Машина органдарының тиімді варианттарын таңдау

Машина органдарының тиімді варианттарын таңдау. Машиналарға  қойылатын талаптар. Астық өңдеу  өнеркәсібінің машиналы-аппараты жүйелері. Астық өңдеу  шикізаттарды өңдеу  тәсілдерінің инженерлік талаптары. Астықты   қоспадан   ажырату   машиналары. Астықты   геометриялық өлшемдері, тығыздығы, жылдамдығы, пішіні, үйкеліс коэффициенттері арқылы   ажырату   машиналары.   Астық   тазалау   машиналарының технологиялық тиімділігі, өнімділігі.

Өндірісте машиналарды таңдағанда, оны мынадай сипаттарға қатысты  таңдайды:

  1. Машинаны қолдануда оның технико–экономикалық тиімділігі, барлық техникалық талаптарға сай таңдалуы, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігіне сай таңдауда  машинаның қанағаттандыруы.

Жүкті тасымалдауға немесе өңдеуге қатысты материалдың  түрі және құрылымы, оның тауарлық түріне, жүктің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

  1. Өнімділігі (аса қымбат емес, ықшамды болатындай таңдау).
  2. Трассаның ұзындығы және схемасы.
  3. Технологиялық процестің сипаттамасы.
  4. Орнықты шарттар (машиналардың орналасуына байланысты жүкті тиеу және түсіру).
  5. Экономикалық көрсеткіштер (кететін шығын, жұмысшылар саны және өзін–өзі ақтау мерзімі).

Көтеру–тасымалдау транспортық  құрылғылары механизацияланған  комплексті енгізу.

  1. Машиналардың өнімділігін арттыра отырып, сонымен қатар энергия және темір тиімділігін төмендету.
  2. Жүктің тасымалдау ұзақтығын арттыру (конвейерлер үшін бастапқы пунктен соңғы пунктке дейін жүкті түсірмей).
  3. Қондырғылардың жаңа типті түрлерін сапалы түрде құру, яғни өндірістік роботтар, сол аймаққа икемді технология құру.
  4. Машиналардың сенімділігін арттыру.

Ұн және жарма зауыттарында астық қоспасын коспалардан ажырату  үшін көптеген машиналарды қолданылады. Олар негізгі мәдени дақылды қоспалардан  физика-механикалық құрамы бойынша  бөліп алады. Астық өнімінен аэродинамикалық  құрамымен ерекшелінетін қоспаларды - ауалы сепараторларда, астық өнімінен енімен, қалыңдығымен ерекшелінетін  қоспаларды  - електі сепараторларда,  астық өнімінен енімен, қалыңдығымен және аэродинамикалық құрамымен  ерекшелінетін қоспаларды – ауалы- електі сепараторларда, ұзын және қысқа  қоспаларды – триерларда, тығыздығы  және үйкеліс коэффициенті бойынша  – тас бөлгіш машиналарда, темір-магнитті қоспаларды – магнитті сепараторларда бөліп алады.

Елеуіштер жұмысының  сипаттамасы. Сусымалы материалдардың геометриялық және физикалық қасиеттері әртүрлі фракцияларға бөліну процесін сепарациялау деп атайды. Осы процесс үшін қолданылатын машиналар елеуіш сепараторлар деп аталады.

Саңылаулары дөңгелек елеуіштер  ені сол саңылаулардың диаметрінен  үлкен түйіршіктерді ұстап қалады. Сондықтан мұндай елеуіштерде өнімді жеке түйіршіктердің ені бойынша  бөлуге немесе дәнді қоспадан негізі дақыл дәндерінен ені өзгеше қосылыстарды бөліп алуға болады.

Саңылаулары тік төртбұрыш  тәрізді елеуіштер қалыңдығы  сол саңылаулардың енінен үлкен  түйіршіктерді ұстап қалады. Мұндай елеуіштерді бастапқы өнімді жекелеген  түйіршіктердің қалыңдығы бойынша  бөлу немесе дәндерді негізгі дақыл  дәндерінен қалыңдығы өзгеше қосылыстардан  тазарту үшін қолданады.

Елеуіштер (елеуіш сепараторлардың  да) жұмысына баға беру үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

өнімділік Q (кг/с) – машинаға уақыт бірлігі ішінде келіп түсетін  дәннің мөлшері;

дәннің қосылыстардан  тазару тиімділігі Е, (кг/с);

қалдықтардың ішіндегі бүтін  дәндердің мөлшері а, (%), бұл көрсеткіш  сепарациялаудың нақтылығын, яғни процестің  сапалы жағын сипаттайды.

Елеуіш сепараторлардың (елеуіштердің) өнімділігін (кг/с) өнімдер  балансының нәтижелері бойынша анықтайды  және мына тәуелділік арқылы көрсетеді:

Q=M/t    (1.1)

мұндағы М – машинаға келіп түсетін бастапқы өнімнің  салмағы, кг;

      t -  балансты  түсіру уақыты, с.

Сепаратордың (елеуіштің) есептеу  өнімділігін былай анықтауға  болады:

Q=qb B   

мұндағы  qb   - елеуіш енінің 1 см шаққандағы үлесті жүктемесі, кг/с; араластырылып шашылатын елеуіштер үшін qb = 0,012÷0,017 кг/с*см;

В – елелуіштің ені, см.

 

1.1. сурет. Елеуіштермен  дән қоспасын сорттау:

а – дән өлшемдерінің белгіленуі; б- қоспаның екі фракцияға  бөлінуі; в – саңылаулары дөңгелек елеуішпен дәнді жалпақтығы бойынша  сорттау; г – саңылаулары тік  төртбұрышты елеуішпен дәнді  қалыңдығы бойынша сорттау.

 

 

Дәнді қоспалардан тазартудың Е есептік тиімділігін (%)  мына формула бойынша анықтайды

 

Е= (А-Б)(1-а)/А    (1.2)

 

мұндағы:

А – бастапқы дәндегі  шығуы тиіс қоспалардың мөлшері, %;

Б – тазартқаннан кейін  дәннің ішінде қалып кеткен қоспалардың  мөлшері, %;

а  - қалдықтардың ішіндегі бүтін дәннің мөлшері, шыққан қоспалар салмағына % шаққанда.

Тазартудың тиімділігі мен  тазартудан кейін қалдықтардың ішіндегі бүтін дәндердің мөлшері технологиялық  процесті жүргізу ережелерімен регламенттелген. Атап айтқанда, сепаратордан алғашқы  рет өткен кезде тазартудың тиімділігі 65% кем болмау керек.

Елеуіштердің  жіктелуі. Елеуіштерді жасалу әдісіне қарай шартты түрде металдан, пластиктен және т.б. жасалған табақтардан қалыпталған, сымды, жібек, капрон, лавсан және т.б. жіптерден тоқылған болып бөлінеді. Әрекеттегі стандарттарға сәйкес, қалыпталған елеуіштерді електер, тоқылғандарын – елеуіштер деп атайды.

Қалыпталған електер (елеуіштер). Дәнді өнімдерді сепараторлау үшін қалыпталған елеуіштер көп қолданылады (1.2 сурет, 1.1 кесте). саңылаулары дөңгелек, тік төртбұрыш және тең қабырғалы үшбұрыш тәрізді елеуіштерді (електерді) МЕМСТ 214-70 бойынша, ал саңылауларының пішіндері басқаша елеуіштерді – ВИСХОМ салалық нормативтер бойынша дайындайды.

 

Елеуіштер құрылыстық және технологиялық параметрлермен сипатталады.

Елеуіштердің құрылыстық параметрлері:

  • ұяшықтардың өлшемдері – диаметрі d, ені -  b, ұзындығы – l;
  • ұяшықтардың пішіні: дөңгелек, тік төртбұрыш, үшбұрыш және т.б.;
  • бір саңылаудың ауданы – Fо;
  • бір саңылаудың периметрі – П;
  • гидравликалық радиусы – Fо/П;
  • қимасының коэффициенті – Fх=Fо/Fс;
  • бір саңылауға шаққанда елеуіштің ауданы – Fс;
  • t  адымы – сызықтық және үстіртін;
  • саңылаулар осьтерінің арасындағы ара қашықтық, ұяшықтар арасындағы ара қашықтық m, және ұяшықтардың орындарындағы орналасуы.

Технологиялық параметрлері:

- қоспа ағысы мен ұяшықтардың  (саңылаулардың) өзара орналасуы  – бір-біріне перпендикулярлы;

- жұмысшы бетінің көкжиекке  еңістелуі;

- пайдалану кезінде Fо  саңылау (ұяшық) ауданының сақталуы;

- жұмыс барысында саңылаулар  П периметрі мен саңылаулар Fо  ауданының өзгеруі, механикалық  қаттылығы.

Електің механикалық қаттылығын бұзбай, барынша шағын жерде ауданы Fо тең барынша көп саңылау  сыйдырған жөн. Оның көрсеткіші елеуіштің  қимасының коэффициенті болып табылады (1.2сурет):

Fк=(Fо/Fс)100%

Саңылаулары дөңгелек електер (1 тип) МЕМСТ 214-70 бойынша дайындалады, олардың саңылауларының диаметрі d= 0,8-80 мм (ауытқуы 10% аспайды), нақты қимасы Fk=21…68%, табақ қалыңдығындағы ауытқулар 10 %-дан, ұяшықтар арасындағы m ауытқулар 10% дейін болуы мүмкін, 1 қума метрде табақ қалыңдығынан 2...3 метр биіктіктегі толқындар саны үшеуден аспайды.

Елеуіштің нөмірі – (дөңгелек) саңылаулардың миллиметрмен өлшенетін  он еселенген өлшемі. Саңылаулары  тік төртбұрышты елеуіштер (2 тип) екі түрде шығарылады (1.2 сурет):

2А – саңылаулар параллель  қатармен орналасқан;

2Б – саңылаулар көлденең  ығысқан қатарлармен орналасқан.

Саңылаулардың ұзындығы 90 мм аспау керек, ені 0,5÷10,0 мм шегінде. Елеуіштің нөмірі – оның он еселенген ені – 10b; нақты қимасы К=16...55%; өзара перпендикулярлы сызықтардың ауысқан жерлеріндегі дөңгелектену радиусы жер-жердегі шиеленістерді азайту үшін 0,5b құрайды.

Саңылаулары үшбұрыш тәрізді  елеуіштер 3 типке жатады.

Ведомстволық ВИСХОМ (ОН-13-217-59) нормалар бойынша саңылаулары дөңгелек ұңғыма тәрізді, науалы, сопақша, қалталық және т.б. болып шығарылады (1.2 сурет, 1.1 кесте).

 

Елеуіштер торларының сапасын тексеру. Тордың сапасын сырттай байқау арқылы тексереді. Бұралған немесе үзілген бөгеттері болмау керек, саңылаулар бір жағынан салынған болуы тиіс. Қылаулардың биіктігі 2 мм аспайды. Иректік дәрежесі тексеру плитасымен тексеріледі.



1.2. сурет.  Қалыпталған елеуіштердің сортименті.

а – саңылаулары дөңгелек елеуіштер (1 тип)

б – саңылаулары дөңгелек елеуіштерге арналған есептеу кестесі;

в,г – параллель немесе көлденең ығысқан қатарлармен орналасқан саңылаулары тік төртбұрыш тәрізді  елеуіш (2 тип);

д – саңылаулары үшбұрышты  елеуіш;

е – диаметрі d тең шеңбер жанынан салынған үшбұрышты саңылаулардың  негізгі өлшемдері;

ж – саңылаулары дөңгелек ұңғыма тәрізді елеуіштер;

з – саңылаулары тік  төртбұрышты науа тәрізді елеуіш;

и,к- жиектері бұралған сопақша  дөңгелек тәрізді саңылаулары бар  елеуіш;

л – бұралған жиектері бар  саңылаулары дөңгелек елеуіштер;

м – конус тәрізді қайырмалары  бар саңылау салынған елеуіштер.

Нұсқарлар өнімнің қозғалу  бағытын көрсетеді.

1.2 сурет. Қалыпталған  елеуіштердің сортименті.

 мұндағы qb – елеуіш енінің 1 см жасалатын жүктемес, кг/с; араластырылып шашылатын елеуіштер үшін   qb =0,012÷0,017 кг/с*см;

В – елеуіштің ені, см.

 

1.1. сурет. Қалыпталған  металл елеуіштердің сортименті

Тип 1, дөңгелек саңылаулар

Тип 2, тік төртбұрышты саңылаулар

d, мм

Dd, мм

Fk,%

b, мм

Db, мм

l, мм

m1, мм

m 2, мм

Fп, %

0,7¸2,6

0,1

17¸30

0,5¸0,6

0,1

8

1,4¸1,5

4

17¸20

1,8¸5,2

0,2

32¸34

0,7¸1,0

0,1

10

1,4¸1,6

4

23¸29

5,5¸12,0

0,5

38¸40

1,1¸1,6

0,1

12

1,6¸1,8

5

28¸33

12,0¸26,0

1,0

47¸53

1,7¸2,2

0,1

16

1,8¸2,1

5

36¸40

28,0¸42,0

2,0

61¸59

2,4¸3,0

0,1; 0,2

20

2,0¸2,4

5

43¸46

45

  -

68

3,2¸4,2

0,2

25

2,6¸3,0

5

44¸50

     

6,3¸10,0

0,2;0,3;0,5

32

3,2¸4,0

6

47¸56

     

10,5¸18,0

0,2;0,5

40

3,5¸4,5

6

55¸62

     

10,5¸18,0

0,5¸1,0

50

5,0¸7,0

6

59¸67


Ескерту; d, b, l –  саңылаудың енінің, диаметрінің және ұзындығының номинал мәндері (мм);

d және b – саңылаулардың  тиісті жұмысшы өлшемдерінің  аралықтары, мм;

Fk -  дөңгелек  саңылаулар ауданының саңылаулар  орналасқан елеуіш ауданына қатынасы (елеуіштің нақты қимасының коэффициенті) %;

Fn – тік төртбұрышты  саңылаулар ауданының саңылаулар  орналасқан елеуіш ауданына қатынасы (елеуіштің нақты қимасының коэффициенті) %;

m1, m2 – бөгеттердің  өлшемі, мм.

 

Төсем тексеру плитасына  қалыпталмаған жиектерімен және ортасында басылып тұру керек. Тордың (табақтың) ауданы 0,5м2 дейін болғанда, үстіңгі ұшы мен ойысының арасындағы арақашықтық 0,4 мм аспауы тиіс ирек тәрізді қырлардың саны біреуден, ал табақтың ауданы 0,5 м2 және одан артық болған жағдайда биіктігі 5÷8 мм аспайтын қырлардың саны - екеуден аспау керек. Тордың пішіні бұзылмау үшін оларды үстелшелерде тігінен қойып сақтайды.

Торлардың жұмысшы өлшемдері  мынадай: дөңгелек саңылаулар үшін –  диаметрі, тік төртбұрышты саңылаулар үшін – ені, үшбұрышты саңылаулар үшін – дұрыс үшбұрыштың бүйірі.

Елеуіштің нөмірі – миллиметрмен өлшенген саңылаудың жұмысшы өлшемінің  он еселенген мәні. Мысалы, диаметрі 5,5 мм, орындалуы 5, типтік өлшемі 2 бірінші типті дөңгелек саңылаулы елеуіштің шартты белгіленуі мынадай: төсем 15-55-2, МЕМСТ 214-70. Елеуіштің типтік өлшемдері табақтың габаритті өлшемдерін анықтайды:

Типтік өлшемі   Табақтың өлшемдері, мм

1      990х990

2      990х790

3      790х990

4      990х490

 

1 типті елеуіштердің дөңгелек  саңылаулары шахмат ретімен орналасқан. Әрбір саңылау алты жанама  саңылаулардан құралған алтыбұрыштың  центрі болып табылады.

1.2, а,б суретте саңылаулары  дөңгелек елеуіштердің машинада  орналасуының екі нұсқасы көрсетілген.  Біріншісінде елеуіштер саңылаулардан  құралған дұрыс алтыбұрыштың  екі бүйірі сортталып жатқан  өнімнің қозғалу бағытына перпендикулярлы  екіншісінде – параллель болатындай  орналасқан.

Саңылаулары дөңгелек елеуіштер  үшін Fk (%) нақты қимасының коэффициентін  мына формула бойынша анықтайды:

Fo                        3,14 d2 100 
Fk =  --  100 =       ------------------- (1.3)

Fc        4(d + m)2 sin 60°

мұндағы Fо – саңылаудың ауданы, мм 2;

Fс – бір саңылауға  шаққанда елеуіштің ауданы, мм2.

1.2, б суретте ромб диагоналінің  көбейтіндісінің жартысына тең  елеуіштің штрихтелген F ауданы  көрсетілген.

  F = 0,5 (d + m) *2 (d + m) sin 60°

Әдетте дөңгелек саңылауларды металл табақтарға шахмат ретімен бастырады, олардың әрқайсысы ұштары жанама саңылаулардың центрларын құрайтын дұрыс алтыбұрыштың ортасында орналасқан. Осылай орналасуы елеуіш ауданының  қолдану коэффициентінің жоғары болуына жағдай жасайды және оның барлық бағытта төзімді болуын қамтамасыз етеді.

Егер дөңгелек саңылаулар бөгеттердің ұзындығы өзгермеген жағдайда квадраттың ұштарымен үйлестірілген  болса, онда елеуіштің нақты қимасының  коэффициенті:

Fo    3,14 d2 *100

F1K   = -----    =     ---------------------              (1.4)

F4(d + m)2

Осылайша, диаметр өзгермеген жағдайда дөңгелек саңылаулардың орналасуының бірінші әдісі екіншісіне қарағанда  тиімді болып табылады, себебі

 

     Fк / F1к = 1,16                                                           (1.5)

Сонымен қатар, екінші жағдайда саңылаулар қатарының арасында сызық  қалады. Ол сызықпен түйіршіктер саңылауларға түспей қозғала алады. Бұл өтпе түйіршіктердің бөліп шығу ықтималдығын азайтады.

Саңылаулары дөңгелек елеуіштерді  машинада ұштарымен саңылаулардың  центрлары үйлестірілген алтыбұрыштың екі бүйірі сортталып жатқан өнімнің  қозғалу бағытына перпендикулярлы  болатындай орналастырады.

Саңылаулары тік төртбұрышты  торлардың саңылаулары тік (1.2, в  сурет) және  көлденең ығысқан (1.2, г  сурет) қатарлармен орналасады. F мәні тік төртбұрыштың ауданын құрайтын (1.2, в суретте штрихталған), саңылаулары  тік төртбұрышты елеуіштер үшін Fп (%) нақты қимасының коэффициенті мынадай болады:

              b l 
Fп =  ---------------------- 100 (1.6)

  (b – т1,) (l + m2)

Саңылаулары тік төртбұрышты  торлар машинада саңылаулардың бойлық осі өнімнің қозғалу бағытымен  сәйкес келетіндей орналасады.

Торлардағы үшбұрышты  саңылаулар (1.2, д,е) өнімнің қозғалу  бағыты бойынша қатар-қатар орналасады. Әр қатарда саңылаулар t4 адыммен  орналасады және олар үшбұрыштың бір  бүйірі қатар осіне перпендикулярлы  болатындай, ал шектес қатарларда үшбұрыштар екі жаққа қарай бағытталған.

Саңылаулары тең бүйірлі  үшбұрыш тәрізді қалыпталған  елеуіштер (3 тип) үшбұрыштарының бүйірлерінің ұзындығы а2=2,5÷8,0 мм, саңылаудың бақылау  диаметрі 1,44÷4,62 мм, сызықтық адымы t3=2,8÷6,4 мм,  t4= 3,6÷9,4 мм және елеуіштің нақты  қимасының коэффициенті 26÷46 %.

Жүгерінің калибрлеу үшін қолданылатын саңылаулары ұңғыма және науа тәрізді елеуіштер дәндердің  бағытты қозғалуын қамтамасыз етеді: ұңғыма тәрізді саңылаулар арқылы осі  ұзын жалпақ дәндер елеуіш жазықтығына  перпендикулярлы өтеді (дәндердің  ұзындығы бойынша бөлінуі). Науа тәрізді  саңылаулардың ұзын осі саңылаудың бойында орналасқан, бұл дәндердің  қалыңдығы бойынша бөлінуін қамтамасыз етеді.

 

Тоқымалы елеуіштер. Материалдарды жіктеу үшін тоқымалы елеуіштер қолданылады. Бұл негізгі жіптері перпендикулярлы орналасқан екі жүйе.

Тоқымалы елеуіштерді  дайындау кезінде төрт түрлі өріліс қолданылады:

  • тоқылған – негізі мен арқауларының жіптері бір-біріне оралған.
  • Астарлық немесе диагональды – қызмет ету мерзімі ерекше ұзақ болуы қажет болғанда жүктеме жоғары болса қолданылады.
  • Қосып өрілген немесе селдір (1.3, а сурет),
  • Аралас (тоқылған және селдір) (1.3, б сурет).

1 және 2 – жай және тегіс.  Сымды торларда қолданылады. 

3 және 4 – күрделі. Табиғи  жібектен жасалған елеуіштерде  қолданылады. Капрон жіптен жасалған  елеуіштерде  төртінші түрі  қолданылады.

Жіптері жай оралған жағдайда негізгі жіптер арқауларының жіптеріне  перпендикулярлы орналасады. Бұл  оралулар санының барынша көп  болуына және онымен матаның жыртылуға  төзімді болуына жағдай жасайды.

Жіптер астарлы оралған  жағдайда негізгі жіптер мен арқауларының жіптері жұппен негіз және арқау  бойынша оралады, оның үстіне шектес жіптердің оралулары бір жағына қарай бір жіпке ығысқан.

Металдан тоқылған елеуіштерді  жасаған кезде жіптер жай және астарлы әдіспен оралады.

Тоқымалы елеуіштердің нақты  қимасының коэффициенті саңылаулары  соғылған торларға қарағанда жоғары болады. Оның бір кемшілігі, жіптерінің бір біріне қарай  ығысу мүмкіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 сурет. Тоқымалы елеуіштердің  оралуының түрлері:

а – селдір оралған; б  – 1 – арқаулары; 2 – негіздері - аралас оралған.

 

1.2. кесте. Саңылаулары  квадратты сым торлардың сипаттамасы

Көрсеткіштер

Тор

Жалпы пайдалануға  арналған

Ұн тарту өнеркәсібіне арналған

Астарлы оралған

Түсті металл қорытпаларынан жасалған, дәлдігі қалыпты

Саңылау бүйірлерінің қалыпты өлшемдерінің диапазоны, мм

0,4÷2,0

0,4÷5,0

0,25÷1,0

0,04÷2,5

Нақты қима коэффициенттері мәндерінің диапазоны, %

38÷86

40÷65

30÷43

28÷70

Тордың  1 м2 салмағының мәндерінің диапазоны, кг

0,9÷5,1

0,9÷2,9

1,3÷2,4

0,2÷1,2


 

Елеуіштің нөміріне қарай  нақты қима 65% дейін жетеді. Оларды болат сымнан жасайды. Ұн тарту бөлімшесі  үшін сондай-ақ фосфорланған қола сымынан  жасалған елеуіштер қолданылады. Ұн тарту өнеркәсібі үшін елеуіштер  саңылаулары бүйірлерінің номинал  өлшемінен болуы мүмкін ауытқу 8÷9%.

Өнеркәсіп саласында жіптері  жай әдіспен оралған, құрамында  көміртектің мөлшері аз термиялық  өңдеуден өткен болат сымнан жасалған сым елеуіштер және астарлы оралған  торлар кеңінен қолданылады.  Торларды (1.2 кесте) сусымалы өнімдерді елеуіштің  талдау арқылы анықталатын ірілігі  бойынша жіктеу үшін пайдаланады.

Саңылаулары квадратты торлардың  нөмірлерін оның бүйірінің номинал  өлшемімен сипаттайды: бірінші саны миллиметрдің бүтін санын, ал одан кейінгі  сандар – миллиметрдің ... білдіреді. Ұн тарту өнеркәсібіне арналған металдан тоқылған, ұяшығының өлшемі 0,8 мм жылтырақ торды шартты түрде «№ 08 тор, МЕМСТ 3924-47» деп белгілейді. Саңылаулары тік төртбұрышты торларды алымы негізгі сымдардың арасындағы миллиметрмен өлшенген ара қашықтықты, бөлгіші – арқау сымдардың арасындағы бүтін санға дейін дөңгелектелген ара қашықтықты белгілейді. Мысалы, «Тор Дәндік 16/2» белгісі негіз сымдарының арасындағы саңылаулардың өлшемі 16 мм, арқау сымдарының арасындағы – 1,8 мм құрайтын торды білдіреді.

Дәнді тарту өнімдерін  сорттауға арналған мшиналарда жібек, капрон және т.б. елеуіштерді қолданады.

Капрон елеуіштерді капрон жіптен жасайды. Капронның өзі жылу мен қысымның әсерінен түбегейлі  химиялық өзгерістерге ұшырамайтын  термопластар тобына жатады. Капронның  тығыздығы 1130...1150 кг/м3, жыртылуға төзімділігі 6,5 МПа, балқу температурасы 209...218°С; капрон ылғалды нашар сіңіреді. ТМД  елдерінде елеуіштерге арналған капрон маталарды капрон моножіптен негіз пен арқау бойынша тоқымалы орау арқылы жасайды.

Елеуішке арналған капрон матаның нөмірін 1 см жердегі саңылаулар санымен белгілейді. Капрон елеуіштер өлшемдерін анықтау үшін арнайы лупалар қолданылады. Бірқатар шетелдік фирмалар саңылаулар өлшемдері көрсетілген елеуіштермен жабдықтап отырады.

Капрон елеуіштерді артықшылығына  температураның, ауа ылғалдығының және еленіп жатқан өнімдердің өзгерісіне сезгіш еместігі жатады. Капрон елеуішінің жер-жерлеріндегі механикалық ақаулары шектес жерлердің құрылысының бұзылуына  алып келмейді.

Капрон жіптері жібек  жіптерге қарағанда төзімді болып  келеді. Сондықтан капрон елеуіштерін  жасау үшін жіңішке жіптерді қолданып, онымен елеуіштердің нақты қимасын  арттыруға болады. Сыртқы көрінісі мен төзімділігі бойынша капрон жіптерді металдан тоқылған ең үздік  елеуіштермен салыстыруға болады. капрон елеуіштер тез тозбайды және жібек  жіптерден үш есе артық және 3-4 есе арзан қызмет етеді.

Капрон талшығының гигроскопиялығы  төмен болғандықтан, саңылауларды ұн өінмдері бітей алмайды, капрон талшығынан жасалған елеуіштердің себушілік деңгейі  жоғары болады.

Синтетикалық талшықтың, сондай-ақ табиғи жібек пен металл сымнан жасалған жіптердің физикалық-механикалық  қасиеттері бір-бірінен айрықша. Бұл  осы материалдардан жасалған елеуіштермен ұсақталған өнімдерді сорттаудың тиімділігінің  әртүрлі болуына себеп болып  отыр.

Електердің технологиялық  тиімділігі мына формуламен анықталады:

Мұндағы: А – қалдық массасы, кг; В – бастапқы астық қоспасындағы қоспаның массасы, кг; а – қалыпты  астықтың қалдықтағы құрамы.

Ауалы електертердің жұмыс  тиімділігіне меншікті жүктеме, астық  қоспасының құрамы, ауа ағынының орташа жылдамдығы әсер етеді.


Машина органдарының тиімді варианттарын таңдау