Касипорыннын искерлик белсендилиги

Кіріспе

 

Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.

       Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік ғылым мен техника – жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәжірибесін үйрету қойылған.

       Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің даму кезеңі барлық қоғамдық өрісінде динамикалық және сандық өзгерістермен ерекшелінеді. Жаңарту және демократия процесттері  барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғайды.

       Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қатынастарға терең енген. Оның орны мен рөлі дамуымен, сонымен қатар табиғи және жасалынған артықшылықтармен, әсіресе біздің еліміз минералды шикізатқа маманданған және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осының негізінде біздің еліміздің сыртқы саудасы құрылады: шикізат экспорты, дайын өнімдер импорты. Бірақ егер Қазақстан экономика деңгейін көтергісі келсе, дайын өнімдер өндірісін көтеру қажет, ол елдің халықаралық экономикалық қатынаста орнын көтерер еді, ал қазір біз өнеркәсібі дамыған елдердің шикізат көзі болып отырмыз. Ол үшін экспорт-импорт саясатына реформа жүргізу қажет, сонымен қатар ұлттық өндіріс деңгейін көтеру тиіс.

       Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі жаһандану заманында ел экономикасы әлемдік экономикамен тығыз байланыс жасай бастады. Осы қарым-қатынас кезінде Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен рөлін анықтау ел экономикасын дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Сондықтан ел экономикасының әлем экономикасындағы рөлін анықтау елдің болашақтағы даму бағытын анықтаумен бірдей.   

      Тақырыптың мақсаты. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарға араласуын, оынң экономикалық потенциалын, даму бағытын анықтау. Ел экономикасының болашағын, қазіргі дүниежүзілік экономикадағы орнын анықтай отырып, болжау.

Тақырыптың негізгі  міндеттеріне мыналар жатады:

  • Қазақстанның халықаралық ұйымдарға өту процессіне баға беру; 
  • Қазақстан Республикасының әлемдік экономикадағы орны мен рөлін зерттеу;

Экономиканы интернационалдырудың келешегі мен қазіргі тиімділігіне баға беру.

 

 

 

 

1.1 Қазіргі кезде дүние жүзіндегі бірде - бір ел, ғылыми-техникалық және экономикалық потенциалына тәуелсіз, өзінің оптималды қызметін сыртқы экономикалық байланыстарынсыз, яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінсіз қамтамасыз ете алмайды. Бұдан “тәуелсіздік” анық көрінеді, елдің экономикалық даму дәрежесі неғұрлым жоғары және ішкі нарық неғұрлым тар болса, соғұрлым бұл ел жоғарғы дәрежеде халықаралықэкономикалық жүйеге тартылу керек.

Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында әлемдік нарықтық қатынастарға қатысу сипатын түбегейлі түрде өзгерте отырып, дүниежүзілік нарықта жаңа өзгерістерге ие болып жатыр.

Бұрынғы КСРО-да өндірістің интернационализациялануы “жоғарыдан”  әкімшілік басқару арқылы, саяси  деңгейде жүргізілді.

Экономикалық өзара  көмек кеңесі (ЭКК) елдері сыртқы экономикалық қызметінде бір-біріне бейімделеді. Интеграция механизмі келесі элементтер көмегімен жүзеге асырылады:

  1. біріккен жоспарлы іс-әрекет;
  2. ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
  3. өндірістің мамандануы және кооперациялануы;
  4. халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі сыртқы сауда мына принциптер арқылы жүзеге асырылды:
    • “шикізат – дайын өнім”;
    • “дайын өнім – дайын өнім”.

- “шикізат – дайын  өнім” принципі “КСРО – экономикалық  өзара көмек кеңесі елдерінің” қарым-қатынасына тән болған.

Дүниежүзілік нарықтық кеңістікте Қазақстанның өз бетімен  экономикалық дамуы болашақта дүниежүзілік нарықта дұрыс бейімделуі және әлемдік экономикада орнын табуы үшін сауатты капитанның бар болуын қажет етеді. Бұл үшін біз қандай өнеркәсіп өндіріс салаларында бірінші орындамыз, қандай салаларда монополист болып табыламыз, қандай салаларда дайын өнім сатып алуымыз керек, ішкі нарықта өніммен қамтамасыз ету үшін қандай салаларында өндірісті дамыту, қандай салалларда ОПЕК сияқты картель типіндегі біріккен мемлекет аралық кәсіпорындарды құру керек екендігін анықтау қажет.

Дүниежүзілік өндірісте  түсті металлургия, уран рудасы, фосфор тыңайтқыштары, алтын өндіру т.с.с. салаларында  алдыңғы орында тұрғанымызбен, Қазақстанды  дүниежүзілік нарықта шикізатпен жабдықтаушы ретінде емес, дайын өніммен және жартылай фабрикатпен жабдықтаушы ретінде танытқан біріккен мемлекетаралық кәсіпорындарды құру жолдарын іздестіруіміз керек. Мұндай жағдайдан біздің республикамыз серіктесінің имиджін пайдалану арқылы шыға алады. Дүниежүзілік нарық - бұл “ерке қыз” және оның көңілін таба білу керек екендігін ұмытпау керек.

Қазақстан Республикасының  экономикалық потенциалы. ТМД елдерінің  ішінде Қазақстан территориясы бойынша  Ресей Федерациясынан кейін екінші орында, оның территориясы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан территориясына барлығын қосқанда 240 млн. адам тұратын, сегіз еуропа мемлекеттері сияды: Франция, Испания, Италия, Португалия, Швеция, Норвегия, Греция және Финляндия. Республика 14 облыстан, 198 ауданнан, 82 қаладан тұрады, ол көптеген жер ресурстары мен пайдалы қазбаларға бай. Қазақстан сирек кездесетін табиғи байлықтарға ие.

Бұл, ең біріншіден, мұнай. Мұнайдың негізгі кен орындары Батыс  Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында шоғырланған. Зерттелген мұнай қоры – 4,5 млрд.тоннаны; 5,9 трлн.куб.м. газды құрайды.

Тас көмір. Тас көмірдің 200 млрд.тонна қоры бар. Тас көмірдің негізгі кен орындары Қарағанды (кокстелген көмір), Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында шоғырланған. Тас көмірдің бірден-бір кен орны бар. Шұбаркөлдік кен орны, мұндағы тас көмірдің қоры 2 млрд.тоннаны құрайды.

Темір рудасы. ТМД елдерінің  ішінде қор көлемдері бойынша (8 млрд.т.) Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында. Негізгі қоры Қостанай облысында шоғырланған (Сарыбай, Кашир, Лисаковск). Хром қоры Ақтөбе облысында шоғырланған (ТМД қорының 90 %).

Фосфор. Фосфордың дүниежүзілік қорының 60 % Жамбыл облысында шоғырланған. Шынында да дүние жүзіндегі екі  ел фосфор тыңайтқыштары жөнінен монополистер болып табылады: Қазақстан және АҚШ.

Техникалық алмаздардың - 60 %, түсті металдардың - 97 %, ТМД күміс  қорының - 60 %, сонымен қатар уран рудасының дүниежүзілік қорының 40-45 % (МАГАТЭ берілгендері бойынша) Қазақстан  территориясында шоғырланған. Республикада алтынның едәуір қоры, ванадий, вольфрам және т.б. түсті металдар көп кездеседі. Қазақстан территориясынан Менделеев таблицасындағы 99 элемент табылған. Республика өнеркәсіп өндірісінің даму деңгейі әлсіз дамыған елдер деңгейімен тең, бірақ та республиканың дамыған елдер әлемдік жүйесінде өз “тетігін” (ниша) талап ете алатындай өнеркәсіп салалары бар. Бұл - әскери-өнеркәсіп кәсіпорындары, Байқоңыр космодромы және басқа да салалар.

Қазақстанның орны толассыз байлығына оның жері жатады. Жалпы жер ауданы – 272,5 млн.га., оның ішінде ауыл шаруашылық жерлеріне – 93,4 млн.га., ауыл шаруашылық дәнді дақылдарына – 35 млн.га., оның ішінде бидай дәнді дақылына 23 млн.га. жер берілген.

Қазақстанда ғылыми және техникалық потенциалы, мәдениеті, ғылымы, білім беру жүйесі жақсы дамыған.

Экономикалық потенциалы негізінде сыртқы сауда және халықаралық  еңбек бөлінісіне қатысу саясаты  құрылған болатын. Республиканың қазіргі  кезде не нәрсе маманданғанын, халықаралық еңбек бөлінісіндегі оның рөлі мен орнын анықтау үшін, Қазақстанның экспорттың потенциалын қарастырайық.

Қазақстанның экспорттық потенциалы. Көптеген елдер нарықтық экономиканың негізін құруда негізгі  көңілді өнеркәсіп өндірісінің  бәсекелестік қабілеттілігін жоғалатушы факторы екен мерзімі жеткен мәселелерді шешудің қысқа жолы ретінде экспорттың дамуына бөлді. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының қандай мүмкіндіктері бар?

Қазақстанның экономикалық жағдайы оның байлығымен, яғни Қазақстанның басқа да тауар өндірушілермен бәсекелестікке түсе алатын және әлемдік нарыққа шыға алатын ресурстармен анықталады.

Ең алдымен, әлемдік  шикізат нарығын тауар өндірушілер  өзара бөліп алған және де онда бос “тетік” жоқ, тек қана бәсекелестік күрес өмір сүруде. Екіншіден, шикізат әлемдік нарыққа төмен бағалармен шығарылады, сонымен қатар қазақстаандық шикізат жабдықтаушыларының имиджі жоқ, және де өнімдерінің сапасы әлемдік сертификатқа сәйкес келмейді. Әлемдік тұтынушы шикізатты тура белгіленген уақытында және сапасы жоғары шикізатты сатып алуға әдеттенген. Сондықтан да, әлемдік нарықта өз “тетігін” табуы үшін, көптеп күш жұмсау керек.

Социализм тұсында республика мынандай жағдайда болды: соншама тонна тас көмір, мұнай, бидай, түсті металдар және т.б. өндіре отырып, өз тұтынушыларымен қарым-қатынасқа да, дүниежүзілік нарықта бәсекелестікке де түспеген, сонымен қатар дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттемеген. Бірақ, тәуелсіздік алғаннан кейін, республика өз өнімдерін экспорттауда, тұтынушылармен қарым-қатынастар жасауда, дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттеуде алғашқы қадамдар жасай бастады.

1.2 Экспорттық - импорттық операциялар - Қазақстанның экономикалық даму сыртқы сауда ұйымдарымен және басқа да маманданған ұйымдармен үкіметаралық келісім негізінде, мемлекеттің қажеттілігі үшін еркін сауда шарттары негізінде өнімдер экспортты мен шикізат, азық-түлік, медикаменттер импортына лицензиялар мен квоталар негізінде, сонымен қатар тіккелей тауар өндірушілер – біріккен, шағын, жеке кәсіпорындар, кооперативтер негізінде жүзеге асырылады.

1992 жылдан бастап Қазақстан өзінің сыртқы сауда байланыстарын өз бетінше жүзеге асыра бастады.

1999 жылдың бірінші  жарты жылдығында енгізген кеден  декларациясының берілгені бойынша,  республика 89 қиыр шет елдерімен  тауар айырбасын жүргізді, оның ішінде: Еуропаның - 40,8% Азияның - 28, Африканың - 12, Американың - 9, сонымен қатар Австралия және Океаниямен.

Сыртқы сауда тауар  айналымында орында Қытай, Швейцария, Алмания, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Турция, Чехия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Жапония  алады, ал Азия елдерінің үлесіне  сыртқы сауданың - 28 % тиеді.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2004 жылы жалпы 29539.5 млн. АҚШ доллар құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 4406,2 млн. АҚШ доллар. Бұны біз келесі кесте арқылы көре аламыз (1-кесте).

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  сыртқа саудасы

 

(млн. АҚШ доллар)

 

 

2002

2003

2004

Тауар айналымы, барлығы               оның ішінде:

-ТМД елдері

-ТМД елдерінен тыс

Экспорт, барлығы оның ішінде;

-ТМД елдері

-ТМД елдерінен тыс

Импорт, барлығы оның ішінде:

-ТМД елдері

-ТМД елдерінен тыс

Сальдо, барлығы оның ішінде:

-ТМД елдері

-ТМД елдерінен тыс

 

15085.1

 

5954.1

9131

8639.1

 

2644.6

5994.5

6446

 

3309.5

3136.5

1086,2

 

109,9

976,3

 

16254.3

 

5237.6

11016.7

9670.3

 

2194.4

7475.9

6584.0

 

3043.2

3540.8

1911,5

 

-105,6

2017,1

 

21335.4

 

6912.8

14422.6

129926.7

 

2980.5

9946.2

8408.7

 

3932.3

4476.4

4087,4

 

-336,9

4454,3


 

Мұнда біз Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы  көлемінде экспорттың үлесі – 64,4 % екендігін және импорттың үлесі  – 35,6 % құрайтындығын көріп отырмыз.

2004 жылы жалпы көлемі қыйыр  шетелге 48 %, таяу шетелге – 52 % жеткізілген. Қазақстан ТМД экспорт көлемі бойынша Ресей (84,7 %) мен Украинадан (5,9 %) кейін үшінші (2,9 %) орында.

Қазақстан экспортының құрылымында  металл бұйымдарының үлес салмағы жоғары: минералды өнімдер және химиялық өнімдер, ал машина мен құралдардың үлес салмағы төмен.

Табиғи күйінде жеткізілетін өнімдер  қатарына мыс, қара металдар прокаты, ферроқоспалар, мырыш, мұнай, мазут, отын және тыңайтқыштар жатады. Осы тоғыз шикізат өнімдерінің  үлесіне экспорттың 54 % келеді.

Бұдан біз Қазақстан Республикасының қазіргі кезде шикізат және материалдар экспортына бейімделгендігін және табыстарға жетуде басқа елдер алдында артықшылықтарымыздың бар екендігін көре аламыз.

Импорттық саясат ең алдымен импортты қатаң түрде бақылауға бағытталуы керек.

Қазіргі кезде республика территориясына негізінен ішімдік бағыттағы  және төменгі сапалы тауарлар енгізіледі, сондықтан бұларға тосқауыл қою  керек. Ұлттық өндіріске зиян келтіретін өнімдердің енуін жанама әдістер  арқылы шектей отырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес импортты тергеу керек және Қазақстан өз бетімен жүзеге асыра алатын импорт алмастырушы өндірісті дамытуы керек. Импорттық тауарларды сатып алуға валюталық кірістердің және импортық несиенің едәуір бөлігі, сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдардың қаражаттары жұмсалады.

Бұдан біз Қазақстанның импортындағы негізгі үлес салмақты Ресей Федерациясы  алып отырғандығын көреміз - 49%, Алмания - 7%, АҚШ- 5%, Ұлыбритания - 4%, басқалар - 26%.

Бұдан біз минералды ресурстар  шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды жабдықтаушы ретінде халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда оң және теріс жақтарын көруге болады.

Қазақстан Республикасының халықаралық  еңбек бөлінісіне қатысу формалары. 1987 жылдан бастап одақ  республикалары экспорттық-импорттық операциялар жоспарын өз бетімен жасады және оларға сыртқы нарыққа шығаруға ресми түрде рұқсат берілген.

Осыған дейін сыртқы экономикалық және республикалық байланыстар  халықшаруашылық кешеннің және бірыңғай мемлекеттік жоспардың құрамында қалыптасқан. Одақ мемлекеттерінің кеңесі экспорт бойынша тапсырмаларды тікелей мемлекеттік бақылаудағы кәсіпорындармен өндірілетін өнімдерге белгіледі. Негізгі экспортер-кәсіпорындар одақ министрлігінің қарауында болды және олардың жоспарында экспортқа өндірілетін өнімдер бойынша тапсырмалар белгіленеді. Осындай қарым-қатынас жүйесі импорттық операциялар кезінде де жүргізілді.

Тыңшы органдарының шешімімен  кәсіпорындардың, салалық, аймақтық, республикалық  органдардың құқықтары мен міндеттері анықталды және олардың құрылымында  сыртқы экономикалық байланыстар жөнінен  арнайы бөлімшелер құрылды.

1987 жылы “Казахимпорт”  республикалық сыртқы сауда бірлестігін құрылды, 1989 жылы Сыртқы сауда мемлекеттік комитет құрылып, 1991 жылы Сыртқы сауда байланыс министрлігі болып қайта құрылды. 1993 жылдың маусымынан бастап оны республика Премьер-министрінің орынбасары басқарды.

Республиканың өндірістік потенциалы тиімді пайдалану, нарық қажеттілігін қанағаттандыру, республиканың әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуын тездету мақсатында 1994 жылдың маусымында Сыртқы экономикалық байланыс министрлігін, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп министрлігі мен Сауда министрлігін тарату негізінде Қазақстан  Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрлігі құрылды.

Министрлер кабинеті аппаратында, Экономика, Қаржы министрліктерінде, Ұлттық банкте арнайы бөлімшелер құрылып  бекітілді, Кеден комитеті мен Сыртқы экономикалық банк (Алембанк) ұйымдастырылды.

Шетел мемлекеттерінің  несиелерін тарту жөніндегі жұмыстарын үйлестіру және қауырт мәселелерді  шешу үшін Премьер-министр басшылығымен шетелдік несиелер жөніндегі республикалық  комиссия құрылды.

Қазақстан Республикасы шетелдік несиелерді тарту, пайдалану, қызмет ету және өтеу процестеріне мемлекеттік реттеуді күшейту және отандық өнімдер экспортын ынталандыру үшін 1994 жылдың шілде айында Қазақстан-Алембанкісінің барлық халықаралық міндеттер жөніндегі құқығын иеленуші болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорттық-импорттық (Эксимбанк) банкісі құрылды. Алембанк-Қазақстан дүние жүзінің 170 ірі банктерімен корреспонденттік байланыстары бар: 13 бас кредиттік желілерге қызмет көрсетеді; бірқатар ірі объектілерді қаржыландырады; валюталық несиенің 85 өндіріс сферасына жұмсайды.

Қазақстан Республикасының  экономика министрлігінде ашық 24 кредиттік  желілер шеңберінде шетел несиелерін қолдануға бақылау жасалады, оның ішінде 19 мемлекет және 5 халықаралық ұйым.

6260 млн. АҚШ доллар  соммасына шетел капиталының  қатысуымен 15 ірі инвестициялық  жоба жүзеге асырылу керек.

Республика ішілік және республикадан тыс отандық бизнес қарым-қатынасында делдал болып  Қазақстанның сауда-өндірістік палатасы табылады. Ол 1959 жылы ұйымдасқан және 1989 жылдан бастап өз алдына дербес болды. Қазіргі кезде оның мүшелік құрамына 400-ден аса ұйым кіреді, және оның қарауында “КазЭкспо”, “Казнешсервис”, “Казахстанэкспертиза” сияқты маманданған фирмалар құрылды.

Облыс орталығында республикалық палаталық уәкілдігімен дербес сауда өндірістік палаталар құрылуда. Шетел мемлекеттерімен біріккен сауда палаталарын құру жөнінен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Франциямен біріккен сауда палатасы құрылды. 9 елде сауда үйлері құрылды.

Республикада кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, отандық экономиканың дүниежүзілік шаруашылық байланыс интеграциялануына жағдай жасау мақсатында Алматы қаласында “Атакент” еркін сауда аймағы құрылды.

Қазақстан Республикасында  шетел фирмаларының 160 өкілдіктері  тіркелді, шетел капиталының қатысуымен 10 банк жұмыс істейді, 6812 тіркелді (2004ж. Шілде).

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып егеменді мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін нормативтік құжаттарды қабылдады.

Осының барлығы Қазақстан  Республикасының қазіргі кездегі дамуының халықаралық экономикалық қарым-қатынастар сферасында тәуелділік жағдайын ескертеді. Бұлай болмау керек.

Егер біз мемлекетіміздің  дамуын, әлемдік экономикадағы рөлінің жоғарылауын қаласақ, онда елдің өнеркәсіп өндірісін біртіндеп отырып экспорт пен импорттың құрылымын өзгертуіміз керек.

         1.3 Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген халықаралық ұйымдарға мүшелікке өтті. Олардың қатарында БҰҰ, ЕЫҚҰ, Әлемдік банкі, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, Еуропаның қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі сынды беделді ұйымдар бар. Сонымен қатар, Қазақстан іргелес елдермен экономикалық  дамуды қамтамасыз ету мақсатында тиімді одақ құрды. Оған Ресей, Беларусь елдерімен бірігіп құрған Кедендік одақ мысал бола алады.

         Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылы 29 қаңтарда  Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа  онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «... Қазақстан ТМД кеңістігінде интеграциялық процесстердің белсенді қатысушысы болып табылады. Ресей және Беларусь елдерімен 2010 жылы 1 қаңтарда өз заңды түрде бекітілген Кедендік одақ құру - бұл барлық қазақстандық итеграциялық мүдделердің тоғысуы» деп жазылған. Үш мемлекеттің интеграциялануының жаңа сатысы 2012 жылы 1 қаңтарда құрылатын Бірегей экономикалық кеңістік болып табылады. Бұл кезеңде үш ел арасында жұмыс күші мен капитал қозғалысы еркін түрде жүзеге асатын болады.

       Кедендік  одақ құру әлемдік экономикалық  дағдарыс жағдайында тығыз байланыс жасау үшін қажет болды. Осындай байланыс арқасында үш ел өзара тиімді инвестиция саясатын жүргізуге мүмкіндік алады. Бірегей кедендік территория құру ішкі нарықты Қазақастандағы 15, 9 млн. адамнан Кедендік одақтағы 170 млн. Адамға кеңейтуге жол ашады, мұнда ЖІӨ деңгейі 1, 6 трлн. АҚШ долларына тең болады. Бұл Бірегей кедендік территорияда жаңа өндірістердің, вертикалды-интегралдық корпорациялардың құрылуына қуатты демеу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның ашық теңізге тура шыға алмайтынын ескере отырып, қазақстандық экспортерлерге өз тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға оңтайлы жағдай жасап беру қажет, мұнда Ресейдің транспорттық инфрақұрылымы транспорттық шығындарды қысқарта отырып, қазақстандық тауарлардың шетелдік нарыққа шығуына көмек бере алады. 2006-2008 жылдар аралығында Қазақстанның Ресей және Беларусь елдерімен сыртқы саудалық қатынастар Қазақстанның статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша тауарайналымның номиналды көлемінің арттырғандығын көрсетеді.

Бір атап өтетіні, Ресей Федерациясы әлем бойынша Қазақстанмен сауда айналымы жөнінен көшбасшы ел болатын. Алайда бүгінгі таңда 2000-2008 жылдар аралығында Беларусь елімен сауда айналымы Ресейге қарағанда екі есеге артқан.

Кедендік одақ елдерімен  саудалық қарым-қатынастағы негізгі мәселе Қазақстанның нетто-импортер ретінде болуы. Соңғы тоғыз жылда осы елдермен жүргізіліп отырған саудада теріс сальдоның тұрақты өсуі байқалып отыр. 2000-2008 жылдар аралығында Ресеймен жасалатын сауда балансының теріс сальдосы 687,8 млн. доллардан 7537,5 млн. долларға дейін жетіп  11 есеге артқан, ал Беларусь елімен 23,4 млн. доллардан 225, 4 млн. доллраға дейін жетіп 9,6 есеге артқан.

        Қазақстан Республикасының осы  елдерге негізгі экспорттайтын  тауарлары шикізат пен алғашқы  өңдеуден өткен тауарлар болып табылады. Негізгі тауарлардың ішінде ел территориясында өндіруге мүмкіндігі бар тауарлар да бар және олардың үлес салмағы жоғары. Сол себепті, бұл мәселе өзекті мәселеге айналып отыр.

          Кедендік одаққа мүше елдермен  жүргізілетін сауда қатынастарында 2009 жылы құлдырау орын алды. Кедендік статистиканың мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылы қазақстанның Ресеймен сауда айналымы 11047, 3 млн. АҚШ долларын құрап, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 40, 8 пайызға төмендеген. Экспорттың импортпен салыстырғанда қысқара түсуі Кедендік одақ аясында теріс ауда сальдосының арту қаупін тудырып отыр.

     Дегенмен Кедендік одақтың тиімді жақтары да жетерлік.

1. Өндіріс тиімділігінің артуы мен масштабының кеңеюі. Кәсіпкерлерге өз тауарларын жаңа нарықтарға шығаруға мүмкіндік туды. Кеңейтілген нарықта бәсекелестіктің артуына байланысты өндірушілер коперативтендіру мен мамандануды тереңдете түсті. Бұл өз кезегінде тауар сапасын инновациялық технология мен материалдар арқылы арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

2. Қаржылық ресурстарды рационалды түрде қолдану үшін кедендік одақ елдері арасында капитал қозғалысының белсенді болуы.

3. Кедендік одаққа мүше елдердің арасында өзара тауар алмасудың қарқынды өсуі.

4. Сыртқы нарықтағы позициялардың нығаюы. Елдердің ЕО-қа мүше болып кіруі саудалық қатынастарда көптеген артықшылықтар беріп отыр.

        Бәрімізге белгілі тағы бір  жайт, Кедендік одақ аясында ағымдағы  жылдың 1- қаңтарынан бастап үш елдің территориясында бірегей кедендік тариф енгізілді. Бұл осы қатысушы елдерге артықшылықтар мен қатар, бірқатар тәуекелдерге әкеліп соқтырды. Жалпы осы Кедендік одақты құру мынадай тәуекелдерге алып  келді:

  • Дағдарыс жағдайында жеке елдер үшін сыртқы сауданы реттеу мүмкіндіктерінің азаюы;
  • Ортақ тиімді өңірлік саясаттың болмауына байланысты даму қарқыны төмендеу елдердің капиталының даму қарқыны жоғары елдерге кетіп қалу қаупі;
  • Ұлттық валюта тұрақсыздығының артуы және оның одаққа мүше елдер арасында ресурстар, қызметтер мен тауарлардың қозғалысына кедергі келтіру қаупі.

       Тәжірибе көрсеткендей, Кедендік одақтың артықшылықтарын барынша қуатты экономикасы бар елдер пайдалана алады. Жалпы алғанда бұл одақ үш елдің шаруашылық байланыстарының дамуына ықпалын тигізеді. Қазақстанның Кедендік одаққа мүше боулы, Бірегей экономикалық кеңістікке енуі еліміздегі шикізаттық емес экономиканың дамуына мүмкіндік береді.  

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен біз Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға қатысуын қарастырдық. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны халықаралық экономикалық қатынастағы жағдайымен анықталынады.

Халықаралық экономикалық қатынас әлемдік экономикалық даму процесінен, өндіріс пен ғылымның халықаралық мамандануынан және шаруашылық өмірдің интернационализациялануынан туындайды.

Экономиканың интеграциялануының тереңдеуі, яғни халықаралық экономикалық қатынас табиғи және жасанды өндірістік технологиялық факторлардан, сонымен бірге әлеуметтік, ұлттық, этикалық, саяси және моралдық жағдайларына тәуелді болады.

Дамушы елдер (олардың ішінде Қазақстан) әлемдік экономикалық қатынастар жүйесінде маңызды орын алады. Олардың орны мен рөлі олардың экономикалық дамуы және өнеркәсіп дамуы деңгейлеріне байланысты.

Қазіргі кезеңде олар өнеркәсібі дамыған елдерге шикізат көзі рөлін атқаруда. Бірақ, өздерінің экономикасының даму шарттарына байланысты кейбір дамушы елдер дайын өнім шығаруға мамандануға көшуде, негізінен оларға Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америкасының жаңа индустриалды елдері жатады. Осыған қарамастан, олар халықаралық экономикалық қатынастар және уақыт бойы өнеркәсібі жоғарғы дамыған елдер үшін екінші сатыда болады. Бірақ, біз халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикалық қатынаспен тығыз байланыста екендігін ескергеніміз жөн. Сондықтан, тиімді сыртқы экономикалық саясат жүргізе отырып, Қазақстан әлемдік экономика жүйесінде өз орнын біршама алға жылжыта алады.

Қазақстан әлемдік бизнес тарапынан үлкен мүмкіндіктерге ие, ал жекелеген салаларында әлемдік нарықта кейбір өнім түрлерін өндіруде монополист болып есептелінеді. Қазақстанның бір кемшілігі ол әлемдік көлік жүйеден алыс орналасқан, әсіресе теңіз жолдарынан алшақ орналасқан.

Сонымен, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызмет тапсырмаларын шеше отырып, біз Қазақстанның әлемдік экономика жүйесіндегі рөлі мен орнын көтереміз. Еліміздің шикізат экспорттаушылар қатарынан ғылым сыйымдылығы жоғарғы өнімдердің түріне мамандануына мүмкіндік береміз.

Қорыта келгенде, Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастарға белсене араласа отырып, ел экономикасын дамытудың дұрыс бағытын анықтайды. 

Касипорыннын искерлик белсендилиги