Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі
Жоспар
1 Әлеуметтік қамсыздардыру
саласындағы құқықтық қатынастардың
түсінігі
Әлеуметтік
қамсыздандыруға қатысты
Кез келген құқықтық қатынастар сияқты әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың әсерімен туындайды, өзгереді және тоқтатылады. Сол себепті, құқықтық қатынастар ретінде қатынастар қатысушылары (субъектілері) арасындағы байланыстар, сонымен қатар, олардың өзара құқықтары мен міндеттері аталады. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық қатынастар болып табылады, себебі олар тиісті заңдардың нормаларын қолдану кезінде туындайды.
Соған қоса, әлеуметтік
қамсыздандыруға қатысты
Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды құқық нормаларының негізінде туындайтын, ақша төлемдерін төлеуге, қызмет, жеңілдіктер көрсетуге қатысты, мемлекеттік органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен оларға құқылы жеке тұлғалардың арасында туындайтын қатынастар ретінде сипаттауға болады.
Әлеуметтік
қамсыздандыруға қатысты
2 Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың элементтері
Әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы
· құқықтық қатынастардың субъектілері;
· құқықтық қатынастардың объектілері;
· құқықтық қатынастардың мазмұны;
· 15 құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері (заңды фактілер).
3 Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың түрлері
Әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы
Әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы
· азаматтарды ақшалай нысанда қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастар. Бұлар – азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етуге қатысты туындайтын құқықтық қатынастар;
· азаматтарға заттай нысанда көмек көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастар. Бұл – азаматтарға тегін немесе жеңілдетілген негізде нақты бір тауарлар мен қызметтер түрінде ұсынылатын көмек.
Мысалы, жеңілдікпен ұсынылатын дәрі-дәрмектер, дәрігерлік қызметтер және т.б.
· процедуралық немесе процессуалдық сипаттағы көмектер көрсету бойынша құқықтық қатынастар. Бұл – заңды мәні бар фактілерді анықтауға байланысты туындайтын (мысалы, мүгедектік немесе асырауында болу фактісін анықтау) немесе азаматтың әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтарын жүзеге асыруға байланысты (мысалы, құзыретті органдардың жәрдемақы, өтемақы немесе зейнетақыларды төлеу жөніндегі шешімі) құқықтық қатынастар.
Құқықтық
қатынастар субъектінің –
Әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы
· міндеттерді бір мезетте орындағаннан кейін тоқтатылатын қысқа мерзімді құқықтық қатынастар (мысалы, бала туған кезде бір жолғы жәрдемақы төлеу және өзге де біржолғы жәрдемақылар);
· уақыттағы күшінің мерзімі дәл анықталған құқықтық қатынастар.
Бұлар, мысалы, асыраушысынан айырылған жағдайда зейнетақы төлеу.
Мұндай зейнетақы кәмелетке толмаған тұлға 18 жасқа толғанға дейін, ал осы тұлға оқу орнында оқыған жағдайда – 23 жасқа дейін төленеді; · жүзеге асыру мерзімі анықталмаған құқықтық қатынастар. Бұлар – жасына байланысты зейнетақыларды, еңбекке уақытша жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге және т.б. қатысты құқықтық қатынастар.
4 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
Әлеуметтік
қамсыздандыруға қатысты
1. жеке тұлға (немесе отбасы);
2. мемлекеттік органдар.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілері болып келесі жеке тұлғалар табылады:
· Қазақстан Республикасының азаматтары;
· асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылық құқықтық қатынастар болған жағдайда – отбасы;
· егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдік азаматтар;
· егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.
Байқағанамыздай, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері болып әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қатынастардың қатысушысы болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне қатысты әлеуметтік-қамсыздандырушылық құқықсубъектілікке ие тұлғалар табылады.
Жеке тұлғалар құқық субъектілігі болған жағдайда ғана әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады. Олардың құқықсубъектілігі құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктен тұрады, бұлардың туындау уақыты әртүрлі болуы мүмкін.
Мысалы, туғанынан мүгедек болған тұлға 16 жасқа дейін әлеуметтік зейнетақыны беруге қатысты құқықтық қатынастардың субъектісі бола отырып, тек құқық қабілеттілікті иеленеді. Мұндай құқықтық қатынастарға оның атынан ата-аналары, қорғаншысы және қамқоршысы қатысады. Жеке тұлғаны құқық қабілетті және әрекет қабілетті деп таныған жағдайда ғана ол құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады.
Құқық қабілеттілік ретінде тиісті заңды фактілер туындаған жағдайда белгілі бір құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті танылатыны белгілі. Құқықтар мен міндеттерді иелену қабілетін бұлайша тануды мемлекет белгілі бір жағдайларда жүзеге асырады: мысалы, тұлғаның жасына, ересектігіне, психикасының жағдайына байланысты. Мұндай жағдайлардың бар немесе жоқ болуына орай тұлға өзі немесе өкілдері арқылы белгілі бір құқықтарды және өз әрекеттері үшін жауапкершілікте болу міндетін жүзеге асыруға қабілетті деп танылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру саласында құқық қабілетті, яғни әлеуметтік қорғану құқығына ие. Алайда, бұл құқық жаспен, мүгедектікпен, асыраушысынан айырылуымен, еңбекке уақытша жарамсыздықпен, жұмыссыздықпен байланысты. Яғни, бұл жағдайлар белгілі бір тұлғаның әлеуметтік қамсыздандыру құқығын иелену құқығына алғышарттар болып табылады.
Сонымен қатар, құқық қабілеттілікке қатысы бар қосымша жағдайлар да болады. Оларға, мысалы, мыналар жатады: еңбек стажы, ана болу және өзге де жағдайлар: басқа тұлғаның асырауында болу, еңбекке қабілетінен айырылу. Басқаша айтар болсақ, зейнетақы алуға құқық еңбек стажына немесе жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жарналарға, қандай да бір қоғамға тәуелді қызметті орындауға, әскери қызметке, жоғары оқу орнында оқуға және т.б. тәуелді болады.
Аталған жағдайлардың барлығы өз жиынтығында белгілі бір тұлғаны зейнетақының, жәрдемақының және т.б. белгілі бір түріне құқылы деп тануға әкелуі мүмкін. Басқаша айтар болсақ, бұл белгілі бір тұлғаны әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде тану.
Сонымен, құқық қабілеттілік – бұл тұлғаның құқықтық қатынастардың субъектісі болуының және әлеуметтік қамсыздандыру саласында белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленуінің мемлекетпен танылған мүмкіндігі.
Заң әдебиетінде әрекет қабілеттілік ретінде тұлғаның өз әрекеттері (өкілсіз) арқылы құқықтар мен міндеттерді дербес орындау (жүзеге асыру) қабілеті танылады. Қазақстан Республикасында әрекет қабілетті ретінде соттың белгіленген тәртіп бойынша оны әрекет қабілетсіз деп тану туралы шешімі шығарылмаған кез келген тұлға танылады. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әрекет қабілеттілікті тұлға құқық қабілеттілікпен бір мезетте, яғни әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастарға түскенде иеленеді. Басқаша айтар болсақ, азаматтар әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың әртүрлі түрлеріндегі өз құқықтары мен міндеттерін әлеуметтік-еңбек құқықтық қатынастарына түскенде, белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектік орын алғанда және т.б. жағдайларда жүзеге асыруды бастайды.
Бұл ретте ескеретін бір жайт, әлеуметтік қамсыздандырудың субъектілерінің шеңбері өз ерекшеліктеріне ие. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері – жеке тұлғалардың арасында қарт адамдар, жүйке ауруына шалдыққандар, кәмелетке толмағандар көп. Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласында өкілдік институты дамыған. Кәмелетке толмаған балалардың, сонымен қатар белгіленген тәртіпті әрекет қабілетсіз деп танылған тұлғалардың құқық қабілеттілігі қорғаншылармен, қамқоршылармен, өзге де өкілдермен (туыстары, ата-аналары, балалар үйлерінің, сәбилер үйінің, интернат мекемелерінің басшылығы және т.б.).
5 Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың тағы бір субъектісі болып мемлекеттік органдар табылады.
Оларға мыналар жатады:
· халықты әлеуметтік қорғау органдары, бұлар жәрдемақыларды, зейнетақыларды төлейді, қызмет көрсетеді және т.б.;
· жекелеген
министрліктер мен
· зейнетақылық төлемдерді жүзеге асыратын әртүрлі жинақтаушы зейнетақы қорлары;
· халықты жұмыспен қамту органдары. Олардың құзыретіне жәрдемақылар төлеу, адрестік әлеуметтік көмек көрсету, біліктілікті көтеру және жұмыссыздарды қайта дайындау және т.б. жатады;
· денсаулық қорғау органдары, бұлар мемлекеттік мекемелерде зейнеткерлердің жекелеген санаттарына тегін медициналық қызмет көрсетеді;
· халыққа білім беру мекемелері, бұлар ата-аналарының қорғаншылығынан және қамқоршылығынан айырылған балаларды интернаттарға және т.б. балалар мекемелеріне орналастыруға жауап береді.
Бұл органдар арнайы құқықсубъектілікке ие, яғни, аталған органдар өз әрекеттері арқылы өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж тұлғаларға әлеуметтік қамсыздандырудың әртүрлі түрлерін көрсетуге қатысты заңды міндеттерді орындаудан көрініс табатын құқық қабілеттілікке ие. Олардың құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері ережелерде, нұсқауларда, жарғыларда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген.
6 Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
Әлеуметтік
қамсыздандыруға қатысты
Әлеуметтік қамсыздандырудың нақты, белгілі бір түрі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Заң әдебиеттерінде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрін нақты игілік деп атау жиі кездеседі. Бұл игіліктерді немесе әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрлерін шартты түрде материалдық және материалдық емес игіліктер немесе объектілер деп бөлуге болады.
Оларға мыналар жатады:
· зейнетақы – белгілі бір заңды оқиға туындаған кезде немесе тұлға белгіленген жасқа толған кезде азаматтарға мемлекет есебінен Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретінде төленетін ай сайынғы ұзақ мерзімді ақшалай төлем (әлеуметтік зейнетақылар – мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін);
· жәрдемақылар – уақытша жоғалтылған жалақының орнын толтыру немесе арнайы қолдау көрсету мақсаттарында мемлекеттік қаржы немесе жұмыс берушінің қаржысы есебінен тағайындалатын қысқа мерзімді немесе бір жолғы ақшалай төлемдер;
· өтемақылар – азаматтардың әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысты құқығын жүзеге асырумен байланысты шығындарды өтеу мақсаттарындағы ақшалай төлемдер (мысалы, І-топтағы мүгедекті немесе 80 жасқа толған тұлғаны күтіп-бағушы жұмыс істемейтін еңбекке қабілетті тұлғаға өтемақы төлеу және т.б.).
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың материалдық емес игіліктері немесе объектілері ретінде әлеуметтік қамсыздандыруда заңды мәнге ие фактілерді санауға болады. Заңдар бұлармен әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түріне құқықты, сонымен қатар шын мәнінде немесе жалған бұзылған, осы себепті қорғалатын құқықты байланыстырады. Оларға мыналар жатады:
· процедуралық құқықтық қатынастардың объектілері – бұл мемлекеттік органдардың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түрін тағайындау туралы шешім қабылдауына қатысты әрекеттері. Бұларсыз (шешімдерсіз) материалдық құқықтық қатынастарды, яғни зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақыларды төлеуді немесе өзге де қызметтер көрсетуді не жеңілдіктерді белгілеуді жүзеге асыру мүмкін емес;
· процессуалдық құқықтық қатынастардың объектілері – бұл жоғары тұрған органдардың азаматтың заңдарда белгіленген мөлшерде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне қатысты бұзылған құқығын қалпына келтіру жөніндегі шешім қабылдаумен байланысты әрекеттері.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың мазмұны. Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың мазмұны болып оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттері табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілері құқықтар мен міндеттерге ие және көп жағдайда оларды өздері дербес жүзеге асырады. Бұл құқықтар субъектінің белгілі бір түрде әрекет етуінің және міндетті тұлғадан әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін көрсетуге қатысты белгілі бір әрекеттерді талап етуінің заңды мүмкіндігін білдіреді. Осы құқықтардың қатарына әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін пайдалану және осы құқықтар бұзылған жағдайда мемлекеттің құзыретті органдарына көмек көрсету үшін қолдану құқығы да кіреді. Субъективтік құқыққа нақты міндет сай келеді. Мысалы, құқық қабілетті азамат әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін (мысалы, зейнетақыларды) алуға құқылы. Азаматтың бұл субъективтік құқығына мемлекеттік органның азаматқа белгілі бір әлеуметтік игілікті беру міндеті сай келеді.
Алайда, бұл әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың қарапайым екенін білдірмейді. Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастардың басым көпшілігі күрделі де, екіжақты да, екі жақ субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің кешенімен де болады.
Материалдық құқықтық қатынастардың мазмұны болып азаматтың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне мемлекет белгілеген мерзімдегі және мөлшердегі субъективтік құқықтары және оларға сәйкес мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандырудың осы түрін беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау міндеті табылады. Мысалы, белгілі бір жасқа толған кезде азамат жасына байланысты зейнетақы алуға субъективтік құқығын иеленеді, мемлекеттің осы құқыққа сәйкес міндеті болып тұлғаға аталған зейнетақыны беру туралы немесе осындай зейнетақыны төлеуден бас тарту туралы шешімін қабылдауы табылады.
Процедуралық құқықтық қатынастардың мазмұны болып азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне құқықтың туындауы үшін қажетті заңды фактілерді белгілеуге қатысты субъективтік құқықтары және мемлекеттің оларға сәйкес мәселені мәні бойынша шешу міндеті, яғни тексеру жүргізу және азаматтың субъективтік құқығын қанағаттандыру не олардан бас тарту туралы шешім қабылдау міндеті табылады. Мысалы, азамат асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға қатысты субъективтік құқыққа ие, мемлекеттің осыған сәйкес міндеті болып азаматқа аталған зейнетақыға құқықты беретін заңды фактінің бар-жоқтығын тексеруі және оған аталған зейнетақыны беру не аталған зейнетақыны төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы табылады.
Процессуалдық құқықтық қатынастардың мазмұны болып азаматтардың бұзылған құқықты қалпына келтіруге қатысты субъективтік құқықтары және мемлекеттің осыған сәйкес дауды мәні бойынша шешу және шешім қабылдау міндеті табылады. Мысалы, азамат еңбекке қабілеттігі қалпына келгенге дейін мүгедектігі бойынша зейнетақы алуға қатысты құқығын бұзған лауазымды тұлғаның, мемлекеттік органның шешімін шағымдауға қатысты субъективтік құқықты иеленеді. Мемлекеттің тиісті міндеті болып дауды мәні бойынша қарауы және мүгедектігі бойынша зейнетақы төлемдерін төлеуді жалғастыру туралы немесе аталған зейнетақыны төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы табылады.
Заңды фактілер. Әлеуметтік қамсыздандырудағы заңды фактілер – бұл құқықтық қатынастардың туындауымен, өзгеруімен немесе тоқтатылуымен байланысты нақты объективтік оқиғалар мен әрекеттер. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болып табылады.
Заңды фактілер жалқы болуы мүмкін. Мысалы, зейнеткердің қайтыс болу фактісі зейнетақы төлеуге қатысты құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Алайда, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғатын заңды фактілердің ерекшелігі мынада – олар күрделі заңды құрамнан туындайды, бұл құрамға бір емес, екі не одан да көп заңды фактілер кіреді. Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғатын заңды фактілердің жиынтығы заңды құрам деп аталады. Мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақы алу үшін құқық қабілетті тұлға әлеуметтік қамсыздандыру органына өтінішпен жолданады, бұл орган, өз кезегінде, мүгедектің тұлғасын, оның кәсібін, мүгедектігінің тобын, мүгедектігінің себептерін анықтайды және зейнетақының осы түрін тағайындау туралы шешім қабылдайды. Аталған жағдайларды: мүгедектің тұлғасын, оның кәсібін, мүгедектігінің тобын, мүгедектігінің себептерін анықтау нақты тұлғаның мүгедектігі бойынша зейнетақы алуға құқығының туындауын анықтайтын заңды құрамды белгілеу болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастар ұзақ мерзімді сипатқа ие. Сол себепті, оларды өзгерту негіздері туралы мәселе үлкен мәнге ие. Мұндай қатынастардың өзгеруіне негіз болып күрделі заңды құрамдар, яғни заңды фактілердің жиынтығы – азаматтың ерік білдіруі және мемлекеттік органның құқықтық қатынастарды өзгерту туралы шешім қабылдауы табылады. Мысалы, зейнеткерді зейнетақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру үшін келесі заңды фактілер қажет: азаматтың өтініші, мұндай өзгеруге мүмкіндік беретін оқиғаның болуы, құзыретті органның ауыстыру туралы шешімі. Құқықтық қатынастардың өзгеруі белгілі бір тұлғада жаңа құқықтың көрініс табатынын растайтын жаңа заңды фактілер туындаған кезде орын алады, яғни қамсыздандырылатын тұлғаның құқық қабілеттілігінде өзгерістер туындайды.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастар қамсыздандырылатын тұлғаның өлімімен немесе құзыретті органның арнайы шешімімен (мысалы, егер мүгедектің еңбекке қабілеттігі қалпына келді деп танылса) не заңда белгіленген мерзімнің өтуімен тоқтатылады (мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алатын кәмелетке толмаған тұлға 18 жасқа толған кезде аталған зейнетақыны төлеу тоқтатылады).

- Әлеуметтік қауіптер
- Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары
- ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР
- Әлеуметтік мемлекет түсінігі және қызметі
- Әлеуметтік мемлекет түсінігі және қызметтері
- Әлеуметтік мемлекет түсінігі және қызметтері
- Әлеуметтік институттар түсінігі
- Әлеуметтік институт түсінігін анықтау, негізгі белгілері
- Әлеуметтік инфрақұрылым салалары
- Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар
- Әлеуметтік қамсыздандырудың
- Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері
- Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары