Маркетингті жоспарлау
КІРІСПЕ
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.
Қаржы нарығы - бұл капиталға
деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру
шеңберінде делдалдардың көмегімен
несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы капиталды қайта
бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде
ол ақша қаражаттары ағымын меншік
иелерінен қарыз алушыларға және
олардан кері бағыттайтын қаржы-несие
институттарының жиынтығын білдіреді.
Қаржы нарығының негізгі
- реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
- ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіңе, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
- коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
- баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы нарығы – қаржы активтері мен осы активтердің сатып алушысы және сатушысы арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынас аясы.
Актив – шаруашылық субъект пен азаматқа тиесілі мүліктік құқықтар жиынтығы.
Қаржы активі – ол қаржы нарығының тауары. Оларға: ақша, бағалы қағаздар, зейнетақы полистері, медициналық полис, сақтандыру куәлігі, құймадағы аса құнды металдар (зергерлік және тұрмыстағы заттардан басқа).
Курстық жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңдағы даму деңгейі және болашақтағы перспективалары курстық жұмыстың зерттеу объектілері болып табылады.
Американ әдебиетшісі Уилл Роджерс (1879-1935) – ықылым заманнан бері әлемде үш әйгілі өнертабыс: отты пайдалану, дөңгелек және орталық банк жүйесі болды деп санаған. Бұл пікірге келіспеу мүмкін емес, себебі, қаржылық түнініксіздіктер мен ретсіздіктерді банкілер рет пен тәртіпке келтірудің ерекше жүйесін енгізеді. Алайда, банкілердің рөлін дұрыс ескеру қажет. Кейбір қаржылық емес салада, бұл институттар қаражаттарды табыстаған (аударған) кезде бар болғаны делдал ғана болады деген пікір қалыптасқан. Банкілердің қызмет ету аясымен олардың атқартын нақты қызметі әлдеқайда күрделі болатындықтан, бұл – біршама үстірт пікір. Нарық қатынастарына көшкеннен бастап олардың рөлі де арта түсті, міндеттері де өзгерді.
Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының ерекше маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Себебі, қаржы нарығындағы қатынастар тікелей бағалы қағаздармен байланысты және елдегі бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі елдің қаржы нарығының даму деңгейін көрсете алады.
Сақтандыру нарығы қаржы нарығың маңызды сегменті болып табылады. Сақтандыру - бұл тәуекелді бөлу туралы келісім. Қаржы нарығы әрқашанда тәуекелге бейім болғандықтан, сақтандыру нарығы да қаржы нарығының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Жоғарыда аталған себептерді ескере отырып, курстық жұмысты жазуда мынандай міндеттер қойылады:
- қаржы нарығының құрамдас
бөліктері ретінде банктік
- банктік жүйенің дамуына
әсер ететін факторларды
- валютан нарығының
- сақтандыру нарығының
дамуына кедергі болатын
- зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру механизмін зерттеу;
- ұлттық қаржы нарығының даму болашағын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы үш негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығының, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру нарығы мен зейнетақы нарығының қызмет ету ерекшеліктерін қарастырылды. Екінші бөлімде Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдауы жасалынды. Үшінші бөлімде Ұлттық қаржы нарығының негізгі мәселелері мен даму болашағы қарастырылды.
Курстық жұмыстың теоретикалық-әдістемелік негізі ретінде аталған мәселе бойынша отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, Қаржылық қадағалау агенттігінің, Ұлттық банктің, Статистикалық агенттіктің, Қаржы Министрлігінің, Алматы Өңірлік Қаржы Орталығының ресми сайттарының, бұқаралық ақпарат құралдарында басып шығарылған мәліметтері мен статитстикалық көрсеткіштер қолданылды.
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
1.1 Банк секторының: ақша, валюта, депозит және несие нарықтарының қызмет ету ерекшеліктері
Қазақстандық қаржы нарығы банк жүйесін, ақша нарығын, валюта нарығын, депозиттер нарығын, несие нарығын және сақтандыру нарығын, зейнетақы нарығын, бағалы қағаздар нарығын қамтитындықтан, мұның барлығын жеке-жеке талдау мүмкін емес. Сондықтан Қазақстандық қаржы нарығын төмендегідей етіп жіктеп алған дұрыс деп таптым:
ЕСКЕРТУ: Сызба қарастырылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған
Сурет 1 – Қазақстандық қаржы нарығының құрылымы
Сонымен банк секторына қаржы нарығының ақша, валюта, депозит және несие нарықтарын жатқызылды. Себебі, бұл нарықтарда жүзеге асырылатын операциялар тікелей банктермен байланысты.
Ақша нарығы. Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады.Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция
процесінде олар ұдайы өзгеріп
отырады және олардың бүгінгі
күні жағдайын толық аяқталған
кезеңге жатқызуға болмайды.
- Бөлінушілік;
- Ықшамдылық;
- Біртектілік.
ҚР аумағында ақша нарығының
қаржылық құралдарымен мынадай
операциялар айналымда
- Қолма-қол ақшаны табыстау;
- Чек беру;
- Вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
- Төлем карточкаларын пайдалану;
- Борыштық қолхаттардың айналымы.
Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын рөлі жоғары.
Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл механизмнің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнап, мынадай негіздегі мәмілелерді орындауға мүмкіндік туады:
- бөлшек сауда мәмілелері, онда банк клинтпен сату – сатып алу барысында өзара әрекет етеді;
- банкаралық көтерме сауда мәмілелері, онда екі банк валюталық брокердің көмегімен бір-бірімен өзара әрекет етеді, нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.
Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының
негізгі мақсаты – өздері үшін
«сәтті» операцияларды жүзеге асыру.Олар
негізінен мынадай: валюта айырбастау(конверциялық)
алыпсатарлық және арбитражды,шетелдік
инвестициялау,көлемдердің
Депозит нарығы. Хадықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
Бүгіндері коммерциялық банктер
әр түрлі депозиттің түрін ұсынады.
- Талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек депозиттері – салымшыға міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді.
Талап етілгенге дейінгі депозитке мыналар жатады:
- Банк шотындағы заңды тұлғаның қаражаты, оның ішінде республикалық және жергілікті мәні бар мемлекеттік бюджеттің қаражаты;
- Есеп айрысудағы қаражат;
- Басқа банктердің корреспонденттік шотындағы банк қаражаты.
- Жинақ салымы. Олар халықпен болатын операцияларда таралған және өтеулі аса көп емес салымға арналған. Оның талап етілгенге дейінгі салымнан айырмашылығы – тек төлемдерінде, ақшаны алу тәсілдерінде, пайыздарды кезеңдік есептеуде.
Бүгінгі таңда қазақстандық
банктер ұсынып отырған жинақтаушы
депозиттердің негізгі
Қазақстандық депозит нарығында жинақтаушы депозиттің мынадай түрлері ұсынылады:
- Жедел жинақ салымы, ол бойынша не тіркелген мерзім, не салым ақша алынбайтын мерзім белгіленеді және ол бойынша басқа жинақ салымдарымен салыстырғанда ең жоғары пайыз есептеледі;
- Қосымша жарнасы бар жедел депозит. Ол бойынша салым сақталатын мерзім інішде қосымша жарна жүргізіледі, осылай ету арқылы оның мөлшері анықталады.
- Қосымша жарнасы болатын жинақ салымы. Бұл шотқа кезең сайын келімімшартпен анықталған сома ұдайы енгізіліп отырады және белгілі бір сәтке сомадан болатын пайыз төленеді;
- Ағымдағы жинақ салымы. Ол қаражаттың еркін түсімін және еркін алынуын ұйғарады. Әдетте олар пайдасыз болады және зейнетақы, жердемақы, шәкіртақы, материалдық көмек төлеу үшін пайдаланылады;
- Жастардың сыйлық салымы.
- Жедел салымы – тіркелген күні бар депозит, оларды мерзімінен бұрын жабу айыппұл төлеуге әкеп соқтырады, ал сыйақы салымның мерзіміне және шамасына қарай есептеледі.
Депозиттік сертификат салымшының мерзімі біткенда салым ақшаның сомасын немесе ол бойынша пайызды алу құқығын айғақтайтын ақша қаражаттарының салымы туралы эмитент-банктің жазбаша куәлігін білдіреді.
Депозиттік қызметтің
ең маңызды түрлерінің біріне мерзімді
және талап етілгенге дейінгіге
бөлінетін банктік қаржы
Басқа банкте мұндай депозиттері бар оларды «ностро» (корреспондент-банктің) шоты бойынша активтер ретінде ескеріледі.
Несие саясатын жүзеге асыру шеңберінде Қазақтан Республикасының Ұлттық банкі өзінің ақша-депозиттерін олардың таратылу деңгейі бойыншаа аудармалы және аударылмайтын етіп жіктейді.
Аудармалы депозит – мұны
кез келген сәтте айыппұлсыз және
шектеусіз номинал бойынша
Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру арқылы заңды және жеке түлғаларға әр түрлі мақсаттарға арналған несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.
Несие нарығы – механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасындағы қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асады.
Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағыжинақтың түрленуі, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асады.
Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:
- Несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;
- Шаруашылық жүргізуші субьектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;
- Ақша қорларын тікелей ссудалық капиталда шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану,
- Мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ аса қуатты қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасуына ықпал ету.
Несие нарығы – әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан және пайдаланылған құн қозқалысының ақшалай формасымен органикалық байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері және бағыты өлшеніп, анықталады.
Несие нарығының негізгі
қатысушылары – несие беруші және
қарыз алушы. Несие беруші несие
мәмілесінің ссуда беретін
Қарыз алушы – несие қатынастарында несие алатын және алған алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндеті жақ. Ссудалық мәміледі несие берушіге қарағанда қарыз алушының мынадай ереушеліктері болды:
- Ол ссудалық қаражаттың түпкілікті иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі бола алады, әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс істейді;
- Қарыз алушы ссудалық қаражатты айналыс саласында да, өндіріс саласын да да пайдалана алады. Несие беруші ссуданы өндіріске тікелей шықпай, ауысу фазасында береді;
- Қарыз алушы ссудалық ресурсты өз шаруашылығында пайдаланғаннан кейін қайтарады. Қарыз алушы ссуданы қайтару үшін ұдайы өндірістік процесті несие берушіменесеп айрысуға жеткілікті қаражатты босатып алатындай етіп ұйымдастырылуы керек;
- Қарыз алушы уақытша пайдалануға алған құнды ғана қайтарып қоймайды, сонымен бірге оның ссудалық пайызын да төлейді. Бұл арада өз шарттарын алға тартатын несие берушіге қарыз алушының тәуелді болатынын естен шығармауымыз керек.
Несие нарығы құралы – несие, ол айырбас сәтінде пайда болып, құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының өзегі болып табылады.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы
негізгі формаға банк несиесі
жатады. Бұл жағдайда кәсіпорын, ұйым,
халық, мемлекет және банктің өздері
де несие қатынастарының субьектілері
ретінде алға шығады. Коммерциялық
банктер өз клиенттеріне түрлі белгілері
бойынша жіктеуге болатын әр түрлі
несие түрлерін ұсынады. Ең алдымен
қарыз алушылардың негізгі
1.2 Бағалы қағаздар
нарығы – қаржы нарығының
Бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі, бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс және баға анықталатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Бағалы қағаздар нарығы –
капитал нарығының Нарықтық экономикада
БҚН ақша жинақтарын қайта таратудың
негізгі механизмі болып
Бағалы қағаздар нарығының жіктелуі бағалы қағаз түрдерінің жіктелуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:
- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
- нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т.б.);
- мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
- алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.
Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
- коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
- мақсатты – нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.
- ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
- реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
- қайта бөліну;
- баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.
- Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
- ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
- инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Ал, баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.
Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:
- алғашқы және қайталамалы;
- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
- биржалық және биржадан тыс;
- дәстүрлі және компьютерлендірілген;
- кассалық және мерзімді нарықтар.
Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, бағалы қағаздар нарығын бірқатар үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей үлгілері кездеседі:
- банктік үлгі;
- банктік емес үлгі;
- аралас үлгі.
Банктік үлгі –БҚН механизмі арқылы қаржылық ресурстарды қайта тарату бойынша негізгі оператор банк болып табылатын үлгі. Мұнда бантер экономиканы инвестициялау мен бюджет дефицитін жабуды мойнына алады.
Банктік емес үлгі – БҚН механизмі арқылы қаржылық ресурстарды қайта тарату бойынша негізгі оператор банктік емес мекемелер болып табылатын үлгі. Мұнда БҚН неғұрлым демократиялы және онда үлес салмақ жеке инвестицияларға жатады. Бұл – банк ақшаларына қарағанда неғұрлым «арзан» ақшалар.
Аралас үлгі – делдалдар ретінде банктер де, банктік емес компаниялар да болады.
Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады:
- БҚН-на негізгі қатысушылар, оған мемлекет, жергілікті әкімшілік органдары, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар жатады. Бұл компаниялардың бағалы қағаздары аз пайда әкелгенімен, сенімді болып келеді. Сол себепті де олардың бағалы қағаздары қанша көп шығарылса да, жоғарғы сұранысқа ие. АҚШ-та мұндай бағалы қағаздарды «көк түбірлі» («голубые корешки») деп атайды.
- Инвестициялық институттар немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Оларға:
- коммерциялық және инвестициялық банктер;
- сақтандыру қорлары;
- зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.
Бұл институттар заңды және жеке тұлғалардың қаржысын жинақтап, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсауға, акциялардың бақылау пакетін иемденуге және қаржысынан айырылып қалу қаупін төмендету үшін өз капиталдарын әртүрлі өндіріс саласына жұмсауға ұмтылады.
- Жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, олардың ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан сенімсіз. Статистика көрсетіп отырғандай, мұндай шағын кәсіпорындардың 75%-ы ашылмай жатып жабылып қалады екен, тек қана жоғарғы сапалы қызмет көрсетіп, жоғары сапалы өнім шығаратын 25%-ы ғана табысқа қол жеткізеді екен. Олардың кейбіреуі экспортпен айналысып жоғары табысқа қол жеткізеді. Сондықтан да халықтың көпшілігі жоғарғы дивидендтен үміттеніп, осындай кәсіпорындардың акцияларын тәуекелге бел буып, сатып алады.
- БҚН-ның делдалдары: брокерлер мен дилерлер. Дилерлер қолында өз капиталдары болғандықтан олар бағалы қағаздармен көптеген операциялар жүргізеді. Негізінен олардың іс-әрекеті – алыпсатушылық, яғни олар бағалы қағаздарды сатып алып, оларды нарықта қолайлы жағдай орнаған сәтте сатып жібереді.
- Бағалы қағаздар нарығын бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар. Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын елдің экономикалық жағдайын ескере отырып мелекет заң актілері арқылы реттеп отырады.
Бағалы қағаздар нарығында негізгі сауда-саттық жұмысын қамтамасыз етіп огтыратын делделдарды бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары деп атайды. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарына брокерлер, дилерлер, джобберлер жатады.
Брокерлер – делдал ретінде
келісімге қатынасатын адамдар.
Брокер келісім жасасатын әрбір
жақты табыстыруды көздейді. Ол өкіл
емес, ешбір жақтың шарттықт қатынастарына
қатыспайды, жекеленген тапсырмалар
негізінде жұмыс істейді. Брокерге
әрбір жеке келісімді жасауға
арнайы өкілеттілік беріледі. Ол тек
өкілеттілік шегінде жұмыс
БҚН-дағы брокерлер заңды
тұлға ретінде тіркелген
- Консалтинг (кеңес беру);
- Бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру және екінші нарықта айналысқа түсіру;
- Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с. міндеттер.

- Маркетингтік ақпарат жүйесі
- Маркетингтік ақпарат жүйесі
- Маркетингтік жоспарлау және бақылау
- Маркетингтік жоспарлау және бақылау
- Маркетингтік зерттеу жүйесі
- Маркетингтік коммуникация
- Маркетингтік орта
- Маркетингтегі стратегилық жоспарлау
- Маркетинг: тенденции ХХI века
- Маркетинг теориясының негіздерімен концепциялары
- Маркетинг территории
- Маркетинг территории
- Маркетингті басқару түжырымдамалары
- Маркетингті жоспарлау