Конституциялық құқықтық

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1.Конституциялық құқықтық  нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері...........................................................................................................4

2.Конституциялық құқықтық  норманы жүзеге асырудың мәні  және ерекшеліктері...........................................................................................................8

Қорытынды............................................................................................................11

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы жұмыста Конституциялық құқықтық нормалар түсінігі мен олардың түрлері сонымен қатар Конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың мәні және ерекшеліктері қарастырылады.

Жалпы құқық теориясында  құқық нормасы ретінде мемлекеттен  туындайтын және сол арқылы қорғалатын, заң құқығына қатынасушылардың қатынасын  білдіретін және оларға міндеттер жүктейтін  жалпыға міндетті және заңда айқындалған  тәртіп ережесі түсіндіріледі. Басқаша айтқанда Конституциялық норма жалпы құқықтық нормалар жүйесінде маңызды роль атқаратын, негізгі қатынастарды реттеуге бағытталған, басқа құқықтық нормалардың дамуының бастамасы болатын ерекше құқықтық норманың бір түрі болып табылады.   Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру ортақ  заңдылықтарға бағынатын, қалыптасқан механизмі бар ерекше қызметтердің жемісі. Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың басты нысандарына (түрлеріне) конституциялық құқықтық нормаларды сақтау, орындау, пайдалану және қолдану сияқты дәстүрлі түрлерімен қатар конституциялық нормаларды заңдар арқылы нақтылап жүзеге асыру жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей қолданылуы оны жүзеге асырудың басты факторы және негізгі әдісі болып табылады.Қазақстан Республикасының Парламенті тікелей де және жанама да тұрғыда да конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруға ықпал етеді. Конституциялық Кеңес конституциялық нормалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуші басты орган. Аталған қызметті Конституциялық Кеңес мынандай нысандарда Конституцияны ресми түсіндіру, заңдардың Конституция нормаларына сәйкестігін қарау т.б. арқылы қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

Конституциялық-құқықтық нормалар

1) басқа құқықтық нормалармен ұқсастығы қандай;

2) құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан конституциялық құқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта қарастырған жөн.

     Конституциялық құқыктық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты екі қызмет атқарады. Яғни реттеушілік және қорғаушылық қызмет. Реттеуші нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға зандық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқығы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тертіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар көп емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелері жатады.

Конституциялық-құқықтық нормалар:   

1. мазмұнымен (реттеуге бағытталған  қоғамдық қатынастардың аясымен);

2. неғұрлым көбірек заң  күшіне ие болумен; Қазақстан  Республикасы Конституциясының  ережелеріне қайшы келетін нормалардың  күшін жоюымен;

3. сол арқылы білдірілген  дерек көздеріменен (неғұрлым маңызды  нормалар Қазақстан Республикасының  Конституциясында түзілген);

4. нормалардың өзіне тән  түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ережелердің болуы);

5. жүзеге асырудың айрықша  механизмімен (қоғамдық қатынастардың  түбегейлі, басты тұстарын ғана  реттейді);

6. қатынастарды реттейтін  (халық, мемлекет, ұлттар, жоғары  мемлекеттік органдар) субъектілердің  өзіндік сипатымен;

7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға  және жекелеген жағдайларда ғана  – санкцияға ие);

8. нұсқаулардан тұратын  құрылтайшылық сипатпен өзгешеленеді.

 

Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар.

Конституциялық-құқықтық нормалардың  негізгі жіктелуі (классификациясы).

Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша:

1. Құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анықтайтын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормаларға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады.

Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқықберуші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар - азаматтардын саяси, экономикалық, әлеуметтік қүқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.

2. Міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін аталмыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын субъектілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай міндеттер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да жүктеледі.

Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конститиция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.

 

3. Тыйым салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұндай нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін (бастауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қорғауға бағытталған.

Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық  дәрежесі бойынша           императивті нормалар және диспозитивті нормалар болып бөлінеді.

Императивті нормалар дегеніміз белгілеген ережелерді субъектілерге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін  нормаларболып табылады. Диспозитивті нормалар – нормада көрсетілген  жағдайларды ескеру арқылы субъектінің әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.

Құқықтық реттеу механизмі  бойынша нормалар келесідей жіктеледі:

1.Материалдық нормалар  -  қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтын  нормалар.

2.Процессуалдық нормалар – сол арқылы жүзеге асырылатын тәртіпті анықтайтын нормалар.

Бірыңғай және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін және салыстырмалы түрде дербес топты құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы конституциялық-құқықтық институт деп аталады. Мысалы: азаматтық институты, Президенттік институт, сайлау  құқығы институты және т.б.

  Конституциялық зандарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған 5-баптың 3-тармағында: "Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда кезделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады " делінген.

Конституциялық-құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін нығайтумен, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттеуді көздейді.

Конституциялық-құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция қағидаларына қайшы келетін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс. Конституциялық нормаларды қорғау құқы Конституциялық Кеңеске және Прокуратураға берілген.

    Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар өзіндік қырымен ерекшеленеді. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан айырмашылығы конституциялық құқықтың конституциялық нормаларды жүзеге асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ деген сөз емес. Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар тобының қай-қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Айталық, Парламенттің заңдар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу тәртібі және басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Конституция қандай да елдің  болмасын мемлекеттік құқықтық дамуында ерекше орын алатын негізгі құқықтық құжаттың бірі болып табылады. Конституцияның негізінде сол қоғамдағы мемлекет механизмінің тетіктері айқындалып және қалыпты жұмыс атқарады.

Сонымен қатар, конституция  адам құқықтары мен бостандықтарының негізін айқындайды. Азаматтық қоғам  мен құқықтық мемлекет орнату бағытына бет бұрыс жасаған мемлекеттерде  конституцияның қоғамдық саяси өмірде атқаратын рөлі өте маңызды болып  табылады. Өйткені конституцияның негізінде  азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің бастапқы қағидалары қалыптасады. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің заңдық негіздерін қалыптастырып, оны жүзеге асыруда конституцияға  ерекше орын берілген. Қазіргі кезеңдегі  көптеген елдердің тәжірибесіне зер  салсақ, Конституцияның басты қызметі  азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті орнықтыру және дамыту.

Конституциялық құқық  нормаларды жүзеге асырудың ерекше белгілері  мен сипатын тану оның мәнін ашқанда  ғана қол жеткізетін жағдай болып  табылады. Қандай да болмасын, құбылыстың мәнін ашу, сол құбылыстың ішкі заңдылықтарына үңілуді, оны алға жылжытатын күштерді тануға мүмкіндік береді.

Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың мәні оның сыртқы заңи қалпына қарағанда тереңдеу болып келеді. Біріншіден, конституциялық құқықтық норманы жүзеге асырудың мәні жалпы бұл процестің әлеуметтік мақсатын көрсетеді. Екіншіден, конституциялық нормаларды жүзеге асыруға әлеуметтік саяси жағдайлар тән болып келеді. Себебі, конституциялық нормалар қазіргі елімізде құқықтық мемлекет орнату кезінде үлкен маңызға ие және конституциялық құқықтық нормалар қоғамда қалыптасатын негізгі қатынастарға заңи сипат береді. Конституциялық нормаларды жүзеге асыру өз кезегінде заңи, саяси, әлеуметтік т.б. мәселелерді қамтиды.

Конституциялық нормаларды жүзеге асырудағы тағы бір ерекшелік конституциялық нормалардың атқаратын әлеуметтік маңызына байланысты. Мысалы: конституция құқықтық жүйенің негізін құрайды. Сонымен қатар онда басқа да (саяси, моральдық, негіздер) әлеуметтік реттеу бастаулары шоғырланған. Конституцияда көрініс тапқан нормалар әрқашан да ағымдағы заңдармен және басқа да нормалармен кешенді түрде жүзеге асады. Бұл ерекшеліктің әлеуметтік саяси маңызы жоғары. Конституциялық норманың толық жүзеге асу үшін оның ағымдағы заңдарда нақты және шынайы көрініс ала отырып өрбуі қажет.

Өркениетті қоғамдар үшін маңызды болып табылатын азаматтық  қоғам мен құқықтық мемлекет идеяларын  өміріміздің шындығына айналдырудың бірден-бір заңдық негізі оның конституциялық қалыптарын жүзеге асыру болып табылады.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет талаптары Конституцияда  негізінен құқықтық идея және қағида ретінде көрініс табады. Оған Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 30-тамызында  қабылданған Конституциясының 1-бабының 1-тармағы нақты дәлел бола алады.

Конституцияда көрініс тапқан осындай құқықтық мұраттарды нақты жүзеге асыру тәжірибеде үлкен қиыншылықтар тудырады. Сондықтан да құқықтық тәжірибеде конституция мен конституциялық нормаларды жүзеге асыру маңызды роль атқарады.

Конституция мен конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруда  тағы бір ерекше маңызды мәселенің  бірі, бұл нормалар қандай бастауларға  сүйеніп жүзеге асады деген мәселе болып табылады. Былайша айтқанда конституция және конституциялық нормалар қандай қағидаларды басшылыққа ала  отырып шынайы өмірге енеді. Конституция  мен конституциялық нормаларды жүзеге асырудың негізгі қағидалары ол нормалардың  өмірге енуінің бастапқы негіздерін айқындайтын талаптардың жиынтығы болып табылады. Конституция мен конституциялық нормаларды жүзеге асырудың мынандай қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

-конституция мен конституциялық нормалардың басқа заң нормаларына қарағандағы басымдығы;

-конституция мен конституциялық нормалардың тікелей жүзеге асу қағидасы;

-конституция мен конституциялық нормаларды жүзеге асырудың ерекше механизмін басшылыққа алу;

-аталған нормалардың ағымдағы заңдар арқылы жүзеге асуындағы бірізділік қағидасы; 

-конституция және конституциялық нормаларды жүзеге асырушылардың ерекше мүмкіндіктерін баянды ету т.б.

Конституция және конституциялық нормаларды жүзеге асырушы субъектілердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Конституция  және конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыратын субъектілер  негізінен  мемлекет тарапынан ерекше құзыретке  ие мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар болып табылады. Азамат конституцияда және басқа да конституциялық нормаларда көрініс тапқан құқықтар мен міндеттерді қолдануы, орындауы, пайдалануы мүмкін. Бұл тікелей конституция және конституциялық нормаларды жүзеге асыруға  жатпайтын болса да, азамат өзінің конституциялық құқықтарын қолдана немесе пайдалана отырып жанама түрде конституциялық нормаларды жүзеге асыруға қатыса алады деп санауға болады.

Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру теорияда, сонымен қатар күнделікті өмірде үлкен маңызға ие болып отырған  мәселенің бірі болып табылады. Конституция  және конституциялық нормаларды жүзеге асыру арқылы біз жалпы айтқанда қоғамды да белгілі дәрежеде дамытуға ықпал ете аламыз. Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру ортақ  заңдылықтарға бағынатын, қалыптасқан  механизмі бар ерекше қызметтердің жемісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорыта келгенде конституциялық құқық нормалары ұғымы мен атқаратын қызметтерін, олардың ерекшеліктері мен түрлерін қарастырдым. Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі классификациясы нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша, нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша, құқықтық реттеу механизмі бойынша жіктелетіндігін қарастырып оларға сипаттама бердім.

Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру бірнеше  бағыттарды қамтитын ерекше механизмі  бар белгілі бір қызмет бағытын  құрайды.

 Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың мазмұны конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың белсенді құқыққа сай  әрекеттерінен тұрады. Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың мәні, оның алдына қойған мақсатына жету болып табылады.

Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асырудың әлеуметтік- құқықтық сипатын тану барысында конституциялық мүдделердің орны ерекше болып табылады. конституциялық мүдделер негізінен конституциялық нормаларда көрініс тапқан әлеуметтік дамудың өлшемдері болып табылады.  Конституциялық мүдделерді терең талдау конституциялық құқықтық нормалардың әлеуметтік маңызын және бағытын айқындауға ықпал жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Ғ.Сапарғалиев , Алматы 2004 ж.
  2. Концепция правовой политики Республики Казахстан. - Алматы: ДЕШКИС, - 2002. - 28 с

 

Интернет көздері

 

  1. http://kk.wikipedia.org/wiki/Конституциялық_құқықтық_нормалар
  2. http://www.ombudsman.kz/kz/publish/docs/doklad_spec/detail_2.php?ID=1339
  3. http://webcache.googleusercontent.com/search?q=cache:G8aLob4YgjEJ:aleksey-kz.moy.su/_ld/1/112_aSo.doc+&cd=6&hl=ru&ct=clnk&gl=ru

 

 


Конституциялық құқықтық