Кеңестік кеңістіктегі жаңа саяси мәдениеттің ерекшеліктері туралы
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Саяси мәдениет:
ұғымы, мәні, қоғамдық маңызы...............
2. Саясаттану ғылымы
саяси мәдениеттің түрлері
3. Кеңестік кеңістіктегі
жаңа саяси мәдениеттің
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпыадамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл еркшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әртүрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Саяси ғылымда бұл тақырыптың маңызы зор. Ол анық саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін саяси үрдістердің даму жолын және бағытын түсінуге көмектеседі. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.
1. Саяси мәдениет: ұғымы, мәні, қоғамдық маңызы
«Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н.Макиавелли, Ф.Бэкон, Ш.Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әртүрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен социологтары елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХYIII ғасырдағы неміс ағартушысы, философ Иоганн Гердер болды.
Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежсін де білдіреді.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Білімді арттыруда алдымен сауаттылық қажет. Осы орайда В.И.Ленин былай деп жазды: «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады. Оған әуелі әліппені үйрету керек. Мұнсыз саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат емес, тек неше түрлі қауесет, өсек, ертегі, соқыр сенімдер ғана бола алады». (В.И.Ленин, ШТЖ, 44-том, 188 б.)
Сондай-ақ, дүниетанымдық белсенділік жеке адамның саяси мәдениеті үшін айқындаушы рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық мүдделер барынша көрініс тауып, соның нәтижесінде жеке адамның қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады.
Саяси мәдениет категорияларының құнды қатынастары құрылымындағы келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне байланысты. әрбір адамның азаматтық міндетттері мен құқықтарына деген көзқарасы оның билік институттарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі арқылы қалыптасады. Бұл орайда, саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детерминаты ретінде өкіметтің өз мәдени деңгейі көрінеді.
Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі.
Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады:
1) Танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды.
2) Аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін.
3) Саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауапкершілікті, ұлттық және әлеуметтік –таптық қатынастарды реттеуді қатамасыз етеді.
4) Саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді.
5) Қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңігмеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады.
6) Қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат, мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналарды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.
Саяси сананың тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасты болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеуметтік қорғау», «автономия», «төзімділік» т.б. сияқты саяси қазыналардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либералдар деп бөліну де содан келіп шығады.
Саяси мәдениетке тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық - басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни, ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді. Сайлауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен науқандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда, бұл термин мемлекеттік инстиуттар шеңберінде өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.
Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрайды.
Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды элементі – саяси тіл. Жалпы тілдің қолданысында да мәдениет болатындығы белгілі. Тіл мәдениетіне тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер. Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында аузыша сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар мен радиодан немесе жиын-жиналыс мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін, жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдірмей, жинақы түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған бұл істе тілге деген жауапкершілік пен ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп, тыңдаушысын сүйсіндірер еді.
Саяси мәдениет осы аталғандармен ғана шектелмейді. Ол саяси іс-қызметті де қамтиды. Оған адамның саяси жүйеге қатынасы және т.б. жатады. Әртүрлі елдерде бұл мәселелерге көзқарас та, олардың шешімі де біркелкі емес. Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан қашпауға, оларды басқара білуге немесе одан әрі өрбітпеуге, әлеуметтік «қопарылысқа», сілкініске жеткізбеуге үйретеді.
Қоғамдық жағдайларға, сонымен қатар көпшілік арасында кең тараған ереже, қалып, үлгілерге байланысты саяси мәдениет әртүрлі болады. Мұны мәдениеттің әртүрлілігі дейді. Оны ғалымдар әралуан жіктейді. Солардың ішінде ең көп тараған Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында келтірілген жіктеуі. Олар Алманияның, АҚШ-тың, Англияның, Италияның, Мексиканың саяси жүйелерін талдай келіп, саяси мәдениетті партиархалық, азаматтық және қоғамшыл етіп үш түрге бөледі. Бірақ ол көбінде аралас болып келеді.
Саяси мәдениетті ұалыптастыруда ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттық саяси рәміздердің қалыптасуын қатаң қадағалайды.Айталық, респкбликаның туын, елтаңбасын, әнұранын, ақшасын, т.б. қалыптастырады. Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар да қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды да қосады. Саяси мәдениетті қалыптасруда ақпарат құралдары көп рөл атқарады. Қазір олардың биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Дамыған өркениетті елдерде бизнес те саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсатты түрде қатысушыларлардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе АҚШ-та өзгеше көзге түседі.
Саяси мәдениеттің жалпы міндеті - белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Солардың бірі – саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың белгілі бір ережелер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлестіктердің біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім алу, балалар және жастар саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін.
Жалпы алғанда адамның ел ішіндегі және басқа елдердегі жағдайлар жөнінде жақсы хабардар болуы – оның саяси мәднеиетінің жоғарғы, тұрақты болуының кепілі.
2. Саясаттану ғылымы
саяси мәдениеттің түрлері
Саяси мәдениетті жіктеудің негізінде мейлінше әралуан өлшемдер болады:
Өлшемдер ретінде мыналарды ұсынады:
• саяси жүйелердің ерекшелігін ұсынады;
• екіншілері - елдер мен аймақтарды;
• үшіншілері - жаңалықтар үшін саяси мәдениеттің ашық немесе болуын;
• төртіншілері - идеологиялық айырмашылықтарды және т.т. ұсынады.
Е. Вятр идеологиялық айырмашылықтарға негізделген саяси мәдениеттердің жіктелуін ұсынды. Ол дәстүрлі саяси мәдениетті, қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдениетін, социалистік саяси мәдениетті қарастырады.
Дәстүрлі саяси мәдениеттің түрі принципінде құл иеленушілік және феодалдық құрылысқа сай келеді және үш түрде көрінеді:
• дәстүрлі тайпалық саяси мәдениет;
• дәстүрлі теократиялық саяси мәдениет;
• дәстүрлі озбырлық саяси мәдениет.
Дәстүрлі саяси мәдениет пен қатар, буржуазияға дейінгі дәуір қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдениеті секілді саяси бөлігі саяси процестерге қатысудан толық шет теледі.
Тарихта бұл саяси мәдениеттің екі түрі болды: кейбір гре халқының, республикалық Римнің және ортағасырлық Италия қалаларының патриципандық мәдениеті, сондай-ақ дворяндық саяси мәдениет болды.
Буржуазиялық саяси мәдениетінің екі түрін: демократиялық және автократиялық мәдениет үрін бөлді.
Бірінші түрі, өз кезегінде, кертартпа-либералдық және либералды-демократиялық екі түрде болады.
Саяси мәдениеттің автократиялық түрі демократиялық түрді өзінше теріске шығару болып табылады және екі түрде: авторитарлық әрі тоталитарлық мәдениет түрінде көрінеді.
Социалистік саяси мәдениет жұмысшы табының идеологиясы ретінде марксизмімнің пайда болуына байланысты еді, ол іс жүзінде тоталитарлық саяси жүйенің көрінісіне айналды, саяси процестің субъектілері ретінде бұқараның бастамасын тәркі етті.
Саяси мәдениеттердің қоғамда билік жүргізу сипатымен байланысына негізделген оның саяси жүйесін келесі жікке бөлу: демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениет.
Демократиялық саяси мәдениет үшін шынайы демократиялық құндылықтар мен мұраттарға, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға, саясатқа еркін қатысуға, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы пікір алуандылығына, адам құқықтарының басымдылығына және т.с.с. бағдарлану сипатты болды.
Авторитарлы саяси мәдениет үшін мынадай басымдылықтар: мемлекеттің айқындаушы рөлі, қоғамда бір саяси партияның болды сипатты келеді,мемлекеттің мүдделері жеке адамның, әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем болады. "Біріңғай идеология", "саяси тәртіп", "саяси билік" құндылықтар ретінде танылады.
Тоталитарлық саяси мәдениет адамның санасына мінез-құлықтың қатаң идеология қандырылған таптаурын қағидаларын, азаматтардың саясатқа қатысуының мемлекет бағыттауындағы және бақылауындағы нысандарын мойындау мен саяси шынайылық деп дәлелдеуге ұмтылады. Ол үшін көпшіліктің саяси селқостығы мен әлеуметтік үрейге, оңды өзгерістер мүмкіндігіне сенбеушілікке негізделген пайдакүнемдік ырымшылдық сипаты болады.
60- жылдардың отыра шенінде Г.Алмонд пен С.Верба әртүрлі елдердің (Англияның, Италияның, АҚШ-тың, Мексиканың) саяси жүйелерін зерттеу негізінде саяси мәдениетті үш "таза" түрге бөлді:
• патриархалдық түр - тоталитарлық және авторитарлық саяси режимдер үстем болатын артта қалған елдерде пайда болады. Саяси мәдениеттің патриархалдық түрі үшін саяси білімдердің, мамандандырылған саяси рөлдердің болмауы, бұқараның көпшілігінің сауатсыз болуы сипаты келеді;
• бодандық түрі - белгілі бір саяси білім сипаты болады, адамдардың қазіргі мамандырылған институттары туралы түсінігі болады, оларға қатысты сезімдерін білдіреді, оларды бағалайды және бұлар жөнінде мінез-құлық нысандарын орнықтырады, алайда осылардың бәрін енжар білдіреді, яғни саясат пен қоғамдық өмірге аздап араласуы айқын аңғарылады;
• партиципаторлық, азаматтық (белсенді) түрі - саяси институттардың, қоғамдық саясаттың бағыты мен мазмұнының заңдылығына келісумен, мүдделер әр алуандығына төзімділігімен сипатталады. Саяси мәдениеттің азаматтық түрі үшін қоғамдағы саяси рөлдердің айқын шектелуі, азаматтардың үш негізгі принципіне - жеке адамның бостандығына, бұқараның әл-ауқаты мен елдің қауіпсіздігіне жаппай мүдделілік тән болады.
Саяси мәдениеттің батыстық және шығыстық түрлері
Саясат саласындағы Батыс пен Шығыс адамдарының құндылықтарға бағдарлануының елеулі айырмашылықтары негізінде қоғамдардың тіршілік қызметінің нысандары, діни дүниетанымының ерекшеліктері, өмірдің мәні, адамның мақсат-мүддесі туралы философиялық түсініктер бар.
Батыс пен Шығыс саяси мәдениеті үлгілерінің аса сипатты айырмашылықтары:
• батыстық тұр үшін саяси процестерге азаматтардың саясатқа қатысуының көбінде "партиципаторлық" үлгісі, шығыстық түр үшін - көбінде "бодандық -партиципаторлық"саяси мәдениет сипатты болады;
• батыстық саяси мәдениетте саясаттың негізгі элементі ретінде жеке-дара адамдар, әртүрлі саяси бірлестіктер, ал шығыстық саяси мәдениетте тиісінше - рулық, этникалық, отбасылық қауым болады;
• батыстық түрдегі саяси мәдениетте саяси бірегей құбылыстар жаңарушылық пен дәстүрлер диалектикасы арқылы дамиды, саяси мәдениеттің шығыстық үлгісі дәстүрлердің негізгі атқаратын рөліне бағдарланған;
• мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары тұрғысынан батыстық саяси мәдениетте олардың арасында белгілі бір "келісім" байқалады, өйткені батыс қоғамында аса көп орташа тап пен тұрмыстың материалдық деңгейі жоғары болады. Саяси мәдениеттің шығыстық үлгісі мемлекеттің азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінен басымдығын көрсетеді, онда бекзаттар мен бұқара арасындағы айтарлықтай "алшақтық" орын алған. Ал егер азаматтық қоғамды батыстық саяси мәдениеттің сипатты белгісі ретінде қарастыратын болсақ, онда Шығыста ол өзіндік дәстүрлік белгілерге ие бола отырып, енді ғана құрыла бастады.
Осы заманғы саяси тәжірибе саяси мәдениеттің батыстық және шығыстық үлгілері құндылықтарының жинақтау үрдісін дәлелдейді (Жапония, Гонконг-Қытай, Қазақстан-Ресей). Олардың саяси мәдениеттерінде құндылық бағдарларын, мінез-құлық стильдерін, азаматтардың саяси қатысу нысандарын, тәсілдерін жинақтау жүріп жатыр.
3. Кеңестік кеңістіктегі жаңа саяси мәдениеттің ерекшеліктері туралы
Саяси мәдениетке тікелей қатысты
тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы
категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық
– басқару процесіне қатысты адамның
ойлары мен іс-қимыл¬дары болып табылады.
Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі,
пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің
көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай
іс-қимылынан білінеді: сай¬лауға қатысы,
наразылығын білдіруі, жиналыстар мен
нау¬қандарға қатысуы. Кең көлемде саяси
мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында,
бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы
мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік
институттар шеңберін¬де өрістейтін іс-қимыл
әрекетіне байланысты қолданылады.
Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына
кіретін саяси тұлға, саяси талап және
қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси
партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеумет¬тендіру,
саяси мәдениет бірлестіктегі билікті
айқындайтын формуланы қолдануға қажет
болады. Аталған мәселелерден байқалғандай,
саяси психология мен саяси әлеуметтік
мүдде¬лер де саяси мінездің зерттеу саласына
жатады. Саяси мінез-құлық ғылыми пән ретінде,
жалпылама алғанда, саясатты бихевпоралдық
(мінез-құлықтық) зерттеудің синонимі
ретінде қолданылады.
Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік
мазмұнын құрай¬ды.
Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды
элементі – саяси тіл. Жалпы тілдің қолданысында
да мәдениет болатын¬дығы белгілі. Тіл
мәдениетіне тікелей қатысты бұл күндері
жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді
орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете
үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді
өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер.
Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында ауызша
сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар мен
радиодан немесе жиын-жиналыс мінбелерінде,
қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін,
жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз
мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдір¬мей,
жинақы түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді
жандана бастаған бұл істе тілге деген
жауапкершілік пен ықылас болса, орысша
сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп,
тыңдаушысын сүйсіндірер еді.
Өйткені қазақ тілі – өте бай тіл. Оралымды,
ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған
тіл. Пушкин, Лермонтов шығармала¬рын
ХIХ ғасырда-ақ көп елдерден бұрын аударуға
жараған тіл... Біз Маркс, Ленин еңбектерін
көп елдерден бұрын аудар¬дық. Поэзияда
Абай, Ілияс сияқты алыптар туғызған тіл.
Осындай тілді таза ұстаған жөн. Оның үстіне,
тіл – саясат құралы емес, таным құралы.
Талайлардың қателігі осында, таным құралын
саяси қаруға айналдыруда жатыр. Тіл еш¬уақытта
саясаттың нысанасына айналдыруға болмайтын
киелі, қасиетті ұлттық ұғымдардың қатарына
жатады. Ол саясаттан да жоғары тұруы тиіс.
Сондықтан тілді орынды пайдалану үшін,
әрине едәуір қам-қарекет істеу керек.
Ең алдымен мектепке балалар білімінің
тек теориялық негіздерін жаттап өспей,
сол білімді іске асыратын болып тәрбиеленуі
керек болса, соның бір жолы – оқушының
ойын дұрыс айтып бере білуге үйрету. Ол
үшін мектеп бағдарламаларына «Тіл мәдениеті»,
«Шешен сөйлеу үрдісі» сияқты пәндерді
енгізу керек деп санаймыз.
Аталған іс-шараның орындалуын қадағалап,
міндеттеп отыруды тіл шаруасын тәртіпке
шақыратын құқы бар ресми орын – Тіл комитеті
қолына алуы қажет. Тек осындай жолмен
ғана біз тілдің мәдениетін кемелдендіріп,
оның қолданыс ауқымын кеңейте түсеміз.
Айталық, саяси тілде «әскери өнеркәсіп»,
«әскери комплекс», «қару-жарақ», «қарулану»,
«әскери блок», «соғысқа әзірлену», т.с.с.
қолданылса, сөз жоқ, тіл мәдениеті өзінен-өзі
байқалып тұрады.
Саяси мәдениет осы аталғандармен ғана
шектелмейді. Ол саяси іс-қызметті де қамтиды.
Оған адамның саяси жүйеге қатынасы және
т.б. жатады. Әр түрлі елдерде бұл мәселе¬лерге
көзқарас та, олардың шешімі де біркелкі
емес. Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан
қашпауға, оларды басқара білуге немесе
одан әрі өрбітпеуге, әлеуметтік «қопарылысқа»,
сілкініске жеткізбеуге үйретеді.
Қоғамдық жағдайларға, сонымен қатар көпшілік
арасында кең тараған ереже, қалып, үлгілерге
байланысты саяси мәде¬ниет әр түрлі болады.
Мұны мәдениеттің әр түрлілігі дейді.
Оны ғалымдар әр алуан жіктейді. Солардың
ішінде ең көп тараған Г. Алмонд пен С.
Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген
кітабында келтірілген жіктеуі. Олар Алманияның,
АҚШ-тың, Англияның, Италияның, Мексиканың
саяси жүйелерін талдай келіп, саяси мәдениетті
патриархалық, азаматтық және қоғамшыл
етіп үш түрге бөледі. Бірақ ол көбінде
аралас болып келеді.
Қоғамның жеке топтарының саяси мәдениеті
де пайда болады. Оны субмәдениет дейді.
Мысалы, Алматы мен Шымкент тұрғындарының
саяси ойлауы мен өзін-өзі ұстауында шамалы
ғана өзгешелік байқалса, Қазақстан мен
Балтық жағалауы республикаларының саяси
мәдениетінде елеулі айырмашылықтар бар.
Бұрынғы КСРО-ны тұтасымен алсақ та соны
байқауға болады.
Саяси мәдениетті қалыптастыруда ең алдымен
мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң
шығару, атқару және сот орган¬дары арқылы
атқарады. Мемлекет ұлттық саяси рәміздердің
қалыптасуын қатаң қадағалайды. Айталық,
республиканың туын, елтаңбасын, әнұранын,
ақшасын, т.б. қалыптастырады. Мемлекетпен
қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға
қоғам¬дық ұйымдар, әсіресе партиялар
да қатысады. Саяси мәде¬ниетті қалыптастырушы
күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды
да қосады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда
ақпарат құралдары көп рөл атқарады. Қазір
олардың биліктің төртінші саласы деп
жүргені тегін емес. Дамыған өркениетті
елдерде бизнес те саяси мәдениеттің қалыптасуына
ықпал етеді. Саяси мәдениетті қалыптастыруға
тікелей және мақсат¬ты түрде қатысушылардың
қатарына академиялық қауым да жатады.
Оның рөлі әсіресе АҚШ-та өзгеше көзге
түседі.
Кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға
әскер де қатысады. Мәселен, бұрынғы Пруссияның,
Алманияның, тіпті оның бергі жағында
бұрынғы Кеңес Одағының саяси мәдение¬тінің
біраз жақтары осыған айғақ бола алады.
Саяси мәдениеттің жалпы міндеті – белгілі
бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы
жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы
мүмкін. Солардың бірі – саяси әлеуметтену,
яғни саяси процесті жасаушы адамдардың
белгілі бір ереже¬лер мен қазыналарды
меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлес¬тіктердің
біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі
тәрбие мен білім алу, балалар және жастар
саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында
өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті
жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді.
Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде
адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін.
Бұрынғы Кеңес Одағында саяси мәдениеке
нұқсан келті¬рілгені белгілі. Ал Одақ
ыдырағаннан кейін кейбіреулер мем¬лекеттік
басқару органдарының толық саясатсыздандыры¬луына,
идеологиясыздандырылуына шақыруда. Президент
Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «соңғы уақытта
көзқараста алаң¬датарлық тенденциялар
байқалуда, ал ол мәдени, саяси құн¬дылықтардан
жұрдай жас ұрпақтың өсіп, ержетуіне әкелуі
мүмкін. Қоғамдық пәндердің екінші дәрежедегі
қатарға құлды¬рауы практикасымен келісуге
болмайды». Керісінше, халық демократиялық
жолмен даму тәсілдерін, бұрынғы тоталитар¬лық
тәртіпті болдырмау әдістерін жақсы білуі
керек. Сондықтан күні кешегі құбыламыздың
– Мәскеу, Меккеміздің – Кремль, құранымыздың
– СОКП-ның тарихы, мешітіміздің – партияның
саяси ағарту үйлері болғандығын есте
сақтай отырып, оның ауылының келмеске
кеткендігін де қанағат тұтқандығымыз
жөн.
Қорытынды
Жалпы алғанда адамның ел ішіндегі
және басқа елдердегі жағдайлар жөнінде
жақсы хабардар болуы – оның саяси мәдениетінің
жоғары, тұрақты болуының кепілі.
Халық арасында мәдениеттілік саясатты
жүргізгенде мына мәселелерге мән берілгені
жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің
саяси құқығын, еркі мен міндеттерін білуі,
мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, саяси
мәселелерді шешу, қоғам мен мемлекеттік
басқарудың түрлері жөнінде хабардар
болу, мемлекеттің, халықтың асыл мұратын
білу, өкімет пен саясат жөнінде білімі
болу және т.с.с. Егер өз мемлекетінің және
басқа елдің тарихын, олардың қалыптасуы
мен даму кезеңдері туралы түсінігі болса,
тіпті орынды болмақ.
Мәдениеттік саясатты жүргізудің тісілдері
мол. Оған ең алдымен оқу-ағарту жүйесін
жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады.
Қазір БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, жер
шарының 700 миллионға жуық ересек халқы
сауатсыз.
Мәдениеттілік саясатты жүргізуде ғылымдарды
дамытудың рөлі зор, әсіресе қоғамдық
ғылымдар адамдарға өздерінің саяси қатынастарының
қожасы болуына, әлеуметтік тұрмысы¬ның
заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі.
Бұл ғылымдар өмірді жаңа негізде құруға,
қоғамдық қатынастарды жетіл¬діруге,
әлеуметтік-экономикалық процестердің
болжамын жа¬сауға кең өрістер ашады.
Адамның саяси дамуы, оның ішкі дүниесінің
толымдылығы, дүниетанымы мен адамгершілік
келбетінің қалыптасуы әде¬биет пен өнердің
өркендеу деңгейіне байланысты.
Әдебиеттер тізімі
- Айтбаева А. Модернизация, глобализация и национальное государство.-Мысль, 2009.-№3.
- Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1994.
- Жақсылықов Е. Гражданское общество: политологический аспект // Мысль. – 2004.- №12.
- Қапесов Н. Саясаттану. А., Жеті жарғы. 2003.
- Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н. Саясаттану. Астана, 2006.

- Кеңселік жиһазды жасау цехын құру
- Кеплер и его предшественники. Закон тяготения Ньютона
- Кеплер Иоганн: труды и жизнь
- Кераит
- Керамзит
- Керамзитобетон
- Керамзитовые изделия
- Кентавры в греческой мифологии
- Кентауский трансформаторный завод
- Кеңес милициясының қалыптасуы!
- Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы КОКП – бұрынғы КСРО-дағы билеуші саяси партия
- Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
- Кеңестер дәуірінің мектебі мен педагогикасы