Кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері

                әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университеті

                              Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық  теория кафедрасы

 

 

 

 

 

                    Реферат

 

Тақырыбы: Кәсіпкерлік  және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Шалкарова А.Н.

Қабылдаған: Табиев Т.П.

 

 

 

 

 

                                          

                                            

 

 

 

 

                                   Алматы 2010

 

                                               Жоспар:

 

Кіріспе

I-ТАРАУ. Кәсіпкерлік-ерекше  экономикалық құбылыс.

1.1. Кәсіпкерліктің пайда  болу тарихы

1.2. Кәсіпкерліктің мәні

1.3. Кәсіпкерліктің түрлері  

II-ТАРАУ. Кәсіпкерліктің  дамытудың әлеуметтік-экономикалық  шарттары мен заңдылықтары.

2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары

2.2. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды   шарты

2.4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары

     Қорытынды

    Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Кіріспе

 

Тәуелсіздік алған алғашқы  күннен бастап дәйектілікпен құрып  жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға  әлемдік қоғамдастықта барған сайын  зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.

Бүгінде экономика мен  өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын  қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі  дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.

Еліміз азаматтық қоғам  және рыноктық экономика бағытын  ұстануда. Рыноктық қарым-қатынастың, экономикалық жаңа типін қалыптастыру жолында өркениетті қоғам құруда қыруар шаруа жүзеге асты. Бұл ақиқат. Тағы бір шындық бар. Ол- келешектегі жұмыстық жүгі ауыр, көлемі қомақты, дайын үлгісі жоқ, сан-алуан қайшылықтарға толы еліміздің өзіне тән даму үрдісі.

 Еліміздің қазіргі  даму кезеңінде жалпыға бірдей  міндетті экономикалық ілім қажет. Экономикалық білім, өрлеудің өз алдына дара қуатты күшіне және қайнар бұлағына айналды. Азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамытудың іргетасы, сүбелі мәселесінің бірі- кәсіпкерлікті дамыту. Осы мәселені ел басы үнемі назардан шығармай, қажетті жағдайларды жасап отырғаны баршаға аян. Сондай- орта және шағын кәсіпкерліктің басымдылық екендігін қайталап, қадап айтуда, өйткені азаматық қоғамдың діңгегі осылар. Кәсіпкерлік нар тәуекелділік ісі. Эконмикалық өнер десе де болады, өнерге оқып үйрену, білімді жетілдіру, біліктілікті арттыру, машықтану арқылы қол жетеді. Басқа жолы да, әдісі де жоқ.

«Кәсіпкерлік» дегеніміз  нақты іс, яғни адамның пайдалы, оған белгілі бір пайда әкелетін ісі. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі оның экономикалық тәуелділігі, яғни үнемі зиян шегу қауіпінің болуы? Сондықтан кәсіпкер жауапкершілігі мол, өзі еркін дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға болуы керек. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі макро және микродеңгейдегі қалыптасатын белгілі бір факторларға байланысты. Микродеңгейдегі кәсіпкерліктің құрылуы мен дамуының шешуші факторы болып өндіріс көлемі, орындайтын жұмысы мен қызметінің көлемі табылады.

Рыноктық экономика- еркін кәсіпкерлік экономика. Білікті кәсіпкер болу үшін осы жұмыстың негізін, атап айтқанда оны пайда болу тарихын, қалыптасуын, мәні мен мазмұнын, таным түсініктерін және т.б. жете меңгерген дұрыс. Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Мысалы, кәсіпкерлік атқаратын жұмысына байланысты өндірістік, коммерциялық, кеңес беру, қаржылық және т.б. болып бөлініді.

            

 I-ТАРАУ.  Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық                        

                                          құбылыс.

 

1.1. Кәсіпкерліктің  пайда болу тарихы.

 

Рынок қатынастарының пайда  болуы мен дамуы көптеген жағдайларды  қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рыноктық экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс. «Кәсіпкерлік» ұғымын алғаш рет 18-ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі-сауданың пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болды. Осылайша, халқаралық сауданың дамуы өткізу рыноктарда  қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына- Ост-индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. «Кәсіпкерлік», «кәсіпкер» ұғымдарына өзіндік түсініктерін қалыптастырып, кәсіпкерлік теориясын өңдеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілдері А.Смит, Ж.Б.Сэй,В.Зомбарт, Й.Шумпетер тағы басқалар біршама үлес қосты. Сондай-ақ П.Друкер, Дж.М.Кейнс, Т.Питерс, П.Самуэлсон, Д.Эванс, Ф.Хайек тәрізді бірқатар шетелдік экономистердің ғылыми еңбектерінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, зерделенген. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірістік өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген комерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.

Несиенің дамуы мен  байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол кезегінде кәсіпкерлікке ірі  қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. 

Қазақстандағы кәсіпкерлік  пен коммерсия жағдайына келсек, мұнда бұл салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік  дәуірінде Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер орталықтары болған. XIII ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс-Шығыс халықаралық сауда жолы өткен. XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран-патшалықтарымен –мал,жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтірген. Орынбор, Тобыл, Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған.

XIX ғасырдың алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами бастады. Сонымен қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып, балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады. Малдың тауатлық маңызы барынша өсті.

XIX ғасырдың екінші жартысында натуралды шаруашылықтың бөлінуі Қазақстанның Ресей, Орта Азия, Қытаймен сауда қатынастарының жалғасуымен ұласты. Мал және мал өнімдеріне капиталистік фабрикалардың өнімдері өте көптеп айырбастала түсті: шыт, шұға, мауыт, жібек, иленген тері, металл бұйымдары. Қазақстандағы тауар өндірісі жер шаруашылығы, ұн өндірісінің пайда болуымен ұласы. Сауданың әр түрлі формалары даланың ең шетте қалған өңірлерінде қазақтың натуралды шаруашылығы, өсімді капитал, ал қалаларда несиенің капиталистік формалары-банктер кең жайыла түсті. Мал және мал өнімдерін алып- сатумен айналысушылар «алып-сатарлар» деген атаққа ие болды. Тау-кен, алтын, таскөмір өнеркәсіптері де дами бастады.

Қазақстанның экономикалық өміріне сауда және коммерциялық қызметі үшін-Транссібір магистралі мен Орынбор-Ташкент темір жолдары елеулі қызмет атқарды. Осы және бірнеше осындай жергілікті темір жол нүктелері тек Қазақстан ішінде ғана емес, сонымен қатар шетке шығатын саудада маңызды орын алды.

XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына ресейлік және шетелдік капиталдың келуі де лкен пайдасын тигізді. өте кең дамығаны-банк капиталы болды.

Кәсіпкерлік қызмет ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кезіне біршама  дамыды. Алайда рыноктық қатынастардың  қысқартылуы кәсіпкерлік қызметтің  өтімділігіне де кері әсер етті. Қазақстанда  «кәсіпкерлік» заңды негізде тек 90-шы жылдары ғана енгізілген. Шағын кәсіпкерлікті талдау жасау экономиканың жеке секторындағы және 2002 жылдың басында 360 мың кәсіпкерлік болғандығы белгілі. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 1,6 млн. адам немесе экономикалық белсенді халықтың 21% жұмыс істейді. Қазіргі қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындардың 40%-дан астамы 1992-1993 жылдары шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер көрсетінген кезде құрылған.

 

                         1.2. Кәсіпкерліктің мәні

 

Кәсіпкер дегеніміз  кім? Кәсіпкерлікке не жатады? Кәсіпкердің бағы неде? Осы және басқа да осындай сұрақтар күн сайын көбейіп, бұл процеске деген ынтаны әлем деңгейінде күшейтүде. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бер отырып, кәсіпкерлік туралы көзқарастың мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми-техникалық прогрестің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет. Әсіресе нарықтық несие мен ақша айналымының әсері айтарлықтай.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқы нүктесі-олардың субъектісі мен объектісін анықтау. Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл салада жеке-дара өндірісті (жан-ұя, кәсіпорны) ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады.

Кәсіпкерлік қызметті бір  топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы- міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі-  ұжымдық, коллектівтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі-әртүрлі ассосациялар: акционерлік қоғамдар, кооперативтер және т.б. Жеке-дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн, өйткені мемлекет кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ, егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендатрлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады.

Кейбір жағдайларда  кәсіпкерліктің субъетісіне мемлекеттік, оның тиісті органдарын жатқызады. Бірақ  нарық экономиканың жалпы ережесі  бойынша мемлекет бизнесті ұйымдастырудың жолын белгілеп, оны бақылап отырып кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің иерархиясы шығады.

Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номинальды және реалды деп бөлдің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы жатады. Нарықты экономика елдрінде әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын, реалды субъектісі-бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы-капитал иемдену құқысы барлар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.

Кәсіпкерліктің  объектісі-адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі неде? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі-өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себебтен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.

Сонымен, кәсіпкерлік- жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияның пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендеру туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әралуан-жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта құру, байланытардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау және т.б.

Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық-өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын комбинациялау.

Кәсіпкерлік әркезде  де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде  бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі- шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсідігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату қүқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстсрды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өз істей алатын еңбекпен айналысуға құқысы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтіжесінде шығады. Дегенмен кәсіпкердің басты шарты- барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы, өзбеттілігі.

Барынша көп табыс келтіру- кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтеді. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Кәсіпкерлер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан ғана оларға тиісінше көңіл аударады. Жоғарыда көрсеткеніміздей олар өздеріне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін, экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма олардың белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет-әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға творчестволықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқыда болашақ бұлдыр, оны болжап білу-қиын. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ал оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес.

Шаруашылық қауіп-қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын  және шын шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен коньюнктура жайсыз болғаны өндіріс факторларын комбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы қауырт жағдайда ұстайды, ал мұндай психолгиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, пайдалықты анықтау, өндірістің ұлғайтудың қарылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен, жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруымен міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді линзамен салыстыру орынды: ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік (еркіндік) және ұйымдастырудағы новаторлық-кәсіпкерліктің мәні осында: біреуі оған өмір берсе, екіншісі-тағдырын анықтайды.

Кәсіпкерліктің мәнін  толық түсіну үшін оның меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен айыра білу шарт. өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктігі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінді. Осыған қарап өндіріс құрал-жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемдену, тиісінше меншік иесі қызметін шруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал-жабдықтарын меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке-дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесіне түгелдей тәуелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінен капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл-өндіріс құрал-жабдықтарын шарушылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болуы мүмкін. Олар белгілі жағдай негізінде кәсіпкерге айналады, өздерінің шаруашылық жұмысы нәтижелерінде экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауланған тауар өндірушілер. Бұл тенденция, бағыт акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты күшейтді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі-кәсіпкер.

 

 

1.3. Кәсіпкерліктің түрлері

Кәсіпкерліктің экономикалық формададағы қызметіне төтеп  беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оарды сатады. Осыған орай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың  әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешілігі, демек, өзіндік технолоиясы болады.

Өндірістік  кәсіпкерлікке-тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүрізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тасқаларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

   Өндірістік кәсіпкерліктің объектісі- тауарлар, қызмет көрсету және капитал.

Өндірістік кәсіпкерліктің зерттеу пәні-өндіріс және капитал, қызметтерді тұтыну сферасы.

Кәсіпкерліктің осы  түрінің қызметі өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдарда іске асырылады. Қызмет жүргізу субектісі-кәсіпкер-тауар өніруші.

Өндірістік кәсіпкерлікті  іске асыру ең алдымен, өндіруге қажет, сондай-ақ көрсетуге тісті қызмет түрін фирманың анықтауынан басталады.

Кәсіпкер жаңа өндіріс немесе тауар мен қызмет көрсетудің жаңа түрін өндіргісі келген жағдайда, біріншіден, өзінің мүмкін болатын тұтынушыларын анықтап алу қажет. Демек, ұсынылатын қызметке сұранысын анықтауы қажет. Сондықтан, кәсіпкер өзінің қызметінің келесі кезеңінде-рынокқа маркетингтік талдау жасау керек.

өндірістік кәсіпкерліктің факторларын таңдап алу үшін қажетті  қаржылық шығындарды есептейді. Шығынды  нақтылы жан-жақты есептегенінен кейін өндіріске қажетті кәсіпкерлік факторлар алынады. Олар-өндіріс қорлары, жұмысшы күші және ақпарат.

Өндіріс қорлары негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі қорға-ғимараттар, машиналар, құралдар, жабдықтар, техника, көлік, ал айналмалы қорға-шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, қосымша бөлшектер, жартылай фабрикаттар жатады.

Коммерциялық кәсіпкерлік – пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы.

Коммерциялық кәсіпкерлік  ең алдымен, ақша-тауар, сауда-айырбас операцияларында анықтаушы рөл атқаратындығымен сипатталады. Сондықтан, коммерциялық кәсіпкерліктің мәні- сату, сатып алу бойынша, яғни, тауарларды қайта сату операциялары болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі зерттеу объектісі- тауар, капитал.

Коммерциялық кәсіпкерліктің оқыту пәні- айырбас, бөлу және тұтыну сферасының қызметтері.Бұған төмендегілерді жатқызуға болады.

Тауар-ақша операциялары:

а) сауда;

ә) сауда сатып алу  қызметі.

     Қаржылық кәсіпкерлік-коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оны сатып алу, сату объекісі айрықшалығы-тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қарылық кәсіпкерлік-бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерліктің технологиялық мәмілесі коммерциялық ехнология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.

Қаржылық кәсіпкерліктің оқу пәні-айналыс сферасындағы, құн  айырмасы саласынағы процестер. Оның негізі-ақша, валюта-ақша қатынастар.

Қаржылық кәсіпкерлік бағалы қағаздар рыногына талдау жасаудан басталады. Ол үшін:

Біріншіден, коммерцияға «қаржылық  тауар» түрін аңдауға әрекет жасау. Ерекше тауар түрлері ақша, валюта немесе бағалы қағаздар;

Екіншіден, болашақтағы клиенттерді іздеу, табу және тарту;

Келесі кезең осы қаржылық ресурстардағы  қажетіліктерді іздеу.

Қаржылық кәсіпкерліктің келесі қадамы-«қаржылық тауарды» соңғы тұтынушыға немесе жоғарғы пайда алу мақсатына сату және сатып алумен айналысқан басқа кәсіпкерге өткізу болып табылады.

 

                Кеңес беру (консультациялық) кәсіпкерлігі

Кеңес беру кәсіпкерлікті  жүргізу, басқа кәсіпкерлік түріне қарағанда өте табысты, мол пайда  әкеледі.жұмысын іске асыру формалары  сан-алуан. Олардың ішінен өте кең тарағаны бір мәрте ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні-консалтингтік жобалар.

Кеңес беру кәсіпкерлігін  іске асырудың алғы шарты бар. Ол-қажеткер-тапсывысшының болуы. Тапсыпыстар әр түрлі бағытта түсуі мүмкін. Бұл фирманың жалпы басқаруының және жеке өзекті мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда әкімшілік, қаржылық басқару шешішдері, маркетинг, кадрларды басқару мен тағы да басқалар болуы мүмкін.

 

II-ТАРАУ. Кәсіпкерлікті  дамытудың әлеуметтік-экономикалық  шарттары

 

2.1. Қазақстан  Республикасындағы кәсіпкерліктің  ұйымдық-            құқықтық нысандары

Кәсіпкерлік қызметтің  ұйымдық – ұқықтық нысандары  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны – кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар және басқа да кәсіпорындармен қатынаста болады. Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады, оның ішінде: жеке капитал мен оны тарту мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы және т.б.

Нысан

Қатысушылардың  мәртебесі

Қатысушылардың (мүшелердің) саны

Толық серіктесік

Тек қана жеке тұлғалар

Кемінде екеу

 

     

 Сенім серіктестігі

Толық серіктер (тек жеке тұлғалар); салымшылар (жеке және заңды тұлға-лар)

Кемінде екеу, нақтырақ айтса, кемінде бір толық серік  және бір салымшы 

 
 

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік    

Жеке және заңды  тұлғалар; ЖШС жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.

 
 

1-ден шексізге  дейін

 
 

Қосымша жауапкершілігі бар серіктесік    

Жеке және заңды  тұлғалар; ҚЖС жалғыз қатысушы ретінде  бір адамнан тұратын басқа  шаруашылық серіктестігі бола алмайды.

 
 

1-ден шексізге  дейін

Акционер қоғам 

Жеке және заңды  тұлғалар

1-ден шексізге  дейін

Өндірістік кооператив (ӨнК)

Жеке тұлғалар

Кемінде  2 –ден шексізге дейін


 

    Шаруашылық серіктестіктері      

Шаруашылық серіктестіктері төрт түрге: толық, коммандиттік, жауапкершілігі шектеуді, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер болып бөлінеді. Серіктестіктердің барлық түрлері шағын кәсіпкерліктің субъектілері бола алады (ҚР 1997 ж. 19.06.. ҚР  «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 3-б. 3-т).Серіктестіктердің арасындағы басты айырмашылықтар  серіктестіктің өзінің берешектері бойынша мүшелерінің жауапкершілігінің сипатынан байқалады; сондай-ақ олардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері де әртүрлі. Шаруашылық серіктестіктері мүліктерінің бәрі бірдей жекеше меншіктің құқықтық   режиміне бағынады.

                             Толық серіктестік  

Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз  болған жағдайда қатысу-шылары (жеке тұлғалар) серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша (серіктестік үшін құқықтық салдарды тудыратын әрекеттерді жасай отырып істерді жүргізеді) өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. Бастапқы проблемаларын, оның ішінде тіркеу проблемаларын жеңілдету үшін әлдекім мұны пайдаланып қалуға болады деп шешті және толық серіктестіктерді құра бастады. Біз бұлай істемеңіздер деп кеңес айтамыз. Өйткені толық серіктестіктің өзгелерінен айырмашылығы сол, жеке сәт аса маңызды, бұл серiктердің толық жеке жауапкершiлiгімен байланысты. Сондықтан толық серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) оның басқа қатысушыларына немесе үшiншi жақтарға қалған барлық қатысушылардың келiсiмiмен ғана беруiне болады. Үлес (үлестiң бiр бөлiгi) үшiншi жаққа берiлген жағдайда сонымен бiрге толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы соған ауысады. Толық серiктестiктiң қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен құқықты мирасқор (мұрагер) серiктестiкке кiре алады. Құқықты мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серiктестiк алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серiктестiктiң үшiншi жақтар алдындағы бүкiл серiктестiк қызметi кезiнде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқықты мирасқор (мұрагер) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе құқықты мирасқорды (мұрагердi) қабылдаудан серiктестiк бас тартқан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күнi белгiленген серiктестiк мүлкiндегi үлестiң құқықты мирасқорлық негiзiнде өзiне тиесiлi құны төленедi.  

Сенім (коммандиттік) серіктестігі 

      Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. Ресей Федерациясында мұндай серіктестіктер "сенімдегі серіктестіктер" деп аталатыны қызық.    

Толық серiктестiктің жарғылық капиталының мөлшерiн серiктер белгiлейдi және ол заңнамалық актілерде белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы  керек (50 АЕК). Бұл ретте салымшылардың үлестерінің жиынтықты мөлшері коммандиттік серіктестіктің жарғылық  капиталының 50% -нан аса алмайды. Әлбетте, сондай-ақ толық серіктестік секілді оны да бір адам құра алады. 

 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк     

Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Бірақ мұны бекіту деп есептеуге болмайды. ЖШС қатысушыларының басқа жағдайларда  жауапкершiлiк көтеретін реттер де бар, мәселен, ҚР АК 44-б. 3-т. сәйкес егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.   

Акционерлік қоғам

Акционерлік қоғам-акцияларды сату арқылы ақша қаржыларын ортақтандыру негіздегі өндірістік ұйымдастыру түрі. Нарық экономикасы дамыған елдерде корпорация қанат жайды. Акционерлік қоғамдардың жабық және ашық түрлері белгілі. Жабық акционерлік қоғамдар-акциялары құрылтайшылар арасында тарайтын қоғам, ал ашық түрдегі акциялар еркін сатылады және сатып алынады. Қазіргі кезде нарықтық экономикадағы меншік құқықығын жүзеге асырудың ең тиімді және кең жайылған түрі – акционерлік қоғам. Қазақстан Республикасы жағдайында акционерлеу экономиканың бүгінгі ахуалымен сипаталады: экономикалық байланыстардың бұзылуы, инфляциялық процестер және т.б. кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа түрлерінің көбеюінің басты себебі – қазіргі экономикалық жағдайлардың сипатынан емес, ол түрлердің ішкі мүмкіндіктерінде әсіресе, акционерлік қоғам түріне жатыр.

Кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері