Әлеуметтік шиеленістер туралы

Әлеуметтік шиеленістердің мәнін ашып көрсету үшін олардың  басты себептерін білу керек. Әрине, қоғамда орын алатын шиеленістердің өзіндік ерекшеліктері бар, олардың  әрқайсысы басқа шиеленістерге  ұқсамауы мүмкін. Алайда шиеленістерге  тән жалпылама себептер барлық қоғамдарда орын алады. Бұл мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерде бірқатар тұжырымдамалар да бар. Мәселен, маркстік тұжырымдама  бойынша қоғамдағы таптар арасындағы әлеуметтік, таптық күрестің себебін  еңбек пен капиталдың арасындағы қайшылықтан іздеу керек. Яғни, еңбектің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін  иемденудегі жеке меншіктік сипаты арасындағы бітіспейтін қайшылық әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Маркстік теория түолі  сипаттағы қоғамдық қайшылықтарды  экономикалық себептермен түсіндіреді.

Неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік шиеленістердің басты себебі – саяси факторлар. Дәлірек айтқанда, шиеленістер саяси  билік мәселесіне байланысты туындайды. Бұл автор қоғам өмірінде әлеуметтік шиеленістердің болуы заңды құбылыс  екендігін айта келіп, адамдар арасындағы теңсіздік билікке байланысты деген  қорытындаға келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне беріле бермейді. Қоғамда бір топ адамдар басқаларды басқаруға, бұйрық беруге, тәуелді етуге  бағытталған билікке ие. Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда. Мұндай әлеуметтік теңсіздік жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен таптардың  меншікке, материалдық игілктерге ие болуға, бөлінуге байланысты теңсіздігін  тудырады. Міне, сол себепті Р.Дарендорф  өз теориясында меншік, материалдарды  игіліктерді бөлу мәселесіне басты  назар аударады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінде, меншік қатынастарында, билік жүйесінде, материалдық игіліктерді әрдайым  орын алады. Барлық адамдарды теңестіретін қоғам орнату мүмкін емес.

Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше,қоғамда  белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен құқықтарға деген  қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктермүддеге айналады, мүддесі ортақ адамдар  топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу  үшін басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады  деп түсіндіреді.

Көрнекті әлеуметтанушы  П.А: Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек  басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екндігін атап көрсеткен.

Әлеуметтік шиеленістер  сол сияқты қоғам адамдардың түрлі  мәселелерге байланысты пікірлерінің, көзқарастарының немесе ұстаған  құңдылық бағыттарының кереғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне  байланысты біздің қоғамда әр түрлі  пікірлер бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік  меншікті жақтайды.

Шиеленісті жағдай еңбекке, жанұяға, ьөнерге, спортқа, әлеуметтік институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құндылықтарның қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті жағдайлар  экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық  және рухани салаларда орын алады.

Адамдар арасында алаусыздық тудырып, әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологының қарама-қарсы  себеп болады. Мәселен, коммунизм  мен антикомунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес әлемдікшеңберде  орын алған идеологиялық күрес. Идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға итермелейді.

Кей жағдайда адамдар арасындағы, тіпті, мемлекеттер арасындағы даулы, шиеленісті жағдайда діни нанымдардың  айырмашылығынан деп білетін  қате топшылаулар, қаңқу сөздер айтылып  жүр. Ешбір дін қантөгісті, соғысты  уағыздамайды. Көбінесе ой-өрісті тар  саясаткерлер, белгілі бір топтар өздерінің жеке мақсаттары, пайдалары  үшін елдің мұң-мұқтажын желеу етеді. Арандату әрекетін іске асырады. Міне, осы жағдайды естен шығармау керек.

Кең көлемді әлеуметтік толқулардың  себептерін түсіндіруде депривация тұжырымын қолдануға болады. Депривация (lat depriuatiuo – жоғалту, айырылып қалу) процесі – индивидтер мен әлеуметтік топтардың болашаққа артқан сенімдерінің, үміттерінң орындалмау жағдайын айтады. Халықтың билік орындарына қойған талап-тілектерін қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы. Мәселен, Кеңес Одағына 1985-жылдан басталған  «Қайта құру» шаралары халықтың үмітін ақтамады. Сол кезде өмір сүріп  тұрған саяси жүйе халықтың түрлі  топтарының талап-тілектерінқанағаттандыруға мүдделі болмады. Соның нәтижесінде  Кеңес Одағының ұлан-байтақ территориясында  саяси, әлеуметтік, ұлтаралық, экономикалық сипаттағы дағдарыстар орын алды. Соның нәтижесінде қысқа метзімде Кеңес Одағы ыдырады.

Біз, сонымен, әлеуметтік шиеленістердің жалпы объективтік себептерін қарастардық. Қоғам өмірінде кездесетін шиеленісті, даулы жағдайлар тек объективті себептерге ғана байланысты емес. Кей  жағдайда адамдар арсындағы дау-жанжалдар  сол адамадарға байланысты субъективтік себептерден де болады. Яғни адамдардың мінез-құлық ерекшелітері, көңіл  – күйлері, талғамдары, т.с.с байланысты. Батыс әлеуметтанушыылары шиеленістердің көпшілігі адамдар санасына байланысты туындайды. Деген пікірде. Жеке адамдардың, топтардың, топтардың арасындағы қақтығусылар ақпараттың жетіспеуі мен сапасыздығынан, қарым-қатынас жасаудағы қиындақтардан  да болады.

Адамзат қоғамында шиеленістердің сан алуан түрлері кездеседі. Сол себепті бұл құбылысты  түрліше жіктеу бар. Мәселен, Р. ДАрендорф  шиеленістерді жіктеуде әлеуметтік қауымдастықтың көлемі мен субъектілердің әлеуметтік рөлдерін негіз етіп алады. Бұл критерийлер бойынша автор  шиеліністерді жанұядағы ұрыс-таластан бастап әлемдік көлемдегі саяси  шиеленістерге дейінгі 15-ке жуық түрлерін атап көрсетеді.

Ю. Запрудский деген автор  төмендегідей жіктеуді ұсынады:

1.шиеленістердің себептеріне  қарай: 

а)объективті себептерден  пайда болатын шиеленіс

б) субъективті себептерден  пайда болатын шиеленіс

2. Қайшылықтардың сипатына  қарай: 

а)Антогонистік

б) Антогонистік емес

3.Уақытына қарай: 

а)Ұзақ мерзімге созылатын  шиеленістер 

б) Қысқа мерзімді шиеленістер 

4.Қоғамдағы ықпалына қарай. 

а) нәтижелі шиеленістер 

б) нәтижесіз шиеленістер 

Автордың шиеленістерді  осылайша топтастыруы жан-жақты  болғанымен, оның бұл жіктеуі күрделі  және икемсіз екенін айтқанымыз жөн.

Бірқатар әдебиеттерде бұл  қоғамдық құбылысты субъектілеріне қарай жіктеу ұсынылады:

Жеке адамның өзімен өзінің келіспеуі. Яғни, бұл адамның психологиялық  көңіл күйі. Мұндай адамның белгілі  бір рөлді атқарудағы қинылуынан, сол сияқты басқа біреуге шамадан  тыс тәуелді болуынан келіп шығады. Адамның мұндай көңіл-күйде болуы  басқаларға да әсерін туғызады. өйткені  кейде жекелеген адамдар өз бастарындағы қиындықтың себебін басқалардан  себебін басқалардан деп түсінуі  кездеседі.

Жеке тұлғалар арасындағы шиеленістер екі немесе одан да көп  адамдар арасында болады. Мұндай шиеленістер  өмірде жиі кездеседі.

Топаралық шиеленістер –  мүдделері қарама-қарсы әлеуметтік топтар арасында орын алады.

Сыртқы ортамен шиеленіс белгілі бір топты құрайтын индивидтерге сырттан қысым жасалатын кезде  пайда болады.

Яғни, жоғары жақтан берілетін  бұйрықтар, қабылданған ережелр  әлгі топтың мүдделірене қарама-қайшы  болатын жағдайдағы шиеленіс. Мұндай жағдайда топ адамдары әлгі бұйрықтар  мен ережелерді қолдайтын институттармен шиеленіске түседі.

Ресей шиеленістанушысы А.Г. Здравомыслов әлеуметтік шиеленістерді  орын алу салаларына қарай жіктеуді ұсынады. Біздің ойымызша,осылайша жіктеу икемді де ыңғайлы, әрі түсінікті  болады. Автор әлеуметтік шиеленістерді  экономикалық, саяси, ұлтаралық және шиеленістер деп жіктейді.

1. Саяси шиеленістер демократикалық  қоғамдағы қалыпты құбылыс. Шиеленістің  бұл түрі билік, ықпал, белдел  сияқты мәселелерге байланысты  туады. Саяси шиеленістер ашық  немесе жасырын сипатта болуы  мүмкін. Кей жағдайда шиеленістер  өрбіп, көтеріліс, жаппай қозғалыс  немесе азамат соғысы сияқты  кең көлемді қоғамдық оқиғаларға  ұласуы да мүмкін.

2. Ұлтаралық шиеленістер  көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық, этникалық топтардың өз құқықтары  мен бостандықтарына қол жеткізуге  бағытталған күрес негізінде  болады. Көпшілік жағдайда ұлттардың  мәртебесіне, сол сияқты территория  мәселесіне байланысты да болады. Ұлтаралық шиеленістердің саяси  сипатта болуы әбден мүмкін. Мәселен, 1986-шы жылғы Алматыда болған  «Желтоқсан оқиғасы» қазақ ұлтының  тәуелсіздігі , құқықығыүшін ғана  емес, сол кезднгі саяси жүйеге  қарсы бағытталған қозғалыс еді. 

3. Экономикалық шиеленістер  жекеленген индивидтер мен әлеуметтік  топтардың өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда, еңбекақы тұрмысқа  қажетзаттардың бағасы, қоғамдағы  байлық пен ресурстарды бөлу  мәселелерінен келіп шығады. Шиеленістің  бұл түріне біз кейінірек арнайы  тоқталамыз.

Шиеленістерді басқа да жіктеудің  жолдары бар. Мәселен, мерзіміне  қарай: қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын  шиеленістер деп жіктеу; және ресурстарына қарай материалдық, рухани және әлеуметтік деп жіктеу бар.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік шиеленістерді жіктеудің жолдары  сан алуан. Шиеленістерді жіктеуде ең бастысы-оның дұрыс шешімін табуды басты мақсат ету қажет.

Енді, әлеуметтік шиеленістерлдің  функцияларына келсек, ғылыми әдебиеттерде бұл құбылысқа екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау бар. Біріншеісі –  шиеленісті қоғам үшін пайдалы, жағымды  құбылыс деп бағалау; ал, екіншісі – шиеленісті кері, жағымсыз құбылыс  ретінде бағалау. Бірінші аталған  парадигма шиеленістің қоғам  дамуындағы заңды құбылыс екендгін мойындаудан келіп шықса, екіншісі – оны қоғам өміріндегі аномалия ретінде қабылдаудан туындайды.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдан бастап Батыс Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары  әлеуметтік шиеленістердің атқаратын  қызметін жағымды, қоғам үшін пайдалыдеп атап көрсетті. Мәселен, Л. Козер (АҚШ) шиеленістер  әлеуметтік жүйені тоқыраудан сақтайды деген. Бұл құбылыс қоғамның тазаруына, ілгерілеп дамуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қоғамның өміршеңдігі  қамтамасыз метіледі дейді. Шын мәнісінде, әлеуметтік шиеленістер жағымды  қызмет атқарады.

Олар мыналар:

Ақпараттақ-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік шиеленістер қоғам  өміріндегі шешілуі қажет түйсінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар. Туралы ақпарат беред. Сонымен қатар  шеиленістіжағдайдаәр жақтың адамдары өздерініңжәне қарсы жақтың мүдделеріне  айқын сезінуге мүмкінділік алады. өзара пікір –талас, қызу айтыс  кезінде айқындыққа қол жеткізу  мүмкіндігі туады.

әлеуметтік шиеленістердің келесі біржағымды қызметіинтегративтік деп аталады. Бұл қызметтің мәні – шиеленістің пайда болуы, дамуы  және оның дұрыс шешімін табуы  барысында адамдардың белгілі бір  әлеуметтік тобының тығыз топтала  түсумен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде  қоғамдық қатынастар үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңгейде тепе-теңдіктің орнауы қамтамасыз етіледі.

Бұл жерде мынандай мәселені де естен шығармау кере. Қоғамда  түрлі деңгейдеболып тұратын  шиеленістер адамдарды топ шеңберінде топтастырып, біріктірумен қатар қоғамдық қатынастардың бұзылуына, әлеуметтік құрылымдардың жіктелуіне де әкеледі. Дәлірек айтсақ,шиеленістердің интегративтік  қызметімен қатар, қоғамда жік туғызу, әлеуметтік жүйеде түрлі топтардың  пайда болуына ықпал ететін де жағы бар екендігін естен шығармауымыз керек.

шиеленістердің динамикалық (серпінділіг) деп аталатын жағымды  қызметі бар. Яғни, шиеленісті, даулы  мәселелерді шешу нәтижесінде әлеуметтік жүйенің,жалпы қоғамның сапалы,мәнді  өзгерістерге қарай дамуына жол  ашылады. Шиеленістер неғұрлымкөлемді, тереңірек болса, олардың әлеуметтік процестерге тигізетін ықпалы да соғұрлым күштірек болады.

Әлеуметтік шиеленістердің жағымды жақтарымен қатар олардың  кері, жағымсыз да салдары бар екендігін  баса айтқанымыз жөн. Күнделікті өмірде кездесетін дау-жанжалдар, қақтығыстар  арасында өшпенділік туғызады, тіпті  қантөгіске деұшыратуы әбден мімкін. Сонымен қатар қоғамның тұтастығына, бірлігіне де шек келтіреді. Ұзаққа созылған,ауқымды шиеленістер кең  көлемді материалдық шығындарға ұшыратады.

Қорыта айтқанда,шиеленістердің қоғамға тигізетін жағымды ықпалымен  қатар кері де жақтары болады екен. Олардың салдарын бір жақты бағалауғаболмайды. Сол себептен кез келген шиеленістің  салдарына үңілгенде,жағымды, позитивтік жағы басымнемесежағымсыз,негативтік жағы басымдеп бағалау орынды.

 

Марксизм 

 

Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын. 
 

Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен  тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың  өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде  шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға  айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы  жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы  мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Шиеленіске адамзат  өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары  дүниедегі нәрселердің бәрінің  қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы  Герак- лит заттар мен құбылыстардың  дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен  туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.

Саяси шиеленістер  теориясына әсіресе көп көңіл  бөлген — марксизм. Маркс пен  Энгельс «Коммунистік партияның  манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші  мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын  түрде үздіксіз күресіп келді, бұл  күрес әрқашан бүкіл қоғам  тұрмысын революциялық түрде қайта  құрумен немесе күресуші таптардың  жалпы жойылуымен тынып отыратын»  деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың  дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті  жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында  кең тараған.

60 жылдары немістің  әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф  «қоғамның дау-дамайлық үлгісін»  алға тартты. Ол «Индустриалдық  қоғамдағы таптар мен таптық  шиеленістер» деген еңбегінде  билікті бөлуге байланысты адамдар  арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның  нәтижесінде қоғамда құры- лымдық  өзгерістер жасалады. Капитализм  біртіндеп терең өзгерістерге  ұшырайды. Оларды өздері жүзеге  асырады, сондықтан К. Маркс  айтқан революциялық төңкеріске  жол берілмейді делінген.

Американың әлеуметтанушысы  Кеннет Баулдинг «шиеленістің жалпы  теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың  әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге  болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске  ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы  шиеленістер көптеген ғалымдардың  назарын аударуда. Сондықтан осы  мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды  бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси  шиеленістердің шығу зандылықтарын  біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған  орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы  мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: «Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз» дейді.

Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.

Үшіншіден, адамдар  өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің  мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың  өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің  жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп  ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы  баскілер және т. с. с.

Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін  адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар  туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың  ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с

Шиеленістер қоғам  өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі  уақытында ушықтырмай, асқындырмай  шешуге септігін тигізеді.

Әлеуметтік шиеленістер  сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік  басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі  топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр.

Саяси шиеленістер  өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден  өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге  негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында  қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай  мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ  сезетін қарсы жақтың алдыңғы  қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде  келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен  орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы  сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік  туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы  мүмкін. Екі жақты да көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың шеңбері  кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты.

Біраз жағдайда билік  басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда  кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті  өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан  шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі  жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның «таза» даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы  келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы  түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл  ауруды ішке тыққанмен бірдей.

Сондықтан қазір  көбінде шиеленістерді дер кезінде  шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.

1. Шиеленісті мәмілеге  келу арқылы бейбіт жолмен  шешу. Мәміле деп дау-жанжалға  қатысушы жақтардың өзара кешірімділік  білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ  келісімге келуге тырысады.

2. Зорлық негізінде  бітістіру, келістіру. Мұндай  жағдай бір жақтың күші айтарлықтай  басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде  немесе оны толық жойып жібергенде  туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері  белгілі болады, күштің арақатынасы  айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін  және т.б. зерттеп білген жөн.

Қоғамдағы саяси  шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы  Кеңес заманында көппартиялық пен  оппозицияға қалыпты жағдайдан  тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті  шарт. Олар болмаса, билік органдарына  сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан  ағылшын фәлсафашысы Джон Милль  демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін  айтпаған.

Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде  де шығу керек. Ол азаматтық келісім  негізінде шешілуге тиіс. Оның екі  жолы бар. Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал.

Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді  реттей, жөнге келтіре білуі керек  деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның  еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың  бәрін толық орындай қою әлі  қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар.

Сонымен саяси шиеленістер  қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың  жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге  әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде  ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың  алдын алған ләзім. Оған саяси  және қоғамдық өмірдің демократиялық  жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен  демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санай

Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам  дамуының барлық сатыларында әлеуметтік орын алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus – қақтығыс деген ұғымды білдіреді. 
Шиеленісті, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады. 
Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды. 
Қазіргі кезді, әсіресе, біздің қоғамызда әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген шиеленісті жағдайда ұласуы жиі ұшырасып отырды. 
Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиеленіскен жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеленістің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет. 
Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарда қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымда қалыптасты. 
Әлеметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеленістің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құүбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. XIX ғасырдың соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеленістер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л.Гумплович К.Маркстен кейін көп ұзамай шиеленістердің шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған қүрестен іздеу керектігін айтты. 
«Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғылыми Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеленісті қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған. 
Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми көзқарастарын XX ғ. 20 –жылдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бюрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар «әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын» негіздеді. Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке, бейімделу ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған. 
Әлеуметтану шиеленісі әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына жеке бағыт ретінде XX ғ. 50 - жылдарында қалыптасты. Әлуметтік


Әлеуметтік шиеленістер туралы