Латын терминологиясының тарихы

Жоспар

I.Кіріспе бөлім

1.1.Латын терминологиясының тарихы

1.2. Латын тілі  туралы

1.3.Латын тілі-ғылым  тілі

1.4.Тілдің жаңа  тарихы

II. Негізгі бөлім

     2.1.Жан Батист Ламарктің өмірбаяны

     2.2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы

      2.3.Жан Батист Ламрктің ғылымға енгізген жаңалықтары

      2.4.Жан Батист Ламарктің тұжырымына  берілген баға және оның   

           кемшіліктері

III. Қорытынды бөлім

IV.Пайдаланған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Кіріспе бөлім

1.1.Латын терминологиясының  тарихы

    Латын тілі-біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын ,қазірге Италия мемлекеті орналасқан Апеннин түбегінің орталығындағы Лациум аймағында өмір сүріп ,тіршілік еткен «латинян» деген тайпаның тілі. Аталған аймақтың орталық қаласы б.з.б. VIII ғасырда іргетасы қаланған , қазіргі кезде Италия мемлекетінің астанасы Рим қаласы болатын. Лациум аймағыныің халқы б.з.б.III-IІ ғасырларда көптеген көрші елдерге соғыс ашып,оларды (Грекия,Македония,Карфаген,Сирия, Мысыр, Галия,Британия,Азия мен Африканың біраз жерлері) күшпен бағындырып, халқының құрамы  әр түрлі және әр тілде сөйлейтін Рим империясын құрды. Оның территориясы қазіргі замандағы батысы Португалиядан басталып, шығысы Румыниямен шектеліп жатқан үлкен аймақты алып жатты.Латын тілі Рим империясының ресми мемлекеттік тіліне айналып,мемлекет құрамындағы барлық халықтар латын тілінде сөйлеп,жаза бастады.Демек, латын тілі халықаралық тіл деңгейіне көтерілді. Рим мемлекетіне дейін ғылыми,әдеби және мәдени жағынан дәуірлеп дамыған Грекия тілі де , латын тілімен қатар Рим империясы өміріне үлкен ықпал етіп,өз кезегінде латын тілінің ғылым,әдебиет,мәдениет тілі ретіндегі дамуына зор әсерін тигізді.

   Ветеринария саласындағы латын тілін үйренудің бірден бір мақсаты-ол болашақ латын терминологиясына сауатты мал дәрігерін дайындау.Қазір латын тілі “өлі” тілге жатқанымен, біздің күнделікті тіршілігімізде латын және грек терминологиясын кеңінен қолданатынымыз белгілі. Мысалы: ректор,доцент,декан,ассистент,институт,факультет,аспирант, лаборант,студент,диссертан,аудитория,конкурс,аппетит,конкурс,прогресс,регресс,питиция,обсерватория,резерв,стиль,орнамент. Бұл сөздер біздің қолданып жүрген терминдеріміздің аз ғана бөлігі деп айтуға болады. Латын тіліндегі афоризмдер мен мақал-мәтелдермен тыңғылықты бір ойды,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді. Бұл афоризмдер біздің заманымыздан бұрын және одан кейін өмір сүрген атақты ғалымдар,философтар,ақындардан қалған аманат. Кейбір афоризмдер медицина мен ветеринарияда деонтологиялық (деон-міндет, логос-ілім) міндетті заңдылықтарға ие. Мысалы:  medice,aegrotum,sed non morbum-дәрігер,ауруды емес,ауырған жанды емде немесе primum non nocere – ең алдымен зиян келтірме.

   Латын тілі үнді-еуропалық  топтың ең көне тілдерінің  бірі.Латын тілі Апеннин жарты  аралында көне Лаций (Лацио) мекенінде орналасқан Latini тайпасының атынан шығып отыр. Аңыздарға қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 753 жылдары осы аралда ағайынды Ромул және Рем Рома (Рим) мемлекетін көтерді.Рим мемлекетінің шапқыншылық- басқыншылық саясатының арқасында , оның шекарасы барған сайын кеңейіп,Жерорта теңізінің бассейінінде ған емес,жақын жатқан жерлердің бәрін бағындыруының арқасында Рим мемлекетінің шекарасы үлкейіп , отарланған елдеріне латын тілінің де ықпалы жүре бастады. Бірақ, осыған қарамай , б.э.д.146 жылдары өзі бағындырған Греция жеріне латын тілінің әмірі жүрмеді.Керісінше, Греция және Шығыс елдерінде латын тілі тарихы тереңде жатқан,мәдени деңгейі биік жергілікті тілдерді бағындыра алмай,эллин мәдениетінің ықпалына енді. Рим империясында грек философтары ,дәрігерлері,жазушылары дәріс оқыды. Сауатты римляндықтар міндетті түрде грек тілінде сөйлескен. Мектептерде грек тілін оқытты,өйткені грек тілі ғылымның көп саласына жол ашты. Сөйтіп, грек тілі латын тілінің қойны-қонышынан бір-ақ шықты. Кірме грек тілі латындандырылды және әліппесінің кеңеюіне алып келді. Латын әліппесіне ипсилон және зета деген екі әріп қосылды.

Латын тілінің тарихында келесі 2 кезең көрініс береді:

Архаикалық кезең (б.э.д. 650-480 жылдары) осы заманнан қалған қолжазбалардан дерек береді. Б.з.б. IV ғасырларда өмір сүрген Аристотель жануарлар және өсімдік әлемін VI ғасырда өмір сүрген Аристотель жануарлар және өсімдік әлемін қорытындылауға тырысқан, ал оның оқушысы Феофраст (IV-III б.з.б) өсімдіктердің құрылысы және көбеюі туралы трактат жазып қалдырған.

  Классикаға дейінгі  кезең  (б.э.д. 3 және 2 ғасырларда)-әдеби  латын тілінің аяққа тұру кезеңі  болып табылады. Бұл заманнан  Теренция мен Плавтаның комедиялары, Энния мен Невияның поэзиялары, Катонның «Жер игеру» туралы  трактаты хабар береді.

  Латын тілінің ең  жоғарғы биігіне жеткен кезеңі, бұл б.з.б  I ғасырда император  Августың билік құрған кезеңі – «Алтын кезең». Алтын немесе классикалық кезең, латын тілінің грамматикалық, синтаксикалық және стилистикалық мәресіне жеткен кезеңі.

 Латын тілінің «Күміс  дәуірі» (б.з. 14-117 ж ) классикалық  латын тілі дәуірінен шегінген уақыты.Бұл кезде латын әдеби тілінің фонетикалық морфологиялық заңдылықтары және орфографиялық анықтамалары толық деңгейіне жеткен кезеңі болатын.Бұл заманның көрнекті жазушылары- Петроний, Марциал,Тацит,Сенека және Ювенал.

Келесі кезең латын тілінің соңғы дәуірі (б.з.2-5 ғасырларда) алады.Бұл дәуір латын тілі Еуропаның басқа да елдерінің тілдерімен араласып кеткен кезеңі. Бұл кезеңде тарих,заң,жер игеру,сәулет өнері дамып,әдеби шығармалар көп жазылды.Біздің заманымыздың 5 ғасырында Рим империясы құлдырағаннан кейін де,латын тілі әдеби және сөйлесу құндылықтарын жойған жоқ.          Бұл кезеңде қазіргі Италия,Франция,Испания,Румыния елдерінің территориясында  роман тілдері қалыптаса бастайды. Осыған қарамастан ,әр мемлекет ортақ тілге зәру болды-бұл тіл көп ғасырлар бойы мемлекеттік мекемелер ,дипломатия,шіркеу,білім және ғылымда пайдаланған –латын тілі болып келеді.

Қайта жаңғыру кезеңінде (15-16 ғасыр) Еуропа елдерінің интелектуалдық, мәдени,заң,ғылым саласына латын лексикасы қайтадан зор ықпал ете бастайды.Осы заманда жаңа латын әдеби тілі көркейеді.

Әрине,латын жазбасы «тез» пайда болды деп айтуға болмайды, тіл қалыптасу жолында барлық процестер ұзаққа созылады, кейде көптеген мыңжылдықтар аралығында қалыптасады, латын тілі мен латын алфавиті де баяу және өз ретімен дамыды. Латын алфавитінің қазіргі бізге үйреншікті аяқталған түрі б.з.д  VI-ІІІ ғ.ғ қалыптасқан. Латын жазбасының алғашқы ескерткіштері (тастағы және әртүрлі нәрселердегі жазбалар) ежелгі грек жазуымен туыстығын көрсететін архаикалық әріп жазбасымен ерекшеленді. Көптеген ежелгі латын жазбалары жазуды оңнан солға қарай жазған, тек б.з.д ІV ғ. жазу сол жағынан оңға қарай бағытталып тұрақты орнатылды.Кейіннен классикалық латын жазуы да бірқатар өзгерістерге ұшырады. Б.з.д І ғ. бастап У және Z тек грек тілінен шыққан сөздерде пайдаланылды. Антик кезеңінен кейін әріптерді жазбаша және қатармен бөлу пайда болды, сонымен қатар тыныс белгілер мен диакритикалық белгілер (әріптің үстінен немесе астынан қойылатын белгілер мағынасын анықтау үшін қолданылады). Б.з.д ХІ ғ. W әрпі, ал ХVI ғ.- J және U әріптері еңгізілді.Латын тілінің бүкіл тарихы және ежелгі Рим тарихының ең бір ерекше және қызықты сұрақтарының бірі-Римнің мәдени ізбасарлары мен саяси бәсекелестер латындар мен этрускілердің қарым – қатынастары болған еді. Этрускілердің пайда болуы мен тілінің қалыптасуы, айтылып кеткендей, әлі күнге дейін анықталмаған. Этрус тілі жерортатеңіздік тіл тобына жатады (Оңтүстік Еуропа мен Жерорта теңізі аралдарындағы үндіеуропалық тіл қатары емес). Мүмкін, этрусс алфавиті грек алфавиті негізінде қалыптасқан. ХVIІІ ғ. этрус теориясындағы латын тілінің қалыптасуының теориясы пайда болды, бірақ этрус тілі жайында мәлімет өте аз болғандықтан (аз ғана жазбалар сақталған, олардың қазіргі таңда тек 150 сөзі ғана шешілген), оны анықтау мүмкін емес.Этрускілер Римнің солтүстік батысында орналасқан Этрусияда мекендеген және олар жоғарғы мәдениетке ие болған ( ол жайлы этрус өнерінің ескерткіштері мәлім етеді). Римдікдер этрускілерден өнер (сонымен қатар әскер өнері),саяси мәдениет пен діни әдет – ғұрыпты қабылдапты. Б.з.д VIғ. этрускілер Римнің оңтүстігіне жылжуының нәтижесінде Тарквини этрусс династиясынан шыққан патшалардың қол астына енуіне тура келді. Ақырғы Тарквинидің қуылуы нәтижесінде (б.з.д 510 жылы, осы кезеңде Рим республика болып жарияланды) этрускілердің үстемдігі нашарлай бастады. V –VI ғ.ғ. олар толығымен саяси дербестігін жоғалтып, Римнің қол астына енеді. Біздің заманымыздың басында этрускілер толығымен романдалды, ал олардың тілі уақыт өте келе ұмытылды.Этрускілерді күреспен жеңген уақыт Рим гегемониясының алғашқы кезеңі болды, б.з.д ІІІ ғ. бастап Римнің экономикалық және саяси жағдайы жоғарлай бастайды. ІІІ ғ. аяғында Орталық қала Лациум өз билік астына италиялық қалалармен аймақтарды біріктірді. Үш Пуни соғысы (ІІІ ғ.орт. –ІІ ғ. орт.) нәтижесінде римдіктер Батыс Жерорта теңізі мен Карфагенді өзінің мықты қарсыластарын жеңген. Б.з.д І ғ. аяғында Римнің қол астында бүкіл Жерорта теңізі, Испаниядан Грецияға, Азия мен Египетке дейін, қазіргі Франция территориясы, Англия мен Германиянің кейбір бөліктері және т.б жерлер енген. Кейінгі дәуірлерде империялық Рим мемлекеті жоғарғы билікке ие болды. Италиянің бірігуі нәтижесінде латын тілі римдік мемлекеттің ресми тіліне айналды. Әртүрлі халықтарға жататын және әртүрлі тілде сөйлейтін Италия аймақтарындағы тұрғындар римдік азаматтықты алып, өзінің біріккен  тұтас мәдениетінің бір бөлігі ретінде сезді.Латын тілі  бүкіл Апенин түбегіне тараған, кейін тіпті Галия мен Испания халқымен қабылданып алынды.

 

 1.2. Латын тілі

Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен.  Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейнін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ  бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа  тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі– Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.   Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен  маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II  ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек  ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.

1.3.Латын тілі – ғылым тілі

Ғылым саласында, римдіктер гректердің оқушылары болды. Басында Рим ғылымы ұлттық құқықпен  және риторикамен шектелді. Рим ғылымының басты мақсаты өмірде күнделікті қажет салаларды –емдеуді, ауылшаруашылығын, саясатты, соғыс өнерін және т.б. – жүиелеу  болды.Ежелгі рим ғылымы энциклопедия түрінде жазылып дамыды. Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырдың соңында ғана рим ғылымы  тереңдетіліп зерттеле бастады. Әрине  бұған басты себепкер болған грек мәдениеті.Рим  жаратылыстану  патриархы  Марк  Порций Катон (б.з.б. 234-149 жылдары өмір сүрген) болды. Оның басты еңбектері ауыл  шаруашылық,  медицина, риторика, әскери  іс  туралы. Барлық еңбктерін өзінің ұлына арнау оқулық түрінде жазған. Осыдан  тек  «Ауыл  шаруашылығы туралы» трактаты сақталған.Грек ғылымы қатты әсер еткен ғалым Марк Теренций Варрон (б.з.б.116-27жылдары өмір сүрген) атақты рим энциклопедисы. Ең белгілі Варронның трактатында рим  тарихы, мәдениеті және діні туралы жазылған. Атақты еңбектерінің бірі – «Божественные и человеческие древности» деп аталатын трактат, бірақ толық  сақталмаған тек қана кейбір үзінділері біздің заманымызға жеткен. Варонның «Ауылшаруашылығы жөнінде» деген  трактаты  және мағанасы зор «Латын тілі жөнінде» атты филологиялық шығармасы сақталған.Империя дәуіріндегі жаратылыстану б.з. I ғасырында Цельс, Сенека, Пл ний еңбектерінде дамыды. Авл  Корнелий Цельс  «Өнер» деген энциклопедияны жазды, негізінен  бұл энциклопедияның медицина тарауы сақталып біздің заманымызға жеткен. Луций Анней Сенека (б.з.б 4 – б.з.65 өмір сүрген) - атақты  философ, жазушы және драматург, жаратылыстануға қызығушылықты білдірді. Сенеканың шығармасы «Жаратылыс ғылымы сұрақтары», ауа-райының және табиғаттың құбылыстарына  ғылыми сараптамалар беріп, сипаттаған жұмысы бізге жеткен. Ең  белгілі  шығармалардың  бірі - «Жаратылыс  тарихы» Плиний Үлкенмен  (23-79  жылдары өмір сүрген) жазылған. Онда  рим жаратылыстанудың  салт  дәстүрлері жайында бірнеше жылғы жинақтаған еңбектері кіреді. Бұл энциклопедияға 400 аса әдеби  шығармалар мен қатар ғалымның өз зертеу-бақылаулары кірген. Мазмұн тақырыбы да жан-жақты, мұнда геология, география, зоология, ботаника, медицина, өнер және т.т. қамтылған.Латын  авторлары ғылымда  екінші  боп  қала  берді, ал  тарих  саласында оларды гректермен  салыстыруға  болады. Ең  атақты  латын  тарихшылары - Тит  Ливий, Тацит  және  Светоний.

1.4. Тілдің жаңа өмірі

Христиан латын тілінің белгілі уәкілдері: II-V ғасырларда Тертуллиан, Лактанций, Иероний және Августин болды.Квинт Септимий Флорент Тертуллиан (160-220) христиан әдебиетінің тарихында атақты автор болды. Тертуллиан - әлемдік көлемдегі жазушы. Өзінің ойымен және стилімен ерекшеленген. Тілі бай, бірақ Солтүстік Африкада туып өскендіктен қарапайым халық тілін көп қолданған, яғни классикалық тілді қолданбаған.

Ал Цецилий Фирмиан Лактанций (III-IV ғасырлар) болса керісінше дұрыс классикалық тілмен жазған. Кезінде  император Константинныңсарайында тәрбиеші қызметін атқарған. Ол христиандыққа мемлекеттік діннің статусын берді. Қайта өрлеу дәуірінің гуманистері Лактанцииді «екінші Цицерон» деп атады.

 Сафроний Евсевий Иероним (347-420)- өз уақытының білімді адамы. Иероним Библияны латын тіліне  аударды («Вульгата»), оны католик  шіркеуінде қолданды.

Аврелий Августин (354-430) – патристика христиан дәуірінің авторы. Ойшыл боп еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер тигізді. Августинның тілі классикалық түрде дұрыс және ұғынықты.

Біздің заманымыздың басында провинцияларда қарапайым халық тілі классикалық тілден мүлдем алшақтай бастады. Бұл тілді – «вульгарная латынь» деп атады, ал V ғасырда алшақтық тереңдеп айқын көріне бастайды. Негізінен бұндай өзгеріс көршілес тайпалардың, варварлардың, әсері еді. Варварлар деп мәдениеті төмен, гректік-римдік мәдениет әсер етпеген  халықтарды атаған. Олардың қатарына ғұндардан басқа, вандалдықтар, готтар және т.б. жататын. V ғасырда варварлармен қақтығыс жиілеп, шиеленісіп кетеді де, 410 жылы Рим қаласын готтар басып алып талан-таражға салып тонайды. Сөйтіп V ғасырдың аяғында варварлар тайпаларының соққысынан Батыс Рим империясы құлап жойылады. Енді негізінен гректік-римдік мәдениет Шығыс Рим империясында сақталып, ұзақ уақыт бойы осында дамиды. Бұл жер тарихта Византия деп аталады. Мұнда мемлекеттік әрі әдиби тіл болып грек тілі дамыған. Келесі VІ- VІІІ ғасырлар Шығыс Рим тарихында «қаралы ғасырлар» деп аталады, себебі бұл кезеңде рим провинцияларында жаңа мемлекеттер мен халықтар пайда бола бастайды. Латын тілі қатты өзгерістерге ұшырап, қарым-қатнас тілі болып қалады. Бұл  кезең варварлық латын тілінің дамуына әкеліп соғады да, бұл тіл жаңа туған еуропалық тілдердің негізі болады. Орта ғасырлар, негізінен V-XV ғасырлар қамтиды,– еуропа тарихының дәуірі. Жаңа көркем, ғылыми және философиялық әдебиет орта ғасырлардағы Еуропада көп уақыт аралығында латын тілінде жазылған. Латын тілін білмей, мәдениетті және білімді адамдармен қатынасуға мүмкін болған жоқ. Сондықтан латын тілі білімнің негізі болды. IX ғасырда мектептегі оқу екіге бөлінді – тривиум және квадривиум болып. Тривиум үш негізгі пәнге бөлінді – грамматика, диалектика және риторика. Олар бастауыш сыныптарда берілді. Квадривиум – арифметика, геометрия, астрономия және ән-күй (жоғары сыныптарды оқытылды).Олар бірігіп «жеті еркін өнерді» құрастырды.Орта ғасырлардағы білім орталықтары монастрлер және университеттер болды. Орта ғасырлардағы ғылым және мәдениеттің атақты қызметкерлері монахтар болды. Монастырлерде бастауыш мектептер болды.

Университеттер жаңа, көне әлеміне белгісіз мекеме болды. Бірінші университеттер XII ғасырда  пайда болды. Белгілі білімнің орталығы Париж унивеситеті болды. XII-XIII ғасырларда Испания, Италия, Англияда университеттер құрылды. Еуропалық мәдениеттің өсуі өркендеу дәуірінің гүлденуін белгіледі.Орта ғасырлар дәуірінде (VI-VII ғасырлар) мәдениет құлдырай бастады. Мәдениеттің қайта өрлеп дамуы VIII ғасырда басталды. Ұлы Карлмен құрылған каролингтер дәуірі елеулі болды. Ұлы Карл монастыр мектептерін ашуға бұйрық шығарды. Каролингтер дәуірінің белгілі уәкілдері Алкуин, Эйнхард және философ Эриуген. Орта ғасырлар мәдениеті діни мәдениет боп саналды. Сондықтан орта ғасырдың оқуы теология – құдай және әлем туралы оқу. Теорияның басты белгісі – схоластика, яғни діни философия, латын тілінің негізінде қолданылып дамыған. Схоластиканың ірі уәкілі Фома Аквинский (1225-1274) болды.Бірақ латын тілі шіркеу және теология  қызметкерлерінің ғана тілі болған жоқ сонымен қатар поэзияда да қолданылды.  XVIII ғасырда жазылған ақындардың жазулары табылды. Бұл өлеңдер теология ғылымынан тым алшақ. Өлеңдерде махаббат, шарап ішу және әлемнің көріністері, қуаныштары туралы жазылған. Осы өлеңдерді жазған студенттер, клириктер, бір қаладан екінші қалаға жүріп жұмыс немесе оқу  іздеген кезбелер. Оларды ваганттар деп атайды. Вагант поэзиясының гүлденуі ХІІ-ХІІІ ғасырларға сәйкес келеді. Вагант уәкілдері – Гуго Орлеанский, Архипиита Кельнский және Вальтер Шатильонский.ІХ ғасырда бүкіл ортағасырлар бойы пісіп жетілген барлық дамудың тендециялары көрінді. Варвар тайпалары Еуропаны мәдиниетсіздікке салғаннан кейін, көпке дейін білім берудің бір ғана ошағы монастырлар болып қалды. Монастыр кітапханаларында сақталған және монастырлық көшірушілермен көбейтілген антикалық авторлардың қолжазбалары болашақтағы ғасырлардың мәдени құндылықтарын құрады. Университеттер дәуірінде бұл білімдер жүйеленген және көбейтілген болды. Әрине, бірақ олар бұрынғы ұлылықты елеске түсіруге мүмкіндік беретін.Білімді жинау және мәдениетті міндетті теологиялық қабықтан босатуға тырысу өзінің аяқталуы Қайта өрлеу дәуірінде (14-16 ғасырлар) болады, ол сонымен бірге еуропалық мәдениеттің жаңа дәуірі болды. Ол грек-рим мәдени мұрасына негізделеді.Қайта өрлеудің алдында тұрған бірінші міндет – грек және латын авторларының шағармаларын басу және жүйелеу, іздеу. Бұл дәуірдің көптеген мәдени қайраткерлері барлық өмірін осы игілікті міндетке арнады. Бұнда Марсилио Фичино, Лоренцо Медичи, Поджо Брачоллини, Леонардо Бруни және Анжело Полициано сияқты адамдарды атап өтуге болады. 15 ғасырдың аяғынан басу міндеті Гутенбергтің кітап басуды ойлап табу арқасында жеңілдеді. Ежелгі манускриптарды жинаушылардың бірі әйгілі ақын Франческо Петрарка болды. Ол бүгінге дейін белгісіз Тацит шығармаларының қолжазбаларын тапты. Осындай шынында да күшті еңбектері нәтижесінде Плавт, Лукреций, Цицерон, Квинтилиан, Тацит және т.б. сияқты латын ауыз әдебиетінің көрнекті авторларының шығармалары табылды және баспаға шығарылды. Бізге белгілі латын әдебиетінің негізгі көлемі айналымға қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлерімен енгізілді. Латын поэзиясы мен прозасының көрнекті үлгілерімен толық танысу Қайта өрлеу  дәуірінің латын тілінің дамуына әкелді.

Сонымен қатар, Қайта өрлеу дәуірі – бұл тек латын классикасын жинау және басуға ғана емес, сонымен қатар оны оқудың интенсивті уақыты, толық сипаттағы жасалған басылымдарға жақсы әртүрлі түсініктемелер берілді, олар әлі күнге шейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұның бәрі латын тілін қолдауға және деңгейін көтеруге көмектесті. Көптеген әдеби шығармалардың ұлттық тілдерге (итальян, француз, неміс) жазылғанына қарамастан, Қайта өрлеу дәуірінің латын тілі ғылым және мәдениет қайраткерлерінің халықаралық тілі болып қалды, сонымен қатар ол «алтын латынның» классикалық нормаларына негізделген болатын. Әрине, ортағасырлардан алынған құдай мәселесі латынша түсіндірілді. Мысал ретінде 15 ғасырдың аяғы – 16 ғасырдың басындағы көрнекті тұлғалардың Эраз Роттердамский және протестантизмнің негізін салған Лютермен арасындағы күш-жігер еркіндігі арасындағы полемиканы айтуға болады. Жаңа заман уақытында (17-19 ғасырлар) Қайта өрлеуден латын тілін ғылым мен мәдениеттің тілі ретінде мұраға қалды. Қайта өрлеу дәуірінде басталған көптеген зерттеулер өзінің жалғасын жаңа заман ғалымдарының еңбектерінде орын алды. Жаңа заманның латын тілі – дипломаттардың, философтар мен ғалымдардың халықаралық тілі. Бірнеше ғасырлар бойы латын тілі рим құқығының лексикасына негізделіп заңгерлер мен құқықтанушылардың қызметтік тілі ретінде қолданылды. Дипломаттар сонымен бірге латынша сөйлеуді ұнатты. Дипломатия және халықаралық құқықтың көптеген терминдері латын тілінен алынған немесе оның негізінде қалыптасқан. Мысалы, persona non grata («қалаусыз тұлға»).Гуманитарлы және табиғи ғылымдар латын тілі өзінің ерекше өмірімен өмір сүрді. Ол халықаралық «ғылыми тіл» болып қалды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінде көптеген грек авторларының мәтіндері латын тіліне аударылды. Латынша көптеген Жаңа заман философтардың шығармалары латынша жазылды. Мысалға, Декарт және Лейбниц сияқтылар. Латынның және рим әдебиетінің көрнекті шебері әйгілі философ және жазушы Монтень болды. Кант шығармаларында және кейінгі ойшылдардың шығармаларында біз көптеген латын терминдерін көре аламыз. Олар айтылатын ойға қосымша қаталдық береді. Жеке хаттарда да жиі латын тілін қолданады.Латын нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болды. Әйгілі ғалым Исаак Ньютон жиі нақты ойларды жеткізудің адекватты құралы деп есептеді. Жалпы, латынды білу және бұл тілде нақты өз ойларын латын терминологиясы арқылы жеткізе алу бұл дәуірдің түгел ірі ғылымдарына тән еді. Латынша көптеген Ломоносовтың еңбектері жазылды. Жаңа заманның ғылыми терминологиясы латын тілінің негізінде құрылды (нақтырақ, латын сөздерінің грек сөздерімен бірге, оларға «латындық» форма берілетін). Осындай терминологияны жалпы өсімдік және жануарлар әлемінің классификациясы пайдаланады (ұлы швед Карл Линней 18 ғасырда бұны ойлап тауып, бұл классификация ботаника және зоологияның негізінде болды). Медицина сияқты салада латын әрдайын маңызды қызметтік тіл және де терминологияның дерек көзі болды.Еуропаның қазіргі заманғы тілдері көбінесе латын тілі негізінде пайда болды, немесе оған сөздік қорымен міндетті болады. Жоғарыда біз айтқандай, ІХ-Х ғасырларда негізінен роман тілдерінің қалыптасу үрдісі аяқталды; олардың негізін Батыс империясының әртүрлі провинцияларындағы қолданылған кейінгі латынның сөйлеу диалектері құрды.

Еуропалық тілдердің тобын білдіретін «романдық» терминінің өзі латынның «romanus» сын есіміне («Римға қатысты», «римдік») жатады, ол ерте ортағасырларда халықтық сөзді білдіреді. Испания мен Италияда романдық тілдер сонымен қатар «нео-латындақ» деп аталады.

Роман тілдерінің дамуында бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

Бірінші кезең - Романизациялау кезеңі (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. V ғасыры); бұл уақытта римдіктер жаулап алған жерлердегі халықтардың тілі халықтық латын тілімен ауыстырылады, бірақ ұлттық ерекшеліктер сақталынады, олар кейінгі роман тілдерінің ұқсамайтындығын анықтайды. Әртүрлі территориялардың әртүрлі уақытта Рим мемлекетіне қосылды (бұл үрдіс бірнеше ғасырға созылды), әртүрлі провинцияларда романизациялаудың шарттары және мерзімі, қарқыны әртүрлі болды. Мысалы, Испанияда римдіктер б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғында пайда болды, ал Дания романизациялауды тек б.з. ІІ ғасырында бастады.

Екінші кезең - Рим империясының құлау жағдайларында (V - ІХ ғасырлар) роман тілдерінің орнығу кезеңі. Бұл уақытта бірінші варварлық патшалықтар пайда болады, ол бұрынғы варварлық тайпалардың (негізінен германдық) тілдерінен әсер алатын алғашқы халықтық латын тілінің диалектісінің рәсімделуіне және жекешеленуіне көмектеседі. VІІІ ғасырда романдық тілдер латын тілінен де, романдық емес (герман) тілдерден аяғына дейін толығымен бөлініп кетеді.

Үшінші кезең - Романдық жазу мен әдебиетінің (ІХ-ХVІ ғасырлар) даму кезеңі. Бұл кезеңде алғашқы романдық мәтіндер (француздық – ІХ ғасырда, итальяндық және испандық – Х ғасырда, португалдық – ХІІ ғасырда, румындық – ХVІ ғасырда) пайда болады. Даму барысында романдық тілдер латын тілінің универсалды ықпалына түседі, ол латын тілінен сөздерді және синтаксистік құрылыстарды  алады.

Төртінші кезең - Ұлттық тілдердің қалыптасып бітуі (ХVІ -ХІХ ғасырлар). Бұл уақытта романдық тілдерге бай әдебиет пайда болады. Кейбір тілдер өте ерте ұлттық (ХVІ - ХVІІ ғасырларда) болып калыптасады, басқа тілдер әлі қалыптасу үрдісінде болып жатты, үшіншілері  жергілікті диалектерге айналады.

Роман тілдерінің негізгілеріне итальян, француз, испан, португал тілдері жатады. Жалпы қазіргі заманғы лингвистикалық классификацияда 12 романдық тілі бар, оларға румын және молдаван тілдеір, сонымен бірге бірқатар француз, испан және итальян тілдерінің диалектері кіреді. Негізгі романдық тілдер ежелден халықаралық сөйлеудің құралы және көптеген әлем мемлекеттерінде мемлекеттік тілдер болып табылады. Роман тілдерінде сөйлейтіндердің жалпы саны қазіргі кезде 600 млн адамнан асады.Роман тілдері таралуының үш аймағын бар: біріншісі - «Ескі Романия» - Рим империясының құрамына кірген Еуропа территориясы.

Екінші аймағы - ХVІ -ХVІІІ ғасырларда отарлаудың нәтижесінде (Канада, Мексика, Оңтүстік Америка) пайда болған «Жаңа Романия».

Үшінші аймағы -  Отарлаудың нәтижесінде роман тілдері ресми мемлекеттік тілдер болған, бірақ жергілікті тілдерді ығыстырмаған (Африканың көп жері) жерлер.

Еуропа халықтарының, бірінші ретінде роман халықтарының жазуы латын тіліне және латын әліпбиін пайдалануына негізделген (бірақ, румын және молдаван тілдерінде жазу алғашында кириллицаға негізделді). Көптеген славяндық халықтар тілінде (мысалы поляктар және чехтер) латын тілін қолданады. Жазбаша латындық жазу алғашында жазулар иероглифін елестетті. Ортағасырлар барысында әріптерді жазудың бірнеше нұсқалары жасалды. Олардың біреуі готикалық жазу (ол қиын «сынық» сызықтармен ерекшеленетін), тек Қайта өрлеу дәуірінде Жаңа заманның баспа және жазбаша шрифтердің негізіне жатқан әріптердің жазылуы толық рәсімделді. Латын алфавитінің өзі біздің заманымыздың басынан тек кішкене өзгерістерді бастан кешті. Жоғарыда айтылғандай, б.з.д. І ғасырдан Y және Z әріптері грек сөздерін жазу үшін қолданылды.ХІ ғасырда W әрпі, ал ХVІ ғасырда – J әрпі, және U әрпі пайда болды. Жазудың кейінгі жүйелерінде (латын жазуының негізінде қалыптасқан) латын алфавитін ұлттық айту ерекшеліктеріне бейімдеу негізінен диакритикалық белгілер арқылы жүзеге асырылды.Бірақ латын сөздерінің көбі Еуропаның басқа да тілдерінде бар. Герман тілдері Батыс және Орталық Еуропаның маңызды II тобын құрайды. Оларға ағылшын, неміс, скадинав тілдері жатады. Бұл тілдер, сонымен бірге ертеден латын жазуын, пайдаланатындар латын тілдерінен, романдық тілдерге қарағанда басқаша болып ерекшеленеді. Универсалды пайдалынатын сөздердің үлкен тобын латинизмдер құрайды. Олар романдық емес (герман және славян тілдерінде) латынннан алынған негізгілері болып табылады. Латинизмдер тілдік дамудың небір «фактын» көрсетеді, бірақ латын өркениетіне тым міндетті Еуропа халықтарының мәдени санасында үлкен рөлді атқарады.       

Латын тілі қазіргі уақытта да ең маңызды мәдениет саласына жатады.

Католик шіркеуі латын тілін ресми тіл орнына пайдаланады. Латын тілінде Ватиканның құжаттары жүргізіледі және рим папасының хаттары жазылады. Католик шіркеуінің әр қызметшісі латын тілін білу керек.Медицинада латын тілі анатомия мен фармакологияның халықаралық терминологиясы ретінде және шипашақ (рецепт) жазуына пайдаланады. Латын тілін білгендіктен әртүрлі әлем мемлекеттің дәрігерлері бір – бірін жақсы түсінеді. Медициналық шығармалар латынша жазылған.Анатомия мен фармакологияда латын тілі жеке орын алады. Адамның мүшелерінің әр қайсысы латын тілінде аталған. Дәрілердің атаулары да латын тілінде.Латын тілін ғылым саласында пайдалынады, көбінесе ботаника және зоологияда. Батыс Еуропада латын тілі сабақтары жоғары білім орындары мен орта білім орындарында өткізіледі. Англия, Франция, Италия және Германияда ХVІІІ-ХХ ғасырларда классикалық филологиясы көне тілдер және әдебиет туралы ғылым  үлкен гүлденуіне жетті. Бүгінгі уақытта бұл білім аумағы өте белгілі.

Латын терминологиясының тарихы