Мектеп менеджерінің іс-әрекеті
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Реферат
Мектеп менеджерінің іс-әрекеті.
Ұйымдастыру қызметі
Орындаған
Тексерген,
аға оқытушы
Орал-2012 жыл
Жоспар
- Білім менеджеріне қойылатын талаптар
- Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету жолдары
- Мектеп менеджерінің қызметі
- Білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру қызметінің ерекшелігі
- Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
- Мектеп директоры және оның орынбасарларының міндеттері мен оны ұйымдастыру
а) Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері
б) Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны
Мектеп менеджері
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республикамызды әлемдік білім беру кеңістігіне шығуды қарастыратын мемлекеттің қазіргі саясатын іске асыру білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті, ол талаптардың мақсаты білімнің, дағдының және машықтың жай ғана жинағы емес, осыларға негізделген тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби біліктілік, яғни ақпаратты өз бетімен табу және оны тиімді пайдалана алу, құбылмалы дүниеде үнемді және пайдалы өмір сүру, сонымен қатар жұмыс істеу болып табылады.
Басқарудың негізгі ғылымы ретінде менеджменттің теориялық жағдайы олардың көпшілігінің өндірістік, шаруашылық-экономикалық және іскерлік пен кәсіпкерлік саласының басқа да ұйымдарын басқаруға арналатынын көрсетеді.
Білім – адам, қоғам және мемлекет мүддесінде тәрбие мен білім беру үрдісі ретінде отандық білім берудің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Сол орайда менеджментті адамзат әрекетінің барлық саласында, соның ішінде педагогикалық ұжым мен жалпы білім беретін орынды басқаруда қолдануға болатынына көзіміз жетуде.
Қазіргі мектеп – бүгінгі күн шындығымен бетпе-бет келген мектеп: балалар бүгінгі күн қандай болса, сол қалпында қабылдайды, олардың бүгінгі мақсаттары, құндылықтары мен қызығушылығы, жұмысқа өте қабілетті және өмір мен жұмыс жағдайларының өзгермелілігіне қарамастан бейімделуге қабілетті мұғалімдермен жұмыс істейді. Мектептің табысты дамуы мектеп басшысының не істеу керектігін, алға қойылған мақсатқа жету үшін қандай күш пен тәсілдерді қалай меңгергеніне тікелей байланысты.
Бұл жерде, әрине, жағдайды сараптаудағы жетекшінің өзі қалыптастырған әдістер мен тәсілдерді жүйелі қолдану, кез келген істе табысты қамтамасыз ету үшін адамдарды іске бастайтын шешім қабылдаудағы тәжірибесі көрінеді.
Мектептің басқару әрекет стилі өз әрекетін, оның нәтижелерін сыни тұрғыдан өзі бағалай алатын және ұжымды сенімді қарым-қатынасқа бағыттайтын демократиялық стиль болып табылады.
Білім жүйесінде басқарудың
тиімділігін қамтамасыз ету үшін
мақсат, міндеттер мен білім беру
мекемесінің барлық деңгейлеріндегі
басқару әрекетінің мазмұнын анықтап
алу қажет. Мектепті жаңарту жағдайында
бақылау қызметін өзгерту қажет.
Жаңа жағдайда бақылау тексеру мен
оның қорытындысы бойынша шара қолданумен
шектелмеуі тиіс. Ол көбіне аралық және
соңғы қорытынды нәтижелері бойынша
сарап жұмысын қамтамасыз етуге
тиіс. Мектепті басқарудағы табыс
басқару құрылымын дұрыс
Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету мынаған байланысты:
1. Мектеп жұмысын жоспарлау, мақсаттарды дұрыс қою, оларды маңыздылығына қарай дұрыс ретімен таңдау;
2. Мамандарды бөлу, міндеттерді бөлу, бөліктер арасындағы байланысты орнату және ол байланысты жұмыс істету.
3. Мектепішілік ақпараттар жүйесін және оның тиімді кері байланысын орнату.
4. Оқу-тәрбие үрдісінің қалыпты жүруі үшін материалдық-техникалық базаны құру.
5. Ұжымдағы қажетті моральдық климаттың болуы.
6. Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің біліктілігі мен тәжірибесі және олардың педагогтік шеберлігін арттыру жүйесіне байланысты.
Басқару – субъектілердің мығым байланысы. Өзара байланыстың мәні тікелей және кері әрекеттің үздіксіздігінен, бір-біріне әсер ететін субъектілердің органикалық байланысының өзгеруінен тұрады. Сонымен қатар, өзара байланыс – өз ішінен бөлінетін біртұтас, өздігінен дамитын жүйе. Басқарудың мәні болатын өзара байланысты бұлайша қабылдау басқарушы мен басқарылатындардың өзара өзгеруін туғызуы мүмкін, өзара байланыс жасайтын субъектілердің өзгеруін және соның күйінің ауысуы ретіндегі сол үрдістің өзін қарастыруды қажет етеді.
Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, құрылтайшылар кеңесі, мектеп кеңесі, жетекші жасаған және іске асыратын мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың мектепішілік басқару құрылымына енетін басқа органдары мен бірлестік түрлерінің белгілі қызметтері бар, олар бір-бірін толықтырады және басқару жүйесін жеткілікті дәрежеде толықтырады.
Мектеп басшысы лауазымдық міндеттерді нақты бөледі және олардың іске асуын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.
Мектептегі педагогтік ұжымның құрамы қалыпты. Мұғалімдер мен ата-аналар мақсаттарын жетік түсінетін, бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде сол мақсаттарға жетуді бірлесе қамтамасыз ететін пікірлестер ұжымын құрады.
Мамандармен жұмыста мұғалімдер біліктілігін жетілдіруге баса назар аударылады. Баланың дами алатын тұлға ретінде қалыптасуын дами алатын педагогтік ұжым ғана іске асыра алады.
Басшы жұмысының бір бағыты – білім беру мекемесіне міндетті түрде қажет сыртқы іскерлік байланыстар, облыстық, аудандық ОБ, ПМБАИ, медициналық мекемелер, МАИ, бұқаралық ақпарат құралдары.
Оқушылар мен олардың
ата-аналарын білу, олардың әрқайсысына
құрмет көрсету, педагогтік және оқушылар
ұжымында және игілікті микроклиматта
ата-аналармен қатар жұмыс
Қазіргі әлемде
мектеп сырттан келетін көмексіз, өз алдына
сапалы өнім шығара алатын кәсіпорын ретінде
қарастырылады. Бұл жағдайда басшының
қызметі мен рөлі өзгереді. Ол мектеп бюджетін
белгілеуі керек, қызметкерлермен басшы
арасындағы саясатты, мектепішілік саясатты
– мектеп дамуын жобалаудан бастап жұптасқан
байланысты басқаруға дейін анықтайды.
Оқыту мен тәрбие –
білім берудің біртұтас үрдісі, ол
мұғалімдер мен мектептен тыс
жерде балаларды тәрбиелеудегі
негізгі рөл атқаратын ата-
Мектеп пен
мұғалімдер өздерінің барлық оқушыларына
бірыңғай қарауға тырысуы керек және олардың
зияткерлік білімдегі сияқты өнердегі,
музыка, спорт пен практикалық жұмыстағы
барлық жетістіктерін ескеруге тиіс. Отбасы
мен мектептің тығыз қарым-қатынасы мен
әрекеті жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуінің
айғағы болып табылады.
Жаңа қоғамға
жаңа білім қажет, онда болашақ маманның
кәсіби жоғары біліктілігіне ғана емес,
Қазақстан бүгін қол жеткізген ақпараттық
қоғамдағы оның жалпы сауаттылығына көңіл
бөлінеді, яғни маманның дайындық сапасына
талап қою деңгейі көп көтерілді. Басшының
рухани дамуы қазіргі жағдайда сапалырақ
және негізді болып келеді, өйткені қазіргі
кезде кәсіби-педагогикалық дайындық
мазмұнында басшыны құндылықтар, олардың
табиғаты туралы, даму механизмі мен қызмет
ету тәсілдері туралы, сондай-ақ қазіргі
басшының жеке тұлғасын кәсіби қалыптастыратын
және өздігінен жетілдіретін кәсіби-педагогикалық
құндылықтар, әдіснамалық, қисындық және
қолданбалы білім енетін аксиологиялық
компонент болып табылады.
Басқару жүйесінде объективті және субъективті факторлар, үрдістік һәм өнімді компоненттер икемделе бірігуге тиіс. Бұл менеджерден стратегиялық икемді және оперативті-нақты басқару механизмін жасауды талап етеді. Білім беру жүйесін астынан бастап жоғарыға дейін реформалау жағдайындағы басқару механизмі бүгінгі талаптарға сай болуға тиіс, бұған түрлі факторлар: мұғалімдер құрамының сапасы, педагогтік ұжымда қалыптасқан қарым-қатынас, моральдық-психологиялық климат, шығармашылық ізденіс үшін басшы жасаған жағдайлар, қызметкерлердің әрекетін шынайы бағалау, олардың жұмысына көңіл бөлу, оларға қазіргі заманғы білікті ғылыми және әдістемелік көмек көрсету, еңбек нәтижелерін ынталандыру және менеджердің кәсіби біліктілігін басқарушылық құзыреттер деңгейінде сақтау, дамыту тікелей әсер етеді.
Басшының берік басқару позициясы, оның беделі өз қол астындағылармен ол әр тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың еңбек әрекеті жағдайындағы әлеуметтік мәнін мойындайтын қарым-қатынас стилін дұрыс тауып, іске асырған жағдайда ғана пайда болады және ойдағы биіктікте қала алады.
Біздің тәуелсіз мемлекетіміз өз дамуында өсіп келе жатқан жеткіншектерді халық мұрасы, адамгершілік заңдары негізінде тәрбиелеуге тырысады. Қазіргі мектеп мұғалімге қоятын талаптарын өзгертті. Педагогтің психологиялық тұрғыдан қайта қалыптасу проблемасы бүгін жаңа мазмұнға ие болды: ол оның саяси ойын қайтадан құрды.
Ата-аналардың қатысуы, ата-аналардың өздік басқаруы, жалпы мектеп пен қоғам арасындағы байланыс, педагогтік ұжымның бәсекелестікке қабілеттілігін және мүмкіндіктері бойынша жұмыс, білім беру үрдісі мен оқушыларды тәрбиелеу сапасын арттыруды үдететін қазіргі технологияларды қолдану мен психологиялық-педагогтік жолдарды жетілдірудің рөлі күшейді.
Бүгін адамның адамгершілігін дәріптемей әлеуметтік ілгерілеу жолымен алға жылжып қана қоймай, жердегі тіршілікті сақтау да мүмкін емес.
Бүгін адам ақылды ғана болмай, икемді болуға тиіс, ақпараттарды таңдап, електен өткізіп, нақты жағдайға байланысты білім жүйесінде оларды реттей алуға тиіс.
Біздің шәкірттеріміз ХХІ ғасырда өмір сүруде. Бұл – басқа, альтернативтік деп аталатын өркениет, онда көптеген проблемалар шарықтау шегіне жетеді, өйткені сөз адамзаттың тіршілік ете алу-алмауында болып отыр; білім берудің мақсаты еркін, әмбебап, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Біздің тәуелсіз Қазақстан
Республикасы өз егемендігінің
осынау мерзімінде адамзат өмірінің
барлық саласында көрнекті табыстарға
жетті. Сондықтан біздің білім беру
жүйесі жақын арада әлемдік
Асылында, жаһан данагөйі Аристотельдің сөзімен айтқанда, «жақсылық барлық жерде де екі шартты орындаудан: ең соңында жететін мақсатты дұрыс таңдау мен сол мақсатқа жеткізетін құралдарды табудан тұрады.»
Мектепті басқарудың негізгі функциялары
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.
Мектеп басшысының
басқару мәдениеті, оның тұлға
ретінде мектеп басқарудың
Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;
Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақ-тасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің техно-логиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспар-ластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Мектеп дирек-торының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.
Тұтас педагогикалық процестегі педагогикалық талдаудың рөлі. Тұтас педагогикалық процесті басқару функцияларының бірі педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазіргі ұғымда алғаш рет қолданып, мектепішілік басқару теориясына енгізген Ю. А. Копержевский еді.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бір-бірімен байланысқан функция-лардан тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Басқару қызметінің жалпы тізбегінен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуіне жол береді, өйткені жоспарластыру, ұйым-дастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегінде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесі нде ті келей емес, оқу-тәрбие барысында іске асырылатын болғанықтан мұғалім сабақ, тәрбиелік туралы өткізер алдында соған тікелей қатысты болатын педаго-гикалық жағдайдың негізгі элементтерін ескеруі және жан-жақты талдауы тиіс. Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргізілген талдау мектеп директорының мақсатын белгілеп, міндеттерді айқындау кезеңде қателікке, шашыраңқылыққа, көбіне негізсіз шешім қабылдауға душар етеді. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды білмеу педагогикалық процесте және өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады.
Педагогикалық талдаудың мектепті басқару функциясы ретіндегі негізгі қызметі Ю. А. Копержевскийдің пікірінше педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін объективті бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйелі жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функция - басқару циклының құрылымындағы ең күрделісі, өйткені, талдау зерттеу объектісін бөлшектеуді, оның әрқайсы-сының орны мен рөлін бағалауды, жеке бөліктен тұтас объектіні тани алуды, жүйе құрушы факторлердің байланысын анықтауды қамтыды. Басқа функциялар мен, мысалы жоспарластыру және ұйымдастыруға қарағанда сырттай тиімділігі төмен болып көрінетін педагогикалық талдау жасырын, көлеңкелі сипат алады, сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педаго-гикалық факторлер мен құбылыстарды талдау үшін ақыл-ойды барынша ширатуды талап етеді.
Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
Мектепішілік басқарудың теориясы мен практика-сында (Ю. А. Копержевский, Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көп-теген түрлері кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады.
Параметрлік талдау
оқу процесінің барысы мен
нәтижесі туралы күнделікті
Тақырыптық талдау
педагогикалық процестің
Параметрлік талдау
негізіне сүйене отырып, тақырыптық
талдау барысында мектеп
Қорытынды талдау уақыт,
кеңістік және мазмұн жағынан
да барынша кең көлемді
Оқу орнын басқаруды директор және оның орын-басарлары іске асырады, ал олардың функциялық міндеттерін, тағайындау немесе сайлау тәртібін жалпы білім беретін мектеп жарғысы анықтайды. Оқу-тәрбие процесін басқаруды ең алдымен педагогикалық стажы үш жылдан кем емес, өзін мұғалімдік қызметте көрсете алған және қажетті ұйымдастырушылық қабілеті бар мектеп директоры атқарады.
Мектеп директоры және оның орынбасарларының міндеттері мен оны ұйымдастыру
Мектеп директорының функциялық міндеттері »Жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындары туралы уақытша ережесінен» және соның негізінде жасалатын әрбір жалпы білім беретін оқу орнының өз жарғысымен айқындалады. Жалпы білім беретін оқу орнының директоры мынадай функциялық міндеттерді атқарады:
- Мемлекет және қоғам алдында балалар құқын қорғау талаптарының орындалуына жауапты, оқу-тәрбие процесін жоспарластырады және ұйымдастырады, оны орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды, оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді;
- Мемлекеттік және қоғамдық органдар алдында мектептің мүддесін танытады;
- Мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті жағдай туғызады; мектеп директорының орынбасарын таңдайды, олардың функциялық міндеттерін белгілейді;
- Педұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін ескере отырып оқу орнының педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшілерін тағайындайды;
- Оқу орнының педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады;
- Белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады;
- Оқу орны Кеңесінің келісімімен шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысына үстеме қосады;
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық эксперимент жасауына, оқу мен тәрбиенің өзінің әдістерін практикада қолдануына қолайлы жағдай жасайды; өзінің қызметі бойынша білім басқармасы органының алдында жауап береді.
Мектеп директорының бұл функциялық міндеттері мектептің типіне, орналасқан жеріне, мұғалімдер мен оқушылар құрамының ерекшеліктеріне, ата-аналар мен қоғамдық өкілдердің арасында қалыптасқан жұмыс жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты, мектеп жарғы-сына одан әрі толықтыру енгізуі мүмкін. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы, кәсіптік бағдар, ата-аналармен жұмыс сияқты мәселелер мектеп директорының басты назарында болуы тиіс. өз компетенциясының негізінде мектеп директоры оқу орнының атынан мүлкін пайдалану жөнінде келісім-шарт түзіп, басқа да әрекеттерді іске асыра алады.
Мектептегі жекелеген жұмыс бағыттары директордың орынбасарына жүктеледі. Олар оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс-тарды ұйымдастырушы, ғылыми-зерттеу жұмыстар жөніндегі орынбасар, мамандыққа бейімделген сыныптар немесе жекелеген пәнді тереңдетіп оқитын сыныптар жөніндегі орынбасар және мектеп директорының шаруа-шылық бөлімі бойынша орынбасары немесе көмекшісі.
Мектеп директорының
оқу-тәрбие жұмыстары
Сыныптан тыс
және мектептен тыс тәрбие
жұмыс-тарын ұйымдастырушының (мектеп
директорының орын-басары
Соңғы жылдары
жаңа типті мектептер —
Мектеп директорының
коммерция жөніндегі орын-

- Мектеп менеджерінің іс-әрекеті
- Мектеп менеджерінің іс-әрекеті. Ұйымдастыру қызметі
- Мектеп менеджерінің іс-әрекеті. Ұйымдастыру қызметі
- Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық – психологиялық негіздері
- Мектептегі білім берудің мазмұны
- Мектептегі оқуға оқушыларды психологиялық даярлау мәселелері
- Мектептегі психолог
- Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын дамыту
- Мектепке дейінгі жас
- Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды кешенді қолданудың тиімділігі
- Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
- Мектепке психологиялық даярлық
- Мектеп кітапханасы-білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы
- Мектеп кітапханасы - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы».Қазіргі мектеп кітапханасының миссиясы мен мақсаты.