Коммуникациялық кешенінің
1-бөлім.
Көлік- коммуникациялық
2-бөлім.
ҚР-ның коммуникациялық
3-бөлім.
Коммуникациялық кешенінің
жолдары,
перспективасы.
Жұмысты жазудағы мақсат –коммуникациялық
кешенді дамытуға қа-тысты мемлекеттік
реттеуге тоқтала отырып, Қазақстан Республикасындағы
ерекшеліктеріне тоқталу.
Осы мақсатқа сәйкес жұмысты жазуға келесідей міндеттер қойылды:
- Коммуникациялық кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу әдістерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасы коммуникациялық саласының даму жағдайын талдау;
- Коммуникациялық саласын дамыту проблемаларын қарастыру мен шешу жолдарын ұсыну.
Мәнжазбаның өзектілігі: ҚР коммуникациялық
технологиялар саласында-ғы реформалау
деңгейі мен оның даму перспективасына
баға беру және оның ел экономикасының
дамуындағы маңыздылығын айқындау болып
табылады.
1-бөлім. Көлік-
ҚР «Қазақстан
Республикасындағы көлiк
Қазақстанның темiр жол саласында мемлекет мақсаттары мен мазмұнына қарай әр түрлi миссияларды атқарады:
1)мемлекет реттеушi ретiнде;
2) мемлекет көлiк нарығындағы меншiк иесi
және қызметтердi жеткiзушi ретiнде;
3) мемлекет саладағы қоғамдық-маңызды
қызметтер мен инвестицияларды қаржыландыру
көзi және тапсырыс берушi ретiнде.
Заңнамаға сәйкес бағалық реттеу қызметтердi
жеткiзушi мен тұтынушылардың мүдделерiнiң
теңгерiмiне негiзделедi, соның нәтижесiнде
«әдiлеттi» нарықтық бағаға барынша жақындауды
қамтамасыз етуi тиiс.
Практикада бағалық реттеу тауар өндiрушiлерге
қолдау көрсету мақсатында темiр жол тарифтерiнiң
өсуiн ұстап тұруға арналған макроэкономикалық
саясат құралы, сонымен бiрге әлеуметтiк-маңызды
қызметтердi рентабельдi қызметтер тарапынан
қиылысты қаржыландыруды қамтамасыз ететiн
әлеуметтiк-экономикалық саясат құралы
ретiнде қолданылады.
1997 жылдан 2009 жылға дейiнгi кезеңде темiр
жол тарифтерiнiң өсу қарқыны жылына орташа
алғанда 5,8% құрады, ал тұтыну бағасының
индексi жыл сайын орташа алғанда 9,1%, ал
өнеркәсiп бағасының индексi 13,3% ұлғайды.
Саланың ағымдағы және ұзақ мерзiмдi қаржылық
тұрақтылықты қамтамасыз ететiн темiр
жол көлiгiнiң барлық өндiрiстiк-техникалық
кешенiнiң меншiк иесi ретiнде мемлекеттiң
мiндеттерiмен шиеленiседi.
Бағаны реттеудi тежеу саясаты бүгiнгi
күнi Қазақстанның темiр жол тарифтерiнiң
орташа деңгейi РФ тарифтерiнiң орташа
деңгейiнен 2,3 есе төмен және Белоруссия
тарифтерiнен 1,7 есе төмен (Бiрыңғай кеден
одағы елдерiндегi экономикалық саясат
шеңберiнде салыстырғанда) жағдайға келтiрдi.
Қолданыстағы бюджеттiк саясатта жолаушылар
тасымалының бiр бөлiгiн қаржыландыру қарастырылған,
ал темiр жол көлiгi субъектiлерi әлеуметтiк
маңызды қатынастар бойынша, жолаушылар
тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты
тасымалдаушының шығыны ешқандай қарастырылмаған.
2005 жылдан 2009 жылға дейiнгi кезеңде жыл
сайын мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн
қаражат сомасы орташа алғанда 9 миллиард
теңгенi құрады (қаражаттың тұтыну көлемiнiң
25%-нан төмен).
Одан басқа жолаушылар тасымалының шығындары
МЖС қызметтерiнiң тарифтерiне уақытша
төмендетiлген коэффициенттердiң есебiнен,
сонымен қатар жолаушылар тасымалы үшiн
локомотивтiк күш беру қызметтерiнiң тарифтерiн
өзiндiк құнынан төмен белгiлеудiң есебiнен
iшiнара «ҚТЖ» ҰК» АҚ» жауып отырды.
Осылайша 2005 - 2009 жылдардағы жолаушылар
тасымалының шығындарын жабуға арналып
республикалық және жергiлiктi бюджеттен
бөлiнген қаражаттың жалпы көлемi 46 124 миллион
теңгенi құрады.
Бұл жерде сол кезеңде жолаушылар тасымалын
кростау арқылы қаржыландырудың жалпы
көлемi (яғни, жеке жолаушылар тасымалын
есепке ала отырып) 89 633,3 миллион теңгенi
құрады, соның iшiнде: 37 739,4 миллион теңгенi
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалдаушыларға
МЖС қызметтерiнiң тарифтерiне уақытша
төмендетiлген тарифтер беру жолымен;
және 51 894 миллион теңгенi өзiндiк құнынан
темен жолаушылар тасымалына арналған
локомотивтiк күш беру қызметтерiне «Локомотив»
АҚ тарифтердi бекiту жолымен қаржыландырылды.
МТЖ қызметтерiн жеткiзушi ретiнде «ҚТЖ»
ҰК» АҚ мен оның кейбiр еншiлес ұйымдары
бейiндi және бейiндi-қосалқы қызметтердiң
бiрнеше түрлерi бойынша Табиғи монополиялар
субъектiлерiнiң тiркелiмiне енгiзiлген және
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiмен
(бұдан әрi - ТМРА) реттелiп отырады.
Темiр жол көлiгiндегi бағаны мемлекеттiк
реттеудiң қолданыстағы практикасы:
1) Тасымалдау бойынша реттелетiн жөткiзушiлер
клиенттерiнiң арнайы қажеттiлiктерiн есепке
алмайды;
2) Жағдаяттық мақсаттардың ұзақ мерзiмдi
мақсаттардан басымдылығына және күрделi
жұмсалымдарды жеткiлiксiз қаржыландыруға
негiзделедi;
3) Тиiмдi тұжырымдамалық негiзi жоқ заңнамалық
нормалардың негiзiнде шаруашылық қызметiн
жүргiзуге «рұқсат ететiн» сипатын қарастырады;
4) Дүниежүзiлiк практикаға сәйкес тарифтердiң
деңгейiн автоматты индексациялау және
олардың тұтынушылар үшiн орташа мерзiмдi
болашаққа өзгеруiн болжау тетiгiн қарастырмайды;
5) өзектi экономикалық жағдаяттарға сәйкес
тарифтердi мерзiмiнде белгiлеуге мүмкiндiк
бермейтiн тәртiптiк тетiктер кiредi және
олар заңнамаға сәйкес тарифтердi белгiлеудiң
басты критерийлерiн жүзеге асыруды қамтамасыз
ете алмайды.
Тасымалдаудың жеке санаттары бойынша
бүгiнгi күнгi қолданыстағы тарифтердi
саралау (қатынас түрлерi және жүк түрлерi
бойынша) жеке жүк және қатынас түрлерiне
қарай Бағатiзбенiң тарифтiк ставкаларын
индексациялау коэффициенттерiн саралап
бекiту жолымен олардың төлем қабiлеттiлiгiне
орай, тұтынушыларға саралап қарауды жүйелi
қолданудың нәтижесi болып табылады.
Темiр жол тарифтерiн саралаудың 17% технологиялық
факторларға (тасымалдаудың әрбiр жеке
санатында iске қосылған өндiрiстiк факторларға
байланысты бағатiзбенiң базалық ставкаларын
саралау) және 83%-ы технологиялық емес
факторларға байланысты. Сондай-ақ РФ-дағы
технологиялық емес факторладың саралауға
әсерi 27%, ал технологиялық факторлары
73%-ды құрайды.
Соған қарағанда РФ тарифтiк теңгерiмсiздiк
Қазақстанға қарағанда бiршама төмен.
Қазақстандағы тарифтiк теңгерiмсiздiктiң
коэффициентi (1 тонна жүктi тасымалдаудағы
ең төменгiге қарағанда ең жоғарғы тариф)
9,4, ал Ресейде 3,7.
Экономика, қоғам және мемлекет темiр
жол саласына саланың қазiргi жағдайында
қамтамасыз етiлуi мүмкiн емес заманауи
талаптарды қойып отыр.
Қазақстандық тұрғындардың,
бизнестің және мемлекеттік органдардың
арасында 1995 жылдан 2009 жыл аралығында
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
қолданудың белсенді өсуі саланы мемлекеттік
реттеу қажеттілігіне алып келді. Осыған
байланысты, Қазақстан Республикасының
ақпараттық коммуникациялар саласындағы
нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілді
және келесі нормативтік-құқықтық актілер
қабылданды:
«Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігі тұжырымдамасы және оны іске асыру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі №715 қаулысы;
«Электрондық құжат және электрондықцифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы.
«Пошта
туралы» Қазақстан
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы.
«Ақпараттандыру
туралы» Қазақстан
8 мамырдағы Заңы.
«Қазақстанның үдемелі өндірістік-инновациялық дамуы жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күшінің жойылғанын тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.
«Қазақстан
Республикасының
2003
жылдың шілдесінде Қазақстан
Республикасы Көлік және
2004 жылдың 6 сәуірінде Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қолдауымен коммерциялық емес ұйым – IT-компаниялардың Қазақстандық қауымдастығы құрылды.
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі 2010 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды.
Сөйтіп, қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қызметтері мен тауарларының дамуын және қызмет етуін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тұтынушылары мен жеткізушілері мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ететін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын нормативтік-құқықтық және техникалық реттеу жүйесі қалыптасты.
Сонымен қатар, нарықты құқықтық реттеудің қолданыстағы жүйесі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамуының заманауи деңгейінен бір қатар бағыттар бойынша артта қалып отыр, бұл ақпараттық-коммуникациялық нарықтың дамуының тежелу қаупін тудырады және мынадай мәселелер бойынша қосымша қағида шығармашылық жұмыс өткізуді талап етеді.
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| ||
| 5) мемлекет 100% қатысатын
мемлекеттік органдар мен компанияларға
ұсынылатын IT-қызметтерді сауда нарығына
аутсорсингке шығару;
6)
жеке сектормен қамтылған 7) мемлекет 100% қатысатын акционерлік қоғамдар мен ЖШС-ге жеке сектормен қамтылған қызмет түрлерін іске асыру бойынша құзырет беру тиімділігі жөніндегі қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу; 8)
Қазақстанға кіру және 9)
қазақстандық несиелерді 10)
шетелдік компанияларға ірі | ||
| ||
| компьютерлік- | ||
| ||
| 1) кәсіптік анықтамалыққа
өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жетілдіру. | ||
| ||
| 1) мемлекеттік органдардың
олардың құзыретіне кіретін электрондық
мемлекеттік қызметтерді көрсетуін қамтамасыз
ету мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
2) электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттарын сипаттау бөлігінде «Мемлекеттік қызметтің типтік стандартына» өзгерістер; 3) электрондық мемлекеттік қызметтердің типтік регламенті; 4) электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттері; 5) орталық және жергілікті атқарушы органдар порталдарының контентін қолдау процестерін регламенттеу; 6) азаматтық хал-ахуал актілерінің жазбаларын, азаматтық хал-ахуал актілерінің жазбаларын тіркеу кітаптарының нысандарын және аталған кітаптардағы жазбалар мен Қазақстан Республикасында азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу негізінде берілетін куәлік нысандарын өзгертуге, қалпына келтіруге және жоюға өтініштерді электрондық түрде беру; 7) Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу; 8) әскери міндеттілік және әскери қызметке қатысты бірқатар мәселелер; 9) мемлекеттік қызметте «электрондық үкімет» қызметтерін оқудан міндетті өтуге және сертификат алуға қатысты бірқатар мәселелер;
|
2-бөлім. ҚР-ның коммуникациялық кешенінің қазіргі жағдайын
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласы қазақстандық экономиканың, кәсіпорындардың жиынтық табысы 2009 жылы 438,4 млрд. теңгеге жеткен, өскелең сегменті болып табылады, бұл 2008 жылға қарағанда 8,3 %-ға көп. Сала табыстарының өсуі тұрғындар мен бизнестің ұсынылатын қызметтерге артушы қажеттілігін айқындайды.
Сала табыстарының құрылымындағы негізгі үлес ұялы байланыс қызметтеріне тиесілі – 244,8 млрд. теңге (55,8%). Сала табыстарының жалпы көлеміндегі басқа қызметтердің үлесі былайша бөлінген: қалааралық және халықаралық байланыс қызметтері - 51,5 млрд. теңге (11,7 %); жергілікті телефон байланысы – 31,3 млрд. теңге (7,1%); Интернет қызметтері - 43,6 млрд. теңге (10 %) және басқа да байланыс қызметтері - 67,2 млрд. теңге (15,4 %). Сала қызметтерінің 2009 жылдағы негізгі тұтынушысы корпоративті сектор болып табылады – 246,6 млрд. теңге (56,3%); тұрғындарға байланыс қызметтерін сатудан түсетін кірістер 191,8 млрд. теңгені құрады (43,7%), бұл 2008 жылға қарағанда 5,6%-ға көп.
Соңғы жылдар бойы телекоммуникация саласының өсуінің негізгі катализаторы ұтқыр байланыс сегменті болды. 2010 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында әлемдегі неғұрлым кең таралған GSM 900/1800 және CDMA стандарттарын қолданумен төрт ұтқыр байланыс желісі құрылды. Сонымен қатар ұтқыр байланыс нарығының жоғары шоғырланған болып табылатындығын айта кеткен жөн: нарықтың 90 %-ы екі ірі оператор өзара бөлісіп отыр, нарықтың қалған қатысушыларының үлесіне кемінде 10 % тиеді.
2009
жылы ұтқыр байланыс
2009
жылы бекітілген байланыс
Телекоммуникациялық нарықтың жалпы құрылымында Интернет және деректер тарату қызметтерінің үлесі соңғы 4 жылда азын-аулақ өзгерді және 2009 жылы 10 % шамасын құрады. Абсолютті көрсеткіштерде нарық көлемі 2009 жылы 43,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, берілген сектор ішіндегі табыстар құрылымы елеулі өзгерді. Интернет және IP-телефония қызметтері табыстарының үлесі елеулі өсті; арналарды жалға алу табыстарының үлесі төмендеді.
2009
жылы Интернет желісін
Соңғы жылдар ағымында құрамына ақылы теледидар, веб-хостинг, IP-телефония, телерадио бағдарламаларын тарату және телекоммуникациялардың басқа қызметтері кіретін телекоммуникациялардың қосымша қызметтері үдемелі дамып келеді. Байланыстың басқа қызметтері сегментінің жалпы көлемі 2009 жылы 67,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,8 %-ға көбірек.
«Қазақтелеком» АҚ-ның экономикалық шоғырлануын төмендету мақсатында соңғы жылдары «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен аффилиирленген байланыс операторларында үлестерді (акцияларды) өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «NEO» сауда маркасы бар «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұялы байланыс операторының жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51 %-ын сату аяқталды және қалааралық және халықаралық телефон байланысының, сонымен қатар Интернет желісіне қол жетімділік қызметінің операторы болып табылатын «Нұрсат» акционерлік қоғамына үлесті өткізу жоспарланып жатыр.
Телерадио бағдарламаларды тарату қызметінің табысы 2009 жылы 13,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 9,8 %-ға артқанын көрсетеді. Телерадио бағдарламаларын қалыптастыру тракты 215 электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) ұсынылған. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа мен Солтүстік Африка елдерінің аумағында хабар таратуды жүзеге асыратын «Caspionet» спутниктік арнасы жұмыс істейді. Кәбелді хабар таратудың 67 операторы және спутниктік хабар таратудың 2 операторы жұмыс істейді. Республикалық хабар таратумен ірі елді мекендердің – облыс және аудан орталықтарының тұрғындары ғана толық көлемде қамтылған. Ауылдық аумақтардың көпшілігі мемлекеттік телевизиялық арналардың (Қазақстан, Хабар, Ел арна) ғана хабар таратуымен қамтылған.
Телевизиялық
және радио бағдарламаның
Пошта байланысы
Пошта
байланысы жоғары әлеуметтік маңызға
ие және Қазақстан Республикасының
ақпараттық-коммуникациялық
Пошта байланысының қазақстандық саласы дамудың кішігірім қарқынын көрсетіп отыр: 2009 жыл ішінде «Қазпошта» акционерлік қоғамымен 13 млрд. теңге сомасындағы табыстар жиынтығы алынды, бұл 2008 жылдың көлемінен 6,4 %-ға кем. Пошта қызметін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мен арттыру үшін жеткізу уақыты мен шығындарды қысқарту мақсатында пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың жаңа технологияларын үнемі енгізіп отыру қажет. Бекітілген Параметрлерге сәйкес пошта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері, жай жазбаша хат-хабарды жіберудің бақылау мерзімі мыналардан тұрады:
Астана, Алматы қалалары және күнделікті тікелей әуе, темір жол және автомобиль арқылы хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында –Д+3 (Д–бұл жай хат хабарды тарату, +3 – қабылдау кезінен жеткізгенге дейінгі пошталық жөнелтімнің өту күні);
Астана, Алматы қалалары және тікелей әуе, темір жол және автомобилдік хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында аптасына 3 және одан да көп күн – Д+4;
қалған облыс орталықтары арасында Д+6;
осы облыстың облыс және аудан орталықтары және облыстың қала, аудан орталықтары арасында –Д+3;
жергілікті пошта жөнелтілімдері –Д+1.
Қазіргі уақытта қолданыстағы пошта хат-хабарларын жіберудің бақылау мерзімдері бойынша сапа параметрлері төзімді. Бірақ тәуелсіздікалудан кейін басталған республиканың экономикасындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ ұсынылатын пошта қызметтері параметрлеріне жаңа әлемдік сапа стандартының пайда болуы Қоғамның пошта желісінде жаңғыртуды талап етеді. Байланыс саласындағы Өңірлік ынтымақтастықтың кезекті отырысында (ағымдағы жылы) Қазақстан бойынша 2012 жылға халықаралық пошта жөнелтімдері үшін жаңа параметрлер –Д+5 талқыланды, бұл бүгінгі күні Қазақстанның пошта саласы үшін қиындық туғызады, ал бірқатар өңірлер үшін қолданыстағы желі және пайдаланатын көлік түрінде орындалмайтын міндет болып табылады.
Ауыл тұрғындарын қаржылық қызметтердің толық спектірімен қамту үшін, 2006-2010 жылдары банктік операцияларды ұсыну және қолма қол ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті, күрделі және техникалық жайлылық деңгейі бойынша ҚР Ұлттық Банкінің және Ішкі істер министрлігінің нормативті талаптарына сәйкес келетін, пошта байланысының 380 ауылдық бөлімшелері құрылды. Сондай-ақ 2005 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде 8,5 мың бірліктен артық сандағы пошталық жабдықты жаңғырту жүргізілді, тозған автокөлік құралдарын ауыстыру жүзеге асырылды, заманауи пошталық вагондар сатып алынды (15 бірлік), хаттарды, сәлем саухаттарды және бандеролдарды жеткізу 69,2 %-ға артылды, кезеңдік баспаларға жазылу 23,7 %-ға артты, қаржы қызметтерінің көлемі 2,5 есе өсті, ауылдық жердегі Интернетке қоғамдық қол жетімділік пункттерінің желісі 115 бірлікке кеңейтілді, ауыл тұрғындарын пошта-қаржылық қызметтердің кеңейтілген ассортиментімен қамту 1,2 есе көбейтілді.
Ақпараттық технологиялар
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар секторы ұлттық экономиканың барынша серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға байланысты Қазақстандағы IT-нарығының жалпы көлемі, бағалаулар бойынша, 2009 жылы 90 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмен.
IT шығындарының құрылымы экономикасы дамыған елдер үшін сипатты болып табылады, яғни компьютерлік жабдықтардың үлесі БҚ және IT-қызметтері секторларының үлестерінен басым болады. 2009 жылғы компьютер жабдығына арналған шығындар шамамен 71 млрд. теңге, IT-қызметтері шығыны – 12,6 млрд. теңге құрады.
IT-саласында қазақстандық кәсіпорындардың қалыптасуында ең маңызды фактор мемлекеттік саясат болып табылады. 2007 және 2008 жылдары елдің мемлекеттік органдарының ақпараттандыруға инвестициялық шығындары бағалау бойынша 15,1 және 17,7 млрд. теңгені құрады. Дағдарысқа қарамастан, мемлекет IT-қызметтері нарығында ірі тапсырыс беруші болып қалады. 2009 жылы бюджеттен IT инвестициялауға 18,8 млрд. теңге бөлінді. 2004-2010 жылдарда «электрондық үкіметті» (бұдан әрі – ЭҮ) қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын іске асыру, БҰҰ дайындаған, электрондық үкіметке ғаламдық дайындық бойынша рейтингте Қазақстанға соңғы жылы, Ресейді (59-орын), Беларуссияны (64-орын) және Украинаны (54-орын) артта қалдырып, 81-орыннан 46-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. АКТ және мемлекеттік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару облысында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында 2008 жылы «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы құрылды.
Ақпараттық технологиялар құрылымында үш ірі секторды көрсетуге болады: АТ-жабдықтарының өндірісі секторы, қорабтық (лицензиялық) бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және IT-қызметтер секторы.
Қазақстанның
IT-нарығы құрылымындағы өндіріс секторы
және
IT-жабдығын іске асыруда жалпы көлемінде
басыңқы болып табылады (79 %), ол компьютерлерге,
қазақстандық қоғамды ақпараттандыру
үдерісін сүйемелдейтін желілік және
периферийлік компьютерлік жабдыққа
сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді.
Осы сегментте жұмыс істейтін кәсіпорындардың
жалпы түсімі 2009 жылы 71 млрд. теңге шамасына
жетті. Сарапшылардың бағасы бойынша қазақстандық
қамтудың үлесі 2 млрд. теңгеден аспайды
(2 %-ға жуық). Сектордың маңызды ерекшелігі
оның импортқа тәуелділігі, ол микроэлектрондық
құрушылардың жеке меншік өндірістік
базасының болмауының салдары болып табылады.
3-бөлім. Коммуникациялық кешенінің реттелуі, даму
проблемаларының шешу жолдары,
перспективасы.
Күшті және әлсіз жақтарды, саланың (сектордың) мүмкіндіктерін және қауіптерін талдау
| Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
| Телекоммуникациялық
нарықтағы жоғары бәсеке
Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру «Электрондық үкіметтің қызмет ететін инфрақұрылымы Саланың
даму орталығы ретінде арнайы экономикалық
аймағының «Ақпараттық технологиялар
паркі» («Алатау» АТП АЭА) «Алатау»
болуы |
3G, 4G технологияларының
негізінде байланыс желілерін таратудағы
артта қалушылық
Телерадио хабарлар тарату кешенінің ескірген инфрақұрылымы Интернет желісіндегі қазақстандық контенттің дамымауы Ұсынылатын электрондық қызметтердің жеткіліксіз саны Ақпараттық-коммуникациялық технология-лардағы импортқа жоғары тәуелділік Пошталық инфрақұрылымның негізгі қорларының тозуы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдықтарының өндірісі саласында табысты кәсіпорындардың болмауы |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| Интернетке
кеңжолақты қол жетімділік қызметтеріне
жоғары сұраныс
Цифрлық хабар таратуға көшу мен байланысты жабдыққа сұраныс Шағын және орта бизнесті және инновацияларды дамыту құралдары ретінде Интернетті қолдану ҮИИД МБ жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдығына жоғары сұраныс Жабдықтың, БҚ-нің және IТ-қызметтерінің отандық өндірушілері үшін Кедендік одақ шеңберінде өткізу нарықтарын кеңейту Электрондық сауда элементі ретінде пошта-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мамандарына жоғары сұраныс |
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласының нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету және техникалық реттеу
деңгейлерінің сәйкессіздігі
ЖОО-ның және кәсіби білім беру деңгейінің сала талаптарына сәйкессіздігі БҚ-ны әзірлеу және IТ-қызметтері саласындағы қазақстандық мазмұнның төмендеуі |
Ақпараттық
технологиялар мен
конвергентті қызметтердің ұғымдық аппараты;
интеграцияланған бизнестің шеңберінде қызметті лицензиялау;
радиожиілікті, нөмірлік және жер ресурстарын қосқандағы қолданылатын өндірістік ресурстар.
Конвергенция
жағдайларында байланыс операторлары
мен нарықтың басқа да қатысушыларының
қызметтерін мемлекеттік
Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым саласында негізгі проблемалар телекоммуникациялық желілерді цифрландырудың аяқталамағандығы болып табылады. Жаңа ұялы байланыс технологияларын енгізу, сондай-ақ ауылдық жерлерді телефондандыруды дамытудың бөгелуі, жаңа байланыс технологиялары күшті министрліктер мен ведомстволардың радиоэлектрондық құралдарының жиілік диапазонын қолданумен түсіндіріледі.
Жергілікті телефон байланысын дамыту көрсетілетін қызметтердің шығындылығымен бөгеледі, ол инвестициялық тартымдылықты жоғарылату мақсатында тарифтердің дәйекті өсуін талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту үшін тежегіш факторы бас тарту төзімділігінің жоғары деңгейлі сауда есептегіш орталықтар нарығының дамымағандығы болып табылады.
Байланыс операторларының тең құқылы қол жетімділігі мақсатында әмбебап қызмет көрсету үлгісін, оның ішінде, байланыс операторларының Қазақстанның облыс орталықтарының шегінде телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін көрсетуге конкурстарды өткізуді, атап айтқанда, конкурсқа ұялы байланыс операторларының қатысу мүмкіндігін қарастыруды қайта қарау қажет.
Ұтқыр байланыс операторларының дамуы үшін 3G технологиясын енгізу үлкен мәнге ие. Алматы және Астана қалаларында 2008 жыл ішінде ұялы байланыс операторларымен 1920-1980/2110-2170 МГц жиілігі диапазонында 3G стандартты ұялы байланыс жабдығын тестілеу бойынша пилотты жобалар сәтті өткізілді.
4G, оның ішінде, Wi-Max технологиялары бойынша кеңжолақты байланысты енгізу үлкен әлеуетке ие.

- Коммуникация. Теорий коммуникаций
- Коммуникация у животных
- Коммуникация: устная форма передачи информации
- Коммуникикации в современном мире: возможности и проблемы
- Коммунистическая идеология
- Коммунистическая партия Белоруссии
- Коммунистическая партия Венесуэлы
- Коммуникация в экономической сфере
- Коммуникация животных
- Коммуникация и ее виды
- Коммуникация и культура
- Коммуникация и ложь
- Коммуникация и общение: соотношение понятий
- Коммуникация и язык животных