Өкілдік және сенімхат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

 

Тақырыбы: «Өкілдік және сенімхат»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындағын:

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2012ж.

 

Жоспар

 

Кіріспе

1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

1.1. Өкілдіктің қолдану аясы

1.2. Өкілдіктің түрлері

2. Сенімхат

2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы

2.2. Сенімхатты тоқтату

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

Кіріспе

 

Азаматтық айналымда өкілеттілік  институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен  міндеттемелерін орындай алмаған  жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің  арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу  үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың  қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз  болар еді. Өкілеттілік көмегімен  тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.

Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше  рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс  істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра  алатын мамандарды тартуға қолайлы  келеді.

Өкілеттік қатынасында өкілеттілік  субъектілері үш субъектіні ажыратады - өкілет беруші, өкіл және үшінші тұлға. Өкілет беруші түрінде азаматтық  құқықтың кез келген субъектісі бола алады - заңды тұлға немесе азамат. Біріншіден, өкілдер толық әрекет қабілеттілікті иемденуі қажет. Екіншіден, заңды тұлғалар өкілдік қызметтерін  өз мойнына ала алады. Үшіншіден, заң кейбір субъектілердің өкілдік  қызметтерді орындау қатынасында  бірқатар тыйым салуларды құрайды. Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі үшінші тұлға бола алады.

Сенімхат ретінде бір тұлғаның екіншісіне үшінші тұлға алдындағы  өкілеттігі үшін берілетін жазбаша  құқығы түсіндіріледі. (АК 167 б. 1-б). Көп  жағдайда сенімхат ерікті өкілеттің  құқығын  бекіту үшін беріледі. Егер ерікті өкілдік өкіл жіберуші мен  өкіл арасында келісім  иемденбесе, сенімхат беру өзінің заңдық табиғаты бойынша бір-жақты мәмілені көрсететді. Басқаша айтқанда, сенімхат беру және оның заңдық күшін иемдену үшін өкіл келісімдігі талап етілмейді. Сенімхаттың мынандай негізгі түрлері бар, олар бірретік, арнайы және басты сенімхат.

Келісімге қарағанда,  сенімхат өкілдіктің сыртқы әсерін қамтамасыз етуге  шақырылған. Үшінші тұлға сенімхатпен таныса отырып, өкілдің қандай артықшылықты иемденетін біледі. Құқық шегінде  өкілмен жасалған кез-келген мәлімелер  және басқа да заңдық  әрекеттер  өкіл жіберуші үшін міндетті сипатқа  ие.

Сенімхатқа ұсынылатын талаптар. Сенімхат заң мәмілесіне ұсынылатын барлық талаптарға сәйкес келуі керек. Сенімхат құқықтық заңдық әрекет жасауға ғана берілуі мүмкін; өкіл жіберушінің еркі еркін қалыптасып, сенімхатта анық көрсетілуі тиіс; заңды тұлғаға берілген сенімхат арнайы құқық субъектілігіне қайшы келмейтін мәміле жасауға ғана қатысты болуы мүмкін.

 

 

1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

 

Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік  құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық  құқықтары мен міндеттерін тікелей  туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілдік инсттутының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше  нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс  істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра  алатын мамандарды тартуға қолайлы  келеді.

Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған  жағдайлардың бәрінде де өкілдікке  рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру  мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі  қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда  арада өкілдік жүрмейді. (АК-тің 163 -бабының 5-тармағы).

Өкілдік институтының мазмұны субъектілер  құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің  сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл, және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік  беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды  тапсырып, тиісті сенімхат берген болса  ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін  оның нүсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса  ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік  беруші үшін құқықтар мен міндеттер  тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез  келген субъектілері, құқық қабілеттілігі  бар немесе жоқ адам да, заңды  тұлға да өкілдік беруші бола алады .

Ал Азаматтық  құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды  тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі  алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік  жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.

Үшінші  жак, — азамат немесе заңды тұлға. Өкілдің онымен әрекетке түсуі нәтижесінде  өкілдік берушінің азаматтық  құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік  беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік  қатынасын асыра пайдаланғанда  екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып  табылады. Бірақ, Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа  бір адамның атынан немесе өкілеттігін  асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

Өкілеттіктің  туындауының негізі — заң фактісі  болып табылады. Заңда мынадай  өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген  өкіл ұстауға тілек білдірген  өкілдік берушінің еркі; заңда  көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана  өздерінің балаларының заңды  өкілдері бола алады, әрі олардың  құқықтары мен міндеттерін кез  келген жеке және заңды тұлғалар алдында  қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады ( АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі — тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы, өкілеттік  міндетті атқаруды талап ететін лауазымға  тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін ( АК-тің 163-бабының 1-тармағы). Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей  заңнан туындайды, әрі ол өкілдік  берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойынша  кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің  немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін  өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге  билік етеді.

Шартқа  негізделген өкілдік ерікті өкілдік  деп аталады. Мұның өзі өкілдік  берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің  атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің  өзімен де келісім жасау талап  етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің  ішкі қарым-қатынастарын айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).

Өз атынан болу — заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін  орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте  бір субъект болады, сырттан бөтен  тұлғаны аиналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).

Коммерциялық  өкілдіктің екінші түрі — басқалардың  мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезіңде өсиетті орындау  тапсырылған адамдар және т. б.).

Коммерциялық  өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі  тараптардың мүлделерін білдіре  алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің  ыждағаттылығымен орындауға міндетті.

Коммерциялық  өкіл өзіне белгілі болған сауда  мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне  берілген тапсырманы орындағаннан кейін  де құпия сақтауға міндетті (АК-тің 166-бабының 4-тармағы).

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы  коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері  заңмен белгіленеді.[1]

 

1.1. Өкілдіктің қолданылу  аясы.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабындағы талапты қалай толық  көлемді жүзеге асыруға болады.

Қазіргі кезде соттағы өкілділік институты  жағдай төмен өйткені, заңды реттелер жоқтың қасы, сотқа азаматтардың атынан талап арыздар кім көрінгенмен  жазылады, олардың кейбіреулері жоғарғы  білімді заңгер емес, ал, заңгер мамандығын меңгермеген азаматтардың сотқа  Азаматтық іс жүргізу нормаларын білмей «талап арыз» жазуының өзі  неге соқтыратынын біздер түсінеміз.

Кей кездері бірнеше рет қозғалыссыз  қалдырылып, қайтарылған, бірақ әлі  де болса түзетілмеген талап арыздарды  қабылдап жатамыз, бұның себебі неде, өйткені «Шағымдар» туындауы мүмкін. Соттар «соңынан істі сотта қарауға  дайындық бөлімінде түзеттіреміз»  деген оймен амалсыздан өз өндірісіне қабылдайды. Бұл әрекет кей жағдайда бір тараптың сотқа деген келеңсіз ойларын туындатады, бірақ амал жоқ  «бір арыз бірнеше рет сотпен қайтарылған» деген шағымдар туындамас үшін соттар осындай әрекеттер жасауға мәжбүр.

Бұл жағдайлар түптеп келгенде істі жан-жақты толық қаралуы үшін белгіленген сотта іс қараудың мерзіміне  кедергісін де тигізуі мүмкін.

Кейбір сот отырыстарында іске қытысып отырған тараптардың  өкілдерінің жоғарғы заңгер мамандығын былай қойғанда, жалпы жоғарғы  білімі жоқ екенін анықтап жатамыз, алайда заң бойынша оларға шектеу жоқ, олар сенімхат негізінде іске қатысып  отырған тұдлғалар.

Міне соттағы өкіліділіктің  қазіргі кезде осындай келеңсіз тұстары бар, осы мәселені қалай  шешудің жолы бар, қалай құқықтық реттеліу керек.

АІЖК-нің 58 бабымен істі өкілдер арқылы жүргізу көзделген, яғни, азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Ұйымдардың  ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік  құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің  шегінде іс-әрекет жасайтын олардың  органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары  сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын  құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа  өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік  актісіне негізделген істі сотта  жүргізуге тиісінше ресімделген  өкілеттігі бар әрекетке қабілетті  кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Осы тұрғыда  «кез келген адам» деген сөздің өзі  талқылануға түсуі қажет деп  есептеймін, бұл жерде өкілдерідің  барлығы адвокат болуы керек  деге ұсыныс емес, ең болмағанда « кез  келген жоғарғы білімді заңгер»  деген ұсынысты талқылау қажет сияқты. (Заңды өкілдерден басқалары)

Соттағы өкіліділік институтының бір түрі бұл, тапсырма бойынша өкілдік ету (59 бап).

Оларға:

1) адвокаттар;

2) заңды  тұлғалардың қызметкерлері - осы  заңды тұлғалардың істері бойынша; 

3) кәсіптік  одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін қорғауды  осы кәсіптік одақтар жүзеге  асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың  істері бойынша; 

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы  ұйымдар мүшелерінің құқықтары  мен мүдделерін қорғау құқығы  берілген ұйымдардың уәкілетті  адамдары;

5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа  адамдардың құқықтары мен мүдделерін  қорғау құқығы берілген ұйымдардың  уәкілетті адамдары;

6) басқа  тең қатысушылардың тапсырмасы  бойынша тең қатысушылардың біреуі;

7) іске  қатысушылардың өтінуімен сот  рұқсат еткен басқа да адамдар  тапсырма бойынша сотта өкіл  бола алады.[2]

Кәсіптік  одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа  осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын  құжаттарды беруі тиіс (осы Кодекстің 59-бабының 3, 4 және 5 тармақшалары).[4]

Адвокаттың  нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген жағдайда - адвокат  клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.

Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы  береді.

Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік  берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер  жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің  сәйкесті құқықтар мен міндеттер  туындайды. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 61 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді [8].

Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік  берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер  жасайтын тұлға істі қарау сатысында  түсініктемелер бергенде, дәлелдемелерді ұсынғанда, сот ісінің тілін меңгермеген  жағдайда аудармашы қамтамасыз етіледі.

 

1.2. Өкілдіктің түрлері

 

Заңды өкілдер:

Әрекетке  қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа  көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары нмесе қорғаншылары қорғайды.

Хабар-ошарсыз  кеткен деп белгіленген тәртіппен  танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, оның өкіңлі ретінде хабар-ошарсыз  кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты  жүзеге асыратын адам қатысады.

Қайтыс  болған немесе қайтыс болды деп белгіленген  тәртіппен жарияланған адамның  мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлші ешкім қабылдамаса, мұрагердің өкілі ретінде мұралық  мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.

Заңды өкілдер  заңда көзделген шектеулермен өкілдік  етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді  басқа өкілге тапсыра алады.

Коммерциялық  өкілдік:

Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші  адам (коммерциялық өкіл) өкілдің өкілеттілігі көрсетілген жазбаша шерт негізінде  де әрекет жасайды.

Коммерциялық  өкіл соныме бір мезгілде өзінің қатсуымен  жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды  кәдімгі кәсіркердің іждағаттылғымен  орындауға міндетті.

Коммерциялық  өкіл келісілген сыйақыны және өзі  тапсырмаларды орындаған кезде  жұмсаған шығындарын, егер өздерінің  арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, шарт тараптарынан тең мөлшерде төлеуді  талап етуге құқылы.

Коммерциялық  өзіне белгілі болған сауда мәмілері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия  сақтауға міндетті.

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы  коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері  заңмен белгіленген.

Өкілдіктің  түрлері:

1. Өкілдіктің  субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік  беруші, өкіл және үшінші жақтан  тұрады. Өкілдік беруші өкілге  іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса  ғана немесе заңды тұлғаның  құжаттары бойынша істейтін болса  ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік  беруші үшін құқықтар мен міндеттер  тудыра алады. Азаматтық құқықтың  кез келген субъектілер, құқық  қабілеттілігі бар немесе жоқ  адам да, заңды тұлға да өкілдік  беруші бола алады. Өкілеттікті  жүзеге асыру кезінде екі бірдей  құқықтық қатынас жүзеге асырылады:  өкілдік беруші мен өкіл арасындағы  ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен  үшінші жақ арасындағы сыртқы  құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.

Ал азаматтық  құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен  азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық  әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық  Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды  тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.

Өкіл  беруші кез-келген азаматтық құқық  субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің  әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі  өкілдік үшін қажет.

Үшінші  жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік  онымен әрекетке түсуі нәтижесінде  өкілдік берушінің азаматтық  құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

2. Өкілдік  шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық  кодекстің әрекет қабілетсіз  азаматтар атынан заңды өкіл  болу шартын қарастыратын 164-бабынан  басқа АІК-де соттағы заңды  өкіл туралы ереже қарастырылған.  АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз  азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі  жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі  шектеулі деп танылған азаматтардың  құқықтары мен заңмен қорғалатын  мүдделерін сотта олардың ата-аналары,  асырап алушылары, қамқоршылары  мен қорғаншылары сотта өздерінің  өкілетті құжаттарын көрсете  отырып қорғай алады. Қазақстан  Республикасының "Неке және  отбасы туралы” Заңының 111 –  бабына сәйкес қамқоршылар мен  қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа  алынғандардың өкілдері болып  табылады және барлық қажетті  мәмілелерді олардың атынан және  олардың мүдделерін көздеп жасайды.

Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ  мәмілелерді жасауға келісім  береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін  атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан  ықтимал қиянаттардан қорғайды.

3. Өкілдіктің  құқығы мен міндетінен туындайтын  қандайда бір әрекеттер өкілдік  беруші үшін жасалады. Өкілдің  барлық әрекеттері өкіл беруші  үшін заңды салдарлар туғызады.

4. Өкіл  өкілеттік негізінде әрекет етеді.  Өкілеттік бұл - өкілдің жасай  алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық  қатынастардағы өкілдің мәміле  негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің  шектері.Өкілдіктің түріне қарай  өкілеттік әртүрлі тәсілдермен  қалыптасады. Ерікті өкілдікте  өкілеттік екі жақтың келісімімен  жүзеге асырылатын әрекеттер  сипаты шарт немесе сенімхат  мәтінінде көрсетіледі.

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің  еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).

Заңды өкілділік  сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін  тіркеу органында тіркелген туу  куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды  асырап алу жағдайында дәл солай  тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне  жергілікті атқарушы органның әкімшілік  шешім-актісі негіз бола алады.

Рыноктық  қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында  коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атанынан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.

Өз атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен  тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы). Мысалы, жұмыс  беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік  міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң  ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін  жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды  кеңесшісі, т.б.).

Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа  да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде  бұл құрылған жаңа құрылымдардың  құқықтық жағдайының тең болатынын  естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл  құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың  уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.

 

 

 

 

2. Сенімхат

 

Сенімхат – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкісіне рәсімделеді.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы  бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.

Егер сенімхат жеке адам тарапьшан  берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін  қолын растап, мөр басады.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесіне мыналарды жатқызамыз:

-құжаттың атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы толық  мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке  куәлік нөмірі);

-сенім білдірілетін тұлға туралы  толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер  ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы  шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

Сенімхат мына жағдайларда беріледі:

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті  ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда  беріледі.

- Сенімхат 1 дана болып дайындалады

- Төлемақы алу үшін берілген  сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті  

  пайдалану үшін берілетін  сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.

- Жарамдылық мерзімі жазбаша  жазылуы керек.

Бір адамның (сенім берушінін) өз атынан өкілдік  ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).

Сенімхатты  пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген терминдерді  ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз  өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік өкілдік  беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әрекеттерінің шеңбері болып  табылады.

Заң жағынан  қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікгі беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің  ерік білдіруі қажет және жеткілікті, соңдықтан да өкілдің келісімі талап  етілмейді.

Заң сенімхаттың  жазбаша түрін міндетті түрде  сақтауды талап етеді. Сонымен бірге  мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап  етілетін болса, онда ол нотариалдық  жолмен куәландырылады (АК-тің 167-бабының 2-тармағы). Сенім ауыстыру жөнінде  берілген сенімхаттың қолданылу  мерзімі куәландырылуы ол негізгі  алынып берілген алғашқы сенімхаттың  қолданылу мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).

Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін  өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Соңдықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі  көрсетілмесе берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.

Өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен  мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады: а) бас (жалпы) сенімхат, ол белгілі  бір кезеңге арналып, өртүрлі  мәмілелер жасайтын өкілге беріледі; ә) арнайы сенімхат — ол бір текті  мәмілелер жасайтын өкілге беріледі (мысалы, заң кеңесшісіне сотта  іс жүргізу үшін беріледі); б) бір  мәрте берілетін сенімхат — ол тек бір заң әрекет жасау үшін беріледі (мысалы, поштадан алатын хатбума  үшін берілетін сенімхат).

Өкілдік және сенімхат