Каспий тенизин коргау

 

Мазмұны:

Кіріспе................................................................................................................3

Негізгі бөлім......................................................................................................5

  1. Каспий экологиясы................................................................................5
  2. Каспийдің байлығы................................................................................5
  3. Каспийді мұнаймен  ластанудан қорғау..............................................8
  4. Каспий теңізінің байлығын сақтап қалу.............................................12

Қорытынды.......................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Каспий теңізінің әлемге әйгілі, тамаша тепе-теңдігімен таңқалдыратын, сол себепті де айрықша назар  мен бақылауды қажетсінетін табиғи ортасымен ерекшеленетіні мәлім.

Бүгінде осы теңіз астынан  геологтар 38 млрд. баррель немесе 6 млрд. тонна мұнай қорын тауып отыр. Әрине, табиғаттың беріп отырған  сыйы Қазақстан халқының игілігіне  жаратылады. Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы – табиғатты  ластамай, қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтай отырып, жер асты байлығын игеру.

Сол себепті әзірге кен  алаңы жұмысын бастамай тұрғанда мердігер кәсіпорындардың, жалпы осы  кенішке қатысты барлық органдардың  жұмысын, оның ішінде төтенше жағдайларда  қалай жұмыс жасайтындығын тексеру  – бүгінгі басты міндеттеріміздің бірінен саналады.

Қашаған кен орнын игеру  барысында қауіпсіздікті сақтау үшін немесе қамтамасыз ету мақсатында бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі апат жағдайларын тексерістен өткізіп  қарауды ҚР Төтенше жағдайлар  министрлігі мен Атырау облысы әкімдігі бірлесе көтерген болатын.

Бұған дейін осындағы оператор компаниялар басшыларының, төтенше  жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтерінің, күштік және ұлттық қауіпсіздік, кедендік бақылау құрылымдары өкілдерінің  қатыстырылуымен облыс әкімі  жанындағы комиссия бірнеше мәрте  мәжіліс өткізіп, мәселенің мән-жайы мен маңыздылығы талқыланды.Оқу-жаттығуларының уақыты, атқарылатын іс-шаралардың жоспары нақтыланды. Бірлескен жұмыс  жасалынды.

Міне, соның нәтижесінде  мемлекеттік маңыздылығы бар  іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге негіз  қаланды. Теңіз бетінде мұнай  төгіліп, жайылып кету ықтималдығы  туындағанда, апаттың сипаты халықаралық  өлшемдермен есептеліп, үш деңгейге бөлінеді. Мысалы, теңізге төгілген мұнай көлемі 10 тонна мөлшерінде болса, ол бірінші деңгейлі, ал, енді төгілген мұнайдың көлемі 10 тоннадан 250 тоннаға дейінгі аралықты қамтыса  екінші деңгейлі апат болып белгіленеді. Бұл екі деңгейді де біз облыс  және мердігер мекемелердің күшімен  тоқтатуымыз керек. Егер теңіз бетіне төгілген мұнай көлемі 250 тоннадан жоғары болғанда, ол үшінші деңгейлі апатқа есептеліп, мұндай жағдайда халықаралық күштердің  көмегі қажетсінеді. Қашаған кен  алаңы бойынша дәл осындай  ахуал орын ала қалған жағдайда «Аджип ҚКО»-мен келісім-шарт бойынша «Ойл Спилл Респонс Лимитед» компаниясы (орналасқан жері Англияның Саутгемптон  қаласы) келу керек. Ағылшындық компания апат болғаннан кейін 24 сағат немесе бір тәуліктің ішінде құрал-жабдықтарды  жеткізуі тиіс. Оқу-жаттығудағы ең маңызды  бөлімнің бірі – осы компанияның  құрал-жабдықтарын алып келуге кететін  уақыты, ең бастысы кедендік рәсімдеуді тездету еді. Осы мәселелер оқу-жаттығу  барысында өз деңгейінде орындалды.

Айдындағы шартты апатты жағдайды ауыздықтауға оператор-компанияның, арнаулы  қызметтер мен құрылымдардың, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің  жасақтары, сонымен бірге көршілес Маңғыстау облысындағы (Баутинодағы  су кемелері мен түрлі техникалар да осы күндері дайындық сапына қойылған-ды) әріптестер де тартылды. Бір ерекшелігі, екі күндік іс-шара өткізілген мезгілде, кеніштегі өндірістік процестерге  ешқандай кедергі келтірілмеді, жұмыс  бір сәтке де тоқтамады, ойластырған  «операциямыз» да ойдағыдай аяқталды. Осы орайда ҚР төтенше жағдайлар  жөніндегі министрдің орынбасары Жанболат Смайловтың арнайы келіп, оқу-жаттығуға  бірлесе басшылық жасағанын атап өту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

1.Каспий экологиясы.

Каспий теңізінде мұнай-газ  өндіру жөне мұнай еңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс  өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі жел-қума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 - 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 -1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 - 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі  абс. мөлшеріне (29,01 м) жетті. 1978- 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп,  1995 ж.  көрсеткіш 26,66 м болды.  Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы жұмыстары балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақгарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. . Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы: 1998 жылы Атырау обл. бойынша атмосфераға 135,1 мың т  зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.  газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өндеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұ-найдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық заттар, пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы сол заттардың концентрациясы мамыр - шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мысалы, 1900 жылмен салыстырғанда Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге, яғни 500 - 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын ауыр металдар (мыс, мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі — 50 мкг/л (бұл — 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның адам,  қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиясы бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту, теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау,  аймақта экологиялық  қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

Каспий теңізінің экологиялық  жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің  бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі  көтерілген. Оның себептерін ауа райының  құбылысымен және антропогендік  факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде  қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.

Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы — экологиялық жағдайлар.

Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі  теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардьщ көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.

Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі  теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.

Төртіншіден, мұнай игеруге  шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі  шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен  бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың  көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз  жағалауларының тозуы техногендік  процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып  отыр

 2. Каспий байлығы.

Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы  10 — 11‰), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тір-шілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік - Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің «Қызыл кітабына» енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған итбалықтың  27 мыңы, 1990 ж. 13,8 мыңы, 1996 ж. 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорологиялық  және экологиялық. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі.

3.Каспийді  ластанудан қорғау.

Атырау облысының табиғат  пайдаланушылары 2012 жылға жалпы  сомасы 30,2 млрд теңге болатын 300-ден  аса табиғат қорғау шараларын  жоспарлаған болатын. Жұмсалғаны одан да көп - 35,6 млрд. Алайда, тиімділігі қандай? Жақында болған облыстық қоршаған ортаны қорғау комиссиясының отырысында осы  мәселелер сөз болды.

Жалпы өсім үрдісіне қарамастан, бірқатар компаниялардың экологиялық  шығындары төмендеуде. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды  реттеу басқармасының бастығы Ерболат  Омаровтың айтуынша, «НКОК» компаниясы 2011 жылы 14,5 млрд теңге бөлсе, 2012 жылы екі есе кем – 7,6 млрд теңге қарастырған. «ҚазТрансОйл» АҚ БФ-ның осындай шығындары да тұрақты азаюда: 2010 жылы 3,1 млрд теңге, 2011 жылы 1,4 млрд, 2012 жылы 542 млн теңге.

ТШО өткен жылы экологиялық  шараларға 18,1 млрд теңге салып, 24,4 млрд жойған. Қаражаттар суды қайталама  қолдану жобасы аясында канализациялық-тазалау  имаратын салуға, сарқынды суларды  өңдеу және тастау жүйелерін жетілдіруге, алаулардағы қышқыл газдарды жағу көлемін  қысқартуға және т.б. бағытталды.

- Алайда жоспардың бірде  бір тармағында өнеркәсіптік  шығарындыларды қысқарту және  сүзгілеу бойынша шаралар қарастырылмаған.  ТШО зауыттарындағы штаттан тыс  шығарындылар туралы айтпағанда, өндіріс қуаты артып келе жатқаны  белгілі. Тек соңғы бес жыл  ішінде ғана 600-ден аса улы заттарды  лақтыру оқиғалары тіркелген, -  дейді Омаров.

Комиссияға қатысқан академик Муфтах Диаров Теңізшевройл экологиялық шараларының қатарына бұрғылау нысандарында міндетті талдар мен бұталар отырғызу туралы тармақ қосылуы керектігін айтты.

- Егер Теңізде көгалдандырумен  айналысса, ол жер орманға айналар  еді, - деп есептейді академик. 

 «НКОК» компаниясы өткен жылы табиғат қорғау шаралары жоспарын 78,2%-ға орындаған. Олардың бір бөлігі өндірістік қажеттілікке байланысты болғандықтан жүзеге асырылған. Мысалы, бұрғылау шламдарын айдау сынақтары, өндірістік сұйық қалдықтарды жою жұмыстары, шикі газды жоғары қысымда жер қойнауына қайта айдау жүйесін монтаждау сияқты жұмыстар. Бір қызығы, сарқынды сулар мен қатты қалдықтарды жағаға жеткізу үшін танкерлер мен баржылар сатып алу да табиғат қорғау шараларына қосылған.

Жоспардағы итбалықтарды зерттеуге белгіленген 70 млн теңгенің орнына компания 220 млн жойған. Осындай  үлкен шығындарды НКОК өкілдері итбалықтардың  саны мен жатын жерлерін анықтау  үшін аумақты жиі ұшып аралауға кететін  шығындармен негіздеді. Алайда осы  теңіз жануарларының жаппай қырылу себептері әлі күнге дейін  ресми түрде айтылған жоқ. Жұртшылық  үшін жабық есептерге қол жеткізген  кейбір тәуелсіз экологтар итбалықтар Солтүстік Каспий жобасына қызмет ететін мұзжарғыш кемелердің кесірінен  қырылуда деп жариялап отыр. Олардың  айтуынша, консорциум кемелері Каспий мұздарындағы итбалықтарды өмірлерінің  ең маңызды да әлсіз кездерінде - өмірге күшіктері келіп жатқан мезгілде басып-жаншып кетеді екен.

Комиссияда отандық компаниялар  туралы да айтылды. «Ембімұнайгаз» ӨФ-да 2012 жылы аумақты көгалдандыру қарастырылмаған. АМБ-да бір шыбық та отырғызылмаған, осыған бөлінген 856 млн сол күйінде  игерілмеген.

Теңіз тағы толқыды

19 қыркүйек 00:00

Соңғы аптада қазақстандық ақпараттық агенттіктер Каспий теңізінде  болған бірнеше жер сілкіністері туралы хабарлады. Барлық толқулар әзірбайжандық  секторда орын алды және жиілігіне  көз жүгіртсек, адам қорқытқандай - 7, 9, 13 және 14 қыркүйек күндері. Отандық  сейсмологтар бізге қорқатындай  еш нәрсе жоқ десе, геологтар, керісінше, дабыл қағып отыр.

ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты  РМК Ұлттық деректер орталығының  жедел мәліметтеріне сәйкес, осы  жер сілкіністердің алғашқысы 2013 жылы 7 қыркүйекте Астана уақытымен 02 сағат 08 минутта (Гринвич бойынша 06 қыркүйек 20 сағат 08 минут) h=40 км тереңдікте mb=3.4 магнитудада, К=10.6 энергетикалық класс бойынша  тіркелген. Екі күн өткеннен кейін  тағы да h=40 км тереңдікте mb=3.4 магнитудада, К=10.6 энергетикалық класс толқу  болған. Әзірбайжандық БАҚ-тар хабарлағандай, 3-4 балдық жер асты толқулары Апшерон  түбегінің жағаға жақын елді мекендерінде білінген. Адам шығыны мен бұзылулар  жоқ.

2013 жылғы 13 қыркүйекте mb=3.4 магнитудада жаңа сілкініс болып, 14-нде mb=4.0. күшпен тағы тербелді. Әзірбайжанның Губа қаласында  және эпиорталыққа жақын орналасқан  елді мекендерде 3 балдық толқу  білінді.

Ұлттық деректер орталығының  директоры Наталья МИХАЙЛОВА  телефон арқылы Түркіменстаннан  Әзірбайжанға дейін созылып жатқан тау шатқалында кейбір белсенділіктер тіркелгенін растады:

- Алайда бұл оқиғалар  елеусіз, тербелістер әлсіз болды.

Оның пікірінше, жер сілкіністері техногендік факторларға байланысты емес, табиғи сипаттарға ие. Ең бастысы, Каспий теңізінің қазақстандық секторына  еш қауіп жоқ.

Дегенмен, әзірбайжандық  және армяндық сейсмологтар мен геологтардың айтуынша, сейсмикалық белсенділіктің және онымен байланысты құбылыстардың  өсуі (2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда  жер сілкіністердің мөлшері 60%-ға өскен) табиғи (Араб платформасының қозғалуы) және техногендік сипаттағы факторларға  байланысты. Олар соңғы сипаттарға Әзірбайжандағы бір жарым ғасырлық қарқынды мұнай өндіруді жатқызады, бұл өндіріс тектоникалық жер  жарығының пайда болуына әкеп соқтырған. Бұл жарық, сондай-ақ, әзірбайжандық  ғалымдар атап өткен сейсмикалық  қуат лақтырындыларының өсуінің  басты себептерінің бірі. Мамандардың  пікірінше, ол тереңдеп, Каспий жағалауы бағыты бойынша кеңейіп, ұзара түспек. Ал бұл, өз кезегінде, бүкіл өңір көлемінде  сеймикалық қатерлердің алға қарай  өсе түсуінің себебі болмақ.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының  сейсмология институтының деректеріне  сәйкес, Атырау облысы аумағы, Каспий теңізі акваторийін қоса алғанда, Рихтер шкаласы  бойынша 6-8 балл жиілікте жер сілкінісі  білінуі мүмкін жер қыртысы учаскесіне жатқызылған. Ал Теңіз, Корольдік Қашаған, Қайран және Ақтоты мұнай және газ  кен орындары ірі резервуарлар болып  табылатындықтан, шын мәнінде, 160 шақырымға  жуық ұзындықты тектоникалық аймақ  іспеттес. Академик Мұфтах ДИАРОВ бірнеше  рет ескерткендей, Каспий теңізінде  қарқынды мұнай өндіру күшті табиғи және техногендік факторлардың өзара  әрекеттесу жағдайында өтетін болады. Естеріңізге салсақ, үстіміздегі  жылдың 11 қыркүйегінде Қашаған кен  орнынан алғашқы мұнай баррелі  өндірілген болатын.

16 тамыздан бастап Жайық  пен Қиғаш өзендерінде күзгі  балық аулау маусымы ашылды. Каспийдің  солтүстік бөлігінен балық аулау  1 қыркүйекте басталады. Теңізде,  сондай-ақ өзенде балық аулау  мұз тұрғанға дейін жалғасады.

ҚР «Жануарлар әлемін қорғау, қайта өндіру және қолдану туралы»  Заңының 30-бабында табиғатты пайдаланушылардың  заңнамаларды бірнеше рет бұзған жағдайында балық аулау шарттарын  бұзу қарастырылған. Ең көп таралған бұзушылық – кәсіпшілік журналдарыңыздың жоқтығы. Бұдан әрі заң бұзушылықтарыңызға төзбейтін боламыз.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват басшысының орынбасары Арман  Құрманбаевтың айтуынша, балықшылар қайығы теңізге сол жақ жағалауға Зарослый арнасы арқылы, оң жақ жағалауға №4,5,6 жыралар арқылы шығады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті 2009 жылдан бері ҚР Әкімшілік кодексінің 298-бабы(Заңсыз балық аулау) бойынша айыппұлдарын төлемей жүрген 200 адамның «қара тізімін» ұсынды. Бұл бап бойынша айыппұлдар 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткішті (2013 жылы АЕК 1 731 теңгеге тең) немесе екіден бес айға дейінгі кезеңде алатын жалақыны құрайды.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, өткен аптада «Ақжайық» мемлекеттік  табиғи резерватының акваториясына  кіретін Каспий теңізінің Шалыга аралында құстардың жаппай қырылуы  орын алғаны белгілі болды.

Шалыга аралы Каспий теңізінде  «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аралық аймағында, Атырау қаласы мен  мұнайды өнеркәсіптік өндіруге белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан ірі Қашаған мұнай кеніші арасындағы жолда орналасқан.

4.Каспий теңізінің байлығын сақтап қалу.

Каспий маңындағы елдер  бекiре тұқымдас балықтарды аулауға  тыйым салу туралы келісімге келеді

Каспий теңiзiнде бекiре тұқымдас балықтарды аулауға бесжақты мараторий енгiзу мәселесi қаралуда деп мәлімдеді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаров.

«Бекiре тұқымдас балықтардың  түрiн сақтау ең маңызды экологиялық  проблемалардың бiрi болып табылады. Каспий теңiзiнiң су биоресурстары  жөнiндегi комиссиясы жұмысының шеңберiнде  бекiре тұқымдас балықтарды аулауға  бесжақты мараторий енгiзу мәселесi пысықталуда. Қазақстан өз тарапынан  ондай тыйым салуды әлдеқашан  қабылдап қойған», - дедi  Қаппаров мәжiлiсте  өткен үкiмет сағаты барысында.

Оның айтуынша, жыл сайын  құқық қорғау және табиғатты қорғау ведомстволары бiрлесiп Жайық-Каспий бассейнiнiң су айдындарында бекiре тұқымдас балықтарды қорғауға және оларды заңсыз аулаумен күресуге бағытталған  «Бекiре» балық қорғау акциясын  өткiзедi.

«Каспий Табиғаты» ҮЕҰ жетекшісі Махамбет Хакимов тағы да мәселе көтерді: егер мұнай компаниясы ықтимал апаттың жануарлар мен құстарға әсері туралы зерттеуді жоспарласа, Атырау облысының халқына штаттан тыс жағдайда әсер ету туралы осындай зерттемелер, сондай-ақ, осындай жағдай туындай қалғанда тұрғындарға оқулар өткізу қажет. Оның үстіне мұнай өндіру де басталып кетті. Біздің теңіз аралдарындағы дереккөздеріміз хабарлағандай, 18 қыркүйекте кешкісін мұнай құрлыққа жеткен. Бұл таяу күндерде күкіртсутекке қаныққан Қашаған мұнайы Атыраудан 28 шақырым жердегі «Болашақ» зауытына жеткізіледі деген сөз. Дегенмен соңғы айларда зауыттағы технологиялық жабдықтарға тестілік сынақтар «жүргізілгенмен», 26 тамыздағы апатқа қарағанда, ешкім тосын сыйдан сақтандырылмаған.

NCOC экологы Руслан Әдиев «Болашақ» зауытында штаттан тыс жағдай бола қалғанда әрекет ету жоспары (соның ішінде күкіртсутек шығарындысы бойынша) облыстық ТЖ департаментімен мақұлданғаны туралы формальды жауап берді. Шамасы бұл жоспарда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы мәселе де бар шығар. Алайда күні бүгінге дейін ешкім бізге бұл мәселе туралы хабардар еткен жоқ. «КазНИГРИ» ЖШС директоры Қосан Тасқынбаев консорциум таңдап, мемлекеттік орган мақұлдаған юра қабатына бұрғылау шламдарын айдау әдістеріне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады. Тасқынбаевтың айтуынша, 50 жыл бұрын ғалымдар Каспий түбінде азғырлық жарылыстан қалған жарық бар деп жорамалдаған еді. Мұны оның институтының 5 жылдық зерттеу жұмыстары растаған. Жарылған жер Атыраудан оңтүстікке қарай басталып, солтүстік-батысқа қарай созылып, Қашаған мен Прорва кеніштеріне жетеді. Бұған Прорва тұзүсті кенішінде өндірілетін мұнайда күкіртсутектің пайда болуы мен оның жыл сайын көбеюі осыған дәлел болады. Яғни, осы ауданда мұнай «тұзасты кенішінен тұзүсті кенішіне» көшеді.

Тасқынбаевтың пікірінше, бұрғылау шламын айдау жарық маңының жарылуына  әкеледі екен, ал бұл теңіз түбінің  ластануына әкеп соғады.

«Аджип ҚКО» компаниясының  экологиялық тұрақтылықты дамыту жөніндегі  менеджері және Денсаулық, Еңбек  және Қоршаған ортаны қорғау (ДЕҚОҚ) жөніндегі  директорының орынбасары Игорь Лукашовтың баяндамасында, атап айтқанда, «Болашақ»  зауытынан өнеркәсіптік ағын суларды  тазарту зауытын салу туралы айтылды

Бүгінгі күні, Лукашовтың айтуынша, қолданыстағы өнеркәсіптік ағын суларды  тазарту және қазандық-бойлерлерді  үрлеп қосымша су тазарту есебінен Астрахан-Маңғышлақ су құбырынан  алынатын суды 30 пайызға дейін (жылына 200 мың текше метр) үнемдеу жоспарланып  отыр. Екінші кезеңде, 2013-2015 жылдары  жаңа зауытты іске қосу есебінен айналымдық су пайдалануды 70 пайызға дейін жеткізу  жобаланған.

Заң жобасында Каспий теңізіндегі  су асты ортасында Мемлекеттік шекараны күзетуге жауапты бірден-бір орган  айқындалған.

«Заң жобасында көзделген  жаңа бағыттарды атасақ, Каспий теңізінде  су астындағы аймақты қорғау, күзету жағы бұрын қарастырылмаған. Енді Заң  арқылы Каспий теңізіндегі аймақты  күзету туралы жаңалық енгізіліп  отыр. Бұл міндет Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің Шекара қызметіне міндеттеледі», - деді журналистердің сұрағына жауап  берген Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Мұхтар Алтынбаев.

Каспийдің биоресурстарын пайдалану, қорғау және ұдайы өндіру тақырыбына ерекше мән берілді. Осы орайда, Қазақстан, бекіре тұқымдас балықтың саны апатты жағдайда азайып бара жатқанына байланысты күрделі ахуалды ескеріп, оларды аулауға уақытша бесжақты мораторий  енгізуді ұсынды.

Саммиттің қорытындысы бойынша  Бірлескен мәлімдеме қабылданып, Каспий теңізіндегі қауіпсіздік  саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Саммиттің хаттамалық шешімінің  негізін құраған Қазақстан Президентінің  ұсынысының жаппай қолдауға ие болуы  саммиттегі айтулы оқиғаға айналды:

- тараптар Каспий теңізіндегі  бекіре тұқымдас балықтың түрлерін  аулауға 5 жыл бойына мораторий  енгізу тетіктері туралы ұсыныстарды  үш ай мерзім ішінде талқылауды  және әзірлеуді тиісті ведомстволарға  тапсыру туралы шешім қабылдады;

Біз Каспий теңізінің таңқаларлықтай сан алуан жануарлар мен өсімдік  әлемі бар ерекше табиғи аймақ  екенін ұмытпауға тиіспіз. Оның нәзік  экожүйесіне қамқорлықпен қарау  – жер қойнауын пайдаланушының әрқайсының міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Каспий проблемасы бүгінгі  таңда күрделі аймақтык экологиялық  проблемаға айналды. Каспий мұнайын  игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы бұл деңгейінде көтерілуде. Соның  бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында «Каспий  теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың  белсенділігін бағалау» тақырыбында  өткен бірінші аймақтық семинар  болды. Мемлекетаралық деңгейде өткен  кеңестік мақсаты — Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын  шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз экожүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат койылды. Бұл игі істер адам баласының дүние-жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

        1. Экология. 2-ші басылым. Оқулық.- Алматы.2009 ж.237-241 бет.
        2. Экология және табиғатты тиімді пайдалану, Алматы.-2004,328 бет.
        3. Қазақстанның балықтары, 3-том.- Алматы,1988ж. 221-223 бет.
        4. А. Г. Қасымов Каспий теңізі.- Л, 1987 ж. 89 бет.
        5. Каспий экологиялық программасы, Информациялық бюллетень, 2001,№2.-61 бет.



 


Каспий тенизин коргау