Компьютер желісі
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім:
1. Компьютерлік желінің түрлері
2. Негізгі желілік топологиялар
3. Желілік программалық құралдар
4. Клиент сервер технологиясы.
5. Желілік технологиялар және желілік принтерлер
III. Қорытынды.
Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
n Компьютерлік желі жұмыс
істеу принципіне, аппараттық және программалық
қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ)
және аумақты (АКЖ) компьютерлі
Жергілікті желі.
n Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
n Жергілікті желі құрудағы
себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру,
әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.
Бір немесе
бірнеше желілерді бір –
ЖКЖ – нің физикалық негізі
Жергілікті желінің физикалық негізі
n Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт
Шиналық
топология – мұнда жұмыс станциялары
желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға
немесе магистральға (кабельге) қосылады.
Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа
да желілік құрылғылар қосыла береді.
Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын
ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ
оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы
қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
|
Сақиналық
топология – мұнда байланысу арналары
тұйықталған сақина бойында орналасады.
Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық
жұмыс станцияларын аралап шығады да,
оны керекті компьютер қабылдаған соң
жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі
– кез келген бір жұмыс станциясының істен
шығуы жалпы байланысты бұзады.
ЖКЖ (жергілікті компьютер желісі) - де ақпаратты тасымалдау үшін төмендегідей физикалық орта қолданылады, ыңғайлы болу үшін байланыс түрлерінің салыстырмалы түрде көрсетілген сипаттамасына көңіл бөлейік
Интернет
сөзі әдетте, желінің физикалық деңгейін
білдіреді, яғни бұл сөзбен компьютерлерден,
кабельдерден және де мәліметтерді тасымалдайтын
басқа құрылғылардан тұратын
аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды.
Желілік программалық
қамсыздандыру.
Ø Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен – ортақ ереже мен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әр түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген.
Ø Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рол атқаруы мүмкін:
· Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер жұмыс станциясы деп аталады.
· Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.
Серверлер әр түрлі қызмет көрсетеді:
· Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);
· Баспадан шығару (баспа сервері);
· Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер);
· Электронды поштаны алу, сақтау және беру (пошта сервері);
· Сайттарды орналастыру (web - сервер);
Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін.
Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ –гі сервер құрамындағы программаны қосу қажет.
Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс станциясынан клиент деп аталатын программаны қосу қажет.
Сервері
бар, қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері
бар жергілікті желі «клиент –
сервер» технологиясында
Windows XP ОЖ – ң желісі.
Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады.
n Сервер – ортақ пайдалануға
арналған барлық ресурстарды қамтитын
компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану
үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі
жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.
Стандартты ОЖ файлды қатынау және баспа қызметіне кіреді.
Файлды қызмет. Файлды қызметтің міндеті басқа ДК –ге файлды оқуға, өзгертуге немесе құруға мүмкіншілік жасау. Кейде көптеген компьютерлер бір файлмен жұмыс істегенде олар бір - біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға тек оқуға мүмкіншілік беру қажет. Ал ол үшін файлды қызмет қатынау құқығын шектеу механизмінқолданады. Windows XP – де клиент қатынау үшін шексіз каталогты (папканы) қолдануға болады. Әрбір каталогтың файлды қызметтің конфигурациясы анықтайтын аты болады және оны ресурс деп атайды.
Әр ресурс үшін қатынау режимі анықталуы мүмкін:
· тек оқу – ақпаратты оқу, бірақ өзгертуге болмайды.
· толық еркін қатынау – ақпаратты оқуға, өзгертуге болады.
· пароль арқылы қатынау – белгілі ресурспен жұмыс істеу үшін пароль білу қажет.
Баспа қызметі. Кейде барлық компьютерге принтер қою мүмкін емес. Осы жағдайда бір компьютерге принтер қойылады да басқа компьютерлерге баспадан шығу үшін қызмет атқарады. Бұндай жағдайды біз әсіресе компьютер сыныптарында қолданып жүрміз.
Ауқымды компьютерлік
желі.
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
· Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
· Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
· Мәліметтерді беру желілері.
Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Кәзіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет (Internet) баршаға белгілі.
DARPA
атты американ мекемесі 1966 жылы
телекоммуникациялық
Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді.
Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:
І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.
Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.
Интернет
желісін сипаттау үшін оны телефон
жүйесімен салыстыру
Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
1990
жылдан бері интернет өз
Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.
Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:
· Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;
· Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)
Интернетпен байланыста физикалық принципі.
Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен интернет – провайдерарқылы байланысады.
Интернет – провайдер – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға мүмкіншілік жасайды.
Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.
Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі
қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.
Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:
Модем арқылы байланыс.
Модемдер
жай телефон арналары арқылы Интернетке
қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін
береді. «Модем» деген сөз осы
құрылғының қызметіне байланысты шыққан,
ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің
қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден
шыққан цифрлық сигналдарды жалпы
телефон арналары арқылы тасымалданатын
аналогтық сигналдарға
Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.
Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с).
Аумақтық (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.
Корпаративті
желі иелері, Интернетке байланыстың
кең мүмкіндігін қолдану
Ұялы байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.
ҰЯЛЫ
қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға
ортақ орындарда (аэропорт, қонақ үйі,
сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады.
Интернетпен жұмыс кезінде ірі компаниялардың,
фирмалардың қызметшілері бір орыннан
екінші орынға ауысып отыруына байланысты.
Интернеттің көрсететін қызметі. Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:
· Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;
· Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);
· Әлемдік тор (WWW)
· Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесеVoIP);
· Электронды коммерция және банкадағы есептеу шотын басқару;
· Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)
· (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;
· Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.
Электронды пошта.
Қазіргі
электрондық пошта кеңінен
Электрондық пошта жүйесі:
· қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
· тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
· жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.
Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.
Жеткізу
агенттері – поштаны тасымалдау
агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті
пайдаланушыларға жеткізетін программалар
тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне,
файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі
мүмкін.
Тест
№1
Ø 1. Ауқымды (глобальды) компьютерлік желіде компьютерлер арасында байланыс орнату үшін мынадай ресурстар қажет:
а) компьютер, модем, желіде жұмыс істеуді сүймелдейтін программалық жабдықтамалар;
ә) компьютер, желілік адаптер, байланыс арнасы (каналы), осыларға сәйкес программалық жабдықтамалар*,
б) компьютер, модем, желілік адаптер;
в) компьютер, телефондық аппарат, интернет – карта.
Ø 2. Модем мынадай қызмет атқарады:
А) Модуляция жасайды (екілік информацияны аналогтық түрге айналдыру)
Ә) демодуляция жасайды (аналогтық информацияны екілік түрге айналдыру)
Б) модуляция және демодуляция жасайды*;
В) сигналдарды күшейту.
Ø 3. Телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір – бірімен қандай хаттамамен мәлімет алыса алады?
А) IP
Ә) ТСР/IP*
Б) ТСР
В) URL
Ø 4. ТСР хаттамасы қандай қызмет атқарады?
А) мәліметтерді бірнеше бөліктерге бөледі
Ә) мәліметтерді жөнелту ісін атқарады*
Б) мәліметтерді бір жүйеге келтіреді
В) мәліметтерді құрастырады
Ø 5. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін ... болу керек.
А) компьютер, модем, телефон*
Ә) компьютер, сканер, модем
Б) компьютер, телефон
В) компьютер, модем, принтер
Ø 6. Сервердің бірінші бетіне жазылатын адрес?
А) ІР адресі
Ә) URL адресі*
Б) DNS адресі
В) SRL адресі
Ø 7. Екі желінің мәлімет алмасуының ережелерін, ақпарат форматтарын, принципін анықтау заңдылығы
А) желі торабы
Ә) протокол* (хаттама)
Б) ақпараттық сервер
В) провайдер

- Компьютер и его значение в современном мире
- Компьютеризация аудиторской деятельности
- Компьютеризация в 1-С бухгалтерия
- Компьютеризация в философии
- Компьютеризация геофизических методов исследования скважин
- Компьютеризация и делопроизводство
- Компьютеризация и её социальные последствия
- Компьютердің құрылғылары
- Компьютердің құрылғылары
- Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері
- Компьютердің негізгі блоктарын архитектуралық ұйымдастыру
- Компьютердің пайдасы мен зияны
- Компьютердің пайдасы мен зияны" бесплатно
- Компьютер для домашнего офиса