Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары. 4

Каспий  теңізінің экологиялық проблеммалары

 

 
1.    Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. 
Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды. 
Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды. 
Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы түгелдей каналдың төменгі желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев, Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы «Белужий» арнасы атына сай Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі суға кіретін, уылдырық шашатын бұрынғы терең арна болатын.     Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге, малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып, көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты. Мұның бәрі кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. Теңіз жағасының қазіргі жағдайы мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс орындарының көбі жабылды. Аудан экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылды.Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды, зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз жағалауын нар қамыс, қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, жыңғылдар 1974 жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдырларымен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, қарсақ, түлкі, қамыс мысықтарының, борсықтын, күзен, жанат, қабандардың және кемірушілер-егеуқұйрық, тышқан, атжалмандардың тұрақты мекеніне айналды. Жылма-жыл олардың санының ұлғаюына сай жұқпалы да, қатерлі аурулар туу қаупі өсті. Әсіресе қасқыр, түлкілер құтырып ауырып, адамға, малға шабатын болды. Тышқандар осы оңірде 1920 жылдарда болған оба ауруының қайталануына мүмкіндік туғызып отырТеңіз суын жағалай және су астындағы жеке аралдарға мұнай компаниялары қожа болып, мұнай ұңғымаларын қаптата бастады. Жағадағы «Белужий», «Ленкоса», «Трешкин» аралдарында жиырмашақты мұнай ұңғымылары жұмыс үстінде. Мемлекеттер арасындағы Каспийді бөлісу келісіміне сай Ресей үкіметінің мұнай-шылары біздің аудан жері болып саналатын теңіз суындағы «Новинск» аралына мұнай ұңғымасын орнатып жатыр. Мұнай ұңғымалары қамыс, қоға, қопа, балдыр үйіндішірінділердің ортасына орналасуда. Бұлар теңіз жағасының бұзылған ауасын одан сайын ластаса, екінші жағынан қураған қамыс мұнай көздерінің өртену қаупін туғызады.     
Аудан халқы үшін кәсіптік және күнкөрістік балық көзі-Каспий теңізінің балығы мен жер астының мұнайы. Оларды бұрынғы қалпына келтіріп, халық игілігіне айналдыру үшін төмендегідей шараларды шұғыл іске асыру қажет деп санаймыз:                                

1. Аудан жеріндегі каналдары  қалпына келтіру, бітелген жерін  аршып, қазып, Қиғаштын мол  тұшы суын Каспий теңізіне  құюын қамтамасыз ету керек. Ол үшін Сурхан каналының Қиғаш –Кобяков каналынан бастау алатын жеріндегі 15км жерін тереңдетіп қазған жөн. Онан кейін Кобяков-Жанбай-Забурын каналының бойындағы бұрын теңізге құятын Ленкоса каналын, Жанбай арнасын, Деменьтев каналдарының бітелген жерлерін қазып, кейбіреулерін теңізге қарай ұзартып, Шаронка суының осылар арқылы теңізге құюына мүмкіндік беруміз керек. Бұларды аршып, қазғаннан қандай пайда бар?           

Біріншіден, теңіз балықтарының үлкен-кішісі болмасын көктемде уылдырық шашу үшін үйірімен теңізді жағалап келіп, дағды бойынша өзен суы ағысына қарсы каналдармен жоғары өрлейді, көлдерге жайылған суға шығады, тұшы суда балық жақсы өседі. Мұның өзі аудандағы балық аулайтын колхоздар мен балық зауытының, кәсіпшіліктердің өркендеуіне, аудан экономикасын котеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.                                       

 Екіншіден, қазіргі  кезде Жайық өзенінің теңізге  құяр тамағы тайыздалған. Жылдар  бойы қазылмағандықтан балықтар  Жайық бойына толық шыға алмайды. Біздің ауданның тұсындағы теңізге құятын негізгі арналар бітелген, балықтар кіре алмайды. Соның салдарынан балықтар көктемде үйірімен жоғырылайды. Кейде онан да асып Мақашқалаға қарай асады. Сондықтан да Каспий балығының өз жерімізде көбеюіне жағдай жасауымыз керек.                                       

Үшіншіден, Еділ-Қиғаш суы  өте көп. Көктемде олардан келетін мол суды бұрынғы қазылған Каспий теңізіне жібермесек ең адымен аудан орталығы Ганюшкинді су басады. Селоны бірнеше жылдар бойы богет салып қана аман алып қалып отырмыз, ал биыл жағдай өте қауіпті. Су басса мыңдаған саман үйлер құлап, ел баспанасыз қалады.               

 Төртіншіден, су келсе каналдар  бойындағы көлдер жағасы мен  жайылымдарға шөп шығады, егін  егіледі, халықтың күнкөрісі,  ауа райы жақсарады, табиғат түзіледі.     
2. Теңіз жағасына жағалай шыққан, адам жүре алмайтын, ит тұмсығы өтпейтін, жүздеген гектар жерді алып жатқан қураған қамыс, қоғалар, қопаларды көктемде және күзде өртеу керек. Өйткені олар қопаланып шіріп, бұларды паналап жүрген сансыз көп жабайы аңдар мен тышқандардың сүйегінен улы заттар, газдар көбейіп, экология бұзылады, аурулар тарайды. Оның елге келтіріп отырған зияны көп. Сондықтан да қамыс, қоғаларды жылма-жыл өртесе жер тазарады, қажетті аралдар мен су өз арналарын табатын болады.Оны осы жерді игеріп, өнімін алып жатқан мұнай компаниялары жүзеге асыра алар еді. Ал бұған бақылауды облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, одан жоғары министрлік жургізуге тиісті. 
 
Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы 
 
Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұнығ арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. 
Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. 
Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады: 
1.    Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет. 
2.    БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 
3.    Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. 
Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді. Каспий теңізі жағалауының 1350 км бақылаусыз қалып отыр. Қазіргі уақытта құрғақ жүктерден басқа жылына 5 млн мұнады тасу жүзеге асырылатын теңіз портының жұмысына тұрақты бақылау жетіспейді. Зертханалар мен инспекторлық құрамның көптігінен теңіз портының акваториында, сондай-ақ Каспий теңізінің қалған аумағындағы теңіз суының сапалы құрамына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жағдай жоқ.  
 
3.    Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру мәселесі қатты қолға алынып жатыр. Мол байлық бірнеше шет ел алпауыттарын дедектетіп біздің республикамызға алып келгеніне де бірнеше жыл болды. Олар қазір ақ тер, көк тер болып теңізге мұнай соратын қондырғыларды орнатып жатыр. Пиғылы белгілі – оларға мұнай керек. Және көп мұнай керек. Ал ертең мұнай сора бастағанда теңізіміздің табиғаты не болады? Алтынға парапар бекіре балығы мен қара уылдырық өндіре аламыз ба? Басқа да теңіз жәндіктері қырғынға ұшырамай ма? Айталық, ана жылы итбалықтар қырылды, балықтар да өлді. Сонда осы мол мұнай Қазақстанның келешекте соры болмай ма? Себебі деректер бойынша Каспийдің Қазақстан жақ бетіндегі биоқорлардың жалпы құны 500млрд доллар. Ал теңіз  тіршілігі жойылса, халықаралық сот жыл сайын сондай мөлшердегі айыпты біздің елге салады да отырады. Мүмкін ол бірнеше ғасырғы созылар? Осы сұрақтар еріксіз ойландырады. Ең қиыны, теңізіміздің ертеңі не болады? Теңіздің жерасты қойнауында байлықтың мол қоры жатқаңына қай жақ та күдіктенбеді. Кеңес үкіметін ойландырған бұрғылау кезіндегі теңіз экологиясын сақтау болатын. Оған Кеңес Одағының көзін жеткізу үшін халықаралық мұнай бірлестігі компаниясы мамандарды Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің атырауында орналасқан мұнай бұрғылау алаңдарына апарып, сонда жіберілген крокодильдерді көрсеткен. Оның себебі мұнай араласқан ортаға ең төзіімсіз тіршілік – крокодильдер екен. Ал апарылған крокодильдер онда жақсы өсіп жатқан. Сол кезеңде АҚШ-тың КСРО-дан Каспий теңізінің су асты алқабын сатуды қолқалағаны белгілі. Алайда кеңес үкіметі бұған келіспеді. Бірақ сол дәуәрде де теңіз асты мұнайын өндіру жөнінде әңгімелер болды. Оған екі жақтың космостан түсірілген бейнематериалдарындағы мұнай белгілері дәнекер болса керек. Алайда негізгі келісімшарт Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін басталды. Теңіз астын геологиялық-геофизикалық зерттеу жөніндегі «Қазақстан-Каспийшельф» компаниясын құру туоалы қаулы 1993 жылдың 13 ақпанында дүниеге келді. Сол жылдың 3 желтоқсанында бұл компания халықаралық консорциум болып қайта құрылды. 
Қазақстан шельфінің теңіз асты қайраңының Атырау-Маңғыстау облыстарының жерінде жатқаны белгілі. Ал бұл екі облыстың шекарасы құрлық бойындағы шекалармен тұтас келеді. ШШШельф орналасқан аймаққа қарай судың тереңдігі – 1,5 метрден 9 метрге дейін барады. Оңтүстік бетін құрайтын Түрікменстан шекарасыа дейінгі тереңдік 20 метрден 400 метрге дейін барады. Мұнай өндіретін бөліктің тайыз болуы жұмыстың жеңілдеуіне, құрылыс бөлшектерінің аз жұмсалуыне әсерін тигізері хақ. 
Сейсмикалық барлау жұмыстарының жүргізілуіне 1994 жылдың тамыз айында Ақтауға «Вестерн Джеофизикалдың» келуі айтарлықтай роль атқарды. Осы жерде сейсмикалық жұмыстардың атқарылу нәтижелерін сараптау мақсатында есептеу орталықтары құрылды. Ол әуелі Атырауда, кейін Алматыда дүниеге келді. Сол кездегі тағы бір өзгеріс – 1995 жылы «Каспийшельф» компаниясының «Қазақстанкаспийшельф» акционерлік қоғамы болып қайта құрылуы еді. Мұның өзі біздің ел үшін билік тұтқасына ие болуға жол ашатындай көрінді. Алайда ол Қазақстанды жай алдау ғана болып шықты. Біртіндеп ол өзге компаниялардың қолына көше бастады. Оған Қазақстанның бұл консорциумға қаражат қоспауы да әсер етті. 
Сол жылдары Ақтау қаласында консорциумның мониторингі өтті. Онда консорциумның алматы филиалының өкілдері басым болды. Негізгі әңгіме теңіздің экологиялық жағынан бүлінбеуіне арналды. Геология-минерология ғылымдарының докторы, академик Қ.Аманиязов өз сөзінде «егер теңіз экологиялық жағынан бүлінетін болса. Ондай жағдайда оның шығыны консорциум есебінен өндірілетін болсын» деген пікір айтты. Алайда бұл мәселе хақында шешім алынған жоқ. Тек консорциумның қорына 200 млн доллардың бөлінгендігі, одан 20 млн әлеуметтік салаға, 6 млн мамандар дайындауға кететіні белгілі болды. 
Мұнай өндірісі еліміздің қазіргі дамуы үшін ең негізгі екендігіне дау жоқ. Былайша айтқанда ол – Қазақстан экономикасының ең басты көзі. Осыдан он жыл бұрынғы сараптама-салыстыруларға қарағанда Қазақстан мұнайының негізгі қоры теңіз астында болып отыр. Есепші экономистердің пайымдауынша қайраңның Қазақстан жақ бөлігіндегі мұнайдың қоры бүкіл Қазақстандағы мұнай қорының тең жартысындай деп жорамалдаған болса, қазір шельфтегі мұнай қорының ондай болжамнан әлдеқайда көп екендігі анықталып отыр. Олай деліну себебі Батыс Қашағанды қазғанда теңізасты мұнай қоры 7 млрд тонна делінсе, Шығыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері 50 млрд-қа артып кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде. Демек, жоғарыдағы көрсеткіштің әлі де еселей өсетіндігінде дау жоқ. Олай болса бұл Каспий астын мұнай теңізі алып жатыр деген сөз. 
Теңіздің тайыз бөлігі мен терең бөліктеріндегі атқарылатын жұмыстардың ауқымы әрқилы болып келеді. Әсіресе оны сейсмикалық жұмыстартар кезінде ерекше назарда ұстау қажет. Жүз мың шаршы шақырым алаң зерттеліп шықты. Сол кезеңдердегі ақпарат ағымдарының хабарлауына жүгінсек, теңіз тіршілігінің жойылуы о баста-ақ байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді. Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір балықтардың қырылуы жаппай етек алуда. Әрі оның көрініс бергеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. 
Екінші мәселе, Солтүстік теңіздердегі мұнай өндіру жолдарын Каспийге қолдана салуға болмайды. Ең алдымен екі жақтың тіршілігі екі басқа. Ауа-райы мен табиғи ортасы да екі бөлек. Сондықтан Каспий астынан мұнай өңдіруге басқаша қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы ешқандай әсер етпейді. Себебі Қазақстанның табиғаты олар үшін көк тиын. 
Өткен жылдың шілде айында БҰҰ-ның шешімімен бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мараторий жарияланды. Қара уылдырықты экспорттауға да рұқсат етілмеді. «Атырау балық» бірлестігінің тоңазытқыш цехында 4 тонна уылдырық қалды. Ал сол уылдырықтың Америкадағы құны 14 млн доллар. 2002 жылдың 7 наурызы күні «Хабар» арнасында теңіз жағасындағы бес мемлекеттің уылдырықты экспорттау мөлшері көрсетілді. Сонда Қазақстан 23,5 тонна  уылдырық экспорттауға құқылы болды болып шықты. Бұрынғы кездерде сондай уылдырық бір самолетке тиеліп, шетелдерге жөнелтіліп отырған. 
Қысқасы, қазір теңіз тіршілігіне қатер төнуде. Балық қоры мүлдем азайды. Оны броконьерлерден көреді. Олар бір-бір ұшқыр моторларға мініп алып, балық сақшыларын маңайлатпай кетеді дейді. Мемлекеттік қорықшылар сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді? Балық инспекторларының тікұшақтар алуына да мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан алғанда қызыл балықтарды броконьерлер тауысып жатыр деген пікір – алдамшы сөз. Биылғы бозторғайлардың қырылуына да броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті газ. Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғыеға ұшырауда. Оны басшылар көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса, ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

І. Кіріспе  

ІІ. Негізгі  бөлім 

1. Топырақтың  адамзат үшін маңызды.  
2. Адам топырақты түзуші фактор ретінде.  
3. Топырақ географиясы және егіншілік.  
4. Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.

ІІІ. Қорытынды 

ІV. Пайдаланған  әдебиеттер

Аннотация

Мен жазған курстық жұмысымның тақырыбы:  
«Топырақтың адамзат үшін маңызы»  
жұмыс 3 бөлімнен тұрады.

Бірінші – кіріспе бөлімінді адамзаттың топырақты игеруі, оны егіншілікке пайдалана білуі.

Екінші  – негізгі бөлімінде топырақтың егіншілік пайдалану, топырақтың пайдалы  қазбалардыіздеудегі маңызы және топырақтың түрлеріне байланысты олардың құнарлығының әртүрлі болуы туралы жаздым.

Үшінші  бөлім – Қорытынды бөлімінде  қазіргі уақытта топырақтың құнарсыздануы.

Топырақ құнарлығы қабілетін арттыратын әртүрлі тыңайтқыштар туралы жаздым.

Кіріспе

Топырақтың  адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде  адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.  
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.  
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.  
 
Топырақтың адамзат үшін маңызды.  
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.  
Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.  
Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.  
Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады.  
Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.  
Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.

Топырақ құнарлығы.  
Топырақ еңбек құралы және өнімі ретінде.  
 
Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ құнарлығы оны кез-келген борпылдақ тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.  
Өнделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық өнімдерінің түсім көлемімен өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минерал, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне байланысты.  
Түсім көлем еңбек өнімділігіне тікелей байланысты болғандықтан, топырақ құнарлығы да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі.  
Табиғи топырақ құнарлығынан көрсеткіштері – аудан бірлігіндегі жылдық өсімдіктердің үстеме өсуі:  
Тундра үшін 10-25ц/га  
Гүлді және шым гүлді топырақ 45-85  
Қара топырақты жер 90-137  
Каштан топырақтар 40  
Сұр-қоңыр топырақтар 12  
Тропикалық саваннаның  
қызыл және сары топырақтары 120  
Ылғал тропиктердің қызыл  
және сары топырақтары 325.  
Күнделікті өмірде құнарлы деп белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты атайды. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.  
Кез-келген топырақ, онда жақты өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.  
Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т.б.  
Құнарлығы немен анықталады?  
өсідіктер қалыпты өсу үшін топырақта мына жағдайлар блокы тиіс:  
1. Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс.  
2. Өсімдік сіңіре алатын формада су болуы тиіс.  
3. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс.  
4. Топырақ массасының құрылымы қолайлы болып онтайлы ауа – су режимін қамтамасыз етіп тамырлардын топыраққа жақсы өтуін одан қоректікз аттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс.  
5. Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс.  
Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н.П.Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік.  
Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды.  
Қара топырақтың жыртылатын горизонтындағы қоректік элементтердің жалпы қоры, 1 га шақанда Н.П.Ремезв бойынша 1952ж.

Элементтер  Мөлшер Бидайдың орташа түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз ете алады 

Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық  қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.  
Фосфордың органикалық қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.  
Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тарады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы.  
Өсімдіктерге сіңімді түрдегі химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда өте аз.Сондықтан мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.  
Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азаяды, бұл егін өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20% - ке кеміген, келесі 20 жылда 10% - ке,  
келесі 20 жылда 7% - кеміген.  
Сондықтан агрохимия ережесіне сәйкес тыңайтқыш қолдану ауылшаруашылығы дақылдары түсімін және жер құнарлылығын көтеретін маңызды тәсіл болып табылады.  
Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық айналымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді.  
Органикалық минерал тыңайтқыштар қосумен қатар соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізіледі.  
Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.  
Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін және бытырап орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.  
Олардың болмауы немесе аз болуы мәдени өсімдіктердің ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі.  
Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақта орман аймағында көп кездеседі. (Өңдеу сырқаты деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық өнімі көбейген.  
Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік грибоктарға қарсы тұрақтылығын арттырады. Мырыш, бор, марганец,молибден және сирек кезесетін элементтер топыраққа қосқанның әсері болатыны анықталды.  
Микроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор. Кейбір микроэлементтердің топырақта және өсімдіктерде (жемде)артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі әсер етеді.  
Кобалаттің топырақта аз болуынан мал қанында эритроциттер азайып, мал тез ариді (себебі, белок синтезі нашарлайды) жемнің көп болуы бұған әсер етпейді.  
Ұсақ және ірі мүйізді малдың бұл ауруы – акобалатоз деп аталады, ол СНГ, Шотландия, Австралия және т.б. елдерде таралған. Мал шаруашылығына белгілі әсер ететін жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы.  
Су өсімдіктің тіршілігінің барлық кезенінде де дәннен жарып шыққаннан, пісіп жетілгенше үлкен роль атқарады. Түрлі өсімдік дәндері жарылуы үшін түрлі су мөлшері керек:  
Бидай үшін – салмағының 45% қызылша үшін - 120% керек. Түрлі мәдени өсімдіктердің құрғақ массасының тоннасын алу үшін шығындалған су мөлшері де әр түрлі және 200 ден 1000 т-ға дейін өзгереді.  
Мысалы: бидай тоннасына – 500тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына – 1000т. Артық су керек. Өсімдіктер бос су формасын ғана яғни гравитациялық сініліп байланған суды космос күштері кері тарта алмайды.  
Сондықтан сінірілген суы 10-15% құрайтын саздың топырақта өсімдік су тапшылығын көреді, ал құмайт топырақтарда бұл көрсеткіш 1-2% - ке дейін азаяды.  
Топырақ ылғалы капилярлық булану барысында азаяды. Ұзын капилярдың болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ ылғалы сақталуына әкеледі.  
Сондықтан топырақ құрылымын ұсақ кесекті қылу оны құрғаудан сақтайтын тиімді шара болып табылады.  
Қуаңшылық аудандарда судың топыраққа мол келуіне бағытталған түрі шаралар жасалады, беткі су ағысын реттеу, қар тоқтату, түрлі суландыру.  
Топырақ құнарлығы үшін ауаның, оның оттегісінің маңызы зор. Оттегі микробиологиялық процестер үшін қажет. Топырақтың аэробты микробтары оттегі жетпесе өз тірлігін баяулатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДК - сыртқы құрылғылары 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДК - сыртқы құрылғылары Ақпаратты енгізу құрылғылары.Клавиатура ақпаратты енгізуге арналған негізгі  құрылғы. Ең көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады. Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан.• функционалдық пернелер, бұл символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әріптерімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған. • Цифрлық пернелер немесе калькулятор блогы, олар символдық пернелердің оң жағына орналасқан. • Курсорды экран бетінде басқару пернелері. Олар арқылы экранда символ орналасқан орынды анықтайды.Бұлардан басқа бірнеше арнайы пернелер орналасқан. 1. Entеr немесе енгізу пернесі.2. Бос орын пернесі. Бұл пернелердің ішінде ең ұзын перне, ол символдардың бір-бірінен ажыратып жазуға пайдаланылады. 3. Backspase пернесі. Бұл перне курсордың алдындағы символды өшіруге пайдаланады. 4. Shift пернесі. Бұл жазба әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. 5. Caps Look пернесі. Егер оны бір рет басып қойса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі.6. Delete пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. Жарық (световое) қалам – ұшында жарық сезгіш детектор бар, кәдімгі қаламға ұқсас құрылғы. Егер осындай қаламды диплей экранына жақындатып тигізсе, онда жанасқан жерде координат бас нүктесі орналасқан тік бұрышты координат жүйесі пайда болады. Қаламды экран бетімен орын ауыстырса сурет пайда болады. Графикалық планшет қағаз бетінде сурет салғандай дисплей экранында сурет салуға мүмкіншілік береді. Сканер - қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы, ол арқылы сурет, график, текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады. Сканер көрністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады. Басқару құрылғылары.Мышь (тышқан). Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды енгізуге арналған маникулятор Мышь құрылғысымен жабдықталған. Тышқанның екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортаңғы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.Ақпаратты шығару құрылғылары.Мониторлар тексті және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Олар түрлі түсті, монохромды болып келеді және екі режимнің біреуінде жұмыс жасайды: текстік және графикалық. Текстік режимде монитордың экраны шартты түрде бөлек бөліктерге бөлінеді, таңба орындарына көбіне әрбіреуінде 80 символдан (таңба орны) болатын 25 жолдан тұрады. Әрбір таңба орнына кодтау кестесінің алдын-ала берілген 256 символының біреуі шығарылуы мүмкін, сонымен қатар кестені, диаграмманы және рамкіні салу үшін қолданылатын псевдографикалық символдар да қолданылуы мүмкін.Графикалық режим экранға графиктерді, суреттерді және т.б. шығаруға арналған. Бұл режимде әр түрлі шрифтермен текстік ақпаратты да шығаруға болады. Бұл режимде монитор экраны монохромдық монитор үшін жарық немесе күңгірт болатын нүктелерден, ал түрлі түсті монитор үшін бірнеше түстің біреуін қабылдайтын нүктелерден тұрады. Горизонталь және вертикаль бағыттағы нүктелер саны рұқсат ету мүмкіндігі деп аталады. Монитордың рұқсат ету мүмкіндігі экранның өлшеміне тәуелді емес. Мониторда рұқсат ету мүмкіндігі үлкен болатын графиктік режим жасау үшін монитор жұмысын басқарып отыратын адаптер немесе видеоплата керек. Адаптерді таңдарда рұқсат ету мүмкіндігіне қатысты өз сұранысыңызды, дербес компьютерге жалғау тәсілін (жүйелік және локальдік шина арқылы) ескеру керек. Кескінді экран бетін шығару үшін процессор алдымен суретті адаптердің жадысына немесе видеожадыға жазады. Принтерлер – ақпартты қағаз бетіне шығаратын құрылғылар. Олар монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді. Ақпартты қағазға түсіру тәсілдеріне байланысты олар ромашкалық немесе литерлік, матрицалық, сия бүріккіштер, термографиктік және лазерлік принтерлер болып бөлінеді. Литерлік принтерлердің жұмыс жасау принципі механикалық баспа машинкасындай. Олардағы символдар тізбегі шектелген, және олар графиктік ақпаратты шығара алмайды. Басу жылдамдығы онша үлкен емес – бір бетке 5 минуттан 80 секундке дейін, бірақ шуыл деңгейі біршама жоғары. Матрицалық принтерлердің жұқа металл инелерінен тұратын баспа ұштары болады. Ұштары басылатын қағаздың бойымен қозғалады, ал стерженьдер қажет уақытта боялған лента (бір тондық немесе түрлі-түсті) арқылы қағазды соғып тұрады. Бұл принтерлер текстілік ақпаратты да, графиктік ақпаратты басады, ал бір бетті 50 секундтен 60 секундқа дейінгі жылдамдықпен басады. Ең кең тараған 9 және 24 баспа инесі бар принтерлер, бірақ 48 инесі бар принтерлерде бар.Сия бүріккіш принтерлер кескінді арнайы тамшылар арқылы қағазға бүркіп істелінетін арнайы сиялардың ұсақ тамшылары арқылы қалыптастырады.Термографиктік принтерлер кескінді қағазға түсіру үшін қыздыруды пайдаланады. Термографиктік принтерлерді тура қыздыру және жылу тасымалдау принтерлері деп бөледі. Тура қыздыру принтерлері үшін арнайы химиялық қабаты бар қағаздар қолданылады. Қыздырылған нүкте мен қағаздың байланысқан жерінде химиялық реакция болады және нүктенің түсі өзгереді. Түрлі-түсті баспалар жасайтын бұл принтерлерді тіптен дыбыссыз деуге болады, бірақ арнайы қағаз бен бояйтын лента жұмыс құнын жоғарылатып жібереді. Лазерлік принтерлер жұмыс барысында ксерография принципін қолданады: кескін қағазға арнайы барабан арқылы түседі, яғни бояу бөлшектері электрленіп тартылады. Басушы барабан компьютердің командалары бойынша лазер көмегімен электрленеді.Бұл принтердің басу сапасы өте жоғары. Рұқсат ету мүмкіндігі 1 дюймға 300-600 нүкте. Басу жылдамдығы 1 бетіне 15-тен 5 секундке дейін.Плоттер (графиктұрғызғыш) – сызбаларды қағазға шығаратын құрылғы. Плоттерлер қағаздар рулонымен жұмыс істейтін барабандық типке және планшеттік типке (қағаз парағы жазық столда жатады) бөлінеді. Аудиоплата (sound blaster) – дыбысты шығаратын құрылғы. Оның әуенді және дыбысты мәліметті жазуға, жасауға және редакциялауға мүмкіндіктері бар. Дыбысты шығару және жазу үшін аудиоплатадан басқа дыбыстық колонкалар мен микрофондар қажет. Басқа есептеу жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары Сенсорлық экран – жарық қаламұшының әр түрлі мүмкіндіктерін қамтитын құрылғы. Экранға жақындатып кескінді қозғауға болады, сондай-ақ компьютерге кейбір орындауға арналған командаларды беруге болады. Модем – телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері бойынша модемдер жүйелік блокқа қойылатын және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы жалғанатын болып бөлінеді. Модемдер бір-бірінен мәліметтерді тасымалдаудың максимал жылдамдығы арқылы өлшенеді. Ол Бодпен (1 бод=1 бит/сек) өлшенеді. Факс-модем – модемнің мүмкіндіктерін қамтитын және басқа факс-модемдер мен факстік кескіндерді алмастыратын және қарапайым телефакстық аппараттар арасында да мәлімет тасымалдайтын құрылғы. Желі-адаптері – компьютерді жергілікті желіге қосатын құрылғы. Мұнда тұтынушы желіге қосылған басқа компьютерлер арасында ақпарат алмастыра алады. ДК құрылымының функциональді-логикалық негізі Электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) немесе компьютер – бұл ақпаратты шығаруға, өңдеуге және жинақтауға арналған программалар мен техникалық құрылғылардың жиыны. Ең көп тарағаны, кез-келген жұмыс орнында құруға ыңғайлы, көлемі шағын есептеуіш машинасы дербес компьютерлер. Компьютердің жүйелік блогы ДК ең аз конфигурациясының құрылымы үш компоненттен тұруы керек: жүйелік блок, дисплей және клавиатура. Жүйелік блок – бұл құрылғы, өзінің құрылымында ДК-нің негізгі техникалық компоненттерін қамтиды: микропроцессор, жедел жады, тұрақты жады, адаптерлер және бақылаушылар, коммуникациялық порттар, қатты дискіге жинақтағыш, иілгіш дискіге жинақтағыш, компакт–дискіге жинақтағыш, қоректену блогы. Жүйелік блоктың сырты темір корпуспен қапталған, алдыңғы бетінде Power тоққа қосуға арналған айырғыш және Reset компьютерді қайта жүктеуге арналған батырмалары орналасқан. Ішкі құрылысы құрылғылардың жиынынан тұрады, онда жүйелік плата (материнская), сыртқы жады және қоректену блогы құрылғыларға арналған бөліктер. Аналық (материнская) плата. Бұл диэлектрлік материалдан жасалған пластина, онда мыналар орналасуы тиіс: микропроцессор, BIOS модулі, жедел жады модулі, жүйелік шина, ресурс ұлғайту ұяшығы, кварцты резонатор және көмекші микросхемалар.Сопроцессор – жылжымалы үтірлі санды өңдеуге мүмкіншілігі бар құрылғы. Мұндай сандармен есептеулер жүргізгенде әр амал үшін микропроцессордың көмегімен бірнеше оншақты амалдардың моделі жасалады.Машиналық графиканы және басқа жағдайларда жылжымалы үтірлі санды үдемелеп қолданылса, ғылыми есептеулер үшін компьютерді қолдану тиімділігін төмендетеді. Сопроцессордың көмегімен амалдарды орындау жылдамдығын 5-15 есе арттыруға болады.

Ақбөкен, киік (лат. Саіга татаріца) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

[2] Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.

Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек  науқаны біткеннен кейін табынға  көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер  бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады.

Ұрғашы киіктер  текелерге қарағанда майды көп  жинай алмайды. Күйек кезінде  орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ  лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.

Рецонстрұцтед ранге (уһіте) анд цұррент дістрібұтіон оф тһе туо сұбспеціес Саіга татаріца татаріца (греен) анд Моңғол ақбөкені (ред)

Енесі алғашқы  сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама  қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.

Көктем шыға, солтүстікке  қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп  іздей бермейді. Олар жаңа өнген  шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды.

Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне  қарай таңдап жейді. Көктемгі айларда  киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды. Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды, өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады.

Зоолог мамандардың айтуынша, киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше қасиеті бар екен. Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен. Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек, өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың күйегіне ғана араласады.

Археологиялық қазба жұмыстары  кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі ВІІ-В ғасырларда қашалып салынған екен. ХІВ-ХВІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.

Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болады. Жайылым жердің аздығынан олардың басы көбейе қойған жоқ. Аздаған ақбөкен моңғол жерін мекендейді. Қазір олардың тұқымы құрып бітті деуге болады. 1978 жылғы Соколовтың жазғандарына қарағанда, сол кезде Шаргиин-Гоби мен Хойсыл-Гоби шөлдерінде 300 ғана бас киік қалған екен. Қалмақтың да, моңғолдың да киіктері Бетпақдаланың ақбөкендерінен аласа, кішірек болып келеді және бұл топтар өзара араласқа түскен емес.

ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған. «Қазақстанда 20-жылдардың  басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917-18-жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927-28-жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнді», – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский.

1930-32-жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды. Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары көбейген ақбөкендер 1941-45-жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.

Үкімет ақбөкендерді 2006 жылы «Қызыл кітапқа» ендірді. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлді. Ал үстіміздегі жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткізіп отыр. Әрине бұл игі шаралар қолға кеш алынып отыр. Дегенмен «Ештен кеш жақсы» деген емес пе? Өсімтал жануар күтімі көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан соң саны қайта көбейіп, әлі-ақ даламыздың сәнін келтірер.[3]

 

 

АҚБӨКЕН

САХАРАНЫҢ КЕРБЕЗІ АТАНҒАН ЖАНУАР НЕГЕ АЗАЙЫП БАРАДЫ?

Киік – қазақ елі үшін киелі  жануарлардың бірі. Елімізде ежелден  мекендеп келе жатқан бұл жануарды халқымыз ерекше қадірлеп, қастерлеген. Қазақ фольклорында ақбөкенмен байланысты аңыздар өте көп. Оның көзі ботаның көзіндей қап-қара, сондықтан ақындардың «Ақбөкен сахараның ботакөзі», «Адамның көздеріндей екі көзің» деп жырға қосуы оның қайырымдылық сұраған бейкүнә қасиетіне арналған болуы керек. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде осы киелі жануардың 85 пайызы Қазақстанды мекен етеді екен. 
Кеңес Одағы кезінде 1919 жылдан бастап 1954 жылға дейін киікті аулауға қатаң тыйым салынды. Сол 35 жылда Қазақстанда ақбөкеннің саны 6 миллионға жетті. Сөйтіп, 1954 жылдан 1975 жылға дейін Қазақстанда кәсіптік жолмен 5 миллион киік ауланып, одан 90 мың тонна ет, 1,7 миллион шаршы метр бағалы тері және 480 тонна мүйіз сатылған. Нақтылы деректерге сүйенсек, сол жылдары біздің республика орта есеппен бір жылда киік өнімдерін сатудан 3,5 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тауып отырған. 
Кезінде киікті белгілі жоспар бойынша аулаумен Бетбақдала, Ақтөбе және Жезқазған аңшылық шаруашылықтары айналысты. Қабылдау пункттері мұздатқышпен қамтамасыз етіліп, үлкен тоңазытқыштар 1500 бас киік етін қабылдай алатын. Ақбөкеннің жеңіл диеталық дәмді еті Англия, Франция, Швеция, Венгрия сияқты мемлекеттердің сұранымы бойынша экспортқа жөнелтілді. Қазір мұның бәрі көзден бұлбұл ұшты. Қолда бардың қадірін білу былай тұрсын, соңғы 7-8 жылда киіктерді браконьерлік жолмен аяусыз қырып салдық. Ал, өткен ғасырдың 76-жылдары киіктер саны 1,5 миллионнан асты. Дәлірек айтқанда 1 миллион 600 мыңды құраған. Өкінішке қарай, олардың саны 2003 жылы 21,3 мың басқа дейін күрт төмендеді. Бұл киіктің мүйізін емдік мақсатқа пайдаланудың салдары екені түсінікті. Дегенмен, мемлекет осы аң түрін сақтап қалу және қорғау мақсатында тиісті шара қолдануының нәтижесінде, бүгінде киіктер саны республикамызда 102 мың басты әрең құрап отыр. Соның 82 мыңы, яғни, басым бөлігі Қостанай облысы мен Бетпақдаламен астасып жататын Теңіз көлі популяциясына тиесілі. 
Қазіргі таңда киіктер тек Қазақстанды ғана мекен етіп жатыр. Ақбөкендер Қытай мен Түрікменстаннан мүлдем жоғалып кеткеніне жиырма жылдай болды. Ал 5 мыңға жуық киік Қазақстаннан Өзбекстан аумағына жыл сайын әрлі-берлі көшумен болады, 10 мыңға жуық киік Қалмақияның қорығында мекен етіп жатыр, 2,5 мыңға жуық бас Моңғолияда қалпына келтірілуде. Ал қазақ жерінде киіктердің үш түрі мекендейді. Олар: Орал, Батпақдала және Үстірт киіктері. Өкінішке қарай, бүгінде Үстірт киіктері, яғни Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында екі жылдан бері киіктердің жаппай қырылу жағдайлары орын алып келеді. Бәрімізге мәлім, өткен жылы қырылған киіктер саны 12 мыңнан асқан болатын. Бір өкініштісі өлген киіктердің 90 пайызын олардың аналықтары мен лақтары құрап отырғандығы өкінішті-ақ. 
Биыл Торғай өңіріндегі Жангелді ауданында жаппай қырылып қалған киіктер саны 543-ке жетті. Жануарлардың 508-і аналық бас. Олардың неден өлгені анықталды. Ал бұған дейін жергілікті мамандар ақбөкендердің өлімін «Союз ТМА-22» ғарыш кемесінің қонуымен байланыстырған. Яғни, кемеден тараған химиялық қалдықтар шөпке сіңіп, оны жеген жануарлар уланды деген болатын. Алайда Ауылшаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Осыған байланысты Отандық және халықаралық ұйымдардың сарапшы-мамандарымен бірігіп, киіктердің өлімінің себебін зерттеген мамандар киіктер пастереллезбен қоса шүйгін шөпті шектен тыс көп жеуі салдарынан іші кеуіп, буынып өлді деген байлам жасап отыр. 
Ветеринар-вирусолог маман Әділқасым Жақыпбаевтың айтуынша, киіктердің өлу оқиғалары орын алысымен бұл бағытта көп жұмыс жасалған. Киіктердің өлімінің себептерін анықтаумен көптеген диагностикалық лабораториялар мен ғылыми-зерттеу институттары айналысты. Ақырында халықаралық сараптау комиссия құрылып, сонау Лондоннан арнайы профессор шақырылған. Ә. Жақыпбеков: «Осы комиссия киіктер өлімінің себебін жан-жақты барынша терең зерттей келе, киіктер шырыны көп өсімдіктерді шектен тыс көп жеудің салдарынан іші кеуіп, содан соң демі жетпей тұншығып өлген деген байламға келдік. Біз былтыр 14 мамырда киіктер қырылған аймақта жаңбыр жауғанын білеміз. Ал 15 мамыр күні қалың тұман болды. Ауа райының осындай жағдайларынан соң жануарлардың қырылуы басталды. Ал зертханада табылған пастереллезбен киіктер шын мәнінде ауырған», – дейді ол. Оның айтуынша, әдетте жануарлар екі себептен өледі. Біріншісі – жүрегі тоқтауы себепті, екіншісі – дем жетпеудің салдарынан. Осы жолы дем жетпеуге тап осы шектен тыс шөп жеудің салдарынан жануардың іші кебу жағдайы әсер еткен. Оқиға орын алған жерді тексеру барысында сонымен қатар Борсы және Айдарлы ауылдары сияқты тағы бірқатар аймақтарда қауіпті жерлердің бар екендігі мәлім болды. Шөптің қауіптілігі оның шырынының көп болуында және шық басуында болып отыр. 
Жалпы мамандардың пікірінше пастереллездің қоздырғышы жануардың организмінде болады. Аталмыш аурудың қозуы үшін оған зорығу (стресс) фактілері әсер етеді. Ол жануарлардың ұзақ жол жүруі, олардың өзге аймақтың жануарларымен бірігуі, аштық пен оның салдарынан зиянды шөптерді азық ету сияқты факторларға байланысты. Сонымен қатар пастереллез организмге өсімдік арқылы да келеді. Ал мұндай факторлар киіктер қырылған аймақта бар. Сондықтан осы қауіпті аймақтарды залалсыздандырған жөн. 
Сахараның сұлу кербезі – киіктің бүгінгі күйі кімді болса да күйзелтпей қоймас. Бір кездері қазақ даласында сан мыңдап өріп жүрген киікті атып, мүйізін сыртқа сатып, пайда табуды кәсіпке айналдырдық. Сөйте-сөйте бір кездегі сансыз киіктен бүгінде санаулы ғана тұяқ қалды. Киік мүйізіне деген сұраныстың артуы, Қытай елінде мүйіз бағасының қымбат болуы сахара сұлуына сор болып жармасты. 
«Кей қазақ кәсіп қылған киік атып, мүйізін пайда қылып, шетке сатып» бұл ұлы ақын Сәкен Сейфуллиннің 1924 жылы жазған атақты «Ақсақ киік» поэмасынан. Аталмыш өлеңнің жазылғанына 80 жылдан асса да әлі де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Себебі киіктің мүйізі әлі де пұлданып жүр. Бұрын қайда сатылғанын қайдам, қазіргі мүйіздің бәрі Қытай асады. Жарнамасы да көше-көшеде жарқырап тұр. 
Мамандардың айтуына қарағанда, көп жағдайда қаскөйлер киікті тек мүйізі үшін ғана атады екен. Өйткені, бейресми деректерге қарағанда, аспанасты елінде киік мүйізінің бір келісін 4-8 мың АҚШ доллары аралығында сатуға болатын көрінеді. Соған орай елімізде де киік мүйізінің бір келісі 200 мың теңгеге дейін барады екен. Ең қызығы, біздің елде киік мүйізімен қолға түскен адамға нақты жауапкершілік те қарастырылмапты. Тек киік атып қолға түссеңіз ғана бір бас киік үшін 200 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу белгіленген. Ал мүйіздің ақшасына тойынғандар үшін бұл айыппұл түк те емес. Міне, осы бағалар браконьер біткенді күндіз – күлкіден, түнде – ұйқыдан айыруда. Осының салдарынан қаладағы қазақ қырда киік қуып жүр. Аң қорғау инспекторлары жарнама арқылы ізге түскенде олар Қарағанды облысы, Баршын кентіне таяу орналасқан Теңіз көлінің түбінен бірақ шыққан. Міне, дәл осы ен далада киіктің Теңіз-Бетпақдала популяциясы мекен етеді. Осыны білген Жезқазған, Қарағанды, Астана маңындағы браконьерлер осы сайын даланы көп торуылдайды. Бұл аймақ – Бетпақдаланың бір пұшпағы. Киіктің баласы – құралайды көргің келсе, осында кел. Қазақтың басқа жерінен пана таппаған жарықтық жануар Қорғалжыңға жақын Теңіз көлінің томарлары мен сортаң батпағын баяғыдан жайлап келеді. Тағы тіршілік перзентін табиғаттың өзі қорғап тұр бүгінде. Соңына қуғын түссе тура Теңізге тартады. Себебі, сор батпақ көліктің қозғалысына кедергі. Салпаңқұлақ аңшы еріксіз тізгін тежейді. Соның арқасында бөкендер жан сақтап отыр. Браконьерлердің көбі киікті атып өлтіріп, мүйіздерін қырқып алады да, денелерін тастап кетеді. Қытай елінде киік мүйізі Тибет медицинасында қолданылады. Ол елде киік мүйізінің бағасы жоғары. Сондықтан да Қытайға заңсыз апарып мүйіз сату тоқтамай тұр. Қазір бұл мәселе қаралып жатқанымен, нақты шешімін таба қойған жоқ. Заң бойынша киік атқаны үшін ғана жаза қолданылады, ал мүйізге жаза жоқ. «Арнайы заңның жоқтығы мүйіз саудасын ашық жүргізуге жол ашып отыр» дейді мамандар. Бұған көз жеткізу де қиын емес. «Киік мүйізін қымбатқа сатып аламын» деген жарнаманы Қызылорда, Жезқазған қаласының кез келген жерінен кездестіре аласыз. Мұндай жарнамалар интернет сайттарда да өріп жүр. Мүйіз саудасына қатысты заң болмағандықтан, жарнама берушіге қатысты заңдық тұрғыдан қандай да бір шара қолдану да мүмкін болмай тұр. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, заңды қатайту қажет. Мүйіз саудалайтындарға салынатын айыппұл мөлшері өте жоғары болуы тиіс. Екіншіден, шекараны мықтылау керек. Өйткені шекарамызда әлі де контрабандалық «саңылаулар» бар. Сол саңылаулар арқылы «қара» саудагерлер қара ниеттерін амалға асырып отыр. Тибет медицинасы жылына 8 тонна киік мүйізін қажет етеді екен. Яғни, сұраныс мол. Сұраныс бар жерде ұсыныс болатыны өз-өзінен белгілі. Сондықтан да пайданы көздеген «қара» кәсіпкерлер Қытай асып, қара базар саудасын қыздырып, қалтасын қампитуға тырысады. Өйткені сол Қытай еліне мүйіз алып өтемін деп шекарада қолға түсе қалса, бір мүйізі үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 3024 теңге айыппұл төлейді де, жөніне жүре береді. Демек, бір келі мүйіз үшін айыппұл – шамамен 100 доллар. Ал бір келі мүйізді 4 мың АҚШ долларына сататын саудагердің мұндай тиын-тебенге еш қиналмай бере салатыны айдан анық. 
Қазақ киелі санайтын киіктерді қырып-жою жағынан Қостанай облысы көш басында тұр. 2010 жылы республика бойынша бөкенді қанға бөктерген 70 браконьерлік топ қолға түссе, былтыр бұл көрсеткіш сексеннен асқан. Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір аналық ақбөкен 200 айлық есептік көрсеткішке сай бағаланады. Амал нешік, айыптылардың кінәсі дәлелденгенмен олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмай, айыппұл төлеп құтылып кетті. 
Ауылшаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, өткен жылы 30 желтоқсан күні Қызылорда облысында 6 браконьер 2 «джип» автокөлігімен ұсталған. Екі машинаның жүк салғыштарынан 26 бас киік табылған. Оның 11-і – еркегі. Мүйізімен. Аң қорғаушылар ұстаған кезде олар қатты қарсылық көрсеткен. Дегенмен, инспекторлар қаруларын тартып алып, өздерін көліктеріне отырғызып, Жалағаш деген ауылға жақындағанда алдарынан 4 машинамен 30 кісі шығып, ұсталғандарды босату үшін күш көрсеткен. Сөйтіп, олар заңсыз аң аулағандар мен олардың екі «джипін» және инспекторлардың «Уазында» жатқан қарулардың бәрін тартып әкетеді. 
Ақбөкен атқан қарақшылардың арасында тәртіп сақшылары да бар екен. Біреуі – Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары болып шыққан. Сондай-ақ, былтыр Ресейге өткізе алмай, бергі бетке пұлдаймын деген пейілмен 171 дана киік мүйізін арқалап жүрген екі азамат ұсталды. Олар Астрахань мен Атырау облысы шекарасында орналасқан «Құрманғазы» бақылау-өткізу бекетінде қолға түсті. 
«Арқада аяз болмаса, арқар ауып несі бар» деген қазақта сөз бар. Ал қазір Арқада сол айтылған аяз да, арқар да жоқ. Себебі, ақбөкенді аяусыз қырып тауыстық. Ең сорақысы, қолында билігі барлар тікұшақ мініп, автоматты қарумен аңшылық жасап, аң-құстарды атуына тосқауыл болар адам да, орган да болмай тұр. Шын мәнінде, мүйіз үшін киік ату – сахара сұлуының табиғи өсіміне тежеу болып отыр. Мүйізі үшін текелерді жаппай қыру ұрғашы киіктердің қысыр қалуына әкеліп соқтыруда, нәтижесінде табиғи өсім азайып, жыл санап киік саны кеміп келеді. 
… Біз үстіміздегі жылдың көктем айының соңына таман «Охотзоомпром» кәсіпорнының инспекторы Жанатай Шәуеновпен бірге таң сілем бере Теңіз аумағындағы киіктердің жайылымына бардық. Шөп қалың өскен далада оңды-солды андыздаған машинаның іздері жатыр. Оны шөптің жапырылғанынан айқын байқауға болады. Бір сәт Жанатайдың түрі бұзылып кетіп: «Мыналар тағы да ойрандаған екен ғой» деп әріректе орнынан тұра алмай тыпырлап жатқан ақбөкенге қарай машинасын бұрды. Кабинадан түсіп, киіктің жанына келсек, жануар жән тәсілім беру үшін соңғы рет тұяқ серпіп жатыр екен. Жәудіреген жанары жасқа толы. Оқ қарасанға тиіп, ортан жілікті үзіп жіберген. Үлкен теке екен. Мүйізін құйқа төбеден балтамен шауып алып кетіпті. Қандай қатігездік! 
Киік – халық байлығы, табиғат көркі. Ол таусылмайтын жануар емес. Оны мәпелеп, қорғап өсіргенде ғана саны артады. Ең бастысы тас дәуірінен бері кең даламызды мекендеген киік сияқты киелі аңның құрып бара жатқандығы жаныңа батады. Қазақтың «киіктің киесі атады» тыйым сөзіне қарамастан браконьерлік тағылық әрекеттер «жезқанат күміс бауыр киіктің» өсіп-өнуіне өлшеусіз зиянын тигізуде. 

Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары. 4