Казакстанның саяси ойдың дамуы

Жоспар:

 

Кіріспе

Саясат пен қоғамның бір – бірімен қарым — қатынасы

 

Негізгі бөлім: Саясаттану пәні ғылым ретінде

а) Саяси шынайылықтың объективті әрекеті

 

б) Саясаттану пәнінің ерекшелігі

 

Қорытынды

 

Саясаттанудың рөлі

 

 

  ҒЫЛЫМ  РЕТІНДЕГІ   ПӘНІ,

 

ӘДІСТЕРІ  МЕН  ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Қазіргі өркениеттің экономикалық тұрғыдан талдануы, адамдардың экономикалық мүдделерінің бастапқылығы, фундаменталдылығы жалпыға мәлім. Экономикалық қатынастар қазіргі таңдағы негізгі әлеуметтік концепциялардың методологиялық принциптері болып отыр. Сондықтан да, саясаттану пәнін ғылым ретінде қарастырғанда келесі мәселелерге баса назар аударуымыз керек.

 

«Экономика» және «саясат» ұғымдары қоғамдық өмірдің бір – бірімен өзара тығыз қарым – қатынастағы екі маңызды саласын бейнелейді. Атап айтқанда, саясатта, саяси тай қоғамның, сондай – ақ оның жеке жіктері мен топтарының экономикалық мүдделерінің мейлінше жинақталған қалпы көрініс табады. Сондықтан да, экономика мен саясаттың адамзаттың тіршілік әрекетіндегі өзара қарым – қатынасы принципті түрде дүниетанымдық және методологиялық мәнге ие. Экономикадан қол үзген саясат пен саяси іс — әрекет өзінің шынайы мазмұнын жоғалтып, нақты базистік негізінен ажырайды.

 

Саяси мәдениеттің мәнін экономикамен, экономикалық қатынастар мен мүдделерге тікелей байланысты адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының элементі ретінде қарастырмасақ тұрпайы болар еді. Саясат – объективті байланыстар жүйесі мен даму логикасы, сондай – ақ негізі субъект пен субъектінің арасындағы қарым – қатынас болғандықтан маңызды субъективтік түсінігі бар қоғамдық қатынастардың дербес сферасы. Сол себептен де «саясат» термині жеткілікті түрде көп қырлы болып келеді.

 

Саяси шынайылықтың күрделі  әлемінде аталған терминді идеологиялық қағидаларды, маңызды билік шешімдерін, әлеуметтік институттарды, қоғамдық ұйымдардың формулаларын, әдістерін, әрекет ету құралдарын белгілеу үшін және саяси қатынас субъектілері өз мүдделерін іске асыру мақсатында билікке ықпал етуге, билікті қалыптастыруға қолданады.

 

Саясаттану пәні ғылым ретінде

 

Оқу пәні ретіндегі ғылыми білімдердің нақты жүйесін баяндау  ең алдымен оның пәнін қарастырудан басталады. Ғылым пәнінің бөлінуі, оның негізгі өлшемдерінің айқын белгіленуі қарастырылып отырған білімдерді біртұтас ғылыми – методологиялық негізгі ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді. Ғылым пәні қарастырылып отырған ғылыми білімдер жүйесінің тәуелсіздігі мен дербес дамуының түпкілікті шарты болып табылады.

 

  Белгілі дәрежеде ғылым  пәнінің өзінде алдын ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды – логикалық негізгі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез келген ғылыми пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, қалыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идиалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізіндегі ғылыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады. Саяси білімдер де осындай жалпы жүйелердің бірі болып табылады.

 

Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқили жүйелерінде қалыптасып ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыртасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс — әрекеттерінің тарихы қарастырылады; заң ғылымдарында мемлекеттік құқықты зерттейтін ғылыми іс — әрекет ретінде; философияда саяси қатынастар мен биліктің дүниетанымдық, моральдық – этикалық, әлеуметтік, психологиялық негіздерін көрсететін рефлексия ретінде қарастырылды.

 

Қазіргі кезде адамзат  проблемалық аспектірлердің көлемінің  кеңдігін ескере отырып саясатты, саяси  шешімдер мен іс — әрекеттерді  аса мол әлеуметтік маңыздылығына  және оған баламаның жоқтығына байланысты бірінші орынға шығады.

 

Біздің ойымызша, саясауттану  пәнінің анықтамасына осы кіріспе қажет, өйткені саясаттану ғылым ретінде өзінің жеке пәнін қалыптастыруды және методологиялық базаға, ғылыми аппаратқа және білім жүйесін қолдану ареалына ие дербес, теориалық тұрғыда жетілген ғылымға айналу процесін басынан кешіруде.

 

Саясаттану – саясат туралы, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер туралы ғылым (гр. Politixa – мемлекеттік және қоғамдық істер). Бірақ бұл терминалогиялық анықтама саясаттану пәнініңмәнін толық аша алмайды. Бұл терминнің мазмұныіздену аясын көрсетеді.

 

Ғылым пәнінде объектінің басты, маңызды белгілері мен  қасиеттері ғана бейнелейтіндіктен  ғылым объектісі мен пәнінің арасындағы айырмашылық салыстырмалы сипатта болады, алайда ғылыми білімнің өзіндік сипатын түсіну үшін ғылым пәніне ғылыми ұғымдар мен түсініктерден көрініс табатын объектінің өзіндік бөлігі ретінде анықтама беру өте маңызды екендігін ескергеніміз жөн.

 

Саяси білімдердің басқа  да жүйелері секілді саясаттанудың  да зерттеу объектісі саяси шынайылық. Қазіргі қоғам – күрделі құрылым, көпбейнеліліктің бірлігі мен экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардың өзара әрекеті ретінде қызмет ететін нақтылық. Бұл салаларды бөліп көрсету – қоғам өмірінің ғылыми – теориялық бейнесінің қажетті алғышарты.

 

Өркениеттің өне бойындағы  тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғам өмірінің барлық садлаларының арақатынасы иерархиялық сипатта болады және ондағы басты рөлді экономика ойнайды. Бұл арада ескере кетер жайт, қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік – практикалық процесс. Қоғамдық өмірдің табиғаттан ерекшелігі, онда оның өзін жасаушы субъект әрекет етеді. Сондықтан да, социумда қоғамдық процестердің, олардың даму себептерінің тұрпайы экономикалық түсініктері қабылданбайды, өйткені адамнан, оның әрекетінен тыс ешқандай, өйткені адамнан. Оның әрекетінен тыс ешқандай тарих, ешқандай экономика болмайды. Анықтап айтсақ, субъект қалай болса, тарих солай болады.

 

Қоғамдық дамудың аталған  ерекшелігі тарихи процестің субъектілік  себеп байланысын қалыптастырады. Қоғамдық даму өндіріс тәсілдерінің қарапайым, бірізді алмасуы емес, бұл адамзат ұрпағына субъектілік сипат беретін, оны адам санатына қосатын тіршілік әрекеті. Тарих адам жасампаздығының, оның алдына қойған мақсаттарының тәжірибе жүзінде іске асуының нәтижесі. әлеуметтік даму мен тарихи өзгерістер – адамдар әрекетінің, әлеуметтік күштердің, қалың бұқараның өзара қарым – қатынасынан туындайды. Қоғам өмірінің осы тұсын «саяси шынайылық» ұғымымен белгілеуге болады.

 

Саяси шынайылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге  орай үлкен топтар объективті түрде  қатар өмір сүріп, өзара әрекет етеді. Бұлардың арасындағы осы қатынастарды саяси қатынастар деп атайды, өйткені топ мүдделерінің, қабылдаған шешімдерінің іске асырылуы үшін оларды өзара келістіру қажеттілігі пайда болады. Сонымен қатар саяси қатынастар адамдар арасындағы шынайы қатынастар болғандықтан субъектілер арасындағы шынайы қатынастар болып табылады, яғни субъект – субъектілік сипатта болады. Осы субъектілердің мүдделерін түйістіру және осының негізінде дамудың басты шарттары саналатын қоғам тұтастығын сақтау, әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси шынайылықтың ең маңызды әлеуметтік проблемасы. Бұл үшін қоғамдық организмде басқару мен билік функцияларын атқаратын белгілі бір құрылымдық элементтер қалыптасады.

 

Тарихқа көз жүгіртсек қазіргі саяси жүйелердің өзегі болып отырған басқару мен биліктің мемлекеттік формасының кеш пайда болғандағын көреміз. Басқару мен биліктің негізін құрайтын саяси қатынастар рулық сипаттағы әлеуметтік қатынастардың бір түрі, ал таптық саяси қатынастар ретінде ауыспалы, өткінші болады. Бұл жағдай Аристотельдің «политика» атты еңбегінде жеткілікті түрде айқын көрсетілген: «Бір – бірімен үздіксіз байланыста болатын немесе бөлінген бірнеше бөліктерден құралған билік құру элементі мен бағыну элементі тұтастық құрайды. Бұл – табиғат заңы болғандықтан, оған жанды тіршілік иелерінің бәрі бағынады».

 

Өркениет тарихы беттерінен саяси шынайылықтың дамуын қарап  отырсақ, биліктің мазмұны мен формасының қалай өзгергенін, мемлекеттік биліктің сойыл ретінде қызмет еткен кездегі  ашық, тіке зорлық – зомбылық әдістері мен құралдарынан өзара келісім  жолымен мүдделер бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарға қалай өткенін байқауға болады. Сондықтан Аристотель билікті деспоттық (қожайынның құлына билігі) және  саяси (мемлекеттің азаматқа билігі) деп бөліп қарастырды. Міне, осыдан адамзаттың саяси мәдениетінің қалыптасу жолдарының қиындыққа толы болғандығын көруге болады.

 

Қазіргі заманда саяси  шынайылық – барлық бөліктері  бір – бірімен өзара әрекетте болып, тығыз байланысып жатқан құрылымданған күрделі бірлестік. Оның ең маңызды бөліктері мемлекет пен азаматық қоғам. Сол себепті жалпы түрде саяси ғылымды мемлекетті зерттейтін, яғни мемлекет ісін зерттейтін ғылым және азаматтық қоғамды (саяси қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуі мен қызмет етуінің мемлекеттік емес формалары мен тәсілдері), яғни қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқилы түрлерін, сонымен қатар саяси қатынастар субъектісі адамды зерттейтін ғылым деп бөлуге болады.

 

Ұсынылып отырған бұл  классификацияда саяси ғылым  жеке пән ретінде айқын анықталған. Мемлекет ісімен қатар азаматтық қоғамды да зерттейтіндіктен саясаттану бұл жерде біріктіруші саяси ғылым ретінде көрініп отыр.

 

Саяси білімдер жүйесінде саясаттану ерекше орын алады және оның өзіне лайықты мәртебесі болуы керек.

 

Саясаттануда саяси шанайылықтың генетикалық негізі қоғамдағы орны, құрылымы, пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары анықталады. Яғни, саясаттанудың пәні саяси шынайылық екен. Саясаттануда субъект – субъектілік саяси қатынастар проблемасы да айтарлықтай орын алады.

 

Бұл қатынастардың өзегі билік болып табылады. Саясаттанулық мәселелер мемлекеттік биліктің қоғам өміріндегі орнын, оның жүзеге асу функциясы мен тетігін, оның қалыптасуына әлеуметтік күштердің қатысуы мен тигізер ықпалын, сондай – ақ мемлекеттік билік формасының өзгеруін анықтаумен байланысты. Мұндағы ескеретін нәрсе, биліктік қатынастар субъектінің белсенділігі мен еркін білдіре отырып субъект – субъектілік қатынастар табиғатынан шығады. Мемлекеттік билік, оны ұйымдастырудың нақты формасы мен функциялары биліктік қатынастардың табиғатымен де, қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты да анықталады.

 

Саясаттану пәнінің ерекшелігіне байланысты саяси білімдер жүйесінде саясаттану ерекше, біріктіруші функцияны орындайды деген қорытындыға келуге болады. Егер саясаттану саяси шынайылықты тұтастық ретінде қарастырып, оның пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарын зерттесе, саяси білімдердің жеке элементтері бұл тұтастықтың жеке бөліктерін зерттейді. Саясаттанудың бұл элементтерге қатысты біріктіруші функциясы оларға жалпы теориялық және методологиялық негіз ретінде қызмет ете алады. Егер аналогия мүмкін болса, онда мұның орнына жалпы әлеуметтік теория мен нақты әлеуметтік пәндер арасындағы арақатынасты қолдануға болады.

 

Ұзақ уақыттар бойы кеңестік қоғамдық ғылымда ғана емес, барлық жерде саясаттану проблемалары мемлекет ісін зерттеумен байланысты қарастырылып келді. Мұндай қадам өркениеттің  даму деңгейімен, онда мемлекет ішінде де туындап отыратын экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемаларды  шешуде жетекші рөл атқаратын қазіргі әлемде өтіп жатқан әлеуметтік – практикалық процестердің ерекшелігімен байланысты.

 

Қазіргі жағдайда саясаттанудың  дамуы қоғамның сапалы түрде жаңаруына  көмектесетін саяси мәдениеттің  қалыптасуы мен өркендеуі үшін қажет. Қоғамның сапалы түрде өзгеруі азаматтардың саяси белсенділігінің нәтижесінде мүмкін болады. Бұл белсенділік елде әрқилы саяси ағымдардың пайда болуына алып келеді. Бірақ азаматтардың белсенділігі бей – берекет схоластикалық сипатта емес, саяси және құқықтық мәдениет шегінен асып кетпеуі керек. КСРО халқы ұзақ уақыт бойы жеке басқа табыну мен тоталитарлық ррежим жағдайында өмір сүргендіктен, тариха процестің субъектісі ретінде қазіргі саяси мәдениеттің құндылықтарынан мүлдем тыс қалды деуге болады.

 

Қазіргі барлық саяси іс —  әрекеттерді сараптау мен бағалау  тұрғындардың жаңа саяси мәдениетті игеру мәселесінің өткірлігін көрсетіп отыр. Саяси мәдениетті игермей тұрып әлеуметтік прогрецсс жолымен жүру, оның негізгі құндылықтарын сақтау мүмкін емес.

 

Бұқара халық санасында, кейде ғылыми әдебиет пен публистикада «саясаттану» терминін саяси білімдердің  барлық жүйесі үшін жинақтап атауды пайдалану  әрекеттері кездесіп қалады. Саясаттануды бұлай түсіну оны өз орнынан айырып, оның қарастыратын төл мәселелерін саяси білімдердің ұшы – қиыры жоқ шексіз проблематикасымен араластырып жібереді.

 

Зерттеу барысында нақты  саяси білімдердің элементтері  саяси шынайылықты тұтастық ретінде  бейнелейтін жалпы заңдылықтарға, котегорияларға, түсініктерге, яғни саясаттанудың  заңдары мен котегорияларына  сүйенуі тиіс. Саяси білімдер элементтернінің  мазмұнында саясаттанулық мәселелердің болуы, оларды саясаттанудың  құрамына кіреді дегенді білдірмейді. Мәселен, жаратылыстану ғылымдарында дүниетанымдық мәселелер бар болғанымен, ол филасофияның — өзінің жеке пәні мен категориалық аппараты бар дүниетанымдық мәдениет. Осы тұрғыдан алғанда саясаттану ғылым ретінде өзінің жеке пәнімен және түсініктер жүйесімен мәдениетті құрайды.

 

Саяси шынайылықтың субъективтік детерминділігі саясаттанудың ғылым  ретіндегі пәнінде саяси шынайылықтың субъективтілігі проблемасы сипаттамаларының қамтылуы керектігін көрсетеді. Сол себептен саяси қатынастар субъектісі туралы мәселе саясаттанудың басты мәселесі болып табылады.

 

Бұқара халықтың, таптардың, әлеуметтік және этникалық топтардың, тұрақты және уақытша ассоциациялардың, индивидуумдардың субъект – субъектілік  қатынастардың әр түрлі деңгейдегі жүйелерінің субъектілері екендігі белгілі. Саяси ұйымдар, саяси іс — әрекет құралдары мен әдістері түрінде қоғамда жинақталған саяси мәдениетті оларды саяси іс — әрекет процесінде жүзеге асырады. Бұл реттегі субъектінің жүріс – тұрысы саяси мәдениетті игеру деңгейіне байланысты. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды міндеті саяси тұйықтық, оқшаулануды (мысалы, біздің қоғамның кеңес өкіметі тұсындағы саясимәдениетінің дамуында болған) терістеумен қатар, адамзаттың бүкіл саяси тәжірибесінің негізінде саяси мәдениет жүйесінің үздіксіз дамуына көмектесу.

 

Субъектінің саяси мәдениеттіигеруі осы мәселенің екінші жағын құрайды. Саяси мәдениетті игеру процесі  саяси қатынастар субъектісінің  саяси әлеуметтенуі саяси білім  алуы мен жеке саяси тәжірибесінің негізінде іске асуы мүмкін. Қоғамдық өмірдің жариялылығы мен демократиялығы осы процесс үшін қажетті шарттар болып табылады. Дегенмен, бұл шарттар саяси мәдениетті толықтай игеру үшін жеткіліксіз.

 

Саяси практикада саяси мақсаттар, әлеуметтік идеалдар мәнге ие. Олардың  қалыптасуында, теориялық анықтамасында  саясаттану дербес емес, өйткені олардың  мазмұны қоғамдық қатынастар жүйесінің  табиғатынан бой алады. Саясаттанудың  рөлі оларды саяси қатынастарда, саяси шынайылықта белгілеу мен практикалық саясат  тіліне аудару үшін қажетті теориялық және методологиялық негіздерді жете зерттеу болып табылады. Алайда, андықтан, мұнда саяси қатынас субъектілерінің түпкілікті мүдделеріне сай келмейтін, тиісті саяси жүріс – тұрысқа дағдыландыру мақсатында санасын манипуляциялау жолымен субъектіге таңылған жалған мақсаттарды қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1 Л.А. Байдельдинов «Теориялық  саясаттану» Алматы, 2005.

2 «Саясаттану білім пособиесі» Алматы, 2000.

3 «Қазақстанның саясаттану  энциклопедиясы» Алматы, 1998.

Саясаттану ғылымы

 

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.                                                                    

Басқа қоғамдық ғылымдардың  ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың  тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық  соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары  бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке  соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына  жайлы болары да белгілі.

дамзат саясаттың сиқырлы  сырын, құбылмалы кұбылысын өте  ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары  мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы  қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі  пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар  жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен  туған жалпы әлемдік космостық  тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде  қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі  мифтарға сүйенсек, басқарушының билік  көзі құдайда және ол жер бетіндегі  істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император  болып есептелген. Ежелгі гректерде  ен алғашқы билікті жүргізуші  құдайлардың өздері болыпты-мыс.

Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына 

 

байланысты саясаттың  ұғымдары, түсініктері,  тұжырымдамалары  пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық  өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей  араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре  бастады. Бұдан келіп саяси теориялар  туды.

Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор  еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл  ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне  сай келуге, адамгершілікке негізделуге  тиіс деп ұқты.

Әдетте, саясаттанудың негізін  қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында  лицей ашып, сонда саяси ғылымды  жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат»  деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір  қала мемлекет болып есептелетін) саяси  жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы  ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі  біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның  өзімшіл, хайуандық табиғатында  жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан  оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға  ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек  деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.

Орта ғасырда саясаттың  діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси  билікті құдай орнатады, бірақ  мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына  болады деген байлам айтты.

Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда  өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы  табиғи өмірден туған мәселелерді  шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің  өзегі етіп мемлекеттік билікті  қойды және оны қалай қолға  түйрудің, пайдаланудың неше түрлі  әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында  саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.

еодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды  демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат  кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси  құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын  жасауға тура келді. Бұл ретте  Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде  калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы  зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың  Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор  Фрэнсис Либер "Тарих және саяси  ғылым" деген кафедра ашты. Соның  негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылыФранцияда мемлекеттік аппаратқа  арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси  ғылымдар мектебі жұмыс істей  бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.

XX ғасырдың басында саясаттану  бөлек академиялық пән ретінде  толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның  халықаралық мәртебе алып, толыққанды  қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың  халықаралық ассоциациясы зор  рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің  белсенділігін арттыру жолында  казір де жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс  елдерінің барлық жоғары оқу орындарында  саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері  оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман  саясатшылар маңызды саяси шешімдердің  жобаларын сараптауға, партиялар  немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық  қатынастардағы шиеленіс жағдайларының  себебін ашуға кеңінен пайдаланады.

Бұрынғы Кеңес елінде бұл  ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар  тағып, оқытлаған болатын. Себебі, Кеңес  өкіметі, шын мәнінде, саяси сауалы адамдарды даярлауға мүдделі  болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдаи артық дәуренін құра алмаған  да болар еді.

Бірақ бұдан ол кезде саяси  ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік  идеологияға негізделген пәндердін  шеңберінен шықпайтын және ең алдымен  қандай әлеуметтік-саяси процестер  социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы  Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуі не байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында  саясаттанудан эксперттік кеңес  жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның  ғылым және техника бойынша мемлекеттік  комитеті "Саяси ғылымдар" деген  атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде  саясаттану оқытыла бастады. Қазір  Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында  дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде  өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік  Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық  университетт бұл салада арнаулы  мамандар даярлайды.

Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың  негізгі зерттеу объектісі мен  пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан  саясаттану қоғам өмірінің өте  қажетті  қызмет саласы туралы  білімді, түсінікті  қалыптастырады.. Оған жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды,.

Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде ортақ қорытындыға келіп, оны  пән ретінде мойындаған пікір  әлі толық тиянақталған жоқ. Сондықтан  бұл пән туралы түсініктер алуан  түрлі бір біріне сай келмейтін  зерттеулер, бағыттар, саяси мектептер  баршылық.

1-ден . Саясаттануды пән  ретінде анықтағанда оның тікелей  мемлекетпен немесе саяси билікпен, қоғамдық немесе саяси партиялар  мен ұйымдар проблемаларымен  байланыстыра қарайтын шектеулі  шеңбердегі көзқарастарды атау  қажет.

2-ден. Бұл пәнге саяси  мәселелер мен саясат туралы  білімді ғана жатқызып қоймай, онымен  мәндес келетін табиғаты  жақын кейбір қоғамдық ғылымдардың  мәселелерін де жатқызуға болады.

Осыдан «саясаттану пәні»  нені зерттейді деген заңды сұрақ  өзінен-өзі туындайды. Оған жауап  қайтару ұшін ең алдымен «саясаттану» деген сөздің түпкі мағынасын  ашу қажет.

«Саясат» яғни «Политика» деген сөз – гректің «Politike»  деген сөзінен аударғанда мемлекетті басқару өнері деген мағынаны білдіреді. Ал «Logos» деген сөз  – ғылым, ілім деген мағынада қолданылады. Сондықтан саясаттану - саяси ғылым, немесе саясат туралы ілім деген түсінік  дейміз.

Саясаттану өз ерекшеліктерімен сипатталатын дербес бір пән. Оны  басқалармен араластырмай-ақ жеке дара оқып үйренуге болады. Мысалы, бұл ғылымда  саяси билік пен оның мәні, саяси  жүйе, жекелей және топтық түрде  билік жүргізу, көсемдік пен демократия, биліктің шексіз феномені сияқты, күштеу мен зорлық, авторитарлық модель түріндегі  билік пен құқықтық құндылықтар  және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.

Саясаттануда түрлі сипаттағы  елдердің  қоғамдық-саяси жүйесін  даму ерекшеліктерін, олардың бір-біріне қабысып икемделуін, қоғамдардағы дау-жаңжалдар  мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін ғылым деп та атауға болады. Саяси оқиғаларды талдап таразылап, шындықты объективті тұрғыда ұғындырып, осы арқылы дағдарыстарды қалыпқа  келтіру бұл ғылымның басты мақсаты  деп санауға болады.

Сонымен саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын  қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс  істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық  қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен  міндеттер, жеке адамның саяси –  құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәселдері, саяси өзгерістердің  тұрлері, саяси мәлениетті қалыптастырудың  мазмұны мен жолдары, қазіргі  замандағы сан түрлі саяси  идеялық көзқарастар, жаңаша саяси  ойлаудың мәні. Қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекеттіндегі  саяси өзгерістерді қарастырады. Ол бір жағынан жиналған, деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардан  өзара ұқсастығы бойынша болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың  адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары  туралы жинақталған ғылым. Ол саяси  биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері  мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттағы рационалдық  және иррационалдық секілді факторларды  да сараптайтын саясаттану. Ол, сондай-ақ, қазіргі таңда жетістіктерге  жету үшін қандай мақсаттарға сүйену қажет, іс қимыл сәйкестігі қалай  орындалады, «мүмкін еместіктің»  себеп салдары неде, басқа қандай саяси ойда-амалдар керек және қоғамның басты саяси құндылықтары неде деген сұрақтарға да жауап қайтарады.

Саясаттану құбылыстарға баға бергенде, ұйғарым жасағанда  идеологиядан, идеялардан тыс тұрады және асыра сілтеуден алуақ болады. Қайта мұндай нәрселердің саяси  процестерге, саяси институттарға  тигізетін кері ықпалдарын зертейді.

Мемлекеттердің бәрінде  өзге ғылымдарға қарағанда саясаттанудың  ұлттық ерекшеліктерге бір табаң  жақындығы бар. Себебі оның бақылау  байламдары, жасаған қортындылары, алға тартатын ұсыныстары сол мемлекеттің  өзіне ғана тән болып келеді. Ал оның басқа мемлекеттерде қолданылуы логикалық сараптау, әлеуметтік эксперименттер, интуиция арқылы тексеріледі. Сондықтан  әрбір елде плюралистік түрдегі  өзінің саясаттану мектебі болуы  мүмкін.

Жеке ғылым ретінде  саясаттанудың өзіне тән белгілері  болады. Ол - пәндік кескін мен зерттеу  объектісі ғана емес, сондай-ақ пәннің өзіндік, сипатын бейнелейтін және оның зерттелуіне айқындай алатын ұғымдары, категориялары мен танымдық заңдары, әдістері, құрылымы.

Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез  келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ.  Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер  арасындағы саяси қатынастарда саяси  тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.

Қазіргі саяси ғылымда  саясаттың табиғаттын түсіну өте  күрделі ұғым болып отыр.Саясаттың  қоғамдық құбылыс ретінде пайда  болуымен мәні жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Соның  бірнеше бағыттарын  көрсеткен  жөн:

-          Теологиялық бағыт – мұнда  саясаттың пайда болуы, құдайдың  құдыретімен түсіндіріледі. 

-          Географиялық бағыт- Жан Боден,  Ш. Монтескье: Саясат геогроафиялық  себептерден пайда болды, бұл  құбылыс қоршаған ортаның ерекшеліктеріне  байланысты түсіндіріледі. 

-          Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли, Т. Гоббс зерттеулері бойынша  саясаттың көзі адамдардың биологиялық  алғышарттарымен байланысты түсіндіруге  бағыт береді.Бұл бағытты жақтаушылар  саясатты ортақ игілік көпшіліктің  мүддесі үшін жеке адамның  өзімшілдік мінезін тізгіндеу  мақсатында пайда болған дейді.

Казакстанның саяси ойдың дамуы