Коммуникативтік дағдылар, үрдіс туралы түсінік
Қ.А.
ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
№1
ЕМХАНАЛЫҚ
ТЕРАПИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ
КЛИНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
«Коммуникативтік дағдылар- 1» - пәні
Сабаққа
арналган әдістемелік
өңдеу №1
Тақырыбы: Коммуникативтік дағдылар, үрдіс туралы түсінік.
Дәрігердің
кәсіптік қызметіндегі
коммуникациялық
коммуникациялық компетенттігі және оны
қалыптастыратын
психологиялық қасиеттер.
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
5В130200 « Стоматология»
Курс: І
Құрастырған: оқытушы Жолдас К.У.
Оқытушы Омарова А.Р.
Түркістан
2011-2012жж
Кафедра мәжілісінде талқыланған
№__ хаттама «___» _____ 2011ж
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а.
__________
К.С.Бабаева
- Тақырып : Коммуникативтік дағдылар, үрдіс туралы түсінік.
Дәрігердің кәсіптік қызметіндегі коммуникациялық дағдылардың маңыздылығы. Дәрігердің
коммуникациялық компетенттігі және оны
қалыптастыратын
психологиялық қасиеттер.
- Мақсаты: әртүрлі жағдайларда (стационар, амбулатория және жедел медициналық жәрдем) дәрігердің науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнатуына қажет дағдыларды қалыптастыру және дамыту
- Оқыту мақсаты:
Студент білуге тиіс:
- Студенттердің коммуникативтік дағдылар, коммуникациялық үрдіс пен дәрігердің коммуникативтік компетенттігі туралы түсініктерді меңгеруі.
- студенттерге дәрігердің коммуникативтік дағдылар коммуникативті процесстер және медициналық этика түсінігін қалыптастыру.
- дәрігер мен науқас қарым-қатынасын этикалық аспектісін қалыптастыру
- науқастың емге деген сенімділігін арттырудағы дәрігердің жауапкершілігін қалыптастыру
- науқастың қанағаттануы, дәрігер компетенциясының басты мақсатын қалыптастыру
Студент істей алуға тиіс:
- әріптестермен, науқастар және олардың туысқандарымен тиімді қатынас орнату принциптерін.
- студенттерге дәрігердің коммуникативтік дағдылар коммуникативті процесстер және медициналық этика түсінігін қалыптастыру.
- дәрігер мен науқас қарым-қатынасын этикалық аспектісін қалыптастыру
- науқастың емге деген сенімділігін арттырудағы дәрігердің жауапкершілігін қалыптастыру
- науқастың қанағаттануы, дәрігер компетенциясының басты мақсатын қалыптастыру
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Дәрігер мен науқас қарым – қатынас аспектісі неде?
- Дәрігер мен науқас жүйесінде коммуникативтік дағдылардың негізгі принциптері?
- Айқын және жасырын науқастың қажеттілігі мен үрейін қалай білесіз?
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Оқытушымен бірге теориялық
Тақырыптың мазмұны:
Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты - арақатынаc жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін-бірі тануы және қоса әрекеттесуі. Арақатынастың негізінде жататын коммуникативтік үрдіс. Яғни акпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы.
Дәрігер де өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым-қатынас, байланыс, срібат (коммуникация) жасауға мәжбүр болады: оның ішінде — науқаспен, оның туған — туысқандарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен), т.б. Дәрігер мен сырқат адамның карым-қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қарым-қатынас - адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір-бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігср жұмысының нәтижелілігі мен деңгей-дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық.
Коммуникация - басқа адамдармен байлалысу, қарым-қатынас орнату.
Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермсн (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларьшың тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Қатынасуда субъектІлер (адамдар) сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербалъды емес коммуникация — қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұхбаттаса келе, бірін-бірі түсініп, танысады.
Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әркайсысы субъект ретінде саналады. Коммуникатор - ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) - ақпаратты кабылдаушы адам. Коммуникация арнасы - жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі — олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-максатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардын әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.
Қатынасу процесінде, адамға тән, көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқылы адам, адамзат жинастырган тәжірибені тұжырымдайды, қолданады.
Коммуникативтік білгерлік (компетенттік) – дәрігердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, әріптестері, т.б,) вербальды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы карым-қатынас жасау қабілеті.
Қатынасу аркылы адамдар бір-біріне коммуникативтік тұрғыдан әсер етуі мүмкін. Адамдардың бір-бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалы коммуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері - қатынасқан адамдардың, бір-бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін-бірі түсінбеуі және мамандық, саяси, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды) психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
ДӘРІГЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ежелгі заманда дәрігерлердің саны өте шамалы болғандықтан, олар кызметін өзі ғана атқарып, басқа әріптестерімен қарым-қатынас жүргізбеген. Мысалы, «земский» дәрігер жалғыз өзі белгілі аймақты мекендейтін тұрғындарға толық медициналық жәрдем көрсеткен, барлық ауруларды өзі емдеген. Яғни, бұл дәрігерлердің медициналық тәжірибесі өте кең болған, олар терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық, т.б. дәрігерлік мамандықтар бойынша халыкқа жәрдем беріп отырған.
Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігерлік жәрдем 300-ден астам медициналық мамандық бойынша көрсетіледі. Сонымен катар, жаңа диагностикалық және емдеу технологияларын, аппараттарды колдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі дәрігер жұмыс бабына қарай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды кызметкерлермен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, карамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады. Мысалы, емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауға келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады Оларға аурудын дерті жөнінде мәліметті ортаға салып ақылдасады тиімді, зерттеу тәсіл түрін таңдауға, дерттің назар аударарлықтай ерекшеліктерін ескертаді. Ал жедел, адамньщ өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жедел жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріптестерін ескертіп, келісіп, диагностикалық шраларын кезектен тыс ұйымдастырады.
Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен, дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады. Мысалы, аурудың дерті күрделі болған жағдайда, оның аскынулы, созылмалы түрлерінде немесе қосымша аурулары дамығанда, емдеуші дәрігер басқа дәрігердерді консультацияға, пікірлесіп - акылдасуға шакыррады немесе дәрігерлер кеңесін (консилиум) ұйымдастырады. Тек осы жол арқылы ғана тиімді ем шараларын тауып, олардың нәтижелілігін қамтамасыз етуге болады. Яғни дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялык қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялык мамандықтарда (хирургия, акушерия, травматология және т.б.), төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор, жоғары болады. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шыншылдығы, кайырымдылығы және т.б. қасиеттері, дәрігерлік міндетін атқаруда өте қажет, ауру адамға оң әсерін береді. Керісінше, дәрігердің екі жақтылылығы, шыдамсыздығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен, қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қьтзмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жүмыс нәтижесін жоққа шығарады.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шарапарын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей озі іске асырады. Егер дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
Мейірбике, жүмыс міндеті бойынша, санитаркамен қоян-қолтық байланыста болады. Науқасты күту, бөлмеде тазалық және санитарлық режимін сақтау, ауруға туалет жүргізу және т.б. жұмыстар санитарканың міндетіне жатады. Бұл жұмысты мейірбике үнемі қадағалап, бақылайды. Сондыктан, мейірбике мен санитарка арасындағы қатынас тиісті дәрежеде болуы, ауруды емдеу ісіне оңды ыкпал жасайды. Керісінше, олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудін тиімділігі де жоққа шығуы мүмкін.
Науқас пен дәрігер арасындағы да карым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қарым-қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелілігіне ауру күманданады, дәрігерге сенімділік білдірмейді. Мұндай жағдайда науқас басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Ал науқас сенім білдірген дәрігер қарапайым ем тағайындаса да, ол оның тиімділігіне күмәнданбайды. Сондықтан, әр дәрігер және басқа да медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде, олардың сенімділігін тудыратын, карым-қатынас құруы керек. Аурухана немесе емханада емделіп жатқан науқастар бір-бірімен пікірлесе отырьш олардың сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті бүкіл ауыл немесе қала ішіне жариялап жіберуі салдарынан мекеме, бөлімше, дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шыгаруы да мүмкін.
Осы себептен жергілікті тұрғындар дәрігерлік көмекке басқа дәрігерлерге және ауруханаға баруға мәжбүр болады.
Сонымен,
дәрігер өз жұмысын атқаруда бірталай
адамдармен, әріптестерімен, мейірбикелермен,
санитаркалармен, науқас және оның жақын
туыстарымен тығыз қарым-қатынас кұрады.
Науқас адамның ауруын анықтауға, тиімді
ем шараларын тағайындап, іске асыруда,
оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік
қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас
кұра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына
байланысты болады.
Дәрігер - науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог.
Императивті қатынас - бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекет жасау. Қарым-қатынастың бұл түрінің мақсаты - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап.
Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және таланты орындату - адамның ішкі ойы мен сенімінен, оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер
- науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.
Диалогтық қатынас. Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:
1.Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
2.Науқас ыкпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
3.Науқасты өзіне тең деп есептеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
4.Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) - қарым-қатынасты, сүхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.
Арақатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда біріне бірі байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік.
Арақатынастың коммуникативтік жағы науқаспен ақпарат алмасуды, ақпарат беру және кабылдаудан құрастырылады. Арақатынастың интерактивтік жағынан («интеракция» - әрекеттесу) мағынасы - қатынасқа түскен дәрігер мен науқас әрекеттерінің алмасуы, яғни тұлға аралық әрекетті ұйымдастыру. Ал перцептивтік қатынасу жағы – бұл дәрігердің науқасты түсінуі, білуі. тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнатуы.
Сөзсіз қатынасу. Қатынас жасаған кезде басқа адамның физикалык бейнесінің жекеше белгілеріне назар аудару (бет әлпеті, қол, иық қимылдары, жестілері, позасы, интонациясы) арқылы қосымша мәлімет жинастырып, қатынасу процесін дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіншілік алады, әсіресе көп мәліметті (сигналдарды) тындаушы адамның бет-жүзі береді. Бұл сөзсіз қатынасу арқылы дәрігер ойын ауру адам қабылдап, я кабылдамағанын, оның түсініп сенім білдіргенін немесе күмәнданғанын көрсетеді.
Қосақтастыру техникасы — бұл пациентпен бір дәрежелі психологиялық жанасу арқылы ем тиімділігін іске асыру. Басқа адамды түсіну және сезіну дәрігердің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, дәрігер алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіру кажет. Егер науқаста, дәрігерді таңдау кұқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда, дәрігердің науқаспен алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды.
Тыңдау тәсілінің техникасы. Мақсаты - науқасты сөйлестіру арқылы қажетті ақпарат жинастыру. Тыңдау тәсілінің екі түрі белгілі:
* бағалай отырып тыңдау;
* бағалаусыз тыңдау.
Дәрігерлік тәжірибеде бағалай отырып тыңдау жиі колданылады.
Сұхбаттасу үстінде дәрігердің дене қалпы (поза), оның толық назар аударып, тыңдауға әзірлігін калыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның көзіне үнемі тесіле қарауға болмайтынын ескере отырьш, оған тек анда-санда ғана көз тастағаны дұрыс болады. Бағалаусыз тыңдау техникасы бойынша ең маңызды шарт - үндемеу, икемдеу, ымдап қолдау және қызыққанын білдіру. Сұхбат кезінде аурудың қобалжып қапалануы, келесі жайлар арқылы бейнеленеді: оның сөз ырғағының өзгеруі, паузалардың пайда болуы, мысқал сөздерді жиі қолдана бастауы. Психологиялық жайсыз жағдай болғанның маңызды белгісіне жағатыны - аурудың сұраққа жауап беруден кашуы немесе жалпы мағынасыз фразаларды қолдануы. Науқас адам дау, талас немесе басқадай психологиялық конфликт, шиеленіс болғанын жасыруға тырысады.
Мұнда ең жауапты және маңызды болатыны ~ дайындық кезеңі. Қатынасудың уақытын, орнын дұрыс таңдап, оның нәтижесінде өз ұстамаларын анықтап, жоспарлау қажет.
Қатынасудың бірінші кезеңі - көзбен, қас-қабағын бақылап тұлға аралық жанасуға ену. Мұнда дәрігердің өзін-өзі дайындауы, науқастың жағдайы мен көңіл-күйін сезуі, өзін еркін сезінуі өте маңызды. Науқастың өзіне бейімдеу, сұхбаттың біркелкі басталуын қамтамасыз ету де маңызды болады. Бұл кезең психологиялық жанасуды бекітумен аяқталады.
Қатынасудыц екінші кезеңінде назарын тікелей науқастың дертіне аударып, әңгіменің тақырыбын анықтап, мотивациялық казбалауға (зондажға) көшеді. Оның мақсаты - науқасты ашық пікірлесуге қызықтыра отырьш, тарту.
Келесі, үшінші кезеңде науқастьщ ойында әртүрлі күмәндік болған жағдайда, дәрігердің аргументті түрде оны өз пікіріне сендіруі.
Төртінші фазада, дәрігер мен науқас бір нәтижеге жетіп, оны бекітуі. Бұл арақатынастың ең бір күрделі ксзеңі. Егер қатынас ажыраса, жанасу да осымен аяқталады.
Дәрігер
- науқас арақатынасының
құралдары. Қатынас құрудың негізінде,
ақпарат алмасу жатады. Бұл қарым-қатынастың
ең маңызды жағы. Нәтижелі арақатынас
құру үшін вербальды және вербальды
емес құралдар қолданылады.
6.Ұсынылған әдебиет тізімі:
Қазақ тілінде:
«Хирургиядағы деонтология» 1993 жыл. Қазақстан. Ізімбергенов. Н. І.
Орыс тілінде:
Негізгі:
Куницина. В. Н. Казаринова. Н. В. Погольша. В. М. «Межличностное общение». Учебник для вузов. Спб. Питер,2001г.
Карвасарский. Б. Д. «Клиническая психология». Национальная медицинская библиотека. Питер. 2004г.
Асимов. М. А. Нурмаганбетова. С. А. Игнатев. Ю. В. «Коммуникативные навыки в медицине». Алматы. 2008г.
Қосымша:
Соложенкин. В. В. «Психологические аспекты врачебной деятельности.» Москва.1997г.
Рогов. Е. И. «Психология общения». Гуманитарный издательский центр «Владос». М.,2004г.
Вербергер. Р. Вербергер. К. « Психология общения. Тайны эффективного взаимодействия». Спб. Прайм Евразия. 2006г.
Ағылшын тілінде:
Негізгі:
Kurtz. Silverman. Drapets. Teaching and Learning Communication skills in Medicine 2 and Edition, 2004.
Қосымша:
Lioyd and bor. Communication
skills for medicine. Edinburgh London N Y Oxford, 2004.
7. Бақылау сұрақтары:
- Дәрігер мен науқас қарым – қатынастың қандай маңызы бар ?
- Дәрігер мен науқас қарым –қатынастың этикалық аспектісін қалай түсінесіз ?
- Дәрігер мен науқас жүйесінің коммуникативтік дағдыларының кәсіби маңыздылығы бар ма?
- Айқын және науқастың қажеттілігі мен үрейін қалай анықтайсыз?
Тест:
- Емдеу процесінің негізгі элименті:
- Диагноз
- Лабораториялық берілгендер
- Науқаспен қарым-қатынас
- Тексеру
- Анамнез
- Дәрігер мен науқас қарым-қатынасының негізінде не жатыр?
- Науқас қорқынышы
- Дәрігер квалификациясы, білімі
- Анамнезді дұрыс жинау
- Дәрігердің науқастың тілін таба білуі
- Дәрігер тұлғасы
3.Емдеу үрдісінің
ең маңызды және тиімді
- Науқас тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
- Дәрігер мен науқас арасындағы орныққан қатынас
- Дәрігер тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
- Дәрігер квалификациясы және білімі
- Дәрігер мінезінің ерекшеліктері
4.Операцияға дайындаудың негізгі психологиялық факторы болып табылады:
- Науқасқа операция схемасын түсіндіру
- Дәрігер мен науқастың сенімді қарым- қатынасы
- Хирург тұлғасы
- Операция бөлмесінің жағдайы
- Науқастың ауырлық жағдайы
5.Операциядан кейінгі ағымды келесі жағдай жеңілдетеді:
- Науқастың персоналмен нашар контакты
- Психикалық жарақат
- Науқас мінезінің невротикалық сипаты
- Операция ұзақтығы
- Операцияға психологиялық дайындау
6.Медицина тарихында алғаш дәрігер мен науқас және оның туысымен қарым-қатынас ережелері құрылды:
- Гипократпен
- Аристотельмен
- Авиценнамен
- Демокритпен
- Галенмен
7.Оң эмоциональды қатынас қалай аталады?
- Эмпатия
- Сезім
- Симпатия
- Достық
- Сенім
8.Науқастың жан дүниесін көре білу қабілеті, оның сезімдерін жеткізе білу қалай аталады?
- Симпатия
- Сенім
- Сезімдер
- Эмпатия
- Гипнотизм
9.Альтруизм негізінде не жатыр?
- Махаббат және басқаларға адал қамқорлық жасау
- Үйретуге қажеттілігі
- Жауапкершілік сезімі
- Жеке пайдасын қарастыруы
10.Науқастың «идеалды» дәрігер бейнесі туралы ең маңызды елестері:
- Түсінетін және директивті
- Түсінетін және директивті емес
- Эмоциональды-нейтралды және директивті
- Директивті
Ситуациалық есеп:
Өз шағымдарын
қиындықпен түсіндіретін, сонымен қатар
дәрігер мен медициналық инстументтерден
қатты шошынған перифериядан келген науқаспен
медициналық интервьюді қалай ұйымдастыру
керек? Ұқсас жағдайды модельдеп, оны қажетті
нақтылаулармен толықтырып, қойылған
сұрақтарға жауап беріңіз.

- Коммуникативті қарым-қатынас
- Коммуникации
- Коммуникации
- Коммуникации
- Коммуникации
- Коммуникации бренда «Билайн»
- Коммуникации в группах
- Коммуникативный компонент общения
- Коммуникативный менеджмент
- Коммуникативный процесс
- Коммуникативный процесс
- Коммуникативный процесс
- Коммуникативный процесс
- Коммуникативня личность