Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы

Компаниядағы  қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы  
Кіріспе 

     Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы, еліміздің экономикасының халықаралық экономикалық жүйеге дендеп енуі кәсіпорын қаржыларының маңызы мен міндетін арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының жағдайы , оынң қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте өзіне тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржылық басқаруға деген басымдықты арттыра түсті. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Ал кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады. 

     Қаржыны басқаруда оңтайлы нәтижеге жету үшін , бизнестің жалпы құралымындағы қаржылық менеджмент маңызды орын алады. 

     Қаржылық  менеджмент- кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі. 

     Жалпы қаржылық менеджмент тікелей кәсіпорынның менеджменті болып та шығады, өйткені кәсіпорынның барлық жүргізетін іс шаралары мен өндірісі барысында қолданылатын қажеттіліктер мен капиталдардың бәрі де нарықта қандай да бір бағаға, құнға ие және кәсіпорын қаржысы осы үрдістің үзіліп қалмауын қамтамасыз етуге де жұмсалады. Көп жағдайларда сол кәсіпорынды басқарып отырған басшылардан және олардың ұстанған қаржылық саясатынан кәсіпорынның тағдыры тікелей өзгеріп отырады. Егер кәсіпорын басшылығы қаржыны талдау, басқару маңызыдылығы тиімділіктерін басшылыққа алмаса және үздіксіз бақылау жасау механизмін орната алмаса онда сол кәсіпорын үшін автоматты түрде қаржылық дефольт орын алады, қаржының жетіспеушілігі мен дұрыс бөлінбеуі, нәтижесінде кәсіпорынның қызметі тоқтап қалуы мүмкін. 

     Заманауи қоғамда дамыған кәсіпкерлік, бәсекелестікке қабілетті компаниялардың болуы сол елдің экономикалық қуатын өсіретін, еселейтін бірден бір фактор. Сол себепті әр елде болсын компаниялардың қаржылық жағдайы әрдайым жоғары дәрежедегі үкіметтік деңгейде бақыланып отыр. 

     Қаржылық  менеджменттің мәні, мазмұны мен  құрылымы 

     Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі жыне төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады, ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәссіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл ауқатының максималды көбеюуі болып табылады, яғни пайданың , кәсіпорынның нарықтық бағасы. 

     Қаржыларды  басқарудың екінші жағы –қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әр түрлі болып табылуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек. 

     Қаржылық  менеджмент – бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлініуімен, оларды қолданумен және кәсіпорнынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырушылармен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйе болып табылады. 

     Қаржылық  менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс  атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне  жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (бөлінбеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б).  
Қаржылық менеджмент акция иелерінің хал-ахуалын немесе меншік кірістерін барынша көбейту барысында өткізіліп отырған, басқарудағы нарық жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны сақтаумен байланысты қабылданған шешімдер жйынтығымен байланысты. Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты теориялық ғылым болып табылады. 

     Қаржылық  менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:  
• Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;  
• Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (комермерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру, қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалды қаржыландыру; 
• Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау:  
Капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару, инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып , ақшаның құнын бағалау (дисконттау);  
• Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;  
• Шешімнің нұсқамасы және орындалуы;  
• Шешімнің орындалуын бақылау;  
• Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы есеп беру. 

     Қаржы менеджментінеің басты мақсаты-қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көтеру. Бұл мақсатта кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. 

     Қаржылық  менеджменттің басты міндеті-бұл фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акция бойынша, мүмкін болатын дивиденд бойынша көбеюін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет тәртібін анықтау.  
Қаржылық менеджменттің нарықтық экономикадағы жалпыға бірдей қабылданған жоғарыда атап өткен мақсаты туралы еткенде, бізідің көпшілігімізде қалыптасқан , кәсіпорынның қаржы әрекетінің басты мақсаты пайданы барынша көбейту деген ойымызға қарама-қайшы келетінін атап өткен жөн. 

     Кәсіпорынның  нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп дәрежесі және жиынтығы жағынан жоғары пайда ағымдағы тұтыну мақсаттарына жұмсалуы мүмкін, соның нәтижесінде кәсіпорын ары қарай дамуға қажетті , өзінің қаржы ресурстарын құратын негізгі көзден айрылады (ал дамымайтын кәсіпорын өзінің нарықтағы конкуренттік (бәсекелік) қабілетін жоғалтады, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құру әлуетін азайтады, осының барлығы нәтижесінде кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеліп соғады). 

     Сонымен қатар жоғары дәрежедегі пайда қаржы-қаражаттық тәуекелдің және болашақта банкроттықа түсу қаупі есебінен болуы мүмкін, бұл жағдай да кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, нарықтық жағдайда пайданы барынша көбейту қаржы менеджментінің басты міндеті болғанымен, оның ең басты мақсаты емес. 
Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үрдісіне төмендегі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады (1-кесте).  
1-кесте. Қаржылық менеджменттің негізгі тапсырмалар жүйесі 

     Қаржылық  менеджменттің басты мақсаты Қаржылық менеджменттің өзінің басты мақсатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі тапсырмалары. 

     Қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көбейтуді қамтамасыз ету. -алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету;  
- кәсіпорынның негізгі бағыт аясында қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;  
-кәсіпорынның негізгі бағыт аясында қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;  
-көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі дәрежесін барынша азайту;  
- кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы тепе-теңдігін үнемі қамтамасыз ету.

 Алдағы  уақытта кәсіпорынынң даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамсыз ету. Бұл тапсырма кәсіпорынның алдағы уақытта қажетті жалпы қаржы ресурстарын анықтау, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстар көлемін барынша көбейту, сыртқы көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құрудың мақсатқа лайықтылығын анықтау, ресурстық қаржы потенциалын құру және құралдар мен көздерді оңтайландырумен жүзеге асырылады.ü 

       Негізгі бағыт аясында қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануын қаматамсыз ету. қаржылық ресурстарының құрылған көлемін бөлуді оңтайландыру, олардың кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына қажетті пропорциясын анықтайды.ü 

       Қаржы айналымын оңтайландыру. Бұл тапсырма кәсіпорынның ақша айналымы үрдісіне ақша ағымын тиімді басқару, жеке кезеңдер бойынша ақша қаражатының түсуін және шығындалуын қамтамасыз ету, айналым активтерінің қажетті өтімділігін қодау жолымен шешіледі. Осындай оңтайландыру нәтижесінде бос ақша активтерінің орташа қалдығы азаяды, бұл өз негізінде тиімсіз қолдануын және инфлияциядан болатын шығынды азайтуды қамтамасыз етеді.ü 

       Көзделген қаржы тәуекелі негізінде кәсіпорынның пайдасын көбейтуді қамтамасыз ету. Пайданы барынша көбейту, кәсіпорын активтерін тиімді басқару , қарыз қаржы-қаражатын шаруашылық айналымға енгізу, операциялық және қаржы әрекетінің тиімді бағыттарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.ü 

       Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелін барынша азайту. Егер кәсіпорынның пайда дәрежесі алдын-ала жоспарланған немесе тапсырылған болса, ең басты тапсырма қаржы тәуекелін азайту болып табылады.ü 

       Кәсіпорынның дамуы барысында , оның қаржы тиімділігін үнемі қамтамсыз ету. Бұл тиімділік қаржы тұрақтылығының жоғарғы дәрежесіне және кәсіпорынның барлық даму кезеңіндегі төлем қабілеттілігімен сипатталады, әртүрлі көздер есебінен қаржы ресурстарын құру көлемінде тиімді пропорциясымен инвестициялық қажеттілікті өзін-өзі қаржыландырудың жеткілікті дәрежесімен сипатталады.ü 

     Жоғарыда  қарастырылған қаржы менеджментінің барлық тапсырмалары әр түрлі бағытта сипат алғанмен, бір-бірімен өте тығыз байланысты. (мысалы: қаржы тәуекелі дәрежесін барынша азайту барысында пайда жиынтығын барынша көбейтуді қамтамасыз ету; кәсіпорынынң даму үрдісіне , оның үнемі қаржы тепе –теңдігін және қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құруды қамтамасыз ету және т.б). Сондықтан қаржы менеджменті үрдісінде жеке тапсырмалар өзара оңтайландарылуы қажет, бұл оның басты мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
Қаржылық менеджмент кәсіпорынның жалпы кірісі, акция кірісі ( дивиденд ) және акция сценариімен жұмыс атқарады, сонымен қатар нақты нарық жағдаятының күтіп отырған нәтижесіне сәйкес келмегендіктен болатын шығын тәуекелімен де жұмыс атқарады. Пайданы барынша көбейту мақсатын басшылыққа ала отырып, компания пайданың барлық түрін алуға болатын баламаны таңдауға тиіс. Акция курсын көбейтуге немесе төленетін дивиденттің көбеюіне әкелетін шешімдерді қабылдау керек. Бірақ, тәжірибеде мұндай әрекеттер капиталдың бір бөлігін жоғалтумен , меншік иелері алдағы кірістерінен айрылуымен, іскерлік имидждің төмендеуімен және кейде фирманың құруымен байланысты болады. Сонымен қатар фирма өз тарапынан ешқандай да әсері жоқ факторлар бар (ішкі немесе экзоиндік факторлар), осы факторлар фирманың пайдасын азайтады, олар: технологиялық, ресурстық, қаржылық, эколгиялық және саяси шектеулер. 

     Акцияға тәуекел мен пайда қарама-қарсы әсер етеді. Өте жоғары пайда дивиденттің өсуіне, яғни қор биржасында компанияның акцияларына сұраныс өседі, ал тәуекелдің артуы, акция бағасының төмендеуіне , яғни қор биржасында акцияның қажеттілігінің төмендеуне әкеліп соғады, осының нәтижесінде фирманың қаржы жағдайы төмендейді. 

     Қаржылық  менеджменттің ең негізгі екі буыны – пайда және тәуекел және олардың арақатынасы, әрбір нақыт бір кезеңде корпорацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден- пайданы көбейту, екіншіден- компанияның нақты өтімділік деңгейін қамтамасыз ету. 

     Қаржылық  менеджмент қаржыны басқару мақсатын өндіру процесінен және соларға ықпал тигізетін әдістер мен тәсілдерден және қаржылық механизм тұтқасынан тұрады. (1-сурет).  
Әрбір басқарушы сияқты қаржы менеджменті белгілі бір басқару обьектісі бар екенін ұйғарады. Осындай басқару обьектісі болып, кәсіпорын қаржысы мен оның қаржы іс-әрекеті табылады.
 

     1-сурет.  Қаржылық менеджменттің  құрылымы 

     Әрбір басқарушы сияқты қаржы менеджменті белгілі бір басқару обьектісі бар екенін ұйғарады. Осындай басқару обьектісі болып, кәсіпорын қаржысы мен оның қаржы іс-әрекеті табылады. 

     Капитал мен қаржы ресурстарының құрылуының ерекшелігі; осы қаржы ресурстарды бөлудің формалары мен әдісі, ақша ағымының көлемі мен интенсивтілігі және басқа да қаржы әрекеттің шарттары жеке кәсіпорында өзгешеленеді. Сондықтан, қаржылық менеджментті іске асыру ерекшеліктерінен қаржы менеджментінің обьектісі ретінде класификациялау қажеттілігі туындайды. Жеке класификациялау белгі бойынша:  
1. Меншік формасы бойынша:  
- меншіктің мемлекет формасындағы кәсіпорын ( мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде );  
- мемлекеттің мемлекеттік емес формадағы кәсіпорындар.

2. Іс-әрекеттің ұйымдық-құқықтық формалары бойынша:  
- жеке кәсіпорын;  
- серіктестік;  
- корпоративті.  
3. Сомалық белгі бойынша:  
Соманың істеп тұрған классификаторы мен іс-әрекеттің түріне сәйкес кәсіпорынның түрі.  
4. Меншікті капиталының көлемі бойынша:  
- кіші кәсіпорын;  
- орташа кәсіпорын;  
- үлкен кәсіпорын;  
- ірі кәсіпорын.  
5. Нарықтағы монополиялық орны бойынша;  
- кәсіпорындағы табиғи монополист;  
- тиісті нарықтағы өзінің өнімін өткізу үлесі бойынша монополиялы кәсіпорын;  
- бәсекелестік ортада жұмыс істейтін кәсіпорындар.  
6. Өмірлік цикл сатысы бойынша:  
- «құрылу» сатысындағы кәсіпорын;  
- «балалық шақ » сатысындағы кәсіпорын;  
- «жастық шақ» сатысындағы кәсіпорын;  
- «ерте даму» сатысындағы кәсіпорын;  
- «соңғы даму» сатысындағы кәсіпорын;  
- «тоқырау» сатысындағы кәсіпорын; 

     Қаржы менеджментінің негізгі субьектілері:  
- кәсіпорын иесі. Қаржыны басқару функцияларын және қаржылық іс-әрекеттің біршама бөлігін өзі жүзеге асырады.  
- кең профильді қаржы менеджері. Маман болып табылатын қызметкер кәсіпорынды қаржылық басқарудың барлық функцияларын орындайды.  
- функционалды қаржы менеджері. Тар мамандалған жұмысшы, кәсіпорынның бір сферасындағы қаржы іс-әрекет басқару функциясын орындайды. 

     Қаржылық  менеджменттің принциптері  
Кәсіпорынның қаржылық әрекетін тиімді басқару бірқатар принциптерді жүзеге асыру барысында қамтамасыз етіледі, соның ішінде ең негізгілері: 

     1) Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен біріктірілуі.  
Кәсіпорынның қандай саласында болмасын басқару шешімі, тура немесе жанама түрде ақша ағымының құрылуына және қаржылық әрекеттің нәтижесіне әсерін тигізеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджментпен, инновациялық менеджментпен, жұмысшылар менеджментімен және басқа да қызметтік менеджменттермен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен қаржылық менеджменттің үйлесімді біріктірудің қажеттілігін анықтайды. 

     2) Басқару шешімдерінің құрылуының  кешенді сипаттамасы.  
Қаржы ресурстарын құру, бөлу және қолдану саласындағы және кәсіпорынның ақша айналымын ұйымдастыру бойынша басқару шешімдері оның қаржы қызметінің нәтижесімен тығыз байланысты және оған тура немесе жанама түрде әсер етеді. Кейбір жағдайларда бұл әсер қарама-қарсы сипатта болады. 

     Мысалы, өте мол кіріс әкелетін қаржы инвестицияларын жүзеге асыру өндірістік қызметті қаржыландыру тапшылығына, сәкесінше операциялық пайданың көлемінің азаюына әкеледі ( меншікті қаржы ресурстарын құру мүмкіндігі төмендейді) . сондықтан қаржылық менеджмент кешенді басқару жүйесі тұрғысынан қарастырылуы тиіс және де ол кәсіпорынның қаржы қызметінің жалпы нәтижелілігіне өз үлестерін қосатын өзара байланысты басқару шешімдерінің дайындығын қамтамасыз етуге тиіс. 

     3) Басқарудың жоғары динамизмі. 

     Кәсіпорында , өткен кезеңде дайындалып, жүзеге асырылған, қаржы ресурстарын құрып, қодану және ақша айналымын оңтайландыру саласындағы тиімді басқарушылық шешімдер үнемі кәсіпорынның қаржы қызметінің келешектегі кезеңдерінде қолданыла бермейді. Бұл нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі сыртқы факторлардың жоғары серпініне және ең алдымен- қаржы нарығының жағдайының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын кәсіпорынның ішкі жағдайлары да өзгереді. Сол себепті қаржылық менеджментті сыртқы орта факторларының, ресурстық мүмкіндіктерінің , өндірістік және қаржы қызметінің ұйымдастыру нысандарының , қаржы жағдайының өзге де кәсіпорынның қызмет ету параметрлерінің өзгерісін ескеретін жоғары динамизммен сипаттауға болады. 

     4) Жеке басқарушылық шешімдерді дайындауға көзқарастың көпнұсқалылығы. 

     Осы принципті жүзеге асыру үшін, қаржы ресурстарын құру және қолдану, ақша айналымын ұйымдастыру саласындағы әрбір басқарушылық шешімді әрекеттің балама (альтернативті) мүмкіндігін ескере отырып дайындау қажет. Басқарушылық шешімнің балама жобалары болған жағдайда, кәсіпорынның нақта қаржы саясатын немесе қаржы стратегиясын , қаржы идеологиясын анықтайтын критерийлер жүйесін негізге ала отырып, жүзеге асыратын таңдау жасау қажет. Мұндай критерийлер жүйесін кәсіпорын өзі бекітеді. 

     5) Кәсіпорынның даму стартегиясының мақсаттарынан хабардар болу. 

     Ағымдағы  кезеңде қаржы қызметі саласындағы  қандай да болмасын басқарушылық шешімдерінің жобасы тиімді болып көрінгенмен, егер ол кәсіпорынынң басты мақсатына , оны дамытудың стратегиялық бағыттырына қарама-қайшы келсе , алдағы уақытта қаржы ресурстарының ішкі көздері әсерінен меншікті қаржы ресурсын құрудың экономикалық базасын бұзса, ол қабылданбау керек болып саналады. 

     Жоғарыда  аталған принциптерді ескере отырып ұйымдастырылған тиімді қаржылық менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің жоғары қарқынмен өсуі мүмкіндігін қалыптастыра алады, тауар және қаржы нарығында бәсекелесетін позициясын біршама жоғарлатады, болашақта стратегиялық-экономикалық дамуды қамтамасыз ете алады.  
 

     Қаржылық  менеджменттің функциялары 

     Қаржылық  менеджменттің екі негізгі функциясы бар: басқару обьектісінің функциялары және басқару субьектілерінің функциялары.  
Басқару обьектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының ұйымдастырылуы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. 

     Басқару субьектілерінің функциялары қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым-қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы қызмет түрі. Бұл функциялар, яғни нақты басқару түрі жинақтардан , табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Қаржылық менеджментке мынадай функциялар тән: жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау. 

     Қаржылық  менеджментте жоспарлау маңызды орын алады. Басқару функциясы – қаржылық жоспарлау- мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін құқық саласы. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау- ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару.  
Болжау қаржылық менеджментте- белгілі бір құбылыс, обьект, пооцестің нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады. 

     Қаржылық  менеджментте ұйымдастыру формасы әртүрлі ережелер арқасында қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар жиынтығы. 

     Реттеу қаржылық менеджментте- қаржылық жүйенің тұрақтылық жағдайына жету құралы арқылы басқару обьектісіне әсер етуі. Реттеу ағымдағы іс-шараларды құрайды.  
Үйлестіру қаржылық менеджментте- мамандар және басқару аппаратарының , басқару жүйелерінің барлық бөлімдерінің жұмысын ыңғайлату. 

     Ынталандыру- өзінің еңбегінің қорытындысына қызығушылығы қаржылық қызметтегі жұмысшыларды ынталандыру болып табылады. Шығындалған еңбектің сапасы мен санына байланысты қажеттіліктердің бөлінуі арқылы ынталандыру жүзеге асырылады.