Кәсіпорын табысы
Кәсіпорын
табысының жіктелу
ерекшелігі
Кіріспе
Негізінен,нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер,сондай-ақ,осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады.Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын рөлі үлкен,ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз құжаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады.Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды.Сонымен қатар,табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды,ал қоғам өмірінде,мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен рөль атқарады.
Кәсіпорынның
өндіріске салыған активтерінің табыстылық
деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау
барысында,қаржылық жоспарлау жұмыстарында,
жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен
салыстыру мен үйлестіру,сондай-ақ шаруашылық
қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен
бағалауда маңызды рөль атқарады.Үлгілі
басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын,оның
әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде
бақыланып отырады және сәйкесінше,осы
нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға
сыйақылар беріледі,бұл өз қызметіне деген
ынтасын арттыруға септігін тигізеді.Өндірістік
активтерге немесе инвестициялық жобаларға
жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін
бағалаған кезде,олардан алынатын табыс
есептеледі және бұл есептер қаржылық
сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз
болып табылады.
Кәсіпорын
табысының ұғымы және
маңызы. Кәсіпорын табысының экономикалық
мәні
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады.Экономикалық қөзқарас бойынша табыс дегеніміз-бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады.Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ,табыс-бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады.Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық –шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді;
- негізгі қызметтен алынған табыс;
- өзге де табыстар.
Негізі қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат крістерін қамтиды.
Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.
Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.
- Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған жоқ.
- Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды,алайда олар әлі төленген жоқ,алайда кәсіпорынның балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрымында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
- Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
- Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы – бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады.
- Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
- Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
7. Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің
құнының
жиынтығының арасында
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді»Біріншісі-тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі-капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады.
Табыстың осындай екі түрлі
тұжырымдамасы батыс
Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:
- салықтарлы есептеу үшін;
- кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
- тиімді инвестициялық саясатты жузеге асыру үшін.
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үін қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып «табыс» ұғымына келесідей анықтама беруге болады.Табыс деп тауарды өткізу,қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесіде қалыптасқан қосылған құнды айтады.Өзге мүліктерді сату,өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын атқарады.
Бүкіләлемдік банктің
Ықшамдалған түрде бұл ұғым
1995жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Президентінің
Белгілі бір шығындар
Табыстың
кәсіпорын қызметіндегі
рөлі және функциялары
Нарықтық жағдайда табыстың рөлі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей,жоспарлы-дерективті экономика жағдайларында оның рөлі төмендетілген болатын.Табыс табу кез келген кәсіпорынның мақсаты функциясы ретінде төмендетілді.Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды:нені,қалай және кім үшін өндіру керек?Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты,ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістікжәне әлеуметтікдамуының көзі болып табылады.Бұл принціп өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді.Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді.Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса,олар банктердің қысқа мерзімді несиелермен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар,капитал салымдары банктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.
Нарықтық экономикада
Біріншеден,табыс кәсіпорын
Екіншіден, табыс
Табыс-меншікті капитал
Нарықтық экономикада табыс-өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғушы күші болып табылады.
Тағы да айта кететін жағдай-
Үшіншіден,табыс мемлекеттік
бюджет қаражаттарының
Сонымен кәсіпорынның табысы-
-акционерлік меншікті арттыру;
- табысты арттыру;
-басқарушылық сыйақыларды арттыру;
-әлеуметтік жауапкершілікті
Қаржыны
басқарудыың бүгінгі теориясы бизнестің еңбіріні кезектегі
мақсаты-кәсіпорын
Кәсіпорын мақсаттары бұлайша саралау батыстық экономика
Кәсіпорын табысының қалыптасуы және
орналастырылуы
Кәсіпорын
табысының қалыптасуы және
Жалпы
табыстың құрамында кәсіпорынның барлық
қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді.Бірінші кезекте жалпы
табыс өнімді өткізуден,яғни негізгі қызметтен алынған табысты
Екіншіден,жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс,яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы
өзгерістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің,көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың)табыстары кіреді.
Үшіншіден
,жалпы табыстың құрамына
Сондай-ақ,жалпы табыс өткізілімнентыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауар немесе қандай да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін қамтиды.
Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қпрастырылады.Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге,ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады.Табысты үлестіру заңдылығы-салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі.Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытына анықтау кәсіпорынның құзыретіне жатады.
Табысты
үлестірудің негізгі
- кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық ,қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;
- мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі.Салықтардың құрамы,мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде бегіленеді;
-салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамагында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
Кәсіпорыннын әрі карай дамуын қамтамасыз ететін қорларға ал қалаға бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.
Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді.Бірінші бөлігі тұтыну қорлаоына,екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.
Тұтыну қорларына
бағытында қолданылып табыс кәсіпорынның
мүлкін арттыру мақсатында өндірістік
активтерді, жаңа технологияларды енгізу,сондай-
Сондай-ақ,
табыс тек өндіріс процесіне
орналастырылып қана қоймай,сонымен
қатар,жұмысшылар мен қызметкерледдің
әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз
етуге,олардың біліктілігі мен
жауапкершілігін арттыруға, оларға
қосымша сыйақылар төлеуге,
Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыркға жұмсалады:әлеуметтік сақтандыру қоры,резервтік қорлар ,экологиялық қор және тағы басқа да қорлар.Бұл кәсіпорындардың келешекте болу ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға,қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зиянды өтеуге,сондай-ақ қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.
Қорытынды
Қорыта келе, негізінен табыс дегеніміз – кәсіпорынның есепті кезеңдегі әдеттегі қызметінен алынған; оның капиталының өсімін білдіретін экономикалық тиімділіктің жиынтық түсімдері болып табылады.
Табыс
кәсіпорын қызметіндегі атқаратын рөлі
үлкен,ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының,
қарыз құжаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық
дамуының алғы шарты болып табылады.Табыс
таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар
тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне
үміт арта алмайды.Сонымен қатар,табыс
кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының
негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана
қоймайды,ал қоғам өмірінде,мемлекеттік
бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың
және қайырымдылық қорларының қаражаттарының
қалыптасуында да үлкен рөль атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
- Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақынова Ф.Н., Табаев Т.П. «Экономикалық теория»
- Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001
- Мейірбеков Л.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы-2003
- Дүйсенбаев К.Ш., «Экономика» Алматы - 2001
- Ниязбеков Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Г., «Кәсіпорын экономикасы» /Алматы экономика – 2008
- Мәдешов Б.Ы. «Нарықтың экономика
теориясына кіріспе», Алматы «Экономика», 1995 ж.

- Кәсіпорын табысы
- Кәсіпорын табысын қалыптастыру
- Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
- Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
- Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
- Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу
- Кәсіпорын шығындары
- Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
- Кәсіпорын өнімін өткізудің жоспары
- Кәсіпорын өнім сапасын жоғарлату
- Кәсіпорын персоналын басқаруды жоспарлау және бақылау
- Кәсіпорын салықтық төлемдері
- Кәсіпорын табыстарын ұлғайтудың негізгі әдістері
- Кәсіпорын табыстылығы