кадастрын жасап, оны практикалық өмірде қолдану қазір бүкіл өркениетті елдерде заңдастырылған негізгі өндіріс құралы – жерді тиімді пайдаланудың басты кепілі.
Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.
Канадада жер кадастрын жүргізумен жерді инвентаризациялау қызметі айналысады. Ол жерді зерттеуді бүкіл ел бойынша бір бағдарлама бойынша жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Оның ең басты міндеті – федералды және аудандық мекемелерді дәл және толық мемлекеттің жер ресурстарының өнімділігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Рефератты жазу барысында ұлттық және аймақтық ғылыми-зерттеу мекемелерінің мақалалары мен баспалары қолданылды.
Реферат кіріспе, үш тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі –12 бет. Қолданылған әдебиеттер тізімі 7 атаулардан тұрады.
1 КАДАСТР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Кадастр (cadastre – парақ, тізілім) –
I. экономикада – елдің,
мемлекеттің экономикалық
Кадастрда ресурстар мен нысандардың орналасуы, олардың шамасы, нысандардың құндық бағасы мен кірісін құрайтын сапалық сипаттамалары туралы деректер беріледі. Кадастрдың белгілі түрлері:
Жер кадастры – ауыл мен орман саласында өндірістің басты құралы жер туралы егжей-тегжейлі мәліметтердің жиынтығы;
су кадастры – жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы;
сондай-ақ, жекелеген кәсіпшіліктер мен ұсақ нысандардың да кадастрлары болады. Кадастр деректері салықтарды, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер белгілеу кезінде, нысандарды жалға беру, кепілге салу, сату кезінде олардың құнын бағалау үшін пайдаланылады;
II. биологияда – жүйеленген
биологиялық мәліметтер
2 КАНАДА ЕЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.
Ертеректе канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде ”KANATA” деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы ”қоныс”,”мекен” деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Солкезден бастап Канада жері бір атаумен аталды. 1545 жылдан бастап еуропалық кітаптар мен карталарда Канаданы ”Канада” деп атау бастау алады. XVII ғасырдың басында әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдердің солтүстік жағалауындағы жерлер ”Canada” деп аталған. Британдық отаршылдар келіп, ол жерді Жоғарғы және Төменгі Канада етіп екіге бөліп алады. 1841 жылы екі Канада қайта қосылып, ”Канада провинциясы” болып аталады. 1867 жылы Канадажерінде жаңа мемлекет құрылып, бүкіл елді КАНАДА деген ресми атаумен атау жайлы шешім қабылданады. Канада деген сөзбен бірге Доминион деген сөз де қосылып айтылды. 1950 жылға дейін ”Канада Доминионы” қолданыста болды. Кейіннен Канада үкіметі Ұлы Британиядан өзінің саяси тәуелсіздігін алғаннан соң ғана Канада сөзі қазіргі Канада елінің ресми атауы болып қабылданды. Сол кезден бастап Канада атауы барлық құжаттар мен мемлекетаралық келісім-шарттарда ресми түрде қолданылуда.
Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км2. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км2, сулы жері 891 163 шаршы км2. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан.
Канаданың жері үлкен болғандықтан бірнеше климаттық белдеулер бар. Мысалы, ең солтүстік аймағы Арктикалық белдеуде орналасса, одан төменгі жерлері Субарктикалық белдеуде орналасқан. Солтүстіктегі аралдарда үнемі қармен мұз жатады. Ол аймақта тундра бар. Ең суық аймақтар да осында. Ал Британдық Колумбия жерінде жаймашуақ жаз (25 to 30 °C), жауынды маусымдар болады. Бұдан бөлек, солтүстікке жақын орналасқан жерлерде алты ай бойы қар жата береді. Ең төменгі температура ретінде тіркелген көрсеткіш -63˚С (Юкон).
2006 жылы жүргізілген санақтың
нәтижесі бойынша Канаданың
Канада халқының әл-ауқаты жағдайы жағынан әлемдегі еңалдыңғы қатарлы елдердің бірі. Канада әлемнің дамыған ”Үлкен сегіздік” елдерінің қатарына кіреді, ”Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымы”-ның мүшесі болып табылады. АҚШ-қа қарағанда Канаданың экономикалық ‘күші’ аздап төмендеу. Есесіне, көптеген Батыс Еуропа елдерініңкінен жоғары. Канады әлемдік сауда айналымы жағынан алғашқы ондыққа кіреді. Елдің басты импорттайтын тауарлары АҚШ, Ұлы Британия және Жапония елдеріне тасымалданады. 2008 жылғы Канаданың импорттаған тауарларынан түскен ақшасы $442.9 млрд. Болады.оның ішінде $280.8 млрд. АҚШ-тан, $11.7 млрд. Жапониядан және $11.3 млрд. Қаржы Ұлы Британиядан түскен. 2009 жылғы казан айындағы деректерге сай, елдегі орташ жұмыссыздық көрсеткіші 8,6% болған. 2008 жылы Канаданың мемлекеттік қарызы Үлкен сегіздік елдерінің арасындағы ең төмен көрсеткішті көрсеткен. Канаданың экономикалық секторын үлкен жетістікке жеткізіп отырған тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, ауылшаруашық шаласы және қызмет көрсету салалары болып саналады. Жұмысшылардың ¾ бөлігі осы қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған. Бидай мен астық тұқымдас дақылдарды үнемі шет елдерге сатып отырады. Елдің солтүстік аймақтарында ауалшаруашылығы климаттық жағдайларға байланысты дамымаған. Мырыш пен уран, сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металлдар Канадада көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден әлемде екінші орын алады. Оңтүстік Онтарио мен Квебек провинцияларында автокөлік жасау мен әуе және ғарыштық техникалар индустриясы дамыған. Канаданың төл валютасы – канадалық доллар (CAD). 5, 10, 20, 50 және 100 долларлық купюралар бар. Монеталары 1, 5, 10, 25 центтік және 1-2 долларлық болып шығарылады.
Канадада мемлекеттік тіл ретінде ағылшын тілі мен француз тілі саналады. Мемлекеттік ұйымдар мен барлық мекемелерде екі тіл қатар жүреді. Азаматтардың қалаған тілде сөйлеуіне және қалаған тілде іс-қағаздарды толтыруына құқықтары бар. Статистикалық деректер бойынша канадалықтардың 59.7% халқының ана тілі – ағылшын тілі, 23.2% тиісінше француз тілі. 67,5% халық тек қана ағылшын тілінде сөйлей алады, 13,3% тек француз тілінде сөйлей алады, және 17,7% халық екі тілде қатар сөйлейді. Квебек провинциясындағы ресми тіл ретінде француз тілі саналады. Өйткені Канададағы француз тілді азаматтардың 85% Квебекте тұрады. Одан кейінгі француз тілділердің басым бөлігі Онтариода тұрады. Квебектен басқа провинцияларда ресми тіл ретінде бекітілген арнайы тіл жоқ. Екі тіл қатар қолданылады.
3 КАНАДАНЫҢ ЖЕР КАДАСТРЫ
Канадада жер кадастрын жүргізумен жерді инвентаризациялау қызметі айналысады. Ол жерді зерттеуді бүкіл ел бойынша бір бағдарлама бойынша жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Оның ең басты міндеті – федералды және аудандық мекемелерді дәл және толық мемлекеттің жер ресурстарының өнімділігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Канаданың жер кадастры әр түрлі есеп алу мен жерлерді тіркеуді аудандар бойынша жүргізеді. Федералды мекеме есеп алу мен тіркеуді тек қана Солтүстік-Батыс аймақтары мен Юкон ауданында жүргізеді. Шығыста тіркеу хабарландыру сипатта келеді. Қоғамды ол туралы хабарландырады, ал батыста тіркеу меншік иесінің құқығын растайтын құқық аттестатын беру кепілдігі бар (Торренс жүйесі). Онтарио ауданында екі жүйе де қызмет етеді.
Канаданың кадастры парцеллалы болып келеді. Жер телімдерін кодтау процесінде қолданылады. Квебекте кодтау кадастрлық кодекс негізінде жүзеге асады. Француздыққа ұқсас болып келеді. Басқа аудандарда Ұлыбританиядағыдай. Және жеке меншік иесі екенін растайтын құжаттар арнайы кітаптар жіне реестрлар түрінде көрсетіледі. Ал Квебек провинциясында кадастрлық план түрінде беріледі.
200-ге жуық ЗИС жұмыс
істейді. Бірақ комплексті ЗИС-тар
жоқ. Алайда Канадада 1990 жылдардың
басында оқуға, сақтауға, ресурстардың
карталарын салыстыру мен
1963 жылға дейін Канадада жерлерді ауылшаруашылыққа пайдалануға болатын дәрежесіне қарай бөлуді аудандық ауыл шаруашылық департаменттері жүзеге асыратын. Осыған орай әр түрлі провинцияларда өзіндік жер классификациясы жасалатын. Ал ең толығы осылардың ішіндегі Британ Колумбиясы провинциясында.
1963 жылы жерлерді
Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді классификациялағанда жерлерді пайдаланған кезде өнімділігі жоғары болу дәрежесіне қарай 7 классқа бөледі. Жерлерді классификациялау схемасы олардың ауыл шаруашылығында пайдалану мүмкіндігіне қарай факторлардың біліну дәрежесін анықтау негізінде жүргізіледі. Аталған факторлар жерлерді пайдалану мүмкіндігін шектейтін факторлар болып табылады. Және американдықпен өте ұқсас болып келеді. Алайда класс тармақтары айтарлықтай көп. Класс тармақтары шектеуші фактордың табиғатын сипаттайды. Класс тармақтары мынандай болып келеді: С класс тармағы климаттық факторға негізделген; D – топырақтың гранулометриялық құрамымен; Е – эрозиямен; F – топырақтың төмен өнімділігімен; I – су басуымен; М – ылғалдылықтың жетіспеушілігімен, бұл су өткізігіштігі мен топырақтың су жинауыш қасиетінің төмен болуы нәтижесінде болады; N – тұздылығымен; Р – тастылығымен; R – аналық жыныстың қаттылғымен; S – зиянды топырақ факторлар тізбегінің комплексті әсерінен; Т – топографиялық фактормен; W – артық ылғалдылықпен; Х – факторлардың аккумулятивті әрекетінің нәтижесі. Аталған факторлардың әрқайсысын жекелей алғанда олар жердің класстық дәрежесін түсіру мүмкіндігі аз болып келеді. Бірақ барлығы бірге аймақтың ең төменгі классқа жатуына мүмкіндік береді. Топырақты классқа және класс тармағына жатқызу шектелген факторлар арқылы және олардың көрсетілу дәрежесіне қарай жүзеге асады. Алдымен класс тармағын анықтайды. Яғни шектеуші факторды. Осыдан кейін классты анықтайды. Класс – шектеу дәрежесі, берілген фактор негізінде көрсетіледі.
Жерлерді инвентаризациялау жұмыстары , классификациялау жұмыстарын да қосатын, бүкіл халықтық бірыңғай бағдарлама шегінде жекелей алынған провинцияларда жүзеге асады. Қолдануға болатын жерлердің тақырыптық карталары 1: 50 000 масштабта жасалады және 1: 250 000 масштабта басып шығарады. Аталған карталар пландау жұмыстарына да қолдануға болады. Жерлерді пайдалану карталарын тек қана 1: 50 000 масштабта жасайды және оны басып шығармайды.
Канадада орман шаруашылығын жүргізу мүмкін болатын мақсатта пайдалануына қарай жерлерді классификациялайды. 7 класс пен 18 класс тармағы ерекше аталып көрсетіледі. Және де дәл осындай халықтың демалуына да арналған жерлерді классификациялау жүргізіледі. Бұл жерде 7 класс пен 24 класс тармағы бар. Сонымен қатар жабайы табиғатты сақтауға арналған жерлерді классификациялайды. Жабайы жануарларды өсіріп, көбейтуге арналған 7 класс пен 11 класс тармағы, және суда жүзетін құстарды өсіріп, көбейтуге арналған 7 класс пен 4 класс тармағы бар.
Канадада жерлерді бағалаудың бірыңғай тәсілі жоқ. Кейбір провинцияларда әдістер ойлап табылды. Олардың негізіне Стори индексі қойылған. Сонымен қатар бидайдың өнімділігін жерлерді бағалау көрсеткіші ретінде қолданады. Және барлық жерлер 5 өнімділік класына жіктеледі. Басқа дәнді-дақылдар мен өнімдерді бидайдың түсімділігінің сәйкес коэффициенттеріне аударады. Жерлерді экономикалық бағалау бағалық санға ауыстырылмайды.
Канадада жерлерді бағалау 1899 жылдан 1952 жылға дейін жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылық Министрлігінің қызметінің арқасында. XX ғасырдың екінші жартысынан қазіргі кезге дейін топырақты қорғау арнайы мекемесінің қызметімен жасалып жатыр. Топырақты қорғау мекемесі топырақтық зерттеулер жүргізеді және жерлерді дұрыс пайдалану жөніндегі сәйкес ұсыныстар береді. Топырақтанушылар фермерлермен бірге жерлерді дұрыс пайдалану жөніндегі жобаларды құрастырады. Бұл жобалар негізінде екі жақты келісім жасалады: жерлерді пайдалану жөніндегі пландар. Осы келісімге сәйкес фермер топырақты қорғау мекемесінен топырақты қайта өңдеуге, тыңайтуға, егіншілікке т.б. Жағдайларға қажетті құралдарды ала алады. Ал фермер барлық жағынан топырақ қорғау мекемесінің толық ұсыныстарын орындауы тиіс.
Канадада топырақты бонитеттеудің екі әдісі қолданылады:
1) комплексті – табиғи
аумақтарды комплексті
2) факторлық – табиғи
факторларды есептеу. Осының нәтижесінде
топырақтың қасиеттері мен
Жерлердің класстарын анықтау табиғи қасиеттерді есептеуге, топырақтың тұздың мөлшеріне, рельефке, климаттық жағдайларға байланысты негізделіп, жүргізіледі. Салық салу мақсатында жерді бағалау тек қана өнімділікке негізделмейді, сонымен қатар топырақты өңдеу мен тыңайтуға, таза пайда мен өндіру нарықтан алшақтығы да ескеріледі.
Ең үлкен пайда 100 баллдық жүйемен есептеледі. Және онымен басқа топырақтардың пайдалылығы салыстырылады. ХХ ғасырдың 60-жылдардан бастап Канадада топырақты қорғау мекемесімен арнайы топырақты ауыл шаруашылығында практикалық тұрғыда қолдануға байланысты классификациялау ойлап табылған. Сайып келгенде ол топырақтың агро өнімділігіне қарай классификациялау болып табылады. Аталған классификациялау 8 классқа бөлінеді. Бұл класстарға бөлу жерлердің ауыл шаруашылығына жарамдығына байланысты бөлінген болатын. Бұл классификацяилауға сәйкес барлық Канада жерін 2 группаға бөлген: I - өңдеуге оңай жерлер; II – өңдеуге жарамсыз жерлер. I группа 5 классқа группаланған болып келеді:
бірінші класс – рельефке байланысты топырақ сапасының нашарлығы, жер өңдеуге жарамсыз топырақтар;
екінші класс – топырақ сапасы төменгіден кішкене жоғарырақ. Жер өңдеуге барлық территорияның 30-50℅ жарамды;
үшінші класс – топырақтың сапасы орташа, 50 ℅ топырақ территориясы бұл класста өңдеуге жарамды;
төртінші класс – топырақ сапасы орташадан жоғары, 50-75 ℅территория өңдеуге жарамды;
бесінші класс – топырақ сапасы жоғары, бұл класстың барлық территориясы өңдеуге жарамды болып келеді.
II группа - жер өңдеуге жарамсыз жерлер:
бірінші класс – орман алқаптары мен мал бағуға арналған жайылым жерлер;
екінші класс – бірінші класс тәрізді орман алқаптары мен мал бағуға арналған жайылым жерлер болып келеді, алайда аздаған шектеулері бар.
үшінші класс – ол да орман алқаптары мен мал бағуға арналған жайылым жерлер болып табылады, бірақ өте үлкен шектеулерімен;
төртінші класс – орман алқаптарына да (аңшылық алқаптары, жайылым), өріс пен жайылымға да, орманды орналастыруға да жарамсыз жерлер.
ҚОРЫТЫНДЫ
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды.
Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттігі туындайды.
«Кадастр» сөзі латынның «capitastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты «реестр» айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастры деп бөлінеді. Сонымен біржақты түсінікте жер кадастры – жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте – жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлардың басқа түрлерінен жер кадастры өзінің объектісімен (жер – өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі.
Канаданың жер кадастры әр түрлі есеп алу мен жерлерді тіркеуді аудандар бойынша жүргізеді. Федералды мекеме есеп алу мен тіркеуді тек қана Солтүстік-Батыс аймақтары мен Юкон ауданында жүргізеді. Шығыста тіркеу хабарландыру сипатта келеді. Қоғамды ол туралы хабарландырады, ал батыста тіркеу меншік иесінің құқығын растайтын құқық аттестатын беру кепілдігі бар (Торренс жүйесі). Онтарио ауданында екі жүйе де қызмет етеді.
Канадада жер кадастрын жүргізумен жерді инвентаризациялау қызметі айналысады. Ол жерді зерттеуді бүкіл ел бойынша бір бағдарлама бойынша жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Оның ең басты міндеті – федералды және аудандық мекемелерді дәл және толық мемлекеттің жер ресурстарының өнімділігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Е.У.Жамалбеков, А.Т.Темирбеков «Основы земельного кадастра» Алматы, «Қазақ университеті», 2004, с. 24-25
- Е.У.Жамалбеков «Жер кадастры» Алматы, «Қазақ университеті», 2001, с. 30-31
- Дегтерев И.В. «Земельный кадастр» М.: Колос, 1979, с. 302-303
- Сейфуллин С. «Земельный кадастр: управление земельными ресурсами в рыночных условиях» Алматы, 2001, с. 57-59
- Сейфуллин Ж.Т., Нюсупова Г.Н., Сейтхамзина Г.Ж. «Қазақстанның жер кадастры» Алматы, «Қазақ университеті», 2013, 121-122 бб.
- Сейфуллин Ж.Т. «Жер кадастры» Алматы, КазНАУ, 2001,88-89 бб.
- Сейфуллин Ж.Т., Калиев Г.А.,Нюсупова Г.Н. «Государственный земельный кадастр Республики Казахстан» Алматы, «Қазақ университеті», 2012, с. 68-69

- Канада против оффшоров, налоги в Канаде
- Канада - структуры ведения бизнеса
- Канадская модель бюджетного федерализма
- Канадская система образования
- Канадская технология возведения зданий
- Канадский мультикультурализм
- Канадский режиссер James Francis Cameron
- Канада
- Канада
- Канада
- Канада в конце двадцатого в начале двадцать первого века
- Канада в мировой экономике
- Канада в мировой экономике
- Канада и Северная Америка: краткое описание