әкімшілік құқық бұзушылықтар

Әкімшілік құқық  – бұл қоғамдық қатынастардың  ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар. 
 
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда атқарушы  билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

3) Әкімшілік құқық  бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;

Әкімшілік құқық  үшін тән құқықтық реттеу әдістері:

1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);

2) Ұсыну әдісі  (басқару субъектісінің ұсыныстары  егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)

3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)

4) Теңдік әдісі  (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

Әкімшілік құқықтың жүйесі — бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару  қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.

Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1) Субъектілердің  белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).

Әкімшілік құқық  бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық  бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару

2) құқыққа қайшылық  – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы

3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) жазаланушылық  – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық  бұзушылықтың құрамы — бұл әкімшілік  жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

Әкімшілік кодекс — әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту, жаза шараларын белгілеу, т.б. мәселелерін айқындаушы құқық нормаларын біріктіретін, бірегей жүйеленген заңдар актісі. Қазақстан Республикасында “ Қазақ КСР-нің әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексі” қолданылып келді (1998). Ол КСРО республикалары арасында алғашқылардың бірі болып, 1984 жылы 22 наурызда 10-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-сессиясында қабылданған. Кейін оған бірнеше түзетулер мен толықтырулар енгізілді. 1995 жылы 1 сәуірде әкімшілік кодекстің өзгертулері мен толықтыруларын толықтай қамтыған ресми мәтіні жарияланды. Әкімшілік кодексте материалдық және іс жүргізуге қатысты бөлімдер біріктірілген; 5 бөлімнен, 31 тараудан, 450-ден астам баптан тұрады. Оның көптеген қағидалары бүгінгі күннің, нарықтық қарым-қатынастардың жаңа талаптарына сай келмейді, ескірген. Жалпы, әкімшілік кодекс жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін айқындайтын ең басты акт болып саналады.

Мемлекеттік басқару саласындағы  туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік  құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Жалпы басқарудың:

1. Машиналар мен технологиялық үрдістерді басқаратын механикалық;         2. Тірі организмдердегі басқарылатын биологиялық; 3. Адамдардың мінез-құлығы мен ұжымдарды басқаратын әлеуметтік басқару сияқты бірнеше түрлері бар. Басқару нақты бір нәтижеге жету мақсатында, екі не одан да көп адамдардың келісілген іс-әрекеті. Басқару адамзат қоғамында объективті түрде қалыптасады. Сондыктан да басқару алғашқы қауымдык, құл иеленуші, феодалдық құрылыстардың барлығында болып келген. Қоғам дамуы барысында тек қана басқарудың типі, әдістері, мақсаты және түрпішіндері өзгеріп отыратындығымен, өмірдің сан-саласын басқару қажеттілігі сақ-талады.

Мемлекеттік басқару коғам  дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.

Барынша тар мағынасында  мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси  салаға практикалык және тікелей  басшлық жасауға бағытталған  атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару  органдарының іс-әрекетін айтуға болады.

Мемлекеттік басқарудың қағидаттары — басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде бекітіледі. Мемлекеттік басқару қағидаттары әлеуметтік-құқықтык, және ұйымдастырушылық сияқты екі топқа бөлінеді. Әлеуметтік-құқықтыққа жататындар: 1) жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін, демократиялык негізде орталықтанған, демократиялық орталықшану қағидаты;

Мемлекеттік қызметкерлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттін міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • заңдылык;
  • патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;
  • мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;
  • мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
  • жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);
  • азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;

мемлекеттік қызметкерлердін  өз ісіне маманданғандығы мен  біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);

  • мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы жене есеп беріп тұратындығы;
  • мемлекеттік қызметкерлердін өз міндеттерін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі;
  • бірдей жұмысқа тен еңбекакы алатындығы;
  • бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінін өздерініи өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі;
  • мемлекеттік құпия больш табылатьш немесе заңмен қорғалатын құпиядан басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы;
  • мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы;
  • мемлекеттік қызметкердін қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты;
  • мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы.

Мазмұны

  • 1 Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен ландеттері
  • 2 Мемлекеттік қызметке тұру және оны өту тәртібі
  • 3 Мемлекеттік қызметкерлер өкілеттігін тоқтату негіздері және олардың жауапкершілігі
  • 4 Пайдаланған әдебиет

Мемлекеттік қызметкерлердің  негізгі құқықтары мен ландеттері

Мемлекеттік қызметкер:

  • өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
  • қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға;
  • мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға;
  • біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
  • орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;
  • еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
  • мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;
  • зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;
  • жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.

Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды  орындауға:

  • Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
  • Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;
  • олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;
  • өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
  • өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;
  • басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;
  • мемлекеттік құпияларды сақтауға;
  • мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
  • кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

Сонымен қатар заңда мемлекеттік  қызметте болуға байланысты шектеулер  де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:

  • белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған;
  • сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған;
  • мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық жемкорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе касакана құқық бүзғаны үшін мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бүрын
  • сот тәртібімен әкімшілік жаза колданылған адам;
  • сотталған және мемлекеттік қызметке кіру сөтінде жаза мерзімін өтеп болмаған немесе жазасы белгіленген заң тәртібімен алынып тасталмаған адам.

Мемлекеттік қызметке тұру және оны өту тәртібі

Мемлекеттік қызметке тұрудың  заңмен бекітілген шарттарын екі  топқа бөлуге болады: саяси мемлекеттік  қызметкерлердің мемлекеттік қызметке тұруы — тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай-ақ өзге жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіп және шарттарға орай жүзеге асырылады; мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу және мемлекеттік әкімшілік қызметкердің жоғары санатты қызметке тұру жолымен қызмет бабында жоғарылауы бәсекелік негізде жүзеге асырылады. Азаматтар мемлекеттік қызметке тұру үшін мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуы;
  • заңнамамен тиісті қызметке байланысты өзге талаптар белгіленбеген болса, жасының он сегізден кем болмауы;
  • тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі және қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі.

Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде  жататын мүліктері мен алған  табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға  міндетті. Азамат міндетті, арнаулы  тексерістен өткеннен кейін саяси  және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді. Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аттестаттаудан өтуі керек. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау — бұл олардың кәсіби даярлық деңгейін, қүқықтың мөдениеті мен азаматтармен жұмыс жасай білу қабілетін айқындау үшін октын-октын өткізіліп тұратын шара. Екікабат әйелдерден басқа барлық қызметкерлер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Мемлекеттік қызметтегі келесі әрбір үш жылы өткен сайын қызметкерлер аттестаттаудан өтеді. Саяси мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.

Мемлекеттік қызметкерлер өкілеттігін тоқтату негіздері  және олардың жауапкершілігі

Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:

  • мемлекеттік органның жабылуы;
  • заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
  • оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
  • саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
  • саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
  • оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
  • қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
  • келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
  • табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
  • заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;

аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері. Мемлекеттік әкімшілік  қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік  органның тиісті лауазым иесі қызметтен  шығарады. Саяси және мемлекеттік  әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік  қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер  өзіне жүктелген міндеттерді  орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра  пайдаланған, мемлекеттік және еңбек  тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік  қызметте болуымен байланысты белгіленген  шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік  қызметкерлерге мынадай тәртіптік  жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
  • қызметтен шығару.

Сонымен, мемлекеттік органда  белгіленген тәртіп бойынша ақы  төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін  іске асыру мақсатында қызметтік  өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен жабдықталған болуы керек.[1]

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген. [1]


әкімшілік құқық бұзушылықтар