Корғасын
КІРІСПЕ
Тарихи мәліметтер
Адам өмірінде қорғасынның маңызы және оның қорытпаларынан, темірден кем саналды. Бұған себеп қорғасынның ауада тотығып, өзінің жылтырақ қасиетін тез жоғалтуы. Қорғасынның өзінің мықтылығының, қаттылығының төмендігінен әр түрлі бұйымдар жасауға және жұмыс құралын жасауға жарамсыз болады. Осыған қарамастан қорғасын өзінің басқа қасиеттерінің арқасында түстң металдар арасында ерекше орын алады.
Қорғасын белгілі болған жеті металдың біріне жатады. XVI ғасырға дейін алхимиктер жеті металды ғана біліп, олардың аттарын сол кезде белгілі болған жеті планеталардың аттарымен атаған. Мысалы: алтын - Күн, күміс - Ай, мыс - Венера, темір - Марс, қорғасын – Сатурн, сынап – Меркурий, қалайы – Юпитер. Алхимиктердің металдарға планеталардың аттарын беруі сондайлық күшті орын алған. Металл түрінде сурьма табылғанда оған көпке дейін ат қойылмаған, оны металл ретінде санамаған, бұған себеп, сол кезде жоғарыда аталған планеталардан басқа жаңа планета ашылмаған еді.
Ерте заманда Ресейде
қорғасынды қалайы деп атаған, бірақ
қалайы қорғасыннан көп кейін
белгілі болған, оның үстіне қалайыдан
жасалған қарындаш қорғасыннан жасалған
қарындаштай қағазға белгі
Біздің ғасырдан 5-7 мың жыл бұрын Египет тұрғындары қорғасынға бай рудаларды қорытып қорғасын алуды білген. Британия музейіндегі қорғасыннан жасалған мүсін бұдан 5 мың жыл бұрын жасалған болып шықты. Испанияда /Рио-тинго/ осы күнге дейін кездесетін шлак үйінділеріне 4-5 мың жыл болған. Ассура /Вавилонда/ қаласының орнын қазғанда археологтар салмағы 400 кг қорғасын бөлшегін тауып, оны біздің ғасырдан 1300 жыл бұрын пайда болғанын анықтаған. Римдіктер біздің ғкасырдан 300 жыл бұрын қорғасын рудасын Галлиде, Британияда және Германияда тауып игерген. Көне гректер Кипр, Родос, Эвлей деген аралдарда қорғасын өндірісін ұйымдастырып, әжептеуір жөнге қойған.
XVII ғасырда қорғасын өндірісінің
бастамасы Америкада байқалған.
Уақыт өткен сайын қорғасынды қорырытып шығаратын агрегаттар жақсартыла берді. Шарпу пешінде, горнода балқыту әдістері шықты.
Қорғасынның физикалық қасиеттері
Қорғасын көкшілдеу-сұрғылт металл, символы – Pb, қатты күйінде үлесті салмағы балқыған жағдайда температураға қарай өзгереді, орта есеппен алғанда онға тең. Қорғасынның жаңа сынығы металл тәрізді күшті жылтылдайды. Балқу температурасы 327,4оС, қайнау температурасы 1750 оС.
Қорғасын өте сұйық, аққыш металл, оның тұтқырлығы сумен салыстырғанда небәрі екі-ақ есе көп.
Қорғасынның тұтқырлығы температура жоғарылаған сайын азаяды. Қорғасын металдар арасында ең жұмсақ металл, жақсы прокатталада және жеңіл созылады. Қорғасын өңдеуге жеңіл, құю қасиеті жақсы металл. Қорғасын жеңіл балқитын металл. Өндірісте орын алған қорғасын шығыны көбінесе қорғасынның жеңіл ұшу қасиеттерімен байланысты. Кейбір қоспалар мысалы, мышяк және сурьма қорғасынның ұшуын көбейте түседі. Қорғасынның жылу өткізгіштігі күмістің жылу өткізгіштігін 100 пайыз деп алғанда, небәрі 7,5 пайыз ғана болады. Ал электрөткізгіштігі күмістің электрөткізгіштігінен болғаны он ақ пайыз аз. Қорғасынның жылу өткізгіштігі мыспен салыстырғанда он есе аз.
Қорғасын темірден басқа көпшілік металдармен жай және күрделі қорытпалар береді.
Төмендегі кестеде солардың ішінен көп таралған қорытпалардың құрамы келтірілген /пайыз мөлшерімен/:
Қорытпалар |
Pb |
Sb |
Sn |
Cn |
Баббиттер |
70-75 |
13-16 |
5-10 |
1.5 |
Дәнекерлер |
10-90 |
1.5-6.0 |
4-9 |
- |
Типографиялық металл |
70-90 |
5-15 |
5-10 |
- |
Сурьмалы қорғасын |
75-90 |
10-25 |
- |
- |
Қорғасын жеңіл балқитын қорытпалардың да құрамына кіреді. Мысалы, қорытпалардың құрамында қорғасыннан басқа қалайы, кадмий, висмут және сынап болса, мұндай қорытпа 100оС-қа жетпей балқып, сұйық күйге ауысады.
Қорғасынның химиялық қасиеттері
Қорғасын Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің периодикалық системасының IV тобында орналасқан, реттік нөмірі 82, атомдық салмағы 207,2 валенттілігі 2 және 4.
Құғақ ауада қорғасын химиялық өзгермейді және өзінің металл сияқты жылтырауын сақтайды. Дымқыл ауады және көміртекті қышқыл газды ауада қорғасын тотық қабыршығымен қапталып көмескіленеді. Балқыған қорғасын ауа қатынасқанда ақырындап шала тотыққа дейін тотығып, етмпература жоғарылаған сайын толық тотыққа /PbO – глет/ түрленеді. Қорғасынның белгілі тотықтары Pb2О3 және Pb3О4. Қорғасынның PbO-дан басқа тотықтары жоғары температурада PbO –ға және 0-ға жіктеледі. Оттегісіз таза су қорғасынға әсер етпейді. Жай құрамында оттегі және әр түрлі тұздары бар су қорғасынның бетінде тұнбаның тығыз ерімейтін қыртысын құрайды. Тұз қышқылы және күкірт қышқылдары қорғасынның бетіне ғана әсерін тигізе алады. Өйткені олардан пайда болған PbCI2 және PbSO4 ерімейді, осы себептен қорғасынды қышқылдардың әрекетінен сақтайды. Қорғасын күкірт қышқылына өте берік металл, коцентрациясы жоғары күкірт қышқылы температура 200оС-ден асқанда ғана қорғасынды ерітеді. Балқытқыш қышқыл /HF/ қорғасынға әсерін тигізе алмайды. Сілтілі натрийдің әлсіз ерітіндісі ауа қатынасқанда және аммиактың ерітінділері қорғасынды жайлап ерітеді, ал газ күйіндегі аммиак әсерін тигізе алмайды. Соданың, цианды калийдің, минералдық майдың ерітінділері қорғасынға әсерін тигізбейді. Қорғасын күкіртті газда өте берік, төзімді. Қорғасынды азот қышқылы жақсы ерітеді, әсіресе сұйытылған қышқылы. Қорғасын және оның қосындылары өте улы болып саналады.
Қазақстан қорғасыны
Аса бір көңіл аударатын
мәселе қорғасын металлургиясының біздің
отанымызда қашан пайда болуында.
Тау қазбаларының қалдықтарына, қорғасынды
шлак үйінділеріне қарағанда Қиыр шығыстың,
Қазақстанның, Алтайдың, Кавказдың
қорғасын металлургияларының тарихтары
көп мың жылдарды алып жатқаны
анық. Ерекше айта кететін жағдай Чудь
халықтарының металлургияда көрсеткен
шеберліктері. Осылардың тастап кеткен
өндіріс орындары, қорытынды қалдықтары
металлургияны дамытуда кейінгі
ұрпақтарға көп жәрдемін тигізді. Бертін
келгенде, бізге жақын заманда
қорғасынды қорытуда бірінші болып
талаптанған белгілі кен
XIX ғасырдың 80-жылдарында
Алтайдың қорғасын өндірісі
Қазақстан қорғасын өндірісінің пайда болып дамуы тарихи қызықтыратын мәселе. Сондықтан біз қазір де жұмыс істеп жатқан қорғасын заводтарының қысқаша тарихтарына тоқтап, солардың жұмыстарының өркендеп өсуін баяндамақпыз.
Лениногор кен орнын 1784 тау-кен инженері Ф.Риддер ашты. Табылған қорғасын рудасының құрамында алтын , күмісі бар бай руда 1850 жылы Лондонда көрмеде көрсетілді. Бірақ та, Ресей патшасы түсті металлургияның өсуіне, өркендеуіне көңіл бөлмей, бай кен орындарын шет мемлекет миллионерлеріне қанауға берді. Осымен байланысты 1914 жылы Ленингор /Риддер/ кен орындары Англияның белгілі миллионері Л.Удквардтың қарамағына көшті. Бұл алпауыт өзінің көп тұрмайтынын сезіп, техника қолданбай, жердің бетінде жатқан бай рудаларды қолмен қаздырып алып, жұмысшы шаруалардың күшін аямай қолданып, кен орындарын игеруге кірісті.
Удквард бүлдіріп кеткен қорғасын заводын қалпына келтіріп, Риддер жұмысшылары кен орнының және заводтың қайта құру жұмысын шет мемлекеттердің көмегінсіз атқарып шықты. 1927 жылы Риддер заводы іске қосылып, бірінші Қазақстан қорғасынын бере бастады.
1933-1942 жылдары Лениногор
/Бұрынғы Риддер/ заводында технологиялық
процесстерді үзбей жақсартып,
ғылыми зерттеу жұмыстарын
өнімсіз, жұмысы ауыр котелдер орнынан алынып тасталды.
1936-1940 жылдары заводтың
өнім щығаратын қуаты екі
1950-1960 жылдар заводқа шахталы
пештердің жұмысын жақсарту
Қазіргі жағдайда Лениногор қаласында қорғасын ғана емес, мырышта басқа металдар жа алынатын болып, қорғасын заводы полиметалдық комбинаттың құрамына кірді. Комбинатта көпшілік процесстер механикаланып, жұмысшылардың еңбектері жеңілдетілді. Бұл комбинатта егеменді еліміз көптеген түсті, сирек кездесетін металдарды сапалы түрде өндіріп жатыр.
1938-1932 жылдары елімізді
индустриялау қарқынының
Бұрынғы Кеңес одағына қорғасын өндірісін қайтадан жаңадан бастауға тура келді.
Ащысай кен орнына арналған,
жаңадан салынатын қорғасын заводының
жобалау жұмысын жас
Қорғасын және оның қосындыларымен улану
Өндірісте қорғасын және оның қосындыларын кейбір құймаларды (типографиялық, баббитті, латунь), аккумуляторлар, химимялық аппараттар, иондаушы сәулелерден қорғайтын заттар, хрусталь өндірістерінде, бояу түрінде (қорғасынды ағартулар) және т.б.
Қорғасынды уланулар ең бастысы өндірістік жағдайларда болады. Кейде тұрмыстық жағдайларда ішінен қорғасынмен қапталған, ұзақ уақыт бойы керамикалық ыдыста сақталған тамақ өнімдерін қолданған жағдайларда уланулар болады.
Қорғасын және оның органикалық емес қосындылары агрегаттық жағдайымен қатынас сипатына байланысты, тыныс жолдары немесе асқазан ішек жолдары және тері жабындылары арқылы енеді. Өндіріс орындарында бұл заттар адам ағзасына шаң, аэрозол және бу түрінде енеді. Қорғасын және оның туындылары асқазан және ішек жолдарына тұрмыстық уланулар кезінде, сирек жеке бас гигиенасын сақтамайтын - өндірісте: қорғасынмен байланыста болғаннан кейін ауызды шайқау, қолды жуу, цех орындарында тамақ ішудің салдарынан түседі.
Тыныс жолдары арқылы адам ағзасына түскен қорғасын және оның қосындылары қанға өтеді. Қорғасын және оның қосындылары асқазан ішек жолдары арқылы түскен кезде бірнеше өзгерістерге ұшырайды. Асқазанда олар тұз қышқылымен әсерлесіп , қорғасын хлоридін түзеді. Ащы ішекте сілтілі ортамен май қышқылының әсерінен май қышқылды қорғасынды түзеді, олар өттің әсерінен эмульсияға айналады. Қорғасынның ұсақ бөлшектері ішектің шырышты қабатына еніп, қақпа венасының капиллярлары арқылы және ішектің лимфа жолдары арқылы жалпы қан айналымға түседі. Бауырға енген қорғасын, оның жасушаларымен жұтылып, ақырындап өтпен бөлінеді.
Қанда қорғасын жоғары дисперсті қорғасынның альбуминанты және фосфатты коллоидты түрінде болады, олар қан сары суымен эритроциттердің күкіртті қосындысы бар белоктары және органикалық емес фосфаттардың әсерлесуінің нәтижесінде пайда болады. Қорғасын кумулятивті әсері бар уларға жатады. Ағзаға түскеннен кейін ол көптеген мүшелерде қорғасынның ерімейтін үш негізгі фосфаты түрінде жиналады. Қорғасынның үлкен бөлігі сүйектің траубекуласында жиналады, ол сүйек тіндеріндегі кальции тұздарының ығыстыру қабілетімен түсіндіріледі. Сонымен қатар қорғасын бұлшықетте, бауырда, бүйректе жиналады. Аз мөлшерде көкбауырда, мида, миокардта, лимфа түйіндерінде жиналады.
Деподан қорғасын баяу бөлінеді, кейде қорғасынмен байланысты үзгеннен кейін бірнеше жылдан кейін бөлінеді. Қоғасын ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен (ішімдік ішу, интеркуррентті аурулар, жарақаттар, күйулер, физиотерапевтік процедуралар, тамақ ішу тәртібінің бұзылулары, сілтілі – қышқылды жағдайлар) еріген және ерімеген түрде деподан интенсивті түрде бөлінуі мүмкін. Бұл өз кезегінде қан айналымындағы қорғасынның мөлшерінің жоғарлауына әсер етеді. Бұл жағдайларда айқын қорғасынды ұстамалармен жүретін уланулардың асқынулары болуы мүмкін. Уланудың ауырлық дәрежесі ағзадағы қорғасынның құрамына байланысты емес, ол қан айналымдағы қоғасынның құрамына байланысты.
Қорғасын ағзадан ішек және бүйрек арқылы шығарылады. Олардың аз мөлшері термен, сілекеймен, ал лактация кезінде сүтпен шығарылады.
Потогенезі:
Қорғасын және оның қосындылары политропты әсерлері бар уларға жатады.
Қорғасынмен уланулардың патогенездік механизмдеріне гем және порфириннің биосинтезінің бұзылыстары жатыр.
Қорғасынның әсерінен порфиринді
алмасу жағдайларын оқыған кезде
«қорғасынды анемияның» дамуы мүмкін.
Қорғасын гемнің биосинтезіне қатысатын
сульфгидрил топтарына бөгет
жасай отырып , ферменттердің белсендігін
тежейді. Осының нәтижесінде зәрде
копропорфирин және δ-аминолевулин
қышқылының құрамы жоғарлайды және
эритроциттерде гем синтезінде
қолданбаған протопорфирин және
темір жиналады. Олардың утилизациясы
оның қан сары суындағы деңгейімен
сидероциттердің (эритроциттер, темір
құрамы) пайда болуына әкеледі. Гипохромды
гиперсидеремиялық
Қорғасын эиртроциттерге үздіксіз әсер етеді. Қорғасын эритробластар және ірі түрлерінің морфофункционалды құрлымын бұза отырып, эритроциттредің өмір сүру уақытын төмендетеді, осының нәтижесінде олардың өмір сүру ұзақтығы қысқарады және тез өледі. Оған жауап ретінде бозофилді дәндермен эритроциттердің санының ұлғаюы мен айқын ретикулоцитозы, эритроциттердің активациясы дамиды.
Қорғаыснның әсерінен нерв жүйесінің зақымдану механизмі әлі толығымен оқылмған. Осыған қарамастан қорғасын және оның қосындыларының жүйке тініне әсер ету мүмкіндігін естен шығармау керек.
Қорғасынды уланулар кезінде патологиялық процестің дамуының ерте кезеңдерінде ОНЖ жоғарғы бөлігінің зақымдануы тән, ол қыртысты қыртыс асты әсерлесумен және қыртысты бөліктегі нейродинамикалық бұзылыстармен көрінеді. Бұл кезде мидың қыртысты затында қозу процесі дамиды, ал кейіннен тежелу процесі дамиды.
Уланудың ауыр түрлерінде
ОНЖ жоғарғы бөліктеріндегі функционалды
бұзылыстар тұрақты органикалық
бұзылыстардың дамуын тудырады, ол
миелополиневриттік, энцефалопатиялық
және энцефалополиневриттік синдромдармен
сипатталады. Қорғасынды ұстамалардың
патогенезінде жүйке жүйесінің
маңызы зор. Жүйке жүйесінің шамадан
тыс қозуының нәтижесінде қорғасынды
ұстамалардың пайда болу туралы пікірлер
айтылған. Осы арқылы тамырлардың
күрт тарылуы, қан қысымының жоғарлауы,
ішектегі спастикалық атониялық
құбылыстар, кейде діріл ұстамалары,
амблиопиялар, гемипарездер түсіндіріледі.
Қорғасынды ұстамалардың шыңында қанның
құрамындағы
Клиникалық көрінісі:
Сүлелі қорғасынның
уланулары кезінде аурудың
ауырлығына байланысты клиникалық
көрінісі қан, жүйке жүйесінің,
асқазан ішек жолдарының, бауырдың
зақымдану синдромдарының
Қорғасынды уланулардың
гематологиялық белгілеріне шеттік
қандағы базофилдік түйіршіктермен
эритроциттердің көрінісімен
Қорғасынды уланулармен бірге гипохромды анемия дамыса, ол уланудың ауырлығының дәлелі бола алады. Ол қан сары суындағы темірдің қалыпты немесе жоғары деңгейімен сипатталады.
Уланудың ерте және нақты белгісі болып, порфиринді алмасудың бұзылуы жатыр. Ол ең алдымен зәрде δ- аминолевулин қышқылының және копропорфириннің жоғарлауымен, эритроциттерде протопорфирин құрамының жоғарлауымен жүреді.
Порфиринді алмасу көрсеткіштеріндегі өзгерістер анемиялық синдромның пайда болуына дейін анықталып, уланудың ауырлығына қарай өсе түседі.
Қорғасын және оның органикалық емес қосындыларының әсерінен жүйке жүйесі зақымдалса, ол энцефалопатия, полиневропатия, астениялық синдром түрінде өтеді.
Жүйке жүйесінің жеңіл
зақымдануларына асатениялық
Әдетте қорғасынды уланулар
кезіндегі полиневропатия (полиневротикалық
синдром) ОНЖ қызметінің бұзылыстары
және басқада уланулардың
Уланудың айқындылығы аз және латентті түрлерінде қорғасынды полиневриттің сезімталды түрі кездеседі. Науқастарды аяқ-қолдарындағы ауырсынулар мазалайды. Жергілікті аяқ-қолдардағы бұлшықеттердің гипотрофиясы, нерв бағаны бойынша пальпациялаған кездердегі ауырсынулар, аяқ-қолдардың дисталды бөліктеріндегі басым гипоестезия анықталынады. Бұлшықеттердің электрлік қозғыштығының төмендеуі, түбіршікті симптомдар анықталынады. Вегетативтік тамырлық бұзылыстар анықталынады: аяқ-қолдардың дисталды бөліктерндегі тері жабындыларындағы температураның төмендеуі және цианоз, табан және оның саусақтарының тершеңдігі, перифериялық тамырлардағы пульсацияның әлсіреуі. Балтыр бұлшықеттерінде тартылулар болуы мүмкін.
Қорғасынды полиневриттің
қозғалыстық түрі парез және параличтермен
жүреді. Көбінесе саусақтарды жазатын
бұлшықет топтары, ал сирек бүгетін
топтар зақымданады. Бұл зақымданулар
симметриялы түрде болады. Қозғалғыштық
қызметінің бұзылуының ерте белгілеріне
саусақтарды бүгу күшінің әлсіреуі
және қозғыштығының төмендеуі
Қорғасынды уланулардың
ауыр синдромдарына энцефалопатия
жатады. Өршімелі астенизация негізінде
дамып, ОНЖ тұрақты органикалық
бұзылыстармен сипатталады. Энцефалопатияның
клиникасына бас сүйек
Сүлелі қорғасынмен уланулар кезіндегі клиникасында асқорту мүшелері жағынан да өзгерістер болады. Оларға қорғасынды кайма, асқазан ішек жолдарының маторлы және секреторлы қызметтерінің бұзылыстары, қорғасынды ұстамалар, өт шығару жүйесінің дискинезиясы жатады.
Қорғасынды кайма дегеніміз-
Асқазан ішек жолдарының ауыр зақымдануларына қорғасынды ұстамалар тән.Ол сүлелі қорғасынмен улану кездеріндегі латентті түрінде де және жүйке жүйесімен қандағы айқын өзгерістер кезінде де пайда болуы мүмкін.
Қорғасынды ұстамалардың типті түріне іштегі жайылмалы түрдегі ұстама түріндегі ауырсынулар тән. Тілі жабынмен жабылған, іші қатты, басқан кезде ауырсыну аздап басылады. Бір мезгілде ұзақ уақыт бойы нәжісінің қатуы мүмкін, үлкен дәреті қойдың құмалағы тәрізді болады. Рентгенде ішектегі спастикалық атониялық өзгерістер пайда болады.Кейде контрасты массаның ұзақ уақыт кідіруімен ішектің парездері болуы мүмкін (бірнеше тәулік бойы). Көрсетілген өзгерістер артериялдық гипертензямен қатар жүреді.
Емі:
Сүлелі қорғасынды уланулар кезінде аурудың клиникалық белгілерін және айқындалу деңгейін анықтау керек. Емдеу және алдын алу шараларына қорғасынмен байланысты үзу және оны ағзадан шығару керек.
Соңғы кездері қорғасынды ағзадан шығару үшін комплексондарды кеңінен қолдана бастады. Комплексті түзетін қосындылар аминополикарбон қышқылдары мен кальции атомы бар туындыларға жатады. Комплексондардың әсерінен улылығы аз және қорғасыны бар жақсы еритін комплексті түзеді, ол ағзадан тез шығруға әсер етеді.
Көбінесе пентацин және тетацин-кальциін қолданады.
Соңғы жылдары сатурнизмді емдеу кездерінде кеңінен пеницилламиннің Д-түрін қолданады (Д-3.3-диметилцистеин немесе Д-пеницилламин).
Комплексонмен емдеу кезінде кезеңді түрде қанның құрамы мен зәрдегі қорғасынның бөлінуін тексеріп отыру керек. Жалпы қарсы көрсеткіштеріне бауыр және бүйрек аурулары жатады.
Еңбек ету сараптамасы:
Егер науқаста улану түрлері болса, ауруханалық парақ бойынша 1-2 айға басқа жұмысқа ауыстырылады. Осы кезде амбулаторлық немесе профилакториялық жағдайда жалпы ағзаны күшейтетін және шығаратын (Д-пеницилламин) ем тағайындайды. Кейіннен бұрынғы жұмысына қайтып келеді.
Уланудың жеңіл түрінде стационарлық ем көрсетіледі (шығарушы ем). Шыққаннан соң науқас 1-2 ай қорғасынмен қатынасын үзу керек, кейіннен (лобараторлы көрсеткіштері қалыптасқаннан кейін) сол жұмысына қайта оралады.
Сатурнизмнің айқын түрінде
науқас стационарлық түрде ұзақ ем
алады. Қорғасынмен жұмыс
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорғасын өзінің көптеген
бағалы қасиеттерінің арқасында
адам тіршілігінде әр түрлі салаларда
жұмсалады. Өзінің үлесті салмағы үлкен
болғандықтан, оқ және бытыра жасауға
қолданылады. Асқан төзімділігінің
арқасында химия өнеркәсіп

- Кордовский халифат
- Кордони держави та їхні функції
- Корей асханасы
- Корейская война
- Корейская война
- Корейская Война 1950-1953 гг
- Корейская война: причины, итоги, основные этапы
- Коран его источники происхождение
- Коран, его источники, происхождение
- Коран и мусульманское право
- Коран - источник вероучения ислама
- Коран і Сунна – Святе письмо та Святий переказ мусульман
- Коран как памятник культуры
- Коран – священна книга мусульман