ЖОСПАР:
І.Кіріспе бөлім:
1.1 Мемлекет туралы жалпы
түсінік
ІІ.Негізгі бөлім:
МЕМЛЕКЕТ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
2.2 Әр халықта мемлекет
пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері
2.3 Мемлекеттің пайда болу
теориялары
ІІІ.Қорытынды
бөлім:
3.1 Қазақстан
аумағында мемлекеттің пайда
болуы
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол
жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік
беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді
атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы
дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер
(аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы
саяси билікті ұйымдастырудың еркеше
түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің белгілері:
- мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
- мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
- мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
- мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
- мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Мемлекет түрлері: Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге
бөлінеді:
- Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия,Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
- Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания,Малайзия, т.б. жатады.
Мемлекет басқаруы бойынша: Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және
конституциялық болып екіге бөлінеді.
Абсолюттік монархия — мұраланған тақ
иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен
шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі.
Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген
Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы
буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер
басқарып келген Франция осы абсолюттік
монархияға мысал. Атадан балаға мұра
боп қалған билік иесінің мемлекеттің
сайланып қойылатын басқару органдарымен
біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен
үйлесім тауып басқаруын конституциялық
монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі
Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға
болады. Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі
бар елдерде парламенттегі орындардың
көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия
немесе партиялар коалициясы — премьер-министр
басқарады. Үкімет өзі жасап парламент
бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді,
парламентке есеп береді. Парламент жетекші
рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті
қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды
ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр
де парламенттің қарауына заңдар ұсынады.
Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге
асырылады. Парламенттік республикалық
басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға
болады. Президенттік жүйеде президентті
және парламентті халық сайлайды, заңды
билік пен атқарушы билік арақатынасы
өзгереді, ел президенті мемлекеттің де,
үкіметтің де басшылығын өз қолына алады.
Президенттік басқару үлгісі ретінде
АҚШты келтіруге болады Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің
жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш
көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге
асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше
көрінісі ретінде монархиялық және республикалық
режімдер жағдайында ұшыраса береді. Қызметтері: Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады:
шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін
реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін
белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын
белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету,
тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың
ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы
бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол
қоғам атынан оның ішінде де, сыртында
да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет
ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің
қоғам өміріне тікелей және жанама әсер
ететін ерекше органдары және оны басқа
саяси ұйымдардан ажырататын белгілері
бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз
ресми өкілі ретінде халықты азаматтық
тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден
тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы
билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы
саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару,
құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында
тек қана басқару ісімен шұғылданатын
арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін
сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы
құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан
қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет
ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы
материалдық қор болады, ондай қор жасау
үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол
аумақта билігі жүреді, өмір сүреді
және оны қорғау мақсатында
тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды
тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге
бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын
қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды
қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату
үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің
тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті
шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық,буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі
күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге
батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени
белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс,
православтық деп өркениеттік жіктеу
негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға
қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи
ортасына қарай ірі өзендер аймағында,
теңіз жағалауларында, далалы-орманды
жерлерде пайда болған мемлекеттер деп
бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына
әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай
әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы
мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі
болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің
пайда болуынан көрінеді.
Тарихта Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің
қалыптасуы кезінде экономдау, басқару,
қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар
бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді
бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді
күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар
қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді
күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі
елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол
кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі
грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз
адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі”
деп анықтама беріп, оның пайда болуына
еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның
шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда
табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық
игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың
көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген
адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі
мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде
байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет”
сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік
ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі
бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік
етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың
кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет”
сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз
байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің
қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан
туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі
себептердің нәтижесінде пайда болғанын
оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер
көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына
географиялық орта немесе табиғи орта,
адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі
(экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі,
дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа
да сыртқы фактор әсер етеді.Ең алғашқы
мемлекеттер адам санының белгілі бір
табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан
ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер
жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса,
кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы
бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан
көрші аумақтарда да қорғану мақсатында
адамдар бірлестігі — мемлекет пайда
болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып,
қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп
нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы
келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің
аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген
сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың
қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде
жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай
бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру
арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш
салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей
жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне
әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне
әсер етеді. Даму сатылары Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға
өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының
кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму
сатыларын бастан кешіреді:
- ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет;
- бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым;
- орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады;
- империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.
Ассоциацияланған мемлекет Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет
ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың
ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізіненассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа
мемлекетке өзінің егемендігінің бір
бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз
ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге
асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша
өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі. Буферлік мемлекет Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше
үлкен мемлекет территориясы арасында
орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның
территориясы арқылы маңызды транспорттық
байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси
тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік
береді. [1] Көпұлттық мемлекет. Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық
топтар тұратын мемлекет.[1] Ұлттық мемлекет Ұлттық мемлекет - белгілі бір ұлттың
тарихи-этникалық территориясында пайда
болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.[1] Құқықтық мемлекет Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси
биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі
және оның құқық субъектілері ретіндегі
индивидтермен өзара қатынасынын құқықтық
формасы.[1] Әлеуметтік мемлекет Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз
етудің дамыған жүйесімен сипатталатын,
жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір
деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің
төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.[1] Унитарлы мемлекет Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық
бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын
мемлекеттік құрылыс түрі.
Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар
тән:
- елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;
- заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;
- биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
Мемлекетаралық төлем келісімі
Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауда
алыс-берістері мен басқа да операцияларға
байланысты төлем төлеу және есеп айырысу
шарттары мен тәртібін белгілейді. 1929
— 33 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық
дағдарыстар кезеңінде батыс елдерінде
кең етек алды. Бұл кезде көптеген мемлекеттер
валюта шектеуін енгізіп, оның еркін алмасуын
тоқтатқан болатын. Мемлекетаралық төлем
келісімі көздеген мақсатына және кейбір
елдердің ерекшеліктеріне қарай алуан
түрлі болып келеді. Негізінен экспорттық
және импорттық тауар айналысына байланысты
сыртқы есеп айырысу және ол үшін төлем
төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған
және дамушы елдер арасындағы есеп айырысу
екі жақты келісімдер негізінде клиринг
түрінде жүргізіледі. Мемлекетаралық экономикалық одақтар Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке
байланысты немесе аймақтық рыноктарды
қалыптастыру, біртұтас экономикалық
кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа
экономикалық одақтардан қорғану үшін
құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер
сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық,
ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған
ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта
бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады.
Мемлекетаралық экономикалық одақтар
экономикалық интеграцияға кең жол ашады.
Дүние жүзінде мемлекетаралық экономикалық
одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың
кезеңді міндеттерге орай ауқымы мен басқару
функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп
отырды. Кейде оның құрамында бір құрлықта
орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік
қамтылады. Батыс Еуропа экономикалық
одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық
одақтарға жатады.Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық
экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа
(1995), Шанхай ынтымақтастық
ұйымына(2001), Еуроазия экономикалық
одағына (2002), Орталық Азия ынтымақтастық
ұйымына (2004) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар
құрамына енетін басқа да мемлекеттердің
алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын
көрші елдермен арадағы эконамикалық
қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты
дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті,
өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз
ету, ішкі реформалардың іске асырылуына
қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны
қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен
қатар келешектегі күрделі мәселелерді
де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық
Азия аймағында мұнай мен газды, электр
қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану,
экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу,
ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке,
есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу,
тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық
ұйымының алдына қойылып отырған ортақ
күрделі міндеттер болып табылады.
Мемлекеттік айыптаушы
Мемлекеттік айыптаушы — қызметі
қылмыстық іс бойынша айыпталушының
кінәсін дәлелдеуге бағытталған, сот
отырысында заңға сәйкес негізде
мемлекет атынан айыптауды жүзеге асыратын
лауазымды тұлға. Мемлекеттік айыптаушы
қызметінің құқықтық жай-күйі әр мемлекетте
әр түрлі аталады және мұндай қызмет барлық
жерде біріне бірі ұқсай бермейтін салалық
мемлекет қызмет жүйелерінде атқарылады.
Бір елде мемлекеттік айыптаушы лауазымы
сот жүйесінің құрамындағы қызметтік
тармақ болса, басқаларында ол өз алдына
бір мемлекет қызмет жүйесі. Қазақстанда
мемлекеттік айыптаушы қызметі прокурор
лауазымының атқаратын міндеттерінің
бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың
қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып,
заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары
арқылы айыптаушылық тұжырым айтып, соттан
сотталушыға жазаның нақты бір түрін тағайындауды
сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды
қолдау үшін прокурор өз дәйектерін алдын ала орнықтыру сатысынан
өтеді. Тергеу органдарынан келіп түскен
қылмыстық істің заңдылығын қадағалау
барысында прокурор заңсыз қозғалған
істі қысқартады не қайта саралайды немесе
нұсқау беріп тергеушіге қайта жібереді.
Ал заң талабына толық жауап беретін іс
болса немесе заңсыздықтар жойылып, қайта
түскеннен кейін прокурор істі сотқа өткізеді.
Мемлекет айыптауды қолдау да қылмыс жасаған
адамның қудалануын талап еткен заңның
орындалуын қадағалаудан туындайды. Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекет белгілі бір территория шеңберіне
халықты ырықсыз көндіру монополиясына
ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы
саясатты жүргізіп отыру құқығына ие,
барлық жұртқа міндетті заңдар мн ережелер
шығарудың ерекше құқығына, салық салып
отыру құқығына ие болатын құрылым.Мемлекеттің
өмір сүруі өндірістік қатынастардың сипатына және тұтастай өндіріс тәсіліне
байланысты. Мемлекет базистің қондырмасы.
Осы сияқты диалектикалық байланысын,
өзара тәуелсіздігін айқындамайынша,
мемлекеттің шыққан тегін (генезисін),
оның бір тарихи тұрғыдан екінші бір тарихи
тұрғыға өту заңдылығын түсіну мүмкін
емес. Тарихтың барысында мемлекет бірте-бірте
базистен біршама дербестік алды. Оның
қоғам өмірінің негізгі салаларына ықпалы
өте қомақты және ол қоғамдық қатынастардың
дамуына әсер ете алады немесе бөгет болуы
да мүмкін. Қоғамның ұйымдастырылуы күрделенген
сайын мемлекеттің оған ықпал жасау рөлі
арта түседі.
Мемлекеттің түрлері және атқаратын қызметі. Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді
Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонның
ілімдерін басшылыққа ала отырып, мемлекетті
монархияға (бір адамның үстемдігі), аристократияға
(элитаның үстемдігі), политияға (тіке
демократия мағынасында халықтық үстемдік)
бөлді. Оның ойынша, мемлекеттің бұл үш
түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз
қызмет ететін болса, олар заңды болып
табылады.Қайта өрлеу заманынан бастап
мемлекетті үш түрге бөлу қалып, ол енді
монархия және республика деп екі түрге
бөлінетін болды. Ал бұл күнде демократияны
оған қарама-қарсы автократиядан айырып
алуға тура келеді. Бұл жерде демократияның
конституциялық мемлекет түрінде кездесетінін
ескерсек, парламенттік үкімет пен президенттік
басқару жүйесін ажырату да қажет. Қазіргі
дүниеде тағы бір ескеретін жай конституциялық
мемлекеттер түріне жатпайтын, бір мемлекеттік
жүйеге біріктіруге болмайтын толып жатқан
плюралистік тұрғыдағы мемлекеттер бар.
Мәселен, бұрынғы КСРО-ның пролетариат
диктатурасы мемлекеті дегеніміз шын
мәнінде коммунистік партия басшылығының
олигархиясы болды. Ал үшінші әлемнің
көптеген мемлекеттері өздеріне не батыстық,
не шығыстық мемлекеттік үлгіні алса да
оларда бұрынғы ескі басқарушылық түрі
араласып отырды.Мемлекеттердің түрлеріне
келсек, қазір абсолюттік және конституциялық
монархия, әскери диктатура, автократия,
хунталар, әлеуметтік тап, тайпа басшылығы,
отбасылық қауым дегендерді білеміз. Діннен
ажыратылған (светтік) мемлекеттер типіне
қарсы діни мемлекеттер типі бар. Міне,
осының бәрі әлі күнге дейін қазіргі мемлекеттерді
дұрыстап жүйеге бөлудің жоқ екендігін
көрсетеді. Конституциялық мемлекеттің
бірнеше антитиптері бар. Оның бірі бір
адамның, не бірнеше адамның үстемдік
етуі түрінде көрінеді Автократиялық
мемлекеттің өзіндік бір типі – ол авторитарлық
пен тоталитарлық түрлер қосылған тоталитарлық
мемлекет. Мұның үлгілерін Ленин, Сталин,
Гитлер нақты жасап берді. Ол адамды өзінің
идеологиясын сөзсіз орындауға пайдаланумен,
қоғамдық және жеке адам өмірін саясаттандырумен
сипатталады. Сонымен мемлекеттік құрылыстың
саналуандығына байланысты да олардың
түрлері де әртүрлі болып келеді.Мемлекеттер
басқарушылық формасы мен саяси өкіметтің
негізгі институттарының құрылысына қарай
да әртүрлі болады. Ал басқарушылық формасы
дегеніміз өзінің заңдандырылған тәртібімен
сипатталатын өкіметті ұйымдастыру болып
саналады.Мемлекеттердің негізгі функциялары
ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі
функциялары мыналар: өмір сүріп отырған
өндіріс тәсілін, экономикалық және әлеуметтік
жүйені қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық
қызметін көрсету, тәртіп пен қоғамдық
тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынастарды
реттеу, мәдени –тәртіп және идеологиялық
қызмет. Ал сыртқы функцияларына - халықаралық
қатынас жасағанда өзінің (осы мемлекеттің)
мүддесін қорғау, елдің қорғанысын қамтамасыз
ету, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынастарды
дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт
қатар өмір сүру принциптері негізінде
өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту
жатады. Құқықтық мемлекет. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниенің
көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері
бар құқықты мемлекеттер қалыптаса бастады.
Мемлекет атауында «құқық» деген сөздің
бірінші болып тұруының үлкен мәні бар.
Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде,
оның барлық аясында құқық жоғары орында
тұру керек деген сөз. Ол әрбір елдің Конституциясында
- негізгі заңында бекітіліп, ал басқа
заңдары мен жарлықтарында нұсқа болуы
тиіс. Мәселен, Қазақстанның Конституциясында
Республика өзін демократиялық, құқықты
мемлекет деп жариялады. Конституцияның
жиырма бабында адамдардың табиғи құқықтары
мен бостандықтарын қорғау жан-жақты қамтылған.
Адамдардың құқығының өрескел бұзылуы
бұрынғы КСРО мемлекетінде кең өріс алды.
КГБ, оның жергілікті органдары адамдардың
ізін бағып, олардың телефонмен сөйлесулеріне
дейін құпия тыңдап, адамдардың жеке өмірлерін
де бақылап отырды. Мұны сезген жұрт қорқынышты
өмір сүрді.Құқықты мемлекет адамдардың
бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен
қасиеті деп жариялайды. Жалпы мемлекет
– мемлекеттік құрылыстың мыңжылдық жемісі.
Біз оның алғашқы идеялары мен жобаларын
көне Грекияның, Қытайдың, ортағасырлық
ұлы ойшылдардың мұраларынан кездестіреміз.
Платон, Аритотель,Цицерон, Мао-цзы тұжырымдарына
зер салсақ, заңның беделі болмаған жерде
мемлекет те жойылады. Заң үстемдігі –
қоғамдағы әділеттілік пен тұрқтылықтың
тірегі. Ал И.Кант мемлекет дегеніміз заңдарға
бағынған жеке адамдардың бірлестігі,
жиынтығы дейді.Құқықты мемлекеттің нышандарын
қазақ хандықтарының елді басқару тәлідерінен
де байқаймыз. Айталық, «Кодекс куманикус»,
«Тас жазу», «Жеті жарғы», «Қасым мен Есім
хандардың жарлықтары», Абылайдың ақ жолы,
тағы басқалары. ХХ ғасырдың соңғы
жылдарында әлемнің көптеген елдерінде
ерекше белгілері бар құқықтық мемлекеттер
қалыптасты. Оның негізінде АҚШ-тың Конституциясы,
Ұлы Француз революциясының жеке адам
мен азаматтар құқықтары декларациясы,
БҰҰ-ның 1948 жылғы 12 желтоқсанда қабылдаған
жеке адам құқықтары декларациясы, адамзат
қоғамында ежелден қалыптасып келе жатқан
адамзаттық, тарихи, саяси-әлеуметтік
дәстүрлер мен салт-саналар алынды.
Құқықты мемлекеттің негізгі белгілері
мыналар: құқықтың үстемдігі, біртұтастығы
мен бөлінбейтіндігі, құқықтың мүлтіксіз
орындалуын қадағалайтын сот, прокуратура,
конституциялық бақылау органдарының
біртұтас жүйесінің болуы, биліктің үш
тармағының дербестігі (заңдық, атқарушы,
сот билігі), мемлекет пен жеке адамның
өзара жауапкершілігі, атқару билігі мен
жарлық шығару, оның орындалуын ұйымдастыру
мен бақылауда президенттік басшылықтың
күшеюі, Президент – мемлекеттің басшысы,
әрі сол елдің Ата Заңының бұлжымай жүзеге
асуымен орындалуының кепілі.Осы тұста
ХХ ғасырдың ең әйгілі мемлекет қайраткері,
тамаша ғалым, зерттеуші, публицист, әдебиетші,
ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Әлихан
Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың рөлі туралы
айтпасқа болмайды.
Мемлекет қалпы, жергілікті бостандық
негізі, құқық, дін ісі, билік пен сот, ел
қорғау, салық, жұмысшылар, ғалым-білім
үйрету, жер мәселесі деген он түрлі қоғамдық
мәселе туралы нақты шартты мақсат – болашақты,
нақты тұжырым-тұғырнаманы демократиялық,
еуропалық үлгіде көрсетіп берген, әсіресе,
қазақ жерінің автономиясын жариялаған,
елді президенттің билеуін мойындаған,
жердің сатылмайтынын әйгілеген «Алаш»
партиясы бағдарламасының жобасын жасаушылардың
кеуде тұсында Әлихан Бөкейханов тұр.Бұл
құжат қазақ елінің ішкі-сыртқы дұшпандардың
қорлық-зорлығын көре жүріп, ғасырлар
бойы мойымай, бостандық, әділет, туысқандық
үшін күрес жолында небір асылдарын құрбан
етіп, ата даналығы, ер қайраты, оқыған
білімін ұштастырып, ұлт топырағындағы
ізгілікті дәстүр, салт-санамен озық елдер
тәжірибесін ұластыра отырып жасаған
мемлекет құрылысы, адам құқығы, тіршілік
қалыбы жөніндегі мақсат-арманының жобасы
еді.Сонымен құқықты мемлекет елді жалпыға
белгілі заң арқылы басқарады. Ал заңдар
әділ болса ғана әділетті шаралар іске
асырылып отырады. Осы мақсатпен өкімет
билігін бөліп жүргізу принципі іске асырылады.
Енді сол принцип бойынша құқықты мемлекеттерден
заңдандырылған өкімет билігінің үш тармағына
тоқтайық. Бұл - өкіметті мемлекеттің заң
шығару, атқару және сот билігін жүргізу
органдарына бөлу.Ал енді өкіметтің осы
үш тармағында алға шығуға тырысушылықты,
үстемдік үшін таласқа түсуді болдырмау
үшін солардың біріне құқықтық мемлекетте
жоғары мәртебе берілуі қажет. Ондай мәртебе
заң шығарушы өкіметке берілген. Өйткені,
сол ғана ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттарына заңдылық негіз, күш береді,
қоғамда заңның үстем болуын қамтамасыз
етіп отырады. Барлық құқықтық мемлекеттерде
заңдық өкіметте парламенттер формалары
әртүрлі болып келеді де, өйткені парламент
өкілетті, сайланбалы орган. АҚШ сияқты
елдерде парламент екі палатадан, ал демократия
жолына жаңа түсе бастаған кейбір мемлекеттерде
Жоғарғы Кеңес түріндегі парламенттер
бір палатадан тұрады.Барлық құқықтық
мемлекеттерде заңдардың конституциялығын
бақылап отырған Конституциялық соттар
құрылған. Мәселен, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Сотының азамат Т.Г.Квятковскаяның
талабы бойынша 1995 жылдың 6 наурызындағы
қабылдаған қаулысына сәйкес кезінде
сайланған Жоғарғы Кеңесті заңсыз деп
таныуы соның дәлелі.Осындай өте сирек
кездесетін қателіктер мен ағаттықтарға
қарамастан, құқықты мемлекетте адамның
қоғамдық дамуға қайшы келетін процестерді
ауыздықтап, бостандыққа, әділдікке, демократияға
тоқтаусыз ұмтыла беретінін көрсетіп
берді.
Мемлекет пен құқықтың пайда
болуы мен дамуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық,
әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық
салаларындағы обьективтік даму процестері
бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп,
жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік
қалыптасты, ажарланған тастан жасалған
қарулар өмірге келіп, адамның тәжрибесі
өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі
тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру,
өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның
бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның
шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық
байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін
топтар, таптар пайда болды.Экономикалық
өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды
өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі
обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің
пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы;
топтар мен таптардың арасындағы кұрестің
басталуы әсерінен туындайтын қайшы- лықтарды
реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет
пен құқық келді.Мемлекеттің дамуы – мемлекет
қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық
құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет
жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің
нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам
өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның
негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті
жағдайларда мемлекеттің күш- қуатына
ұйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуы.
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына,
бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес,
нысандарын қажет етпеген және мемлекет
болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып
келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр.
Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының
өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы
қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің
жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп,
мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі"
керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана
бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің
ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда
табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің
адында дәрменсіз болып қалатындығымен,
жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен,
өзінің іс-әрекеті мен қылыптының аяғы
неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен
сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа
тіршілікке қажетті заттарды табудын
жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды,
соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі
табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына
мүмкіндік жасай алмады ол қалдықсыз пайдаланылды.
Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы
дамуының маңызды кезеңдері тән саяси
ұйым.
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың,
топтардың,
және басқа да әлеуметтік субъектілердің
қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың
бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген
кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің
ұйымдастырушылық күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық
өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз
ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі
берілген.
Мемлекет функциясының сипаттамасы түрлі
негіздер бойынша топтастыруға болады.
Фунмкцияларды қоғамдық өмірдің салаларына
байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған.
Адамдардың өндіріс, орналастыру және
алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын
мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші
орындардың бірін алады. Экономикалық
функцияның көлемі, масштабы және өрісі
түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады.
Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына
төмендегі жағдайларға ықпал ете алады
және әдетте, ықпал етеді де:
1) экономиканы дамытудың сара жолын талдау
(мысалы, нарықтық, ди-рективалық жоспарлы
немесе аралас экономиканы таңдау); 2) мемлекеттік
реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын
ынталандыру және қолдау;
3) экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы
бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру; 4)
жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық
қызметінің түрлі субъектілерінің мәртебесін
анықтау; 5) экономикалық инфрақұрылым
құралдарын (шаруашылық басқарудың қаржы
ақша құралдары, несие беру, заем беру,
инвестициялық саясат) пайдалану. Салық
саясаты экономикалық функцияның айырықша
компоненті болып табылады, өйткені мемлекет
бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері
мен шығыстарының балансталуы осыған
тікелей байланысты. Мемлекет функцияларын
түрлі негіздер бойынша топтастыруға
болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің
салаларына байланысты топтастыру неғұрлым
кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі
түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және
сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын
болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің
барлық функцияларын ішкі және сыртқы
деп топтастыруға болады.
Мемлекеттің ішкі функциядарына қоғамның
ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекетгік
ықпал ету немесе мемлекетгік басқару
бағыттарың жатқызуға болады. Бұл функцияның
мақсаты — халықтың арасында мемлекеттің
саясатын түсіндіру, осы азаматтардың
көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын
қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын,
ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және
мекемелердің басқа да идеолгиялық бағытын
аталған міңдеттерді шешуте жұмылдыр.
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар
сапасына қатынасты және оның сыртқы саяси
міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін
мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте,
басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр
соңында біріншісінен туындайды, олардың
табысты жүзеге асырыуы үшін қолайлы жағдайлар
жасауға бейім түрады.
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция
ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель
қалыптастырған болатын. Ол кезде "конституция"
деген сөз "саяси құрылыс" ұғымын
білдіретін. Конституцияның ерекше белгілерін
айқындай отырып, құқықтанушылар, оны
ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда
қоғам мен мемлекетте жоғары заңдық (күші
бар, бір жа-
ғынан адам мен коғамның, екінші жағынан
адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар
негізін, қоғамдық және конституциялық
құрылыстың негіздерін, адам азаматгың
негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін,
мемлекеттің құрылысын, ел басының екілетгілігін,
өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және
сот органдарын, сондай-ақ жергілікті
өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру
және олардың қызметі қағидаларын бекітушілері
реттеуші. Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды.
Оның басты мақсаты-азамат-
тардың құқықтары мен бостандықтарын
сақтауды, конституциялық құрылыстын
мызғымайтындығын, еліміздің экономикалық
және әлеуметтік дамуын оның халықаралық
қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан Конституцияны орындау талабы
бүкіл Қазақстаи үшін де, әрі оның әкімшілік-аумақтық
қүрылымдары үшін де қажет. Тек осы мақсаттар
ғана Конституцияның жоғарлылығын, ең
жоғары заңдылық күші барын және
оның нормаларының Республиканың бүкіл
аумағында тікелей қолдана тындығын нақтылай
түседі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының
бірнеше турлері бар:
1. Шығыс елдерінде
(Иран, Индия, Қытай, Араб т.
б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің
қалыптасуы негізінен қоғамдық
меншікті қорғаумен байланысты.
Себебі алғашқы қоғам ыдырау
кезінде бұл елдерде күрделі қүрылыстар болды: ірі су каналдарын
жасау, суармалы ирригациялық жүйелер
құру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы
күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін
қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты,
Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру,
тайпа басшылары, хандар, корольдер мен
императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі
мемлекеттердің қалып тасу себептеріне:
– ірі ирригациялық жүйелерді
жасау;
– оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды
жүйелі тұрде топтастыру, біріктіру;
– барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару
жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған
аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат
қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті,
қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер
өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін
көп өзгермей, сақталып келді (Қытай, Иран
т. б.).Еуропалық елдерде мемлекет жеке
меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның
тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.Афина
мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде
экономикалық кұшті топтар мен таптар
мемлекеттік билікті өз қолдарына алып,
өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік
аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе,
демократиялық жүйедегі саяси бір- лестік
болып қалыптасты.Германияда мемлекеттің
қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара
байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар
дами бастады. Осы типті мемлекеттер Евр10.Мемлекеттің
пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалыптасуы
– әр түрлі елдерде алуан түрлі жүрген
ұзақ процесс.Шығыста “азиаттық өндіріс
тәсілі” сияқты нысаны кеңінен тарады (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.). Бұл жерлерде рулық қауымның әлеуметтік
– экономикалық құрылымы - қауымдық жер, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты болып, ұзақ уақыт сақталды. Ежелгі
Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер,
таптық кезеңге дейінгі мемлекеттер болды,
сонымен қатар ауылдық қауымдастықтарды
қанады және басқарды, яғни өндірісті
ұйымдастырушылар ретінде қатысты.Афина
мен Римде бұл процесс басқа тарихи жолмен
жүрді, бұл елдерде құл иеленушілік мемлекет
жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның
таптарға бөлінуі нәтижесінде пайда болды, Афина – бұл мемлекеттік пайда болуының
нағыз классикалық нысаны, себебі мемлекет
рулық қауымның ішінде туындаған таптық
қарама – қайшылықтың нәтижесінде пайда
болады. Римде мемлекеттің құрылуы құқықсыз,
римдік рудан тыс өмір сүрген плебейлердің
рим ақсүйектеріне – патрицийларға қарсы
күресімен тездетілді.Ежелгі герман мемлекетінің
пайда болуы ауқымды бөтен жерлерді (территорияларды)
жаулап алып, осы жерлерге үстемдік ету
рулық қауым бейімсіз болуымен байланысты
болды.Барлық нысандағы мемлекеттердің
пайда болуына түрткі болған 10-12 мың жыл
бұрын өткен неолиттік революция болды, оның мәні
өзінің мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында
адам табиғаттан дайын өсімдікті және
жануарларды иемденумен байланысты қарапайым
еңбек құралдарымен тіршілік ету нысанынан
табиғатты қайта жаңартуға және тамақ
өндіруге бағытталған еңбекке өтуі, яғни
иемдену экономикасынан өндіретін экономикаға
өткен кезде болды. Сонымен, мемлекет сыртқы
емес, ішкі факторлардың әсерінен объективті
түрде туындайды. Құқықтың дамуы – адам
қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол
– әлеуметтік нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп,
басқаруы және әлеуметтік нормалардың
(әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни
нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте
құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен,
қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен
құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң,
заңга тәуелді кесімдер, шарттың пормалар,
заң куші бар соттың шешімдериҚұқық екі
жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік
қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни
нормаларға сұйенді. Мысалы, Индияда Ману
заңына сұйенді, ал мұсылман елдерінде
– Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы
қатынастарды мемлекеттік органның өзі
бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сұріп келеді.
Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы
болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық
тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін,
мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі
заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда
болды, қалай дамып ке Мемлекеттік кезеңге
дейінгі әлеуметтік биліктің тек ру шегінде
ғана таралуы, оның ғана ерік-жігерін білдіруі
және қандық туысқандыққа негізделуі;
қоғамдық түрде болуы, алғашқы қауымдық
демократия мен өзін - өзі басқаруға орнатылуы,
билік органдары ретінде алғашқы қауымдық
қоғамның тіршілігіндегі барлық маңызды
сұрақтарды шешетін рулық жиналыстар,
ақсақалдар, көсемдер, әскер басылары
және т.б. сол кездегі әлеуметтік биліктің
ерекшелігі болып табылады. Мемлекеттің пайда болуы теориялары . Мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы,
шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше
теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап
теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін
емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін
алғашқы теориялардың бірі - теократиялық
теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет
- Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан.
Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға
бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі
- патриархалдық теория - мемлекет тікелей
отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді.
Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің
азаматына айналуына, ол өз кезегінде
олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін
- монархты тудырды дейді. Мемлекеттің
пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы
мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық
келісімі нәтижесінде шыққанын айтады.
Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында
бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы(өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде
пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық
теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады.
Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі
де солай атқарылады (Г.Спенсер).Психологиялық
теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп,
қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен
туындады дейді. Материалистік
теориямемлекеттің ең алдымен, экономикалық
себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшыантогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу
нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім
теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының
бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан,
соның нәтижесінде мемлекет пайда болды
дейді.
Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің
пайда болу туралы сұрақ даулы болып келеді,
себебі этнографиялық және тарихи ғылымдар
осы туралы жаңалықтармен барған сайын
толықтыруда.Мемлекеттік пайда болуы
туралы көптеген теориялар бар, соның
ішінде негізгілері мыналар болып табылады:
1. Теологиялық теория ( авторлары
13 ғ. Фома Аквинский, қазіргі замандағы
Маритен, Мерсье). Осы теорияны жақтаушылар
мемлекетті құдай жаратты, құдайдың еркімен
пайда болды және мәңгілік болған деп
түсіндіреді. Жердегі тірішілік атаулының
барлығы құдайдың еркімен туындаған, олай
болса мемлекетте адамдарға жерде тәртіп
орнату үшін құдайдың жіберген құралы. Мемлекеттің,
мемлекеттік биліктің пайда болуын құдаймен
байланыстыруды жақтайды. “Билік құдайдан
(жаратушыдан)” деген тезисті уағыздайды
және қорғайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан,
Ежелгі Иудейде пайда болған бұл теория,
нақты болмысты бейнелейді (көрсетеді),
атап айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық
нысандарын – абыздардың билігін, храмның
рөлін, діни және әкімшілік орталықтардың
арасындағы биліктің бөлінуін көрсетті.Теологиялық
теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен
қалыптасып, дамып келеді деп тұсіндіреді.
2. Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғғ
қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий
, Т.Гобсс, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо,Б, Спиноза,
А. Радищев. Теорияның мазмұны: адамдардың
өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық,
теңдік, еңбек жасау). Оны ешкімде жоя алмайды,
оған зиян келтіре алмайды . қоғамның тарихи
даму процесінде адамдардың ара қатынасында
қайшылықтар басталады. Сондықтан қоғамда
бостандықты, әділеттілікті, теңдікті
сақтау үшін адамдар өзара шарт жасасып
мемелекет құрады. Бұл шарттың мазмұны
көп елдердің Конституциясына кірді деп
түсіндіреді.
3. Тарихи теория – осы теорияны
ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан
бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
4. Патриархалдық теория - мемлекеттің бүлінген, ыдыраған отбасынан
пайда болғандығын қарастырады, ал монархтың
билігін отбасы мүшелеріне билік жүргізетін
әке билігінен туындатады. Ірі патриархалдық
отбасының басшысы біртіндеп мемлекеттің
басшысына – монархқа айналған. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігін дәлелдеуге
бағытталған теория, бұнда биліктің қайнар көзі жаратушыдан
емес, тек отбасының басшысы, патриархтың
шексіз билігі болған отбасы нысандарынан
бастау алады деп түсіндіреді. Бұл теория Грецияда туындаған, Аристотелдің
еңбектерінде негізі қаланды, бірақ ағылшын
ғалымы Фильмердің еңбектерінде дамыды..Патриархалдық
теория – мемлекет адамдардың отбасы
тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың
саналы тұрде өздерінің мұдде-мақсаттарын
іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы
бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.
Отбасы басшысы – әке, мемлекеттің басшысы
– монарх.
5. Келісімшарттық теория
– ХУП-ХУШғғ. кеңінен тарады. Голландиядағы оның жақтаушылары Гуго
Гроций және Спиноза, Англияда - Д.Локк
және Т.Гоббс, Францияда - Ж.Ж. Руссо, Ресейде - А.Радищев болды. А. Радищевтың айтуы
бойынша билік халыққа тиесілі, бірақта олар оны монархқа берген, соған
қарамастан ол халықтың бақылауында болады
деп ұйғарады. Келісімшарт теориясы бойынша мемлекет
адамдар қатысатын келісімшарттың нәтижесінде
туындайды, осыған сәйкес адамдар өз бостандықтарының,
құқықтарының, биліктерінің біраз бөлігін
мемлекетке береді, ал өз кезегінде мемлекет
оларды қорғауға кепілдік береді.
6. Күштеу теориясы – мемлекеттік
пайда болуының негізі күштеу, ереже бойынша,
бір халықтың екіншісін жаулап алуымен
– деп түсіндіреді.Жеңімпаз жаулап алған
халықты билеу үшін, күштеп, зорлық – зомбылық
жасап өзіне бағындыру үшін мемлекет құрады.
Күштеу теориясы ХІХғ. Пайда болды, оның
өкілі Л.Гумплович,К.Каутский , Е.Дюринг.
7. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының
сезімдерінің көрінісі: бағынуға мұқтаждық, еліктеумен, алғашқы
қауымдық қоғамның элитасынан байланыстылығын
түсінумен, іс- әрекетті нақты варианттарының әділеттілігін
мойындау – деп түсіндіреді. Психологиялық теорияның аса көрнекті
өкілдері Л.Петражицкий және Г.Тард болып
табылады. 8. Органикалық теория. Өкілдері Г.Спенсер, Вормс, X. Прейс – бұл тірі организмнің
мүшелері арасындағы тұрақты байланыстарға
ұқсас бөлімдері арасындағы тұрақты байланысы
бар организм, яғни мемлекет – биологиялық эволюцияның
бір түрі болып табылатын әлеуметтік эволюцияның
жемісі деп санайды. Мемлекет биологиялық
организмнің бір түрі бола отырып, миы
(басқарушылары) және оның шешімдерін
орындайтын құралдары (бағынушылары) болады..
Органикалық теория- бұл пікірді Платон
көне дәуірде уағыздаған (Б.З IV-IIIғғ). Бірақ
теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты.
Өкілдері: Спенсор, Вормс, Прей.
9. Мемлекеттің пайда болуының ирригациялық теориясы
– олардың алғашқы деспотиялық нысандарының
пайда болуын шығыс аграрлық облыстардағы
ірі суландырғыш құрылыстарын салу қажеттілігімен
байланыстырады. Бұл теория қазіргі неміс ғалымы К-А.
Виттфогелдің еңбектерінде көрініс тапты. 10. Материалистік теория – мемлекеттің пада болуын әлеуметтік
– экономикалық факторлармен, яғни жеке
меншіктің пайда болуымен және қоғамның
таптарға бөлінуімен байланыстырады.
Бұл теорияның өкілдері — К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин – мемлекетті
бір таптың екіншісіне үстемдігін сақтау
және қолдау мақсатында, сондай –ақ қоғамның
біртұтас организм ретінде өмір сүріп
және қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында
пайда болды деп санайды.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам
заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ
ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы
ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта
мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің
құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше
күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал
барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша
заңдар жүйесі «әдет» заңына бағынып келген.1465
жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының
негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым
ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке
айналды. Қасым хан қазақтың құқықтық
әдеттерін жүйелеп «Қасым салған қасқа
жолды» тұжырымдап берді. Ол бес тараудан
тұратын:
Мүлік заңдары (мал, мүлік,
жер дауы мәселелері).
Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал
талау, ұрлық мәселелері).
Әскери заңдар (аламан, әскери міндет,
тұлпар ат, мәселелері).
Елшілік жоралары (майталмандық, шешенндік,
сыпайылық, әдептілік).
Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл
және т. 6,). Қоғамның даму барысы
қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп
соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645
ж.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне
жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың
беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының
басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды.
Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі
құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны
үшін оған халық «Есім ханның ескі жолы»
деген ат берді. Өз заманында Тәуке хан
(1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп
қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік
дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар
«Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен
белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге
қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.Бұл
тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс,
шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы
және неке мәселелері қамтылды. Қазақстан
Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылға
30 тамызда республикалық бүкілхалықтылық
дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды.
Ата Заң қабылданған күн демалыс мелекеттік
мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы
күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау
әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені
оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің
қатысуымен мақұдайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы
кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен,
қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады.
Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты
баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы,
кейде құқықтар мен бостандықтары немесе
мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын
негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы
Конституциясының кіріспесі Ата Заңды
қабылдаудың себептері мен мақсаттарын
былай түсіндірген. "Біз, ортақ тарихи
тағдыр бірілген Қазақстан халқы, байырғы
қазақ жерінде мемлекетті құра отырып,
өзімізді еркіндік, теңдік және татулық
мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік
қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей
отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар
алдындағы тарихи жауапкершілігімізді
сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды
негізге ала отырып, осы Конституцияны
қабылдаймыз.
Ата Заңның негізгі белігіне азаматтардың
құқықтары, бостандықтары мен міндеттері
туралы, конституциялық құрылысы жайлы,
мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік
буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы
(Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық
Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті
мелекетгік басқару және өзін-өзі басқару
туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар
Қазақстан Республикасы Конституциясының
І-ҮІІІ бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды
және өтпелі ережелер бандалған ақырғы
IX белімде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі туралы, конституциялық
заңдар мен өзге де заңдарды кабылдау
рәсімі мен басқалар жайлы сөз болады.
Мемлекет қай жерде болмасын,
қандай ел болмасын заң мен адам құқығы
әрдайым бірінші орында болмақ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Саяси түсіндірме
сөздік. – Алматы, 2007.
2 Биекенов К.,
Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме
сөздігі. — Алматы: Сөздік-
Словарь, 2007.
3. Ағдарбеков Т. Құқық
және мемлекет теориясы. –Қарағанды: Болашақ-Баспа.
2002.
4.Жоламан Қ.Д.,
Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет
және құқық теориясы. –
Алматы.-1999.
5.Салыстырмалы
құқықтану негіздері. Алматы 2003