Киото хаттамасы

 

11Киото хаттамасы

Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық  проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында  қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат.

1980 жылы әлемдік қоғамдастықтың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұ­хит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сай­ын әуеге көтерілген метан мен кө­мірқышқыл газы жерді қатты қы­зып кетуден сақтайтын инфра­күл­гін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық бере­тін стансалардан, қаладағы кәсіп­орындардан бөлінген көмірқыш­қыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.

Зиянды газдардың ауаны  бұлайша ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстың индус­трия­сының дамуы қарқын алған елде­рінде көбі­рек орын алуда. Осындай атмо­сфе­радағы антропогендік өз­ге­рістердің Жер шарының жылыну проблема­сы­на алып келетіндігін ресми мойындау 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басын­да Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкі­мет­аралық сараптау тобының баян­да­ма­ларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-Жаней­ро­да өткен Жаһандық орнықты даму самми­тін­де антропогендік өзгеріс­тер­ге ұшы­рамау үшін ауаға бөлі­не­тін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан бастап күшіне енді.

Жалпы, климаттың антропо­ген­ді өзгеруінің әсері қай деңгейде бо­луы мүмкін деген сауалға жауап із­деп кө­рейік. Ғалымдар планета­да­ғы климат жылылығы 2 градусқа жо­­ғарылағанның өзінде Жер ша­рында 500 млн. адам ауыз судан тап­шылық көреді, 3 градусқа жы­лығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады  деп есептейді. Себебі, климат өзгеріске  ұшыраған сайын тегеурініне шыдас  бермейтін қатты дауылдар, топан  сулар қаптауы жиі­лей беретін  бо­ла­ды. Бұдан, әри­не, бірінші кезекте  ауыл шаруа­шы­лығы үлкен зиян ше­гетіндігі ай­қын. Ал ол өз кезегінде азық-түлік  тап­шылығына алып келеді. Әлем­дік мұхит  деңгейінің өсуінің де қатері аз емес, геогра­фия­лық кар­таның суреті қазіргі  уақытқа мүлде ұқсамай, Голландия  сияқты елдер мен Нью-Йорк секілді  жа­ға­лауға жақын орын тепкен қалалар  мен көптеген әсем аралдардың су асты­на  кету қаупі бар. Нидерланды, Ұлы­британия сияқты аралдағы мемлекеттер, Кариб  бассейніндегі және Оңтүстік-Шығыс  Азиядағы арал мемлекеттер үшін бұл  қиын­дық­тың салмағы тым ауыр болмақ.

Жердің орташа температурасы  қазіргі кезде 14 градус Цельций, Фаренгейт  бойынша 57 градусты көр­сететіні есептеп  шығарылды. Негізінен атмосфераға  булы газ­дар­­дың көтерілуі табиғи нәрсе. Алай­да, ғалымдар адамдардың тір­ші­лігінің нәтижесінде булы газ­дар­дың көте­рі­луі  молайып кеткендігін алға тар­тады. Әсіресе, ол соңғы 50 жылда қат­ты көтерілген. Олардың ішінде көмірқышқыл газының көтерілуінің салдары Жер шары­ның жылынуына алып келеді деге­німізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін айта кеткен ләзім. Бірік­кен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тарта ғалым тартылған “Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарап­шы­лар тобының” (КӨҮСТ) 2007 жыл­ғы төртінші соңғы есебін­де 1906-2005 жылдар аралығында жер тем­пературасының жылынуы 0,74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының оңтүстігінде олардың жылыну дең­гейі төмен, ал солтүстіктегі құр­лық­та жылыну жоғары. Спутник арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе, Солтүстік жартышарда оның аума­ғы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға жұқарған. Гренландия мен Арктика мұздары­ның жылдамдықпен еруі зардабы­ның дәмін алғашқы болып сол­түс­тік­тің ақ аюлары татып жатса керек.

Бұл орайда, Вашингтон уни­вер­си­тетінің ғалымдары Игнатиус Ригор мен  Джо Валластың соңғы 25 жылдың ішінде жүргізген зерттеулері де көңіл  аударар­лықтай. Мұз көлемінің азаюы  мен жұқаруының Сол­­түс­тік мұзды  мұхитында­ғы ағыстар мен Арктикаға  ғана емес, Солтүстік Атлантикаға  да әсері бар екендігі айтылады. Ғалым­дар арада 30-40 жыл өткенде  Сол­түстік мұзды мұхитының жылдың жылы мезгіл­де­рінде толығымен  мұз құр­сауы­нан босанатындығын алға тар­та­ды. Әлем­нің ең биік мұзарт шың­ды Ги­малай тауларының да мұздақ­тарына  еру қаупі төнген. Егер дәл бүгінгі  қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жыл­дары мұздақ­тардың үштен  екісі, ал 2100 жыл­дары бар­лығы еріп кетеді.

Экожүйедегі ауытқулардың фау­на мен флораға әсері де айтар­лық­тай. Жыл құстары ерте келіп, кеш кетуді бастаса, өсімдіктердің 30-40 пайызына ортасының  өзгеруіне байланысты жойылып кету қаупі туған. Өйткені, жүздеген, мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан тірлік ырғағының  ауысуына тез арада ілесе алмау  жер бетіндегі түрлердің жұтаң­дануына  алып келмек. Ауа температурасы 1 градусқа жылыған күнде ормандардың да басына қауіп төнеді екен. Орман  жүйесі болса көміртегінің 80 пайызын  табиғи сіңіруші, ал орман ағаштары тип­тері­нің ауысуы орасан мол мөл­шер­де көміртегін бөлу арқылы жүреді.

КӨҮСТ-тің соңғы есебінде сондай-ақ орташа температураның өсу  деңгейі сақталады, бірақ оның жылдамдығы мен ұзақтығы бола­шақ­та булы газдардың  эмиссиясы­ның азаюына тәуелді  деген ұйғарым жасалған. Белгілі  ағылшын эконо­мисі Лорд Николас  Штерн 2050 жылы миллиондаған адам ұзаққа созылған құрғақшылық пен өзге де климаттық ауытқулар: су басу мен  жойқын дауылдардан, аштықтан қашқан “климат  босқыны” болуы мүмкін деген қауіп  айтады. Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ  КӨҮСТ-нің басшысы Др. Пачаури  адамзат баласының қазіргі жағдайды өзгертуге 10 жылдай ғана уақыты бар  деп есептейді. Сайып келгенде климаттың  антропогенді өзгеруінің салдары көлік  және басқа да инфрақұрылымдарға  да орасан зор зиянын тигізбек. Бұлардың бәрі, тұтастай алғанда, жаһандық тұрғыда  алға шығатын экономикалық, әлеу­меттік, саяси проблемалардың қан­ша­лықты күрделі болатындығын бү­гінгі күннің өзінде ұғындырса керек. Ал эмиссия  көлемі жөнінен ТМД мемлекеттері ішінде Ресей мен Ук­раи­надан кейін  тұрған біздің еліміз үшін ол әсер жоқ  десек, шын­дықты бұрмалағанымыз болып  шығар еді.

Киото хаттамасының экономи­калық  негіздемесінің басты тіні етіп англо-америкалық экономист Рональд Коуздың экономикалық жекеменшік құқық теориясы алынған. Коуз теориясына дейін қор­ша­ған ортаның  ластануын зерт­теу­шілер онымен күресте  мемлекет өндіріс қалдықтарындағы  зиянды заттар концентрациясының ең жо­ға­ры нормасын және ауаға шыға­рылатын зиянды заттардың ең жо­ғары нормасын анықтап, одан асып кеткенде нормативті бұзғаны үшін айыппұл салып, жауапқа  тартып отыру қажет деп келді. Ал Коуз және оны жақтаушылар жоғарыда көр­сетілген шаралардың жетімсіз болатындығын алға тартты. Олар бек­ітілген нормадан ауытқымаса да қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынның ешкімге жауап бер­мейтінін, әрі жоғарыдағы нормалар барлық кәсіпорындар үшін бірдей алынғандығын көлденең тарта отырып, мұндай үдерістен пайда жоқ деп санайды. Сондықтан, рет­теу шы­ғарылған өнім қоғамға қан­ша­лық­ты қажет деген критериймен өлшенуі керек дейді. Сол себептен, Коуз дау тудырушы нысан ретінде кәсіп­орын­ның өзін емес, қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынды пайдалану құқығын қарастырады. Мұндай құқық кәсіпорынның кімге тиесілі екеніне қарамастан, келісім мен сату және сатып алу нысанына айналады. Коуз идеясы бойынша, бұл құқық сату-сатып алу актілерін жасау арқылы түптің-түбінде ны­санды тиімді пайдаланатынның қолына өтеді.

Коуз көзқарасы қоршаған орта­ны ластаумен күрестегі  ұстаным­дар­ды түбегейлі өзгертті. Енді, мемле­кет, жоғарыда көрсетілгендей, зиян­ды қалдықтар шығуының норма­тивін  жасаумен шұғылданбайды, тек зиянды заттар шығуының ең жоғары көлемін  хаттама негізінде белгілейді, сол  көлемде ластауға лицензия бе­ріп, оны аукцион арқылы ең көп ақша төлегеніне сатады. Кейін ли­цен­зияға сәйкестік қана қадағала­нып отырады. Сонда зиянды қал­дық­тар мен  зиянды заттар концен­тра­циясын бөлу ақылы болып, мемлекеттік аукциондарда лицен­зия­ны сатып алушы фирма  оны бас­қаларға өсіріп сатуға да мүмкіндік алады. Осылайша кейбір дамыған  елдер атмосфераға зиянды заттар бөлудің ұлттық рыноктарын құра бастады.

Егер мемлекет өзіне тиесілі  квотаны толық жұмсамайтын болса, онда өзінен артылған бөлігін өзге елге сата алады. Бұл ретте көршіміз Ресей өзінің квотасын толық көлемде  жұмсай алмай отыр. Ал біздің елде квотаның мұрты да бұзылмайтындай шамада. Хаттама­ның  тағы бір маңызы – дамыған елдер  мен өтпелі экономикадағы елдер  булы газдардың атмосфераға шығарылуын азайтуды бірігіп ат­қаратын мүмкіндігі бар. Ол қалай жүзеге асады? Мәселен, бір елдің атмосфераны ластау деңгейі төмен де, енді біреуінікі жоғары. Төмен деңгей көрсеткен ел атмосфераға газ шығарудан өзі  жинаған бір­ліктерін жаңағы мұқтаж елге беріп, пайдасын көреді.

Киото хаттамасына енудің эко­но­микалық жағынан тиімділігін  ұққан Ресей хаттаманы ратифи­ка­циялады  және өз экономикасына жылына 4-6 млрд. доллар көле­мін­де шетелдік инвестиция тартуды көздеп отыр. Алайда, атмосфераға  зиянды заттарды бөлудің алдыңғы  легіндегі, барлық зиянды шыға­рын­дының 36,1 пайызын алып отырған АҚШ асығар емес. Мұ­хит­тың арғы жағындағы алпауыт  елдің хаттаманы ратифика­ция­ла­мауының  ресми себебі – Қытай, Үндістан тәрізді  ауа ластауда әжеп­тәуір “үлестері” бар дамушы елдердің осы халықаралық  құжат­ты ратификацияламауы. Бұл, екінші жағынан АҚШ-қа тиімді.

Қазақстан және Киото хаттамасы[өңдеу]

 

Қазақстан Киото хаттамасы­ның  тетіктері арқылы энергия үнемдеуге  байланысты үлкен ин­вестиция тартуға  мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикі­зат­тық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары техноло­гия­лық  өндіріс үдерістеріне өзге­ре­тін  болады. Цифр тілімен сөй­ле­сек, Қазақстанда  жыл сайын ауаны 213 миллион тонна  өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміз­де­гі жоғары булы газдың шығарын­дысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына  тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті  жоғары. Қазақстан инвестициялық  жобаларды іске асыру үшін Киото  хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвести­ция­лы­қ жобалар бірнеше  есе арзан­ға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар  не­гізінде құрал-жабдықтарды жаңар­тып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.

Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік дең­гейде  климаттың өзгеруі бойынша шешім  қабылданарда Қазақстанды дауыс  беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық эко­логиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама  уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте  хаттаманы ратификациялау бағытындағы  жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат  Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды.

Енді Киото хаттамасын рати­фи­кациялау Қазақстанның әлем­дегі  инвесторлары мен серіктестері арасында оң пікір қалыптастырып, елімізде “Киото үдерісін” дамы­ту­ға, тиімді энергия  саясатын енгізу­ге, зиянды заттардың  шығарын­ды­ларын қысқартуға, сондай-ақ бар­лық экономикалық саладағы ашық­тыққа жетуге оң ықпал етеді. Мұның Бүкіләлемдік сауда ұйы­мы­на (БСҰ) кіру кезінде  сөзсіз ар­тықшылығы болады. Әрі хаттама­ның  экономикалық тетіктері то­лық­қанды жұмыс атқарғанда қа­зақ­стандық бизнес те жаңа мәрте­бені иеленеді. Яғни, әлемдік  рынокта булы газдар шығарын­ды­ларын саудалауда өзгелермен тең құқылы қатысушы болады.

Киото хаттамасын ратифика­ция­лау, сондай-ақ Қазақстанға қа­зіргі заманғы  тиімді технологиялар түріндегі 1 млрд. АҚШ доллары­нан астам қаржыны  – дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің жыл сайынғы инвестицияларын  тартуға жол ашпақ. Бұл технологиялар  трансферті жабдықтардың тозуы 60 пайызға  жеткен және оны жаң­ғырту көлемді  инвестицияларды талап ететін энергетикалық  сек­торға бағытталатын болады. Қазақстанның өндірістік күшін өсірмеу үшін міндетті түрде Кито хаттамасын ратификациялау қажет. Батыстың жырымдап беретін қаржысы  уақытша және алдамшы. Экономиканың негізі өнеркәсіп,егер өнеркәсібіміз  дамымаса және еліміз біржақты яғни жер  қойнауындағы байлықпен ғана дамитын  болса,онда экономикамыз басқа елдерге  тәуелді болады. Киото хаттамасын тек экологиялық құжат деп  қабылдауымыз қате. Бұл халқаралық құқыққа сай, дамушы мемлекеттердің экономикасын/дамуын заңды реттеу құралы. Қорыта айтқанда, Киото хат­та­масына  қосылу қоршаған ортаны қорғауды басқарудың сапасын көтеріп, индустриялық-иннова­ция­лық дамуды жеделдетуге, сон­дай-ақ тараптар конферен­ция­лары­на қатысу құқығына ие болу арқылы бүкіл әлемнің энергети­ка­лық  саясатына тікелей әсер ететін келіссөздерде  еліміздің энергети­ка­лық саясатын қорғауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Ауа райының өзгерiсi туралы оонның Қапталды конвенциясы қосымша  ретiнде 1997 жылдың желтоқсанындағы  Жапония Киото қабылданған халықаралық  құжат киото хаттамасы. Оның дамыған елдерi және ауыспалы экономикасы бар ел 1990 жылмен салыстырғанда 2008-2012 жылдардағы парникте өскен газдардың лақтыруларын қысқартып немесе тұрақтандыруға мiндеттейдi. Хаттаманың қол қоюын мерзiм 1998 жылдың 16 наурызын ашылды және 1999 жылдың 15 наурызын бiттi. Киото хаттамасы 159 мемлекеттердi қол қойды ма? 2005 жылдың 16 ақпанының күшiне енiн киото хаттамасы парникте өскен газдардың лақтыруларына жиынтық квотасы 55 пайыздарды асатын оның елдерiнiң Бекiтуiнен кейiн.

 

Келiсiм шартының әсер мерзiмi 2012 жылмен шектеледi, кейiн жаңа бекiту не талап етедi. Қол қоятын елдiң  Киото хаттамалары 1990 жылдың деңгейiмен  салыстырғанда 5, 2 пайыздағы 2012 жылына глобалдi жылыну шамданған өнеркәсiптiк  газдардың тағы басқалары көмiртектiң  екi тотығы, метанның атмосферасына  лақтыруларды қысқартуды қажеттiлiк  туралы келiсiм шарттарына келдi.

 

Киото хаттамасының 2005 жылының ақпанына Еуропалық одақтың барлық елдерiн бекiттi.

 

Индия және Қытай хаттамаларды бекiтпедi. АҚШ және Австралия 2013 жылға дейiн бекiтуде қатыспауы туралы арыздарды жасады. Киото хаттамасы - глобалдi экологиялық мәселелердiң шешiмге арналған нарықтық тетiк қолданушы бiрiншi халықаралық құжат.

 

Квоталармен сауданы бұл деп аталатындарға - лақтыруларға шешулермен. Егер ел өз квотасын толық тұтынбаса, онда ол басқа елге еркiн бөлiктi қайта жол берiп немесе сата алады. Сонымен бiрге принциптi парникте өскен газдар ластайтын зат емесi маңызды, сондықтан бұл сауда емес бұл егер лақтыруларға квота болатын болар едi меншiктi тұрғынның денсаулығының олардың лақтыруларына шешулермен сауда, айтамыз, диоксинбiз. Киото хаттамасының басқа мүмкiндiгi, бұл дамыған елдер және ауыспалы экономикасы бар ел елдер бiрлер аумақтағы атмосферасына парникте өскен газдардың лақтыруларын төмендету бойынша жобаларды жүзеге асыратын және содан соң 2008-2012 жыл алған эффект сонымен бiрге лақтыруларды төмендетудiң алған бiрлiктерi бiр-бiрi алып бере бөле алатын.

 

Мұндай жобалар бiрлескен жүзеге асырудың жобаларының атауларын алды. Аралық сол, арасында өнеркәсiптiк газдардың лақтырулары тап әлемдегi ауа райының өзгерiстерiне ықпал ететiн туралы бiртұтас пiкiрлер ғалым жоқ.

 

Келiсiмнiң жаулары, оның бекiтуiн Ресейге экономикалық дамытуды бәсеңдiкпен артына қарағанда санайды.

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының

Климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк  конвенциясына 

Киото хаттамасы

 

      Осы Хаттаманың  тараптары, 

      бұдан әрi "Конвенция" деп аталатын  Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Климаттың  өзгеруi туралы негiздемелiк конвенциясының  Тараптары болып табыла отырып,

      Конвенцияның 2-бапта айтылғандай түбегейлi мақсатына  кол жеткiзу мақсатында,

      Конвенцияның  ережелерiне сiлтеме жасап, 

      Конвенцияның 3-бабын басшылыққа ала отырып,

      Конвенция  Тараптары Конференциясы бiрiншi сессиясының 1/СР.1 Шешiмiнде қабылданған  Берлин мандатын атқару үшiн, 

      төмендегiлер  туралы уағдаласты:

 

1-бап

 

      Осы Хаттаманың  мақсатына орай Конвенцияның 1-бабында  қамтылған анықтамалар қолданылады.  Бұған қоса:

      1. " Тараптардың  Конференциясы " Конвенция Тараптарының  Конференциясын бiлдiредi.

      2. " Конвенция  " Нью-Йоркте 1992 жылғы 9 мамырда  қабылданған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының  Климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк  конвенциясын бiлдiредi.

      3. " Климаттың  өзгеруi жөнiндегi үкiметаралық топ  " 1988 жылы Дүниежүзiлiк метеорологиялық  ұйым мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының  Қоршаған орта жөнiндегi Бағдарламасы  бiрлесiп құрған Климаттың өзгеруi жөнiндегi үкiметаралық сарапшылар  тобын бiлдiредi.

      4. " Монреаль  хаттамасы " 1987 жылғы 16 қыркүйекте  Монреальда қабылданған, өзiне  кейiннен енгiзiлген өзгерiстерi мен  түзетулерi бар Озон қабатын  бүлдiретiн заттар жөнiндегi Монреаль  хаттамасын бiлдiредi.

      5. " Дауыс  беруге келген және оған қатысқан  Тараптар " келген және жақтап  немесе қарсы дауыс берген  Тараптарды бiлдiредi.

      6. " Тарап  ", егер контексте басқаша болмаса,  осы Хаттаманың Тарабын бiлдiредi.

      7. " I қосымшаға  енгiзiлген Тарап " Конвенцияға  I қосымшаға оған енгiзiлуi мүмкiн  түзетулермен енгiзiлген Тарапты немесе Конвенцияның 4-бабының 2 "g" тармағына сәйкес хабарлама ұсынған Тарапты бiлдiредi.

 

2-бап

 

      1. I қосымшаға  енгiзiлген әрбiр Тарап 3-бапқа  сәйкес өзiнiң шығарындыларды  шектеу және қысқарту жөнiндегi белгiлi бiр сандық мiндеттемелерiн  орындау кезiнде тұрақты дамуды  көтермелеу мақсатында:

      а) өзiнiң  ұлттық жағдайларына сәйкес 

      i) ұлттық  экономиканың тиiстi секторларында  энергия пайдаланудың тиiмдiлiгiн  арттыру; 

      ii) өзiнiң  тиiстi табиғат қорғау келiсiмдерi бойынша мiндеттемелерiн ескере  отырып, Монреаль хаттамасында реттелмеген  парник газдар сiңiргiштерi мен  жинақтағыштарын қорғау және  олардың сапасын арттыру; орман  шаруашылығын жүргiзудiң ұтымды  әдiстерiне, тұрақты негiзде ормандануға  және орманды қалпына келтiруге  жәрдемдесу;

      iii) климаттың  өзгеруiне байланысты пайымдаулар  тұрғысынан ауыл шаруашылығының  тұрақты нысандарын көтермелеу;

      iv) жаңа және  қалпына келетiн энергия түрлерiн,  көмiртегi диоксидiн сiңiру технологияларын  және инновациялық экологиялық  жағынан қауiпсiз технологияларды  енгiзуге жәрдемдесу, зерттеу жұмыстарын  жүргiзу, әзiрлеу және барынша  кеңiнен пайдалану; 

      v) парник  газдарын шығару көздерi барлық  секторларда Конвенция мақсатына  қайшы келетiн нарықтық диспропорцияны, фискалдық ынталанлыруды, салық  пен баждардан босатуларды және  субсидияларды бiртiндеп қысқарту  немесе жою, нарықтық құралдарды  қолдану; 

      vi) Монреаль  хаттамасында реттелмеген парник  газдары шығарындыларын шектейтiн  немесе қысқартатын саясат пен  шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу  мақсатында тиiстi секторлардағы  тиiстi реформаларды көтермелеу;

      vii) көлiкте  Монреаль хаттамасында реттелмеген  парник газдары шығарындыларын  шектеу және/немесе қысқарту;

      viii) қалдықтарды  жою кезiнде, сондай-ақ энергияны  өндiру, тасымалдау және бөлу кезiнде  метанның шығарындыларын рекуперациялау  және пайдалану жолымен шектеу  және/немесе қысқарту секiлдi саясат  пен шараларды жүзеге асырады  және/немесе одан әрi әзiрлейдi;

      b) Конвенцияның  осы бабына, 4-бабының 2 "е""i" тармағына сәйкес қабылданатын  саясаты мен шараларының жеке-дара  және бiрлескен тиiмдiлiгiн арттыру  мақсатында басқа осындай Тараптармен  ынтымақтасады. Осы мақсатта осы  Тараптар өз тәжiрибесiн тарату  және осындай саясат пен шаралар,  оған қоса олардың салыстырмалылығын,  ашықтығы мен тиiмдiлiгiн арттыру  тәсiлдерiн әзiрлеу туралы ақпарат  алмасу үшiн қадамдар жасайды.  Осы Хаттама Тараптарының кеңесi  ретiнде әрекет ететiн Тараптар  Конференциясы өзiнiң бiрiншi сессиясында  немесе практикалық тұрғыдан  мүмкiн болуына орай кейiннен  осындай ынтымақтастыққа барлық  бар ақпаратты ескере отырып  жәрдемдесу жолдарын қарастырады. 

      2. I қосымшаға  енгiзiлген Тараптар әуе және  теңiз тасымалдарында бункер отының  пайдалану нәтижесiнде құралған, Монреаль хаттамасында реттелмеген  парник газдары шығарындыларын  шектеуге немесе қысқартуға Халықаралық  азаматтық авиация Ұйымы және  Халықаралық теңiз Ұйымы арқылы  әрекет ете отырып ұмтылады.

      3. I қосымшаға  енгiзiлген Тараптар осы бапқа  сәйкес саясат пен шараларды  Конвенцияның 3-бабын ескере отырып, қолайсыз салдарларды оның iшiнде  климаттың өзгеруiнiң қолайсыз  салдарларын, халықаралық саудаға  әсердi және басқа Тараптар  үшiн, әсiресе дамушы елдер болып  табылатын Тараптар үшiн, атап  айтқанда, Конвенцияның 4-бабының 8 және 9-тармақтарында атап тiзбеленгендер  үшiн барынша азайтатындай етiп,  жүзеге асырады. Осы Хаттама  Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет  ететiн Тараптар Конференциясы  қажет болған жағдайда, осы тармақтың  ережелерiн жүзеге асыруға жәрдемдесу  мақсатында одан әрi iс-әрекеттер  жасауы мүмкiн. 

      4. Осы Хаттама  Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет  ететiн Тараптар Конференциясы,  егер ол әртүрлi ұлттық жағдайлар  мен әлеуеттi салдарларды ескере  отырып, жоғарыда 1-тармақта көзделген  кез келген саясат пен шараларды  үйлестiрудiң пайдалы екенi туралы  шешiм қабылдаса, осындай саясат  пен шараларды үйлестiру жолдары  мен iске қосу құралдарын қарастырады.

 

3-бап

 

      1. I қосымшаға  енгiзiлген Тараптар мiндеттемелердiң  2008 жылдан бастап 2012 жылға дейiн  қолданылуы кезеңiнде олардың  осындай газдарды жалпы шығаруын 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда  кемiнде бес процентке қысқарту  мақсатында олардың А Қосымшада  атап тiзбеленген, көмiртегi диоксидi  баламасындағы бiрлескен антропогендiк  парник газ шығаруының В Қосымшада  тiркелген және осы бап ережелерiне  сәйкес шығарындыларды шектеу  және қысқарту жөнiндегi белгiлi  бiр сандық мiндеттемелердi орындауы  үшiн есептелiп, оларға арнап  белгiленген саннан асып кетпеуiн  жеке-дара немесе бiрлесiп қамтамасыз  етедi.

      2. I Қосымшаға  енгiзiлген әрбiр Тарап 2005 жылға  дейiн осы Хаттама бойынша өзiнiң  мiндеттемелерiн орындауда айқын  прогреске қол жеткiзедi.

      3. I Қосымшаға  енгiзiлген әрбiр Тараптың осы  бап бойынша мiндеттемелерiн орындауы  үшiн жер пайдаланудағы және  орман шаруашылығындағы өзгерiстер  саласындағы 1990 жылдан бастап  орманданумен, орманды қалпына келтiрумен  және ормансызданумен шектелген  адам қызметiнiң тiкелей нәтижесi  болып табылатын көздерден шығарындылар  және парник газдарды сiңiрушiлер  абсорбциясы шамасына мiндеттемелер  қолданылуының әрбiр кезеңiнде  жинақтауыштарда тексеруге келетiн  өзгерiстер ретiнде өлшенетiн таза  өзгерiстер пайдаланылады. Қызметтiң  осы түрлерiмен байланысты көздерден  шығарындылар және парник газдар  сiңiргiштерiнiң абсорбциясы туралы  баяндамалар ашық және тексеруге  келетiн түрде табыс етiлiп, 7 және 8-баптарға сәйкес қаралады.

      4. I Қосымшаға  енгiзiлген әрбiр Тарап осы Хаттама  Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет  ететiн Тараптар Конференциясының  бiрiншi сессиясына дейiн Ғылыми  және техникалық аспектiлер бойынша  консультация беруге арналған  көмекшi органының қарауына деректердi  оның 1990 жылы көмiртегiнiң жинақталу  деңгейiн белгiлеу үшiн және  кейiнгi жылдары оның көмiртегi жинақталуында  болған өзгерiстерге бағалау жүргiзу  үшiн табыс етедi. Осы Хаттама  Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет  ететiн Тараптар Конференциясы  өзiнiң бiрiншi сессиясында немесе  практикалық тұрғыдан мүмкiн болуына  қарай кейiннен, баяндамалар табыс  етiлген кездегi беймәлiмдiлiк, ашықтық  факторларын, Климаттың өзгеруi жөнiндегi үкiметаралық сарапшылар тобының  ықтимал тексерулерiн, әдiстемелiк  жұмыстарын, Ғылыми және техникалық  аспектiлер бойынша консультация  беруге арналған көмекшi орган  5-бапқа сәйкес ұсынатын консультацияларды  және Тараптар Конференциясының  шешiмдерiн ескере отырып, парник  газдар шығарындыларындағы және  олардың абсорбциясындағы ауыл  шаруашылығы жерлерiн пайдалану,  жер пайдалану және орман шаруашылығы  тұрғысындағы өзгерiстер санаттарындағы  өзгерiстермен байланысты адам  қызметiнiң қай және қандай  қосымша түрлерi I Қосымшаға енгiзiлген  Тараптар үшiн белгiленген санды  толықтыратынына немесе одан  шегерiп тасталатынына қатысы  бар шарттарға, ережелер мен  басшы принциптерге қатысты шешiм  қабылдайды. Тарап осы қызмет  түрлерi 1990 жылдан бастап орын  алған жағдайда адам қызметiнiң осы қосымша түрлерi туралы осындай шешiмдi өзiнiң мiндеттемелер қолданылуының бiрiншi кезеңiнде қолдануды шешуi мүмкiн.

      5. I Қосымшаға  енгiзiлген, нарықтық экономикаға  көшу процесiн жүзеге асыратын  және өздерiне Тараптар Конференциясының  екiншi сессиясында 9/СР 2 Шешiмiн орындау  тұрғысынан базалық жыл немесе  кезең белгiленген Тараптар осы  базалық жылды немесе кезеңдi өздерiнiң осы бап бойынша мiндеттемелерiн  жүзеге асыру үшiн пайдаланады. I Қосымшаға енгiзiлген, нарықтық  экономикаға көшу процесiн жүзеге  асыратын және өзiнiң Конвенцияның 12-бабына сәйкес бiрiншi ұлттық  хабарламасын әлi табыс етпеген  кез келген Тарап та осы  Хаттама Тараптарының кеңесi ретiнде  әрекет ететiн Тараптар Конференциясына  өзiнiң осы бап бойынша мiндеттемелерiн  жүзеге асыру үшiн 1990 жылдан  өзгеше базалық жылды немесе  кезеңдi пайдалану ниетiн хабарлай  алады. Осы Хаттама Тараптарының  кеңесi ретiнде әрекет ететiн  Тараптар Конференциясы осындай  хабарламаны қабылдау туралы  мәселенi шешедi.

      6. Осы Хаттама  Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет  ететiн Тараптар Конференциясы  I Қосымшаға енгiзiлген, нарықтық  экономикаға көшу процесiн жүзеге  асыратын Тарапқа олар осы  бапта көзделген мiндеттемелерден  басқа өздерiнiң мiндеттемелерiн  орындаған кезде Конвенцияның 4-бабының  6-тармағын ескере отырып, белгiлi  бiр икемдiлiк дәрежесiн бередi.

      7. Шығарындыларды  шектеу және қысқарту жөнiндегi белгiлi бiр сандық мiндеттемелердi қолданудың 2008 жылдан 2012 жылға дейiнгi бiрiншi кезеңiнде I Қосымшаға енгiзiлген  әрбiр Тарап үшiн белгiленген  сан ол үшiн В Қосымшада тiркелген  оның А Қосымшада тiзiп санамаланған, 1990 жыл үшiн немесе жоғарыда 5-тармаққа  сәйкес айқындалған базалық жыл  немесе кезең үшiн көмiртегi диоксидi  баламасындағы парник газдардың  таза жиынтық антропогендiк шығарындыларының  беске көбейтiлген проценттiк  үлесiне тең. I Қосымшаға енгiзiлген, өздерi үшiн 1990 жыл жер пайдаланудағы  және орман шаруашылығындағы  өзгерiстер парник газдары шығарындыларының  таза көздерi болған, өздерiнiң белгiленген  сандарын есептеу үшiн өзiнiң  шығарындыларына базалық 1990 жыл  үшiн немесе базалық кезең үшiн  көмiртегi диоксидi баламасындағы  жиынтық антропогендiк шығарындыларды 1990 жылғы жер пайдаланудағы өзгерiстер  нәтижесiндегi абсорбцияны шегере  отырып қосады.

      8. I Қосымшаға  енгiзiлген әрбiр Тарап жоғарыда 7-тармақта айтылған есептеу мақсаты  үшiн 1995 жылды гидрофторкөмiртегi, перфторкөмiртегi және күкiрт гексафторидi  үшiн базалық жыл ретiнде пайдалана  алады. 

      9. I Қосымшаға  енгiзiлген Тараптар үшiн келесi  кезеңдердегi мiндеттемелер осы  Хаттамаға Қосымшаларға 21-баптың 7-тармағының  ережелерiне сәйкес қабылданатын  түзетулерде белгiленедi. Осы Хаттаманың  Тараптары осындай мiндеттемелердi қарастыруды жоғарыда 1-тармақта  айтылған мiндеттемелер қолданылуының  бiрiншi кезеңi аяқталғанға дейiн  кемiнде жетi жыл бұрын бастайды.

      10. Қандай  да бiр Тарап басқа Тараптан 6-бапқа және 16-бис бапқа сәйкес  алатын шығарындыларды қысқартудың  кез келген бiрлiгi немесе белгiленген  бөлiктiң кез келген бөлiгi алатын  Тараптың белгiленген санына қосылады.

      11. Қандай  да бiр Тарап басқа Тарапқа  6-бапқа және 16-бис бапқа сәйкес  беретiн шығарындыларды қысқартудың  кез келген бiрлiгi немесе белгiленген  бөлiктiң кез келген бөлiгi беретiн  Тараптың белгiленген санынан  шегерiледi.

      12. Қандай  да бiр Тарап басқа Тараптан 13-бапқа сәйкес алатын шығарындыларды  қысқартудың кез келген сертификатталған  бiрлiгi алатын Тараптың белгiленген  санына қосылады.

Киото хаттамасы