Кәсіпорын қаржысы. 2
ЖОСПАР
КІРІСПЕ……………………………………………………………
КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ…………………………………………..5-6
КӘСІПОРЫННЫҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
НЫСАНДАРЫ.....................
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ
СИПАТЫ МЕН МӘНІ……………………………………………………………………
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРАЖАТ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ІШКІ РЕЗЕРВТЕР...............12-15
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорындар қаржысы
өзіне қоғамдық-пайдалы
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды. Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:
- кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
- кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
- кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
- шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
- өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
- өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
- өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
- кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталады.
Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру барысын зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін-өзі қаржыландыруын қарастыру.
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы кәсіпкерлік
Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті мақсаты – басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы.
Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, шығындарды қаржыландыруға арналды.
КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператав мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметінің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың — шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі берудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынадай нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктінің
пайдасы мен залалдары
Шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы керек.
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резервтік капиталды қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет шығындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.
Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тапсырысты
орындау есебіне кәсіпорын
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын өзі дербес белгілейді.
Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.
Жедел басқару құқығындағы
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;
2) заңнамада қаржыландырудың
3) пошта байланысы мен
4) топографиялық-геодезиялық
5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін құрыла алады.
Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің ең негізгісі — өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.
"Өндірістік кооператив туралы" заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып табылады. Ол жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.
Өндірістік кооператив мүлкін жарғы салымдары, оның қызметінен алынған табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.
Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.
Кооперативтің құрылтай құжаттарында несие берушілердің мүдделеріне кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін белгілейтін кооперативтің жарғылық капиталын құру көзделуі мүмкін.
Кооператив жыл сайынғы
Өндірістік кооперативтің
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ
Кәсіпорынның
өзін-өзі қаржыландыруы — нарық
Нарықтық экономика
мен жекешелендіру
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы
міндетті орындамағаны үшін заңнамада
белгіленген қаржы
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы кәсіпкерлік
Нарықтық экономика
және меншіктің әр түрлі түрлеріне
негізделген сан алуан ұйымдық-
Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға болуда экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік — бір процестің — шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі буыны — кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъекті сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
1. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарында (болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
2. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары — мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
3. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика
жағдайында кәсіпорындардың қаржысын
ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда.
Әріптес кәсіпорындардың
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРАЖАТ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ІШКІ РЕЗЕРВТЕР
Кәсіпорынның табысы, оның мәні
мен маңызы. Табыс — төтенше
таралған, кең түрде қабылданатын,
сонымен қатар түрліше маңызды
қолданылатын көп мағыналы
Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Қаржы резерві дегеніміз – уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:
• кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
• өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
• шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
• өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;
• өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
• өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
• өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
• өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;
• кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;
• кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.
Сонымен, кәсіпорын экономикасы
— өндіріс факторларының
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-80 проценті салық түсімдері есебінен құралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі кызметтері:
· бөліп-тарату;
· бақылау.
Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Ю. Бригхэм, Л. Гапенски «Финансовый менеджмент», Алматы – 2003г.
- Дробозина «Финансы предприятия», Алматы – 1999г.
- Б.Коласс «Управление финансовой деятельностью предприятия», Алматы – 1997г.
- М. Крейнина «Финансовый менеджмент», Алматы – 1998г.
- В. Мыльник «Инвестиционный менеджмент», Алматы – 2002г.
- А. М. Сейтказиева «Инвестиционная деятельность», Алматы – 1998г.
- А.Д. Шеремет «Финансы предприятия», Алматы – 1999г.
- У. Баймуратов «Иностранные инвестиции в РК», Алматы – 2004г.
- Г. Балахметова «Отраслевой и региональный аспекты», Алматы – 2005г.
- У. Есайдар, А. Ускеленова «Современные тенденции», Алматы – 2006г.

- Кәсіпорын құнын бағалау
- Кәсіпорын құнын бағалау
- Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау
- Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру
- Кәсіпорынның айналым капиалын пайдалану тиімділігі
- Кәсіпорынды басқару жүйесінде экономикалық стратегияны қалыптастырудың тиімді жолдары
- Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
- Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары
- Кәсіпорын және кәсіпкерлік
- Кәсіпорын инвистициясы
- Кәсіпорын кариталының айналымы
- Кәсіпорын қаржысы